Корпоративті бағалы қағаздар мен қор нарығы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Корпоративті бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен мазмұны . . . 6
1. 1 Экономикалық қатынастар жүйесіндегі бағалы қағаздар нарығының мәні . . . 6
1. 2 Бағалы қағаздардың инвестициялық үдерістегі орны . . . 12
1. 3 Корпоративті бағалы қағаздардың экономиканы дамытудағы қызметі . . . 19
2. Қазақстан Республикасында корпоративті бағалы қағаздардың қызмет ету жағдайын талдау . . . 26
2. 1 Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы рөлін анықтау . . . 26
2. 2 Корпоративті бағалы қағаздар портфелінің ағымдағы жай-күйін талдау . . . 39
3. Қазақстан Республикасы қор нарығын мемлекеттік реттеу және олардың даму жолдары . . . 51
3. 1 Қазақстан Республикасы қор нарығын реттеудің негізгі бағыттары және механизмдері . . . 51
3. 2 Бағалы қағаздарға инвестиция тартудың мәселелері мен жетілдіру жолдары . . . 60
Қорытынды . . . 70
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеліп отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір көкейтесті мәселесі. Бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің “Қазақстан - 2030” бағдарламасынан туындайды, онда: ”Қор нарығын дамытуға жәрдем ету мақсатында ашық акционерлік қоғамдардың ұйымдық - құқықтық нысанында әрекет ететін банктердің акциялары мен басқа да бағалы қағаздарының ұйымдастырылған қор нарығындағы айналысын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олардың баға белгілеуі турақты негізде, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жарияланады, банктердің корпоративтік бағалы қағаздармен жұмыс істеуі кеңейді” делінген.
Бағалы қағаздар нарығы және олардың қызмет ету ерекшеліктері, бағалы қағаздардың түрлері, олардың экономикадағы әр түрлі арналымы, қолдану заңдылығы және олармен жүргізілетін операциялардың мақсатты аспектілері тұрақты түрде зерттеу мен талдауды талап етеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті - бұл меншікті қайта бөлу және оны бір иеленушінің қолында бекіту емес, бұл функцияны нарық жекешелендірудің басталу кезеңінде орындады. Оның мазмұны мен мәні сақтала отырып әртүрлі деректемелерде, авторлармен әрқилы ашылады, бұл құбылыстың күрделілігін және проблеманың жеткіліксіз әзірленгенін көрсетеді.
Қор нарығының тұрақтануы бірқатар қиын кезеңдерді басынан кешірді. Оған 90 жылдардың басында орын алған инфляцияның өсуі, өндіріс ошақтарының тоқтауы, көптеген шаруашылық етуші субъектілердің қор нарығында жұмыс істеу тәжірибесінің болмауы, онда орта топ өкілдерінің аздығы, ішкі өнімді өндірушілер негізінен ірі стратегиялық компаниялардың болуы қор нарығының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отырған қазіргі таңдағы басты себептер болып табылады. Ірі компаниялар қор нарығына белсенді қатысудың орнына құнды қағаздарын бір қолға шоғырландырып, оларды айналымға енгізуден бас тартуда.
Осындай тығырықтан шығу мақсатында еліміз бірқатар реформаларды іске асыруда, олардың ішінде әлемдік тәжірибеге негізделген Алматы өңірлік қаржы орталығын құруды ерекше атап өтуге болады.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Алматы қаласын қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамытуды қолға алу туралы атап өтті [1] . Онда Орталық Азия өңірінің басты қаржы орталығы ретінде Алматының серпінді дамуы Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарын өңірлік үлкен бизнес-жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметін көрсету саласында негізгі “мердігерлерге” айналдыру үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу мақсатына бағытталуға тиіс. Қаржы орталығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымдар, ең алдымен, қатар “Еркін” қаржы-экономикалық аймақтарында ілеспе қызмет көрсету рыногын дамытуға да баса назар аудару керек.
Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық бағыты - экономикалық тиімділікті жеке адамның дамуымен, қоғамымыздағы әлеуметтік жағдайлардың жетілуімен ұштасатын тиімді рыноктық экономиканы тұрақты жетілдіреді. Осы орайда бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және оларды рыноктық қатынастарда мемлекеттік реттеудің маңыздылығын жүзеге асыру негізгі мәселелердің бірі болып, ғылыми тұрғыдан зерттеулерді талап етеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бағалы қағаздар нарығы бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А. А. Галанов, Я. Миркин, Е. Ф. Жуков, М. В. Романовский, Т. С. Селеванова, Б. Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Л. Дж. Гитман, М. Д. Джонк бағалы қағаздар нарығының даму сипатын көрсетті.
Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері де жарияланды. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде В. Д. Ли, В. Д. Мельников, У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б. А. Көшенова, А. А. Ильясов, А. А. Арыстанов, Г. Н. Шалгимбаева, Г. С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Нарықтық экономика жағдайындағы бағалы қағаздардың мәні және оларды әлеуметтік-экономикалық қатынастарда ерекше тауар ретінде сипаттап, қоғамның дамуы үшін корпоративті бағалы қағаздарға инвестициялаудың тиімділігі мен маңыздылығын ашу, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы теориялық жэне практикалық мәселелерді зерттеу қарастырылды.
Жұмыстың мақсаты төмендегідей міндеттерді алға тартты:
- бағалы қағаздардың теориялық даму негіздері мен бағалы қағаздарды өзгеше тауар ретінде көрсету;
- бағалы қағаздардың экономикалық қатынастарда қалыптасуы мен атқаратын қызметтерін айқындау;
- бағалы қағаздар нарығындағы Алматы өңірлік қаржы орталығының рөлі мен тиімділігін айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарға инвестиция тартудың жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні ретінде ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынды.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, Қазақстан қор биржаның мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезеңдегі бағалы қағаздар нарығының жағдайын зерттей отырып, тиімді корпоративті бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер саналады:
- теориялық-әдістемелік және құқықтық зерттеу нәтижесінде бағалы қағаздар нарығының негіздері нақтыланған;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуді талдау арқылы мемлекеттік реттеудің қағидаттары мен ұсыныстары негізделген;
- Бағалы қағаздар нарығының қазіргі таңдағы даму тенденциялары мен оған әсер ететін факторлар ашылып көрсетілген;
Қорғауға шығарылған негізгі ұсыныстар:
- «Бағалы қағаздар нарығы», «корпоративті бағалы қағаздардың қызметтері» атты түсініктерге авторлық анықтама беру;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуді жүргізудің қағидаттары;
- Бағалы қағаздар нарығы құрылымының ынталандыру факторларын анықтау;
- Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жүйесін өзгертудің қадамдары;
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік мәні зерттелген мәселенің кейбір теориялық тұстары кейбір материалдары жоғарғы оқу орындарында «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржы нарықтары мен делдалдар» сияқты пәндерде пайдалануға болады.
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша 2 ғылыми мақала жазылып, басылымдарда жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Корпоративті бағалы қағаздардың экономикалық мәні мен мазмұны1. 1 Экономикалық қатынастар жүйесіндегі бағалы қағаздар нарығының мәні
Бағалы қағаздардың пайда болуы мен оларды қолданудың кеңеюі бірте-бірте қозғалыс механизмін қалыптастырды. Кез-келген тауар секілді бағалы қағаздар еркін айналыста болатын өзінің тұрақты аумағын, нарықтық қатынастар жүйесінде ерекше орнын иеленуі қажет[2] . Бұл бағалы қағаз нарығын - біртұтас жоғары деңгейі және аяқталған технологиялық айналымы бар күрделі ұйымдастырушы-экономикалық жүйе екендігін білдіреді. Олай болса, бағалы қағаздар өзіндік ерекшелігі бар тауар. Сәйкесінше, бағалы қағаз нарығы барлық (тауарлы, ақшалай және басқалары) нарықтардан ерекше айналыста жүретін сипаттағы тауарымен айрықшаланады. Бұл нарық қатысушыларының құрамын, олардың мекен-жайын, қызмет ету тәртібі мен реттеу ережелерін және т. б. анықтайды.
Кейбір батыс экономистері қаржы нарығының экономикалық табиғатын анықтауды олардың орындайтын мақсатты мәнінің функцияларынан шығарады. Дж. Ван Хорн мынаны атап өтті: «Қаржы нарығының мәні - соңғы тұтынушылар арасында жинақты тиімді бөлу» [3] . Шын мәнінде экономика қаржы нарығынсыз-ақ өркендеуі мүмкін шығар, егер де кілең сол бір шаруашылық субъектілер оны дамыту үшін қаражаттарды жинақтап, капиталды жұмылдырса. Дегенмен, қазіргі заман шаруашылығында көбінесе капиталды мобилизациялаумен айналысатын нарық субъектілері, инвестиция үшін жинақтауға қарағанда нақты активтерге көп қаражаттар қолданады.
Басқа жағынан қарағанда, үй шаруашылықтары тұтыну мақсаттарына шығындауға қарағанда көп құралдарды жинақтайды. Осыған сәйкес, ұсынылатын инвестициялар мен жинақтардың көлемі арасындағы алшақтық жоғарлаған сайын, ақырғы тұтынушылар арасындағы жинақтарды үлестіру үшін қаржы нарығының тиімді қызмет ету тиімділігі өзекті болады. Соңғы инвестор мен соңғы ақша қаражат иесі мүдделерінің келісімге түсуі нақ осы қаржы нарығында, минималды шығын мен оптималды тәсіл арқылы жүргізіледі.
Л. Дж. Гитман мен М. Д. Джонктың «Инвестициялау негіздері» атты еңбегінде қаржы нарықтары «қаржы ресурстарын ұсынушылар мен келісім бекіту үшін оларды іздейтіндерді, ережеге сәйкес қор биржалары секілді делдалдардың көмегімен біріктіретін механизм» түрінде анықталады [4] . Авторлар қаржы нарығының бірнеше түрлері бар екендігін ескереді: акциялар нарығы, облигациялар нарығы, опциондар нарығы. Олар қаржы нарықтарының жалпы ерекшелігін айырды: қаржы құралдарының бағасы кез-келген уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесінде тұрады. Табыстылық, инфляция, әлемдегі жаңалықтар және т. б. туралы жаңа ақпараттар айқын болған сайын сұраныс пен ұсыныс өзгерісі жаңа тепе-теңдіктің қалыптасуына алып келеді.
Бағалы қағаз нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаз нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез-келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез-келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келегн мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттік инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өмірщең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережемен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
90-шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдіруде нарықтық қатынастарды одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капитал да, заттай капиталға да меншік құқығын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік иелері - халықтың меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып олар да экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттегі жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігін алу және жеке меншіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру үдерісін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіншілігін ашты.
Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктен алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруымен шұғылданады.
Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісім-шартты бекітіп барып қана бере аласың. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта қаржы тәуекелдерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін бос бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни, базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарлағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелімі бағалы қағаз түрлерінің жіктеліміне ұқсайды және былайша ажыратылады:
- Халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- Ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- Нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т. б. ) ;
- Мемлекеттік және корпорациялық бағалы қағаздар нарығы;
- Бастапқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды дамытуда бағалы қағаздарды төмендегідей категорияларға бөлуге болады:
- Негізгі бағалы кағаз. Оның негізгісі белгілі бip активке, тауарға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға мүліктік кұқұық болып саналады.
- Туынды бағалы қағаз. Бұл қандай да бip базистік активке бағалы қағаз: базистік активтің бағаларына, пайыздық мөлшерлер (қойылым), көрсеткіштер (индекстер) . Базистік активтерге тауарлар (мунай, алтын, бидай) жатады, негізгі бағалы қағаздар акциялар, облигациялар және т. б туынды бағалы кағаздарға фьючерстік келісім-шарттар (тауарлык, валюталық, пайыздық, көрсеткіштер) варранттар, құқық және еркін айналатын опциондар жатады.
- Үлестік бағалы қағаздар. Кәсіпорынды басқаруға қатысуға және пайданың бip бөлікке ие болуға құқық алып, иесінің жарғылық қорға қатысканын растап, кәсіпорын жойылғаннан кейін белгіленген мүлікке иелігін керсетеді.
- Қарыздық бағалы кағаз. Белгіленген мерзімде белгілі бip пайызды төлеуге міндеттелген эмитенттер мен инвесторлардың арасындағы қарыздық катынастарды көрсетеді. Карыздық бағалы қағаздарға облигациялар, ипотекалық куәліктер, қазынашылдық міндеттемелер, ҚР Ұлттык банктің ноталары жатады [14] .
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция [5] . Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
- мақсатты - нарықтық бағанықалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т. б. қамтамасыз етеді.
- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылар туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т. б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдітерін сақтандыратын функция.
Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақ ақшаларын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақшалай қаражаттарды шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Ал, баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерлік және опциондық келісім-шарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:
- алғашқы және қайталамалы;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- дәстүрлі және компьютерлендірілген;
- кассалық және мерзімді нарықтар;
Қaзipгi уакыттағы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері төмендегідей болып табылатын белгілі құрылымдарды иеленеді:
- эмитенттер, яғни әртүрлі түрдегі бағалы қағаздарды шығаратын шаруашылық субъектілер;
- инвесторлар, яғни уакытша бос ақша қаражатын иеленуші және осы қаражаттарды өтімді және де жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздарға салуға мудделі жеке және заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операцияларының іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносоменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал, олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралығында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар.
Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады.
- Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айрылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т. б. ) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.
- Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын қаржылық институттары ( коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т. б. ) . Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.
- Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішіндегі венчурлық бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.
- Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олар қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:
а) Заңды тұлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын білктілік талабы. Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz