Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары жайлы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары

Мазмұны:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Банктердегі депозиттік операциялардың теориялық негіздері. Депозиттік операциялардың түсінігі мен түрлері. Қазақстан Республикасының депозит нарығының қалыптасуы мен ерекшелігі. Депозиттік операциялардың шетелдік тәжірибесі.
  2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының қазіргі жағдайы. Банк жүйесіндегі депозиттік операцияларды талдау. «Валют-Транзит банкі» іс-тәжірибесінің депозиттік операцияларын бағалау. Депозиттерді сақтандыру Қорының қызметін талдау.
  3. Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары. Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың хұқықтық негізі. Депозиттік саясат және оның коммерциялық банктердегі қолданылуы. ҚР депозит нарығын жетілдіру жолдары.

ІІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Банктердегі депозиттік операциялардың теориялық негіздері.

1. 1 Депозиттік операциялардың түсінігі мен түрлері.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі өте жоғары. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты және ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  1. депозиттік қаражаттар;
  2. депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. /1/

Енді депозит дегеніміз не дейтін болсақ, депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады. Депозит ( латынша depositum - сақтауға берілген зат) - бұл клиент қаражатын банкке уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастар болып табылады.

Банктік депозит мәнін зерттей отырып, З. С. Каценеленбаум депозиттің екіжақтылық сипатын атап көрсеткен. Депозиттер салымшылар үшін потенциалды қаражат болып табылады. Салымшы чек толтырып, оны циркуляцияға жіберуі мүмкін. Сол уақытта банктегі қаражат пайыздық сыйақы әкеледі. Олар салымшы үшін екі рольде көрінеді: бір жағынан, ақша ролінде, екінші жағынан, пайыз әкелетін капитал ролінде. Депозиттердің қолма-қол ақшамен салыстырғанда артықшылығы - ол пайыздық сыйақы әкеледі . . . ал кемшілігі - капиталдың әдеттегі әкелетін пайызынан азырақ пайыз әкеледі. Осы төмендетілген пайыз кездейсоқ жағдай емес, бұл банк табиғатының негізі болып табылады. Өйткені банктік депозит бойынша төлейтін пайызы өз қаражатын орналастырудан түсетін пайыздан төмен болады. Бұл жерде екеуінің қатынасы - ¼ болып табылады. /2/

Депозит тек клиентке ғана емес, сондай-ақ банкке де пайдалы. Көптеген депозиттер банкке ссудалық капитал құруға мүмкіндігі бар. Содан соң банк оны тиімді салаларға орналастырады. Депозиттер бойынша пайыз бен несие бойынша пайыздың айырмасы банктің табысы болып табылады. Банктердің осы табысты көбейтуге тырысуы ресурстық базаны көбейтуге ұмтылуына әкеледі.

Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмас еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаражатты алмайтындықтан, банктік қолма-қол ақша резерві тым көп болмауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік операциялар қолма-қолсыз түрде жүреді. Кассалық резерв ретінде қолданылмаған қолма-қол ақша қаражаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде қолданылуы мүмкін. /3/

Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  1. талап етуіне дейінгі депозиттер;
  2. мерзімді депозиттер;
  3. жинақ салымдары;
  4. бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:

  1. мерзімдеріне қарай;
  2. салым иелерінің категорияларына қарай;
  3. қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  4. пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  5. банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай т. б.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрге бөлінеді:

  1. жеке тұлғалардың шоттары;
  2. кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың шоттары;
  3. жергілікті билік ұйымдарының шоттары;
  4. қаржылық мекемелердің шоттары;
  5. шетелдік азаматтардың шоттары.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Талап етуіне дейінгі депозиттер ағымдағы есеп-айырысулар үшін қажет. Мұндай шотты ашуға ниетті ең алдымен клиент білдіреді, себебі оған есеп-айырысып, төлемдер жүргізу қажет болады. Мұндай шоттар бойынша қаражат қозғалысы қолма-қол ақша түрінде, чекпен, аударыммен, басқа да төлем құжаттарымен ресімделуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесінде талап етуіне дейінгі депозиттерге келесілер жатады:

  • мемлекеттің, акционерлік кәсіпорындардың және әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуіне дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Кемшілігі - шот бойынша пайыз төленбейді немесе өте төмен мөлшерде төленеді. Осылайша, талап етуіне дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  1. ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады;
  2. шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
  3. банктер талап етуіне дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  4. талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Талап етуіне дейінгі депозиттердің бір түріне контокорренттік шотты да жатқызуға болады. Контокоррент ( итал. conto corrente - ағымдық шот) - бұл банктің клиентпен арадағы барлық операциялары есепке алынатын бірегей шот болып табылады. Контокоррентте бір жағынан, банк ссудалары мен клиенттердің бұйрығы бойынша шоттарда жүргізілетін барлық төлемдер жүргізілсе, екінші жағынан - шотқа аударым, салым түрінде түсетін қаражаттар орналастырылады. Осылайша, бұл - активті-пассивті шот болып табылады. Кредиттік сальдо клиенттің өз қаражаты бар екенін білдірсе, дебеттік сальдо лкиент зайымдық қаражат алып, несие бойынша қарыз екенін көрсетеді. Кредиттік сальдо бойынша банк клиент пайдасына пайыз есептесе, дебеттік сальдо кезінде өзі берген несие үшін клиенттен пайыз алады. Бұл жерде пайыз шот иесі пайдасына есептелетін пайызға қарағанда жоғары мөлшерлемемен есептеледі. Контокоррентті шоттар сенімді клиенттерге ашылады. Шот иесі қаражат түсімінен гөрі шығыны асып кеткен жағдайда арнайы құжат толтырмай-ақ банкпен келісілген шарт бойынша белгілі бір сомада несие ала алады.

Контокоррентті шотқа ұқсас овердрафты бар шотты айтуға болады. Бұл шот бойынша клиент пен банктің шартына сәйкес шот иесі шот қалдығындағы қаражаттан көп қаражат алуына болады. Алайда, мұндай шот бойынша қарыз алу сирек болады. Яғни, бұл шотқа пассивті қалдық тән. Овердрафты бар шоттың контокоррент шоттан айырмашылығы - онда бір мезгілде басқа шоттар да ашыла береді. Ал, контокоррент шотта банктік операциялардың барлығы жинақталған. Сонымен қатар, контокоррент шоттар шаруашылық субьектілер үшін ашылса, овердрафты бар шоттар жеке тұлғаларға да ашыла береді.

Талап етуіне дейінгі депозиттерге банктердің корреспонденттік шоттары да жатады. Бір банктің басқа банктерде ашқан шоттары ностро-шот деп аталады. Керісінше, басқа корреспондент банктердің осы банкте ашқан шоттары лоро-шоттар деп аталады. Банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату кезінде жақтар осы шоттар бойынша овердрафтың болуын қарастырады. Кредиттік және дебеттік қалдық бойынша шекті мөлшері, мерзімі, пайыздық мөлшерлемелері банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар туралы келісім-шартпен анықталады. Лоро-шотта пассивті сальдоның құрылуы банк айналымында басқа корреспондент банктерден тартылған қосымша ресурстардың болуын білдіреді. Ал, активті сальдо - овердрафтың пайда болуын, яғни корреспондент банкке несие бергендігін көрсетеді. Ностро-шотта осыған қарама-қарсы қозғалыс болады.

Осылайша, лоро және ностро шоттар бойынша кредиттік сальдо банк балансында корреспондент банктен алған ресурстардың болуын көрсетеді. Көптеген банктерде талап етуіне дейінгі депозиттер тартылған қаражаттар құрылымында көп үлесті алады. Бұл банктік ресурсты қалыптастырудың ең арзан жолы болып табылады. Талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары мобильділігіне байланысты бұл шот қалдығы үнемі өзгерісте болып табылады. Шот иесінің қаражатты кез келген уақытта алып кету мүмкіндігі банк айналымында жоғары өтімділігі бар активтердің болуын талап етеді. Сондықтан банктер бұл шоттарға өте аз пайыз төлейді немесе тіпті төлемейді. Алайда, талап етуіне дейінгі депозит қаражатының жоғары қозғалмалылығына қарамастан, оның ең төменгі қалатын сомасын анықтап, соны тұрақты несиелік ресурсқа айналдыруға болады. Талап етуіне дейінгі депозит шотында сақталған және «мерзімді депозитке» ауыстыруға болатын қаражат үлесін келесі формула бойынша есептеуге болады:

А=(Оср/Окр) * 100 %;

мұндағы А - мерзімді депозиттік шоттарға ауыстыруға болатын қаражат үлесі;

Оср - бір жылдағы ағымдық шоттағы орташа қаражат қалдығы;

Окр - бір жылдағы ағымдық шот бойынша несиелік айналым.

Мерзімді депозиттер дегеніміз - банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.

Мерзімді депозиттердің ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді депозиттер;
  • алдын ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  • 30 күнге дейінгі;
  • 30-90 күнге дейінгі;
  • 90-180 күнге дейінгі;
  • 180-360 күнге дейінгі;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша соған сәйкес пайыз белгіленеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғары деңгейі Ұлттық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатын алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай ескерті талап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

Елімізде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарына тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарына қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымда білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары - салым иесіне белгілі мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

  • атаулы сертификаттар;
  • мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары салым иелерінің атына толтырылады. Ал, мәлімдеуші сертификатта салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

  • аударылатын;
  • аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Сонымен қатар, сертификаттарды басқа белгілеріне қарай да бөлуге болады:

  1. Бір рет шығарылатын;
  2. Сериялармен шығарылатын.

Айналым мерзімі бойынша:

  1. мерзімді;
  2. талап етуіне дейінгі.

Өтелу шартына қарай:

  1. Белгілі бір есеп кезеңі өткенге дейін біркелкі төленіп отыратын пайыздық мөлшерлемесі бар сертификат;
  2. Пайызы сертификат мерзімі біткеннен кейін төленетін сертификат.

Сертификатты өтеу үш түрлі тәсілмен жүргізіледі:

  • сертификатты жаңадан шығару;
  • салымның басқа түрлеріне немесе талап етуіне деінгі депозитке қолма-қолсыз аудару арқылы;
  • қолма-қол ақша түрінде (жеке тұлғалар үшін) .

Сертификатты шығаратын банк шығаарылу шарты мен айналымын өзі белгілейді. Өз сертификатын тиімді орналастыру үшін келесі шарттар қарастырылуы қажет:

  • инвестор үшін тиімді пайыздық мөлшерлеме;
  • салымшы үшін тиімді болатындай сертификаттың ең төменгі шегі;
  • пайыздық мөлшерлемені қайта қараудың икемді механизмі;
  • стандартты шығарылу шарттары;
  • номиналды төлеу мен пайыздың есептелуін сенімді етіп кепілдендіру;
  • потенциалды сатып алушыларды ақпараттандыру, яғни ірі жарнама.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1-3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға беріледі.

Сертификат бланктары арнайы рұқсаты бар полиграфиялық кәсіпорындармен дайындалады. Сертификат бланкінде шығарылу шарттары мен басқа да мәліметтер орналасуы мүмкін, алайда келесі реквизиттардың болуы талап етіледі:

  • «депозиттік не жинақ сертификаты» атауы;
  • шығарылу себебіне нұсқау;
  • депозитті немесе салымды салу мерзімі;
  • сертификатты өтеу мерзімі;
  • депозиттің мөлшері;
  • салынған соманы банктің міндетті түрде қайтару міндеттемесі;
  • депозит немесе салым бойынша пайыз мөлшерлемесі;
  • тиісті пайыз сыйақысы;
  • эмитент банктің атауы мен мекен-жайы;
  • сертификаттың шығуына жауапты банктің екі тұлғасының қолдары және банк мөрі.

Егер сертификат бойынша салымды алу мерзімі өтіп кеткен болса, мұндай сертификат талап етуіне дейінгі құжат болып саналады және банк оны алғашқы талап етуінде өтеуге тиіс. Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Қарапайым депозиттік келісім-шартқа қарағанда сертификаттар келесідей артықщылыққа ие:

  • сертификаттардың таратылуы мен айналуында қаржы делдалдарының үлкен көлемінің арқасында потенциалды инвесторлардың саны артады.
  • Қайталама нарық жағдайында сертификат басқа тұлғаға сатыла алады, бұл жерде оның иесі сақталған уақытына табыс алады және банк ешқандай ресурсты жоғалтпайды;
  • Депозиттік сертификат иелері салық салу кезінде көп табыстан айрылмайды.

Жинақ сертификаттары бойынша табысқа басқа депозиттерге тәрізді салық салынбайды. Мерзімді депозиттерге қарағанда сертификаттардың кемшілігі - банктің оларды эмиссиялауымен байланысты үлкен шығындарының болуы.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік оперцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі керек:

  • депозиттік ресурстар қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда лау үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Қазіргі кезде ағымдық және жинақ шоттары банктер үшін ең тиімді ресурс көзі болып табылады. Банктер арасында клиенттер үшін үлкен бәсекелестік байқалады. Банктік терминологияда «бір клиенттің банкі» ұғымы пайда болған. Неғұрлым ірі кәсіпорындардың өз банкі бар. Алайда, банктер бір-бірінен ірі корпоративтік клиенттерді тартып алатын жағдай көп кездеседі. Бұл ағымдық және жинақ шоттарындағы қаражаттардың банк өтімділігіне өте сезімтал болып келетінін көрсетеді. Клиенттердің талаптарына сәйкес көптеген банктер шоттың жеке менеджері механизмін енгізеді. /4/

Банктік операция ретінде депозиттерді тартудың өзіндік құнын төмендететін факторды атап өткен жөн. Ұлттық Банктің нормативтік талаптарына сәйкес салымдар емн депозиттер бойынша резервтік қорға 15% төлейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктердің пассивті операцияларының мәні
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Пассивті операциялар жайлы
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz