Мотивация мен сапа менеджменті жүйесі


І МОТИВАЦИЯ МЕН САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Сапа менеджменті жүйесінде көзделетін әлеуметтік және экономикалық мақсаттар
Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жолдауында 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды - инновациялық стратегияны жүргізу тапсырмасындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар бизнесінің тиімділігіне аса назар аударады. Сонымен қатар 2015 жылға дейінгі Қазақстан республикасы сапа менеджментінің даму тұжырымдамасында:
1) Қазақстан кәсіпорындарында бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қажеттілігі;
2) Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға бірігуіне жағдай жасау;
3) Мобильді нарық жағдайында тұтынушылардың және қоғамдық ұйымдардың, өндірушілердің, мемлекеттік ұйымдардың қызығушылығын қамтамасыз ету басты мақсат болып қарастырылған.
Елдің тұрақты экономикалық өсуі отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық, технологиялық және техникалық бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауынсыз жүзеге аспайды. Өнімнің сапасын тиімді басқару жұмыстарын іске асыратын және өндіріске кеткен шығындарды қатаң бақылап отыратын кәсіпорындарда бәсекеге қабілеттілік болады. Нарықтық өндірістік процестерге көп көңіл аударылады.
Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, біз тағы да бір стратегиялық міндетті - Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойдық. Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығу үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.
Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидалары негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Яғни, Елбасы айтқандай: «Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарысы мол салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық ұлттық инновация, кластерлік жүйесінің дамуына жол аштық», алдағы уақытта ғылыми - техникалық дәуірлердің көшіне ілесу, тіпті, оның алдыңғы сапында болу осы жүйенің пәрменін талап ететіні де даусыз екендігін аңғартады. Мұны әлемдік ауқымда дамыған елдердің бай тәжірибелері айқын көрсетеді.
Сапа философиясының даму кезеңдері.
Сапа философиясы тарихында 4 фаза бар. Олар өндірушінің ішкі және сыртқы қайшылықтарының қысымымен дамыған - шығарылатын өнім сапасын қамтамасыз ету және сәйкесінше өндірушілердің нарықтағы жағдайын нығайту (сыртқы мақсат) және өндіріс тиімділігін жоғарылату, яғни компанияның табысын жоғарылату (ішкі мақсат) .
Өңдеу фазасы.
Бұл өнермен бірге басталды және жеке өз жұмыстарын және жеке кіші шеберлердің жұмыстарын тексерген жеке шеберлердің тәжірибесіне еңген. Орта ғасырлық қалалардың цехтық ұйымдарын ұмытпау қажет. Олар заманауи сөзбен айтқанда шеберлерді сертификаттаған - бұйым сапасын сынақтан өткізгеннен кейін ғана шебер атағы берілген. әр бұйым индивидуалды болған.
XX ғасырда қару өндірісінде (Сэмуэль Кольт зауыдтары) сапаны стандарттау идеясы туындаған - бұйым бір біріне жымдастырылған детальтардан емес? партиядағы кез келген кездейсоқ алынған детальдардан жиналатын. Жинау алдында детальдар калибр көмегімен тексеріліп жарамсыздары алынып тасталатын. Бақылау және ақаулықтарды анықтауды арнайы оқытылған контролерлер атқаратын.
Бұл фазаның дамуына үздік үлес американдық автомобиль жасаушылар - Генри Мартин Леланд («Кадилак» фирмасының негізін қалаушы» және Генри Форд қосқан. Леланд алғаш рет автомобиль өндірісінде калибр бойынша жұмысты қолданған. 1908 ж. Наурызында британдық автоклубтын эксперттері Англиядан келген «Кадиллак» автомобильдердің экспорттық партиясынан кездейсоқ 3 экзимплярын алып оларды соңғы винтигына дейін шашып тастады. Барлық детальдарды бір жерге үйіп, содан кейін бұл үймеден кейбір детальдарды алып оларды жергілікті «Кадиллак» автомобильдерін сататын және қызмет көрсететін агенттіктен кездейсоқ алынған қосалқы детальдарымен ауыстырылған. Екі машина бірінші реттен оталды, ал біреуі - екінші реттен. Олардын бәрі жаңадан пайдалануға өткізілген автодромға ұзақ өндеуге жіберілді. Қайта жиналған машиналар өздерінің жұмыс сипаттамаларының зауыдтық жинаққа толық сәйкестігін растағаннан кейін Британдық автомотоклуб «Кадиллак» фирмасына диплом және «Стандарттауға» деген көркем жазуы бар күміс кубогын берді. Осыдан кейін «Кадиллак» автомобильдерінде фирмалық таңбасы бар кестелігінде «Standart of the world» жазуы пайда болды.
Форд жинау конвейерін қолданды және қосалқы заттарды жинау кезіндегі кіріс бақылауының орнына сол қосалқы заттар өндіріс орындарында шығыс бақылауын еңгізді, яғни жинақтауға тек қана сапалы, жарамды бұйымдар ғана келіп тұрады. Сонымен қатар ол өндірістен тәуелсіз техникалық бақылау қызметін жасап еңгізді.
Осы стадиядағы жиналған тәжірибенің ғылыми қорытындылау және дәлелдеу инженер және менеджер, американдық ғалым Г. Фордтың серіктесі Фредерик У. Тейлор жұмыстары болды. Ғылыми менеджмент концепциясы, жүйелі ықпал, кадрлық менеджмент, ұйымдар арасындағы жауапкершілікті бөлу идеясы, еңбекті нормалау идеясы осы Тейлормен ұсынылған.
Ол иерархиялық басқару құрылымның идеясының негізін қалаған. Қазіргі кездегі кәсіпорындардың көпшілігінің ұйымдастыру концепциясы (Форд-Тейлор өндірістік жүйесі) Ф. У. Тейлор және Г. Форд жұмыстары арқасында пайда болды десе болады. Тек қана 70-ші жылдары оның орнына басқа концепция (Тойота өндірістік жүйесі) келе бастады. Бұл фазаның сапаны қамтамасыз ету концепциясын былай тұжырымдауға болады: «тұтынушы тек қана жарамды бұйымдарды алу қажет, яғни стандарттарға сай бұйымдарды».
Бұл концепцияның іске асырылуы 20-шы жылдардың өзінде жоғары технологиялық салаларда (авиация, әскери өнеркәсіп) контролерлер саны жалпы жұмысшылар санының 30-40% құрады, кейде одан да көп болатын. Осы концепция шеңберінде сапаны жоғарлату әрқашан оны қамтамасыз етудегі шығындардын өсуімен бірге жүрді, яғни өндіріс пайдалылығын жоғарылату мақсаты және бұйымның сапасын жоғарылату мақсаты қарама-қайшы болды ( бұл 2 мақсатқа бір уақытты жетуге болмады)
Сапаны басқару фазасы.
Бұл фаза алдынғы фазаға тән қарама-қайшылықтарды шешпесе де әлсіретуге әрекет ретінде XX ғ. 20-шы жылдарынан басталады. Бұл фазаның басталуы АҚШ-тағы Вестерн Электрик фирмасындағы техникалық қадағалау бөлімінде атқарылған жұмыстардан басталады. 1924 ж. Мамырында бөлім қызметкері доктор Шухарт өз басшысына бүгінгі күні бүкіл әлемге танымалы Шухарттың бақылау карталары атты диаграммаларды салу әдісі жазылған жазбасын берген. Шухарттың ұсынған статистикалық әдістері басқарушыларға бар күшін жарамсыз бұйымдарды тұтынушыларға өткізу кезінде емес? техпроцесте жарамды бұйымдардын шығуын ұлғайтуға жұмсауға мүмкіндік береді.
Сапаны басқару тәжірибесінің тамаша жетістіктерінің бірі сапа аудиті қызметін ойлап табу болды. Оның техникалық қадағалау бөлімдерінен өзгелілігі ол өнім ақаулықтарын табуын айналысқан жоқ, ол бұйымдар партиясының кішігірім ішінара тандаулар арқылы бақылау арқылы өндірісте сапаны басқару жүйесінің жұмысқа қабілетін тексерді.
Бұл фазада сапаны қамтамасыз ету концепцияның негізі: «Негізгі мақсат сақталады - тұтынушы тек қана жарамды бұйым алуы қажет, яғни стандартқа сәйкес бұйымдарды. Жарамсыз бұйымдарды анықтау және алып тастау негізгі әдістердің біреуі ретінде сақталды. Бірақ негізгі күштерді жарамды бұйымдардың шығу пайызын жоғарлатуды қамтамасыз ете отырып өндірістік процестерді басқаруға шоғырлау қажет».
Сапаны қамтамасыз ету концепциясын тәжірибеге еңгізу бұйымның немесе қызметтің жоғары сапасында өндірістің пайдалылығын анағұрлым жоғарлатуға мүмкіндік берді.
Сапа менеджментінің фазасы.
Сапа менеджментінің фазасы 1950 ж. басталады. Негізгі оқиға американдық доктор Эдвардс Деминг Жапон жетекші кәсіпкерлеріне дәріс оқуыы болды. 12 дәріс ішінде Деминг жапондық фирмалардың жүздеген жетекшілеріменг кездесті. Жопонияға шақырылған Деминг, Джозеф М. Джуран және басқа да американдықтармен бағдарлама жасаған. Оның негізгі идеясы: «Өнім сапасының негізі - еңбек сапасы және сапалы менеджмент барлық сатыларда».
Бағдарлама тек қана өндірістік процестерді жаңартуға ғана емес жалпы жүйені жаңартуға негізделген. Тұтынушыларға жарамсыз бұйымдарды жібермеу концепциясы және жарамды бұйымдардың шығуын жоғарылату концепциясы «0 ақаулықтар» концепциясы орын алды.
Деминг, Джуран және Каори Ишикава идеяларын іске асыру арқасында табиғи ресурстарға кедей Жапония әлемдегі бай елдердің бірі болды.
Осы және келесі фазаның дамуына негізгі үлесін қосты:
Кросби - 1964 ж. «0 ақаулықтар» бағдарламасын ұсынды; көп жылдар бойы ITT компаниясының вице президенті, американдық сапаны басқару қоғамының президенті болды, бүкіл әлем бойынша көптеген компаниялардың консультанты, Philips Crosby Associaites консалтингтік фирмасын басқарды.
Деминг - сапаны қамтамасыз етудегі статистикалық әдістері бойынша жетекші мамандардың бірі, 1950 ж. Жапондық ғалымдар және инженерлер одағынан (JUSE) жапондық өнеркәсіпті қалпына келтіру бағдарламасына қатысуға шақыру алған. Ол жерде жапон өнеркәсібінің революциясын тудырған 14 пунктен тұратын сапа менеджментінің бағдарламасын ұсынды. Оның құрметіне 1951 ж. JUSE премиясы тағайындалған.
Фейгенбаум - сапаны жалпы басқару және параллельді инжиниринг принциптерін жасады, 10 жылдан аса General Electric-те жұмыс істеді, кейін өзінің General Systems Company атты консалтингтік компаниясын негіздеді. Бұл фирма сапа менеджменті саласындағы әлемдік кеңес орталықтарының бірі.
Ишикава - «сапа шеңберлерін» ойлап тапты, сапаны басқару концепциясын ойлап тапты. 50 жылдардың басында JUSE бағдарламаларына белсенді қатысты.
Джуран - «сапа триадасы» принципін ойлап тапты, сапа саласында жетекші бизнес-консультанттардың бірі болып табылады.
Дәл осы сапаны қамтамасыз ету фазасында қазіргі түсініктегі сапа менеджменті қалыптасты деп айтса болады. Сапаны жоғарылату және өндіріс пайдасын арттыру арасындағы қарама-қайшылықтар жеңілді - жаңа басқару идеяларын қолдану бір уақытта өндірісте сапаны жоғарылату және шығындарды төмендетуге мүмкіндік берді. Барлық мемлекеттерде тұтынушылар жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді төмен бағаға ала алатын болды - «Тұтыну қоғамы» идеясы іске асырылды.
Сапаны жоспарлау фазасы
Тұтынушылардың сұранысын толық қанағғаттындыру бағытында бұл фаза бастапқы фазаның идеясын жетілдіру ретінде 60 ж. ортасында пайда бола бастаған. Бұл фазаны одан әрі жетілдіру әлемдік тауар және қызмет нарығының дамуына байланысты болып келеді. Өнім нарыққа шыққан кезде бұл өнім тұтынушылар арасында аз сұранысқа ие болуы немесе «балалар ауруы» болуы, бәсекелестерге қарағанда артық болу жағдайға әкеп соғады. Бір жағынан өнімнің сенімділік теориясының дамуы; екінші жағынан өнімді өндіру процесінде есептік техниканы енгізуі болып табылады. Жаңа фазаның негізгі концепциясы:
- Жоба жұмысының сапасы төмендігіне байланысты өндіру стадиясында өнімнің ақаулықтары пайда болуы;
- «0 ақаулық» концепцияның орнына «тұтынушыларды қанағаттандыру» концепциясы орын алуы;
- Тұтынушыға сапасы жоғары, бағасы төмен өнімді жеткізу;
Бұл фазаның идеясы Генити Тагути жұмыстарында және Мицуно доктордың «Тойота және Мицубиси» компанияларының ғылыми өндірулерінде пайдаланылған.
Тагути (Taguchi, Genichi) - Сапаны жоғарылату функциясын және өндірістік эксперименттерді жоспарлау методикасын өндіруді ұсынған.
Сапаны жоспарлау фазасы жаңа формадағы сапа мен өндірістің тиімділігі арасындағы қарама-қайшылықтар негізінде құрылған. Мысалы, тұтынушылардың талабы бойынша өнім және өндіру процессі қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмеуі керек. Қазіргі кезде бұл фаза дамымаған және оның концепциясы әлі құрылмаған.
Сапа менеджменті жүйесі - қоғам мен адамның дамуына негіз болатын әлеуметтік және экономикалық қатынастар, өмір сүрудің деңгейін анықтайтын негізгі жүйелердің бірі. Сапа мәселесі оқымыстылардың, инженерлердің, менеджерлердің көмегінсіз шешілмейді. Сапа рыноктағы басты құрал болып есептеледі.
Өнім сапасы - шартталған немесе болжалды қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін беретін өнім қасиеттері мен сипаттарының жиынтығы. Өнім сапасы оның бәсекеге қабілеттілігіне жетудің негізгі факторы болып табылады. Қалған факторларға өнімнің бағасы, оны нормативті қызмет мерзімі (қолдану) аралығында тұтыну (пайдалану) аясындағы шығындар және өніммен қамтамасыз ету қызметінің сапасы жатады.
Өнім сапасы бәсекеге қабілеттілік факторларының арасында ерекше орынды алады. Мәселен, тауардың тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығын қолдану дәрежесі жағынан “сапа” және “пайдалы әсер” түсініктерін айырған жөн. Сапа - нақты қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың потенциалды қабілеті, ал пайдалы әсер - тауардың нақты қажеттілікті қанағаттандырудың ақиқат (деректі) қабілеті. Тауардың пайдалы әсерінің деректі мәні оның потенциалды қабілетінің 40-70% құрайды, яғни тұтынушылық қасиеттердің 40-70% қолданылады. Іс жүзінде экономикалық тұрғыдан тұтынушылық қасиеттерді 100% қолдану мақсатқа сай келмейді, себебі бұл жағдайда тауардың үйлестірілмеуі және өндіріс шығындарының артуы орын алады. Тұтынушылық қасиеттерді қолданудың экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай деңгейі, мысалы, машина құрылысының өнімдері, 0, 7-0, 9 шегіндегі шама болып табылады.
Өнім сапасының көрсеткіштеріне: міндет; дәйектілік (тоқтаусыздық, ұзақтық, жөндеуге жарамдылық, сақталушылық) ; экологиялық; эргономикалық; технологиялық; келісімділік; стандарттау және үндестіру; патенттік-құқықтық; қолдану қауіпсіздігі; құжаттық сияқты көрсеткіштер топтары жатады.
Өнім сапасы көрсеткіштерінің нақты тізімі мен есебі стратегиялық маркетинг сатысында нормативтерде қалыптасады, техникалық құжаттауда анықталады, өндіру сатысында материяландырылып, пайдалану (қолдану) сатысында іске асырылады (пайдаланылады) . Өнім сапасы көрсеткіштерінің қалыптасуының осы тізбегінің ішіндегі ең жауапты кезеңі болып стратегиялық маркетинг табылады [20] .
Кез келген шаруашылық жағдайында, сонымен қатар қазіргі нарықтық қатынастың даму жағдайларында да өнім сапасының себептері әрқашанда көптеген аспектілерге ие болады. Экономика саласындағы зерттеулер негізінде өнім сапасы философиялық, инженерлі - технологиялық, құқықтық, әлеуметтік, статистикалық және экономикалық тұрғыдан жан - жақты қамтылып, өнім сапасының көпсалалы кибернетикалық, саясаттық, математикалық аспектілері негізінде қарастырылады.
Бәсекеге қабілетсіздік нарық қызметі болып табылмайды деген тұжырымды зерттеулер толығымен анықтады. Нарық макроэкономикалық бәсекеге қабілеттілік негізіне кепіл бермейді. Оның негізі нарық сыртында қалыптасады. Өндіріс бір немесе басқа өнімді бәсекеге қабілетті етпейді, керісінше өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның өндірісін айқындайды.
Қазақстан экономикасы үшін бұл мәселе маңыздылығы және көлеміне байланысты бірінші кезекте. Ендігі кезекте маңызды мәселе оның шешу жолдарын табу.
Оны іске асырудың қайда әкеліп соғатындығын анықтау үшін бағдарламаның өзіндік сандық жобасын қарастыралық. Ең бастысы - экономиканы инновациялық жаңарту, әлеуметтік белсенділікті, өндіріс диверсификациясы мен бәсекеге қаблеттілігінің жоғарылауын базалық есепке кіргізетін экономикалық өсу механизмі. Бірақ макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау мынадай қорытындыға алып келді:
Кесте 1 - 2001-2003 жж ҚР-сының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Кестедегі көрсеткіштер мен алға қойылған мақсаттың екі түрлі екені байқалады. Макроэкономикалық бәсекеге қабілеттіліктің ағымды кезеңдегі кейбір анықтаушы ықпалдарын қарастырайық.
Бәсекеге қабілеттілік, сегментация және өсу құрылымы мәселесінің диагнозы Қазақстан экономикасы өсудің жоғарғы тұрақты қарқынын бес жыл бойы көрсетуде. Бұл кезеңде барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер түбегейлі жақсарды. Оларға: ЖІӨ-дегі орташа жылдық көрсеткіші 6% дан артық. Инфляцияның 10% ға төмендеуі; кәсіпорын мен тұрғындар табысының өсуі; осындай жылдамдықпен инвестиция көлемінің өсуі. Соған қарамастан бұл өсудің бастапқы жылдары ұлттық валютаның құнсыздануы және интенсивті импорттаумен, ал соңғы жылдары шикізат ресурстарының әлемдік нарықтағы маңыздылығы мен сипатталған сапасы мен тұрақтылығы алаңдату туғызады. Бұл байланыста мемлекеттің бәсекеге қабілеттілік мәселесі, бәсекелес артықшылығының қалыптасуы мен өндіріс саясатындағы бәсекеге қабілеттілік әдістерін басқару қабілетінің ықпалдарын талдау өзекті болып табылады.
Егер біз алда экономиканың өсуін қолдайтын болсақ, Қазақстан үшін өндірістің тиімділігі негізінде бәсекеге қабілеттілікті өсіру императив болып табылады. Нақты айтатын болсақ, экономикалық өсу интенсивті ықпалдар негізіне байланысты. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы өсудің тұрақтылығын көрсетті. Өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесінің көрсеткіштері күнделікті артуда: 2003 жылы ол 29, 1%, 2004 жылы 29, 3%, 2005 жылы 29, 8% құрады. Тауарлар экспорты, 2003 жылы 12 926, 7, млрд. АҚШ долл. 2004 жылы 20 096, 2, млрд. АҚШ долл. 2005 жылы 27 849, 0 млрд. АҚШ долл. 2006, жылы 38 250, 3 млрд. АҚШ долл. 2007, жылы 47 755, 3 млрд. АҚШ долларын құрады. (1 кестені қараңыз )
Екіншіден отандық экономикада шикізат бағыты көрсетіледі, шикізатты экспорттаушы өзінің валюталық түсімін сатып, теңгені алады, яғни ол теңгелік сұранысты және басқа да барлық экономикаға деген сұранысты, сатып алушылар сұраныстарын орналастыра отырып қалыптастырады. Басқа салалар «шикізатқа» деген қызығушылықты қанағаттандыру үшін қызмет көрсетеді, сол себепті шикізат секторының рөлі артады. (бұл соңғы жылдары жиі байқалды)
Әлбетте Қазақстандағы қажетті экономикалық өсуді шикізат ресурстарын пайдалану негізінде қамтамасыз ету мүмкін емес. Менің ойымша өндірістің және ауыл шаруашылығының негізгі қаражат көздері болып, еңбек тиімділігінің негізінде артқан қосымша ұлттық табыс табылады. Әлемдік көрсеткіштер бойынша еңбек ресурсы ерте кезден бастап экономикалық өсудің жүргізуші ықпалы болып келеді. Мысалы: АҚШ та 1929 жылы еңбек өнімділігінің және ұлттық табыстың 80%-ы еңбек ету сапасының артуы мен, 20%-ы құрал жабдықтардың жаңаруымен байланысты. 1960-1970 жж адам ықпалы тағыда біршама артты. Ал 1970 ж ортасынан бастап дамыған Батыс елдерінде тейлор-фордист жүйесі еңбек ұйымдарына ауысты. Жаңа жүйе еңбек етуші қызметкерлердің қызметін дамытуға және олардың өндірісті ұйымдастыруға белсенді қатысуына бағытталған. Сонымен қатар өнім сапасының жақсаруының артуын қамтамасыз ететін еңбек төлем механизімін құрастыру жоспарланады.
Ұлттық бәсекеге қаблеттілік - әртарапты түсінік. Бір бірін толықтырып тұратын, тұрақты экономикалық өсуді қамтитын және халықаралық сауда мен ашық қаржылық нарыққа байланысты ғаламдану шартында мемлекет тұрғындарының жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін бірнеше бөлімдерден тұрады. Ресурстарға байланысты бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілікті үш түрлі ресурс ретінде қарастыруға болады: табиғи, еңбек және капитал.
Табиғи ресурстар - бойынша Қазақстан ең бай ел болып табылады. Осыған байланысты онда өте жақсы сауда балансы бар және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігі бар шикізат тауарларын ұсына алады. Экспортта көрсетілген тауарлардың үлкен көлемі ұзақ мерзімге дейін Қазақстанға тән болады. Осыған қарамастан оның өзінің кемшіліктері бар: тұрақсыз әлемдік нарыққа бағыныштылығы және ең басты - инновациялық экономикалық дамуының, тұрғындарының өмір сүру деңгейінің өсуіндегі институтционалдық және құрылымдық өзгерістерінің әлсіреуі. Өндіруші және қайта өңдеуші өндірістерді қарама қайшы қоюға бірден бір себеп жоқ. Барлық өндірістер рентабельді болуы тиіс және әлемдік нарықта өзінің бәсекелестерінің шарттарымен орналастыру. Мұндағы басты шешетін мәселе - бәсекеге қабілеттілігі бар өнімдерді өндірудің көлемін арттыру.
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар қорларының үлкен көлеміне ие. Әлемдік қорлар бойынша Қазақстанда шикі мұнай және табиғи газ өндіру 1 892 440 млн теңге, ауылшаруашылық жерлер - 87, 1 млн гектар, орман ресурстары - 27, 8 млн гектар құрайды. Табиғи капиталдың маңызды көлемі Қазақстанның ұлттық байлығының негізін қалыптастырады және экономикадағы ренталық кірістің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Табиғи ресурстар неоклассикалық үлгідегі экономикалық өсуде шектеулі түрде қарастырылады. Бұл жағдайда жиынтық өндірілген өнім үш компоненттің қосындысын көрсетеді: еңбектен келген кіріс, капитал және табиғи ресурстар басқа да тепе-тең шарттарда жиынтық өнімнің өсуіне, кейде табиғи сектордың өсуі басқа сектордың қысқаруына алып келеді. Мұның себебі, еңбек және капитал ресурстарына байланысты табиғи ресурстар басқа ресурстармен бәсекелеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz