Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан



Кіріспе
1 Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
2 Табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтерт мекендеген орта
3 Ежелгі палеолит
4 Соңғы палеолит
5 Мезолит
6 Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан
6.1 Неолит
6.2 Энеолит
Қорытынды
Планетамыздың барлық түкпірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сондай-ак оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тағыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген бетгері осы кезге дейің ашыладн жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де көпбіміздің ертедегі бабаларымыздың емірі туралы қазіргі түсініктер адам еңбегінің калдықтары - тас құралдар, оларды дайы-ндаған кездегі қалдықтар, тамақ калдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үнгірлерді, үнгіме қуыстарды зерттеуге негізделеді. Осы заманғы «мешеу халықгар» дейтіндердің өмірінен алынатын этнографиялық дерек-тердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі адамзаттың материалдық және руха-ни мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырақ түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де алғашкы қауымдық қоғамның ең көп таралған материалы - тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Олардың негізіндетасты өндеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениетгің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысы өз кезеңінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді. Тасғасыры үш кезеңнен тұрады. Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениетгерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің кеңінен мәлім кезеңге бөлінуі) соңғы жылдарда жеткілікті дәрежеде елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазір палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп олдувай мәдениеті дейтін танылады. Осыған байланысты Қазақстанның палеолитің кезеңдер¬ге бөлу де басқаша көрінеді.
Қазақстанның соңғы палеолиттік мәдениеттері өмір сүрген кездің палеогеографиялық жағдайлары қандай болған? Сібір, Қазақстан, Орта Азия үшін қабылданған уақыт аралығы кері қарай 10 мың жылға дейінгі 40-30 мың жыл аралығында белгіленеді. Қазақстан үшін бұл уақыт лаңдшафтағы, палеоклиматтағы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіндегі үлкен өзгерістермен сипатталады. Бұл кезге қарай Қазақстанның жер бетінің құрылысы қазіргісіне жақын болды. Негізгі ареалдарда тас ғасыры мәдениетінің дамуы өзгеріссіз жүрді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
2 Табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтерт мекендеген орта
3 Ежелгі палеолит
4 Соңғы палеолит
5 Мезолит
6 Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан
6.1 Неолит
6.2 Энеолит
Қорытынды

Кіріспе

Планетамыздың барлық түкпірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында,
сондай-ак оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара
тағыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген бетгері
осы кезге дейің ашыладн жоқ, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі
де көпбіміздің ертедегі бабаларымыздың емірі туралы қазіргі түсініктер адам
еңбегінің калдықтары - тас құралдар, оларды дайы-ндаған кездегі қалдықтар,
тамақ калдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үнгірлерді, үнгіме
қуыстарды зерттеуге негізделеді. Осы заманғы мешеу халықгар дейтіндердің
өмірінен алынатын этнографиялық дерек-тердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі
адамзаттың материалдық және руха-ни мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырақ
түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де алғашкы
қауымдық қоғамның ең көп таралған материалы - тастан жасалған еңбек
құралдары береді.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден
өтті. Олардың негізіндетасты өндеу техникасының жетілдірілуі және соған
байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениетгің өсуі
жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы
тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысы өз
кезеңінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді. Тасғасыры үш кезеңнен
тұрады. Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол
дәуірдегі мәдениетгерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің
кеңінен мәлім кезеңге бөлінуі) соңғы жылдарда жеткілікті дәрежеде елеулі
өзгерістерге ұшырады. Қазір палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп
олдувай мәдениеті дейтін танылады. Осыған байланысты Қазақстанның
палеолитің кезеңдерге бөлу де басқаша көрінеді.
Қазақстанның соңғы палеолиттік мәдениеттері өмір сүрген кездің
палеогеографиялық жағдайлары қандай болған? Сібір, Қазақстан, Орта Азия
үшін қабылданған уақыт аралығы кері қарай 10 мың жылға дейінгі 40-30 мың
жыл аралығында белгіленеді. Қазақстан үшін бұл уақыт лаңдшафтағы,
палеоклиматтағы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіндегі үлкен өзгерістермен
сипатталады. Бұл кезге қарай Қазақстанның жер бетінің құрылысы қазіргісіне
жақын болды. Негізгі ареалдарда тас ғасыры мәдениетінің дамуы өзгеріссіз
жүрді.

1. Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан

Ежелгі тас ғасыры дәуірі - адам мен оның шаруашылығы қалыпт-асуының
бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-
жидектерді жинап, жануарларды аулаған Палеолит дәуіріндегі адамдардың
қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі
алғашқы тобыр. бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиып-теру
үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық
қатынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке
байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды.
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінін бірі - ашель
дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм - алғашқы
қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде
жынысы мен жасына карай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы
нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам
ұжымы алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс осы заманғыдай
дене бітімі бар адамға айналуымен тұстас қеледі.
Келесі дәуір – мезолит дәуірін, ал одан кейін неолит пен энеолитті
көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің
қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал қарастырылып
отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы қауым
аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шек-тес аймақтардың
мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыды деп сеніммен айта
аламыз.

2. Табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтер мекендеген орта

Евразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шел, шөлейт аймақ пен далаларда
қейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының қөптеген тұрақтары табылып зерттелді.
Евразияның куаңшылық аймағы бетінің құрылысында асқар биік таулар мен
қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер бедерлері
бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі болуы мен
олардың қуаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекен- -дерінің алуан
түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады. Қуаңшылықты
өңір аймақтарына эволгоциядағы айырмашылық пен оның ұзаққа созылуы, жер
аумағын игерудің бастапкы қезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ақ гоминидтердің
шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ қуаң аймақтың бір сипатгы ерекшелігі бар,
ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым болуы. Олардың көбі
кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының белгілі бір
геоморфологиялық жағдайда өте ұзақ уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған
жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Өзінің куаң өңірдегі жағдайына, жер
аумағының кендігіне және табиғи-ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері
үлгілерінің көп мөлшерде болуына қарай Қазақстан Евразияның куаң өңірінің
палеолитін зерттеуге модель бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі
гоминидтер пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең
маңызды кезеңдегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала отырып
іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады.
Ең ертедегі гоминидтердің Африка құрылығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен
Сібір аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы
адамдардың өте ауқымды кеңістікте қоныстанғанын дәлелдейді. Қазір бір нәрсе
айқын: 1,5-1 млн жыл мәулетінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық
кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Монголия мен Солтүстік Қытайда
гоминидтердің тұрақтары болған. Плиоценнің палеогеографиялық жағдайлары
таулары біршама аласа және климаты қолайлы Азия жазықтарын ежелгі
адамдардың, алыс солтүстікке қоныс аударуына жәрдемдесе алды деп санауға
мүмкіндік береді. Ол кезде Қазақстан, Монғолия мен Солтүстік Қытай
Евразияны қоныстанудың алғашқы кезеңдері үшін ең солтүстік аудандар болған.
Плиоценнің аяғындағы апат пен төрттік кезең жағдайды өзгертті. Гиндукуш
пен Гималаи, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай муссондарды өткізбейтін кедергі
болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ландшафты да толық өзгертті. Муссоңдар
мен циклондар қозғалуының өзгеруі, куаң өңірде климат континентгігінің
ұлғаюы едәуір аумақтың шөлге айналуына себепші болды. Сол бір өзгерген
жағдайларда бұл өзгерістер Қазақстанның түрлі аймақгарына бірдей әсер еткен
жоқ.
Тұран жене Каспий маңы ойпаты мейлінше тұрақты жағдайларымен
сипатталады. Каспий теңізінің жағалауы мен Үстірт қыратында тас ғасырының
палеолиттің алдыңғы кезеңдерінен неолитке дейінгі үздіксіз эволюцияны
дәлелдейтін көптеген тұрақтары сақталған Каспий өңірі мен Үстірттің
палеолиті шақпақтас шикізатына негізделді.
Каспий маңы ойпаты мен Үстірт қыратындағы эволюцияның ұзақ уакытқа
созылуына палеографиялық жағдайлардың тұрақтылығы (қолайлы климат; аң аулау
объектілері мен мекендеу орындарының молдығы; шикізаттың шексіз мөлшерде
болуы; тұщы судың молдығы) негіз болды. Сақталған тұрақтардың топографиясы
геологтардың жағалау шегінің талай рет өзгергені туралы деректерін
растайды.
Ұсақ шоқылар мен жазықтардың ұштасуы төн, түбі жайпақ қең аңғарлары бар
Сарыарқа геоморфологиялық жағдайлары жағынан мейлінше тұрақты аймақ болып
келді және солай болып қала да береді. Мұнда палеолиттің эволюциясы
ашельдің едәуір соңғы кезеңінен басталып, соңғы палеолитке дейін созылады.
Тас ғасыр тұрақтары топографиясының өзіндік ерекшеліктері ежелгі адамдардың
Сарыарқаның негізгі су айырығының бойымен өтіп, одан соң Солтүстік Балқаш
өңіріне қоныстануы мүмкін екенін көрсетеді. Палеографиялық жағдайлардың
тұрақтылығы, жануарлардың қоныс аударатын және мекендейгін, құстардың ұшып
өтетін жолдарының орнығып, тегінде, өзгермеуі, тас шикізаты өнімінің
молдылығы және тұрақты су көздерінің көп болуы палеолиттің әр түрлі
мәдениеттерін таратушы алғашқы ұжымдардың белгілі бір тұрақтарда ұзақ уақыт
мекендеуіне мүмкіндік жасады. Олар қені алынған шұқыр тізбектеріне, өзен
жағаларына, терең қарасу немесе тұщы сулы бұлақтар жанына жайғасты, қазіргі
сияқты, бұрын да тұрақтардың орналасқан жері мен жүретін жолдары едәуір
дәрежеде солар арқылы белгіленді. Өте суық әрі құрғақ болған жоғарғы
плейстоценнің аяғындағы төтенше жағдайлар ғана су жүйесін біржола бұзды.
Көпжылдық тонданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Сарыарқаны қоныстанған жануарлар мен бір кезде тұрақты мекендейтін осы
жерлерден біржола кетіп қалған гоминидтердің қалыптасқан байланыстары
бұзылып, қалпына қелмеді. Тек өтпелі аймақтарда, Сарыарқаның шығысындағы
Ертіс өңірінде ғана эволюция неолитқе дейін толастамады. Өтпелі аймақтар
әрқашанда мұқият көңіл бөлінетін объект болып келді. Қаратау жотасы осындай
өте қызықты өтпелі учаскелердің бірі болуы ықтимал. Оның географиялық
жағдайының өзіндік ерекшелігі мынада: ол, бір жағынан, Солтүстік Тянь-Шань
жоталарының сілемі болып табылады және соларға тән биіктік белдеуі бар, ал
ең суық дәуірлерде, сірә, онда мұзарттар болса керек. Екінші жағынан, ол
екі ірі аймақты - Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты
даласын шектеп, бөліп тұр. Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ерекше
қолайлы. Қаратау жотасының мұңдай жағдайы ұзақ уақыт бойы, кем дегенде
жоғарғы плиоценнен бастап сақталып келген. Мұны неоген кезінен сақталған
қөптеген ежелгі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дәлелдейді.
Екінші жағынан, Қаратау жотасының шел дала аймағындағы табиғат жағдайы
мұнда алыс жақтарында, қалың құмдар мен ойпаттарында сары топырақты
қабаттардың қалыптасуына да жағдай жасады. Қаратау жотасының көптеген
аудандарының геологиялық құрылысы да мұнда жануарлардың сансыз көп
үйірлерінің тұрақты мекендеуіне қолайлы болды, олардың қалдықтарының
Көшқорған, Ш.Уәлиханов атындағы және т. б. елді мекендер сияқты көптеген
жерлерден табылғаны мәлім. Осылардың бәрі бұл арадан тамақпен су қөздерін,
сондай-ақ өзен жағаларынан, үңгірлерден және сары топырақты жерлерден
мекендейтін жақсы орындар тапқан ежелгі гоминидтердің осында мекендеуіне
себепші болғаны қайран қалдырмайды.
Алайда, өтпелі (шекаралық) аудандардың ерекшелігі - оқиғалар мен
құбылыстардың қалдықтық және алуан түрлі болуы. Мәселен, Қаратау жотасының
палеолиті қалай болғанда да эволюцияның екі (үшеу болуы да мүмкін)
бағытымен сипатталады. Бірінші жол Кіші Қаратау ауданына тән және
Бөріқазған мен Тәңірқазғанның салмақты қара шақпақтастарына негізделген. Ең
ежелгі тұрақтар мүйісті-қыратты биіктеріне байланысты. Неғұрлым соңғы -
ашельдік, мустьелік және соңғы палеолиттік тұрақтар тау етегінде орналасқан
және Бөріқазған мен Тәңірқазғанның алдыңғы палеолиті жайғасқан жерден
хронологиялық алшақтығы басым көрінеді.
Екінші бағыт неғұрлым жақсы қасиеттері бар және өңделгеңдерінен
неғұрлым сапалы сынықтар алуға мүмкіндік беретін ашық-сұрғылт түсті
шақпақтастар негізінде дамыды. Негізгісі Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ болып
табылады. Оның бірегейлігі мынада: оның өмір сүруі өзендердің аңғарлары
кесіп өткен сары топырақты үстірт тарихымен байланысты.
Үшінші даму бағытының немесе құмайттарда даму бағытының іздері де бар.
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ ауданында және баска да жерлерде типологиялық
ерекшеліктері бойынша Сарыарқадағы саяқ мәдениетіне ұқсайтын соңғы палеолит
үлгілері жиналды.
Соңғы, былайша айтқанда, осташковтық-сартаңдық мұздану және қатты
салқындау зардаптары Қазақстанның едәуір бөлігі үшін қиын жағдай туғызды.
Бұл қездегі климаттың ерекшелігі сонда: бұл өте суық және кұрғақшылық кезең
болды. Маңызды палеогеографиялық екі оқиға - Қазақстанның шығыс жағында
көлемді таулы аймақтың пайда болуы және Қазақстанның батысы мен шығысында
палеогеографиялық жағдайлардың айқын ерекшеленуі осы уақытпен байланысты.
Біріншісімен сабақтас екінші оқиға - кең-байтақ Сарыарқа аймағы су
желісінің нашарлауы мен мұнда жануарлар мекендейтін ежелден қалыптасқан
аймақты бұзған тондану жағдайларының пайда болуы. Гоминидтер өздерінің
қоныстанған орындарынан біржола кетіп қалды. Олардың Сарысуды, Торғай
ойпанының құрғақшылық жайлаған аңғарлары мен көлдерін жағалай, Сарыарқаның
шет жақтарындағы көлдердің түбектерін бойлай орналасқан сирек тұрақтар
түріндегі қоныс аударған іздері жануарлардың соңынан кетуге тура
келгендердің іздері болуы ықтимал. Жалпы алғанда Солтүстік Қытай мен
Монғолия сияқты аудандарда соған ұқсас жағдай орын алуы мүмкін еді.
Қуаң аймақты аталған тұрақты ландшафт-климат жағдайлары қажет болатын
күрделі бірыңғай механизм ретінде қарастыру керек. Қазақстан үшін бұл
мынадай аса маңызды үш буын:
а) Сарыарқаның, Бетпақдаланың кең-байтақ шөл аудандары, Тұранның
құмдақты және саздауыт шелі - қуаң аймақтың жүрегі, ірі ауқымда алғанда
суық кезде мекендейтін орта;

ә) солтүстік аудандар (орманды дала, дала) - ыстық кезде мекендейтін
аймақтар;
б) таулы аймақтар - дағдарысты палеогеографиялық төтенше жағдайлар
кезінде мекендейтін өңір.
Әзірше Қазақстанның таулы аймақтары мейлінше аз зерттелген күйінде
қалып отыр. Мұнда палеолит тұрақтарын іздестірудің қиыншылықтары жауын-
шашынның мол жиналу ерекшеліктерімен және жер бедерінің тез өзгеруімен
анықталады.
Жер шарының белгілі бір аймағының географиялық және климат
ерекшеліктері туғызған әр түрлі табиғи жағдайлар приматтардың әр жерде
адамға айналуының негізгі факторлары болды. Әр түрлі ендік халықтарының
ертедегі шаруашылығы мен алғашқы мәдениетіндегі айырмашылықтарды көп
жағынан айқындап, адамзат пен өркениеттің кейінгі даму қарқындарына ықпал
еткен де солар.

3. Ежелгі палеолит

Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (бұдан бұрынғы
2,6 млн жыл - 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың - 150-120 мың жыл)
және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың - жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Ол
кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай
жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас тас
түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал таңдау көбінесе
құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай
түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, шепектер,
пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан. Ауыр салмақты, тік бұрышты
ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек
елді мекйй жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды
өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің
қалың конгломераты арасынан табылған. Олармен бірге үлкен шақпақ тастар,
деңес нуклеустер де табылды; әлгі сынықтар солардан сындырылып алынған.
Ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға
лайық. Бұл тұрақтардағы құралдардың таралу шегі айқын және өңделген шақпақ
тас бұйымдар белгілі бір шектен тыс жерлерде сирек кездеседі. Бөріқазған
мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолиттік саймандар төрт топқа: екі
қырлы және бір қырлы шапқы құралдар; шапқылар; ауыр тас сынықтар; ірі ұра
тастар - нуклеустер болып бөлінеді. Бірінші тобы көбірек кездеседі. Шапқы
құралдардың Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шель-ашель кеніштерінен
табылған дөрекі тас саймандардан елеулі айырмашылығы жоқ, олардың барлық
жағдайда да малта тас сияқты түрде болуы айқын аңғарылады, тас құралдардың
бір шеті өңделген, екі жағынан мол сындырылып жұқартылған, өткірленген имек
жүзі бар, ал қарсы жағы өңделмеген. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру
үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техниқа соққылау
техникасы немесе малта тас мәдениеті деп аталып кеткен, өйткені оған
көпшілік жағдайда өзендерде кездесетін кәдімгі малта тастар шикізат болған.
Кейіннен шой балғалар пайда болып, олар жақсырақ нәтижелерге жетуге
мүмкіндік берді. Олар көбінесе цилиндр немесе дөңгелек түрде болып, көп
жерінде жемірілген және соғылған із қалған. Мысалы, X.А.Алпысбаевтың
Қаратау жотасы ауданынан тапқан құралдары жоғарыда аталған тәсілмен
өңделген. Құралдар дайындау үшін негізгі шикізат малта тастар болған.
Құралдарды өңдеу кезінде тастың екі жақ шетінен ортасына қарай шеттері мол
сындырылып, жұқартылған да қесетін имек жүз шығарылған. Құрал кейіннен
шапқы ретінде пайдаланылған. Қаратау жотасының тас құралдарын зерттеудің
нәтижелері Мовиустың негізгі қағидаларына қайшы келеді, ол төменгі
палеолит дәуірінде шектеулі екі аймақ болғаны туралы болжам

1-сурет. Тас құралдар. Палеолит. Орталық Қазақстан.

ұсынған еді. Олардың біріне мекендеушілеріне қолдан жасаған шапқыларды
пайдалану ғана тән болған Үндістан, Оңтүстік және Батыс Европа, Алдыңғы
Азия мен Африка жатқызылды. Екінші аймақ солтүстік-батыс Үндістан, Жоғарғы
Бирма, Қытай, Ява болып табылады, олардың тас құралдарды жасау техникасында
екі және бір жағы еткір шапқы құралдар тән. Оңтүстік Қазақстанда табылған
тас құралдар негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: Екі немесе бір
шеті шабатын құралдар мен қол шапқыларының бір жерден табылуы азиялық
төменгі палеолиттік мүлде ерекше мәдениеттін болуы туралы және төменгі
палеолит дәуірінде Азияның даму жолының ерекше екендігі туралы
пайымдаулармен келісуімізге мүмкіндік бермейді. Оңтүстік Қазақстаннан
табылған материалдардың Азия мен Африка аумағында табылған еңбек
құралдарымен ұқсастығы және солармен баланатындығы төменгі палеолиттік
мәдениет дамуының бірдей екендігі, оларда өзгерістер мен дамудың бір жолмен
жүргендігі туралы жорамал айтуға мүмкіндік береді.
Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылады. Мұнда
құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақ тас жыныстарынан дайындалған.
Осындай тұрақтардың бірі - Сарыарқаның солтүстік-шығыс шетінде орналасқан
Құдайкөл. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастан екі жақ беті өнделіп
жасалған құралдарды, жануарлардың терісін өндеуге және ағашты ұқсатуға
арналған қырғыштарды, сондай-ақ қөптеген нуклеустерді - жоңқалар мен жалпақ
тіліктер сындырылып алынып құрал ретінде пайдаланылған ауыр тастарды атап
өтуге болады. Орталық Қазақ-стандағы басқа да ашельдік ескерткіштер
,ақасынан Жезқазған қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Жаман Айбат
және Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтары назар
аударуға лайық Тас бұйымдар жиынтығы арасында шапқы құралдар ерекше көзге
түседі. 60-70-жылдары Бадқаш өңірі мен Маңғыстау даласында интенсивті
жүргізілген зерттеулер Археолог А.Г.Медоевтің Қазақстанның алғашқы заман
тарихы проблемаларына және тас ғасыр индустриясының өзіндік дамуына
дәстүрлі емес көзқарастарының қалыптасуын көп жағынан анықтады. Зерттелген
ескерткіштерді көзбен шолып байқау оның ертеде өтқен кездің археологиялық
қырларын бірегей түсінуге жетуіне мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, оның
көзқарастары сол кгзге қарай дүниежүзілік археологиялық ғылымда жинақталған
деректемелермен жақсы ұштасты.
Осы уақытқа қарай жинақталған материалдар қайтадан ой елегінен
өткізілуде және Қазақстан сияқты қуаң аймақтағы палеолит ескерткіштерінің
өзіндік ерекшеліктерін анықтау өте маңызды болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда
алғашқы адамдардың ашық үлгідегі Семізбұғы, Бөріқазған, Шақпақата, Өнежеқ
тұрақтары мен басқалары зор рөл атқарды. Мәселе мынада: шөгінділердің сары
топырақты немесе жайылма қатпарларында көміліп қалған археологиялық
қалдықтар алғашқы адамдардың өмірі туралы, олардың тас саймандары туралы
бірегей, егжей-тегжейлі ақпарат береді. Бірақ мұндай ескерткіштер біршама
қысқа уақыт аралығын ғана қамтиды. Ашық үлгідегі ескерткіштер керісінше,
едәуір ұзақ уақыт аралығын қамтиды, сондықтан оларды зерттей келіп, тас
бұйымдарды өңдеу дәстүрлерінің эволюциясын қадағалауға болады.
Қазақстанның палеолиттік мәдениеті аймағында Солтүстік Балқаш өңірі
өзекті орындардың бірін алады. Бұл ауданда түрлі уақыттардағы тұрақтар
өнімі алынған шұңқырлар тізбектерінің үстіне, өзен және көл қабақтарына,
шикізат шығатын шоқылардың ұшар басы мен беткейлеріне орналасқан. Ұсақ
шоқылы Семізбұғы алқабы Жезқазған облысындағы Саяқ поселкесінің шығыс
жағында 60 шақырым жерде жатыр.
Солтүстік Балқаш өңірінің тек бір ғана - аумағы 2500x300 м ұсақ шоқылы
Семізбұғы мекенінен барлығы 1611 тас құралдар табылған. Оларды дайындаған
негізгі шикізат қара түсті шақпақ тас девон алевролиттері болған. Тас
бұйымдары арасында нуклеустер, клектон сынықтары, тісті құралдар,
қырғыштар, бифастар, пышақтар, жаңқалар мен пластиналар бар. Жалпы алғанда,
Семізбұғы индустрия қешендерінің эволюциясын бағалай келіп, жетекші
технологиясы леваллуа дәстүрі болып табылатынын мойындау керек.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан жеріндегі ең ежелгі ескерткіш Қозыбай
тұрағы саналады. Бұл тұрақ Күршім ауданындағы Қаратоғай ауылына жақын
жерге, Қалғұтты өзенінің жағасына орналасқан. Алғашқы адамның қолымен
дайындалған тас бұйымдар, соның ішінде шапқы құрал, екі жағы өнделген
құралдар мен қара түсті шақпақ тас жыныстарынан жасалған үшкір сынықтар
биік қабаттардың беткейінен табылған.
Кейінгі кезең - мустьелік кезеңде тас өңдеудің жаңа техникасы ойлап
табылды, бірақ ұсақ малта тас та қолданыла берді. Оңтүстік және Орталық
Қазақстан жерінде мұндай ескерткіштер көп кездеседі. Олардың бірі 1958 жылы
X.А.Алпысбаев тауып, кейіннен Ш.Ш.Уәлихановтың есімімен аталған көп қабатты
тұрақ болып табылады.
Қазіргі кезге қарай тұрақтан 6 мәдениет қабаты анықталып, олардан тас
бұйымдар, от жағылған орын мен ошақтар, жылқы, бизон, киік, асыл тұқымды
бұғы сияқты жануарлардың сүйектері табылды. Оның қабаттары Арыстанды
өзенінің оң жағасының қазіргі бетінен әр түрлі тереңдікте көлбей
орналасқан. Әзірше бұл - Қазақстан жеріндегі тас бұйымдар мен басқа да
мәдени-тұрмыстық қалдықтар бастапқы күйінде, яғни оны мустьерліқ уақытта
адам қалай қалдырса, сол күйінде жатқан бірден-бір тұрақ. Қазудың қиындығы
мәдени қабаттардың 2,30 метрден 7,20 метрге дейінгі тереңдікте
жатқандығында болып табылады. X.А.Алпысбаевтың мәліметтеріне қоса, алғашқы
аңшылардың өмірі туралы жаңа мағлұматтар алу, еңбек құралдарын дайындайтын
шеберхананы аршу және соның негізінде тұрақты адамдардың ұзақ уақыт бойы,
іс жүзінде мустьеден бастап, жоғарғы палеолит дәуіріне дейін үздіксіз
мекендегендігі туралы тұжырым жасау мүмкін болды.
Мұнда құралдар дайындау үшін негізгі шикізат материалы ашық реңді
халцедон болған. Құралдар арасында пышақ тәрізді қалақтар, қырғыштар басым.
Остеологиялық материал жануарлардың, соның ішінде жылқының, бизонның, бұғы
мен киіктің сүйектерінің ұсақ сынықтарынан тұрады. Аталған аң сүйегінің
қалдықтары ландшафттың далалық сипатын, климаттың құрғақ болғанын
дәлелдейді. Бұл жағдайды споралы-тозаңдық талдау деректері де көрсетеді.
Шымкент облысындағы Көшқорғаңды қазғанда қызықты мәліметтер алынды.
Мұнда артезиан қайнар көзінің биіктігі 1 метрге дейін жететін травертин
орамы көмкерген ежелгі грифоны (аузы) орналасқан. Орамның диаметрі 25 м.
Грифонда палеозоологтар әр жылдарда қазба жұмыстарын жүргізіп,
сүтқоректілердің төменгі төрттік фаунасының бай жиынтығын жинаған, ол
Көшқорған кешені деген атаумен бөліп көрсетілген.
Құралдардың жетекші үлгісі көбінесе жай дөңесті және тура бүйірлі
қырғыштар болып табылады, сүйір ұшты сынықтар мен пышақтар да кездеседі.
Алуан түрлі жануарлар - мүйізтұмсык, бизон, жылқы сүйектері мен тас
бұйымдардың мол болуы палеолит адамының суға келген кезінде бұлақ жанындағы
батпаққа батқан жануарларды аулауының нәтижесі екенін дәлелдейді.
Ескерткіштердің бұған ұқсас индустриясын Көлбұлақ материалдарынан және
Тәжікстандағы сары топырақты палеолиттен табуға болады. Сонымен бірге
Көшқорған кешенінің бірқатар белгілері жөнінен Орталық Европадағы
кешендермен: Вертешселеш (Венгрия) және Бильцинисглебен (Германия)
тұрақтарымен жақындығы аңғарылды. Бұл орайда Вертешселештегі тұрақтың өмір
сүрген уақыты 350-600 мың жылмен белгіленеді. Көшқорғанға ұқсайтын
тұрақтарды алыс шығыстан да ұшыратамыз. Мәселен, Қытайдың Чжоу-коу-дянь
үңгір тұрақтарының кешені. Мұның бәрін қосып алғанда, Көшқорғанды, сірә,
плейстоценнің бас кезіндегі батыс және шығыс ескерткіштері аралығындағы
байланыстырушы буын болар деп ойлауға мәжбүр етеді.
1984 жылы Жезқазған облысының Ағадыр ауданында мустьерлік заманның жаңа
ескерткіштері табылды. Бұлар - Өгізтау-1 және -2, Үлкен Ақмая сияқты
тұрақтар. Мұнда тас бұйымдар бұлақ жанындағы аласа төбенің баурайында
жатыр. Шикізат материалдарының жақын және бұлақтың болуы адамдардың
мекендеуіне себепші болған. Бір жағы және екі жағы қырланған балталар,
қырғыштар, ойық қалақтар мен нуклеустер жергілікті шикізат - сұрғылт
кварциттен дайындалған. Көптеген құралдар кейінгі кезеңдердің өзінде-ақ
қайталап пайдаланылған, мұны тас бұйымдардағы жаңа сынықтардың болуы
көрсетеді.
Дөңгелек нуклеустермен қатар протопризмалы нуклеустердің, сондай-ақ
жиектері симметриялы пластиналардың және үш бұрыш түріндегі сынық тастардың
болуы тас өңдеу техникасындағы ілгері басқандықты дәлелдейді. Тас сайманға
типологиялық талдау жасау құрақтардың өмір сүрген мерзімін алдыңғы мустье,
бәлкім, ашель заманына да жатқызуға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстанның көптеген палеолиттік тұрақтарында тас сайман
топырақ бетінде, бастапқы орнында жатады. Жер бетінен табылған материалдар
деректемелерімен берілсе де, суреттелген олжалар бұл аумақты алғашқы
адамның мекендегені туралы сұраққа белгілі бір дәрежеде жауап қайтаруға
мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстанның Сарыташ шығанағы маңында орналасқан палеолиттік
ескерткіштері (Шақпақата, Өнежек) ерекше ынта туғызады. Құрал Құмақапа
аңғарынан да табылды. Құралдар дайындау үшін негізгі шикізат материалы
ретінде теңіздің құрғап қалған қабаттарынан мол кездесетін шақпақтас
конкрециялары пайдаланылған. Тас индустрияларының жиынтығын мұқият зерттеу
негізінде А.Г.Медоев мынадай мәдениеттерді бөліп көрсетеді: протолеваллуа -
ашеллеваллуа- ашель-1-2, Шақпақата-1 (соңғы палеолит), Шақпақата-2
(эпипалеолит) және микролиттердің неолиттік индустриясы.
Протолеваллуа-ашель мәдениеті жиынтығының көпшілігі арасында
протолеваллуалық үлгідегі нуклеустер, тік бұрыш түріндегі көлемі үлкен
сынықтастар, нуклеустерден жасалған ірі әрі салмақты үшкір тастар, ал
құралдардан - бифастар басым. Аталғандарынан басқа сынық тастардан істелген
тас балталар бөлініп көрсеткен, кейбір бұйымдардың олдувэй мәдениеті
құралдарымен қайран қаларлықтай ұқсастығы бар.
Келесі мәдениет - ортаңғы ашельге сәйкес келетін леваллуа-ашель-
мәдениетінде тас балталар мен кливерлер аз кездеседі. Тас бұйымдар теңіз
жарқабақтарының жағалауындағы ежелгі белдіктерінде, сондай-ақ Түпқорған
үстіртінің беткейлерінде жатыр. Осының алдындағы индустриямен салыстырғанда
енді құралдар мен бұйымдардың көлемі кішірейгені байқалады. Ежелгі үлгідегі
бифастар жоғалып, жаңа түрлер пайда болады.
Ақырында, леваллуа-ашель-2 мәдениетіне найзалардың өнделген тас ұштары
мен екі жағы қырланған пышақтар тән болып келеді. Барлық тұрақтар Каспий
теңізінің жағалауындағы жарқабақ алаңдарына орналасқан. Құрал табылған жеті
жерді қамтитын Өнежек тобының тұрақтарын сипаттауға тоқталып өтейік.
Тұрақтар бір-біріне жақын орналасқан, бірақ тас құралдарда бірқатар
айырмашылық та байқалады. Олардың (тұрақтардың) әрқайсысында дерліқ
құралдардың алғашқы және соңғы түрлері ұшырасады, сондықтан оларды
хронологиялық жағынан айыру қиын. Тас бұйымдар арасынан нуклеустер,
қырғыштар, бифастар, найзалардың ұштары және көп мөлшерде сынық тастар
бөлек көрінеді. Соңғыларының ішінде ауқымды леваллуа үшкір тастары да бар.
Нуклеустер арасында ұзындығы 30 сантиметрге дейін жететін лейаллуа
пластиналарын алуға арналған ауыр тас сынықтары да ұшырасады. Өнежек
индустриясына жалпақ алаңды нуклеустердің, алуан түрлі (үш бұрышты, төрт
бұрышты) симметриялы пластиналардың және аз мөлшерде болса да, жақсы
өнделген құралдардың болуы тән.
Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық дамуы жөнінен Ното Заріссіз
сатысына сәйкес келетін замандастары болған. Қаратау мен Маңғыстаудың
алғашқы мекендеушілері сол кезде-ақ от жағып, оны сақтай білген, ірі және
ұсақ жануарларды аулаумен, жиын-терінмен шұғылданған.

4. Соңғы палеолит

Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мыңжылдан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады.
Бұл Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның қеңінен тарай
қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты.
Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адамзат
қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында
тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік
дамуымен, рулық қауымның қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық
ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуымен тікелей
байланысты. Рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан
топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонымен,
аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан
шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Сондай-ақ әйелдердің
қоғамдық өміріңдегі жоғары дәрежесі де қауымдық үй шаруашылығының
өзгешілігінен, руды өрбітуші ретіндегі әйелдің отбасындағы рөлінен
туыңдады. Ежелгі адамдардың идеологиялық ұғымдарында ру бастығы және ошақ
иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайда болуы кездейсоқ емес.
Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар
магиясына табыну кең таралды; мұның негізінде хайуанның бейнесін - символын
бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магияның
әмбебап құралы сол кезде пайда болған алғашқы өнер болды деп топшыланадым.
Оның басты тақырыбы - әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын,
мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап
жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналық қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқгы о дүниедегі
өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді.
Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген
қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына
мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі
тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Алдындағы кезеңнің ескерткіштерімен салыстырғанда бұл уақыт
тұрақтарының аз табылғанын атап өтеміз. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатқа,
Пещера, Ново-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.
Пещера тұрағы Бұқтырманың оң жағасында үңгірге кіре берісте орналасқан.
Көмбенің шығыс жағындағы 30-50 см және батыс жағындағы 60-170 см тереңдіқте
қазба жұмысы барысында палеолиттік бұйымдар табылды, олардың арасында
айналдыра өңдеп жасалған қырғыш, қайшы сияқты қалақшаның сынығы, қайшы
тәрізді құрал, сынық ізді пирамида түріндегі нуклеус, шой балға және қара
шақпақ тас пен жасыл кварцит жынысы өндірісінің қалдықтары бар. Барлық
құралдардың бет жағы еңезденіп, әк реңді болып келеді, жануарлар:
мүйізтұмсық, бизон, үңғір арыстаны және басқалар сүйектерінің көмірі,
сынықтары табылды. Құралдардың сипаты тұрақтың мерзімін жоғарғы палеолит
деп шамалауға мүмкіндік береді.
Алдындағы кезеңдерге қарағанда жоғарғы палеолитте тас құралдарды өңдеу
неғұрлым қүрделі болды. Сүйек және ағаш жақтауларға сына ретінде
пайдалануға арналған жұқа қалақшалар жонылып, сонан соң бұл құралдар пышақ
және қырғыш ретінде пайдаланылған. Қыспа ретушь техникасы да кең
қолданылды, ол жүзі жұқа құралдар - найзалардың, сүңгілердің ұштарын алуға
мүмкіндік берді.
Ертістегі Шүлбі тұрағында 5000 тас бұйымдар арасында сынық тастар мен
қалақшалар, қырғыштар, өткір ұштар, кескіштер, түйрегіштер, алуан түрлі
нуклеустер мен өндіріс қалдықтары кездеседі. Тас бұйымдардан басқа жұмыр
тастардан қаланған, құл қабаты бар ошақтар табылды, ал ошақтардың
аиналасында едәуір қашық жерде диаметрі шағын және деңгелек түрдегі қара
дақтар жатыр. Бұлар тұрғын жайдың негізі болған ағаш діңгектердің
қалдықтары болуы ықтимал. Жердің қолайлы орналасуы, биік жарқабақ, өзен,
орман - осылардың бәрі адамдарға пана болған, ал жаз кезінде қүйдірген құн
мен жаңбырдан бас сауғалап, ол өзіне уақытша тұрғын жай салған, мұны қара
дақтар мен ошақтар дәлелдейді. Мәдени-тұрмыстық қалдықтармен қоса адам
қабірі табылды, онда адам тік күйінде сол бүйірінен жатқызыльш, басы
батысқа қаратылған. Қаңқа өте нашар сақталған, өйткені тайызда жатыр, бірақ
оның табылуының өзі назар аударуға лайық. Шүлбі тұрағындағы құралдарды
дайындауға пайдаланылған негізгі шикізат материалы - халцедон, яшма, шақпақ
тас және тау хрусталі. Бұдан көрініп отырғанындай, тас ғасырының алдыңғы
дәуірлерімен салыстырғанда, алуан түрлі тас түрлері және жергілікті жерден
шықпағандары да пайдаланылған. Алтай мен Сібір тұрақтарынан да осыған ұқсас
жиынтықтар табылған, мұның өзірлардың мерзімін 30-25 мың жыл деп белгіуге
мүмкіңдік береді.
Қазақстан аумағында соңғы палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері
қөп емес, бірақ қолда бар материалдар ежелгі тас ғасыры адамдарының
материалдық мәдениеті дамуының, сондай-ақ Қазақстан аумағын мекендеу
үрдісінің үздіксіз жүргенін аңғаруға мүмкіндік туғызады. Жоғарғы палеолит -
адамның одан өрі дамып, тас құралдар дайындайтын жаңа техникасы пайда
болған және олар жетілдірілген кез. Бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан
жасалған шапқыш кене құралдар, ауыр салмақты қырғывдтар, үш бұрышты
қалақшалар көп, олар дөңгелек түрдегі нуклеустерден омырылып алынған. Омыру
техникасының жетілдірілуі соққы жасалатын беті жару сызығына тура бұрыш
жасап тұратындай етіп алдын ала дайындалған призмалы нуклеустердің пайда
болуынан көрінеді. Соның нәтижесінде омырылғаннан кейін нуклеус көп қырлы
призма түрін алған.
Жоғарғы палеолит адамының өмір жағдайларын сипаттау үшін Оңтүстік
Қазақстандағы Қаратау жотасы ауданында, Шығыс Қазақстандағы Ертісте, Сарысу
өзені өңірі мен Солтүстік Балқаш өңірінде табылған тас бұйымдар мейлінше
толық материал береді.

5. Мезолит

Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл
уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана
пайда болды.70-80-жылдардағы В.Ф.Зайберттің Есіл өңірінде, В.Н.Логвиннің
Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит
және оның далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы
түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың
басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулер
жандандырылып, бірнеше жаңа тұрақ ашылды.
Полеолиттен мезолитке (грекше мезос - орта деген сөзден шыққан) көшу
климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың
еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі
орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы
қалыптасады. Мамонттық жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы
әдістерін (қамалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын
қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды.
Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және
мал шаруашылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және
жинау - аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әр түрлі
хронологиялық шеңберлері мегі оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан
аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б.з.б. Х-VII
мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен
колданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын,
халықгың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп
санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау
технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялық мәдениетті
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тас ғасырының аяғына карай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы
жануарлардың түр құрамы едәуір артып: жылқы, қоян, сутышқан, кұндыз,
қасқыр, түлкі, аю, кабан, елік, бұлан, қарақұйрық, киік, бизон, тур болды.
Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау
палеолит дәуірінде қалыптасқан тобырлы түрде қамалап және қуалап аулау
дағдысы жойылмады. Бірақ Қазақстан тұрғындарының өмірінде аң аулаудың жеке
әдістері жетекші маңыз алады.
Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғасқан жерлерінен анды
қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының
ауысуына ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер
таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алые солтүстікке,
Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал өзендерінің аңғарларына қоныс аударады.
Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерлерде
пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін
жиырма шақты ғана мезолиттік тұрақтар мәлім және солар ғана жаксы
зерттелген, ал палеолиттік (неғұрлым ертедегі) тұрақтардың қазірдің өзінде
тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді.
Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғұрлым жиі қозғалып, аң аулауға
қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі
күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтар туып
отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың
орнында материалдық қалдықтар қалмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б.
VIII мыңжылдыққа қарай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат
ұзақ мерзімді, жылы және басқа тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан
аңшылар өз тұрақтарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар
қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 тұрақтары
табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында - Тельман-7, -8а, -9а, -14а, одан
да оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды-15 тұрақтары бар.
Көкшетау маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовқа-2а, -12
тұрақтары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында - Дүзбай-6, Қостанай қаласы
маңында Дачная және Евгеньевқа тұрақтары орналасқан,
Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда
айтылғанындай, тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталмаған. Есіл езені
аңғарында көлемі 40-60 шаршы метр, қаңқасының, қабырғаларының бөренелері
терең көмілмеген жеңіл, тік бұрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана
болады. Сондай-ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында
шағын шұңқырлар ғана қалған.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы - садақ. Шынына келгенде адамға
ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның қең таралуы жеке аң аулауға
көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап
табылуы өндіргіш қүштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде
бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді.
Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам
уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды. Оның найза мен
шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен қатар
ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға
болатындығында еді.
Мезолитте еңбек құралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті
өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болған жоқ.
Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді:
заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе
ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып,
оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш
салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілді. Сөйтіп осындай
қалақша бейімделген нұсқаның түпкі тұріретін-де (оның үстіне Қазақстан
аумағында ғана емес, іс жүзінде бүкіл әлемде) кеңінен таралды. Бейімделген
нұсқаны қосымша өңдеу және оларды негізге немесе сапқа бекітудің әр түрлі
әдістері арқылы іс жүзінде кез келген еңбек құралын дайындауға болатын еді.
Сол қезде олардың жаппай таралғандары мыналар: жебелердің, шанышқылардың,
найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар,
әр түрлі түйреуіштер, теріні, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге
арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өндеуге арналған
қырғылар. Тас сынықтарынан көбінесе қырғыштар жасалған.
Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдықтар
кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі
ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі
және бейімделген нұсқаны қосымша өндеу әдістеріндегі болмашы
айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная
тұрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге
бұлардағы қыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан
микролиттер деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтық та, хронологиялық та
бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы
туралы мәселе адамның Арал-Каспий су айырығын игсру тарихымен өзара тығыз
байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы (Қызылсу-1 және басқалар) мен
Солтүстік-Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік-Батыс (Дефе-Шығанақ) Үстірттің
соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ
оймалы және иілген қырғылармен, ассимметриялы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Палееоолит дәуірі
Ежедгі тас дәуірі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Ежелгі тас ғасыры
Пәндер