Бюджет жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ ... ... ... ... 9
1.1.Бюджеттің жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Бюджет жүйесінің принциптері және механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Әртүрлі деңгейдегі бюджетті жоспарлау негіздері және бекіту ... ... ... ... .16
2 . АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.1 Республикалық бюджеттің қазынашылық атқарылуын талдау ... ... ... 27
2.2 Облыстық және аудандық бюджеттердің атқарылуын талдау ... ... ... .. 41
3 . БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
3.1. Бюджетті құрудың мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.2. Қазірігі кездегі бюджеттің мәселелерін шешу жолдары ... ... ... ... ... .. 62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бүрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады" . БІздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорганыс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сүғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Ойткені бұл қорларды түтыну, жекелеген сүраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мүндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды үйымдастыруды, түтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жагдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді.

1. Борисов Е.Ф. Экономическая теория.-М.: Юристъ, 1997.
2. Беляев Ю. А. Бюджетный Федерализм: зарубежный опыт // Финансы. 1999. N 10.
3. Большаков C. В. Финансовая политика и финансовое регулирование экономики переходного периода // Финансы. 2000г.
4. Булатова А. С. Экономика: учебник. М.: Бек. 1994. Гл. 16. С. 260 — 277.
5. Игнатьев Д. Налоговой политике нужны четкие приоритеты // Финансовые известия. 2000.
6. Князев В. Г., Попов Б. В. Налоги в Австрии // Финансы. 1999.
7. Королев Ю. А. Инфляционные процессы и макроэкономические показатели // Финансы.2005 .
8. Пансков В. Г. Главное - финансовая стабилизация //Финансы. 1999. ғ 12.
9. Родионова В. М. Бюджетная реформа: содержание и проблемы // Финансы. 1994. ғ 8.
10. Родионова В. М. Финансы. М.: Финансы и статистика. 1998. Гл. 3.
11. Фишер С. Дорнбуш Р. Шмальгези Р. Экономика. М. 1998. Гл. 28, 29.
12. Финансово-бюджетная политика в 1998 г. // Финансы. 1998.
13. Черник Д. Г. Местные налоги // Финансы. 1998.
14. Худяков А. Жеты-Жаргы 1998 г. Подоходный налог.
15. "Причины как на ладони (о состоянии налогообложения и налоговой системы в Казахстане). Журнал "Каржы-Каражат", 2008г., 0,3 п.л.
16. "Фискальный перераспределительный механизм межбюджетных отношений в Республике Казахстан". Сб. научных трудов КазГАУ "Экономические реформы: особенности переходного периода". Часть! - Алматы, "Экономика", 2004г., 0,3 п.л.
17. "О проблемах и критериях классификации налогов". Журнал "Каржы-Каражат", 2008г., 0,3 п.л.
18. Ж. Елубаева государственное финансовое обеспечение производства общественных товаров и услуг.А. 2005 г.
19. Ильясов А.А. Государственный бюджет. - Алматы, 1997.
20. Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. -Киров: АСА, 1998.
21. Налоги/под ред. Д.Г. Черника. - М., 1994.
22. Налоговые системы зарубежных стран. — М., 1997.
23. Нусупова А., Нусупова А. Закономерный провал. // Деловая неделя. - 26 марта 1999 г.
24. Богачева О.Б. Проблемы укрепления бюджета //Финансы. 2007.
25. Жарекешева А.Х. Бюджет и социальная сфера// Экономика Казахстана. – 1997.
26. Зейнельгабдин А.Б. Закон «О бюджетной системе Республики Казахстан – основа реформирования финансовой системы//Экономика Казахстана. – 1997.
27. Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Саткалиева В.А. Государственный бюджет. – Алматы: РИК, 1994
28. Носков А.И. Государственный бюджет. М.: Прогресс, 1998.
29. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики. Учебное пособие. М.: Юристъ, 1999.
30. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики (в вопросах и ответах) М.: ИНФРА-М, 2000.
31. Петров В.А. Финансовые механизмы экономического роста бюджета. // Финансы. 1999.
32. Сидорович А.В. Курс экономической теории: Учебное пособие. – М.: ДИС, 1997.
33. Чепурин М.Н., Киселева Е.А. Курс экономической теории: Учебное пособие. – А.: Университет «Кайнарі, 1994.
34. Шишкин А.Ф. Экономическая теория. Учебник в 2 кн. –М.: Гуманит.изд. центр ВЛДОС, 1996.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ ... ... ... ... 9
1.1.Бюджеттің жүйесінің экономикалық мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ...9
1.2. Бюджет жүйесінің принциптері және
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..14
1.3 Әртүрлі деңгейдегі бюджетті жоспарлау негіздері және
бекіту ... ... ... ... .16
2 . АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 27
2.1 Республикалық бюджеттің қазынашылық атқарылуын талдау ... ... ... 27
2.2 Облыстық және аудандық бюджеттердің атқарылуын талдау ... ... ... .. 41
3 . БЮДЖЕТТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
3.1. Бюджетті құрудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..54
3.2. Қазірігі кездегі бюджеттің мәселелерін шешу жолдары ... ... ... ... ... ..
62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
КІРІСПЕ
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бүрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады" . БІздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-
шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды елдің қорганыс кабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық
мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол
сүғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда
аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге
түсіністікпен қарайды. Ойткені бұл қорларды түтыну, жекелеген сүраныс
жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл
нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін
қалыптастырады. Мүндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін,
азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі
ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды үйымдастыруды, түтастай
энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен
пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше
жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған
қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға
және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі
жагдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға
ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы.
Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де
көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының
құрылымы бейнеленеді.
Мемлекеттік бюджет – ол өте күрделі механизм болып саналады. Бюджет
деп- мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған және тиісті
заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзгеде кіріс көздерінің және
түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған қаржы бөлігін айтады.
Қысқаша айтқанда мемлекеттік бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша
құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры.
Жалпы алғанда мемлекеттік бюджет бұл ақша түрінде қоғамдық өнімнің
бөлінуін және оның экономика салаларымен халықты қамтамасыз ету үшін
қолданылатын ақша бөлігі. Қоғамызда мемлекет бюджет республикалық және
жергілікті бюджет болып бөлінеді.
Жергілікті бюджет – облыстық, қалалық әкімшіліктен тұрады. Ал
республикалық бюджет мұнда негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылады және Қазақстан Республика Үкіметінен парламентінің
актілерінен жүктелген міндеттерді атқаруға бөлінген және жалпы бағдарды,
шараларды қамтамасыз ету үшін арнайы орталықтандырылған түрде ақша
қоырының бөлінуі жатады. Бұл далпы ішкі өнімнің өзгеруіне байланысты
өзгеретіндігі. Яғни мемлекеттіміз бойынша жалпы ішкі өнім өскен сайын
мемлекеттік бюджеттің де артатындығы.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде мемлекеттік бюджеттің керектігін
мынадан көруге болады. Өнім өндіру үшін орталықтандырылған ресурстарының
құрылуы тиіс және сол арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс атқарулары
керек. Мемлекетке орталықтандырылған түрде қаржының керектігі және сол
арқылы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік мәдени жұмыстарды жүргізу,
қоғанысты күшейту білім саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау
мәдениет пен өнерді дамыту, ақпарат көздерін және оның сапалылығын
арттыру болып табылады. Яғни халықтың тұрмыстық әл-ауқатының артқы
мемлекеттік бюджетке тікелей байланысты, яғни оның атқаратын рөлі өте
жоғары.
Жұмыстың мақсаты бюджет туралы түсінікке тоқталып деректер менен
сандар бойынша оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдеу болып табылады. Ол
үшін мынадай міндеттемелер алға қойылып тұр:
- мемлекеттік бюджет туралы түсінік
- мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызын белгілеу
- бюдет принциптеріне сипаттама беру
- бюджеттің атқарылу тәртібін анықтау
- бюджеттің қазынашылық ролін сипаттау
- Жамбыл ауданының бюджеттік кірістер мен шығыстар материалдары
бойынша талдау жүргізу
- Бюджеттің орындалу жөнінде ұсыныстар мен дамыту жолдарын ұсыну
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мән ашылып оның
мемлекеттік маңызы ашылады. Бюджет жүйесінің мәні мен оның принциптеріне
жеке-жеке тоқталып бюджеттің қалай жоспарланып қалай бекітілетіні
талданады.
Екінші тарауда әртүрлі деңгейдегі бюджеттің экономикалық талдауы орын
алып республикалық бюджеттің атқарылуына жеке тоқталамыз. Сонымен бірге
облыстық және аудандық бюджетке көшіп оны сандық көрсеткіштер көмегімен
талқылаймыз. Жамбыл ауданының бюджеттің шығыстары мен табыстарына жеке
тоқталып оны жан-жақты талдаймыз. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың
ролі өте зор, сондықтан оның маңызын атап көрсетуді осы тарауда жөн көрдік.
Үшінші тарауда республикалық және жергілікті бюджет процестерін
жетілдіру жолдары қарастырылып, бюджетті құрудағы негізгі проблемаларға
назар аударылады. Сонымен бірге бюджетті жоспарлаудың жетілдіру жолдары
ұсынылады
1 БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады.
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның
әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты,
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден — мемлекеттік және
жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың,
(АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары
қызмет етеді.
Мемлекет қызметтерінің үлғаюы мемлекеттік шығындардың қаркынын ЖҰӨ
өсуі карқынан едәуір асырып жібереді. Мысалы АҚШ-та XX ғасырда мемлекеттік
шығындар 350 есе артты. Тек 1980—1989 жылдар арасында федералдық бюджет
шығындары 2 еседен астам өсті (433,5 млрд. долл. 872 млрд. долл. жетті)
6.
Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік
секторының қызмет Істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін
шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек
тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек.
Оларға әскери қарыздар бойынша пайыздық төлемдер, зейнетақы, соғыс
мүгедектеріне, ардагерлерге және т.б. көмек түрлері жатады. Мемлекет
бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең
аддымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын
дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті
жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті
бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық
объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті
органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе
мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі
қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы мақсаттарға шоғырлаңдыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына
әлеуметтік қамсыздаңдыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін
даярлау, қайта даярлау және т. б. жатады.
Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды,
мүны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мүндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары — салықтар,
мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі — салықтар. Өнеркәсібі
дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың
негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің
табыстарьша, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік
бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері
бойьшша салық төлейді.Номиналдық табыстың үлғаюына сәйкес табыс салығын
есірудің базасы жасалады, салық телеушілердің саны артады, мемлекеттің
шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.
Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол
пайданың белгілі мелшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара
әдетте төтенше жагдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде
қолданылады. Табыс салығының қатарына мулік салығы және капиталды
пайдаланумен байланысты аткарылған істер салығы да жатады. БІрінші жағдайда
салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды
тұлғалардан алынады.
Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардың бағалы қағаздарды сату,
сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар
жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар немесе қызмет
керсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды түтынушылар (сатып
алушылар) телейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы
тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ.
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды,
монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардын Ішіндегі ең бастысы —
акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады.
Әрбір еддің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық түтынатын тауарларға,
транспорт, байланыс, түрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі
кезде акциздің бір түрі — қосымша кұнға салық салу кеңінен дамуда. Бұл
жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы
кезеңдегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады 15.
Жергілікті әкімшіліктің қажеттіктерін өтеуге өз салықтары
жетіспегендіктен кептеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға
субвенция (көмек) беруі үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің
табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір
бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды
қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты
мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуі рөлі артып
келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің үлғаюынан көруге болады.
Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өңдіріс процесіне
әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай
ықпал көп бағытта жүргізілуде. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап,
мемлекет капиталдың қорлану процесіне айтар-лықтай әсер етеді. Оның мысалы
ретінде жеделденген амортизация деп аталатын салық механизмін келтіруге
болады. Мүнда мемлекеттік қаржы органдары компанияларға амортизация қорына
негізгі капиталдың Іс жүзіндегі тозуы құнынан айтарлықтай артық соманы
жіберуге рұқсат етеді. Нәтижесінде пайданың салық алынатын мөлшері едәуір
кеміп, төленген салықтың көлемі де азаяды.
Сан алуан қаржы байланыстарында, жекелеген ерекшеліктері
бедерленетін айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен,
ұйымдармен, мекемелермен және халық пен қалыптасатын қаржы қатынастары
қоғамдық өнімді құндық бөледің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға
бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілерге тән және олар қоғамдық
қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып,
пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге
асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ‘’Мемлекетік бюджет‘’
деп аталған ұғымның экономикалық мазмұны құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес салысы ретінде өмір сүруін
қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту
орталықтандырылған ресурстрады қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру
бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымының
ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен
қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында
әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге; қорғаныс міндеттерін шешуге,
мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны
қажет етеді.
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерін
мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.
Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырыған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынымен қамтамасыз ететін салалық және
аумақтық құрылымдар құрылып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге
мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат
экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтіп, құндық юөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықша қоғамдық арналымда жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға
қызмет етеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте
қаржы категориясына тән сипаттар бар; бюджет қатынастары бөлістік
сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен
қатар бюджеттік қатынастардың бөлігі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол
ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн
бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады;
- Жиынтық қоғамдық өнімінің мемлекеттің қолында жинақталып,
қоғамдық қажеттерді өтеуінен байланысты бөліс қатынастарының айрықша
экономикалық формасы болып табылады.
- Құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс
қаржысы мен құнжы тұтынуға қажет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан
айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары аумақтар, экономика
секторлары, қоғамдық қызмет салары арасында құнды қайта бөліске салуға
арналған.
- Қоғамдық өнімнің тауар формадағы қозғалысымен тікелей байланысы
жоқ құнды бөлісін, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық
өндіріс пен өндірістен тыс салаларды қаржы қатынастары тауар-ақша
қатынастарымен астамы жатады 18.
Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық заттық
көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорында бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде
қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық процестерді мемлекет
жұмылдырылып, пайдаланып қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры
қоғамдыққ өнім ҰТ-ң құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы
өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қажет көрсету, қорғаныс,
басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына
түскен бөлігінің объективті аалғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет
қоырн қалыптастыру мен пайдалану бөлу және қайта бөлуге байланысты
болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім
құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы
түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту,
қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен
қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың қалыптасқан ақша қатынастарын
бейнелейді. Бюджет экономикға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда
бюджеттің бүкіл экономика ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет
механизм мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын құру
және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру пайдалану
формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде
қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады. Өндіріс
құрал-жабдықтаушыларына мемлекеттік меншіктің әсіресе басым болуы
шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет
қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды.
Бюджет байланысының мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражатының
орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет
байланыстарын тиісті қаржы құжаты елдің негізгі қаржы жоспарында
бейнелейтіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын
құрайтын бөліс процестері қарастырылады; кірістер және шығыстардың баптары
мемлекеттік ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің жоспары қызметінің нәтижесі, онда қоғамдық барлық мүшелерінің
мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі, ең алдымен
өндірілген ҰТ-ң 39%-нің жалпы қоғамдық өнімнің 18%-ң бөлуге және қайта
бөлуге түсуінен көрінеді. Ол жағдайда атап өтелгендей қаражатты елдің
халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары,
экономикалық аударымдары мен аймақтары арасында бөледі.
Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғанда мемлекеттік бюджет
экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің
стимуляторы ретінде зор рөль атқарады. Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық
қорлар қозғалысының қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Кәсіпорындардағы
күрделі жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру,
операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың
өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліксіз бірқалыпты жүруіне
мемлекеттік береді.
Өндірістен тыс саладағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі
дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым
көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан мемлекеттік бююжеттен
қаржыландырылады. Білім беру; денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру,
әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер саласындағы
мемлекеттің шығындары жалпы мемлекеттік ауқымындағы әлеуметтік мәдени
шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес
салалар құрылымын ұтымды құруда бюджеттің маңызы орсан зор. Өндірістк
емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете отырып,
мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны
пайдалану да аумақтың пропорцияға әсер етуі мүмкін.
1.2 Бюджет жүйесінің принциптері және механизмі
Мемлекеттік бюджет біртұтастық толықтық, нақтылық, жариялылық
принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық, экономикалық
орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Бұл прицип бұрыңғы КСРО бюджет
жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті
органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде
біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.
Біртұтастық мемлекетте біріңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында
әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруіне,
мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде қаржы құжаттың, бюджет
жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың
әдістері мен ұйымдастыруының біріңғайлылығын, оның әлеуметтік экономикалық
болжаммен өзара байланысыны қамтамасыз етеді. бюджеттің біртұтастығы
принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына
бақылау орнату.
Толықтық приципі үкіметтің барлық қаржы операцияның барлық
жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырып,
мемлекеттің барлық түсімдері мен шығындары әрбір бапта ескерілетін
білдіреді. Қазіріг толықта бұл принцип іс жүзінде қолданбайды. Өйткені
бюджетті арнайы шығыстармен былықтыру жөнсіз деп саналады. Сондықтан
соңғы кезде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың
дербес бюджеті бөліп шығарылды. Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен
тыс қорлар бойынша жүреді. (зейнетақы, жұмыспен қамту, жәрдемдесу, жол,
әлеуметтік сақтандыру және т.б.). бұдан басқа “Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі туралы” заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды
шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе,
ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құрылады. Оны
мемлекеттік өкімет пен басқарудың жоғарғы органдарына қарап бекітіледі.
Нақтылық принципі бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін
қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін,
бекітілген солардың сәйкес келуін қарастырылады. Мұнда нақтылық даму
болжамдары, бағдарламаларды көрсетуіне негізделіп, бюджет резервтерімен
нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің
негіздемелеріне қарай анықталады.
Жариялық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы
мәліметтерді жұртшылықты бюджеттің құрамы және құрылымымен, тапшылық
көлемімен және оны жабудың әдістерімен (шығындарын қысқарту кірістерді
көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру үшін баспа сөзде жариялау
талабын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің аса маңызды
құралы болып табылады.Өйткені,бюджеттің теңестірілгендігі халық шаруашылығы
тепе-теңдігі мен пропорцияны дамуының ең басты және айқындаушы өлшемі
болады. Мемлекеттік бюджет елдің негізгі қаржы жоспары, қаржы жүйесінің
орталық буыны. Оның басты мақсаты қаржы құралдарының көмегімен
экономиканың тиімді дамуы және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін
жағдай жасау.
Бюджеттік процесс (бюджеттік процедура) дегеніміз билік органдарын
уақытпен мөлшерленген қызметін және бюджеттің орындалуы туралы есеп берудің
бекітілуін, орындалуын бақылау, құрастыру және бекітілуі бойынша басқару.
Қазақстанда бюджеттік процесс ,,Бюджеттік жүйе туралы,, заңымен, Қазақстан
Республикасы жыл сайынғы ,,Республикалық бюджет туралы,, және республикалық
басқа заңдарымен, одан басқа атқарушы билік органдарының шешімдерімен
анықталады.
Бюджетті құрау, орындау бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді құрау
атқарушы билік органдырының қызметті қарау, бекіту-жеткілікті маслихаттар
мен парламенттің атқаратын қызметі болып табылады, ал бюджеттің орындалуын
екі билік саласы бақылайды.
Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет жобасын
құрау үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының
парламенттерінің негізінде Үкіметтің бекітілуіне келесі маңызды бюджеттік
көреткіштерді қалыптастыратын және енгізетін бюджеттік комиссия құрады:
- республикалық бюджетке түскен түсімдердің көлемі, Алматы және
Астана қалаларымен облыстарының бюджеті, арнайы аймақтардың қаржы
қорлары;
- функционалдық топ және бюджеттік бағдарламалардың басқарушылары
бойынша республикалық бюджетті несиелендіру және шығындар
лимиті.
- Республикалық бюджеттің тапшылығы (профицит) мөлшері;
- Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс лимитті шеттен алу;
Республикалық бюджет бағдарламаларының басқарушылары лимиттер
мөлшерінде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігіне өздерінің бюджеттік
бағдарламаларын енгізеді 3.
3. Әртүрлі деңгейдегі бюджетті жоспарлау негіздері және бекіту
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру үшін
мемлекеттік мекемелер республикалық бюджет бағдарламаларының басқарушыларды
Қазақстан Республикасы үкіметімен бекітілген мерзімде шығындар лимиті мен
сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын
қалыптастыру бойынша бюджеттік комиссиямен анықталатын есеп айырысуларымен
дәлелдеулер мен бізге бюджеттік мәлімдеме министрлікке құрастырылып
ұсынылады.
Бюджеттік комиссия функционалдық топ және бағдарламалардың
басқарушылары бойынша республикалық бюджет шығындарына жатпайтын
бағдарламалардың тізімін анықтайды.
Мемлекеттік мекемелер бағдарламалардың басқарушылары Қазақстан
Республикасы қаржы министрлігіне БЗ-1 форма бойынша алдағы қаржы жылына
арналған бюджеттік мәлімдемені ұсынады. Бюджеттік мәлімдемеге алдағы қаржы
жылына республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған барлық
бағдарламалар енгізіледі. Бюджеттік мәлімдемелердің жалпы соммасы Қазақстан
Республика қаржы министрлігімен бөлінген және бюджеттік комиссиямен
анықталған мемлекеттік мекемелер бағдарламалардың басқарушылары шығындары
лимитінен аспауы тиіс.
Алматы және Астана қалаларымен облыстарының әкімдері жергілікті
бюджеттік бағдарламаларының лимиті мен тізімін аса маңызды жергілікті
бюджет бағдарламаларының минималды шығындар сомалары мен шеттен алынған
лимиттер анықтайды.
Осы министрлік Үкімет бекіткен бюджеттік көрсеткіштермен сәйкес қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңының жобасын өңдейді және
ұсынады.
Республикалық бюджет туралы заң мыналарды қамтуы тиіс:
-ресми трансперттен алынған табыстар көлемі, ерте берілген несиелер,
шығындар, бюджеттің дефициті және несиелендіру бойынша негізгі қарызды
өтеу;
-айлық есептік көрсеткіш және зейнетақы, еңбек ақының төменгі мөлшері;
-Қазақстан Республикасының үкіметінің резервтік мөлшері;
-мемлекеттік қарыз, жергілікті атқарушы органдардың кепілді (гарантия)
ұсыну, жергілікті атқарушы органдарды несиелендіру лимиттері;
-бағдарлар және республикалық бюджет бағдарламаларының басқарушылары,
функционалдық топтар бойынша шығындар шегінің тізімі;
секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджет бағдарламаларының тізімі;
- жергілікті бюджеттен қаржыландыратын аса маңызды бюджеттік
бағдарламалар, шығындардың минималды соммасын анықтаумен Алматы
және Астана қалалары мен облыстары.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңының
жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне үкіметпен жылдың 15
қыркүйегінен кешіктірмей береді.
Мәжілісте, одан кейін сенатта бюджет жобасы қарастырылғаннан кейін
палаталардың бірлескен мәжілісінде республикалық бюджет бекітіледі және
оған толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
Парламентте өздерінің отырысында бюджетті қарастыратын мынандай
кемшілікттері бар:
-ауыл шаруашылығы бойынша;
-заңнамалық және сот-құқық реформасы бойынша;
-әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитет;
-табиғатты пайдалану және экология мәселесі бойынша комитет;
-аймақтық даму бойынша және экономикалық реформа бойынша;
-қаржы және бюджет бойынша комитет;
-халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс бойынша комитет;
Республикалық бюджет республикалық бюджет бағдарламаларының деңгейінде
парламент палаталарының бірлескен отырысында ағымды жылдың 15 желтоқсанынан
кешіктірмей бекітіледі. Егер парламент бұл мерзімге дейін Республикалық
бюджет туралы заң қабылдамаса, Президент ,, Алдағы қаржы жылының 1тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары туралы,, жарлық шығаруға құқылы.
Жергілікті бюджетті Алматы және Астана қалаларымен облыстардың
жергілікті атқарушы органдары құрастырады. Олар бірінші қыркүйекке дейін
қаржы министрлігімен келісілген түсімдер көлемі мен анықталған алып
пайдалану лимиттер негізінде жергілікті бюджеттер жобасын құрастырып,
бюджеттер болжамын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігіне ұсынады.
Алматы және Астана қалалары мен облыстарының әкімдері республикалық
бюджет туралы заң өзінің күшіне енгеннен кейін 2 апта ішінде бұрынғы
қарастырылған бюджеттің болжамдық көлемін анықтайды және маслихаттардың
қарастыруына кіргізеді, олар 2 апта ішінде оларды бекіту туралы шешім
қабылдайды.
Ауданның (қаланың) әкімдері облыстық бюджет бекітілгеннен кейін 2 апта
кейін бюджеттің бекітілуіне туралы 2 аптадан кешіктірмей қабылдайтын
маслихаттардың қарастыруына бюджет жобасын кіргізеді.
Жергілікті бюджет туралы маслихаттың шешімінде мыналар қарастырылуы
қажет:
-ресми трасфертен алынған табыстар көлемі, ерте берілген несиелер,
шығындар, несиелендіру және бюджеттің тапшылығы (профиценті) бойынша
негізгі қарызды өтеу;
-бекітілген тұрақты көлем (шама) негізінде облыстық бюджет пен
аудандық бюджет арасында табыстарды бөлу нормативтері;
-резервтік көлем және жергілікті атқарушы органдарының қарызының
лимиті.;
-жергілікті қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік қордың көлемі;
-бағдарламалар және жергілікті бюджет бағдарламаларының басқарушылары,
функционалдық топ бойынша шығындары;
-секвестрлеруге жатпайтын жергілікті бюджет бағдарламалардың тізімі.
Жергілікті бюджеттерді маслихаттарда бекітілгенге дейін 1 тоқсан
бюджетінің орындалуы сәйкесінше қаржы жылына арналған жылдың бюджет
жобасының 14 бөлігі көлемінде жүзеге асырылады.
Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдармен жергілікті атқарушы
органдарының төменде тұрған бюджеті орындау және қалыптастыру процесіне
араласуына рұқсат етілмейді (алдын ала қарастырылған Қазақстан
Республикасының ,,Бюджет жүйесі туралы,, заңын қоспағанда).
Республикалық бюджеттің орындалуын Қазақстан Республикасы үкіметі
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелер, басқарушылар мен бекітілген
бағдарламалар сметасы негізінде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің
қазыналық рұқсат етуінің негізінде шығындарды шығарады.
Ол, бөлінген қаражаттың қазыналық рұқсат етуімен қарастырылған
мақсаттарға пайдалану жағдайында қаржыландыруды тоқтатуға, қайта шақырып
алуға құқылы.
Қазақстан Республикасы үкіметі бюджетті орындау барысында
республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалар
(мөлшерінде) бағдарламаларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
тізіміне өзгерістер енгізуге және республикалық бюджет дефицитін жабу
көздерін өзгертуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаттарының мақсаты және тиімді
пайдалануын әкімшілік-территориялық бірліктерге сәйкес келетін бюджеттің
орындалуын қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджет шоты арқылы қамтамасыз
етілетін мемлекеттік мекемелер шотын, жергілікті бюджет шотын жүргізу,
оларға аудармалы операциялар жергілікті атқарушы органдармен берілетін
қаржылық рұқсат қағазы негізінде Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігінің қазыналық органдарымен жүзеге асырылады.
Олар, қаржылық рұқсат қағазымен қарастырылмаған мақсаттарға бөлінген
қаражаттарды пайдалану жағдайында қаржыландыруды тоқтатуға, қайта шақырып
алуға құқылы.
Егер бюджетті орындау барысында жергілікті атқарушы органдармен
нормалық құқықтық актілер қабылданса, сәйкесінше төменде тұрған бюджет
табыстарды азайтса немесе шығындарды көбейтсе онда бұл бюджеттерге жоғарыда
тұрған бюджеттен қаражаттар орнын толтырады.Төменде тұрған бюджеттер
бойынша шығындар азайса оларға субвенцияны бөлу қысқартылған жағдайда -
олардың көлемі азаяды.
Ағымды жылдың бюджеттін орындау барысында өтіп кеткен тоқсан табыстары
бойынша сомаларды артығымен орындау және қаржы жылының басында табыстарды
артығымен орындау нәтижесінде пайда болған бюджет қаражаттарының бос
қалдықтары жоғарыда тұрған бюджетке алуға жатпайды.
Бюджет шығындарын өзгерту тәртібі мынадай қағидалардан тұрады: бюджет
тапшылығының бекітілген деңгейінен асып түсуі кезінде, немесе оларды
орындау барысында табыс көздерінің түсімдерінің төмендеуі, Қазақстан
Республикасы үкіметімен және де бекітілген сомадан 10 пайыз артық емес
жергілікті атқарушы органдармен әрбір бағдарлама бойынша бюджет шығынының
қысқаруы туралы шешім қабылданады, ал 10 пайыз жоғары жергілікті бюджет
туралы маслихаттың сәйкесінше шешімдеріне және республикалық бюджет туралы
заңға өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі.
Секвестендіруге жатпайтын бағдарламалардың тізімі парламентпен және
заңдағы жергілікті өкілетті органдармен және сәйкесінше жылға арналған
бюджет туралы шешімдермен анықталады.
Республикалық және жергілікті бюджеттің операциялары кассалық негізде
Біркелкі қазыналық шот арқылы көрінеді; шығындар көрінген кезінде шот
дебеттеледі, табыстар несиелендіреді.
Мемлекеттік заемдармен гранттар арқылы жүргізілетін түсімдер және
төлемдер бойынша операциялар, операцияны орындаған ұлттық банкпен
бекітілген курсы бойынша, ұлттық валюта да бұл қаражаттарды түсуі және
жұмсалуы бойынша айлық есеп берудің негізінде көрінеді. Республикалық
бюджеттің операцияларына нағыз гранттар енгізілмейді.
Бекітілген сомалар бойынша өтіп кеткен қаржы жылында қаржыландырумен
қамтамасыз етілмеген шығындар функциясы үшін және де бюджетке ресми
транфертерді енгізу бойынша жаңа қаржы жылына шоттық кезеңге жатпайтын
уақыт аралығында соңғы операциялар жүргізілетін мерзім бекітілген ұзақтағы
ағымды бюджет жылының 1-сәуіріне дейін.
Қаржы жылы – бюджеттік – есептік кезең, календарлық жылдың 1
қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп беруді Қазақстан
Республикасы үкіметі Парламентке және республикалық бюджеттің орындалуын
бақылайтын Шоттық комиссия жылдың 1 шілдесіне дейін кешіктірмей береді.
Жергілікті атқарушы органдар ай сайын сәйкесінше маслихатқа және
жоғары тұрған атқарушы органдарға бюджеттің орындалуы туралы есеп береді.
Алматы және Астана қалаларының облыстық атқарушы органдары Қазақстан
Республикасы қаржы министрлігіне ай сайынғы есеп береді.
Бұл министрлік ай сайын республикалық және жергілікті бюджеттің, өсіп
отыратын нәтижемен, есеп беру кезеңінде бюджеттің орындалуы туралы үкіметке
есеп береді.
Республикалық және жергілікті бюджетті орындау қаржы жылының 1
қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. Шоттық кезең аралығында
өндірілетін ресми трансперттерді бюджетке енгізу бойынша және өтіп кеткен
қаржы жылында бекітілген бюджеттік шығындар қаржыландырумен қамтамасыз
етілмеген соңғы операцияларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің олармен
ағымдағы қаржы жылына қарастырылған бюджеттік ассигнованиялары жұмсауға
құқығы 31 желтоқсанда аяқталады. Шоттық кезеңнің ұзақтығы оны 1 сәуірге
дейін аяқтау мерзімімен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігімен
бекітіледі және жергілікті атқарушы органдарға, республикалық бюджет
бағдарламаларының басқарушыларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкіне жеткізілінеді.
Республикалық және жергілікті бюджет жобасын құрастыру процесі 3
этаптан тұрады:
-республикалық және жергілікті бюджет жобасын құрастыру үшін негізгі
көрсеткіштерді және кредиттерді анықтау;
-бюджет басқарушыларының бағдарламаларының бюджеттік мәлімдемелерін
және жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін құрастыру;
-республикалық және жергілікті бюджет жобасын мақұлдау;
Мемлекеттік мекемелер қаржыландырудың 2 нақтылау жоспарын құрастырады:
-міндеттемелер бойынша;
-төлемдер бойынша.
Міндеттемелер бойынша егжей- тегжейлі жоспарды құрастыру кезінде
келесі көрсеткіштерді пайдаланады:
-бюджеттік бағдарламалардың паспорты;
-бюджет бағдарламаларын орындау мерзімі, мемлекеттік тауарлар мен
қызметтерді сатып алу үшін конкурстарды (тендер) өткізу мерзімі келісім-
шарттарды жасау мерзімімен;
-Қазақстан Республикасы Біртұтас бюджеттік жіктелудің экономикалық
шығындар жіктелуі;
-сәйкесінше нарықтағы тауардың қызмет көрсетудің бірлігі үшін
болжамдалатын баға.
Төлемдер бойынша егжей-тегжейлі жоспарды құрастыру кезінде мынадай
көрсеткіштер пайдаланылады:

шығындардың жіктелуі;
-сәйкесінше бюджеттік бағдарламаларды орындау үшін қабылданатын
міндеттемелер бойынша тауарларды жеткізу графигі.
Міндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландырудың жоспарлар жыйнағы, жинақ құжаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет қаражаттарды Қазақстан
Республикасы ұлттық банкінің біртұтас Қазынашылық шотында, ал жергілікті
бюджеттің қаражаттарды-Қаржы Министрлігінің сәйкесінше қазынашылық аймақтық
органдарының ағымды шотында сақталады.
Республикалық бюджеттің кассалық орындалуы және жергілікті бюджеттің
шоттарын енгізу (жүргізу) бекітілген заңдылық тәртіпте қызнашылық аймақтық
органдармен жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы бюджеттің
шығындарымен табыстардың бекітілген жылдық сомаларын әр айға бөлу мен
сәйкес құралатын республикалық және жергілікті бюджеттің табыстары мен
шығындарының тізімі барлық деңгейлері негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттің табыстары мен шығындарының
тізімі бюджеттік жіктелудің функционалдық, ведомствалық, экономикалық
мінездемелері бойынша бекітілген, республикалық және жергілікті бюджеттің
табыстары мен шығындарының әр ай сайын орындалуы сәйкесінше жүзеге
асырылатын жоспарды көрсететін құжат.
Республикалық және жергілікті бюджеттің табыстарымен шығындарының әр
ай бойынша толық балансталған болуы керек және шығындар көлемі табыстар
көлеміне тең болуы керек.
Республикалық және жергілікті бюджеттің табыстар мен шығыстарының
тізімі мынандай көрсеткіштер арқылы құрастырылады:
-бюджетке төлемдерді төлеу мерзімі;
-өтіп кеткен жылдағы табыстардың орташа айлық түсімдерінің
динамикасының есебі;
-мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылығының динамикасын талдау;
-заем туралы несиелік келісімдер мен жасалған несиелік келісімнің
шарттары 10.

тізімі жергілікті қаржы органдарының және Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігіне, бюджет бағдарламаларының басқарушыларымен ұсынылатын және
бекітілетін шығындардың жыйынтық сметалары негізінде құрастырылады.
Бюджет тапшылығы бекітілген деңгейден асқан кезде немесе оларды
орындау барысында табыс көздерінің түсімдері азайған кезде бекітілген
сомалардан 10 пайыздан аспайтын бюджетті несиелендіру және шығынның
қысқаруы туралы шешім Қазақстан Республикасы үкіметімен және жергілікті
атқарушы органдармен, ал 10 пайыздан жоғары Республикалық бюджет туралы
заңға және сәйкесінше маслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жолымен
қабылданады.
Егер республикалық және ергілікті бюджетті орындау барысында оларды
орындау үшін бекітілген бюджетке қаражаттар қарастырылмаған қосымша бюджет
бағдарламасын қаржыландыру қажеттілігі және түсімнің көлемінің өзгеруі мен
сәйкес келетін нақты бюджет бағдарламасының жылдық сомасының ұлғаюя немесе
бюджет тапшылығын қаржыландыру қажеттілігі туындаса онда Қазақстан
Республикасы үкіметі Қазақстан Республикасы парламентіне сәйкесінше қаржы
жылына арналған ,,Республикалық бюджет туралы,, Заңының жобасын енгізеді,
ал жергілікті қаржы органдары сәйкесінше маслихатқа бюджет туралы шешімнің
өзгеруі туралы ұсыныс енгізеді.
Ағымды қаржы жылына арналған Республикалық бюджетті айқындау кезінде
Республикалық бюджет бағдарламаларының басқарушылары шығындардың сметасын,
ал Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі республикалық бюджеттің
табыстары мен шығындарының тізімін анықтайды. Ағымды қаржы жылына арналған
жергілікті бюджетті айқындау кезінде жергілікті бюджет бағдарламаларының
басқарушылары шығындар сметасын, ал жергілікті қаржы органдары жергілікті
бюджеттің табыстар мен шығындарының тізімін анықтайды. Республикалық және
жергілікті бюджеттің табыстары мен шығындарының тізімі оларды орындау
процесінде өзгерістер енгізу мына көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады:
- заңдар мен Президенттің жарлығы үкіметтің ағымдағы қаржы
жылындағы қаулысы бойынша ағымдағы қаржы жылының бюджетінің
орындалуы;
- атқарушы органдар мен жергілікті үкімет органдарының нормалық
құқықтық актілер;
- шығындар сметасының өзгеруіне арналған бюджет бағдарламаларының
басқарушыларының мәлімдемесі.
Республикалық және жергілікті бюджет табыстары мен шығындарының
тізіміне өзгерістер енгізу кезінде мынаны еске алу қажет:
-әр ай бойынша және толық жыл бойынша табыстар мен шығыстардың тепе-
теңдігін сақтау;
-қаржыландыру лимиті мен кассалық шығындар және пландық белгілеу
арасындағы сәйкестікті сақтау;
-азайтылатын специфика бойынша несиелік қарыздың барын және тоқтығын
ескеру;
-қазынашылық территорияльдың органында тауарларды жабдықтаушылар
алдындағы барлық тіркелген міндеттемелерді ескеру 19.
Ерекшеліктер бойынша қаржыландырудың лимиті мен жоспарлық белгілеудің
қысқаруы бекітілген тәртіпте тіркелмеген және қабылданбаған сомалар шегінде
жүзеге асады. Ерекшеліктер бойынша қаржы лимиті мен жоспарлық белгілеудің
ұлғаюы басқа ерекшеліктер бойынша олардың төмендеуі арқасында бюджет
бағдарламалары бойынша жылдық сомалар шегінде жүзеге асуы мүмкін.
Егер ағымды қаржы жылы аралығында ,,Республикалық бюджет туралы,,
заңға немесе жергілікті бюджет туралы жергілікті атқарушы органның шешіміне
өзгерістер енгізген кезде бюджеттік белгілеудің қаржыландыру лимиті мен
олар арқылы өндірілген кассалық шығындарды басқа бір бюджеттік бағдарлама,
кіші бағдарлама, ерекшелік екінші бір бюджеттік бағдарламаға, кіші
бағдарламаға, ерекшелікке ауыстыру қажет, ал мемлекеттік мекеменің
мәлімдемесі бойынша бекітілген заңдылық тәртіпте келісім-шарттарды қайта
тіркеу жүзеге асады. Бұдан кейін қазынашылық аймақтық органдары бюджеттік
белгілеудің қаржыландыру лимиті мен олар арқылы өндірілген кассалық
шығындарды бір бюджеттік бағдарламаны, кіші бағдарламаны ерекшелікті басқа
бюджеттік бағдарламаға, кіші бағдарламаға, ерекшелікке ауыстыруды жүзеге
асырады.
Республикалық және жергілікті бюджет шығындарының жылдық соммасының
өзгеруі ағымды жылға арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті атқарушы
органның сәйкесінше шешімдерінде және ағымды жылға арналған ,,Республикалық
бюджет туралы,, заңда қарастырылған бағдарламалар бойынша ассигнованиялар
шегінде жүзеге асады.
Бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сома шегінде ерекшеліктер арасында
немесе нақты ерекшелік бойынша шығындардың жылдық сомасы шегінде әр ай
бойынша табыстардың тізімін анықтау Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігіне немесе бюджет деңгейіне қарай сәйкесінше жергілікті қаржы
органдарына берілетін сәйкесінше негізделер мен шығындар сметасының
өзгеруіне бюджет бағдарламаларының басқарушыларының мәлімдемелері
негізінде жүзеге асады.
Мәлімдеме бюджет бағдарламаларының басқарушыларының басшысымен қол
қойылатын және қысқартылатын, ерекшеліктер бойынша несие қарызының жоқтығын
дәлелдейтін дәлелдемеден кіргізілетін өзгерістерінің негіздемесінен және
баяндауынан тұруы қажет.
Бюджет бағдарламаларының басқарушылары ерекшеліктер бойынша
шығындардың жылдық сомамалары шегінде әр ай бойынша шығындар сметасын
анықтау кезде шығындар түрін анықтайды және бекітілген байланысты сақтау
мақсатында әр ай бойынша табыстар мен шығындар түзетіледі.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі немесе жергілікті бюджет
бағдарламасының басқарушылары немесе республикалық бюджет бағдарламаларының
басқарушыларының мәлімдемесін қарайды, қысқаратын ерекшеліктер бойынша
несие қарызының жоқтығын және кіргізілетін өзгерістер бойынша есептеп және
дәлелдеп тексереді, ағымды жылдың өткен айындағы жоспарлық тағайындау
өзгерген жағдайда, сәйкесінше жылдық шығындар тізіміне өзгерістер енгізеді
және жылдың басында бөлінген қаржыландырудың лимиті мен өзгерістер бойынша
жоспарлық сомаларды теңестіреді (салғастырады).
Бұл Министрлік 5 жұмыс күндері аралығында, жергілікті қаржы органдары
3 жұмыс күндері арасында сәйкесінше бюджет бойынша бағдарламалар
басқарушыларының шығындар сметасының өзгеруіне арналған мәлімдемені
қарастырады және сәйкесінше бюджеттің шығындар тізіміне өзгерістер
енгізеді.
Республикалық және жергілікті бюджет шығындары өзгергеннен кейін
сәйкесінше өзгерістер республикалық және жергілікті бюджеттен
қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің шығындар сметасына кіргізілуі
керек.
Республикалық және жергілікті бюджеттің табыстар мен шығындар
тізімінің өзгеруіне мәлімдеме формасы және мәлімдеме алу Қазақстан
Республикасы қаржы министрлігімен анықталады.
Мемлекет мекемелерінің басшылары оларға берілген құқықтарына қарай
бюджет ақша лимитінің басты және төмені.
Бюджет ақшаларының лимитінің басты бұйрық беруші және төмені бөлінген
қаржы және оларға пайдалануға берілген бюджет ақшасының лимитін аударуға
жауапкершілік алады.
2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
2.1 Республикалық бюджеттің қазынашылық атқарылуын талдау
Бюджет жіктемесі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының
жоспарлы болжамлары және бағдарлары мен ведомствалар, ұйымдар мен
мекемелердің қаржы жоспарларының байланысын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру шығындардың жеке
түрлерін анықтайтын баптар бойынша жүргізіледі: еңбек ақы қоры, жалақы
есебі, кеісе және шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар сатып алу,
күрделі жұмсалым, күрделі ғимараттарды жөндеу және т.б.
Елдің қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің кіріс және
шығыс баптары болады. “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы”
заң қабылданғанға дейін бюджеттің кіріс белігің негізгі бабы айналым
салығы, ал содан соң пайдадан төленетін төлем болып келеді 12.
Салық салу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты мемлекеттік бюджеттің
кіріс бөлігі мына бағыттар бойынша: қосылған құнға салынған салықтан;
пайдадан салынатын салықтан; әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарнадан;
халықтан алынатын салықтар мен басқа да төлемдер сыртқы сауда мен сыртқы
экономикалық қызметтен келтірілетін кірістен және басқаларынан
қалыптастыруға тиіс.
Бюджеттік шығыс бөлігі былайша бөлінеді: әлеуметтік саланы дамытуға
әлеуметтік – мәдени шараларды қаржыландыруға мұқтаждарға берілетін
нысаналы бюджеттік дотация; тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, ағарту,
мәдениет объектілерін және т.б. салу; халық тұттынуштын тауарлар өндіру мен
халыққа қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындар құрылысына қаржы жұмсау;
халықтың тұрмыс деңгейін арттыру жөніндегі орталфықтандырылған шаралар және
заемдарды өтеу; әскери шығындар; құқық қорғау органдарын ұстау; басқару
шығындары; ғылымды қаржыландыру; сыртқы экономикалық қызметке байланысты
және басқа шығындар. Қазірігі мемлекеттік бюджет оның сай түрлі қызметін
көрсететін күрделі де көп қырлы құжат.
Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы
бейнеленеді. Шығыста бюджеттік шығысы қаржылардың бағыттары мен
қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай
бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындары,
әлеуметтік экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шығындар,
мемлекеттік шаруашылық жұмысшының шығындары, сыртқы экономикалық
қызметтердің шығындары.
Қаржы-экономикалық жағдайда күрделі міндеттердің тиімді орындалуы оған
тиісті бақылаудың түрлерімен әдістерін ұйымдастырып жүзеге асыру болып
табылады.
Субъектіге байланысты бақылау мынандай түрлерге бөлінеді;
Мемлекеттік бюджеттік бақылау-мемлекеттік органдармен іске асырылады.
Ол мемлекет пен қоғамның мүддесін көздей отырып, бюджетке салық
төлеушілердің міндеттерін және оның өз орнына жұмсалуын тексереді.
Арнаулы ұйымдардың бақылауын-министрліктің бақылау-тексеру басқармасы
жүргізеді. Мұнда бюджеттік қаржының шығыны, бюджеттік ссуд, субвенции,
субсидий және бюджеттен бөлінген басқадай қаржы көмектерін тексереді.
Қазіргі жағдайда бұл бақылаудың мәнісі біршама төмендеді. Ведомосталар
өздерінің тексеру басқармаларын қысқартып, бюджеттен бөлінген қаржыны
бақылаусыз жұмсап, мемлекеттік бақылауды төмендетіп алды.
Қоғамдық бақылау- мемлекеттік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі. Олар
алдарына қойған арнаулы бір тапсырманы бақылап тексереді.
Тәуелсіз бақылау- арнаулы аудиторлық фирмалар арқылы жүргізіледі.
Құқықтық бақылау-тәртіп сақшылары, сот-бугалтерлік экспертиздер
жүргізеді.
Тексеретін уақытына қарай бюджеттік бақылау мынандай болып бөлінеді;
1.Алдын-ала бақылау –бұл бюджетті қарағанда, бекіткенде, бюджеттік
мекемелердің шығындарының сметасын, бюджеттік заңдардың дұрыс қабылдануын
және салықтың дұрыстығын бақылайды. Яғни алдын-ала дұрыстығын ескертеді.
Бюджеттің кіріс жағының өсуінің қосымша көздерін ашып, оны тиімді
пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын бақылайды.
2. Ағымдық бақылау- бюджеттік бақылаудың негізгі түрі 20.
Ол негізінен бюджеттің орындалуын күнделікті және жыл бойында
тексеріп, бақылап отырады. Ағымдық қаржы бақылауы негізінен алғашқы
құжаттарды, бугалтерлік есепті, талдауларды тексере отырып, салықтың
жиналуын бөлінген қаржының тікелей жұмсалуын бақылайды. Келесі бақылау жыл
аяғында жүргізіледі.
Сонымен бірге, бюджеттік заңдарға баға беріп, қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуын реттер бақылайды.
Бюджеттік бақылаудың негізгі әдісі- құжаттар арқылы, экономикалық
талдау, тексеру арқылы жүргізіледі.
Құжаттар арқылы негізінен кәсіпорыннан, ұйымдардан жауапты адамның
қатысуымен тексеріледі. Негізгі ақпарат беретін құжаттар, бугалтерлік есеп
тіркеу, шығын сметалары, декларация т.б. құжаттар болып табылады.
Камеральдық бақылау- жоғарғы құжаттар арқылы кәсіпорын мен ұйымдардың
тапсыруымен бақылау органының тұрған жерінде жүргізіледі.
Камеральдық тексерудің негізгі міндеті;
-Есептердің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттік ұйымдардың шығын
сметаларының дұрыстығын тексеру.
-Бюджеттік –салық тәртібін бұзғандарға қаржы айыптарының есептелуінің
дұрыстығын тексеру.
Жалпы тексеру тексерушінің кәсіпорын мен ұйымдардың қаржы-шаруа
бағытымен танысу болып табылады.
Олар бақылап, жанар-май шығынын, электрэнергия шығынын, жасырын
қаржыландыруын және салық салуды сұрау, бақылау арқылы жүргізеді.
Бюджеттік бақылаудың жүзеге асуының негізгі әдісі-бюджеттің кіріс және
шығыс жағына талдау жасау, оныңорындалуын тексеру.
Қазіргі нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік- экономикалық өсуін
реттеуде, мемлекеттік қаржы басқармасының ролі артуда.
Бюджеттік талдауды жан-жақты ғылыми түрде жүргізу, талдау, Қазақстан
Республикасы саясатын ұзақ мерзімге жасауға негіз болып табылады.
Тексеру- бюджеттік бақылаудың кең тараған түрі.
Ол кәсіпорын мен ұйымдардың қаржы-шаруа бағыттарын, бюджеттің
орындалуын нақты бақылап, экономикалық тиімділігін, қаржы тәртібінің
сақтауын, есептің дұрыстығын, кемшіліктерін ашып тексереді.
Бюджеттік бақылаудың негізгі түрі болып табылатын тексерудің негізгі
міндеттері;
-Қаржы тәртібін сақтау;
-Бюджеттік және қаржы сметаларының өз уақтысында дұрыс жүргізуін
қадағалау;
-Бугалтерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz