Қаржылық жоспарлау туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Қаржылық жоспарлау ұғымы, оның мазмұны.
І.1 Қаржыны жоспарлаудың мазмұны, қағидалары
және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І.2 Қаржы жоспарлары, қаржы көрсеткіштері,
қаржылық нормалар мен нормативтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

IІ. ҚР.ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысы бюджеттерін талдау

II.1 ҚР.ның 2007 жылға арналған Республикалық
бюджетіне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II.2 Алматы облысының 2007 жылға арналған
облыстық бюджетіне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18


ІІІ. ҚР.дағы қаржылық жоспарлау
ІІІ.1 ҚР.дағы қаржылық жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
III.2 Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Әрбір дамыған қоғам, қоғам мүшесі немесе мемлекет өзінің қаржылық шығындары, қаржы-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат, алдын-ала жоспар жасайды. Бұл заман талабы. Қазіргі таңда кез-келген дамыған нарықтық экономикалы елді алып қарасаңыз, осы мәселеге жолығасыз. Қаржылық жоспарлау негізінен қажеттіліктерді анықтап, оған қанша қаражат, қандай көлемде, қай бағытта жұмсау керек екендігі туралы ақпарат болып табылады. Ол өткен жылғы мәліметтерге және шетел тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізіледі. Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді.
Бизнес-жоспар, жаңа нарықтық қатынастардың енуімен, елімізде қарқынды түрде даму үстінде. Жаңа заман талаптарына сай ол өз үлесін алып отыр. Бұл кіші кәсіпкерліктің дамуының негізгі әсер етуші факторы болып отыр.
Осы курстық жұмыста аталған екі ұғыи қарастырылады. Оларға толық әрі нақты анықтамалар беріліп, баяндалады. Курстық жұмыс негізінен кіріспе бөлімнен, үш негізгі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы мағлұмат беріліп, жұмыс сипаттамасы көрсетіледі. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында қаржылық жоспарлау ұғымы, оның мазмұны, жасалуы көрсетіледі. Екінші тарауда бизнес-жоспар теориясы, оның қажеттілігі мен маңызы, сондай-ақ негізгі тараулары баяндалады. Үшінші тарауда аталған сұрақтардың Қазақстандағы дамуы мен олардың рөлі көрсетіледі. Қорытынды бөлімде осы жұмыстың қорытынды тұжырымдамалары шығарылады, соңғы ой айтылады.
Қаржылық жоспарлау ол анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі уақыт аралығында орындалуын ұйымдастыру жүйесі. Жос¬парлау басқарудың элементі ретінде қаржылық саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады, ал қорытынды нәтижесі жеке мекемелердің қаржылық сметаларынан бастап мемлекеттің қаржылық балансына дейінгі қаржылық жоспарларды құру болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі кезеңдегі кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің салаларымен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақты міндеті қаржы мақсатымен анықталады. Бұл қаржылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақша құралдары мен көздерінің көлемін анықтау; кіріс резервтерінің өсуі, шығындардағы үнемділік, қорлар арасында қаражаттарды тиімді бөлу. Бизнес бұл істі жүргізу мен адамдардың іскерлік қатынастарының жүйесі. Бүгінгі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады: бірінші қызмет бизнес концепциясы мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты, екіншісі жоспарлау қызметі, үшінші қызмет өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өннімдердің түрлерін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді, төртінші қызмет фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технологиясын қоса алатын әріптес тартуға толық мүмкіншілік жасайды. Ұсынылып отырған курстық жұмыстың басты тақырыбы қаржылық жоспарлау мен бизнес-жоспар мәселелері.
1. Мемлекеттік бюджет. Б.С. Өтебаев. Алматы, «Экономика» - 2006 жыл.6, 25 – беттер

2. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. Алматы: «Юрист», 2004 жыл

3. Государственный бюджет. Ильясов К.К. Саткалиева В.А. Алматы «РИК» 1994 жыл 268-бет

4. Финансы. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы: Қаржы-қаражат, 2001. 311-бет

5. Бюджетное устройство и бюджетное система. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М., Акмола, 1997, 103-бет

6. Қаржы, Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаева С., Алматы, 2003 жыл. 276-бет

7. «Жетісу» газеті, № 5, 2007 жыл қаңтар айы, 13-бет.

8. Қаржының жалпы курсы. Мельников А.И. Алматы, 2003.

9. Основы Финансов. Мельников В.Д. Алматы. 2005жыл. 14-бет.

10. Государственный бюджет. Утибаев Б.С.,Жунусова Р.М. , Саткалиева В.А. Алмты: Экономика – 2006год. 385 стр.

11. Расходы Государственного бюджета. Ильясова К.К.,
Исахова П.Б. Алматы: Экономика – 2003год.

12. Казначейский механизм исполнения бюджета. Жакипбеков С.Т.
Алматы: Қаржы-қаражат, 1999жыл.

13. Регулирование бюджетных ресурсов. Жакипбеков С.Т.
Алматы: Қаржы-қаражат, 2003год.

14. Государственный бюджет. Журавлев В.В., Савруков Н.Т.
«Политехника», Санкт-Петербург. 2000год. 8-10стр.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик Жолдасбеков атындағы институт

Тақырыбы: Қаржылық жоспарлау.

Орындаған:

Жетекші :

Талдықорған 2006жыл.

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Қаржылық жоспарлау ұғымы, оның мазмұны.
І.1 Қаржыны жоспарлаудың мазмұны, қағидалары
және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
І.2 Қаржы жоспарлары, қаржы көрсеткіштері,
қаржылық нормалар мен нормативтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысы бюджеттерін талдау

II.1 ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық
бюджетіне талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II.2 Алматы облысының 2007 жылға арналған
облыстық бюджетіне талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ІІІ. ҚР-дағы қаржылық жоспарлау
ІІІ.1 ҚР-дағы қаржылық жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 22
III.2 Мемлекеттік бюджеттің даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Әрбір дамыған қоғам, қоғам мүшесі немесе мемлекет өзінің қаржылық шығындары, қаржы-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат, алдын-ала жоспар жасайды. Бұл заман талабы. Қазіргі таңда кез-келген дамыған нарықтық экономикалы елді алып қарасаңыз, осы мәселеге жолығасыз. Қаржылық жоспарлау негізінен қажеттіліктерді анықтап, оған қанша қаражат, қандай көлемде, қай бағытта жұмсау керек екендігі туралы ақпарат болып табылады. Ол өткен жылғы мәліметтерге және шетел тәжірибелеріне сүйене отырып жүргізіледі. Әрине әр елдің өзінің мәдени ерекшеліктеріне, ұлттық менталитетіне, географиялық орнына, халық санына басқа да статистикалық мәліметтерге негізделеді.
Бизнес-жоспар, жаңа нарықтық қатынастардың енуімен, елімізде қарқынды түрде даму үстінде. Жаңа заман талаптарына сай ол өз үлесін алып отыр. Бұл кіші кәсіпкерліктің дамуының негізгі әсер етуші факторы болып отыр.
Осы курстық жұмыста аталған екі ұғыи қарастырылады. Оларға толық әрі нақты анықтамалар беріліп, баяндалады. Курстық жұмыс негізінен кіріспе бөлімнен, үш негізгі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы мағлұмат беріліп, жұмыс сипаттамасы көрсетіледі. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында қаржылық жоспарлау ұғымы, оның мазмұны, жасалуы көрсетіледі. Екінші тарауда бизнес-жоспар теориясы, оның қажеттілігі мен маңызы, сондай-ақ негізгі тараулары баяндалады. Үшінші тарауда аталған сұрақтардың Қазақстандағы дамуы мен олардың рөлі көрсетіледі. Қорытынды бөлімде осы жұмыстың қорытынды тұжырымдамалары шығарылады, соңғы ой айтылады.
Қаржылық жоспарлау ол анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі уақыт аралығында орындалуын ұйымдастыру жүйесі. Жос­парлау басқарудың элементі ретінде қаржылық саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады, ал қорытынды нәтижесі жеке мекемелердің қаржылық сметаларынан бастап мемлекеттің қаржылық балансына дейінгі қаржылық жоспарларды құру болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі кезеңдегі кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің салаларымен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақты міндеті қаржы мақсатымен анықталады. Бұл қаржылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақша құралдары мен көздерінің көлемін анықтау; кіріс резервтерінің өсуі, шығындардағы үнемділік, қорлар арасында қаражаттарды тиімді бөлу. Бизнес бұл істі жүргізу мен адамдардың іскерлік қатынастарының жүйесі. Бүгінгі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады: бірінші қызмет бизнес концепциясы мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты, екіншісі жоспарлау қызметі, үшінші қызмет өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өннімдердің түрлерін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді, төртінші қызмет фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технологиясын қоса алатын әріптес тартуға толық мүмкіншілік жасайды. Ұсынылып отырған курстық жұмыстың басты тақырыбы қаржылық жоспарлау мен бизнес-жоспар мәселелері.

І. Қаржылық жоспарлау ұғымы, оның мазмұны.

І.1. Қаржыны жоспарлаудың мазмүны, қағидалары және әдістері

Қаржыны жоспарлау - бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру үдерісі. Жос­парлау басқарудың элементі ретінде қаржылық саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі болып шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі табылады, ал қорытынды нәтижесі жеке мекемелердің қаржылық сметаларынан бастап мемлекеттің қаржылық балансына дейінгі қаржылық жоспарларды құру болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі кезеңдегі кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің салаларымен байланыстары (бюджетке төлем, банктік несиеге төлем, әлеуметтік сақтандыруға жарналар) анықталады. Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы мақсатымен анықталады. Бұл қаржылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақша құралдары мен көздерінің көлемін анықтау; кіріс резервтерінің өсуі, шығындардағы үнемділік, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды тиімді бөлу және т.б.
Жоспарлау мыналар арқылы сипатталады:
1. экстенсивтілігімен (әлеумсттік-саяси және экономикалық құбылыстардың шеңберін кеңінен қамтиды);
2. интенсивтілігімен (озық техника мен әдістерді қолдануды білдіреді);
3. тиімділігімен (нәтижесінде қаржылық басқару қоятын
мақсаттарға жету қажеттігін білдіреді);
Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар қолданылады: а) автоматтық (өткен жылдардың мәліметтері келесі жылмен ауысады. Инфляция кезінде мәліметтер инфляция коэфициентіне көбейеді). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жеткіліксіз кезде қолданылады;
э) статистикалық (өткен жылдардың шығындары қосылып, өткен жылдардың санына бөлінеді); б) нөлдік база (барлық позициялар қайта есептелу керек. Бүл әдіс нақты қажеттіліктер мүмкіндіктерімсн байланыстырылады).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың қызметі ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтердің барлық жақтарын қамту керек. Егер жоспарлы экономикада қаржыларды жоспарлауда бөлу үдерісіне басым назар аударылса, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді сату және өндіру үдерісінде басшылық және байланыстар әдісін анықтаушы болып ақша, баға, қүн заңы, сұраныс және ұсыныс заңын қосатын нарық болып табылады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтау әдісі ретінде жоспарлау элементтерімен болжаудың қажеттілігін айқындайды.
Жоспарлаудың маңызды қағидасы болып үздіксіздік табылады, ол жоспарлаушы тұлга жоспарға жыл сайын түзетулер енгізеді, жоспарлаудың икемділігі олардың өміршеңдігімен қамтамасыз етілген жағдайда қолданылады, ал қаржы техникасы "өзгермелі бюджет" қағидасына негізделеді, бұл қағида негізінен шығындарды, өсіресе мемлекеттік ассигно-ванияны ессептеу барысында қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-вариациялық әдісі – жоспарлау, бағдарламалау, бюджеттеу.
Жоспарлау – ұйымдардың өзінің қызмет ету бағытында
әрекет ететін мақсаттар мен міндеттердің мазмұнын және
қалыптасуын білдіреді;
Бағдарламалау – мақсаттарға жету үшін қолданылатын
жаңа құралдарды табу және таңдауды білдіреді. Бұл жақын
және алыс мерзімдерге жасалатын үдеріс;
Бюджеттеу – жалпы көпжылдық бағдарламаларды
қаржылық жылдар бойынша жылдық бюджеттік сандар тіліне
аудару процесі. Бұл барлық операциялардың жиынтық санын
дәстүрлі бюджеттік топтарға бөлу үдерісі.
Практикада жоспарлаудың келесі әдістері қолданылады:
1) экстраполяция – қаржылық көрсеткіштерде олардың динамикасын шығару негізінде анықтаудан тұрады; есепті кезеңдегі көрсеткіштер салыстырмалы тұрақты өсу қарқынына түзете отырып есептеледі; көрссткіштер динамикасы болашаққа экстрополяцияланады.
2) нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
3) математикалык, модельдеу үдеріс моделін құру және
қаржылық салаға ауыстыру;
4) баланстық, қаржылық ресурстарды олардың құрылу
көздері мен пайдалану бағыттарын реттеу үшін қолданылады;
5) сараптамалық, бағалардың негізінде;
Шаруашылықтың нарықтық жүйесінде индикативтік
жоспарлау қолданылады; ол ақпараттық-бағыттаушы ролін атқарады және қаржылық қызмет субъектілеріне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама ықпалын тигізеді.
Индикативтік қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты — болжамды дамуды қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстары, бағытымен ойластырған көлемін анықтау. Индикативтік қаржылық жоспарлау мемлекеттік секторға міндетті, ал меншіктің басқа нысандарындағы секторлары үшін ұсынылатын сипатта болады. Соңғысына реттелетін субсидиялар, несиелер, салық ставкалары және жеңілдіктер, жеделдетілген амортизация тәрізді экономикалық құралдар арқылы қол жетеді. Маңызды индикаторлар болып валюта бағамы, инфляцияның болжамдалатын деңгейі, банктің қайта қаржыландыру ставкасы, амортизациялық аударым нормасы қатысады.
Индикативті жоспар экономикалық үдерістерді ғылыми анализде бейнелеуі, экономика және қаржы дамуының жеке параметрлерін сәйкестендіруі, оларды дамытудың ұзақ мерзімді бағыттарына сәйкес арнаға бағыттауы қажет. Бұл біріншіден, әр түрлі жүйелер, көрсеткіштер бойынша эконо-микалық тепе-теңдікті сақтаудың қажеттігіне байланысты; екіншіден, индикативтік жоспар ұлттық шаруашылықта қажетті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етіп отыруы керек. Индикативтік жоспарлаудың артықшылықтары әлеуметтік және экономикалық саясат бағытына байланысты; инвестициялык қызмет, өндіріс модернизациясы, өнімнің қабілеттерін қамтамасыз ету, ғылымның, білімнің, тұрғын-үй құрылысының дамуы болуы мүмкін.Индикативті жоспар, сондай-ақ, жергілікті деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұнда мемлекеттің, аумақтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпкерлердің) мүдделері мен келісімділік қағидасы ескерілуі қажет.

І.2. Қаржы жоспарлары, қаржы көрсеткіштері, қаржылық нормалар
мен нормативтер.

Қаржы жоспары — субъектінің қаржылық ортада қызмет ету шараларының жүйелік жиынтығы. Ол 1 жылдан 5 жылға дейін құрылады. Нысаны бойынша қаржы жоспары жоспарланатын кезеңге ұйымдастырылатын ұсыныстар мен сандар, мақсаттардың мазмұнын білдіреді. Кәсіпорында жоспарлау құн заңына негізделеді және бұл жағдайда жоспарлау экономикалық категория ретінде қатысады.
Әдетте, қаржы жоспары нәтижесі болмашы ғана мөлшерде ауытқиды.
Қаржы жоспары қаржы жүйесінің барлық звеноларында бар:
коммерциялық бастамаларда қызмет ететін шаруашылық жүргізуші субьектілер "кірістер және шығыстар балансын" немесе "бизнес-жоспар" құрады;
коммерциялық емес бастамаларда қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар "шығыстар сметасын құрады;
қоғамдық бірлсетіктердің жоспары — "қаржылық жоспар";
мемлекеттік билік органдары "бюджет" (әp туүлі деңгейде: республикалық, жергілікті) құрады.
Қаржы жоспарының жүйесі қамтитын қатынастарының ауқымына, демек ресурстардың түсуге және пайдалануға жоспарланып отырған көлеміне байланысты әр түрлі жоспарлардан тұрады. Бұл нышаны бойынша олар бастапқы және жиынтық қаржылық жоспарлар деп бөлінеді.
Бастапқы қаржы жоспарына материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспары, өндірістік емес саладағы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жоспарлары, шығындары толығымен немесе негізгі бөлігі бюджет есебінен қаржыланатын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің сметалары жатады.
Жиынтық қаржы жоспарына жалпы мемлекеттік, салалық және аумақтық жоспарлар жатады. Жалпы мемлекеттікке мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары, мемлекеттік бюджет және бюджеттсн тыс қорлар жатады.
Салалық (ведомстволык,) қаржы жоспарларының жүйесіне материалдық өндіріс саласындағы министрліктердің (ведомстволардың) табыстары мен шығындары туралы балансы, өндірістік емес саладағы министрліктердің (ведомстволардың) жиынтық сметалары, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспар­лары жатады.
Аумақтық қаржы жоспарына аумақтардың жиынтық қаржы балансы, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың жоспарлары, т.б. жатады.
Әр түрлі қаржы жоспарлары өзара байланысты болып келеді: салалық жоспарлар ведомствошілік шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарларын біріктіреді; жалпы мемлекеттік немесе салалық жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Мерзіміне байланысты қаржы жоспары қысқа, бес жылдық, перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған жоспарлар барлық жылдарға құрылады.
ІІІаруашылық байланыстардың тұрақсыздығына, экономиканың теңсіздігіне, шаруашылық органдардың қызмет ету факторларының анықсыздығына байланысты бес жылдық және перепективалық жоспарлар күрт қысқарды. Мақсатына орай, үш жылға жиынтық қаржы балансы, басқа да жиынтық қаржы жоспарлары жасалып, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарының негізгі көрсеткіштері бойынша есептеулер жүргізіледі.
Жиынтық қаржы балансы орта мерзімдік жалпы мемлекеттік болжамының қаржы бағдарламасын білдіреді. Оны Экономика және бюджеттік жоспарлау, Каржы министрліктері мен Ұлттық банк бірлесе отырып жасайды. Аймақтарда балансты тиісті аймақтық органдар жүргізеді.
Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттарының құрамы мен құрылу көзі және оларды үлғаймалы үдайы өндіріс пен қоғам қажеттіктеріне (әлеуметтік-мәдени шара-лар, қорғаныс, басқару) пайдалану көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігінің негізгі көрсеткіштеріне таза табыс, салық, амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, қысқа мерзімді несиелеу ресурстары, ұзақ мерзімді несиелеу көздері жатады.
Баланстың шығыс бөлігінің негізгі көрсеткіштеріне экономиканы дамыту (күрделі қаржы салымын қаржыландыру, меншікті айналым қаражаттарының өсіміне шығындар, мемлекеттік субвенция) шығындары, сыртқы экономикалық операциялар шығындары, тұтыну қорына аударым, әлеуметтік-мәдени шаралар шығындары, басқару және қорғаныс шығын­дары, қысқа мерзімді несие салымдарының өсімдері және ұзақ мерзімді несиелеу қаражаттары жатады.
Жиынтық қаржы балансы ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржы көрсеткіштерінің жүйесін білдіреді. Жиынтық қаржы балансындағы көрсеткіштер құрамы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының материалдық және қаржылық пропорцияларының тендігін қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Маңызды жедел қаржы жоспары болып мемлекеттік бюджет саналады. Оның жиынтық қаржы балансынан біршама айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық табысы емес, тек орталықтандырылатын бөлігі ғана көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің табыстары мен шығындары, барлық ұлттық шаруашылықты қоса алғанда, тек ұлғайтылған түрінде көрсетіледі, ал мемлекеттік бюджетте нақтыланып көрсетіледі. Бюджетте әрбір төлемнің, оны төлеушілердің аты-жөні, бағыты, алушылардың аты-жөні көрсетіледі ("Мемлексттік бюджет" тарауын қараңыз).
Материалдық өндіріс саласында қаржы жоспарларын кірістер мен шығындар балансы деп атайды. Бұл жоспарлардың құрылымы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін де, бірлестіктер мен жоғары тұрған органдар үшін де бірдей болып келеді.
Кірістер мен шығындар балансының классикалық нысаны төрт бөлімнен тұрады:
Кірістер мен қаражаттардың түсуі.
Шығындар мен қаражаттарды аудару.
Бюджетке төленетін төлемдер.
Бюджеттен жасалатын қаржыландыру (ассигнование). Бастапқы екі бөлім соңғы екі бөліммен балансталуы керек. Шығындардың кірістерден артуы бағалы қағаздар шығару немесе несие (займ) есебінен алынған қаражаттар есебінен қаржыланады. Баланстың әрбір бөлімі белгілі бір көрсеткіштерден түрады.
Баланстың бірінші бөлімі таза табыс, амортизациялық аударымдар, жөндеу қорына және қаржы резервіне аударымдар, банктік ұзақ мерзімді несие, банктердегі қысқа мерзімді несие салымдарының өсімі, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс, т.б. тартылған қаражаттар тәрізді көрсеткіштерден тұрады.
"Шығындар мен қаражаттарды аудару" бөлімі күрделі қаржы салымы, негізгі қызмет бойынша залал, қаржы және шаруашылық есеп қорына аударым, жөндеу қоры қаражаты есебінен негізгі құрал-жабдықтарға жасалған жөндеу жүмыстарының қаражаттары, операциялық шығындар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, т.б. тәрізді көрсеткіштерден тұрады.
"Бюджетке теленетін төлемдср" бөлімі қосылған құнға салынатын салық пен акцизді қоса алғанда, барлық салық түрлерін қамтиды.
"Бюджеттен жасалатын қаржыландыру (ассигнование)" бөлімі мынадай шараларды қамтиды: мемлекеттік орталықтандырылған күрделі қаржы салымы; Үкімет пен жергілікті билік органдарының шешімі бойынша қаржыланатын операциялық шығындар; өзіндік құн мен баға айырмасы есебінен өтелетін шығындар; нысаналы мақсаттағы басқа да шығындар.
Айналым қаражаттары шағын шаруашылық жүргізуші субъектілер екі бөлімнен тұратын қаржы жоспарын құрады: бюджеттен жасалатын ассигнование табыстар құрамына қосылатын, бюджетке төленетін төлемдер шығындар құрамына қосылатын табыстар мен шығындар бөлімі.
Кәсіпорынның кірістер мен шығындар балансының ерекшелігі болып онда аралық айналым қаражаттары емес, қаржы-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесінің көрсетілуі табылады.
Ақша қаражаттарының айналым есебі төлем календары арнайы қаржы жоспарында көрсетіледі. "Түсімдер" бөлімінде қызмет (жұмыс) өткізуден түскен табыс, банктік қысқа мерзімді несие бойынша табыс, касса мен есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар қалдығы және басқа да ақша қаражаттарының табыстары көрсетіледі. "Шығындар" бөлімінде тауарлы-материалдық құндылықтарды алуға, еңбекақы төлеуге, салық төлеуге, банк ссудаларын өтеуге, несие үшін пайызды төлеуге және басқа да шығындарға кеткен шығын­дар көрсетіледі. Төлем календарының көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде қысқа мерзім аралығындағы (айналым көлеміне байланысты бес күннен бір айға дейін) жедел қаржылық жоспарлау жүргізіледі. Төлем календары есептіліктердің нақтылануы мен жүргізілу мерзіміне байланысты кірістер мен шығындар балансына толықтыру болып табылады.
Шаруашылық коммерциялық қызметтің кәсіпкерлік звеносы бизнес-жоспар негізінде жүмыс жасайды. Бизнес-жоспар кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сәйкестелінген құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына қарағанда, жеке кәсіпорынның қатынастарының барлық жақтарын толығымен қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің (қызметтің) ерекшеліктерін, бәсеке қабілеттілігін, өткізу нарығының бағасын, маркетинггік, өндірістік, ұйымдық, құкықтық жоспарлардың стратегиясын, тәуекел мен сақтандыру бағасын сипаттайтын бөлімдерден тұрады.
Қаржы жоспарының маңызды бөлігі ретінде, бизнес-жоспардың барлық көрсеткіштерін жүйелендіреді және оларды құндық мағынада береді. Бұл жерде бірнеше құжат дайындалады:
өткізу көлемінің болжамы;
ақшалай табыстар мен түсімдердің балансы;
табыстар мен шығындар кестесі;
кәсіпорынның активі мен пассивінің жиынтық балансы;
залалсыздыққа жету кестесі.
Қаржыландыру мен белгіленген көлемде және мерзімде инвесторларға қаражаттарды қайтару стратегиясы дербес бөлім ретінде қарастырылады.
Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау ғылыми әдістерді, жаңа техникалық құралдарды және сенімді ақпарат базасын қолдана отырып, жоғары сапалық деңгейде және жаңа әдістер мен нысандарда жүргізіледі.
Қаржы көрсеткіштері – шаруашылық жүргізуші субъектілерде және жалпы ұлттық шаруашылықта ақша қаражаттарын құру, пайдалану және жинақтаумсн байланысты қызметті сипаттайтын жоспарлық, есептік немесе есеп-қисаптық мәліметтер. Бұл жоғарыда аталған субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінде кеңінен қолданылады. Қаржы көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы мөлшерде беріледі. Олар қаржы категориясын, субкатегориясын, қаржы қатынастарының элементтерін сандық және сапалық тұрғыдан бейнелейді.
Шаруашылық жүргізудің төменгі деңгейлерінде мынадай абсолютті қаржы көрсеткіштері қолданылады:
өнім (қызмет, жұмыс) өткізуден табыс;
өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны;
жалпы табыс;кезең шығындары;негізгі қызметтен табыс (залал);қосымша қызметтен түсетін табыс (залал);табыс салығының сомасы (төленген);
таза табыс (немесе залал).
Бұл қызметтің синтетикалық (жалпылама) көрсеткіштері; олардың кейбірі жеке құрамдас элемент ретінде қарастырылуы мүмкін, мысалы: өнім (қызмет, жұмыс) өткізуден табыс; өткізілген өнімнің өзіндік құны; кезең шығындары; жоспарлау мен талдау барысында оның құрылымын жалпы көрсеткіштегі әрбірінің үлссі келтірілуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштеріне мыналар жатады:
инвестиция көлемі; жарғылық қор (капитал) мөлшері; өндірістік және әлеуметтік даму қорларының, мөлшері; жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, бюджетпен, банкпен (дебиторлық және кредиторлық қарыздар бойынша)есеп айырысу көрсеткіштері;
төленген дивиденд, пай мөлшері;
айналым қаражаттар көздерінің мөлшері (капитал жәнебасқа да абсолютті көрсеткіштер).
Салыстырмалы көрсеткіштерге мыналар жатады:
-табыс (рентабельділік) деңгейі;
-акциялар бойынша табыстылық;
-негізгі және айналым капиталын пайдаланудын, тиімділік көрсеткіштері (негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенттері, айналу ұзақтығы, негізгі қорлар бойынша қор қайтарымдылығы, өнімнің қор сыйымдылығы);
-өтімділік коэффициенттері.
Ерекше көрсеткіштер банк, сақтандыру қызметі, зейнетақы және басқа да қорларда қолданылады. Салық салу барысында жылдық жиынтық табыс, жылдық жиынтық табыстан жасалатын шегерімдер, салық салынатын табыс, салық салынатын импорт және айналым, т.б. тәрізді көрсеткіштер қолданылады.
Қаржы-экономикалық көрсеткіштердің көпшілігі министрлік, жоғарғы ұйым, ведомство деңгейінде сала, кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттау үшін пайдаланылады. Мұнымен қатар, қандай да бір саланы сипаттайтын жекелеген ерекше көрсеткіштер қолданылуы мүмкін.
Бюджеттік ұйымдар мен мекемелерде тұтастай алғанда шығындар және жекелеген элементтері (категория, сынып, сынып асты, ерекшелік) бойынша көрсеткіштер қолданылады.
Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығындарының көрсеткіштері, сондай-ақ олардың жекелеген құрамдас бөліктері; үлес салмағы; бюджет тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірісінің, шығысының, тапшылығының ұлттық табысқа, жалпы ішкі (ұлттық) өнімге пайыздық қатынасы жатады.
Ұлттық шаруашылық деңгейінде қаржы көрсеткіштсрі мемлекеттің қаржы ресурстарының құрылымы мен көлемін, оның мемлекеттік бюджет және басқа да қаржы жоспарлары арқылы бөлінуін, ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салаларының рентабельділігін, бюджетке жинақталатын пайда үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарының қалыптасу тиімділігін жалпылама бағалау үшін қаржы ресурстарының көлемінің жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер қолданылады.
Қаржы көрсеткіштерін есептеу барысында нормалар мен нормативтер қолданылады. Норма (латыпша: тәртіп, ереже) -ресурстардың бекітілген мөлшері, саны. Норматив (латынша: реттеу) - бекітілген нормалар шегіндегі ресурстар саны, ресурстарды бөлудің есептеліп негізделген деңгейі. Норма бастапқы бірлік өлшемді білдірсе, норматив - нормаға сәйкес жүргізілетін жұмыстың көрсеткіші.
Норма мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолютті деңгейлерде (өнімді, уақытты ақшалай, пайыз, коэффициент, заттай түрінде) беріледі.
Қаржыны жоспарлауда қаржы ресурстарының құрылуының, бөлінуінің, пайдалануының минималды, орташа, максималды шекті нормалары мен нормативтері қолданылады.
Норма мен норматив ғылыми негізделген қаржы жоспарына, болжамына, бағдарламасына арналған, өйткені олар экономикалық үдерістерді, техникалық дамудың прогрессивтік бағыттарын, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру, зерттеу мен эксперименталдық өңдеулер арқылы жасалады; бұл жерде норма мен нормативті есептеудің аналитикалық, статистикалық, математикалық есептеу әдістері қолданылады.
Жиынтық қаржылық жоспарлауда орташа норма мен нормативmep, шаруашылық органдарыдың нақты қаржы нәтижелерін жоспарлауда дербес норма мен нормативтер қолданылады.
Қаржылық нормалар мен нормативтер бекітілген және есептік болып бөлінеді. Бекітілген қолданыстағы заңнама бойынша бекітіледі, есептік ішкі жоспарлауда қолданылады. Бекітілгенге бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік қажеттіліктеріне аударым нормасы, салық ставкасы; есептікке кәсіпорындар мен ұйымдардың жинақтау және тұтыну қорын, кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық қызметін реттейтін басқа да қорларын құруға арналған аударым нормасы мен нормативтер жатады.
Сондай-ақ, біртұтас нормалар мен нормативтер, мысалы, әр түрлі салалар мен шаруашылық объектілері үшін амортизациялық аударым нормасы және дифференциялданған — айналым қаражаттары әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін нормалар мен нормативтер жіктеледі.
Көптеген қаржы көрсеткіштері норма, норматив, лимит болып табылады: мысалы, табыстылық деңгейі, әр түрлі қаржы қорларының атауы, әрі көрсеткіш, әрі норматив, әрі ли­мит болып табылады. Демек, шаруашылық қызметінің қаржы нәтижелерін болжау және жоспарлау үдерісінде қаржы механизмінің бұл элементтері өзара тығыз байланыста болады.

IІ. ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық және Алматы облысының бюджетіне талдау

II.1 ҚР-ның 2007 жылға арналған Республикалық бюджетіне талдау

2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы

2007 жылға арналған республикалық бюджетті 1 қосымшаға сәйкес
келесі көлемдерде бекіту:
1) кірістер – 1 958 638 496 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 456 156 251 мың теңге;
салықтық емес түсімсдер – 40 849 672 мың теңге;
негізгі құралдарды сатудан түсетін табыс – 8 418 025 мың теңге;
трансферттік түсімдер – 453 214 548 мың теңге;
2) шығындар – 1 955 958 982 мың теңге;
3) операциондық сальдо – 2 679 514 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелендіру – 22 360 857 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелер – 28 521 406 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу – 50 882 263 мың теңге;
5) Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 170 176 371
мың теңге,
соның ішінде:
қаржылық активтерді алу – 172 176 371 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер –
2000000 мың тг.
6) дефицит – 145 136 000 мың теңге, немесе елдің ЖІӨ-не1,2 %.
7) бюджет дефицитін қаржыландыру – 145 136 000 мың теңге.

Республикалық бюджетте 2007 жылға түсімдерді қарастыру:
Ресей Федерациясы тарапынан Байқоңыр ғарыш айлағын
пайдаланғаны үшін 13 455 000 мың теңге көлемінде арендалық төлем;
Ресей Федерациясы тарапынан әскери полигондарды пайдаланғаны үшін, республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетілген, 3 217 500 мың теңге, соның ішінде:
374 400 мың теңге ақшалай түрде;
2 843 100 мың теңге әскери сынақ полигандарын жалға алу туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келесім шарттары негізінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігімен пайдаланылып, Полигондарды жалға алу туралы мемлекетаралық келісімдерге сәйкес әскери техникамен және қаруларды жөндеу және жабдықтау 007 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша шығындалуын көрсетеді.

2 қосымшаға сәйкес, Қ.Р. Ұлттық қорына жіберілетін, 2007 жылғы
бюджет кірістерінің көлемін бекіту.

3 қосымшаға сәйкес, газ конденсаты, шикі мұнайды өткізу және
өндірумен айналысатын, олар бойынша тікелей салықтар Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударылатын, мұнай секторындағы
кәсіпорындардың тізімін бекіту.

Сәйкес бюджетке қосылатын кірістерді бекіту:
Бірыңғай бюджет сыныптамасының Роялти коды бойынша кірістер сыныптамасы – минералды-шикізат базасын қайта өңдеу және жер қойнауын қорғайтын Республикалық қор алдындағы жер қойнауын пайдаланушылардың қарызы, сонымен бірге, жер қойнауын пайдалану туралы келісім шарт негізінде осы жер қойнауын эксплуатациялайтын, жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін, контрактілік аймақтарды геологиялық зерттеуге, мемлекеттің тарихи жұмсаған шығындарының сомасы.

2007 жылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қаржылық және басқару есептерін салыстыру
Басқарушылық есептің негізі
Қаржылық жоспарлау - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде
Кәсіпорынды басқару есебі
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
Кәсіпорынды жоспарлаудың теориялық негіздері
Пәндер