Дамыған мемлекеттердің экономикасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


І бөлім. Дамыған мемлекеттердің экономикасы

1.1. Америка Құрама Штаттарының экономикасы, экономикалық өсу алғышарттары, қазіргі әлеуметтік.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2. Еуропа Одағында дамыған елдер экономикасы және әлеуметтік.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3. Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы экономика ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ІІ бөлім. Мемлекеттік сыртқы қарыз (борыш) және оның ықпалы

2.1 Мемлекеттік сыртқы борыш
2.2 Борыштың мемлекетке ықпалы, борышты өтеу механизмі.


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндетті.
Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық, кейсиандық, неокейсиандық, институционалдық) бар екендігі белгілі. Неоклассикалық модельдің зерттеу обьектісі экономикалық өсу факторлары, яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТР, уақыт, экологиялық ақпараттық фактор, адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек технико-экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалы емес сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.
У. А. Льюис экономика секторларын өнеркісіп және ауыл шаруашылығына бөле отырып, негізгі екі: 1) қорлану, яғни жинақтарды инвестицияға айналдыру; 2) жұмыспен қамту, яғни жұмыс күші артық сферадан еңбекке қажеттілігі жоғары сфераға еңбекті ауыстыру мәселелері шешілуі тиіс деп көрсетеді. Сонымен Льюистің жаңарту секторлар арасындағы материалдық және еңбек ресурстарын қайта бөлу тәсілі болып табылады.
Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген.
Осылай ХІХ ғасыр басы мен ХХ ғасыр классикалық теориясында үлкен орын экономикалық өсуге берілген. Табиғат, механизм және қорлану тенденциясы «халықтың байлығы» А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, К. Маркс, Дж. Ст. Милльдің негізгі көңіл аударған мәселесі болды. Содан кейін ұзақ уақыт бұл тақырыпқа ешқандай көңіл бөлінбеді. Тек ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында ғылымдық мақала шығарған, кейнсиандық экономикалық динамиканы талдауға жол ашқан Р. Харродтың арқасында бұл мәселеге қайтадан қызығушылық туындады. Соғыстан кейінгі бірнеше бесжылдықта өсу теориясы көбірек талқыламалы болды. Ұлттық өнімнің өсуі мәселесін қарастыратын үш концепция құрылды: неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар, Э. Хамсен), неоклассикалық (Р. Солоу) және посткейнсиандық (Н. Калдор, Дж. Робинсон).
Өзімнің курстық жұмысымда экономикалық өсуге теориялық анықтама бере отырып, оның жетекші мемлекеттердегі көрсеткіштерін анықтауға тырыстым. Мен бұл жұмыста Америка Құрама Штаттарының ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық өсуінің алғы шарттарын, оған әсер ететін факторларды қарастырдым. Қазіргі кездегі АҚШ-тың кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін кесте түрінде жаздым. Европа Одағындағы дамыған мемлекеттердің экономикалық өсуіне евроның халықаралық валюта ретінде қалыптасуының мәселелері мен қазіргі экономикасы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткішетерін қарастырдым.
Экономикалық өсу әр мемлекеттің экономикасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сол себепті дамыған елдер мен Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің ерекшеліктерін көңіл бөлдім.
1. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұмаев, Ж. Жәйшібеков «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998.
2. В. К. Ломакин «Мировая экономика» учебник, Москва 1998.
3. А. С. Булатов «Мировая экономика», Москва 1999.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Дамыған мемлекеттердің экономикасы

1.1. Америка Құрама Штаттарының экономикасы, экономикалық өсу алғышарттары,
қазіргі әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.14
1.2. Еуропа Одағында дамыған елдер экономикасы және әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .17
1.3. Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы экономика
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ІІ бөлім. Мемлекеттік сыртқы қарыз (борыш) және оның ықпалы

2.1 Мемлекеттік сыртқы борыш
2.2 Борыштың мемлекетке ықпалы, борышты өтеу механизмі.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде
маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген
мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық
қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндетті.
Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық,
кейсиандық, неокейсиандық, институционалдық) бар екендігі белгілі.
Неоклассикалық модельдің зерттеу обьектісі экономикалық өсу факторлары,
яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТР, уақыт, экологиялық ақпараттық фактор,
адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында
өсу әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек
технико-экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен
сапалы емес сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік
бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай
шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.
У. А. Льюис экономика секторларын өнеркісіп және ауыл шаруашылығына
бөле отырып, негізгі екі: 1) қорлану, яғни жинақтарды инвестицияға
айналдыру; 2) жұмыспен қамту, яғни жұмыс күші артық сферадан еңбекке
қажеттілігі жоғары сфераға еңбекті ауыстыру мәселелері шешілуі тиіс деп
көрсетеді. Сонымен Льюистің жаңарту секторлар арасындағы материалдық және
еңбек ресурстарын қайта бөлу тәсілі болып табылады.
Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына
қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген.
Осылай ХІХ ғасыр басы мен ХХ ғасыр классикалық теориясында үлкен орын
экономикалық өсуге берілген. Табиғат, механизм және қорлану тенденциясы
халықтың байлығы А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, К. Маркс, Дж. Ст.
Милльдің негізгі көңіл аударған мәселесі болды. Содан кейін ұзақ уақыт бұл
тақырыпқа ешқандай көңіл бөлінбеді. Тек ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында
ғылымдық мақала шығарған, кейнсиандық экономикалық динамиканы талдауға жол
ашқан Р. Харродтың арқасында бұл мәселеге қайтадан қызығушылық туындады.
Соғыстан кейінгі бірнеше бесжылдықта өсу теориясы көбірек талқыламалы
болды. Ұлттық өнімнің өсуі мәселесін қарастыратын үш концепция құрылды:
неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар, Э. Хамсен), неоклассикалық (Р. Солоу)
және посткейнсиандық (Н. Калдор, Дж. Робинсон).
Өзімнің курстық жұмысымда экономикалық өсуге теориялық анықтама бере
отырып, оның жетекші мемлекеттердегі көрсеткіштерін анықтауға тырыстым. Мен
бұл жұмыста Америка Құрама Штаттарының ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі
экономикалық өсуінің алғы шарттарын, оған әсер ететін факторларды
қарастырдым. Қазіргі кездегі АҚШ-тың кейбір әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерін кесте түрінде жаздым. Европа Одағындағы дамыған
мемлекеттердің экономикалық өсуіне евроның халықаралық валюта ретінде
қалыптасуының мәселелері мен қазіргі экономикасы мен әлеуметтік-
экономикалық көрсеткішетерін қарастырдым.
Экономикалық өсу әр мемлекеттің экономикасының негізгі
көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сол себепті дамыған елдер мен
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің ерекшеліктерін көңіл
бөлдім.

І бөлім. Дамыған мемлекеттердің экономикасы
1.1. Америка Құрама Штаттарының экономикасы, экономикалық өсу алғышарттары,
қазіргі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдік экономика АҚШ, Япония және
Шығыс Европа сияқты жетекші мемлекеттердің дамуымен байланыста болды.
ІІ дүние жүзілік соғыс АҚШ-қа экономикалық дамуда жаңадан бір
талпынысқа мүмкіндік берді. Оның соғыстан кейінгі әлемдегі негізгі орынды
иеленуге әкелді. Осылай 1938-1948 жж арасында мемлекеттің өндірістік өнімді
өндіруі 2 есе көбейді. Салыстыратын болсақ, дүние жүзілік соғыстар
кезеңіндегі, яғни 20 жылда өнім өндіру тек 38 %-ға ғана өсті. Жалпы ұлттық
өнім 1940 жылы 200 млрд доллардан 1950 жылы 300 млрд-қа дейін артты.
Соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ басқармасының алдында шешештін келесідей
негізгі мәселелер болды: өндірісті реконверсиялау, мемлекеттің экономикаға
араласуын азайту, өндірістің төмендеуін тоқтату, әлеуметтік бағдарламаларды
жүзеге асыру. Осы мәселелерді шешуге Маршалл жоспары өзінің әсерін
тигізді. Ол соғыстан зардап шеккен Европа мемлекеттері төмендегі шарттарды
орындаған жағдайда оларға көмектесуді көздеді:
1. өндірісті ұлттандырудан бас тарту;
2. жеке меншік кәсіпкерлігінің еркіндігі.
3. Американдық тауарларды кіргізу үшін сауда барьерлерін төмендету.
4. АҚШ-қа тапшылық материалдарды жеткізу.
5. жеке меншік американдық инвестицияларды көтермелеу.
Маршалл жоспары соғыстан кейінгі қаржы мәселелерін шешудегі нақты
салымдарды көрсетеді. АҚШ-та ленд-лиз заңының жаңа жобасы бойынша соғыс
кезіндегі жұмыс істеген халықаралық сауда механизмі қосылды. Бұл
одақтастарына қару-жарақтарды, Европа мемлекеттерінің экономикасын қалпына
келтіру үшін қойылымға қоятын қажетті тауарларды жеткізу процесін өзгертуге
жол ашты. Сол уақытта Маршалл жоспары американдық өнеркәсіптің
конверсиясына сәтті әсер етті.
1947-1955 жж АҚШ еуропалық мемлекеттерге 35 млрд доллар көмекке берді,
соның ішінде 11,5 млрд соғысқа көмек ретінде, 17 млрд – қайтарымсыз
негізде, ал қалғаны ұзақ мерзімді несие ретінде берілді.
Маршалл жоспарын іске асыру нәтижесінде АҚШ өзінің артық өнімінен
құтылды, сонымен қатар перспективалық технологиялар кең дамыды, еуропалық
мемлекеттер экономикасына инвестициялар өсті.
1960-1970 жж соңында кәсіпкерлікті өндіріс төмендей бастайды. Сол
себепті 1971 жылдан бастап жаңа экономикалық саясат бағдарламасын іске
асыру, долларды алтынға айрбастау тоқтатыла бастады. Доллар құнсызданып,
инфляция өсті. 1980 жылдың қаңтарында инфляция 18 %, сұраныс бағасының
индексі 13,5 %-ға өсті және бюджет тапшылығы көрініс тапты.
Сол кезеңдегі мәселелерді шешіп, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз
ету үшін мемлекеттік реттеудің неоконсервативтік реформасы қолданылды. Бұл
жобада келесідей негізгі жағдайлар қарастырылды:
1. корпарацияларға салық пен жеке табыс салығының қысқартылуы;
2. кәсіпкерлікке заңды регламенттердің қатаң емес түрлерін дайындау;
3. феодалдық шығындар мен бюджет тапшылығын қысқарту;
4. ақша-несие саясатын жүргізу;
5. ҒТР-мен байланысты терең құрылымыдық өзгертулер жүргізу.
1983-1989 жж инфляция 4 %-ға дейін түсті, жұмыссыздық азайып, ЖҰӨ
көлемі 25 %-ға өсті. Бірақ 1980 жж АҚШ-тағы экономикалық өсу тез арада
бәсеңдей бастады. 1989-90 жж ЖІӨ көлемі 1% ғана болды. 1990 жж-ң басында
мемлекеттік бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыздың өсуі орын алды. 1990
жж 1980 жылдармен салыстырғанда экономикалық қарқыны төмен болғанымен, олар
тұрақты болады. Бұл елдегі инвестициялық айналымның төмендеуіне әкелді.
Осыған байланысты 1992 жылы Жаңа экономикалық стратегия қабылданды. Оның
негізгі бағыттары:
1. ұзақ мерзімді мәселелерге көп көңіл бөлу, монетарлыққа қарағанда
шұғыл түрде фискальдық шараларды қолдану;
2. кәсіпкерліктің дамуына дұрыс әсер ететін шарттарды құру;
3. әлеуметтік мәселелерді шешуге мемлекеттің рөлін нығайту;
4. шет елдік капиталды тарту.
АҚШ басқармасы экономикалық стратегияның бағыттарын 1990 жылдың соңына
дейін ұстанды. 1990 жж-дың аяғында ЖІӨ АҚШ-та 8 трлн долларға дейін
бағаланды. Ол әлемдік ЖІӨ-ң 21 %-ын құрады және басқа дамыған
мемлекеттердің көрсеткіштерінен артық болды: Қытай-12%, Япония-7%, ФРГ - 5%
.
1990 жж аяғында АҚШ-та экономикалық өсудің жарты жылдық көрсеткіші 2,2
% деп бағаланады.
Бұл өз кезегінде АҚШ-тың ХХІ ғасыр басындағы позициясын бекітіп, жоғары
бәсеке қабілеттелікті қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта АҚШ басқа
мемлекеттерге қарағанда экономикалық өсу қарқыны, өмір сүру деңгейі мен
сапасына қарай алдыңғы қатарда.
Әр елдің экономикалық өсуіне әр түрлі факторлар әсер етеді. АҚШ-ң
экономикалық өсуінің негізгі факторы ретінде ҒТР орнады. ҒТР-дың жылдам
дамуының шешуші инструменті капитал салудың жылдамдығының, көлемінің,
бағытталғанының және құрылысының өзгеруі. Экономиканың бүтіндей салалары
модернизацияланды; шикізат ресурстарын қолдану мәселелерін шешу өзгерді;
өндірісте, банктік жұмыста, қызмет көрсету аясында ЭЕМ кеңінен қолданыла
бастады.

АҚШ-тың қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:

жыл ЖІӨ Өндірістік өндіру Мұнай Электроэнергетика
динамикасы, динамикасы, тұрақты өндіру, өндірісі, млрд
тұрақты баға баға бойынша млн. тонна киловатт-сағат
бойынша
2003 101,6 99,8 283,4 . . .
2004 102,4 101,5 280,2 4051
2005 103,9 102,5 268,0 4081
2006 103,2 103,2 252,6 4152
2007 103,4 103,7 253,3 4252

Экономикадағы жұмыспен қамтылғандар Жұмыссыздық деңгейі,
саны, млн адам %
2003 136,5 5,8
2004 137,7 6
2005 139,3 5,5
2006 141,7 5,1
2007 144,4 4,6

1.2. Еуропа Одағында дамыған елдер экономикасы және әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері

Әлемдік экономикада Еуропа Одағы ерекше орын алады. Оған ВМП-ң 28 %,
халық қоныстануының 6,4 % келеді.
Қазіргі кезде Еуропа Одағына кіретін елдер оның экономикалық жағдайын
, біріншіден, евроның болашақтағы перспективасын анықтайды. Әдебиетерде
айтылғандай бірлік валютаның перспективасы, алдын ала болжамдап қойылған
оны құрудағы себептерден тұрады. Трансакциондық шығындардың төмендеуі,
бәсекелестіктің артуы, инфляциямен күрестің жеңілдетілуі, интеграциялық
үрдісті жылдамдату және күшті валютаны құру сәйкесінше инфляцияның деңгейін
төмендетуге, экономикалық нығайту үрдісін күшейтуге және экономикалық
өсудің тез өсуіне әкеледі.
Еуропа Одағындағы елдердің экономикалық болашағын болжау үшін алдымен
орта және ұзақ перспективадағы Еуропалық валюта одағының жағдайына, жалпы
инвестиция мен қаржыға, әлемдік нарықтағы еуропалық тауарлардың бәсеке
қабілеттілігіне, сонымен қатар ішкі әлеуметтік-экономикалық аспектілерге –
жұмыссыздық, инфляция деңгейі және т.б. әсер ететін факторларды қарастыру
керек. Бұндай факторларға экономикалық нығайту үрдісін күшейту, евроның
болашақтағы халықаралық валюта ретіндегі қасиеті, құрылған одақтың
экономикалық потенциалы, сондай-ақ қаржы нарығының даму үрдісі жатады.
Экономикалық күшейту үрдісін нығайту. Евроның пайда болуы экономикалық
күшейту үрдісін айтарлықтай күшейтті. Соңғы жылдары Европа Одағы
мемлекеттерінің ненізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өзара жақындай
бастады: баға тұрақтылығын нақты жетістіктерге жеткізу қамтамасыз етілді,
ұзақ мерзімді пайыздық қойылымдардың төмендеуі, ұлттық валютаны айырбастау
курсы тұрақтандырылды.
Евроның халықаралық валюта ретіндегі перспективалары. Валютаның
интернализациялық көрсеткіші келесідей факторларға тәуелді: ЖІӨ көлемі,
әлемдік саудаға араласу деңгейі, экономиканың ашықтығы,, төмен инфляция,
макроэкономикалық тұрақтылық, сырқы әсерлерге экономиканың тұрақтылығы,
экономикалық өсудің потенциалы.
Экономикалық потенциал. Соңғы жылдары Европа Одағы АҚШ-тан
тұрғындардың саны бойынша біршама алда. Ал ЖІӨ көлемі бойынша Жапониядан
екі еседей артық, бірақ АҚШ-қа әлде болса да жетпеген.

Көрсеткіш Өлшем Еуропа Одағы АҚШ Жапония
бірліктері
Тұрғындар млн 302,2 272,0 127,0
ЖІӨ (әлемдік % 16,0 22,0 7,3
үлес)
Тауарлар мен %ЖІӨ 16,9 10,3 10,7
қызметтер
экспорты
Тауарлар мен %ЖІӨ 15,9 13,2 9,1
қызметтер
импорты
Экспорт % 18,9 15,2 9,1
(әлемдік
үлесте)
Жұмыссыздық % 8,9 4,6 4,2
Мемлекеттік %ЖІӨ 0,3 2,2 -12,1
бюджет балансы
Мемлекеттік %ЖІӨ 69,7 44,5 130,4
қарыз

2007-2010 жж Еуропалық Валюта Одағына Орталық және Шығыс Еуропаның
кіруі бір жағынан Еуропа Одағының ЖІӨ қосындысы, экспорт, импорт, тұрғындар
сияқты көрсеткіштерді көтеруші еді, алайда экономикалық потенциалда кері
әсерін тигізуші еді, әсіресе жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз,
ағымдағы баланс және жалпы Еуропалық Валюта Одағындағы елдерінің орта өмір
сүру дейңгейі.
2006 жылдан бастап өзінің экономикалық күшімен Еуропа Одағы АҚШ-қа
жақындап келеді. Бірақ қаржы нарығының дамуында екі аймақтың
айырмашылықтары үлкен.
Қаржы нарығының даму деңгейі. Төмендегі кестедегі көрсеткіштерден
көрініп тұрғандай Еуропа Одағының берілген банктік ссудалардың көлемі АҚШ-
пен салыстырғанда 2 есе көп. Ал осы кездегі айналыстағы бағалы қағаздардың
жалпы бағалануының көрсеткіштері мен қор нарығының капитализациясы 3 есе
кем. Қазіргі кезде Еуропа Одағының корпоративтік бағалы қағаздар
сферасындағы артта қалуы орасан, ал Еуропа Одағындағы күшті позиция ұстап
тұрған бір ғана қор нарығы секторы – облигация.

Құрал өлшем бірлігіЕуропа Одағы АҚШ Жапония
Банктік депозит млрд евро 4752 4743 4468
%ЖІӨ 78 55 112
Банктік ссуда млрд евро 6136 4155 4281
%ЖІӨ 100 48 107
Айналыстағы Ұлттық млрд евро 5432 14141 5061
бағалы қағаздар,
солардың ішінде:
%ЖІӨ 89 165 127
Корпорациялар %ЖІӨ 202 2494 583
Қаржылық институттар %ЖІӨ 1892 3900 754
Мемлекеттік секторлар %ЖІӨ 3329 7747 3724

Еуропа Одағының мәселесі тек оның қор нарығында американдық нарықтан
төмен болуы емес, соныен қатар олар көбінде ұлттық болып қалуында. Қазіргі
уақытта АҚШ-та 8 қор биржасы бар, олардың екеуі – NYSE және NASDAQ нарықтың
95 % алады. Еуропа Одағында 32 ұлттық қор биржасы бар олардың 2-3 ауқымды
биржаға қосылуы әлі қарастырылмаған.
Тағы бір әсер ететін фактор – салық заңы. Ол ұлттық болып табылады
және ұлттық болып көрінетіндей қалады. Салық – мемлекеттік басқару
органдарының қолында қалған, макроэкономикалық реттеу құралдарының бірі,
Еуропалық Валюта Одағын 12-ден 22 мемлекетке дейінгі кеңеюі Еуропа
Одағына тек Батыс емес, сонымен қатар, Орталық Еуропа, Балтия, Шығыс
Еуропаның бөлігі мен Жерорта теңізінің Шығыс бөлігі кіретін болады. Осылай
экономикалық жағынан халық саны 500 млн адамға және ЖІӨ - 7 трлн долларға
тең, 5 млн км шаршы аумақты алып жатқан ең ірі біртұтас нарық пайда болады.
Бұл жерде мемлекеттердің Еуропалық Валюта Одағына кіруі принципиалдық
нұсқада, себебі Еуропа Валюта Одағына мемелекеттердің қосылуы бұрын Батыс
Еуропаның әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша дамыған жоқ және Батыс
Еуропалық қауіпсіздік жүйесінде болмаған.
Одаққа мемлекеттердің қосылуы тарихта болмаған әкімшілік-бұйрықтық
мемлекеттік экономикадан нарықтыққа, авторитаризациядан парламенттік
демократия және құқықтық мемлекетке өтуді жүзеге асыратын елдер,
Қосылудағы шешілмейтін мәселелердің біріне Орталық және Шығыс
Еуропаның ауыл шаруашылығының бейімделуі жатады. Бұл мемлекеттер Еуропа
Одағынан қаржылық ресурстарды алуды күткен. Бірақ Еуропа Одағының біртұтас
ауыл шаруашылық саясаты қазірдің өзінде 50 % бюджетті жейді. Еуропа
Одағының істегі ауыл шаруашылықты қолдау жүйесі бұрыннан пайдасыз деп
мойындалған. Біртұтас ауыл шаруашылық саясатын 2000-2002 жж реформалау
нәтижесіз қалды. Бұл кейбір мемлекеттердің қатал позицияларымен байланысты.
Нәтижесінде Еуропа Одағымен ВТО арасында ауыл шаруашылығын реттеу туралы
ешқандай реформа да, сұрақ та болмайды деген ойды қалыптастырады. Осылай
Еуропа Одағындағы ауыл шаруашылығын қолдаудағы болашақтағы модель
анықталмаған болып тұр.
Еуропа Одағына Орталық және Шығыс Еуропадағы жаңа мүшелердің қосылуы
ынтымақтастық саясатын Еуропа Одағындағы 1990 жж керекті көлемде және
формада жүргізілуіне күмән тудырады. Ал бұл Еуропа саясатының маңыздысы
болып табылады. Оның құралдыра болып Еуропа Одағында белгілі бюджет пайызын
қатаң тіркеумен құралатын құрылымдық қор және ұйымдасу қоры жатады.
Құрылымдық қор ресурстарынан 1990 жж 178 млн адам, яғни Еуропа Одағындағы
азаматтардың жартысынан көбі тұратын алушы-райондарға қолдау көрсетілген.
Қазіргі жағдайда Еуропа Одағына қосылайын деп отырған мемлекеттер ө
бетімен нарықта да, құрылымдық қорда да дамуын Еуропа Одағының дәрежесіне
көтере алмайды. Ал бұл Еуропа Одағының клиент типтес мемлекеттермен әлі
ұзақ уақыт жұмыс істейді дегенді білдіреді.
Одаққа Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің қосылуы автоматты
түрде ЖІӨ-нің 1 жан басына шаққандағы көрсеткішін төмендетті. Жақындасу
бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оған сәйкес Еуропа Одағында жаңа
қаржылық стратегияны жүзеге асыра отырып, Еурокомиссия Еуропа Одағына
кірейін деп жатқан мемлекеттердің ерекшеліктерін ескеріп отыр. 2000-2006
жж бюджеттің қабылдануына байланысты Еуропа Одағынан Орталық және Шығыс
Еуропа жаңа мемлекеттер-мүшелеріне 39,6 млрд евро бөлінді. Әр жылғы
болжамдағы Еуропа Одағының экономикалық өсуі 2,5 % шамасында, жаңа
мемлекеттер-мүшелер көрсеткіші 4%.
Еуропа Одағының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:

жылдар Жұмыспен қамтылғандар саны, млн адам
мемлекет
2003 2004 2005 2006 2007
Австиря 3,8 3,8 3,7 3,8 3,9
Бельгия 4,1 4,1 4,1 4,2 4,2
Ұлыбритания 28,4 27,8 28,5 28,7 28,9
Германия 36,5 36,2 35,7 35,8 . . .
Грекия 4,2 4,3 4,3 4,4 4,5
Дания 2,7 2,7 2,7 2,7 2,8
Ирландия 1,7 1,8 1,9 2,0 2,0
Испания 16,6 17,3 17,1 19,0 19,7
Италия 21,9 22,1 22,4 22,6 23,0
Нидерланды 7,9 7,8 8,1 8,1 8,2
Португалия 5,1 5,1 5,1 5,1 5,2
Финляндия 2,4 2,4 2,4 2,4 2,5
Франция 23,9 24,6 24,4 24,5 24,7
Швеция 4,2 4,2 4,2 4,3 4,3

Еуропа Одағындағы мемлекеттердің жұмыссыздық деңгейі

Еуропа Одағындағы мемлекеттердің өзара сыртқы сауда айналымы

Экспорт Импорт Сауд балансы
қаңтар қаңтар
желтоқсан 2006 желтоқсан 2007
АҚШ Жапония Ұлыбритания
2005 8,4 5,5 4,7 4,8
2006 8,1 5,1 4,4 4,8
2007 7,8 4,6 4,1 5,4

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақыдағы айырмашылық кем дегенде
6-7 есені құрайды және экономика салалары арасындағы қолданылатын
айырмашылықтармен айқындалады. Жұмыссыздығы бойынша материалдық жәрдем
алатын адамдардың үлесі 61,2%-дан 10,25%-ға дейін қысқарды. Бұл жұмыссыздық
мәртебесі мен оларға материалдық көмек көрсету тәртібіне заңнамалық
өзгерістер енгізумен байланысты болды. Бізде қызметкерлерге бүгінде
өтелетін қажетті еңбек ақы дамыған елдерге қарағанда аз, бұл экономиканың
жағдайымен байланысты болады. Көптеген елдерде ұлттық табыстағы жалақының
қоғамдық қордағы үлесі талай онжылдықтарда өзгерген жоқ: 60-70%, бізде
37,7%.
Оның үстіне соңғы жылдары дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің
жеке жинақ ақшалары өндірісті дамытуға барған сайын кеңірек тартылатын
болды. Бұл орайда жапондықтар тәжірибесі атап өтерліктей, олар 40-шы
жылдардың аяғынан бастап жеке жинақ ақшаларын өндірісті дамытуға сала
бастады. Осы орайда ең соңғы технологияларды әзірлеумен және пайдаланумен
айналысатын фирмалардың көпшілігі акцияларын жалдамалы қызметкерлерге
жеңілдетілген жағдайлармен сатады. Нәтижесінде барған сайын еңбекшілердің
басым көпшілігі акционерлерге айналады. Мысалы, Ұлыбританияда өз
корпорацияларының бағалы қағаздар салымдарына тартылған еңбекшілердің саны
2 млн. адамға жетті. Францияда, Жапонияда, Италияда халықтың ақша
қаражаттарын акционерлік жинақтау қорларына тарту жекешелендіру барысында
болып өтті.
Сонымен бірге, мемлекет өндірілген бір тонна мұнайдан қандай пайда
алады деген сұрақ туындайды. Сарапшылардың деректері бойынша, 2002 жылы
мұнай өндіретін компаниялардың кірістері 2001 жылмен салыстырғанда 16%-ға
өскен, мұнай өндіру көлемі 18%-ға ұлғайған, ал бюджетке төленетін салықтар
12%-ға азайған. 1998-2002 жылдар арасындағы кезеңге жасалған талдау 1998
жылы мемлекетке салық түрінде 12 АҚШ доллары; 1999 жылы – 9; 2000 жылы –
24; 2001 жылы – 29 АҚШ доллары түскенін, ал 2002 жылы бұл көрсеткіш 22 АҚШ
долларына төмендегенін көрсетті. Алайда мұнай өндіру мен электроэнергетика
өндіруде Қазақстан дамыған елдерден өте артта қалуда. Мұның себебі ретінде
дамыған елдерде жаңа технологиялардың пайдаланылуы мен Қазақстанда
техникалардың ескіруін айтуға болады. Ондан басқа қажетті мамандардың аз
болуын атап өткен жөн.

Мұнай өндіру Электроэнергетика өндіру

жылдар Қазақстан АҚШ Канада Қазақстан АҚШ Канада 2005 59,5 268,0
102,5 66,9 4081 587,0 2006 61,5 252,6 104,3 67,9 4152 590,4
2007 65,0 253,3 104,7 71,7 4252 616,4
Елдің экономикалық дамуының күрделі проблемаларының бірі – ұлттық
валюта мөлшерінің айналымда оңтайлы болуы болып табылады. Экономикалық
жүйеде теңгенің статистикалық өзгеруі жеке шаруашылықтар, компаниялар мен
фирмалардың шешімдерді таңдауына күшті әсер ете алады. Сондықтан тұрақты
ақша жүйесін жүзеге асыруды мүмкін ететін жағдайлар жасау басым міндет
болып табылады.
Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін алдымен елдің ішкі
экономикалық жағдайын қалпына келтіру керек, яғни әлеуметтік, табиғи фактор
мен технологиялық процестер арасындағы қайшылықты жағдайда тұрақты өсуге
жету мүмкін емес. Тұрақты экономикалық өсуге жету үшін ең алдымен
өндірістің құлдырауын тоқтатуды, өндірістің салалы құрылымындағы
деформацияны түзетуді және тозған негізгі өндірістік қорларды жаңалауды
қарастырып барып, өсуге жол ашу қажет. Сонымен жоғары қарқынды экономикалық
өсуді отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасай арқылы өнеркәсіптің
ғылымды қажетсінетін салалары мен өңдеуші салаларында қамтамасыз ету керек
және елдің негізгі қор жүйесін жаңалап, ресурсты үнемдеуші өндірісті жүзеге
асыру қажет, қосымша елдің тұрақсыз қаржылық және ақша-несие жүйесін
реттеп, инвестициялық тәуелділікті төмендету қажет.

ІІ бөлім. Мемлекеттік сыртқы қарыз (борыш) және оның ықпалы

2.1 Мемлекеттік сыртқы борыш

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы
болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
біріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банктерден, басқа қаржы және несие мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш "ұлттың өзіне өзінің қарызы" ретінде
қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік
борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай
ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше
"қаржы пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер
бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары
дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып
саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы
қауіпті бола бастайды.
Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі
елдің Ұлттық банкісінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы
тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елтану курсынан дәрістер
Экономикалық өсудің факторлары
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Макроэкономикалық саясат
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
Экономикалық өсу туралы ақпарат
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Дамушы елдерге жалпы сипатама
Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму ерекшелігі: басқару механизмдері және қаржы ресурстары
Пәндер