ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
:
: 1
МАЗМҰНЫ: БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктер: түсінігі, түрлері мен операциялары
:
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру
:
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі
:
: 2
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және дамуына сипаттама
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер жұмысының әдістері мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
:
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктің несиелік жағдайын талдау
:
: 3
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ
ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Парабанктік мекемелердің қызмет ету жағдайын бағалау
:
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: ҚР коммерциялық банктердің несиелік үдерістерінің даму басымдылықтары
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМША
:

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеу өзектілігі . Бүгінгі танда нарықтық экономикада несие - банктік жүйе ерскше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ақшалай төлемдері мен есеп айрысуларының аса зор көлемі өтеді; бұл жүйе халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады, сонымен біргс бұл жүйе көптеген қызметтері несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық т. с. с. көрсетеді.

Мемлекеттің несие жүйесінің қызмет ету механизіміндегі үлкен рөл коммерциялық банктерге тиесілі. Коммерциялық банктер-нарық экономикасындағы кәсіпкерлік тәжірибеде белгілі қаржылық оперциялар мен қызметтердің басым көпшілігін орындайтын ең көне және несие мекемелерінің айрықша көпшілік тобы. Олар несие капиталы рыногының түрлі секторларында әрекет ететін көпфункционалды ұйымдар болып табылады. Банктер несие қорының негізгі бөлігін жинақтап, өзінің клиенттеріне қаржылық қызметтердің толық кешенін ұсынады, соның ішінде несие беру, депозит қабылдау, қызмет көрсетуге есеп айыру, құнды қағаздарды, шет ел валютасын сатып алу-сату әрі сақтау және тағы басқа қызметтер.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялар мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие. Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған. /1-32/ Бұл жағдайда отандық және шетелдiк банктiк тәжiрибенi салыстырудың өзiндiк мәнi зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды iске асыру үшiн нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие қатынастары мен банк iсiнiң даму тәжiрибелерiн қолдану қажет.

Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің қалыптасуы барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің сапасының өсуі - несие жүйесінің қалыптасыру операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие жүйесі қалыптасу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктердің несие жүйесінің қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.

Зерттеудің міндеттері :

  • несие жүйесінің қалыптасуын зерттеу;
  • банктің басқару жүйесіндегі несиенің қозғалысын зерттеу;
  • несие жүйесінің қалыптастыру мен басқарудағы проблемаларды зерттеу; .

Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - “КазкоммерцБанк” АҚ-ның несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жетiлдiру жолдары. Несие жүйесінің қалыптастыру мен дамытуда, банк саясатында үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.

Зерттеу пәні - несие жүйесінің қалыптастыру мен даму барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен несие қатынастардағы қабілеттілігі, несие жүйесін қалыптастыру мерзімділігі, төлемділігі және экономиканың негізгі құралдар болып табылады.

Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негіздері: «Коммерциялық банктер және олардың несие жүйесінің қалыптастыру мен даму қызметі туралы» ҚР Заңы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 2006 жылғы халыққа Жолдауы, белгiлi экономист ғалымдарымыз: Көшенова Б. А., Сейiтқасымов Ғ. С., Кемел Н., Мақыш С., Көшербаевтардың банктердегі несие жүйесінің қалыптастыру мен дамыту қызметтерiнен жазған еңбектерiн терең талқылай отырып, өз тың ғылыми-сараптамалық тұжырымдамамды ұсынамын. Халықаралық банктер арасындағы заңды тұлғаларға несиелiк қызмет көрсету бағдарламаларын салыстыратын экономикалық көрсеткiштерi бар кестелер келтiрiлдi.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.

1. БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

  1. Коммерциялық банктер: түсінігі, түрлері мен операциялары

Несие жүйесінің төменгі буыны тікелей халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық бастама тұрғысында қаржылық қызметтің кең өрісін ұсына алатын дербес мекемелер жүйесінен құрылады. Олар банк заңнамасында біріктіріліп коммерциялық банктер деп жалпы аталатын коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктері.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

Коммерциялық банктердің түрлері
әмбебап
Маманданған
Маманданған: салалық

Сурет 1- Коммерциялық банктердің түрлері мен мамандану саласы

Ескерту: сурет «Банки Казахстана» журналының мәліметтеріне сүйене орындалған

Тауарлық:

-инновациялық;

-инвестициялық;

-ипотекалық;

-депозиттік;

-клирингтік.

Салалық:

-ауылшаруашылық;

-өндірістік;

-құрылыстық.

Функционалдық:

-биржа;

-сақтандыру;

-трасталық;

-кооперативтік;

-комуналдық.

Нарықтық:

-аймақтық;

-аймақаралық;

-трансұлттық.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер қаржы нарығында ең маңызды делдалдық қызметті атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуте болады: маманданған, салалық және әмбебап (1- сурет) [1, 32] .

Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету. Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша - несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.

Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді - табыстың өсуі және шығынның кемуі.

Қазақстан Республикасының 31. 08. 1995ж. №2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету - бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

  • заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
  • банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
  • қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;
  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді) ;
  • төлем карточкаларын шығару;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру [2, 45] . Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету. Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк - уақытша бос ақша қаражатарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.

Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақстымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар - табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды [3, 16] . Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

  • қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;
  • қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;
  • басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.: Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар)
Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)
Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру):
  • банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар;
  • клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.
Активті-пассивті операциялар (комиссиялық делдал)
Активті-пассивті операциялар (комиссиялық делдал):
  • клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.

Сурет 2. Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы [4, 33] .

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі комммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айтй кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма - қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс - тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 34 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан. Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы - несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шауашылығына ұғымды бағыттауға мүмкіндік береді [5, 73] .

Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады". "Валюталық реттеу" түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады. Бұл принцип - ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет игілігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке есеп береді.

Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ - та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы заңға ғана бағынады.

АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын - Федералды резервті жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі келіспеушілік бойынша қызметіне босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.

Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі - экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша - несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық мәні бар [6, 85] .

Президенттің " Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк:

а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

б) осы шарттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді". Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады [7, 64] .

Үкімет әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартуы мүмкін.

АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.

Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

  1. Маманданған несиелік мекемелердің қызметін ұйымдастыру

Мамандандырылған несие мекемелері нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буыны болып табылатындықтан, бұл мекемелерсіз экономиканың әртүрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді. Сондықтан да маманданған несиелік мекемелердің түрлеріне тоқталып, олардың қызметтеріннің ұйымдастырылуы қарастырылды.

Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айырысу қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Мысалы, бұрынғы КСРО-да 20-жылдарда коммерциялық банктер тұтыну несиесін берумен шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін беретін көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық экономикада кез келген мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.

Маманданған несие-қаржы инстиуттары (немесе оларды парабанктік мекемелер деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және т. с. операциялар орындауымен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: несие-жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т. б. Өркендеген мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өту шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге қызығушылық болуда.

Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет керсетуде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР ислам банктерінің операциялары мен қызмет ету принцптері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Несие жүйесі
Қазақстан Республикасы банктерінің ақша-несие саясаты
Банктің коммерциялық қызметті несиелеу ерекшеліктері
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
КСРО сыртқы экономикалық банкісі
Қазкоммерцбанк АҚ-ның несиелік портфелінің сапасын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz