Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқығын қамтамасыз ету мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 258 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

УДК 343.152(574)
Қолжазба құқығында

қуаналиева гүлдана амангелдіқызы

Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның
құқығын қамтамасыз ету мәселелері

12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы;
жедел-іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған

Д и с с е р т а ц и я

Ғылыми
кеңесші

Заң ғылымдарының докторы,

профессор Алауханов Е.О.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

МаЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқығын қамтамасыз етудің жалпы
сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..15
1.1 Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқығы тұжырымдамасы ... .15
1.2 Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқығын
сақтаудағы халықаралық-құқықтық стандарттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
1.3 Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқығын қамтамасыз етудің
процессуалдық құралдары мен тәсілдерінің ұғымы, маңызы және жүйесі ... ..46
2 Қылмыстық сот ісін жүргізуде сезікті мен айыпталушының құқықтарын
қамтамасыз етудің процессуалдық құралдары мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
2.1 Сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу
мәртебесі ... ... ...61
2.2 Қылмыстық іс бойынша сезікті мен айыпталушының құқығын қаматмасыз
етудегі адвокат-қорғаушының қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... .90
2.3 Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқығын қамтамасыз етудегі
соттың
бақылауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .14 7
2.4 Қылмыстық іс бойынша сезікті немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасын
заңсыз қолдануда келтірілген зиянды
өтеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .192
3 Қылмыстық іс жүргізудің түрлері және жеке тұлғаның құқықтары.
Қылмыстық іс жүргізуде жеке қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етудің
жалпы сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..200
3.1 Қылмыстық іс жүргізудің түрлері және жеке
тұлғаның
құқықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...200
3.2 Қылмыстық іс жүргізуде жеке қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз
етудің жалпы сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .228

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .254

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..259
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертация қылмыстық сот ісін жүргізуде
адамның құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста
адамның құқықтарын қамтамасыз етудегі адвокат- қорғаушының қызметі,
қылмыстық іс жүргізудегі соттқа дейінгі сатыдағы соттық бақылаудың жүзеге
асырылуы, қылмыстық іс жүргізу органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз
әрекеттері (әрекетсіздіктер) және шешімдерінен зардап шегушілердің
құқықтарын қалпына келтіру сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу
қатынастарына тартылған адамдарға келтірілген зиянды қалпына келтіру жан-
жақты қарастырылған.
Жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының
Президентінен бастап қарапайым халыққа дейін барлық деңгейде қазақстан
қоғамында адам құқықтары туралы белсенді түрде көп айтылып және жазылып
жүр, тіпті бұл жайында адам құқықтарын тұрақты түрде бұзушылардың өзі де
сөз қозғауда. Бұл мәселеге деген ынта күннен-күнге артуда, жеке алғанда
Қазақстан құқықтық мемлекет қағидаларын, адам құқықтары саласында
Халықаралық стандарттарды қолдауын белсенді түрде көрсетіп жүр. Еліміз 1966
жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентімен 24 тамыз 2009 жылығы № 858
Жарлығымен бектілген 2010 жылдан 2020 жылдар аралығына белгіленген
Республиканың құқықтық саясат Тұжырымдамасында былай делінген:
мемлекетіміздегі құқықтық саясаттың ең маңызды бөлігі ол құқықтық саясат
болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және
қылмыстық-атқару құқықтарының сондай-ақ құқық қолданудың өзара байланысқан
кешенді жолымен жүзеге асырылады [1, c. 2]. Осының барлығы тұрақты түрде
қалыптасқан адам құқықтарын қамтамасыз ету механизмін қайта қарауды талап
етеді.
Жалпы қоғам мәдениетіндегі, жеке алғанда саяси мәдениеттегі адам
құқықтарының орыны, көп жағдайда еліміздегі саяси режимнің сипатымен,
әлеуметтік-экономикалық деңгейдің дамуымен, заңдармен және тарихи
дәстүрлермен, сондай-ақ азаматтардың қалыптасқан көзқарастарының
ерекшелігімен анықталады. Адамзат дамуының барлық тарихы, жеке тұлғаны
қорғауда көрініс тауып жинақталады, басқаша айтқанда ол адам құқықтарын
қорғау деген сөз.
Қазіргі заманның рухани құндылықтарының ішінде, адам құқықтары ең
маңызды орын алады. Оның үстіне Қазақстан үшін адам құқықтарын қорғау
демократиялық құқықтық құндылықтарға бағыт сілтейтін маңызды көрсеткіш, ол
қазақстанның стратегиялық дамуындағы негізгі фактор болып табылуы қажет.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның
өмірін, құқықтарын және бостандықтарын мемлекеттің ең маңызды құндылықары
ретінде жариялады. Құқықтық мемлекет құруғы бекем бел байлап, Қазақстан
өзінің мемлекеттік қызметінің маңызды бағыттары ретінде адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғауды белгіледі. Бірақ тәжірибе
көрсетіп отырғандай, соның ішінде жетекші батыс еуропа елдерінде де заңда
жазылған нормалар мен құқық қолдану тәжірибесі көп жағдайда сәйкес
келмейді.
Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасында соңғы он жылдағы
(1998-2007 жж.), қылмыстылықтың деңгейімен негізделеді. Атап айтқанда, 1998
жылы – 162494 қылмыс тіркелсе, 1999 ж. – 139431; 2000 ж. – 150730; 2001 ж.
– 152168; 2002 ж. – 135151; 2003 ж. – 118485; 2004 ж. – 14550; 2005 ж. –
146347; 2006 ж. – 141271, ал 2007 ж. – 128064 қылмыс тіркелген.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және
арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметі бойынша 2008 жылы жалпы қылмыс
саны 127478 жеткен.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар 10 % , соның ішінде бандитизм 71,4 %
өскен. 2008 жылдың ішінде Республиканың бірінші инстанция соттарына 89 мың
адамға қатысты 55608 қылмыстық іс түскен [2, c. 30].
13 қазан 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен
оқытушыларының алдында оқыған дәрісінде былай деді: кризистік кезеңде
мемлекеттің ролі барлық салаларда күшейтіледі, оның салдары ретінде
мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын
адамдарға деген талап, жалпы адамдық капиталдың сапасы күшейтіледі. [3,
С. 2].
Құқықтық мемлекет құруға бел байлаған барлық елдерде, осындай жағдайды
ұғынып және оған есеп бере отырып, өкілетті мемлекеттік органдар мен
олардың лауазымды адамдарының тарпынан болатын келеңсіз жағдайларға қарсы
тұратын кепілдіктер құруға жағдай жасалады. Мәселен мемлекетіміздің ел
басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 29 қаңтар 2010 жылығы Жолдауында
былай деді: Біздің алдымызда құқық қорғау жүйесін реформалайтын үлкен
жұмыстар тұр. Қазіргі таңда, өкінішке орай құқық қорғау органдарының
сапасыз басқаруынан, жұмыстрындағы түсініспеушіліктерден, қажетті кадрлық
құрамның жетіспеушілігінен туындаған қиындықтар, сондай- ақ құқық қорғау
жүйесінің қызметіне таза бақылаудың болмауы айқын көрініс тауып отыр [4,
c. 2].
Жеке тұлғаның құқығын қамтамасыз ету әсіресе қылмыстық сот
өндірісінде өте өзекті мәселе болып отыр, өйткені бұл жағдайда адамның
мүддесіне жиі нұқсан келтіріліп отырады. Осы жерде, әртүрлі қылмыстық
процессуалдық мәжбүрлеу шаралары қолданылады, соның ішінде бұлтартпау
шараларын қолдану, қылмыстық әділ сот саласына тартылған адмдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде шектейді.
Бұл жерде қылмыс жасаған адамның тағдыры, оның бостандығы, тіпті
өмірі туралы мәселе шешіледі деп айтуға болады. Қылмыстық іс жүргізуде
қылмыстан зардап шеккен адамдардың және басқа да адамдардың мүдделері
қарастырылады. Алдын ала тергеу сатысында адамның құқықтарын қаматмасыз
етуге аса үлкен мән беріледі. Осы сатыда қылмыстық іс жүргізу қызметі
аясына

азаматтарды қылмыстық іс жүргізудің әртүрлі қатысушылары ретінде тарту
басталады. Жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы деректер өте аз болғанда,
адамдардың құқықтарын тергеудің алғашқы сатысында қамтамасыз ету өте қиынға
соғады. Қылмыстық іс жүргізу қызметі мен жедел-іздестіру қызметінің өзара
тығыз байланысы, соттағы іс жүргізуден әлдеқайда ерекшеленеді.
Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, тергеу кезінде белсенді түрде
қолданылады.
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданғанда, қылмыстық іс
жүргізудің қарама-қарсы екі бастамасы тоғысады деп айтуға болады:
субъектінің жалпы және арнаулы мүдделері. Бір жағынан, іс жүргізудің жеке
қатысушылары үшін процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану қылмыстық сот
өндірісінің міндеттерін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етумен байланысты,
екінші жағынан, адамның өзінің құқықтары мен бостандықтарын шектеуді
болдырмау өз мүдделеріне қарама-қарсы келеді. Аталған келіспеушілік
қылмыстық сот өндірісінде жеке адам мен мемлекет арасындағы тепе теңдікті
шешу мақсатында жол табуға бағыт сілтейді. Процессуалдық мәжбүрлеу
шараларын қолдану тергеу мен сотта іс қарауды қамтамасыз етудің бірден-бір
құралы екенін ескерсек, адамды құқықтық қорғаудың сапалы құралы оған қарсы
тұра алуы қажет.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының талқылану деңгейі. Қылмыстық сот
өндірісіндегі адамның құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері көптеген отандық
ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Атап айтқанда, Е.О. Алауханов, М.Т.
Алимбеков, А.Н. Ағыбаев, Т.К. Айтмухамбетов, А.Н. Ахпанов, Л.Ш.
Берсугурова, Б.М. Бишманов, И.Е. Қайржанов, Р.М. Жамиева,
С.К. Жүрсімбаев, И.И. Рогов, С.Т. Тыныбеков, Ш.М. Шарипов, А.А. Исаев, М.Ч.
Қоғамов, Д.К. Канафин, К.А. Мами, С.С. Молдабаев, А.С. Нұралиева,
Т.Е. Сарсембаев, Г.Ж. Сүлейменова, А.Ж. Түкеев, А.А. Түгел, Р.Т.
Түсіпбеков, Р.Н. Юрченко және тағы да басқалары.
Жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз еті мәселесіне орасан зор еңбек
сіңірген келесі Ресей ғалымдарын атауға болады: А.Я. Азаров, О.Я. Баев,
В.П. Божьев, А.Д. Бойков, В.В. Вандышев, В.В. Владимирова, М.Х. Гельдибаев,
А.Н. Головисткова, В.Н. Григорьев, К.Ф. Гуценко, Л.Ю. Грудцина, Н.В. Жогин,
Н.И. Капинус, К.Б. Калиновский, М.А. Ковалев, Э.Ф. Куцова, В.А. Лазарева,
А.М. Ларин, В.М. Лебедев, Ю.Д. Лившиц, Е.А. Лукашева, П.А. Лупинская,
Т.Г. Морщакова, И.Л. Петрухин, В.М. Савицкий, А.В. Смирнов,
М.С. Строгович, В.Т. Томин, В.С. Шадрин, А.С. Шейфер және тағы да
басқалары.
Бірақ аталған ғалымдардың қылмыстық сот өндірісінде адамның құқытарын
қаматамасыз ету мәселесін зерттеуге қосқан үлкен үлесіне қарамасытан,
көптеген сұрақтар дау-дамай мәселе ретінде қалып отыр.
Осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеудің қажеттілігі құқықтық
реформалар поцессімен, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу заңдылығы саласына
байланысы болып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2010-2020
жылдарға арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күрес
жүргізудің және қылмыстық әділ сот саласына түскен азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғауда баламасы жоқ құрал есебінде қарастырылады.

Дүние жүзілік қауымдастықта Қазақстанның интеграциясы, 2010 жылдағы
ОБСЕ-ге төрағалық ету, адам құқықтары саласында халықаралық стандарттарды
ұқыпты түрде талдауды, шет мемлекеттерде қылмыстық сот өндірісіне
қатысушылардың құқықтарын қаматамасыз ету ерекшеліктерін талдауды қажет
етумен негіздеп отыр. Адамның құқықтары мен бостандықтары, ол жеке тұлғаның
құқықтарын қорғау саласындағы біріңғай халықаралық құқықтық стандарттарды
белгілеу үшін қажетті құқықтық құндылықтар болып табылады. Қазіргі
халықаралық құқық жалпыға танымал және барлық мемлекеттер үшін міндетті
қылмыстық процессуалдық қатынастар аясындағы адамдардың негізгі құқықытары
мен бостандықтарын анықтайтын нормаларды қамтиды.
Диссертациялық зерттеудің объектісі - қылмыстық сот өндірісіндегі
адамдардың құқықтарын қамтамасыз етумен байланысты қылмыстық процессуалдық
қатынастар болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің пәні - халықаралық құқықтық іс құжаттар,
қылмыстық сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқықтарын қамтамсыз етуде пайда
болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдылығы,
сонымен қатар тиісті құқық қолдану тәжірибесі болып табылады.
Кең мағынада алғанда қылмысты тергеу барысында жеке тұлғаның
құқығын қамтамасыз ету деп, тергеуге қатысушы барлық тұлғалардың соның
ішінде тергеушілер, прокурорлар, анықтама жүргізушілердің құқығын
қаматамсыз ету деген сөз. Қылмыстық процесті жүргізуші мемлекеттік органдар
мен лауазымды тұлғалардың мәртебесінің мазмұны, сондай-ақ олардың
шарттарын жүзеге асырудың өзінің ерекшелігі бар және өз алдына үлкен мәселе
болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен қылмыстық іс жүргізу қатынастарына
тартылған сезікті, айыпталушы, азаматтық жауапкер, азаматтық талапкер
құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне арналған.
Олардың ішінде қылмыстық іс өндірісімен елеулі түрде мүдделері
қозғалатын қылмыстық процесс қатысушылары, атап айтқанда айыпталушы,
сезікті және т.б. қатысушылар аса үлкен көңіл бөлуді қажет етеді.
Аталған қатысушыларға қатысты шығарылған, жеке тұлғаның құқығын
қамтамасыз етудің жалпы ережелері, тергеуге қатысушы басқа да барлық
азаматтарға тиесілі болып табылдады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Берілген зерттеу
жұмысының мақсаты, қылмыстық сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқығын
қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді кешенді қарау негізінде тұжырымдап
және оларға талдау жүргізу болып табылады. Және де осы негізде қылмыстық
сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқығын қамтамасыз етудің сапасын көтеру
бойынша тұжырымдарды талдап шығару және негіздеу.
Осы қойылған мақсаттар негізінде төмендегідей міндеттерді шешу алға
қойылады.
• қылмыстық сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқығы тұжырымдамасын
ашу;
• Қазақстанның қылмыстық сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқығын
қамтамасыз ету сұрақтары бойынша халықаралық құқықтық
стандарттарды талдау;
• бұлтарпау шарасын қолдануда сезікті, айыпталушының құқықтарын
қамтамасыз етудің процессуалдық құралдарының ұғымы мен мәнін
ашу;
• сезікті, айыпталушының құқықтарын қамтамсыз етуде адвокат
қорғаушының қызметін зерттеу;
• сезікті, айыпталушыға бұлтарпау шарасын қолданудан келтірілген
зардапты ақтау және өтеп беру институттарын талдау;
• қылмыстық іс бойынша сезікті, айыпталушының құқықтарын
қамтамасыз етудің процессуалдық құралы ретінде, қылмыстық сот
өндірісіндегі соттық бақылаудың орнын талқылау;
• қылмыстық сот өндірісіндегі жәбірленуші мен азаматтық
талапкердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін талқылау.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Берілген жұмыстың ғылыми жаңалығы
жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету мәселесінің кешенді түрде аз
зерттелуінде болып табылады. Қазіргі бар жұмыстар, қарастырылып отырған
мәселені толығымен ашып көрсете алмайды.
Жұмыста автор соттық бақылау, ақтау, зардапты өтеу сияқты қылмыстық
сот өндірісіндегі жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету механизмінің
компоненттеріне жүйелі зерттеу жүргізеді.
Диссертанттың қорытындылары қылмыстық сот өндірісіндегі жеке
тұлғаның құқықтарының ролі мен орнын қайта қарауға мүмкіндік береді.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізін, қазіргі қолданатын
таным әдістері, сонымен қатар жалпы ғылыми және арнаулы кешенді зерттеу
әдістері (тарихи-заңды, формальды-заңды, формальды-логикалық, салыстармалы-
құқықтық және тарихы әдістер, жүйелі талдау әдісі және т.б.) анықтайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық негізі. Автор диссертациялық
жұмысты дайындау барысында мемлекет және құқық теориясы, қылмыстық іс
жүргізу және басқа да құқық салалары, жедел-іздестіру қызметі және
криминалистика, социология және философияның негізгі ережелерін, сондай-ақ
қылмыстық іс бойынша сот тәжірибесінің теориялық аспектілеріне қатысты
ғылыми ережелерді басшылыққа алды.
Диссертациялық зерттеудің нормативтік базасын, халықаралық құқықтық
актілер, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері және
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылығы (заңдар, жарлықтар,
кодекстер және т.б.) сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарға Сотының
қаулылары құрады.
Диссертациялық зерттеудің эмпирикалық базасы. Алынған тұжырымдарды
тексеру және негіздеу үшін, зерттеу тақырыбы бойынша қажетті толықтықты
қамтамасыз ету негізінде әртүрлі аспектідегі эмпирикалық мәліметтер
жиналды. 2002—2009 жылдар аралығында жеке диссертантпен және оның басшылық
етуімен еліміздің әртүрлі аймақтарынан 50 тергеу қызметкерлерінен, 20-дан
аса адвокаттардан, 40-қа жуық ұсталғандар немесе қамауға алынған сезіктілер
және айыпталушыларды алдын ала тергеу сатысындағы ұсталғандардан анкеталық
сауалдар алынды. 60-тан аса қылмыстық іс зерттелді.
Сонымен қатар, статистикалық мәліметтер, 2009 жылдың наурыз айында
Атырау, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында халықтың қауіпсіздігі
және қылмыстан зардап шеккендердің құқықтарын қамтамасыз ету сұрақтары
бойынша, сондай-ақ басқа авторлардың социологиялық зерттеулерінің
жарияланған қорытындылары және сот тергеу тәжірибесі қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы, қылмыстық іс жүргізудегі адам құқығының
жалпы тұжырымдамасының дамуында, адамды, оның құқықтары мен бастандықтарын
ең жоғары құндылық ретінде танитын конституциялық талаптарға жауап беретін,
қылмысты тергеуде жеке тұлғаның құқығын қаматмасыз етудің концептуалдық
ережелері анықталады. Осы негізге сәйкес, алғаш рет кешенді түрде талдау
және синтездік әдістерді қолдана отырып, жеке тұлғаның құқығын қамтамасыз
ету және тергеу жүргізудің сатысының мазмұны, сипаты, нысандарына қатысты
өзара байланысқан және өзара тәуелді сұрақтар зерттеледі. Қорытындысында,
аса маңызды мемлекеттік-құқықтық, әлеуметтік және саяси мәні бар, ғылыми
мәселені шешуге бағытталған құнды теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік
ұсыныстар жасауға қол жеткізіледі.
Диссертациялық зерттеу қорытындысы бойынша қорғауға төмендегідей
тұжырымдар ұсынылады:
1. Тергеу жүргізуге қатысатын әрбір адам (Қазақстан Республикасының
азаматы, шетел немесе азаматтығы жоқ адам) ар намысы және тумысынан
берілген құқықтары бар жеке тұлға болып табылады. Мемлекет адам құқықтарын
шектейтін заңдарды, басқа адамдардың құқықтарын тиісті түрде танып және
құрметтеу үшін сонымен қатар, демократиялық қоғамда әділетті құлықтылық
талаптары мен қоғамдық тәртіпті қанағаттандыру мақсатында белгілей алады.
Тергеу жүргізуге қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету
Қазақстанның Конституциясына сәйкес, адам, оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары ең жоғары құндылық ретіндегі тұжырымға жауап беріп және адам
құқықтары саласындағы халықаралық қағидалар мен нормаларға (стандарттарға)
сәйкес келуі қажет.
2. Жеке тұлға құқығының тұжырымдамасы ол – қылмыстық сот
өндірісіндегі жеке тұлға құқықтарының орны мен ролі туралы жалпы танымал
түсініктер мен көзқарастардың жүйесі. Адам құқықтарының тұжырымдамасы және
оның ережелерімен негізделген көрсетілген құқықтардың мәртебесі, қылмысқа
тергеу жүргізу барысындағы жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету деңгейін
елеулі түрде жоғарлату қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар, бүтіндей
алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаты, мәні, бағыты және
дәрежесінің қалыптасуын негіздейді.
3. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы процессуалдық кепілдіктер
- ол қылмыстық сот ісін жүргізуді тағайындауға қол жеткізуді қамтамасыз
ететін заңмен белгіленген құралдар мен тәсілдер және қылмыстық процесске
барлық қатысушылардың өз құқықтары мен міндеттерін орындау мүмкіндіктерін
жүзеге асыру болып табылды.
Қылмыстық іс жүргізудегі процессуалдық кепілдіктер ұғымы
қылмыстық процессуалдық кепілдіктер ұғымынан әлдеқайда кең. Қылмыстық
процессуалдық кепілдіктер ұғымына қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген
және тек қана қылмыстық іс жүргізу саласында әрекет ететін кепілдіктерді
жатқызу дұрыс болып табылады, ал процессуалдық кепілдіктер ретінде, өз
алдына қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық, конституциялық тіпті
қылмыстық процессуалдық құралдарын да жатқызуға болады.
Айыпталушы мен сезікті құқықтарының процессуалдық кепілдіктерін,
қылмыстарды ашуға кедергі болатын және қылмыстылықпен күрес жүргізудің
жағдайына кері әсерін тигізетін, оларға берілген незеслужү. Жеңілдіктер
ретінде қарастыруға болмайды.
Қылмыстылықтың дәрежесі, құрылымы және жағдайы, ең алдымен қылмыстық
іс жүргізу саласынан тыс жатқан криминогендік мән-жайлармен анықталады.
Жеке тұлғаның құқықтарының тиісті дәрежеде қамтамасыз етілуінің
процессуалдық кепілдігінің болмауы, тергеу сатысында іс жүргізетін
мемлекеттік органдардың тарапынан қызметтерін теріс пайдалану және асыра
сілтеушілік үшін негіз болады. Бұл келеңсіздік құқықтық мемлекетте болуға
тиісті емес жеке тұла үшін және жалпы қоғам үшін аса қауіпті болып
табылады.
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану, тергеу жүргізу барысында
адам мен азаматтардың құқықтарын шектеу қатаң түрде заңға сәйкес және
процессуалдық нысанда алынған фактілік мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы
қажет.
Егер де тергеу жүргізуге қатысатын азаматтар Конституцияға сәйкес,
заңмен тыйым салынбаған барлық тәсілдермен өздерінің құқықтарын қорғауға
құқықты болса, онда тергеу жүргізетін органдарға қатысты келесі ереже
әрекет етеді; тікелей заңда рұқсат етілмесе, барлығына тыйым салынады.
4. Процессуалдық кепілдіктердің жүйесі – ол қылмыстық іс бойынша
әділеттілікті анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде өзара әрекет ететін
процессуалдық құралдар мен тәсілдердің бүтіндей тұтастығы.
5. Жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің
әділсоттың процессуалдық кепілдіктерінен айырмашылығы, оның объектісі
ретінде, қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған адамның жеке
мүддесі болып табылады. Міне осы жағдай қылмыстық сот ісін жүргізудің
белгілі бір қатысушыларына ерекше анықталған жеке тұлға ретіндегі қажетті
қатынастың пайда болуын негіздейді, ал олардың құқықтары мен заңдық
мүдделерін қарастырылып отырған процессуалдық кепілдік түрінің объектісіне
жатқызады. Іс бойынша белгілі бір өндірісті жүзеге асыратын лауазымды
адамдардың, кәсіби деңгейі, қызметтік жағдайына қарамастан қылмыстық іс
жүргізуге тартылған азаматтардың, сондай-ақ қоғамдық борышына қарамастан
қылмыстық-процессуалдық қызметке қатысушы басқа да тұлғалардың қылмыстық
сот ісін жүргізу саласында жеке мүдделіктері болмайды. Біздің пікірімізше,
жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде,
қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың (яғни, іс бойынша өзінің
құқықтық мүддесі бар немесе басқа тұлғалардың құқықтарын қорғаушы
субъектілер) және куәлардың құқықтық мәртебесінің процессуалдық
кепілдіктеріне қатысты айтуға болады.
6. Белгілі бір қылмыстық-процессуалдық функцияларды атқаратын адам
ретіндегі, азамат ретіндегі және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы
ретіндегі нақты субъектінің барлық құқықтары мен міндеттері, оның
процессуалдық құқықтық мәртебесінің мазмұнына кіреді және қамтамасыз
етілуге жатады.
7. Жеке тұлғаның заңдық мүдделері, қылмыстық сот ісін жүргізуге
қатысушылардың процессуалдық мәртебесінің өз алдына жеке бір элементі болып
табылады және заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ тыйым салынбаған құқықтық
рұқсат етілу арқылы, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың қылмыстық
іс бойынша қоғаммен жақталатын және өздері үшін жағымды қорытындыларға қол
жеткізуге ұмтылуын білдіреді. Қылмыстық іс жүргізудің, құқықтық реттеудің
жалпы рұқсат етілген типтегі құқық салаларынан айырмашылығы, заңды мүдделер
процессуалдық қызметтің құралы емес, құқықтық қамтамасыз етудің объектісі
ғана болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқықтық шектулермен байланысты
билік өкілеттігін қолдана алатын сала ретінде, субъектілерге нақты
процессуалдық құқықтар мен міндеттерді жүктеу арқылы, қылмыстық-
процессуалдық қызметтің жеке тәртіп белгілеуімен қарастырылған, құқықтық
реттеудің рұқсат етілген типінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін, жеке
және барлығын қамтитын тәртіп белгілеуді талап етеді. Қылмыстық сот ісін
жүргізуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі,
барлық жағдайда өндірісінде қылмыстық ісі бар лауазымды тұлғаның қатынасты
міндетінің бар болуына негізделіді. Қылмыстық іс жүргізуде өздерінің
функцияларын жүзеге асыру үшін, оның қатысушылары өздерінің басқа да
құқықтарын (мысалы, конституциялық) пайдалана алады. Бірақ оларды жүзеге
асыру барысында туындаған құқықтық қатынастар, қылмыстық-процессуалдық
қатынастарға жатпайды. Осыған байланысты біздің ойымызша, Қылмыстық істер
жүргізу кодексінде белгіленген заңға қайшы келмейтін құралдармен және
тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға деген
айыпталушының құқығы (ҚР ҚІЖК 69 бабы, 2 бөлігінің, 1 тармағы), сондай ақ
заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін
пайдалануға деп көрсетілген қорғаушының құқығы (ҚР ҚІЖК 74 бабы, 2
бөлігінің, 12 тармағы) олардың қатысуымен пайда болатын қылмыстық-
процессуалдық қатынастарды құқықтық реттеу типіне сәйкес келмейтіндіктен,
олардың процессуалдық құқықтарының тізбегінен алынып тасталуы қажет.
8. Қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке тұлғаның құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету – ол қылмыстық сот ісін жүргізу саласына
тартылған және оған жеке құқықтық мүдделігі бар жеке тұлғаның құқықтыры
мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіліп тікелей жүзеге асырылатын
және процессуалдық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жағымды
шарттар жасауға бағытталған қылмыстық сот ісін жүргізуге басқа да
қатысушылардың қатысуымен тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот және
қорғаушының қызметі болып табылады.
9. Қорғау функциясы - ол күдік немесе айыптың жалған екенін
дәлелдеу, сезіктіні ақтап, сезіктінің жауаптылығын жоятын немесе
жеңілдететін мән-жайларды ашу, сондай-ақ оның жеке және мүліктік құқықтарын
қорғауға бағытталған сезікті мен айыпталушының, олардың қорғаушысының,
азаматтық жауапкер мен оның өкілінің, кәмелетке толмаған сезікті мен
айыпталушының заңды өкілінің процессуалдық қызметі болып табылады.
10. Сезікті мен айыпталушының білікті заң көмегін алудағы
конституциялық кепілдігі (ҚР Конституциясының 13 бабы), қорғалушыға
құқықтық көмек көрсету, қорғаушының дәлелдеуге қатысуы, сондай-ақ сезікті
немесе айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған
қорғаушының белсенді қылмыстық-процессуалдық қызметін талап ету ретінде
талқыланып түсіндірілуі қажет.
11. Қазіргі уақытта сезікті мен айыпталушының тарапынан өз
қорғалушысының құқықтары мен бостандықтарын жақтау үшін қорғаудың барлық
құралдары мен тәсілдерін сапалы қолдануға қабілетті білікті қорғаушының
қатысуы икемді. Болашақта қорғаушы ретінде адвокаттар алқасының мүшесі
болып табылмайтын адамның қатысуын да жоққа шығаруға болмайды. Бірақ ҚІЖК-
де, заңгер өз қорғалушысына білікті заң көмегін көрсетуге қабілетті, және
ол көмек лицензиямен куәландырылуы қажет деген шартпен шектелуі керек. Осы
мақсатпен заң жүзінде, қылмыстық қудалау жүргізіліп жатқан адамдарды
қорғауға қатысты кәсіби және білікті талаптарды, сонымен қатар жеке
қызметті лицензиялау үшін нақты белгілерді анықтау қажет.
12. Заң әдебиеттерінде айтылған, қорғаушыға параллелді тергеу
жүргізу өкілеттігін беру туралы пікірлермен келісуге болмайды. Қылмыстық
процессуалдық-қатынастарда билік бастамасынсыз, қылмыстық сот ісін
жүргізуді дамыту, алдағы турған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушылары, мемлекет өкілімен тікелей және
нақтылы байланыста болмаса, тергеу барысында өз құқықтары мен жүктелген
міндеттерді жүзеге асыра алмайды. Көрсетілген пікірлерді Қазақстанның
қылмыстық іс жүргізу жүесін бұзып қана, орындауға болады. Ол әрине ойға
сыймайтын жағдай.
13. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемедердің жарамсыздығы туралы
ереженің ассимитриясын қолдануды оң жағынан шешуге тыйым салатын құқықтық
ереженің негізі болып: 1) Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші
болмайды деп ҚР Конституциясында көрсетілген норма (77 бап, 3 тармағының
9 тармақшасы); 2) Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы тараптар тең
құқықты, яғни оларға Конституциямен және осы Кодекспен өз айқындамаларын
қорғауға бірдей мүмкіндік берілген деп жария етілген қылмыстық сот ісін
жүргізудің қағидасы (ҚІЖК-ң 23 бабының 7 бөлігі); 3) Дәлелдемелердің
жалпылығы қағидасы; 4) Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер заңдық күші
жоқ деп танылады және айыптаудың негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы
Кодекстің 117 бабында аталған кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде
пайдаланыла алмайды (ҚІЖК-ң 116 бабының 4 бөлігі).
14. Бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан келтірілген зиянды өтеу,
өз алдына жеке құқықтық кепіл, сезікті мен айыпталушының құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің түрі, сондай-ақ
кешенді құқық институты болып табылады. Азаматтық құқық нормалары,
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз
әрекеттерінен келтірілген зиян үшін туындайтын азаматтық-құқықтық
жауаптылықтың пайда болуымен байланысты материалдық негіздер мен шарттарды
белгілейді. Келтірілген зиянды өтеу құқығы (ҚР АК-ң 923 бабы), бұлтарпау
шарасының кез келген түрін заңсыз қолданған жағдайдың барлығында
пайдаланылып және ҚР ҚІЖК-ң 40 бабында аталған жауаптылық түрін жүзеге
асырумен байланысты қоғамдық қатынастардың процессуалдық тәртібі
белгіленген нормамен сәйкестендіру қажет.
15. ҚР АК 923 бабындағы келтірілген зиянды толық көлемде өтеу
туралы талапты, қылмыстық сот ісін жүргізу органының лауазымды адамдарының
кінәсіна тәуелсіз, кейін ақталған азаматтарға қатысты қылмыстық қудалаумен
байланысты олардың жүргізген кез келген процессуалдық әрекеттері мен
шешімдері заңсыз болып табылады деп талқылауға болмайды. Тергеу жүргізіші
адамның, прокурор немесе соттың әрекеттері мен шешімдерінің заңсыздығы
заңда көрсетілген нақты талаптарды бұзумен, я болмаса мемлекеттік орган
немесе лауазымды адамның өкілеттіктерінің шегінен тыс шығуымен анықталады.
Азаматты ақтау туралы фактінің өзі, оған қатысты қолданған бұлтарпау
шарасының заңсыз болып табылатындығын білдірмейді. Ақтап шығару негізі
бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы ақтау үкімі немесе қаулысы
(анықтама) шығарылған жағдайда, бұлтартпау шарасы алынып тасталады, өйткені
оның болашақтағы қажеттілігі жойылады, яғни оның әрекеті қысқартылады,
себебі бұл жағдайда қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарына қол жеткізіледі.
Егер де белгіленген бұлтартпау шарасы заңсыз деп танылса, ол туралы оны
жойып отырған істің соңғы шешімінде тікелей көрсетілуі қажет.
16. Жеке тұлға үшін тиісті лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері
(әрекетсіздіктері) және шешімдерімен келтірілген моральдық зиян аса маңызды
болып табылады. Ақшалай эквивалнет түрінде оның мөлшерін бағалау үшін,
моральдық зиянды өтеудің төменгі шегін белгілеу қажет. Бір жағынан бұл
әдіс, көрсетілген мәселені шешу барысында асыра сілтеушілікті шектеуге
септігін тигізеді және материалдық компенсацияның соммасын тағайындауда
анықталған біркелкілікті қалыптасырады. Оның үстіне судьялар істің барлық
қажетті мән жайларын ескеруге және әрбір жеке жағдайда ақшалай
компенсацияның қолайлы мөлшерін өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалауға
мүмкіндіктері болады. Екінші жағынан, бұл әдіс ақталған адамдарға
өндірісінде қылмыстық ісі бар лаузымды адамдардың заңсыз әрекеттері
нәтижесінде алынған моральдық және күштеп азапталудың ең төменгі болса да,
белгілі бір ақшалай компенсациясын алуға кепілдік береді.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу негізінде
алынған талдап қорытулар мен тұжырымдар қылмыстық процесске қатысатын
адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге қажетті шарттар белгілеу үшін өз
жиынтығында конституциялық алдын ала анықталған теориялық негізді құрайды.
Ол жеке тұлғаның нақты қылмыстық процессуалдық кепілдіктерін талдап шығару
үшін, сондай-ақ тергеудің сипаты мен мазмұнының толыққанды жүзеге
асырылуына жағымды жағдай қалыптасыру үшін маңызы бар.
Зерттеу қорытындылары болашақта қылмыстық іс жүргізуді оқып
зерттеу мен жетілдіру үшін маңызды рөль атқарады. Өйткені қазіргі уақыттағы
жалпы құқық теориясының әдістемесінің және қылмыстық іс жүргізу ғылымын
қоса алғанда заң ғылымдарының барлық салаларының мәнмағынасын білдіретін,
адам құқықтарының тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық сот ісін жүргізудегі
жеке тұлағаның құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін алдын ала шешпей,
қазіргі уақытта қылмыстық сот ісін жүргізуді әрі қарай дамыту үшін нәтижелі
жұмыс жасау мүмкін емес.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы қылмыстық сот ісін жүргізудің
тәртібі (регламентациясы) мен тәжірибесіне қатысты нақты ұсыныстар кешенін
талдап шығарудан көрініс табады.
Диссертанттың ұсыныстары Қазақстанның Конституциясына және халықаралық
құқық талаптарына сәйкес, ұсынып отырған жеке тұлғаның құқықтарын
қамтамасыз ету регламентациясын аяғына дейін жеткізу мақсатында, қылмыстық
процессуалдық заңдылықты жетілдіру бойынша норма шығармашылық қызметте
пайдаланылуы мүмкін.
Қол жеткізілген нәтижелер қылмыстық әділет басқармасы органдарының
тәжірибелік қызметінде, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарын шығару үшін
және заң жоғары оқу орындары мен факультеттерінде қылмыстық іс жүргізуді
оқытуды жүзеге асыру барысында қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижесінің апробациясы. Автордың диссертациялық зерттеу
бойынша жүргізілген нәтижелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң сот билігі және
қылмыстық іс жүргізу кафедрасында талқылау барысында апробациядан өтті.
Зерттеудің негізгі ережелері диссертантпен ғылыми конференциялар мен
семинарларда бірнеше мәрте баяндалып талқыланған. Олардың ішінде әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-де 28 қаңтар 2010 жылы өткізілген Қылмыстық іс жүргізу
саласында адам құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны атауға болады.
Зерттеу процессі барысындағы алынған мәліметтер, оның негізгі
тұжырымдары мен ұсыныстары, 2000-2010 жылдар аралығында Ішкі Істер
Органдары тергеушілерінің тәжірибелік қызметіне, прокуратура және сот
органдарының қызметіне тұрақты түрде енгізіліп отырды. Тергеу аппаратының
қызметінде, соның ішінде адамның құқықтарын қамтамасыз етудегі заңдылықтың
сақталуы бойынша нақтылы әдістемелік ұсыныстары бар, диссертанттың
қатысуымен дайындалған ғылыми-тәжірибелік құрал, ІІҚ-ті басшылығының
шешімімен тәжірибеде қолдану үшін, еліміздің ішкі істер органдарының барлық
тергеу бөлімдеріне жіберілді. Сонымен қатар, диссертент зерттеу нәтижелерін
Атырау және басқа да облыстардың прокуратураларында өткізілген аймақтық
семинарлардағы баяндамаларда жүйелі түрде пайдаланып отырды.
әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінде диссертацияның
авторы дайындап шығарған Алдын ала тергеуге қатысушылардың құқықтарын
қамтамасыз ету (дәрістер, семинар және тәжірибелік сабақтар) атты арнаулы
курс оқытылады. Арнаулы курс аталған жоғары оқу орынының бітірушілерін
қылмысты тергеу барысында адамның құқықтарын қамтамасыз етуге күшейтілген
талап қоя отырып, қазіргі кезеңдегі тәжірибелік қызметке дайындау үшін
орасан зор септігін тигізеді.
Диссертацияның құрылымы мәселені ашудың ішкі логикасымен, оның
талқылануының дәрежесімен, алға қойылған міндеттермен негізделеді және
зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспе, үш
бөлім және тоғыз бөлімшеден, қорытынды және пайдаланған әдебиеттердің
тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның құқығы тұжырымдамасы
Адамның құқықтарын қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізу саласында ерекше
көкейкесті мәселенің бірі болып табылады, өйткені мемлекеттік органдардың
билік қызметінің дәл осы саласындағы елеулі шектеулер, тіпті адамның
конституциялық құқығын бұзушылықтар туындап, көрініс тауып отырады. Бұл
ретте әртүрлі қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде,
қылмыстық әділет саласына тартылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін
айтарлықтай шектейтін бұлтарпау шараларын қолдануға болады.
Белгілі қазақстандық криминолог Е.О. Алауханов өз еңбектерінің бірінде
бұл жөнінде былай жазады: Құқықтық мемлекеттің ажырамас мазмұны қылмыстық
іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың және, оның ішінде, сезіктілер,
айыпталушылар және сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
және қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтық мемлекеттің дамуы және
жетілдірілуінің заманауи жағдайларында тұлғаның еркіндігі, оның құқықтары
мен кепілдіктері артады, яғни, бұл қылмыстық сот ісін жүргізуге тән
құбылыс [5, 3 б.].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық
істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты
негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз
шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған
жағдайда – оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ
заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты
құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс. (ҚР ҚІЖК-нің 8
бабының 2 бөлігі.). Осылайша мемлекеттің құзыретті органдары, олардың
лауазымды тұлғалары ұдайы заң шеңберінде әрекет етпейтіндігі, оны
бұзатындығы мемлекеттік деңгейде айтылған болатын, сондықтан да адамды
осыдан қорғау қажет.
Заманауи ғылымда адам философиялық, психологиялық, этикалық және
құқықтық тәрізді әрқилы аспектілерде қарастырылады. Философияда тұлғаны
адамның даралығы, оның үстіне биологиялық емес, әлеуметтік даралығы ретінде
қарастыратын пікір басым. Осы әлеуметтік даралық, яғни адамға тән
әлеуметтік қасиеттер жиынтығы, оның әлеуметтік ерекшелігі адамнан тұлға
қалыптастырады [6, 211 б.]. Тұлға, – деп жазады А.Г. Спиркин, – қоғамдық
қатынастар мен адамдар функцияларының дара жинағы мен көрінісі, әлемді,
құқықтар мен міндеттер, этикалық, эстетикалық және барлық басқа әлеуметтік
нормаларды тану және түрлендіру субъектісі болып табылады. Адамның тұлғалық
қасиеттері бұл ретте оның өмірінің әлеуметтік бейнесі мен өздігінен даму
үстіндегі ақыл-ойының туындысы ретінде қарастырылады. Сондықтан, тұлға
үнемі қоғамдық тұрғыдан дамыған адам болып есептеледі [7, 461 б.].
Психологияда тұлға деген индивидтің түрлі психологиялық процестерін
тұтастай байланыстыратын және оның мінез-құлқына қажетті бірізділік пен
тұратықтылық беретін өзекті, интеграцияланатын негізді білдіреді.
Осылайша, тұлға – қоғамдағы өзінің орны мен рөлін түйсінетін, әлеуметтік
қызметпен айналысатын және дара ерекшеліктерге ие болатын нақты адам [8, 53
б.].
Психологияда, сондай-ақ кез келген тұлға адам болғандығымен, кез келген
адам тұлға болмауы мүмкін деп есептеледі. Тұлға адам өзінің менін
сезінген сәттен басталады және өзінің дамуында тұлға минимумынан өзінің
әлеуметтік кемелдікке жету жолын жүріп өтеді [9, с. 227].
Кейбір ғалымдар тұлғаны құқықтық түсіну оның философиялық –
психологиялық тұжырымына негізделуі тиіс деп пайымдайды. Осылайша, тұлғаны
құқықтар мен еркіндіктер субъектісі ретінде қарастыра отырып, В.А.
Кучинский былай деп сендіреді: Адам болып туады, тұлғаға айналады. Туған
адам тұлға болуы үшін, ол табиғи және әлеуметтік дамудың тиісті сатыларынан
өтуі тиіс, тек дене және ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейіне жетіп қана
қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қажетті
әлеуметтік тәжірибе жинақтауы тиіс [10, 27 б.]. Нәтижесінде мысалы, балалар
немесе есі ауысқан адамдар тұлға болып есептелмейді деген қорытынды
жасалады [11, 42-43 б.].
Біздің пайымдауымызша, мұндай ұстаныммен келісуге болмайды. Құқықтық
қатынастарға әдетте ақыл-есі дұрыс және ерік күші бар адамдар қатысады.
Алайда құқықтық қатынастардың ықтимал қатысушыларында мұндай қасиеттердің
жоқтығы жас және психологиялық ерекшеліктер салдары болып табылатындықтан,
оларда тұлғалық қасиеттер (сөздің құқықтық мағынасында) мүлде болмайды
деуге негіз бермейді, өйткені олар еш жағдайда құқықтық қабілеттіліктерін
жоғалтпайды. В.С. Шадриннің құқықтық аспектіде тұлға - кез келген адам
деген дұрыс көзқарасымен келісуге болады [12, 5-6 б.]. Мұны тұлға
терминін құқықтың әртүрлі салаларында, атап айтқанда ол адам ұғымының
синонимі ретінде кең мағынада қолданылатын конституциялық, қылмыстық,
қылмыстық іс жүргізу саласында пайдалану талдауы да растайды.
Адам өзінің дамуында тұлға ретінде жетіле алады, өзі туралы жеке
түсінігінде және айналадағылардың көзінше өсуі мүмкін, бірақ қилы жағдайлар
ықпалынан төмен түсуі, кері кетуі ықтимал. Алайда, тіпті адамгершілікке жат
қылық немесе құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайдың өзінде-ақ ол тұлға
болып қала беруін тоқтатпайды, және оған осындайда құқықтардан бас тартуға
болмайтынын айта кеткен жөн. Адамды қылмыс жасау барысында кінәлі екендігін
тани отырып, сот оны тұлға ретінде санауын тоқтатпайды және оны тіпті оған
ең бір қатаң жаза қолданғанның өзінде оның абыройына қатысты құқығынан
айырмайтыны хақ.
Сотқа қатысты айтылғандар қылмыстық іс жүргізуші барлық органдар және
лауазымды тұлғалар – соттар, тергеушілер, тергеу бөлімінің бастығы,
прокурор, тергеу органы және тергеу жүргізетін тұлғаға да қатысты болып
табылады. Тергеу әрекеттерін жүргізе отырып, сонымен қатар олардың
өндірісіне азаматтарды тарта отырып, олар азаматтармен тұлға ретінде қарым-
қатынас жасауға міндетті болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу
заңы олардың ар-намысы мен абыройын түсіруге тікелей тыйым салады (ҚР ҚІЖК-
нің 13-бабы).
Юриспруденцияға тұлғаның психологиялық, философиялық, социологиялық
тұжырымдарын сынсыз аударуға болмайды, юриспруденцияда бұл ғылымдардың
санаттарын пайдаланбастан, айналып өтуге болмайды. Құқықтық қатынастарға
әдетте ақыл-ойы дұрыс, ерік-күші мықты адамдар қатысатыны белгілі.
Қылмыстық іс бойынша сот өндірісіне қатысушы азаматтарды белгілеу үшін
қылмыстық іс жүргізу заңы әдетте тұлға терминін пайдаланады. Тікелей
мағынада тұлға сөзі жеке тұлғаға жатады, бірақ түрлі ұйымдар, мекемелер
мен кәсіпорындарды білдіретін заңды тұлғалар сөз тіркесі де кең танымал
болып табылады. Аталмыш ұғымдардың егжей-тегжейлі талдауына терең
дендеместен, тұлға және адам ұғымдары бір мағынаны білдіреді деген
пікірмен келісуге тура келеді (заңды тұлғалардан басқа).
Қылмыстық іс жүргізу теориясында сот ісін жүргізуге қатысушы тұлғалар
әртүрлі аталады – қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар,
қылмыстық іс жүргізу субъектілері, қылмыстық іс жүргізу қызметіне
қатысушылар, қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушылар. Осы немесе
өзге де атаудың заңдылығын негіздеу үшін тұлғалардың іс жүргізу
жағдайларын, олардың қылмыстық іс жүргізудегі рөлдері, істің нәтижесіндегі
мүдделілігі және т.б., ескере отырып, түрлі дәлелдер пайдаланылады.
Жоғарыда аталған атауларды бір ортақ ұғым – қылмыстық іс жүргізуге
қатысушылар деген атаумен біріктіру ықтималдылығы жөніндегі көзқарас
анағұрлым және ақталған болып көрінеді, өйткені қылмыстық іс жүргізуге
қатыса отырып, тұлға қылмыстық іс жүргізу құқықтар мен міндеттемелер
субъектісі бола алмайды, үнемі қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жасайды
немесе оларға белсене қатысады, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу
қатынастарына қатысады. Мәселе тек қатысу ерекшеліктеріне байланысты ғана
болуы мүмкін.
Тұлға термині қолданыстағы заңнамада да орын алады (мысалы, ҚР ҚІЖК-
нің 13, 14 баптары). Көрсетілген термин заңда жеке адам деп беріледі.
Тұлға термині бойынша жасы, ой-өрісі және басқа да сипаттық деректерге
қарамастан, кез келген адамға қатысты екендігін білдіреді. Яғни, құқықтық
тұрғыдан тұлға және адам ұғымдары тек ғылыми абстракциялар ретінде ғана
ерекшеленеді, бұл ретте олардың арасындағы шекара шартты болып қана қалады.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар (жеке тұлғалар), сөзсіз, оның
құқықтық тұрғысынан да тұлға болып табылады. Олардың бәріне кепілдендірілуі
тиіс қылмыстық іс жүргізу құқықтары мен міндеттемелері берілген. Алайда,
тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету ұғымы тек қылмыстық сот ісін жүргізуге
қатысушылардың белгілі бір санатына ғана таралады.
Кеңес билігі үстемдік құрған тұста Қазақстанда орын алған саяси режим
тұлғаны аса қабылдай қоймаған болатын, бұл қылмыстық іс жүргізудің
бағыттылығы мен мазмұнына әсер етпей қойған жоқ. Сол жылдары қалыптасқан
қылмыстық іс жүргізу әлі де қолданыстағы қылмыстық – іс жүргізу
заңнамасынан және оны қолдану тәжірибесінен біржола кете қойған жоқ.
Біздің қылмыстық іс жүргізу теориясында осы жуырға дейін ұстанымға
айналып кеткен пікір басымдылыққа жетті, бұл ретте жеке және қоғамдық
мүдделерді бір мезгілде қанағаттандыруға талпынғанымен, таңдау қажеттілігі
туындаған жағдайда олардың арасында даусыз соңғыға басымдылық берілуі тиіс.
Осындай позиция қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында, сондай-ақ
оны қолдану тәжірибесінде де тікелей көрініс тапқан болатын. Жалпы ереже
бойынша, жеке мүдделер қанағаттандыруға тұрарлық болып танылған, сондықтан
да қылмыстық іс жүргізу заңында олар қоғамдық мүдделерге сәйкес келсе
немесе оларға қайшы келетін қандай жағдайда да кепілдендірілетін
субъективтік құқықтар түрінде бекітіліп отырған. Өзге де жеке мүдделер
заңмен танылмаған болатын және тиісінше, мемлекеттің тарапынан ешқандай
қорғаныспен қамтамасыз етілмеген.
Осылайша, қылмыстық іс жүргізуге қатысатын кез келген қатысушы азамат
оның процессуалдық жағдайына қарамастан, мемлекеттің тарапынан өзінің
қадір-қасиетін тану және қорғауға қатысты конституциялық құқықты иеленетін
адам-тұлға болып табылады. Дәл осы қадір-қасиетті иелену қылмыстық іс
жүргізуге қатысушыға тұлға ретінде қараудағы қарым-қатынасты алдын ала
анықтайтындықтан, бұл ретте мұның астарында не жатқанын нақтылап алған жөн.
Әдетте қадір-қасиет ұғымымен адамның өзі үшін маңызды болып табылатын
адамгершілік және зияткерлік қасиеттерді иелену фактісін түйсіну
байланыстырылады. Сонымен қатар, қадір-қасиет дегенде парасаттылық,
моральдік ұстанымдар, білім деңгейі, лайықты өмір сүру және т.б., адамның
қоғамдағы беделін анықтайтын объективті қасиеттерінің жиынтығы түсініледі.
Яғни, қадір-қасиет ұғымында өз жиынтығында біртұтас қалыпты түзетін
объективті және субъективті сәттер ерекшеленеді. Объективті сәт келесі
аспектілермен сипатталады: 1) адамның қадір-қасиеті, яғни нақты қасиеттер
мен ерекшеліктерге қарамастан жалпы адамның құндылығы; 2) жеке қадір-
қасиет жағымды рухани және дене бітімдік қасиеттерін иеленудегі нақты
индивидтің құндылығы ретінде; 3) белгілі бір әлеуемттік қауымдастық, топқа
тиесілілікке байланысты қадір-қасиет – ғалымның қадір-қасиеті, ұлттық
қадір-қасиет, әйелдің қадір-қасиеті және т.б. Қадір-қасиеттің субъективті
сәті индивидтің жалпы адам, нақты тұлға, белгілі бір әлеуметтік топтың
өкілі ретінде өзінің құндығын сезінуде көрініс табады. Дәл осы адамның
қадір-қасиетінің идеясын ұстану адамды жоғары құндылық ретінде тануға
әкеліп соқтырады, бұл ұстаным қазіргі таңда Қазақстан Республикасы
Конституциясының 17-бабы, 1-тармағында бекіп те үлгерген.
Адамды бойындағы қадір-қасиеттен айыру мүмкін емес дүние. Сондықтан,
қадір-қасиеттен түсіру, қадір-қасиеттен қорғау туралы айту аса анық болмас.

Қол сұғушылықтың объектісі қадір-қасиет емес, қадір-қасиет сезімі болып
табылады.
Жеке қадір-қасиет сезіміне қол сұғушылық – жәбірленушінің тарапына
бағытталған және тұлғаның құндылығын елемейтін белсенді әрекеттерден
көрініс табатын, адамға деген ашық сыйламау акциясы болып табылады.
Мемлекеттің тұлғаға, оның қадір-қасиетіне, мүдделеріне, құқықтарына
деген қатынасы қылмыстық іс жүргізу үшін аса маңызы бар. Ол бір жағынан,
қылмыстық іс жүргізудің сипаты мен мазмұны тұлғаның мемлекеттегі орнына
байланысты болатындығында жатқан сияқты. Екінші жағынан – қылмыстық іс
жүргізуді қалыптастыру тұлғаның мемлекеттегі құқықтары мен орнына көп ықпал
етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Қылмыстық істер бойынша адвокаттық қорғау
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Соттың қорғау құқығын конституциялық құқық ретінде қарастыру
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудар¬машы ұғымын жан-жақты ашу
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі куәлік иммунитет қағидасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Пәндер