«АТФБанк» АҚ банкі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мен Ескулиев Улан өндірістік іс-тәжірибемді (практикамды) «АТФБанк» АҚ банкісінде өттім. Өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, банк қызметінің түрлері туралы материалдар жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибем біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.

Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты - банк қызметі туралы теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізуге көмектесу.

Тәжірибе барысында келесі міндеттер қойылды:

  • банк қызметінің түрлерін және оны жүргізу принциптерін меңгерулері керек:
  • клиенттерге қызмет көрсету және касса операцияларын жүргізу бойынша банктік шоттар келісімдерін дайындау, рәсімдеу және оның атқарылуын;
  • әр түрлі несиелік мәмілелерді рәсімдеу және шаруашылық субъектілерін несиелендіруді жүзеге асыруды;
  • клиенттердің шаруашылық-қаржы жағдайын талдау және оның қорытындысын рәсімдеп тұжырымдауды;
  • тұрғындарды несиелеу тәртібін рәсімдеуді;
  • шетел валютасы және бағалы қағаздар операцияларын жүргізуді;
  • төлем карточкалар бойынша құжаттама және оларды рәсімдеуді;
  • банкаралық есепті рәсімдеужәне жүргізуді;
  • заңды және жеке тұлғаларға салымдарын сақтауға қабылдау;
  • саудалық және саудасыз валюта операциясын жүргізу;
  • клиенттермен трасталық, аманаттылық және басқа операцияларды рәсімдеу;
  • банк қызметіне экономикалық талдау жүргізу;
  • бухгалтерлік, статистикалық және қаржылық есептеме құрастыру;
  • компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысын бекіту

Сонымен осы өндірістік іс-тәжірибеден мен кәсіби ілімдерді тереңдету және банк ісіндегі болашақ мамандардың қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, және өзімнің білім сапасын көтеру мақсатындағы дайындық жасадым .

1. ІІ-деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыру

1. 1. Банк қызметінің ұйымдастырылуымен және оның құрылымымен танысу

«АТФБанк» Акционерлік қоғамы 1992 жыл 26 наурызда негізі салынған. Бас офисі Алматы қаласында орналасқан . «АТФБанк» Акционерлік қоғамының 21 бөлім банкі есептелінеді және 100 сату орны бар және көптеген ірі қалаларда өз қызметтерің атқарып жатыр.

2009 жылы сату жоспары бойынша Қазақстан Республикасында әлемдік дағдарыс салдарынан кейбір маңызды өзгерістер пайда болды. Осы салдардың нәтижесінде банк өз банктік депозиттерін және несие өнімдерінің санын қысқартты және сапасын жақсартты және ҚР Ұлттық банкінің барлық замандас талаптарының сақталуын қамтасыздандырып, АФН және депозиттердің кепілдік беру қорының міндеттерін сақтады. Сонымен қатар, АТФБанк инновациялық технологиялар негізінде және дамыту сервисімен қатар интернет, sms - банкингі, сонымен қатар карточка өнімдерін дамытты.

«АТФБанк» АҚ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңға сәйкес мынадай операцияларды орындай алады:

  • ақылы негізгі депозиттерді тарту;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру т. б.
  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
  • қолма - қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметтер;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметті көрсету;

заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, оларға шоттар ашу және жүргізу;

  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;
  • аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
  • есептеу ( дискант ) операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу;
  • қарыз беру операциялары: төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға ақшалай несие беру,
  • сенім ( траст ) операциялары: сенім білдірген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен тазартылған бағалы металдарды және бағалы қағаздарды басқару;
  • клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай - ақ, олардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
  • сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй - жайларды жалға берумен қоса, клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттары мен құнды заттарын сақтау жөніндегі қызметтер;
  • ломбард операциялары: депозиттелген ( сақтауға салынған ) оңай сатылатын бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несие беру;
  • төлем карточкаларын, чек кітапшаларын шығару;
  • шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
  • төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
  • бағалы қағаз нарығындағы клирингтік қызмет;
  • факторинг ( сауда - саттық ) операциялары: тауарларды сатып алушылардан тәуекел етіп төлемсіз қабылдап, төлемді талап ету құқығына ие болу;
  • форфейтинг операциялары (форфейтингтеу) : тауарларды (қызмет көрсетуді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналып түснейтін жолмен вексель (тратта) сатып алу арқылы төлеу;

Басқарма дегеніміз - бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.

Басқарманың басты қызметі мен өкілеттіктері:

  • акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • бизнес-стратегияларды іске асыру;
  • аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау;
  • акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне кірмейтін басқа да мәселелер.

«АТФБанк» АҚ басқармасының мүшелері - Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар. Басшылықтың жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігі арқасында банк алдыңғы қатарлардан табылып, жоғары рейтингілерге ие болып жүр. Басқарма мүшелері әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген.

«АТФБанк» АҚ-ның қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай - ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарызды қарыз алушыға ұсынады.

Депозиттік акциялар басқармасы - банктің өз капиталымен тартылған қаражатын талдаумен және есептеумен шұғылданып, негізінен мына қызметтерді атқарады:

  • банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір депонент ( ақша салушы ) бойынша есептеу;
  • қаражатты депозитке салу үшін шарт жасау;
  • тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның балансының өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау;
  • банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру;

Қор ( фондовой ) бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді. Олар:

  • банктің қаржысын, қаражатты есептеу, оларды талдау және даму динамикасын есептеу;
  • банкке қарайтын бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын, сонымен бірге клиенттердің де тапсырылуымен дәл осындай операцияларды жүргізеді;

Клиенттерге есептеу - кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу - кассалық, басқармасы құрылады. Оның негізгі қызметтері:

  • шарттарды ашу және есептерді жүргізу;
  • кассалық операцияларды өткізу;

Банктің есеп айырысу - касса бөлімі ( жинақ кассасы ) - банктің Ұлттық банк берген келісімі бойынша құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын филиалды не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын аймақтық оқшау бөлімшесі.

Есеп айырысу -кассалық бөлімінің құрылымы франт-офис және бэк офистен тұрады. Франт-офис-банктің клиентерімен серіктестік келісім шарт құратын бөлім, ал бэк-офис -орындалған операцияны тіркейтін бөлім. Есеп айырысу - кассалық бөлімінде бухгалтерлік есептің жүргізілуі негізгі болып табылады. Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролін көтермей экономиканы дамыту мүмкін емес.

Талдау және статистика басқармасы (бөлімі) төмендегідей жұмыстарды орындайды:

  • статистикалық хабарларды жинақтау және талдау;
  • клиенттерге хабарлама - анық шама қызметтерін көрсету;
  • банктің қызметі туралы есепті жоспардың жобасын дайындау;
  • банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;
  • эксперттік зерттеуді, банкті бағалауды дайындау және орындау;

Кадрлар бөлімі:

  • қызметкердің санын және оларды қолдануды жоспарлайды;
  • кадрлардың мамандығын көтеруді және оқытуды ұйымдастыру;
  • еңбекақы қорын басқарады;
  • қызметкерлерді таңдаумен және орналастырумен шұғылданады;

Әкімшілік - шаруашылық бөлімі банктің ғимаратын, құрал - жабдықтарын салумен, жоспарлаумен, сатып алумен, жөндеумен және сатумен айналысады.

Электронды - еceптегіш машиналар бөлімімен бірлесіп электрондық жүйені қосу, банктің мекемелерін электронды - есептегіш машиналар және оргтехникамен қамтамасыз етумен, сондай - ақ архив ісімен шұғылданады.

Заң бөлімі:

  • нормативтік құжаттарды дайындап, банктің жарғысына өзгерістер енгізеді;
  • жарғылық шарттардың орындалуын және банктік мәмілелердің дұрыс дайындалуын бақылайды;
  • шарттарды, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады;
  • банктің сот және әкімшілік мекемелеріндегі барлық ісін жүргізеді;
  • талап арыздарды, пікірлерді, шығындарды және басқа әртүрлі актілерді толтырады;
  • банкте туындаған барлық құқықтық мәселелер бойынша қорытынды жасайды;

Тексеру бөлімі банктің және оның филиалдарының жұмысының банктің кеңесі бекіткен ережелерге, нормаларға сәйкес болуын тексереді.

Электронды - есептегіш машиналарды енгізу және қолдану бөлімі:

  • банктің компьютерлік жүйесін ұйымдастырады;
  • есеп айырысу мен төлемнің электрондық орындалуын қамтамасыз етеді;
  • банктің басқармалары мен бөлімдері үшін бағдарлама дайындайды;
  • банкті электронды - есептегіш техникамен жабдықтаудың акғымдағы және болашақтағы бағдарламасын жасайды;
  • әкімшілік бөліммен бірігіп осы бағдарламаны жүзеге асырады;

«АТФБанк» АҚ-ның ең басты қызметтерінің бірі - өзінің филиалдары мен өкілдіктерін басқару. Банктің филиалы заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банктің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттілік шегінде әрекет ететін банк бөлімшесі. Оның банкпен біріңғай балансы, сондай - ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

Банк өкілдігі заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлімшесі.

Аталған банк мекемелерінің статусына байланысты ( филиал, өкілдік, жинақ кассасы ) олардың қызметі және оларды басқару формасы да әр түрлі болады.

«АТФБанк» АҚ-ның филиалдары кейбір банктік операцияларды орындамайды. Мысалы, кореспондент банктер мен операциялар, халықаралық операциялар, инвестициялық және басқа операциялар.

«АТФБанк» АҚ-ның филиалдары басқару қызметіне төмендегілер кіреді:

  • қызметін басқару;
  • несие саясатын және несие операцияларын жүргізуінің дұрыстығын бақылау;
  • банк жұмыстарының тиімділігін арттыратын жұмыстың жаңа әдістерін енгізуге көмектесу;

1. 2 Еңбек құқығы

«АТФБанк» АҚ өз қызметкерлерімен жазбаша нысан ретінде жеке еңбек шарты (контракт) жасайды Банктегі еңбек шарты ол екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырп, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

«АТФБанк» АҚ қызметкер алдында:

1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;

2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;

3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.

3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында:

1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін;

2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған мідеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген қүжат еңбек келісімінің де өзіндік қүрылымы мен мазмүны, росімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жүмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмүны, еңбекақы мөлшері, жүмыс жағдайы т. б. ) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға үйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жүмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан түрады:

1) құжат аты;

2) келісімнің жасалған орны мен күні;

3) екі жақтың толық жоне шартты атауы;

4) жүмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;

5) келісім типі (негізгі жүмыс олде қосымша істелетін жүмыс) ;

6) келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде үзақ уақытқа ма) ;

7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін) ;

8) сынау мерзімі;

9) жұмысшының міндеттері;

10) еңбек жағдайы, еңбекақьт төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жүмыс беруші міндеттері; 11) жүмысшының еңбек қүқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлүмат;

12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы молімет;

13) ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы молімет;

14) демалыс алу тортібі мен оның мерзімі туралы молімет;

15) келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;

16) келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бүзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін) ;

17) келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;

18) екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;

19) екі жақтың қойылатын қолы (сиғнатура) ;

20) шартқа қол қойылған күн;

21) келісім қосымшасы (егер бар болса) .

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік қүжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

1. 3 Іскерлік қарым-қатынас этикасы.

«АТФБанк» АҚ банкте менеджерлер өз борышын адал, әділ және қадір - қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез - келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс.

Банк қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге алған кез келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға және сыйламауға міндетті.

Банк қызметкерлер өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті, алайда, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек.

Ол қызметік борышын орындаудағы билікті пайдаланумен байланысты. Әрине атқарушы билікті асыра пайдалану жағдайларының барлығында мемлекет жауапты болады.

Өкімдерді беру құзыретінің нақты шектері болуы тиіс. Бұл бастыққа қандай әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін полиция қызметкерінің жауапты болатындығын анықтау үшін қажет.

Өз міндеттерін орындауда банк қызметкері заңды тұрғыда қажет және рұқсат етілген мақсаттарға жету үшін өзінің барлың құқықтарын пайдалануға міндетті; сонымен қатар

Этикалық таңдау кезінде көптеген мәсәлермен тұлға көптеген әсер ететін шешімдердің варианттарын қарап, соның ішінен көбірек адамды қанағаттандыратын шешімді қабылдауы тиіс.

«АТФБанк» АҚ-да жұмыс орнында темекі, алкоголді ішімдіктерді кездеседі, сондықтан менеджерлер нормативтік құнды-лықтармен көз-қарас ретінде дұрыс анықтау, этикалық норма ауызша ереже болып табылады, қандай да бір істі дұрыс жасауы, өйткені, керісінше жағдайда қарама-қайшылыққа алып келуі мүкін.

2. Есеп операциялық жұмысын құру және банктік құжат айналымы. Есепсаясаты

2. 1 Есеп-операциялық жұмысының жалпы сипаттамасы және оның құрылуы. Банктің есеп саясаты.

«АТФБанк» АҚ-ның бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды жоспарлау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе.

«АТФБанк» АҚ өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.

Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.

«АТФБанк» АҚ ның бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомстволарға, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтер қол қоюға құқығы бар.

Бухгалтерлік жұмыстың мақсаты банктің ішінде болып жатқан шаруашылық процестердің және қаржылық нәтижелердің ақпараттарын қолдану мақсатында, барлық ақпараттарды пайдаланушы тұлғаларға анық, түсінікті және толық ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерия келесілерді орындайды:

  • бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;
  • пайда және еңбек ақы қорының есебін;
  • банк қызметкерлерімен есеп айырысу;
  • ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.

«АТФБанк» АҚ Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес бухгалтерлік есеп стандартының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді.

Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.

Бухгалтерлік есептің жүру жолы:

  1. алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т. б. арқылы жиналады.
  2. Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек.

Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өзінің есеп саясатының дұрыс жүргізілуін сақтайды.

«АТФБанк» АҚ-ның есеп саясаты - кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, банктің таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.

Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады.

Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде есеп саясатының принципі оның көрсетілмеген, бірақ банкінің практикалық қызметінде қолданылады және күші бар.

Есеп саясатының мақсаты - бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу - кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.

Оның таратылуына немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.

  1. Түсініктілік принципі - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
  2. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпараттар маңызды болуы керек.
  3. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметтерді жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпараттарды пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  4. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ юолса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  5. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
  6. Сақтық., яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
  7. Аяқталмағандық. Растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталмаған болуы тиіс.
  8. Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
  9. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістері, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.
  10. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
«АТФБанк» АҚ
Каскелен қаласының «АТФБанк» филиалы
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
Қаржы мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz