Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы


Диплом
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
" . . . деңгейі жоғары өмірдің басты шарты - тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Бүл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаһандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.
. . . Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден еліміздің барлық көлік инфрақұрылымын жеделдете дамытуды талап етеді.
Біз аумақтық дамумен қисынды байланысқан ұзақ мерзімді көлік стратегиясын қабылдауға тиіспіз. Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттарында континентальды және трансконтинентальды транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдар желісін құруымыз қажет.
Еліміздің әуе кеңістігі арқылы транзиттік бағдарғылар желісін қалыптастыру жөніндегі жұмысты өрістету қажет. Тек еліміздің барлық қалаларын ғана емес, сонымен қатар дүниежүзінің ірі қалаларын да байланыстыруға мүмкіндік беретін қуатты көлік тораптарын - қазіргі заманғы “хабтар” жасауға айырықша басымдық беріледі. "
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Мазмұны
СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ
КІРІСПЕ
Ι-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КО ММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
ΙΙ-Тарау. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫ Қ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР
ΙΙΙ-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3. 1. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3. 2. КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
3. 3. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ НАРЫҒЫН ДА МЫТУ
3. 4. КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ӨҢІРЛІК ДАМЫТУ
3. 5. КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ
3. 6. ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3. 7. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
3. 8. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ КАДР ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ
ΙV-Тарау. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4. 1. ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ
4. 1. 1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4. 1. 2. Көлік қызметі нарығын дамыту
4. 1. 3 Транзиттік әлеуетті іске асыру
4. 1. 4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4. 2. АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕ
4. 2. 1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4. 2. 2 Автокөлік қызметі нарығын дамыту
4. 2. 3. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4. 2. 4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4. 3. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНДЕ
4. 3. 1. Дамытуды жоспарлау
4. 3. 2. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4. 3. 3. Инвестициялық және қаржылық саясат
4. 4. ӘУЕ КӨЛІГІНДЕ
4. 4. 1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4. 4. 2. Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік
4. 4. 3. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және сертификаттау
4. 4. 4 Әуе тасымалдары нарығын дамыту және реттеу
4. 4. 5. Аэронавигациялық кешенді дамыту
4. 4. 6. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4. 4. 7. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4. 5. СУ КӨЛІГІНДЕ
4. 5. 1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4. 5. 2. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4. 5. 3. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
V-Тарау. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ
5. 1 - КЕЗЕҢ: 2006-2010 ЖЫЛДАР
5. 1. 1. Темір жол көлігі саласында
5. 1. 2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында
5. 1. 3. Әуе көлігі саласында
- 5. 1. 4. Ішкі су көлігі саласында
5. 1. 5. Теңіз көлігі саласында
5. 2. II - КЕЗЕҢ: 2011-2015 ЖЫЛДАР
5. 2. 1. Темір жол көлігі саласында
5. 2. 2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында
- 5. 2. 3. Әуе көлігі саласындаІшкі су көлігі саласындаТеңіз көлігі саласында
5. 3. ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
VΙ-Тарау. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
6. 1. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР
6. 2. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Қорытынды.
СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ
Қазақстанның көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі;
сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру;
қазіргі заманғы перспективалы ұлттық көлік инфрақұрылымын құру;
транзиттік әлеуетті дамыту және тиімді пайдалану;
көлік процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу және ішкі, транзиттік және экспорттық-импорттық қатынаста түпкі өнім құнындағы көлік құрамдасын төмендету;
ұлттық көлік заңнамасын өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде халықаралық құқық нормаларының, стандарттарының талаптарымен үйлесімді ету;
бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көліктік қол жетімділікті экономикалық даму мен әлеуметтік тұрлаулылыққа кепілдік беретін деңгейде қамтамасыз ету;
инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктегі оқиғалардың санын және ауыртпалығын төмендету;
экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру
2006-2015 жылдар
1 кезең - 2006-2010 жылдар
2 кезең - 2011-2015 жылдар
Қажетті ресурстар
және қаржыландыру көздері
Күтілетін
нәтижелер
Көлік жүйесін жұмыс істеудің сапалық жаңа деңгейіне көшіру жүзеге асырылатын, оңтайлы көлік жүйесі қалыптастырылатын болады.
Қазақстанның көлік кешені әлемдік көлік жүйесіне үйлесімді кірігетін болады.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы көлік кешенінің барлық ұзақ мерзімді активтері жаңартылады, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістік процестің прогрессивтік технологиялары енгізіледі, отандық салалық өндірістер құрылады.
Көліктің барлық түрі өзара үйлесімді жұмыс істейтін болады. Интермодальдық тасымалдардың көліктік-логистикалық орталықтар жүйесі жасалады.
Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілетті элементіне айналдыруға мүмкіндік береді.
Экономика мен халықтың қажеттіліктерін сенімді де қауіпсіз көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Көліктің техногенді және экологиялық қауіпі төмендейді. Қоршаған ортаны ластаудағы көліктің үлесі 2, 5 есе төмендейді.
Көліктегі технологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жетілдірілетін болады, бұл Қазақстан Республикасы экономикасының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін болады.
Отандық жүк тасымалдаушылар мен елдің көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігі артады.
Көлік жүйесінде және көлік саласымен аралас салаларда қосымша жұмыс орындары құрылатын болады.
Түпкі өнім мен қызметтер құнындағы көлік құрамдасы 6, 9 %-ға төмендейді, отандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігі артады. ІЖӨ-дегі көліктің үлесі (жеке автомобильдерді қоспағанда) 7, 9 %-ды құрайды (2005 жылы - 11 %) . Индустрияық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды және аумақтық даму перспективаларын ескере отырып, экономиканың жүк қажеттілігін 5 тонна - километр/ доллар ІЖӨ-ге дейін төмендету жоспарлануда.
Жолаушы (1, 5 есе) және жүк (2 есе) айналымының елеулі өсуі қамтамасыз етілетін болады.
Республиканың елді мекендерінің (1, 1 мың бірліктен астам) тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етілуі артады.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттің көлемі:
9, 364 млн. тонна жүктен (2005 жылы) 32, 2 млн. тонна жүкке дейін;
84, 7 млн. ұшақ-километрден (2005 жылы) 190, 0 млн. ұшақ-километрге дейін,
сондай-ақ транзиттік қозғалыстан кіріс 3 есе - 46, 3 млрд. теңгеден (2005 жылы) 136, 3 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.
Стратегияны іске асыру Қазақстан экономикасын дамытуда жалпы оң әлеуметтік-экономикалық нәтижеге ие болады және Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы және Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы секілді бағдарламалық құжаттарды іске асыруға айтарлықтай жәрдемдесетін болады
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.
Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 1 (бұдан әрі - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.
Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында өз көрінісін тапты.
Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың, экономиканың мұқтаждықтарына, сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
Негізгі стратегиялық құжаттарды дамытуға әзірленген, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитік тасымалдардың тиімділігін арттыру, көлік қызметтеріне қазіргі және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасын жақсарту үшін көлік кешенін озыңқы дамытуды басты мақсат етіп айқындаған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының 2008 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы 2 көлік кешенін дамытудың бастамасы болды.
Сонымен бірге, қол жеткізілген нәтижелер көрсетілген құжаттың қолданыстағы салалық дамыту бағдармалары үшін негіз құра және бірқатар салалық заңдарды әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз ете отырып, негізінен өз
миссиясын орындағанын куәландырады. Таяу жылдарда дағдарыстық шекке
жеткізуі мүмкін, көліктің барлық түрлері негізгі қорларының тозу қарқыны мемлекеттен оларды жедел қалпына келтіру мен жаңғыртуға бағытталған жаңаша жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.
Жаһандану жағдайында Қазақстанның кеңбайтақ аумағын ескере отырып, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік-коммуникация кешенінің тиімді қызметіне байланысты болады. Мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялы көлік инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады.
Стратегия дамуы мен тиімді жұмыс істеуі елеулі дәрежеде мемлекеттің саясатына байланысты болатын көліктің темір жол, автомобиль, қалалық жолаушылар, әуе және су көлігі түрлерін қамтиды. Қазіргі жағдайда көлік Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады.
Республиканың қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігінде негізгі рөл атқарады.
Стратегия елдер арасындағы өсіп отырған сауда байланыстарын пайдалы, сенімді және қол жетімді транзиттік бағыттармен қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегия шеңберінде негізгі көліктік магистралдар мен байланыстырушы бағыттардың меридиандық және ендік орналасуының жаңартылған моделі қолданылатын болады.
Стратегия қолданыстағы және жаңа «түзетуші» көлік жолдары мен инфрақұрылымдық объектілерді көлік құралдарының барлық түрін бір мезгілде жаңарта отырып, жаңғырту мен құруды көздейді.
Мұнай-газ саласының ерекшелігін ескере отырып, құбыр көлігін дамыту қолданыстағы Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы 3 және Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы 4 шеңберінде жүзеге асырылады.
Стратегия мемлекеттік көлік саясатының 2015 жылға дейінгі басым бағыттарын белгілейді және көлік жүйесінің кешенділігі мен біртұтастығын қамтамасыз етуге және тиісті салалық бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз қалауға тиіс саяси-экономикалық және ұйымдастыру-құқықтық шаралардың, принциптердің, көлік инфрақұрылымы мен транзиттік саясатты дамыту басымдықтарының жиынтығын білдіреді.
Ι-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
Көліктің жай-күйі мен дамуы Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызға ие.
Қазақстанның географиялық ерекшеліктері (кең-байтақ аумағы, теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендерінің және табиғи ресурстарының біркелкі орналаспауы) көлік жүйесіне жоғары тәуелділіктің себебі бола отырып, оның экономикасын әлемдегі барынша жүк қажеттілікті экономикалардың бірі етеді.
Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын перспективалы етеді.
Жерінің біршама жазықтығы 5 және табиғи тастың үлкен қоры болуы темір жол және автомобиль көлігінің коммуникацияларын кедергісіз дамытуға мүмкіндік береді.
Жер үсті жолдары қатынасы желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88, 4 және 14, 0 мың км) келеді. Пайдаланатын су жолдарының ұзындығы 3, 9 мың км, әуе трассаларының ұзындығы - 61 мың км құрайды. 1000 шаршы км аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5, 1 км темір жолды, 32, 4 км қатты төсемді автомобиль жолдарын, 1, 5 км ішкі су жолдарын құрайды.
Қазақстанның 90 жылдардың басында жасаған нарықтық экономикаға деген таңдауы және басталған реформалар көлік жұмысының жағдайын және көлік қызметтеріне деген сұраныстың сипатын айтарлықтай өзгертті.
Реформалар жүргізудің бірінші онжылдығында көлікте құрылымдық және институционалдық өзгерістер жүргізілді. Көліктің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жауап беретін құқықтық базасы құрылды. Мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызметтің функциялары бөлінді, нарық жағдайларына барабар көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі құрылды. Көліктің кейбір түрлеріне жекешелендіру негізінен аяқталды.
Ұйымдастыру-құқықтық нысандардың құрылымы мен көлік кәсіпорындарының саны барлық сала бойынша жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл бәсекелік принциптерімен және көлік қызметтеріне нақты сұраныспен реттелетін оңтайлы нарық қалыптасуының жалғасып отырғанын білдіреді.
Көліктің жүйе құраушы рөлі айтарлықтай өсті және оны дамыту міндеттері мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер басымдықтары арасындағы өзара байланыс жақсарды. Көлік негізінен жолаушылар және жүк тасымалына деген өскелең сұранысты қанағаттандырды. 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алған кезеңде көлік қызметтерінің өсуі: жылына орташа алғанда жолаушылар тасымалында 7, 8%-ды, жүк тасымалында 9, 5%-ды (орташа жыл сайынғы экономикалық өсу 10, 3% болғанда) құрады.
Сонымен бірге, көліктің нарық жағдайына жалпы бейімделгеніне қарамастан, қазіргі уақытта көлік жүйесінің жай-күйін оңтайлы, ал оның даму деңгейін жеткілікті деуге болмайды.
Көлік-коммуникация желісінің елдің барлық аумағында теңгерімсіз орналасуы бірыңғай экономикалық кеңістіктің дамуы мен халықтың ұтқырлығының өсуіне кедергі болып отыр. Өнеркәсіптік бағдарланған темір жол және автомобиль жолдарының желісі бұрынғы кеңестік республикалардың аумақтық шекараларын ескерместен дамыған 6 . Көлік инфрақұрылымының кейбір техникалық көрсеткіштерінің халықаралық стандарттармен және Қазақстанның қазіргі сауда серіктестерінің жүйелерімен сәйкес келмеуі 7 өңірлік кірігу мен сауда-көлік байланыстарын дамыту жолындағы елеулі кедергі болып табылады.
Көлік желісін дамытуда біркелкілік жоқтықтың елеулі болуы өңірлердің экономикалық дамуына кедергі жасауда. 2 мыңдай ауылдық елді мекеннің жыл бойғы көлік қатынасы жоқ. Елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілуі 69, 3%-ды құрайды.
Өз дамуының қазіргі кезеңінде республиканың көлік кешені негізгі құралдарының қанағаттанғысыз жай-күйімен, тозған және жеткіліксіз дамыған инфрақұрылымы және технологияларымен сипатталады.
Түпкі өнім құнындағы көлік шығыстарының үлесі біршама жоғары және ішкі темір жол мен автомобиль тасымалы үшін тиісінше 8% және 11%-ды құрайды, ал нарық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 4-4, 5% құрайды. Жүк қажеттілігінің көрсеткіші бойынша Қазақстан экономикасының тиімділігі шамамен 5 есе төмен. Мысалы, ІЖӨ-нің әрбір бірлігіне доллармен есептегенде 9 тонна-километрден кем емес көлік жұмысы келеді, ал Еуропалық Одақ елдерінде жүк қажеттілік - 1 тонна-км/доллар ІЖӨ-нен кем.
Сапалы көлік қызметтеріне деген өскелең сұраныс көлік жүйесінің техникалық дамуы деңгейінің жеткіліксіздігіне және көлік технологиялары саласындағы артта қалуға байланысты толықтай қанағаттандырылмайды.
Барлық тасымалдар көлемінің, оның ішінде көмір, мұнай құю жүктері, металл өнімі, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіптің өнімі, басқа да жүктер экспортымен байланысты тасымалдар көлемінің айтарлықтай өсуі өткізу қабілетінің жеткіліксіздігіне байланысты тежеледі.
Жалпы ұлттық өнімді көлік қызметтерін экспорттау арқылы ұлғайту мүмкіндіктері толықтай іске асырылмайды, өйткені көлік қызметінің әлемдік нарығындағы отандық тасымалдаушылардың жағдайы олардың іс жүзіндегі мүмкіндіктеріне жауап бермейді және республиканың транзиттік әлеуеті толығымен пайдаланылмайды.
Қазақстан Республикасының Еуразия құрлығының ортасында орналасуы оның Еуропа мен Азия, сондай-ақ Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік көпір ретіндегі геосаяси рөлін айқындап береді.
Қазақстанның аумағы бойынша республикадағы қазіргі көлік инфрақұрылымының негізінде құрылған халықаралық төрт көлік дәлізі өтеді:
Қазақстанның аумағы бойынша республикадағы қазіргі көлік инфрақұрылымының негізінде құрылған халықаралық төрт көлік дәлізі өтеді:
- Трансазиялық темір жол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі : Батыс Еуропа -- Ресей мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногор) учаскесінде) арқылы Қытай, Корей түбегі және Жапония.
- ТАТМ оңтүстік дәлізі : Оңтүстік Шығыс Еуропа - Түркия, Иран, Орталық Азия елдері мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш учаскесінде) арқылы Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия.
- ТРАСЕКА : Шығыс Еуропа - Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық - Алматы - Ақтау учаскесінде) арқылы Орталық Азия.
- Солтүстік - Оңтүстік : Солтүстік Еуропа - Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағының елдері, Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау -Атырау учаскелерінде Қазақстанның қатысуымен.
Негізгі трансконтиненталдық бағдарларды құрауға енетін бағыттармен қатар Сарыағаш - Арыс - Қандыағаш - Озинки бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымал үшін аса маңызға ие ТАТМ Орталық дәлізін атаған жөн.
Дәліздер Шығыс-Батыс қатынасындағы қашықтықты және жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Қытай экономикасының, атап айтқанда оның батыс өңірлері экономикасының қарқынды өсуі, бүгіннің өзінде әлемдік нарықтарға тауарлардың алуан түрін жеткізу қажеттілігін туғызып отыр. Сонымен бірге, мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстанда транзиттің даму деңгейі саланың және тұтас алғанда республиканың әлеуетіне сай емес. Мысалы, 2003 жылы Қытайдың ЕО елдерімен сыртқы сауда көлемі 115 млн. тоннаны құрады, алайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша осы бағыттағы транзиттік тасымалдың көлемі шамамен 3 млн. тонна болды.
Көліктің негізгі түрлері бойынша транзиттік дәліздердің әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
2005 жылғы
транзиттің көлемі
Әлеуетті
мүмкіндіктер
Темір жол көлігі,
млн. тонна
Автомобиль көлігі,
млн. тонна
Әуе көлігі, млн.
ұшақ-км
Көлік дәліздері желісі географиялық жағынан өнеркәсіптік және шаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Өңірлік даму, өндірістік күштерді орналастыру және халықты қоныстандыру перспективаларын ескере отырып, оны одан әрі оңтайландыру және ішінара қайта бағдарлау қажет болады.
Көлік процесінің, бірінші кезекте жол қозғалысы қауіпсіздігінің көрсеткіштері әлемдік деңгейге сәйкес келмейді. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларында (ЖКО) 3 мыңнан астам адам қаза табады, бұл дамыған елдердің ұқсас көрсеткіштерінен екі есе артық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz