Қақтығыстар мен шиеленістер


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:
Пән мазмұны
1 - модуль. Кактыгыстард ің негізгі ұғымдары
Шиеленісті дамыту ғылым ретінде
Шиеленістің жалпы теориясы
Шиеленіс туындауының тұлғалық ерекшеліктері
2 - модуль. Шиеленіс түрлері
4. Ішкі тұлғалық шиеленіс
5. Тұлғааралық шиеленіс
6. Шиленіс туындауының топтық ерекшеліктері
7. Ұйымдағы билік және шиеленіс
8. Топаралық шиеленіс
9. Саяси шиеленіс
10. Ұлтаралық шиеленіс
11. Халықаралық шиеленіс
3 - модуль. Шиеленістің алдын алу және шеу тәсілдері
12. Шиеленістің алдын алу үшін ширығуды басқару
13. Шиеленістің алдын алу
14. Шиеленісті басқару
15. Келіссөздер шиеленісті шешу әдісі ретінде
2. Шиеленістің жалпы теориясы
2. 1. Шиеленіс туралы түсінік, нысаны және мәні
Конфликтология көптеген денгейлік құралдар мен анықтамаларға ие. Батыста Л. Козердің шиеленіс туралы анықтамасы кең етек жайған.
Шиеленіс - құндылықтар мен белгілі бір мәртебе, билік, ресурстар үшін күрес. Бұл күресте қарсыластардың мақсаты бір-біріне зиян келтіру, бірін бірі бейтараптандыру немесе тіпті жою болып табылады. О. Н. Громованың пікірі бойынша, шиеленіс дегеніміз әр тараптың қатты эмоционалды күйзеліс үстінде өзінің мақсат мүддесін іске асыруға белсенді бағытталған іс-әрекеттер.
Бұл процесс кезінде байқалады.
В. П. Ратников мынадай анықтама береді: Шиеленіс - өздерінің мақсат, мүдделеріне жету жолындағы күресте айқталған адамдардың арасындағы (немесе тұлғаның ішкі құрылым элементтері) іс-әрекет сапасы.
Шиеленістің негізі адамдардың және адамның ішкі дүниесі арасында пайда болатын қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылық шиеленісуші тараптардың арасындағы күрестің себепшісі болады. Бірақ шиеленісті туғызатын қарама-қайшылықтың объективті сипатта болуы міндетті емес. Олар субъективті немесе тіпті жалған болуы мүмкін. Дегенмен олар адам үшін маңызды болса, шиеленіс жағдайдың туындауына себеп болады. Шиеленістің өзі өзара іс-әрекетке қатысушылар арасындағы күрестен туындайтын шектен тыс қарама-қайшылықты айқындайды. Бұл жерде қарама-қайшылықтың бірден асқынуы туралы айтып отырмыз, өйткені кез келген қарама-қайшылық шиеленіс туғызбайды. Тіпті қарама-қайшылық шиеленіссіз формада болуы мүмкін. Бұған мысал ретінде әйел мен еркек, адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықты алуға болады.
Әрбір шиеленіс - ол әлеуметтік субъектілердің арасындағы қарым-қатынас. Алайда кез келген қарым-қатынас шиеленіс бола бермейді. Тайталас жоқ жерде жағымсыз эмоциялық қарама-қайшылықтар болмайды. Әрбір конфликт әлеуметтік қарым-қатынастың сапасы ретінде адамның қызметі мен мүдделері негізінде туындайды.
Оның жануарлар әлеміндегі тіршілік үшін күрестен басты ерекшелігі осы болып табылады. Шиеленіске қатысушылар кімнің мүддесі тікелей айтылса, ол шиеленістің субъектісі болып табылады. Шиеленістің субъектісі - жеке тұлға, топ, бөлімше болуы мүмкін. Шиеленістің объектісі ретінде тайталасты тудырушы тараптың білдірген жағы анықталады. Шиеленістің мәні - тараптар арасында дау туғызуға себепті болған объективті (билік, алғашқы болу) түрде шынайы бар немесе қиялдан туған проблема.
Табиғат, ресурстар және т. б. егер оларға қызығушылық пайда болса, оған бақылау жасауға, иемденуге, немесе тартып алуға әрекет етсе, онда ол шиеленістің объектісі болып табылады. Қызығушылық шиеленістің туындауы үшін қажетті бірақ жеткіліксіз себеп болып табылады. Шиеленістің объектісі, танымы, қол жетпейтін болып және оны шиеленіске түсушілердің бәрі иемденуге ұмтылған кезде нағыз күшіне ие болады. Әр түрлі жағдайларға байланысты шиеленістің шынайы объектісін адамдар кейде жасырады. Шиеленістің субъектісінсіз объект болмайды. Керісінше объект шиеленіске қатысушылар мүдделерімен үнемі байланысты, және ол мүдделер қайшылықта болып келеді.
Шиеленістің объектісі болғанда ғана шиеленіс туындайды. Индивидтердің, әлеуметтік топтардың арасындағы қақтығыстар негізсіз болмайды, олар өзара бір нәрсені «бөлісе» алмаған жағдайда туындайды. «Бір нәрсе» деген түрлі материалдық және рухани құндылықтар болуы мүмкін: жекеменшік билік ресурстар, мәртебе, идея және т. б. Тайталасушы тараптардың мүдделері қақтығысынан туындайтын құндылық шиеленістің объектісі деп аталады.
Шиеленістің объектісі мен мәнін ажырата білу қажет. Жалпы шиеленістің объектісі деп - шиеленіс субъектілерінің әрекеттістігіне байланысты шынайлықтың бір бөлігін атауға болады. Ал шиеленістің мәні шиеленіске өзара әрекет етуші тараптардың арасында туындаған және оны тайталас арқылы шешуге әрекеттенген қарама-қайшылық. Сондықтан шиеленістің шешілуі алдымен объектіні емес, мәнінің жойылуымен байланысты. Мынадай жағдай да кездеседі: шиеленіс объектісі жоқ, ал субъектілер арасында қайшылық әлі де қалған. Шиеленістің объектісі шынайы потенциалды, қияли иллюзиялық болады.
Бірақ шиеленістің мәні әрдайым шынайы және маңызды. Сонымен қоса шиеленістің объектісі ашық және жасырын түрде болуы мүмкін. Шиеленістің мәні - оппоненттер арасындағы қайшылық әрдайым анық көрінеді.
2. 2. Шиеленіс түрлері
Шиеленісті жіктеудің кең тараған түрі, оны субъектілерге немесе шиеленістің жақтары бойынша топтастыру.
Олар мынадай болып бөлінеді:
- Ішкі тұлғалық.
- Тұлғааралық.
- Тұлға мен топ арасындағы.
- Топаралық.
- Мемлекетаралық.
Ішкі тұлғалық шиеленіс иесі негізі - жеке тұлға. Бұл шиеленістің мазмұны қайшылықты талпыныстардан туындаған, тұлғаның негативті уайымдарынан пайда болады. Бұл шиеленістер мазмұнына қарай көбінесе психологиялық болып табылады, олар себептердің, мүдде, құндылықтардың және тұлғалардың өзіндік бағалауынан туындап, эмоционалдық қысым мен жағымсыз уайымдармен бірге болады. әрбір жанжал сияқты ол деструктивті және конструктивті сипатта болады және оның туындауының әр түрлі себептері болады.
Мысалы:
- қажеттіліктер қайшылығы;
- ішкі қажеттілік пен әлеуметтік норма арасындағы қайшылық;
- индивидтің әр түрлі ролдерінің арасындағы қайшылық;
- мінез-құлықтың әр түрлі нұсқасы арасындағы таңдау қиыншылығы.
Тұлғааралық шиеленіс - бұл жеке индивидтердің арасында психологиялық және әлеуметтік байланыс кезінде туындаған қақтығыс. Мұндай шиеленістер қоғамдық өмірдің әр саласында туындайды: тұрмыстық, экономикалық, саяси, өндірістік және т. б.
Тұлғааралық шиеленістің туындау себептері әр түрлі болады: объективті, яғни адамның қалауынан тыс; материалдық және идеалды, уақытша және тұрақты және т. б.
Кез-келген тұлғааралық шиеленістерде тұлғаның психикалық, әлеуметтік-психологиялық және адамгершілік мінездері, адамдардың және қасиеттерінің маңызы зор.
Тұлға мен топ арасындағы шиеленіс көп қырлы, оған топтық ұйымның себептері де қосылады. Ол деструктивті және конструктивті болуы мүмкін.
Топаралық шиеленіс кіші, орта үлкен топтар мүдделерінің қақтығысуынан пайда болады. Топаралық шиеленістің себептері алуан. Экономикалық, саяси, ұлттық-этникалық, діни, мәдени және т. б.
Әлеуметтік топтардың әр түріне шиеленістің пайда болуын өзіндік ерекшеліктері мен әр түрлі шешу тәсілдері бар. Мемлекетаралық шиеленісте тайталасушы тараптар ретінде жеке мемлекет немесе мемлекет топтары болады. Мұндай шиеленістің негізі - мемлекет мүдделерінің қайшылығы. Мемлекетаралық шиеленістің ерекшелігі - мемлекеттер арасында соғыс туындаған жағдайда жаппай жойылу қаупті.
Шиеленістің туындау нұсқаларының алуандығына байланысты, олардың саны мен түрі көп. Шиеленістер мынадай факторларға байланысты жіктеледі. Шешу тәсілдері (күштеу әдісі немесе ерікті) пайда болу саласы (саяси, әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, тұрмыстық, отбасылық, әскери, педагогикалық және т. б. ) әсер ету бағыты бойынша (вертикальді немесе горизонтальді), анықтығына байланысты (ашық, жабық), шиеленістік объектісіне байланысты объектісі бар және объектісі жоқ) қажеттіліктерге байланысты (мүдделер, көзқарастар объектің сипаттамасы бойынша (ресурсты, рольдік-мәртебелік, әлеуметтік-мәдени, идеологиялық т. б. ) . Шиеленістер кеңістікте, уақытта өтеді және алуан түрлі субъектілердің қатысуымен болады. Уақытша (ұзақтығы бойынша) кеңістік (шиеленіс болған аумағын анықтау) және субъектілік (негізгі қатысушылардың саны) және оның шекаралары.
2. 3. Шиеленістің құрылымы
Шиеленіс бір жағдайдан екінші жағдайға өту процесі, олардың әрқайсы өзінің қиындығымен сипатталады. Өздерінің сипаттамасы бойынша шиеленіс элементтері 2 топқа бөлінеді: объективті (тұлғалық емес) және тұлғалық.
Шиеленістік объективті элементіне адамның қалауына, тұлғалық ерекшеліктеріне (психологиялық, құндылықтың бағытына) тәуелсіз факторлар жатады. Мұндай элементтерге шиеленіс объектісі, қатысушылары және шиеленістің болған ортасы жатады.
Қазіргі конфликтология шиеленістің қатысушыларын негізгі (тура) және негізгі емес (жанама) деп бөледі. Шиеленістің негізгі қатысушылары - бұл қақтығысқа тікелей қатысушы. Олар шиеленіс дамуындағы ең және белсенді ролге ие. Негізгі қатысушыларды субъект шешуші оппоненттер деп атайды. Шиеленіске қатысушы тараптардың қарымы мен немесе күштеріне байланысты оппонент дәрежесі деген ұғым туындайды. Шиеленіске қатысушылардың қақтығысқа әсер ету мүмкіндігі көп болса, олардың дәрежесінің жоғары екендігін білдіреді. Шиеленістің негізгі емес қатысушыларына қалған қатысушылар жатады. Олардың шиеленіске әсер етуінің ролі екінші деңгейлі және оларды үшінші жақ деп атайды. Шиеленістің негізгі және негізгі емес қатысушыларының арасындағы шекара жиі жылжымалы болып келеді, орындары ауысуы мүмкін. Шиеленістің жанама қатысушыларының арасынан шиеленіс субъектісіне қолдау көрсету үшін ұйымдастырылатын топтарды айтуға болады. Олар қолдау топтары деп аталады. Шиеленістің пайда болуымен дамуына шиеленістің басқа да қатысушылары әсер етеді: инициаторлар, ұйымдастырушылар, делдалдар (медиаторлар) . Инициаторлар - басқа тұлғалар немесе мемлекеттер арасындағы шиеленістің бастамасын өзіне алатын шиеленіске қатысушылар. Олар жеке адам, топ, тіпті мемлекет болуыда мүмкін. Шиеленісті шешілуін бастаған адам оған қатыспауына да болады. Ұйымдастырушылар - қақтығысты өзінің пайдасына шешу мақсатында жоспарды ұйымдастыратын, оппоненттермен бірге жалпы шиеленіске қатысушылар. Шиеленісті ұйымдастыру дегеніміз - шиеленістің динамикасын өзінің үлесіне зияннан гөрі пайда көп түсіру мақсатында ойластыру.
Делдалдар - қатысушыларға шиеленістің шешілуіне ұйымдастыруға және дамуына топ немесе жекелеген адамдардан тұруы мүмкін. Делдалдардың көмегі әртүрлі сипаттамада бола алады: материалдық, идеологиялық, рухани, ресурстық, ақпараттық, әкімшілік және т. б. Делдалдар (медиаторлар) шиеленістің үшінші тарабы. Делдалдың ролі - шиеленісті шешуші беделді көмекшінің ролі, бұл рольде жеке адам, сондай-ақ ұйымдармен мемлекет те бола алады. Делдалдың айрықша белгісі екі жақ та мойындаған оның беделі және бейтарап позициясы болып табылады.
Делдалдық мақсаты - оппоненттер арасында белгілі бір ымыраға келу арқылы шиеленісті тоқтатуға қол жеткізу. Аралық соттан айырмашылығы - делдалдың аралық сот сияқты ақтық шешім шығару құқығы жоқ. Арбитр (төреші) де ұйғарым айту құқығына ие және оның қолында билік бар, алайда оның ұйғарымы аралық сот шешімі сияқты соңғы шешім бола алмайды, жоғары сатылы соттарға шағымдалуына болады.
Шиеленістің ортасы - шиеленістің объективті шарттарының жиынтығы және оның пайда болуы мен динамикасына ықпалы зор. Әлеуметтік жүйе деңгейіне байланысты макроорта мен микроортаны топтастырады. Шиеленістің микроортасы - тұлғааралық және топаралық шиеленіске тікелей әсер ететін адамдардың қарым-қатынасы. Микроорта көлемі - шағын әлеуметтік топ. Шиеленіс макроортасы үлкен әлеуметтік топтар мен мемлекет аралық шиеленістің дамуына әсер ететін шарттар.
Шиеленіс құрамына байланысты шиеленіс ортасын үш тұрге бөлуге болады: физкалық, қоғамдық - психологиялық және әлеуметтік. Шиеленістің физикалық ортасы - шиеленіс өтетін физикалық, географиялық және экологиялық шарттар мен факторлардың жиынтығы. Қоғамдық - психологиялық орта - шиеленіс дамитын мінез-құлық, көңіл-күй, сезімдер мен пікірлердің жиынтығы. Бұл факторлар шиеленіске қатысушылар үшін объективті болып табылады. Олардың еркіне, сана-сезіміне, қалауына байлансты емес. Бұл орта қоғамдық жүйенің микро және макро ортасында білінеді. Шиеленістің әлеуметтік ортасы - тараптардың тайталасы туындаған және дамыған қоғамдық шарттар жиынтығы. Шиеленістің әлеуметтік ортасының жалпы және іргелі факторлары: өркениеттің түрі, өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық шарттары мен қоғамның әлеуметтік саяси жүйесі. Алайда шиеленістің әлеуметтік ортасына адамдар өмір сүріп отырған әлеуметтік мәдени шындық та кіреді.
2. 4. Шиеленістің себептері
Себеп дегеніміз - басқа бір құбылысты тудырушы құбылыс пен іс-әрекет. Шиеленіс әр түрлі себептерге байланысты туындайды: сыртқы және ішкі, жалпы және жеке, материалдық және идеалдық, объективті және субъективті.
Себептерді былай топтастыруға болады:
- Мүдделер қайшылығы шиеленістің негізгі себебі ретінде.
- Шиеленіс туындауының объективті факторлары.
- Шиеленіс туындауының тұлғалық себептері.
Себепті сылтаудан ажырата білу қажет. Сылтау - шиеленістің басталуына әсер етеді, бірақ оның қажеттіліктен пайда болуын анықтамайды. Себепке қарағанда сылтау байқаусызда немесе жасанды түрде «жоқ жерден» пайда болады. Себеп заттардың заңды байланысын көрсетеді. Мүдделер қайшылығы шиеленістің негізгі себебі ретінде. Шиеленістің себебі - оның пайда болуын алдын ала анықтайтын құбылыс.
Егер шиеленіс субъектілері үшін қажеттілік ретінде туындаған болса, онда ол шиеленіс себебі болады. Қажеттілік - организмнің, тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе өмірге сүруге қажеттілігінің кемшілігі немесе жетіспеушілігі. Қажеттілік адамның белсенділігін арттырушы. Бірақ қажеттіліктің болуы шиеленіс туындауы үшін жеткіліксіз шарт. Шиеленіс қарым-қатынасқа түсушілердің қажеттіліктері тапшылығы кезінде туындайды. Шиеленістің себебі - мүдде ретінде болатын саналы қажеттілік. Алайда кез келген мүдде шиеленіс себебі бола бермейді, тек қана тапшы қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты мүддеде ғана бола алады. Сонымен, кез-келген шиеленістің себебі - оның субъектілерінің мүдделерінің қайшылылығы. Шиеленіс- қарама қайшылылықтың көрінісі.
Қайшылық дегеніміз - қарама-қарсы бағытталған көзқарастардың, талпыныстар мен қимылдардың өзара әрекеттестігі. Өзінің сипаты бойынша олар: ішкі және сыртқы, антогонистік және антогонистік емес, негізгі және негізгі емес, объективті және объективті емес, негізгі және қосымша тұрақты және уақытша және т. б. болады. Ішкі қайшылықтар - топ, ұйым, қауым ішіндегі мүдделердің қақтығысында айықталады. Сыртқы қайшылық екі немесе бірнеше өзіндік жүйе арасында пайда болады. Кейде ішкі және сыртқы қайшылықтар бір-біріне әсер етуі мүмкін. Антогонистік қақтығыс - шиеленіске қатысушылардың арасындағы бір-біріне жек көрушілік сезімі бар шиеленістерде кездеседі. Мұндай шиеленісті шешудің жолы деструктивті, яғни екі жақты немесе бір жақты жою. Шиеленіске қатысушылар мүдделері арасындағы антогонистік емес қайшылықтар - бұл оппоненттердің мүдделерінің келісушілігі. Бұл қайшылықтардың ерекшелігі ымыраға келу арқылы шешу мүмкіншілігі. Негізгі қайшылықтар шиеленістің пайда болуы мен дамуында шешуші роль атқарады. Сонымен қатар, негізгі емес қайшылықтар тек шиеленіс процесінде болады. Бұл қайшылықтар өзара әрекеттестікте болады. Объективті қайшылықтар объективті факторларға негізделген, яғни адамның қалауы мен санасына тәуелсіз құбылыстар мен процестер. Сондықтан объективті қайшылықтардан құтылу мүмкін емес. Субъективті қайшылықтар, керісінше адамның еркі мен санасына тәуелді. Бұл қайшылықтар адамдар мінездерінің сәйкес келмеуінен, мінез-құлық ерекшелігінен туындайды. Субъективті қайшылықтар негізінен ішкі тұлғалық, тұлғалық және топаралық шиеленіске себеп болады. Объективті факторлар материалдық және рухани игіліктер, ресурстар, билік, мәртебе, қызмет. Оларға ортақ нәрсе - адамдардың еркі мен сана-сезімі, құндылықтары мен құмарлық сияқты адамдардың жеке қасиеттерінің тәуелсіздігі. Объективті факторлардың шиеленіс туындауына әсерін, оның ролі мен маңызын ұйымдастыру мысалынан түсіндіруге болады. Қазіргі конфликтология шиеленістің мынадай объективті себептерін анықтайды:
- бөлінетін ресурстардың шектеулігі;
- жауапкершілік пен тапсырманың байланысы;
- әр түрлі топ жұмысшыларының мақсаттарының қайшылығы;
- коммуникация нашарлығы;
- міндеттер мен құқықтардың нақты бөлінбеуі;
- құқықтар мен міндеттерді дұрыс бөлмеу;
- білімсіздік, лауазымға сәйкес келмеуі;
- қызметкерлердің мүмкіндіктерінен артық жүктеме атқаруы;
- өндірістегі инновациялар мен жаңалықтар;
- этникалық нормалардың әлсіз ұйымдасуы немесе этникалық комиссиялар мен комитеттердің болмауы.
Шиеленістің тұлғалық себептері кез келген шиеленісте тұлғалық элементтердің болуымен байланысты. Оларға: тұлғаның мінез - құлқының негізгі психологиялық басымдылығы, өзіндік қабылдау мен бағылау ерекшеліктері, мінез - құлқы және тұлғалық типтері, жеке тұлға идеалын құрайтын тұлға қалыптасуы. Өзіндік бағалау мен жалпы бағалау келесі жағдайлардан туындайды: шынайы және күтілетін нәтижелердің арасындағы айырмашылық; қарауындағы қызметкерлерді дұрыс бағаламау.
Шиеленіс екі немесе одан да көп тарап мүдделерінің сәйкес келмеуінен басталады. Осыған орай, объективті және субъективті шиеленістің себептерін анықтайды.
Шиеленістің объективті себептері қатысушыларды еркі мен қалауына тәуелсіз (бөлінуге жататын ресурстардың шектеулілігі, қызмет мақсаты мен әдісіндегі айырмашылықтар, тапсырмалардың өзара тәуелсіздігі т. б. ) бірақ олар аталған шиеленіс субъектілердің нағыз себептеріне айналуы нақты тұлғаға, топқа өз мүддесін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Адамдардың көзқарастарындағы айырмашылық, оқиғаларды әр түрлі қабылдауы және бағалауы жиі даулы жағдай туғызады. Егер осы жағдай қатысушылардың жеке қызығушылығын туғызып қатысушылардың біреуінің мақсатқа жетуіне қауіп төндірсе, онда шиеленіс пайда болады. Шиеленіс жағдайы - қажетті, бірақ шиеленістің туындауына міндет шарт емес. Кейбір жағдайларда шиеленіс бірден шиеленіс жағдайынсыз туындайды.
2. 5. Шиеленіс функциясы
Шиеленіс функциясы дегеніміз - қоғамға, оның әр түрлі қоғамдық құрылымдарына қатысты шиеленістің (әлеуметтік топ, мекеме және индивид) атқаратын ролі. Шиеленістің ашық және латентті (жасырын) қызметтері бар. Ашық қызметі шиеленіс оппоненттерінің көздеген мақсаттарына сәйкес келуімен сипатталады. Жасырын қызметі - оның нәтижесі уақыт өткенде ғана анықталады. Шиеленіс оппоненттерінің басында айтқан мақсаттарымен кейінгілерінің сәйкес келмеуі. Латентті қызмет нәтижелері күтпеген және тіпті шиеленіске қатысушылардың мақсаттарына сәйкес болмауы да мүмкін.
Шиеленіс жағымды (конструктивті) және жағымсыз (деструктивті) қызмет атқарады. Жағымды қызмет шиеленістің қатысушыларға қандай пайдасы болатындығымен сипатталады. Қызметтерді шиеленістің жалпы және жеке қызметтері деп бөлуге болады. Шиеленістің жалпы құрылымдық қызметтері мынадай нәтижеге әкелуі мүмкін. Шиеленістің қоғамдағы, ұйымдағы, топтағы қайшылықтар мен проблемаларды анықтау, оны түзету тәсілі болып табылады. Әрбір шиеленіс ақпараттық қызмет атқарады, яғни өзінің және біреудің мүдделерін саралауға мүмкіндік береді.
Тайталаста:
- шиеленіс саралауға қайшылықты шешудің амалы болып табылады.
Оның дамуы шиеленіске алып келген кемшіліктер мен ауытқұларды жоюға әсер етеді;
- әлеуметтік қысымды және стресстік жағдайдың жойылуына әсер етеді;
- шиеленіс біріктіруші қызмет атқарады. Сырттан қауіп төнгенде топ ұйымдасып, жауға төтеп беру үшін күштерін біріктіреді;
- шиеленіс әлеуметтік жүйені тұрақтандырады.
Шиеленістің конструктивті қызметі тұлғалық деңгейде былай көрінеді:
- шиеленіс оған қатысатын адамдарға қатысты танымдық қызмет атқарады;
- шиеленіс тұлғаның өзін - өзі тануына және өзін-өзі бағалауына ықпал етеді:
- шиеленіс мінез-құлықтың жағымсыз қасиеттерінен мысалы, өзін өзгелерден кем сезіну, бағыныстылық, жағымпаздық т. б. арылуға септігін тигізеді;
- шиеленіс адамды әлеуметтендірудің, оны тұлға ретінде дамытудың маңызды факторы болып табылады;
- шиеленіс адамның топқа үйренуіне ықпал етеді, өйткені шиеленіс жағдайында адамдар барынша ашыла түседі, яғни кімнің кім екені байқалады;
- шиеленіс, егер адамдардың пайдасына шешілсе топта психикалық қысымды жоюға, оның қатысушыларының стресс жағдайын кетіруге көмектеседі;
- шиеленіс өзін-өзі таныту әдісімен адамның алғашқы ғана емес, қайталама қажеттіліктерін де қанағаттандыру құралы бола алады;
- шиеленіс топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйретеді, субъектілердің алдында тұрған міндеттерді шешуге күшті жұмылдыруға ықпал етеді;
- шиеленіс әлеуметтік топтар мен қауымның күштерін салмақтау құралы ретінде қызмет етеді, және оның аяғы қатты шиеленіске апарып соғуынан сақтандырады;
- шиеленіс адамдардың арасында қарым-қатынастың жаңа нормасы туындауына немесе ескі нормаларды жаңа мазмұнмен толықтыруға көмектеседі.
Шиеленістің деструктивтік функциясы әлеуметтік жүйенің әр түрлі даму кезеңдерінде кездеседі және нәтижелері мынадай болады:
- шиеленіс күштеу әдісі арқылы шешілсе, адам шығыны және материалдық шығын болуы мүмкін;
- шиеленіс әлеуметтік, экономикалық, рухани, саяси және мәдени дамуды тежеуі мүмкін;
- шиеленіс қоғамдың ыдырауына рухани деңгейдің төмендеуі мен әлеуметтік-мәдени байланыстарды жоюы;
- шиеленіс жаңа бір деструктивті жағдайды түдыруды мүмкін;
- мекемелердегі шиеленіс өндіріс жүйесінің деңгейін, тәртібін, қызмет тиімділігін төмендетуі мүмкін.
7. Шиеленістің деструктивті қызметі тұлғалық деңгейде төмендегідей жағдайларға апарып соғады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz