Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 157 бет
Таңдаулыға:
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
ӘӨЖ 343. 235. 2:343. 137. 5 (574) Қолжазба құқында
Ерназаров Ғалымжан Бақытжанұлы
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
12. 00. 08 - қылмыстық құқық және криминология;
қылмыстық-атқару құқығы
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі
заң ғылымдарының докторы,
профессор Е. О. Алауханов
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Мазмұны
Белгілеулер мен қысқартулар …… . . . 3
Кіріспе . . . 4
1 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 11
1. 1 Пайдақорлық қылмыстылықтың түсінігі. . 11
1. 2 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының
құрамдарының жалпы сипаттамасы . . . 23
2 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының
криминологиялық сипаттамасы . . . 44
2. 1 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының жасалуының себептері мен жағдайлары . . . 44
2. 2 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының динамикасы мен құрылымы . . . 68
2. 3 Пайдақорлық қылмыстарды жасаған кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасы . . . 77
2. 4 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу: шаралары мен түрлері, оның мәселелері . . . 89
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 126
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 133
Қосымша А . «Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу» тақырыбы бойынша Сауалнама . . . 143
Белгілеулер мен қысқартулар
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
ТҚД - техникалық қызмет департаменті
ҚСжАЕК - Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті
ӘҚтК - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс
ӘПК - Әкімшілік полиция комитеті
ҚАЖК - Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ІІД - Ішкі істер департаменті
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
ҚК - Қылмыстық кодекс
ҚІЖК - Қылмыстық-іс жүргізу кодексі
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу - елдің болашақ басшылығын тәрбиелеп өсіруде, құқық тәртібін нығайту саласындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін қолданылатын шаралар қылмыстардың алдын алу шараларының барлық жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік басқарудың айрықша түріне жататын алдын алу қызметін сипаттайтын барлық заңдылықтар кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға да тән.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл жұмыс кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарымен күресу, оның алдын алу және оның жасалуына итермелейтін себептер мен жағдайларды зерделеу мәселелеріне арналған.
Балаларды тәрбиелеу, олардың өнегелік, физикалық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - кез келген қоғамның басты міндеті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес, балалық шақ мемлекеттің қорғауына алынған, ол мемлекет таныған және қорғайтын негізгі құндылықтардың бірі болып табылады [1, 9 б. ] . Сондықтан да кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, олардың мораль және құқық нормаларын сақтай отырып өмірде дұрыс позиция ұстауына баса көңіл бөлінеді, бұл ретте жұртшылықтың мүмкіндігі мен заң күші барынша пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы өз тарихының күрделі кезеңін бастан кешіруде. Соңғы оншақты жылда орын алған қайта құру процесі әлеуметтендірудің барлық институттарының функционалдық мүмкіндіктерін күрт төмендетті. Әлеуметтік-экономикалық ауыр жағдайға, ресми идеологияның ауысуына, дәстүрлі құндылықтардың құнсыздануына байланысты отбасы, білім беретін мекемелер, жастар мен балалар бірлестіктері, еңбек ұжымдары жеткіншек жастарды тәрбиелеудегі өздерінің бұрынғы рөлін жоғалтып алды.
Бұл, әрине, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жайы мен динамикасына әсерін тигізді [2, 56 б. ] .
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының нысаны өзгеруде, олар қазір, негізінен, бандитизммен, бопсалаушылықпен, криминалдық бизнеспен, жезөкшелікпен айналысуда.
Сондықтан да, мұндай қылмыстарының алдын алуда қандай да бір оң нәтижеге жету үшін бұл қылмыстарға итермелеп отырған факторларды білу керек. Елдегі демографиялық жағдайдың нашар екендігі даусыз, бірақ оны жақсарту мақсатында қарастырылып жатқан шаралар ойдағыдай емес, ауылдық жерлерде мүлде назардан тыс қалған. Белгілі бір кезеңде қоғамдық қатынастарға теріс ықпал ететін кейбір криминогендік факторларға ұзақ уақыт көңіл бөлінбейді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу мәселесі жалпы қылмыстан сақтандыру қызметінің ең маңызды аспектісі болуға тиіс. Ақыл-ойы, күш-қуаты жетіле қоймағандықтан, әлеуметтік мәртебесі толық болмағандықтан кәмелетке толмағандар айрықша көңіл бөлуді, көмекті қажет етеді. Сондықтан да олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қоғам арнайы іс-шаралар жүргізуге тиіс. Мұны біз Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен, халықаралық құқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормаларынан көріп отырмыз.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары және оның алдын алудың ерекшеліктері пәнаралық сипаттағы кешенді проблема болып табылады, оны шешуде криминология, психология, педагогика, социология және медицина сияқты ғылымдар маңызды рөл атқарады.
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстылықтың алдын алу проблемасына арнайы әдебиетте едәуір көңіл бөлінген. Диссертациялық зерттеуді жазу барысында революцияға дейінгі Ресейдің (Н. С. Таганцев,
И. Я. Фойницкий және т. б. ), Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясының
(Г. А. Аванесов, Ю. М. Антонян, З. А. Астемиров, М. М Бабаев,
Л. И. Беляева, Ю. В. Васильев, Н. К. Ветров, Г. Н. Горшенков, К. Горяинов,
П. Ф. Гришанин, А. И. Долгова, З. С. Зарипов, В. Е. Квашис, С. Я. Лебедева, И. И. Карпец, Г. М. Миньковский, А. С. Михлин, Н. Ф. Кузнецова, В. А. Плешаков, В. П. Ревин ғалым заңгерлерінің ғылыми еңбектері зерделеніп, тиісті бағасын алды.
Қазақстанда пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алу жөнінде тұңғыш рет кешенді түрде зерттеген профессор Е. О. Алаухановтың «Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды алдын алудың криминологиялық проблемалары» атты еңбегі 2005 жылы «Ғылым» баспасында қазақ тілінде және «Криминологические проблемы предупреждения корыстно-насильственных преступлений» атты монографисы 2005 жылы Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде жарық көрді. Сонымен қатар, 1997 жылы «Жеті Жарғы» баспасында «Проблемы правовой борьбы с вымогательством» атты монографиясы жарияланған болатын.
Диссертацияда кәмелетке толмағандардың қылмыстарымен күресудің теориясы мен тәжірибесін жетілдіру мәселесімен айналысқан отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері де пайдаланылды. Олардың ішінде:
Н. М. Абдиров, Е. О. Алауханов, К. А. Бегалиев, С. Б. Бимурзин, Б. К. Сыздық, Н. О. Дулатбеков, Р. Е. Джансараева, У. С. Жекебаев, А. А. Ескендіров,
М. К. Ынтықбаев, Е. И. Қайыржанов, Н. И. Каирова, И. В. Корзун, А. Н. Ли,
Г. С. Мәуленов, А. Х. Миндагулов, М. С. Нәрікбаев, Т. Е. Сарсенбаев, М. Д. Сейтжанов, А. С. Чокморова, З. А. Ажиметова, Д. Бұғыбайқызы, Л. Ерінбетова, Л. Мурсалова, Ж. Қарамырза сияқты ғалымдардың еңбегін айрықша атап өту керек.
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы пайдақорлық қылмыстылық проблемасына арналған ғылыми материалдар жеткілікті болғанмен, зерттеудің бұл бағыты өз маңыздылығын жоғалтатын емес. Сондықтан да бұл диссертация осы бағыттағы зерттеулер қатарын толықтыруға арналған еңбектердің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Отандық және шетелдік тәжірибе, статистикалық байқау, теориялық зерттеулер мен жинақталған эмперикалық материал негізінде кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу мәселесін айрықша бөліп алып қарастыру, кәмелетке толмағандарға қатысты сот-тергеу тәжірибесін жетілдірудің болашақтағы бағытын анықтау бұл диссертациялық зерттеудің мақсаты болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:
- отандық қылмыстық заңнама мен мемлекеттік институттардың кәмелетке толмағандардың қылмыстарымен күресте қол жеткізген жетістіктеріне тарихи шолу жасау;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстылықтың анықтамасын беру;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстылықтың шығу себептерін анықтау;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстылықтың қазіргі сипаты және онымен күрестің жайы;
- кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекеттерінің негізгі детерминанттарын айқындау;
- кәмелетке толмағандар арасындағы пайдақор қылмыстылықтың күресудің тетіктерін жасау және шаралар қолдану;
- кәмелетке толмағандар арасындағы пайдақор қылмыскерлерге криминалдық талдау жасау және олардың жеке бастарының ерекшеліктерін айқындау және т. б.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алумен байланысты қоғамдық қатынастардың даму заңдылығы, қабылданған заңдық шешімдердің дұрыстығын көрсететін сот және пенитенциар практикасы және қазіргі заңдардағы кемшіліктер зерттеу объектісі болып табылады.
Ал зерттеу пәніне кәмелетке толмағандар қылмыстарының алдын алуда онымен күресетін субъектілер қолданатын қылмыстық-құқықтық және криминологиялық құралдар жатады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Диссертацияның әдіснамалық негізін диалектикалық-материалистік ілім құрайды. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары қоғамдық қатынастар тұрғысы мен қоғамдағы басқа құбылыстармен және процестермен байланыста қаралады.
Диссертацияда қарастырылып отырған құбылыстарды зерттеудің жалпы философиялық әдістерімен қатар басқа да әртүрлі әдістердің жиынтығы пайдаланылды. Мысалы, жүйелік тәсіл, салыстырмалы талдау, жалпы логикалық және статистикалық әдістер, сараптамалық бағалау, анкета тарату және сұхбаттасу түріндегі социологиялық сұрақ жүргізу, математикалық статистика әдістері.
Философияда, социологияда, қылмыстық құқықта, криминологияда, әлеуметтік психиологияда, психиатрияда және педагогикада талданған және кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының детерминанттарын да, әртүрлі әлеуметтік институттарымен олардың алдын алудың да мәселелерін қозғаған ғылыми еңбектер диссертацияға теориялық негіз болды.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, қылмыстық және қылмыстық-атқару заңдары, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің ведомстволық нормативтік актілері, Жоғары Соттың қаулылары, халықаралық-құқықтық актілер және басқалар құрады. Зерттеудің эмпериялық базасына автордың социологиялық сауалнама жүргізу, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен педагогтар арасында жүргізген сараптамалық талдау, кәмелетке толмағандармен жасалынған сауалнама нәтижесінде алған мәліметтері негіз болды (2002-2009 жылдарғы) . Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерінің көмегімен өңделді.
Зерттеудің эмпирикалық базасын келесілер құрайды:
- Бас прокуратураның ҚСжАЕ Комитетінің кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың күйі, динамикасы және құрылымы туралы статистикалық мәліметтері (1998-2009 жылдарға) ;
- Алматы қаласы ІІД-нің (2000-2003 жылдарға), ІІМ-нің ӘПК мен ТҚД берген мәліметтері (1998-2008 жылдарға) ;
- Әділет министрлігінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының кәмелетке толмай сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды орындайтын органдар мен мекемелердің қызметі туралы статистикалық мәліметтері (1998-2008 жылдарға) ;
- пайдақорлық қылмыс жасап жазаға тартылған 150 кәмелетке толмағанға және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ЛА-155/6 түзеу мекемесінің 357 тәрбиеленушісіне жүргізілген сауалнаманың нәтижелері;
- жалпы білім беретін мекемелердің педагогтары (100 адам) мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелер қызметкерлеріне (150 адам) Алматы және Астана қалалары шегінде жүргізілген сауалнаманың нәтижелері;
- кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша (540 іс) сот практикасы (2005-2008 жылдарғы) .
Және де басқа авторлар жүргізген ұқсас зерттеулердің нәтижелері зерделенді, олар бойынша жасалған тұжырымдар осы зерттеудің нәтижесімен салыстыру үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу шараларына баға беру үшін ғана пайдаланылды.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы :
- пайдақорлыққа қылмыстық-құқықтық және криминологиялық тұрғыдан анықтама берілді;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстық іс-әрекеттерінің құрамы жіктелінді:
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстық іс-әрекеттерінің негізгі заңдылықтары айқындалды;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары кәмелетке толмағандардың жалпы қылмыстарының, жалпы пайдақорлық қылмыстылықтың да алдын алудағы басты бағыт екендігіне негіз қаланды;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық криминогендік жағдайлардың қалыптасу себептері мен жағдайлары, оның пайдақорлық қылмыстық іс-әрекеттегі себептік рөлі айқындалып зерттелді;
- кәмелетке толмаған пайдакүнем қылмыскерлердің жеке бастарының типологиясы жасалды;
- кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алуды жетілдіру жөнінде тәжірибелік ұсыныстар берілді;
Диссертациялық зерттеу бойынша қорғауға шығарылған тұжырымдар :
1. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық тұрғыдан алғанда пайдақорлыққа:
а) қылмыстық іс-әрекет жасап және бөтеннің мүлкі (мүліктік құқығы) есебінен өзіне немесе өзімен байланысты адамдарға материалдық пайда келтіруге ұмтылу;
б) құқық бұзып (қылмыстық, әкімшілік және т. б. ) және басқадай әдепсіз, қоғамға жат қылықтар көрсетіп және бөтеннің мүлкі (мүліктік құқығы) есебінен өзіне немесе өзімен байланысты адамдарға материалдық пайда келтіруге субъектінің ұмтылуы деген анықтама беру қажет.
2. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстық іс-әрекеттерінің құрамы:
а) өзін мүлік және мүлік құқығы түрінде іске асыратын меншік қатынастарының объектісі болып табылады;
б) қылмыстық іс-әрекеті пайдақорлық криминогендік сылтауға негізделген кәмелетке толмағандар мен әлеуметтік топтар субъект болып саналады;
в) субъективтік жақ - жасалынған қылмыстың негізінде жатқан пайдақорлық криминогендік іс әрекеттің мазмұнында көрініс табады;
г) объективтік жақ кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының сатыларында көрініс табады.
3. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының негізгі статистикалық заңдылықтары, бұл мәселені зерттеудің, оның алдын алудың да аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.
4. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары, елдегі криминогендік жағдайлардың қалыптасуына, әлеуметтік деңгейде қоғам мен мемлекеттің дағдарыстағы жағдайына, ал арнайы - криминологиялық деңгейде адамның негізгі тіршілік саласына кері ықпалын тигізуде.
5. Кәмелетке толмаған пайдақор қылмыскердің жеке басының типологиясы, пайдақорлық криминогендік жағдайдың мазмұнынымен байланысты.
6. Кәмелетке толмаған пайдақор қылмыскерлер қылмыстық іс-әрекетке жетелейтін жағдайлар негізінде, өзге де өмір салтының сипаты ескеріліп мынадай типтерге бөлінеді:
а) әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық деңгейде бекітілетін;
б) жеке бастың деңгейінде бекітілетін;
в) дезадаптивтік;
г) пайдақорлық - мұқтаждық;
д) ойын.
6. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу жүйесін әртүрлі деңгейде жетілдірудің ұсынылған шаралар кешені.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы сол, кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа нәтижелерге қол жетті. Жұмыс кешенді монографиялық зерттеу болып саналады, мұнда пәнаралық тәсілдер пайдаланылып кәмелетке толмағандардың мұндай қылмыстар жасауымен байланысты қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелер зерделенді. Диссертациядағы ережелер мен тұжырымдар қылмыстық құқық пен криминологияның бірқатар тарауларын толықтырады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы сол , ондағы ұсыныстар мен тұжырымдарды: қылмыстық заңдарды жетілдіруде, заң шығарушы органдарының; кәмелетке толмағандар қылмыстарының алдын алуды жүзеге асыратын субъектілердің қызметінде пайдалануға болады.
Сонымен қатар, зерттеу материалдарын арнайы орта (колледж, техникум) және жоғары оқу орындарында қылмыстық құқық пен криминология курстарын өту барысында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі . Жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері, теориялық ережелер, оларға негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасындағы талқылау барысында апробациядан өтті.
Зерттеу нәтижелері барысында алынған теориялық ережелер, тұжырымдар мен ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар халықаралық және ведомствоаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарында, Қазақстан Республикасы БҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған журналдарда жарық көрді.
Сонымен қатар, бұл диссертациялық зерттеудің нәтижелері, тұжырымдары мен ұсыныстары Астана және Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларының ішкі істер Департаменттерінің тәжірибелік қызметіне және Қ. А. Яссауи атында Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінің оқу үрдісіне ендірілді.
Диссертацияның құрылымы кіріспеден, белгілеулер мен қысқартулар тізімінен, екі бөлімнен (раздел?), алты бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1. 1 Пайдақорлық қылмыстылықтың түсінігі
Криминологиялық ғылым қылмыстылықтың нысаны мен оның өзге әлеуметтік құбылыстармен байланысын терең талдауға, қылмыстылықтың және оған ықпал жасайтын, әсіресе қазіргі жағдайдағы, себептеріне түсініктеме беруге, адамдардың әлеуметтік тұрмысына, идеология мен экономикадағы өзгерістерге қарай қылмыстардың алатын сипатына, өрбуіне көз жүгіртуге мүмкіндік береді. И. И. Карпец криминологияны дабыл қағатын ғылым деп атаған [4, 9-14 бб. ] .
Тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминогендік ахуалдың заңдылықтары мен үрдісін терең білмей қылмыстық-құқықтық іс жүргізу, криминалистикалық және пенитенциарлық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі көпке аян.
Сонымен қатар, бірқатар ғалымдардың санасы қалыптасқан түсініктен соңғы уақытқа дейін арыла алмағанын атап өткен жөн. Мысалы, криминология курсының бірінші томында былай делінген: “социалистік қоғамда қылмыстың өткен формациясына тән аса қауіпті түрлері: гангстеризм мен рэкет; қылмыстық әлемнің мемлекеттік аппаратпен сыбайластығы; халықтың бүтіндей тобының қылмыстылықпен байып, соған мүдделі болуы; қылмыстық әдіспен билік басына келуге тырысатын саясаткерлер жоқ” [5, 144-145 бб. ] . Қылмыстылық социалистік құрылыстың болмысына жат құбылыс деп жазу дағдыға айналған еді [6, 81 б. ] .
Криминологияның ерекше бөлімі қылмыстылықтың жекелеген түрлерін әр қилы көрсеткіштерге орай бөліп, жеке бөліп қарастыратыны анық. Соның бір саласы - пайдақорлық-зорлық қылмыстылық. Мұның өзі екі түрлі қылмыстылықтың сабақтастығынан туындаған. Олар - пайдақорлық қылмыстылық пен зорлық қылмыстылық.
Пайдақорлық - ол алуға, баюға деген құштарлық. Пайдақорлық Қылмыстық заңның жиырма бір бабында келтірілген. Жалпы бөлімде жаза тағайындауға байланысты (мүлікті тәркілеу) айтылып өтсе, тоғыз қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде қарастырылған (135, 139, 198, 225, 271, 307, 314, 315, 380-баптар), ал қалған жағдайларда ауырлатылған қылмыс құрамдарында қарастырылған (96-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 125-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 126-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 127-баптың 2-бөлігі “а” тармағы, 134-баптың 2-бөлігі, 200-баптың 2-бөлігі, 234-баптың 2-бөлігі “и” тармағы, 238-баптың 2-бөлігі “д” тармағы, 324-баптың 2-бөлігі, 351-баптың 2-бөлігі, 352-баптың 2-бөлігі) .
Пайдақорлық қылмыстылық жалпы қылмыстылық санының ішінде экономикасы дамыған мемлекеттерде 90% дейін үлес алса, дамушы елдердің жалпы қылмыстылығының 60% құрайды [7, 234 б. ] .
Е. О. Алаухановтың пікірінше «пайдақорлық қылмыстылық - ол құқыққа қарсы, қайтарымсыз, пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстардың жиынтығы». (Сноска: Е. О. Алауханов. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. 2005 ж., Алматы, 8-бет)
Бүгінгі күнгі криминология теориясында негізгі үш ұғым бар, олар: қылмыстылық, қылмыстық іс-әрекет және қылмыс; олар жалпы, ерекше және жеке-дара санаттарына сәйкес келеді [8, 134 б. ] .
Қылмыстылық ұғымдарының алғашқыларының бірі
Н. Ф. Кузнецова,
И. И. Карпец
және басқалардың жұмыстарында ұсынылды. Бұл авторлардың пікірінше, қылмыстылық дегеніміз - тарихи өзгерісте болатын, белгілі бір кезеңде қайсыбір мемлекетке жасалатын қылмыстардың жиынтығын (жүйесін) беретін әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс [9, 75 б. ] .
Адамның қылмыстық іс-әрекеті кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да орын алатын процесс, ол сыртқы ортаны өзгертетін әрекеттің өзін ғана емес, теріс қылықтың генезисін анықтайтын, қылмыстық әрекетке дейін болатын психологиялық құбылыстар мен процестерді де қамтиды [10, 82 б. ] .
Және де қылмысты қылмыстық іс-қимылдың бір кезеңі деп қарастыруға болады, ал қылмыстық іс-әрекетті біреу, бір жерде, белгілі бір уақытта, қандай да бір себептермен және жағдайға байланысты жасайды [11, 30 б. ] .
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары «айрықша» санатқа жататындықтан, бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекеттері өте мұқият қарастырылуға жатады. Сол қылмыстық іс-әрекеттің төңірегінде пайдақорлық қылмыс жасайтын кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің сипатын айқындауға болады.
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстық іс-әрекеті ұғымының шегін анықтамай тұрып пайдақорлықтың өзінің әлеуметтік-құқықтық сипаттамасын қарастырған жөн.
«Пайдақорлық» сөзі бір мәнді сөз емес. Ол «байлыққа құштарлық, пайда табуға ұмтылыс» деген мағына береді [12, 204 б. ] .
Бұл анықтамадан біз оның екі қыры бар екендігін көреміз:
а) біріншіден, баюға құштарлық;
б) екіншіден, пайда көруге ұмтылу.
Пайда көруге ұмтылу, олжа табу адамға меншіктік қатынас пайда болғаннан бері туа жабысатын қасиетке айналды.
Байлыққа, жеке меншікке мән бермеу, материалдық игілікті адамның жан-жақты дамуы үшін ғана керек деп санау КСРО кезінде адамды қаражатқа, өз еңбегінің нәтижесіне қызықпайтындай күйге жеткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz