Әлеуметтік проблема ретінде жалғыздық құбылысы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I ТАРАУ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Әлеуметтік проблема ретінде жалғыздық құбылысы . . . 7
1. 2 Жалғыздық сезімін зерттеудегі амалдар . . . 13
1. 3 Жалғыздық сезімінің негізгі түрлері . . . 31
1. 4 Жалғыздық сезімін бастан кешірудегі тұлғалық ерекшеліктердің гендерлік айырмашылықтары . . . 34
IIТАРАУ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2. 1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері . . . 52
2. 2 Таңдау тобына мінездеме және әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы . . . 53
2. 3 Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау . . . 58
ТҰЖЫРЫМ . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72
КІРІСПЕ
Жалғыздық сезімі философиялық құбылыс ретінде, адамзат баласына, сонау антика заманынан белгілі. Платон және Аристотель жалғыздық сезімін зұлымдық ретінде анықтады, одан шығу жолдарын достық және махаббат сезіміне ләзаттанудан көрді. Философиялық - психологиялық ойлар тарихында жалғыздық мәселесінің ұғынылуы мен түсіндірілуі сан алуан: оның бастауы Ежелгі Шығыста оған деген кұрметпен және Ежелгі Грек еліндегі оны кабылдамауға дейін, адамның өзін тануы ушін жалғыздық сезімінің керектігін ұғынудан бастап, оның даму шығармашылығы, оны адамзат қасіреті ретінде ұғынуына дейін алып келді.
Адамға тән жалғыздыққа қарсы тұру, XX ғасырда Батыс елінде пайда болған, бұл мәселе көптеген гуманист ғалымдардың ең маңызды тақырыбына айналды. Жалғыздық сезіміне жиі көңіл бөлгендер экзистенциалистер: Н. А. Бердяев, М. Бубер, А. Камю, Ж. -П. Сатр, М. Хайдеггер, К. Ясперс. Тұлғаның жалғыздығы антропологиялық универсумның, адамның іштей шеттетілуі - кез-келген жеке тұрмыстың негізі, жабықтық қағидасына сәйкес, оның жүзеге асырылуы ретінде қарастырылады. Сондықтан, адам жалғыздықты басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде эмоционалды кері байланыс таба алмағандықтан таңдайды.
Ф. Ницше, одан кейін Э. Фромм және И. Канттың «адамгершілік нормалардың құлдырауынан жалғыздық сезімі пайда болуы мүмкін» - деген ойын жалғастырды. Э. Фромм жалғыздықтың себебі деп - санасыз қажеттіліктердің шыңын айтады.
К. Хорни жалғыздықты нарықтық қатынастар идеологияларының жағымсыз көрінуі, адамның адаммен бәсекелестік салдары деп есептеді.
В. Франклдың пайымдауынша, адам жалғыздық күйге белгілі бір кұндылықтарын және өмірдің мәнін жоғалтқан кезде түседі.
Жалғыздық сезімі жаңа заманның объективті психологиялық мәселесі ретінде өзінің өзектілігін жоғалтпай отыр деп есептеуге болады. Мәселен, Н. Е. Петровский, оны теориялық және эксперименталды ғылыми зерттеулердің, күрделі ұғынуды талап етуші, «XX ғасырдың дерті» - деп атады.
Жалғыздық сезімінің психологиялық кұбылыс ретінде жеткілікті көрінуі, отандық психологияда оның теоретикалық және эмпирикалық зерттеулері тіпті жоқ деуге де болады. Психологиялық процестерінің біреуінің басым болуы, басқасының әрекетін бірден шектеуге алып келеді, ол адамның психологиялық жайлылығында тұтастай көрінбеуі мүмкін емес.
Зерттеудің өзектілігі: жалғыздық мәселесі адамдарды көптеген жылдардан бері, әлі күнге дейін ойландырады. Жалғыздық сезімінің көрінуінің көптеген тәсілдері бар. Олардың қандай формасына ие болуына тәуелсіз, адам жалғыздықтан жапа шегуші ретінде өз - өзімен жеке қалады.
Жүздеген жылдар бойы жалғыздық мәселесімен, оның зерттеуімен философтар, діндарлар, ғалымдар және жазушылар айналысты (және осы күнге дейін айналысып келеді) . Психологиялық жеке дара ғылым ретінде тіршілік ету уақытының аздығына қарамастан, оның әрбір бағыттарында жалғыздық сезіміне байланысты тұжырымдамалар, теориялар және зерттеулер табуға болады.
Адамның субъективті жалғыздығының көрінуі мен оның алып келетін салдары ерекше зұлымды және мәнді болып келеді. Мұндай күйдің мәнін, табиғатын және ерекшеліктерін оны бастан кешіру сипаты мен адам өмірінде көрінуін талдау керектігі айқын.
Зерттеу нысаны: жалғыздық сезімі.
Зерттеу пәні: жалғыздықты сезінетін адамдардың гендерлік ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: жалғыздық сезімін сезінетін адамдардың тұлғалық ерекшеліктеріндегі гендерлік (жыныстық) айырмашылықтарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Әлеуметтік проблема ретінде жалғыздық сезіміне теориялық талдау жасау.
2. Жалғыздық сезімін сезінетін ересектердің тұлғалық ерекшеліктеріндегі гендерлік айырмашылықтарын анықтауға зерттеу жүргізу.
3. Зерттеу мәліметтерін сандық және сапалық өңдеу және талдау.
Зерттеу болжамы: Жалғыздық сезімін сезінетін адамдардың тұлғалық ерекшеліктерінде гендерлік айырмашылықтары бар.
Зерттеудің әдіснамалық негізін : 3. Фрейд, Ф. Фромм-Рейхман, Э. Фромм, К. Роджерс, К. Хорни, И. Рисмен, Л. Э. Пепло, И. Ялом, К. Мускатас, Д. Перлман, В. Франкл, Р. Мэй, Д. Бъюдженталь К. А. Абульханова-Славская, А. Г. Амбраумова, Г. П. Орлов, И. С. Кон, А. А. Леонтевтің зерттеулері құрайды.
Зерттеудің әдістемелері:
1. Д. Рассел, Л. Пепло, М. Фергюсонның «Жалғыздық шкаласы»;
2. Смейкал - Кучердің тұлғаның бағытталуын анықтауға арналған
тесті;
3. Дембо - Рубинштейннің өзіндік бағалау әдістемесі;
4. «Мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі (Ч. Д. Спилбергер, Ю. Л. Ханин бойынша) ;
5. Т. И. Балашованың «Депрессия шкаласы» әдістемесі.
Зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік құндылығы :
1. Жалғыздық феноменін түсіндіру барысында теориялық бастауларға талдау жасалынды;
2. Жалғыздық сезімінің тұлғалық ерекшеліктеріндегі гендерлік айырмашылықтары айқындалды;
3. Жалғыздық сезімін жоғары деңгейде сезінетін ересектердің тұлғалық ерекшеліктеріндегі гендерлік айырмашылықтарды анықтауға бағытталған зерттеу жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесін практик психологтар қолдана алады.
Зерттеу тобы: Зерттеу жұмысына өз қалауы бойынша (02. 10. 09-10. 02. 10 аралығында) әртүрлі мекемелерде жұмыс істейтін, отбасын құрмаған жалғызбасты еркектер (10 адам) мен әйелдер (11 адам) (30-35 жас аралығындағы) қатысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, теориялық бөлім, эксперименттік бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Жалғыздык сезімі әлеуметтік феномен ретінде
Жалғыздық сезімі кешенді - психикалық феномен ретінде көптеген, әр турлі гуманитарлы ғылымдардың: әлеуметтанудың, классикалық әлеуметтік философияның және психологияның объектісі болып көрінеді. Бірақ отандық психологияда жалғыздық сезіміне, оның мәніне, генезистік көрінуіне және т. б. мәселелеріне арналған жұмыстар өте аз кездеседі. Кеңестік психология ғылымында бұл феноменді елемеген секілді, сол кезеңдегі априорий бойынша, кеңестік ұжымдық адамға жалғыздық сезімі тән емес және бұл күй қарсы көрсетілген. Сол себепті, өткен жүз жылдың ішінде осы өте өзекті феноменнің түрлі аспектілерінде жүргізілген зерттеулер, негізінен әлемдік психологияда жалғыздық сезімін зерттеу жұмыстары, шетел ғалымдарының есімдерімен байланысты болып табылады. Әрине, кеңестік кезеңде отандық психологияның дамуы мен қалыптасуында кейбір ғалымдар жалғыздық сезімін күрделі бастан кешіру адам үшін қауіпті екендігін көрді. Мәселен, психология классиктерінің бірі - Б. Г. Ананьевтің айтуынша: «Қалалар мен массалық комуникациялардың алып түрде өсу өлшемі . . . адамның жалғыздығы өсіп келеді, қарым-қатынас субъектісі ретінде және оның қарым-қатынас сферасындағы тұлғасыздануы, адамдар арасындағы шиеленіс арта түсуде . . . » [1] .
Тұлғалық көріністерді талдауда немесе бейнелеуде, мынадай терминдерді қолдануда - «жалғыздық», «жалғыздық сезімі», «жалғыздық күйі», «жалғыздыққа деген қажеттілік», «шеттетілу», «өз-өзімен жеке қалу» және т. б., шыңдалмаған кең ауқымды, ауыспалы ұғымдарды пайдаланады деген О. Б. Долгинованың ойымен келіспеу мумкін емес. Мәселен, О. Н. Кузнецова мен В. И. Лебедеваның «Жалғыздық психологиясы мен психопатологиясы» атты еңбектері шынында, сенсорлық депривация мәселелеріне арналған. Бұл екі психикалык, кұбылыстардың ғылыми және нақты бөлінуінің ары қарай зерттелуінің талап етілуі сөзсіз [2, 3] .
Ю. М. Швабла мен О. В. Данчеваның жұмыстарында өзіндік методологиялық жоғалтулар мен орны толмас ұғымдарға әкелетін «шеттетілу», «жалғыздық» түсініктерінің араласуы орын алады. Алдында көрсетілгендей, шеттетілу жалғыздықпен бірлесіп әрекет етуі мүмкін, бірақ бұл ұғымдардың баламалануына негіз болмайды [4] .
Көптеген отандық психологтар, мәселен, И. С. Кон, Р. С. Немов ересектік кезеңнің психологиялық мәселелерін, тұлғалардың кейбір реакцияларын және оның жалғыздыққа деген қоршаған ортасын сипаттайды, осы күйдің себептерін анықтау тәсілдерін қарастырады. Мәселе мынада, осы күнге дейін, жалғыздық тусінігінің толық анықтамасын ешкім бермеген, оның себебі, бұл кұбылыстың әрбір адамға жақсы таныс болғанынан болуы мүмкін. Бір жағынан, бұл шынында да солай, бірақ құбылыстың нақты ұғынымсыз оның ғылыми зерттелінуі мүмкін емес. Жалғыздық сезімінің психикалық феномен ретінде сипатталынуы, оның табиғаты мен тұлға аралық генезисін зерттеу, бұл күрделі бастан кешірудің зерттеу фундаменті ғана болып табылмайды [5-7] .
Жалғыздықтың ғылыми теорияларының кұрылуының күрделілігі мынада, бір жағынан, бұл нақты көрсеткіштер белгілері жеткіліксіз ауқымды, мәнді әлеуметтік - негізделген құбылыс болып табылса, екінші жағынан, адамның терең жатқан санасын қозғаушы, күрделі психикалық бастан кешірудің дәлелі болып табылады.
Сол кезеңмен қатар, шетел психологиясында жалғыздық феномен көптеген көріністерде зерттелінді. Зерттеушілердің көбі жалғыздықты психикалық феномен ретінде қарастыра келе, жалғыздық сезімі ішкі спецификалық контекстке ие болуына сүйене отырып, оның «өз-өзімен жеке қалу» және «шеттетілу» ұғымдарынан айырмашылығын көрсетеді. Шеттетілу көбіне ішкі психикалық бастан кешірумен емес, сырттай жағдайларға негізделуі болып табылатын әлеуметтік қоршаған ортаға деген адамның уақыттық және кеңістіктік, физикалық шеттетілу (локализация) катынасымен байланысты болып келеді. Бұл жағдайда У. Садлер және Т. Джонсон өте көрнекті айтады: «Физикалық шеттетілуді анықтау үшін көздің болғаны жеткілікті, ал жалғыздықты тану үшін оны сезіну, бастан кешіру қажет». Адамның белгілі бір себептерге байланысты өз еркімен немесе зорлықпен коғамды толығымен, белгілі бір адамдар тобын, тұрмыстың спецификалық шарттарын және т. б. өз өмірінен бөліп шығаруы, әрқашан шеттетілудің пәні деп болжамданады. « . . . Мынадан шеттетілген», деуге болады, ал жалғыздыққа қатысты осылай айту дұрыс емес. Жалғыздықтың пәні, ол адамның өзі болып табылады. Жалғыздық субъектке бағытталған, бұл жерде объект екінші орында. Адам шеттелмей-ақ, жалғыздықта болуы мумкін. Объективті шеттетілуден жалғыздықтың айырмашылығы, күйзеліспен, дағдарыспен және т. б. көрінетін «Мен» және «Олар» арасындағы, өз-өзімен, әлеммен қатынас қолайсыздығын бейнелейді. Шеттетілу жалғыздықпен бірлесіп немесе бірікпей көрінуі де мүмкін, бірақ бұл ұғымдар ешқандай жағдайда бірегей болуы мумкін емес. Мәселен, жалғыздықтың шеттетілу ретінде уақытша камауға алынуды есептеуге болады. Саяси қамауға алынғандар, өзінің жұмысының дұрыс екендігіне сенімді болып және өзінің қорғаушыларының моральді қолдауымен, түрме бөлімшесінде жалғыз отырса да, өзін еш уақытта «жалғызбын» - деп сезінбеген. Әлемнен өз еркімен шеттетілудің мысалы ретінде діни бас июшілік болып табылады. Әдетте өз еркімен шеттетілуді өз-өзімен жеке қалу деп атайды [10] .
Әрқашан адамның өз еркі және өз қалауымен таңдалынатын әлемдік өз-өзімен жеке қалу, бастапқы кезде уақытша шектеулерге ие болады. Дәл қазіргі уақытша жүріс-тұрысынан тұлғалық даму көзқарасы бойынша, қорғаныс механизмдер әрекеті, психикалық қысым деңгейін төмендету әрекеттері көрінетін субъектілер үшін өз-өзімен жеке қалу «тиімдірек» болып келеді.
Әрине, жалғыздық сезімінің ғылыми ойларының бастауын философиялық тұжырымдамалардан іздеу керек.
Жалғыздықты психикалық феномен ретінде ұғынуға күрделі қадамы Гегельмен жүзеге асқан. Ол «өз рухынан безінген екі әлем» жайында теорияны ұсынған. Жалғыздық екі қатынастардың, яғни өз-өзімен байланыс және әлеуметтік әлеммен байланыс, жоғалуы ретінде көрінеді. Соңғысы адамның өз-өзімен бірігуі үшін кажетті шарт болып табылады. Адам объективті де, субъективті мағынада да, «үйге» ие болуы керек. Жалғыздықтың табиғаты субъективті рухтың өзін сүюі, оның абсолюттік идеяларының объективті әлемдік рухының іс-әрекетімен сәйкестелуінсіз өзіндік менін нактылауға ұмтылуынан құрылған. Нәтижесінде субъективті рух, адамда «бақытсыз сананы» тудыратын, өзіндік қарсыласу ойларында шатысады.
Даттық психолог және философ Серен Кьеркегор жалғыздықты ішкі өзіндік сананың жабық әлемі ретінде қарастырған. Адам әлемінде адасқанның жалғыз әңгіме құрушысы болып өзінің бойындағы құдай бейнесі болуы мүмкін [13, 14] .
Гуссерлдің феноменологиясы сана жайында барлық сыртқы және материалдық әлемнен шеттетілуі болып келетін, шексіз бастан кешіру ағымдары ретінде көрсетіледі. Бұл мойындау адамның мәңгі және кұтылмас қағидасының жалғыздығы.
Жалғыздық мәселесінің экзистенционалды ұғынуында феноменологияның трансформациясы М. -П. Сартрдың шығармашылығында көрінеді. Оның философиясына сәйкес адамның өзіне деген қатынас жолы әрқашанда адамзат тұрмысының әлемде экзистенционалды жағдайлары ретінде жалғыздық санасымен шиеленісті түрде болады.
Ұлы француз жазушысы-эссеист және философ А. Камю шығармашылығында, «адамдық күйдің» символы болып, Сизиф туралы антикалық миф аталды. Камюдің көзқарасы бойынша, Сизифтің жалғыздығы оның ішкі бостандығы мен күшінің дәлелі болып табылады [15, 16] .
Жалғыздықты психикалық феномен ретінде қарастыра отырып, ол жайында әртурлі категорияларды қолдана отырып айтуға болады. Мәселен, сезім, күй, процесс, қатынас.
Жалғыздық сезім ретінде адам өзінің басқаларға ұқсамайтынын, «өзгешелігін», бастан кешіруімен негізделеді, соның салдарынан қарым-
қатынаста белгілі бір психологиялық кедергілер, пайда болып, тусінбеушілік сезімі және өзінің басқалармен қабылданбауы туындайды. Жалғыздық сезімі, бұл адамның, екі жақты қабылдау, махаббат және түсінбеушіліке негізделген, интимді, жақын қатынасқа (белгілі кезеңде) ие бола алмауын ұғынуы.
Жалғыздық күйі - бұл адамның ішкі тұтастығы мен әлеммен сыртқы үйлесімділігін жоғалтуды бастан кешіру. Ол әлеуметтік қарым-катынас сапасымен қол жеткізген және қалаулар арасындағы үйлесімділіктің бұ-зылуында көрінеді. Жалғыздық күйі өзінің қалыпты көріністерінен бастап, депрессия, қобалжу т. б. сол секілді басқа да психикалық көріністерімен байланысты патологияға дейін модальдық қатарларға ие. Шектеулі формаларда жалғыздық күш қарым-қатынас қажеттілік актуализациясын тудырады, ол реалды және иллюзиялық оқиғалар мен жағдайлар араласуында шындықтан алшақ көрінуі мүмкін. Жалғыздық күйінің патологиялық формасы психикалық бұзылыстармен, галлюцинациялармен көрінеді және т. б.
Жалғыздық үрдіс ретінде тулғаның нақты өмірлік жағдайдағы қоғамда бар құндылыктар, қағидалар, нормаларды кабылдау және оларды жүзеге асыру қабілетінің біртіндеп бұзылуы. Жалғыздық процесінің нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік өмір, субъект статусының жойылуы болады.
Жалғыздық қатынас ретінде - бұл әлемді өзіндік мақсат және өзіндік құндылықтар ретінде қабылдай алмауы. Мұның үстіне индивид, өзінің басқа адамдармен қатынасын талдай отырып, өзі қоршаған әлеуметтік кеңістікпен ұйқастырмайды.
Феноменологиялық өлшемдерден тыс жағдайдағы жалғыздық туралы кез-келген әңгіме, оның психикалық, экзистенциалды күй ретінде спецификасының және оны құрушы кұрылымдар құлдырауы мен аяқталуын көруге болады. Жалғыздықты бастан кешіруді феноменологиялық талдау, осы феноменнің қайта құрылуы үшін қажет болып табылады.
Жалғыздық сезімінің анықтамаларына келейік. Психологиялық сөздіктерде жалғыздық сезімі адамның психикалық саулығы мен эмоционалды күйіне әсер етуші психогендік факторлардың бірі ретінде көрсетілген. Оның көрінуі физикалық немесе эмоционалды шеттетілуі шарт болып табылады. Мұндай шарттарда (эксперименталды кұрылған немесе табиғи) қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінің өзектілігі арта туседі, оған қанағаттанбаушылық күшті психикалық күйлерді тудыруы мүмкін, мәселен, қысым, қобалжу, депрессия т. б. кейде аса кұнды идеялар, деперсонализациялық бастан кешіру, реактивті галлюцинациялар секілді психикалық бұзылыстар байқалады [17-19] .
В. А. Андрусенко, жалғыздықты шеттетілуімен шартталуынан басқа, оның басқа аспектісін ұсынады: « . . . Рухани жалғыздық - тәуелсіз өзіндік анықтау және әлемде өзіндік нақтылау ретінде өзінің «мен» мүмкіншілігін анықтауда кажетті кезең».
Олардың көзқарасы бойынша «психогенді фактор» категориясы жалғыздықты психикалық кұбылыс ретінде нақты анықтауы жеткіліксіз. Бар мәліметтерде назар психогенді фактордың адамға әсер ету салдарына аударылған. Барлық жалғыздықты зерттеу жұмыстары, бұл күйді тудырушы фактор емес, ол психикалық күй, бастан кешірудің өзі екендігін дәлелдейді.
Жалғыздық және шеттетілу түсініктерінің баламалануы осы феномендердің мазмұндылығының, қайталануының, бейнелену тіршілігінің жойылуына әкеледі.
Жалғыздық шеттетілуге қарағанда тұлғалық және өзгермелі, сонымен қатар, сыртқы көріністерінен басқа, ішкі, өзіндік психологиялық контекстке ие.
Зерттеудің мақсаты, бұл ішкі себептер мен сыртқы факторларға негізделу мүмкіндігінен керінетін, адамның өзіндік психикалық бастан кешіруі ретінде жалғыздықты талдау болып табылады. Сонымен катар зерттеудің максаты күйдің өзі, бастан кешіруі, оның табиғаты, түрлері, оның адам өміріне әсер ету сипаты, олардың бір-біріне тасымалдау мүмкіншілігі [20] .
Сонымен қорыта айтқанда, жалғыздық сезімі психикалық құбылыс ретінде адамның индивидуалды психикалық кеңістігінде аумағы жоғары көріну және әсер ету негізінде барлық мінез-кұлық сфераларында және өмірлік іс-әрекетінде болуы мүмкін.
Жалғыздык, сезімі - бұл адамның өзіндік жекелеген, субъективті мүмкіншіліксіздігі мен адекватты жауапты сезінбеу тілегін сипаттайтын жағдайы, басқа адамдармен өзі кабылдауы мен мойындауы.
1. 2 Жалғыздық сезімін зерттеудегі амалдар
Философиялық-психологиялық ойлар тарихында жалғыздық феномен әрине, біркелкі айтылмайды. Жалғыздықты ғылыми түрде қарастырғанда, оның жағымды және жағымсыз бағытталуына негізделген екі тенденцияны бөлуге болады. Жалғыздықтың адам өміріне әсер ету сипатын бағалауда қарама-қайшылықтар мынада көрінеді, бір жағынан ол тұлға үшін деструктивті ретінде түсіндіріледі, екінші жағынан - өзіндік тану және өзіндік анықталуда қажетті кезең болып есептелінеді. Мұндай көзқарастардың бөліну себебі мынада, ең алдымен жалғыздықтың психологиялық механизмдерінің, феноменологияларының жеткіліксіз зерттелінуі.
Көптеген зерттеушілер жалғыздық сезімін тұлғаға жағымсыз әсер ететін эмоционалды қайғыны бастан кешіруімен байланыстырады.
Қарым-қатынас мәселесі контекстінде жалғыздық К. А. Абульханова-Славская, А. Г. Амбраумова, Г. П. Орлов, И. С. Кон, А. А. Леонтев және т. б. еңбектерінде қарастырылады [21-23] . Жалғыздықты түсіну келесідей болуы мүмкін қарым-қатынас процесі кезінде индивид өзіне керекті эмоционалды кері байланыс ала алмағандықтан, яғни эмоционалды кері байланыстың болмауы салдарынан, жалғыздықты сезінеді. Қазіргі заманның адамы белсенді және мәжбүрлі қарым-қатынас жағдайларында жалғыздықты аса терең сезінеді. Мұны кез-келген жерде байқауға болады: жұмыс орындарында, жанұя ортасында, таныстар және жора-жолдастар арасында. Үстіртін байланыстардың көп мөлшерде болуы басқа адамдармен бірігу жалған қарым-қатынас көрсеткіші болып табылмайды.
Жалғыздықты жағымсыз түрде бағалау келесі батыс психологиясындағы зерттеу амалдарында көрініс табады: психодиагностикалық, интеракционистік, когнитивті, әлеуметтік, феноменологиялық.
Көптеген жылдар бойында психологтар және әлеуметтанушылар жалғыздық туралы өз ойларын айтып келеді.
Психоаналитикалық амал. 3. Фрейд жалғыздық туралы жазбаса да, психодинамикалық дәстүрді ұстанушылардың кейбірі осы мәселе жайында өз ойларын айтып кеткен.
Зилбург жалғыздыктың бірінші психологиялық талдауын баспа бетіне шығарған. Ол жалғыздық пен өз-өзімен қалу түсініктерін ажыратты. Өз-өзімен қалу - нақты қасында «біреудің» болмау нәтижесінде туындайтын «нормаға сай» және «ауыспалы көңіл-күй» сезімі. Жалғыздық бұл жеңілмейтін тұрақты сезім. Адамның немен шұғылданып отырғаны маңызды емес, бірақ жалғыздық «кұрт» секілді, оның жүрегін жей береді. Зилбургке сәйкес жалғыздық тұлғаға тән, ұлтшылдық, асыра сілтеу және қарсыластық қырларының бейнеленуі [24, 25] .
Зилбург баланың бесігінен бастап жалғыздықтың пайда болуын бақылаған. Бала сүйікті болу қуаныш пен мақтаныш тудыруын және өзін-кішкентай, әлсіз, өзінің қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын басқалардан күтуге мәжбүр екенін ұғынуынан туындаған қорқыныш, қайғыны таниды. Зилбург бойынша, бұл «кейінірек нарцисистік бағытталудың қалыптасуының квинтэссенциясы . . . Сонымен қатар бұл жалғыздықтың агрессивті әлсіздігі және қарсыластық шеттетілу туындысы болып табылады».
Салливан, ол да, үлкендердің жалғыздығының тамырын, оның балалық шағында қарастырған. Ол адамдық жақындасуда қозғалмалы күш қажеттілігін орнатты. Алғашқы бұл қажеттілік баланың қатынсқа түсу ұмтылысында пайда болады. Жасөспірімдік кезеңде ол, өзінің құпия ойларымен бөлісетін, досқа деген қажеттілік формасын қабылдайды. Балалық шағында ата-анасымен өзара қатынасының дұрыс орнатылмауы салдарынан әлеуметтік дағдыларының жетіспеушілігін сезінетін жасөспірімдерде, ереже бойынша, өз қатарластарымен достық қатынас орнату барысында қиындық туындайды. Бұл жасөспірімдік қажеттілікті қанағаттандыра алуға кабілетсіздік интимдік жағдайда терең сезімді жалғыздыққа алып келуі мүмкін [26] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz