Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу»
Орындаған
4 курс студенті Гулшат
Ғылыми жетекші
э. ғ. д., профессор К. С. Мұхтарова
Норма бақылаушы
оқытушы А. Ғ. Жұмағазиева
Кафедра меңгерушісімен
қорғауға жіберілді,
э. ғ. д., профессор К. Е. Кубаев
АЛМАТЫ, 2013
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні - біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» - деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады [1] . Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты - аймақтардың әлеуметтік -экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтың экономикалық, әлеуметтік дамуындағы басқару органдарының реттеушілік рөлін айқындау және олардың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы аймақтардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық саясаттың рөлін анықтау;
- аймақтық саясатты жүзеге асырудағы аймақтық басқару органдарының орнын айқындау;
- Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының даму беталысын сипаттау;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басқару органдарының реттеушілік рөлін жетілдіру бағыттарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде экономикалық-әлеуметтік дамудағы аймақтық басқарудың астары, аймақтық саясатты жүзеге асыру құралы ретіндегі басқару мәселелері қарастырылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық жағдайына талдау жасалынып, соның негізінде аймақтық басқару органдарының қызметіне сипаттама берілген.
Үшінші бөлімде аймақтық басқару органдарының реттеушілік рөлін жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары ұсынылды.
Дипломдық жұмысының қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жазылды.
1 АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Аймақтардың ерекшеліктері, даму алғышарттары және олардың дамуын мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды. Тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін өзекті проблемалардың бірі. Аймақтың дамуын реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республиканың экономикасын жақсартуды қамтамсыз ету.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруді және жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi [2] .
Аймақтар мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, аймақтық және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.
Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету - мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және тағы басқа аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанменен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық [3] .
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
• ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
• тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремалды) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
• экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;
• осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
• қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
• шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификацияланған) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б [4] .
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи -климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету) ; артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т. б. болып табылады
Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтандыру процессі өндірістік, әлеуметтік, ресурстық және саяси факторлар жүйелерінің әсерімен қалыптасады. Төменде соның біразын қарастырып өтейік.
- Аймақты қалыптастыру факторы ретінде өндірістік қатынастар ең алдымен, ауданның өндірістік күштерін ұйымдастыру нысандары мен деңгейіне және оның шаруашылықтық мамандануына әсер етеді.
- Аймақты қалыптастырудың маңызды элементінің бірі территориялық еңбек бөлінісі. Оның екі жағы бар: шаруашылықтың мамандануы және мамандандырылған территориялар арасындағы экономикалық байланыстың даму деңгейі.
- Аймақты қалыптастыру факторларының тағы бірі ретінде еңбек ресурстарының орналасуын атап өтуге де болады. Себебі, табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар нақты территорияның шаруашылықтық мамандануының бағытын және өндірістік күштердің даму деңгейін анықтайды.
- Аймақты қалыптастыру процесіне ұлттық фактор, елдің дамуының белгілі бір сатысына тән әлеуметтік - саяси жағдайлар, сонымен қатар, территориялардың көлікпен қамтамасыз етілуі, елдің және оның әрбір бөліктерінің геосаяси жағдайы жатқызылады [5] .
Қоғамның дамуындағы аймақты қалыптастырушы факторларға талдау жасаудың нәтижесі, олардың тарихи сатыға байланысты өзгеретінін көрсетеді. Аймақтардың қалыптасуына адам еңбегінің заттануы елеулі әсер етеді. Аймақты қалыптастыру мәселелерін шешу барысында объект ретінде көбінесе «өндірістік күштер» қарастырылады. Яғни, аймақтарды қалыптастыру процесі оны жүргізудің негізгі тәсілдерінің мәнін сақтап отырғанда ғана, динамикалық сипатқа ие болады.
Қазақстан экономикасын аймақтандыру процесін қайта қалыптастырудың маңызды екені сөзсіз. Оның негізінде фундаменталды фактор, соның ішінде экономикалық әлуеттің деңгейі, аймақтық экономиканың өсуге, нарық өзгерістерін қабылдауға қабілеттілігі және шын мәніндегі көрінісі мен бейімделуі жатыр. Келесі 1-кестеден біз Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық әлуеті бойынша айырмашылықтарын көре аламыз.
Аймақтар су ресурстарымен қамтамасыз етілуі бойынша ажыратылады (Қызылорда (максимум) мен Маңғыстау (минимум) облыстарының арасындағы айырмашылық 64 есе) .
Кесте 1.
Қазақстан аймақтарын экономикалық әлует деңгейі бойынша топтастыру [6]
(баллмен есептегенде)
Экономикалық әлует деңгейін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі: жан басына шаққандағы әр жылдың суды пайдалануы куб. м. ; га сапасы бойынша ауыл шаруашылық жерлерін сәйкес аудандар; өнеркәсіптік өнімдер көлемі теңгемен; негізгі өндірістік қорлар теңгемен есептегенде; капиталды салымдардың көлемі теңгемен; Жалпы қосымша құн теңгемен; шаруашылықтың барлық салаларында электр энергиясын пайдалану, квт; халық тығыздығы - бірінші орынды жоғары көрсеткіштері бар аймақтар кв. км/адам. Капиталды салымдардың көлемі (Атырау облысында максималды шама, минималды шама Алматы облысы, айырмашылық 27 есе), өндірістік өнімдердің өндірілуі және негізгі өндірістік қордың қолма қолдылығы (сәйкес айырмашылық 13, 5 және 12, 3, екі жағдайда да максималдық шама Атырау, ал минимум шама Алматы облысы) .
Бірінші кестені талдау келесі қортындыларды жасауға мүмкіндік береді: Қазақстанның ең ірі экономикалық әлует Қарағанды, Павлодар, Шығыс -Қазақстан облыстары және Алматы қаласында шоғырланған. Бұл жерлерде таза өнімнің ең көп көлемі жасалады. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай және Шығыс - Қазақстан облыстары өз орнын жоғалтты, өйткені бұрынғы Кеңестер одағы территориясында ортақ экономикалық өндірістің тез құлдырауымен байланысты. Осы облыстарда жалпы өндірістік кешеннің жинақталуы, «Испат-Кармет» Акционерлік Қоғамның және Магнитогорск металлургия комбинатының (Ресей) руданы пайдалануының төмендеуі, Жан басына шаққандағы жалпы қосымша құнды өндірудің төменгі тобындағы ең соңғы орынды Оңтүстік-Қазақстан алады.
1. 2 Аймақтық саясат аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыты ретінде
Әлемнің барлық елдерінде географиялық орнының, табиғи-климаттық жағдайлардың, демографиялық жағдайдың, даму тарихының, т. б. факторлардың әр түрлілігіне байланысты аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі әр түрлі. Бұл көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды туғызады. Олардың ішіндегі негізгі проблемалардың бірі - аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейінің әр түрлі болуы. Сондықтан әр мемлекет аймақтардағы өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында аймақтық саясатты жүзеге асырады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Кеңестік дәуірде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру үшін артта қалған аймақтарға дотация бөлінетін. Бұл материалды немесе материалды емес өндіріс салаларын дамытуға жинақталған орталықтандырылған ақша қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын. Қаражат салыстырмалы түрде бай аймақтардың ресурстары есебінен қалыптастырылып, биліктің әр деңгейіндегі сәйкес бюджетте бөлінді.
Қайта бөлудің бұл механизмі артта қалған аймақтарды дамытуда оң роль ойнағанымен, ол сол аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру саясатын жүргізуге мүмкіндік бермеді. Бұл өз кезегінде осы аймақтардың орталыққа тәуелділігін күшейтті.
Кеңес дәуірінде де, нарықтық реформаларды жүргізу кезінде де аймақтық саясат ұғымы аймақтарды дамытуға бағытталған барлық іс-шараларды қамтыды. Сәйкесінше аймақтарда болған барлық өзгерістер, сонымен қатар, аймақаралық экономикалық қатынастар аймақтық саясат нәтижесі болып табылады. Аймақтық саясат ұғымын түсінудегі бұл қателік ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 9-қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген Концепцияда да түзетілмеді, осы орайда жаңа аймақтық саясаттың қажеттілігі туындады [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz