Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі . . . 5Қарыз алушының несие қабілеттілігінің экономикалық мазмұны . . . …. 5
1. 2. Несие қабілеттілікті талдаудың шарттары мен кезеңдері . . . 10
1. 3. Несие қабілеттілікті сипаттайтын көрсеткіштер . . . 19
1. 4. Шетел тәжірибесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін
бағалау әдістері . . . 27
- ҚР-сындағы екінші деңгейлі банктердің несие қабілеттілікті талдау тәжірибесі . . . 31Банк тәжірибесінтегі несиелік операцияларды талдау . . . 31Заңды тұлғаның несиелік қабілеттілігін талдау . . . 40
- Қарыз алушының несие қабілеттілігінбағалау әдістерін жетілдіру жолдары . . . 50
3. 1. Несие қабілеттілікті жетілдіруге байланысты факторлар . . . 50
3. 2. «Скоринрг үлгісі» - қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың тиімді әдісі . . . 56
Қорытынды . . . 65
Қолданылған әдебиеттер . . . 67
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға өту жағдайында несиелеу шарттары да өзгереді. Банктер несиелік операцияларды жүргізу барысында несиелік тәуекелдерге барады. Сондықтан банктер осы несиелік тәуекелдерді төмендету жолында белсенді қызмет ету керек. Несиелерді берудің маңызды алғы шарттарының бірі болып несиелік қабілеттілік табылады. Потенциалды және нақты қарыз алушыларды негізгі қарыз сомасын және ол бойынша пайыздарды толық және уақытылы төлеу мүмкіндігі жағынан бағалау, олардың қаржылық жағдайын талдау мәселесі банк қызметіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кез-келген несиелік келісім-шарт жасау алдында банк қызметкерлері ссуданы алуға өтініш жасаған тұлғаның несиелік қабілетін бағалау жұмысын орындайды. Талдау қаншалықты толық және дәл жүргізілгеніне байланысты несиелеудің сәтті жүргізілетіні анық. Қазіргі жағдайда Қазақстанда қарыз алушылардың қаржылық жағдайын талдаудың жалпыға ортақ әдістемелер жоқ, сондықтан әр банк клиенттердің несиелік қабілетін бағалаудың өз әдістемесін қолданады. Банктердің өтімділігі және табыстылығы клиенттердің қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан банктер несиелік операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушылардың несиелік қабілетін егжей-тегжейлі бағалауды жүзеге асыруға тиіс. Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауда Қазақстанның банктері қаржылық коэффициенттер әдісін қолданады, бұл әдіс бір қатар факторларды ескермейді. Ал шетел тәжірибесінде несиелік тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелік қабілетті бағалаудың әлде қайда тиімді әдістері пайдаланылуда, осының садарынан несие бойынша пайыздар төмендеп, жеке және заңды тұлғалардың несиеге сұранысы жеткілікті деңгейде қанағаттандырылады. Сол себептен Қазақстан банктеріне шетел тәжірибесін ескере отырып, қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың әдістерін жетілдіру өте маңызды.
Диплом жұмысының мақсаты - шетелдік және отандық тәжірибеге сүйеніп, қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың маңызын көрсету, сондай-ақ шетелде кеңінен қолданылатын несиелік қабілетті бағалау әдістерін зерттеп, Қазақстанда оларды жетілдіру жолдарын іздестіру.
Осы мақсатқа жетуде бітіру жұмысының алдында мынадай міндеттер тұр:
- Қарыз алушылардың несиелік және төлем қабілетінің ұғымын беру;
- Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауға қатысты шарттарды анықтау;
- Несиелік қабілетті бағалау көрсеткіштерін анықтау;
- Қарыз алушының классын анықтау
- ҚР екінші деңгейлі банктерде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың тәжірибесін, соның ішінде заңды тұлғаның және жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалауды қарастыру;
- Шетелдік тәжірибеде қолданылатын несиелік қабілетті бағалау әдістерін қарастыру;
- Қазақстанның екінші деңгейлі банктерде қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі - қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалау методикасы және әдістері.
Зерттеу жұмысының құқықтық, теориялық және әдістемелік негізі. Бұл жұмысты жазу барасында шетел ғалым экономистердің, соның ішінде О. И. Лаврушин, М. В. Карпов, В. И. Колесников, Янишевская В. М., Сервук В. Т., Лукачер Т. Г. т. б., сондай-ақ Г. С. Сейтқасымов, С. Б. Мақыш сияқты Қазақстанның ғалым экономистерінің еңбектері пайдаланған.
Диплом жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан, қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімінде қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негіздері, яғни несиелік қабілеттілік ұғымы, несиелік қабілеттілікті талдау шарттары және көрсеткіштері, шетел тәжірибесінде кеңінен қолданылатын қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың әдістері қарастырылды. Екінші бөлімінде ҚР екінші деңгейлі банктерінің қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалау тәжірибесі, соның ішінде АҚ " Халық банкі" жеке және заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау методикасы қаралды. Ал үшінші бөлімінде шетел тәжірибесінде қолданылатын қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың әдістерін Қазақстанда жетілдірудің жолдары қарастырылды.
- Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізіҚарыз алушының несие қабілеттілігінің экономикалық мазмұны
Несиелік процесс белгіленген мерзімде қарыздың өтелмей қалу тәуекелінің көптеген және сан түрлі факторларымен байланысты. Сондықтан банк қарыз беруден бұрын қарыздық өтелмей қалуын тудыратын факторларды танып білуді, яғни несиелік қабілеттілікті зерттеуді орындайды. Несиелік қабілеттілікті талдаудың мақсаттары мен міндеттері қарыз алушының қабілеттігін анықтайды және қарыз бойынша борышты толық көлемде өтеуі, банк өзіне алуға дайын тәуекел дәрежесі, белгілі бір жағдайларда берілетін несие көлемі және олардың шарттарына негізделеді.
Бұның бәрі банкпен тек нақты мерзімге клиенттің төлем қабілеттігінің қадағалану қажеттілігін ғана емес, сонымен қатар болашақтағы қаржылық тұрақтылығын болжауды ескертеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті түрде бағалау және несиелік операциялар бойынша мүмкін тәуекелдерді есептеу банктің несиелік ресурстарын тиімді басқаруына және табыс алуына мүмкіндік береді.
Несиелік тәуекелдің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларды жүргізу барысында бірқатар талаптар қояды.
ҚР Ұлттық Банкінің 1995 жылы 31 тамызда № 2444 қаулысымен қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» заңның 34-ші және 35-баптарына сәйкес банктердің несиелік операциялары Банк басқармасымен бекітілген ішкі несиелік саясат туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ережелер несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында туындайтын тәуекелдерді төмендетуге және несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Банктер және банктік қызмет туралы» заң бойынша қарыз алушының несиені қайтару қабілеті және сенімділігі жоғары болған жағдайда банк ол қарыз алушыға қамтамасыз етусіз банктік несие беру туралы шешім қабылдай алады. Бірақ банк бір қарыз алушыға осы қарыз алушының басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған қарыз қаражаттарының көлемін шегеріп тастағанда активтердің орташа жылдық құнынан асып кететін жалпы сомаға банк несиесін беруге құқылы емес. Қарыз алушының орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы несиені алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі. Сондай-ақ банктерге өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік жасауға тыйым салынады, соның ішінде аталған тұлғаларға қамтамасыз етусіз банктік несие беруге рұқсат берілмейді. [2]
ҚР ҰБ 2002 жылғы «Пруденциалдық нормативтер туралы» ережеге сейкес ҚР ҰБ тарапынан банктерге бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері белгіленеді. Бұған сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері 0, 25-тен аспауы керек, ал банкпен ерекше қатынастардағы тұлғалар үшін бұл көрсеткіш 0, 1-ді құрайды. [3]
Екінші деңгейдегі банктерге белгіленген осы талаптар банктердің туындауы мүмкін несиелік тәуекелдерді барынша төмендетіп, өтімділігін және табыстылығын қолдауға бағытталған.
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы несиелік механизм кәсіпорындардың несие сыйымдылығына негізделді, бұл елдегі несиелік механизмнің жалпы даму деңгейін көрсетті. Қазіргі экономикадағы өзгерістер қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалау қажеттілігін тудырды. Нарықтық қатынастар жағдайында қарыз алушының несиелік қабілеті несие берудің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. [5]
Қарыз алушының несие қабілеті - оның төлем қабілетімен салыстырғанда біршама тар мағынаны білдіреді. Қарыз алушының төлем қабілеті - оның өткен уақыттағы міндеттемелерін уақытылы және толық өтеу қабілеті. Ал несиелік қабілеті қарыз алушының өткен уақыттағы төлем қабілетсіздігін ескермей, тек жақын перспективадағы қырызды өтеу қабілетін болжайды. Бірақ қарыз алушының өткен уақыттағы төлем қабілетінің деңгейі банк клиентінің несие қабілетін бағалауда иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Қарыз алушының несиелік қабілеті ссудалық міндеттемелерін өтеу қабілетін білдірсе, оның төлем қабілеті барлық басқа мінбеттемелерін өтеу қабілеті болып табылады. Заңды немесе жеке тұлға ретіндегі қарыз алушы өзінің қарапайым міндеттемелерін тек табысы есебінен өтейтін болса, ал ссудалық міндеттемелерін өзінің табысы, банктен кепілге алынған мүлікті өткізуден алған түсім есебінен, басқа банктың немесе тұлғаның берген кепілдемесі және сақтандыру төлемдері арқылы өтейді.
Қазіргі уақытқа дейін шетел және отандық ғалым экономистер қарыз алушының несиелік қабілетіне өзінше анықтама береді, бірақ олардың арасында айтарлықтай көп айырмашылық байқалмайды.
Қазақстанның ғалым экономисі Г. С. Сейтқасымовтың айтуынша, қарыз алушының несиелік қабілеті - несие келісім-шартының шарттарына сәйкес сұралып тұрған ссуданы қайтару дайындығын және қабілеті. [6]
Ресей ғалым экономистері Л. П. Короливецкая және В. И. Колесников қарыз алушының несие қабілетіне мынадай түсініктеме береді: қарыз алушының несиелік қабілеті - оның уақытылы және толық көлемде ссуда бойынша міндеттемесін орындау қабілеті. [8]
«Іскер адамның экономикалық сөздігінде» қарыз алушының несие қабілетін былай түсіндірген: несиелік қабілеті - қарыз алушының уақытылы және толық көлемде өз міндеттемелерін өтеу қабілеті.
Ресей ғалымы В. Д. Никифорованың айтуынша, банк клиенттерінің несиелік қабілеті - кәсіпорынның қарыз қаражаттарының тиімді пайдалануына сенім беретін, қарыз алушының несие шартына сәйкес несиені қайтару дайындығы және қабілеті бар кездегі қаржы-шаруашылық жағдайын білдіреді. [5]
Янишевская В. М. және басқалар қарыз алушының несиелік қабілетіне мынадай анықтама береді: несиелік қабілеті дегеніміз банктің қарыз алушыны оған несиені беру мүмкіндігі және негіздігі жағынан талдап, ссуданы және оған есептелген пайыздарды болашақта уақытылы қайтару мүмкіндігін анықтауды білдіреді. [9]
Лаврушин О. И. берген анықтамасына сәйкес банк клиентінің несиелік қабілеті - өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша уақытылы есеп айырысу қабілеті. [10]
Шеремет А. Д. және басқалар қарыз алушының несиелік қабілеті ретінде оның барлық өзінің міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілетін түсінеді. [11]
Қазақстандық ғалым экономист С. Б. Мақыш өзінің «Коммерциялық банктер операциялары» кітабында несиелік қабілетіне мынадай анықтама берді: қарыз алушылардың несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілетін білдіреді. [12]
Сонымен, қарыз алушының несие қабілеті - қарыз беруші мен алушы арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы өтей алу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетін зерттеу несиені беру және оның шарттары туралы сұрақтарды шешкенге дейін, қарыз алушыны сапалығы жағынан бағалау үшін ол алған қарызын жасалған келісім-шартқа сәйкес уақытылы және толық өтеу дайындығын және қабілетін анықтау жолымен жүзеге асырылады.
Қарыз алушының несие қабілетін анықтаудың негізгі мақсаттары және міндеттері болып қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау, тиімсіз қызметі нәтижесінде несие ресурстарын жоғалтудың алдын алу, тәуекел деңгейін анықтау, несие мөлшерін белгілеу, сондай-ақ нақты жағдайда берілетін несиенің шарттарын анықтау табылады. [6]
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсан №434 қуалысымен бекітілген «Екніші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық» бойынша банктердегі тәуекелдерді басқару бөлімшесіне қарыз алушылардың несиелік қабілетін тиімді талдауды жүргізуге тиісті.
Қарыз алушының несиелік қабілеті оның моральдық қасиеттеріне және несиені пайыздармен қайтару үшін қарыз қаражаттарын пайдамен қайта өндіру қабілетіне де байланысты. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау дегеніміз - несиенің қайтарылуына болжау жасау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кешенді есеп (комплексная задача) болып табылады және оның құрамына қарыз алушы басқармасының біліктілігін және тәжірибесін, қызметкерлердің квалификациясын, басқармасының тәртіптілігін, қарыз алушының несиелік тарихын, қаржылық қызметін және банктың қабылдаған саясатына байланысты басқа да факторларды бағалау кіреді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктың нақты қарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдердің дәрежесін көрсетеді.
Банктердің берілетін несиелердің қайтарылмауына себеп болатын немесе олардың қайтарылуын қамтамасыз ететін факторларды зерттеу қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдауының мазмұнын құрайды.
Несиелік қабілетті анықтауда банктер мынадай сұрақтарды шешу керек: қарыз алушы өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы өтеуге қабілетті ме, оларды өтеуге дайын ба? Бірінші сұраққа банк клиенттерінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау жауап бере алады. Екінші сұрақ заңи сапатқа ие, сондай-ақ қарыз алушының жеке қасиеттерімен байланысты. [8]
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде ссуданың қайтарылмауна әкелетін көптеген әртүрлі тәуекел факторларымен байланысты. Несиелік тәуекел бір қатар экзогендік, яғни сыртқы: экономикалық ортаның жағдайымен байланысты және эндогендік, яғни ішкі: банктің қате, тиімсіз қызметімен байланысты факторлардан тәуелді болады. [6]
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
- Ссудаға қатысты қабілетті. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын жарғысымен және нұсқауымен танысуға тиіс;
- Қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауын білдіреді;
- Табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: кәсіпорынның орналасқан жері, тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Банктердегі несиені беру процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
- Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау;
- Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау;
- Несиелік және кепіл туралы келісім-шарт жасасу;
- Несие беру;
- Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау.
Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті, басқа да құжаттарды қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін үлкен маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.
Сыртқы факторлармен басқару қиын болса да, қазіргі жағдайда банктердің белгілі бір мөлшерде олардың әсерін әлсіретіп, ірі жоғалтулардың, зияндардың алдын алатындай мүмкіндіктері бар. Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі тұтқалары банктің ішкі саясаты аясында жатыр. Демек, несиелік тәуекелді басқару қабілеті банк басшылығының нақты несие жобаларын таңдаумен, сондай-ақ оларға несие шарттарын белгілеумен айналысатын қызметкерлерінің біліктілігінен тәуелді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болатын тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау арқылы банктер болуы мүмкін несиелік тәуекелдердің дәрежесін айтарлықтай төмендете алады, яғни осындай бағалауды жүргізу банктердің несиелік портфельдерінің сапасын арттыруға, күмәнді және үмітсіз несиелер үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.
- Несие қабілеттілікті талдаудың шарттары мен кезеңдері
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау оның несиені қайтару көзін талдаудан басталады. Бұл талдау қарыз алушының несиеге өтінішін ары қарай қарауды жүргізуге немесе оны қайтару туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Егер оң аралық шешім қабылданса, клиенттің несиелік қабілетін және жобаның тиімділігін бағалау жалғасады. Қарыз алушының қызметі уақыт өлшемі шегінде бағалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау барысында белгілі бір көрсеткіштер қолданылады. Өте маңызды болып табылатын көрсеткіштер жинтығы - «несие сапасының бес тірегі» кеңінен қолданылады: қызмет ету облысының жалпы сипаты, кәсіпорынның бәсекелік жағдайы, қаржылық жағдайлар, басқару сапасы және кепіл сапасы. [6]
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2003 жылы 6 желтоқсанда №434 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа» сәйкес екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерді басқару бөлімшесі қарыз алушының несиелік қабілетін тиімді бағалауға талдау жүргізеді. Банктердің директорлар кеңесі мынадай критерийлерді бекітуге тиіс:
- Қарыз алушының есеп саясатының қолданып жүрген есеп және есеп беру стандарттарына, қарыз алушылардың қаржы есептерінің шынайылығына сәйкестігін бағалау;
- Қарыз алушының негізгі және еншілес ұйымдарының қаржы жағдайын бағалаудың дұрыстығын бағалау;
- Қарыз алушының беделі мен іскерлік бет-бейнесін бағалау;
- Қарыз алушының технологиялық өндіріс саласының жағдайын және тиімділігін бағалау;
- Қарыз алушының қарыз құралдарын пайдалануын тексеру;
- Мынадай факторларды ескере отырып, қарыз алушының қарызды өтеу көздерін тексеру: өндіріс болашағы, сату динамикасы, қысқа мерзімді активтердің сапасы, борышқа қызмет көрсетуге қойылатын талаптармен салыстырғанда борышты өтеуге бөлінуі мүмкін кірістің сомасы;
- Қарыз алушының бизнес-жоспарының тиімділігін бағалау.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай критерийлер бөліп қарастырылады: қарыз алушының мінездемесі, қаражаттарды қарызға алу қабілеті, ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қаражаттарды табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәмле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі) .
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды және жеке тұлға ретіндегі беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және оны қайтару дайындығы мен талпынысы, сондай-ақ несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының беделі оның белгілі бір аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Жеке тұлға беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастардың нәтижесіне байланысты негізделеді. Банк қарыз алушының несиелік тарихын білуге тырысады: қарыз алушы өзінің өткен уақыттағы қарыздық міндеттемелеріне қалай қарады, займдарды өтеуде кідірістер болды ма, іскерлік әлемде оның беделі қандай. Сондай-ақ банк қарыз алушының психологиялық қасиеттерін де білуге тырысады, мұнда банк қарыз алушымен сұхбат жасайды, өзінің мұрағатынан оның ісін пайдаланады, басқа банктермен және фирмалармен консультация жүргізеді.
Қаражаттарды қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу қабілеті немесе басқаша айтқанда, қарыз алушының қаржылық мүмкіндігі болып табылады. Бұған байланысты банк қарыз алушының табыстары мен шығыстарын егжей-тегжейлі талдауын жүргізеді және олардың алдағы уақыттағы өзгеру перспективасын ескереді. Қарыз алушыда ссуданы қайтарудың негізгі үш көзі болады:
- Ағымдағы кассалық түсімдер (caәh flow)
- Активтерді сату
- Қаржыландырудың басқа көздері (ақша займдарын қосқанда)
Займды қайтаруда қарыз алушының дебиторлық қарызының және тауар запастарының өзгеруі өте маңызды. Көбінесе осы баптармен займдарды қайтару қиыншылықтар байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz