Қазақстан Республикасының банк жүйесі: қазіргі жағдайы және даму перспективасы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 5

БӨЛІМ 1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 8

1. 1. Қазақстанда банктік істі дамыту кезеңдері мен қалыптастыру негіздері . . . 8

1. 2. Ұлттық банк: мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы . . . 13

1. 3. Коммерциялық банктер - банктік жүйенің негізгі құрамдас бөлігі . . . 22

БӨЛІМ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . . 30

2. 1. Екінші деңгейдегі банктер жүйесіндегі «ЦентрКредит Банкі» және оның мнездемесі . . . 30

2. 2. Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына талдау. 47

2. 3 Банктік секторды реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдық қызметін бағалау . . . 62

БӨЛІМ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 72

3. 1 Қазақстан Республикасы банктік жүйесін жетілдірудің кейбір жолдары. 72

3. 2 Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) және Қазақстанның банктік жүйесі . . . 76

ҚОРТЫНДЫ . . . 82

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 84

ҚОСЫМШАЛАР . . . 86

КІРІСПЕ

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының дамуы тарихи қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Бүгін, тауарлық және қаржылық нарықтардың дамуы жағдайында банктік жүйенің құрылымы бірден қиындай түседі. Қазіргі кезде жаңа қаржылық бөлімшелердің түрлері, жаңа несиелік құралдар мен клиенттерге қызмет ету әдістері пайда болды.

Шетелде банктік қызметтің тәжірибесі Қазақстанда жәнен ТМД-ның басқа елдерінде қалыптасып отырған жаңа шаруашылық жүйелердің үшін үдкен қызығушылықты көрсетеді. Жоғары монополиялы әкімшілдік-басқарушылық мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық сәттілікке, пайда алуға бағытталған несиелік бөлімшелердің жүйесі жеке ұжымдық меншікке негізделген қарқынды, икемді құрылымына өту жүргізіліп жатыр. Капиталдық нарықта тиімді жұмыс істейтін механизмін, коммерциялық құрылымда қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, несиелік жүйенің институционалдық құрылымының оптималды формаларын іздестіру жүргізіліп жатыр. Тұрақты, икемді және тиімді банктік инфрақұрылымды құру - Қазақстанда экономикалық реформалаудың маңызды тапсырмаларының бірі. Тапсырманың қиындатылуының негізгі себебі мынада: «акционерлік қоғам» статусын бере отырып, банктің атын өзгерту арқылы жаңа несиелік институттардың құрылуы туралы жариялау жеткіліксіз. Банктік сектордың ішіндегі қатынастардың барлық жүйесін, басқару мінездемесін және Ұлттық банк жағынан бақылаудың, банктер мен олардың клиенттері арасындағы өзара қатынастардың принциптерін, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуының және т. б. түбегейлі өзгеруі керек.

Жаңа нарықты құру - біздің қоғамымыздың дамуындағы толық қанды жаңа кезең. Жаңа механизмді құру өркениетті әлемде қабыдданған несиелік бөлімшелердің қызмет етуінің жоғалған рационалды принциптерін қайта қалпына келтіру жолымен және көп ғасырды нарықтық қаржылық құрылымдарға сүйене отырып мүмкін болады. Сондықтанда шетелдік тәжірибені оқып-үйрену, ақша, ресурстар, несиелеу мен есеп айырысулардың тәсілдері мен формаларын қолдану мәні өте маңызды болып табылады.

Соңғы он жылдағы біздің мемлекетіміздің дамуы тәуелсіздік алу, елдің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі, жаңа мемлекеттік құрылымның біртіндеп дамуы мен нығаюы, экономиканың әлеуметтік және экономикалық сфераларындағы жүргізіліп жатқан реформалаы сияқты негізгі оқиғалармен мінезделеді. Осы кезде қаржылық сферадағы радикалды қайта құруды ерекше атап көрсетуге болады. Әсіресе экономиканың банктік секторындағы. Бантік жүйе неғұрлым икемді және экономиканың индикаторлық ролін атқаратын сектор болуы керек.

Осы дипломдық жұмыста банктік жүйенің теориялық сұрақтары мен даму тенденциялары қарастырылады, ол қазіргі уақытта елдің қаржылық секторының ең үлкен және реформаланған секторы болып табылады. Атап көрсету керек, мұндағы негізгі мүмкіндік елдің орталық банкі - Ұлттық банкке беріледі. Банктік реттеудің әлемдік тәжірибесін анықтау, республикада неғұрлым тиімді, өткізілімді классикалық инструменттері оқып-үйрену мен таңдау қазргі уақытта неғұрлым өзекті мәселе болып табылады. Республикада банктік жүйенің теориялары мен тәжірибесін толығымен жасалған кезде жүйелік тәсіл жеткіліксіз қолданылады, талдау көрсеткіштер жүйесі негізінде жүргізілмейді, негізінен депозиттердің, несиелер, бағалы қағаздар, кірістер мен шығыстар өсуінің динамикасын, баланстағы нақты өзгерістерді ғана көрсетіп қояды. Сондықтанда банктік жүйе дамуы нәтижелерін тиімділігін жан-жақты бейнелейтін банктік жүйенің қызмет етуіне жүйелік тәсілді құру қажет.

Барлық қазақстандық экономика дамуының приоритетті бағыттарының бірі ретінде банктік сектордың жетілдіруін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банк қойылған тапсырмаларды шешу кезінде заң шығару билігі, банктік және барлық іскерлік ынтымақтастық жағынан қолдауды есептеп отыр. Банктік қызметті, банктік бақылау мен ішкі аудитты реттеу жүйесін жетілдірудің негізгі принцинтері олардың әдіснамалары мен ұйымдастыруларына халықаралық мойындалған тәсілдерді толық көлемде енгізу болып табылады. Бұл қазіргі қызмет етіп отырған заңдарға өзгертулер мен толықтыруларенгізуді, сонымен қатар оны қолдану тәжірибесін жақсартуды қажет етеді. Банктік қадағалау сұрақтарымен қатар банктік істегі құқықтық тәртіпті нығайту тапсырмалары валюталық операцияларға бақылау, банктік сферада салықтық және монополияға қарсы заңданамаларды сақтау, заңсыз жолмен алынған табыстарды аударып жіберумен күрес сияқты мәселелермен байланысты. Осы бағыттар бойынша заңданамалық және құқық қолданушылық тәжірибені жетілдіру сондай-ақ шетелдік тәжірибені қолданумен жүргізілу керек.

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, менің курстық жұмысымның мақсаты банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру болып табылады.

БӨЛІМ 1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Қазақстанда банктік істі дамыту кезеңдері мен қалыптастыру негіздері

Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

«Банк» деген ұғым италиан сөзі «bank» - орындық, «айырбас орындығы - айырбас орны» дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VIII-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римда зәулім ғимараттар салған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз туді банктер өзіне алды.

Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

Банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.

  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
  2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
  3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
  4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттерін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
  5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
  6. Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Ол - елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары денгейіндегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық инновациялық, ипотекалық және т. с. сс банктер. Коммерциялық банктер клиентттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жұйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.

Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1917 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарады: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343) .

Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен таңылды. Ол қарыз жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл-шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 жылы1 сәір қарсаңынды КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426- несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424- ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.

1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемелекеттік-капиталистік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды.

Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиеліккооепацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жж. Құрылған басқа да банктерге көшеді.

КСРО-да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жүмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.

Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі- өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 ж. оның кызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұымдастырылған.

Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресйлік коперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтерімен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.

Коммуналдық және түрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 ж. таратылды да оның оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.

Барлық салалық банктерсаланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімдінесиелендіру шоғырландырды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.

Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды.

Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шағырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соныңішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айрысу операцияларын жүргізді.

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. Жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп құрылыс және Түрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалықжәне несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

КСРО Өнерәсіп-құрылыс банкіне (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк - шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға - КСРО Агроөнеркәсіп банкі; әлеуметтік аямен және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына - КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік банкі; халыққа қызметті - КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО Сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.

Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер жіне облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала денгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына прицип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, ода мамандандырылған банктердің осыауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды. Мамандандырылған банктердіңтөменгі буыны (Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейіне ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпрындаррына қызмет көрсетулеріне тура келді.

Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банке тасқындай құйылуымен күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болды.

КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылған ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыррқы сауда ) монополияға ие болды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпрындардың өмірщеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.

Жалпы алғанда банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады.

70-жыл бойы КСРО-наң банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қзметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.

Өз тәуелсіздігін алғаннанкейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, «Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Түран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Респуликасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және т. б. коммерциялық банктер құрылды.

1. 2. Ұлттық банк: мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Банктік қызметтер теориясының аспектілері
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Ипотекалық несиенің мәні, қағидалары және оның құрылымы
Қазақстандағы несие нарығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің талдауы
ҚР қаржы нарығы
Коммерциялық банктің операциялары
Несие операцияларының түрлері және олардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz