Инновация және оны дамытудағы мемлекеттік реттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1. Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері . . . 7
1. 2 Қазақстан Республикасында индустриялы-инновациялы саясаттың маңыздылығы және оны дамыту шаралары . . . 12
1. 3. Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің ролі . . . 19
2 «HIGH TECH LOGISTIC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ
2. 1 Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада алатын орны…. . 25
2. 2 Компанияның шаруашылық-экономикалық қызметін талдау . . . 38
2. 3 Кәсіпорынның инновациялық үрдісін бағалау . . . 40
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялы-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы . . . 44
3. 2 Инновациялық инфрақұрылымды дамыту . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.
Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материлдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы. Ел экономикасының шикізаттық амес салалрдағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді[1] .
2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.
Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады [2] .
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi [3] .
Инновация үдерісін зерттеген отандық ғалымдар:Мухтарова К. С., Купешова С. Т., Дауренбекова Ә. Н., Алдашов Б. А., Комилов С. Б., Серикбаева Б. Е., Карибджанов Е. С., Соколова М. С., Нарибаев. К., Джуманбаева. С., Нусупова А., Сулейменов Е. З., Васильева Н. В., Бердашкевич А. П
Бұл тақырыптың мақсаты елiмiз үшiн индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының және инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып, оның еліміздің ұлттық экономикасына қосар үлесін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазудағы мiндеттерді келесiдей топтастыруға болады:
1) Инновация туралы жалпы түсiнiк қалыптастыру;
2) Инновация және оны дамытудағы мемлекеттік реттеудің маңыздылығына тоқталу және Қазақстан Республикасының инновациялық саясатының бүгінгі таңдағы іске асу барысына тоқталу;
3) Еліміздегі инновациялық инфрақұрылымды дамытуды нақты компания мысалында таитлдау;
4) Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
5) Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi индустриялы-инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
6) 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерiн қарастырып, оның даму жоспарындағы негiзгi бағыттарды көрсету;
7) Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны мемлекеттік қолдау шараларының негізгі бағыттарын айқындау.
1 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫғы
1. 1 Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері
"Инновация" термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда болған. Жалпы алғанда "инновация" сөзі ағылшын тілінен аударғанда "innovation" "жаңарту", "заттарды бөлудің жаңа жолы", "жаңалық енгізу" деген сөздерді білдіреді[6, 14 б] .
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында австриялық ғалым Й. Шумпетер инновация түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды ұйымдастырудың формалары мен нарықты өндіріске енгізу мақсатында қолданылды. Й. Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рөл болып, экономикалық теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, "инновация" жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.
Й. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістің жаңа қызметі болып табылады.
Инновацияның эволюциялық әдістемесін Дж. Ст. Милль, К. Маркс және Й. Шумпетер қолданған.
Й. Шумпетердің айтуы бойынша кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты. Инновациялар бар дәстүрлерді бұзып қоймайды, олар басқа тәуекелді кәсіпорындардан қарағанда көбірек пайда әкеледі.
Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация " бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген сөздерді білдіреді.
Жаңашылдықтар мағынада - интеллектуалды қызметтің нәтижесі, ал кең мағынасында ашсақ рәсімделген өнертабыс түрінде, патенттер, тауарлық белгілер, оңтайландырғыштық ұсыныс, ноу-хау түріндегі инновациялық үрдістер нәтижесі.
Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.
Инновация - ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады.
Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В. А. Макоренконың "қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын "innovation" -жаңалық енгізу, "жаңалық", латын тілінде "innovation" - "жаңарту", "жаңғырту") бұл:
1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.
2. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.
3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т. б.
4. Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.
Өндіріс факторларының "жаңа комбинацияларын" жүргізу барысында, ол инновацияға алып келеді. Өндіріс факторларының "жаңа комбинациялары" келесілер:
- жаңа өнімді шығару, дайындау;
- өндірісте жаңа технологияларды қолдану;
- жаңа өндірісті ұйымдастыруды қолдану;
- жаңа тұтыну нарықтарын ашу;
- жаңа ресурстар көздері мен түрлерін ашу.
Р. Фостердің теориясында инновация - бұл "технологиялық құлдыраудың" жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді [7, 161 б] .
Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.
Дәстүр бойынша инновацияны - инновация-өнім, инновация-үрдіс немесе технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық деп бөлуге болады.
Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде - бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.
Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату есебінен бәсекелестік көтеру, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту болып табылады.
Ұйымдастырушылық-басқару инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады. өндірісті және персоналды басқару әдістерін жетілдіру, жаңа маркетингтік бөлімшелер құру, тиімділікті арттыру үшін жаңа жолдар мен тәсілдерді қолдану кезінде болады.
Институтционалды мектептің экономтеория зерттеушілері инновацияларды қоғамдық таңдау теория көмегімен сыныптауды жөн көрді. Инновация субъектісі ретінде: кәсіпкер, топ, фирма, ұлт шаруашылығы, әлеуметтік қозғалыстар және мемлекет қатысады. Осы субъектілердің әр қайсысы салыстырмалы артықшылықтарға ие.
Бірінші инновацияның типі - қоғамдық игілік. Берілген инновацияны барлық қоғам мүшелері қолдана алады. Кәсіпорындарда осы инновация түрін өндіруде мемлекет пен әлеуметтік көзқарастар қызығушылықтарын танытады.
Екінші инновация түрі - клубтық игіліктер. Ұйым деңгейіндегі өзгерістер клубтың игіліктерін сипаттайды. Бұл инновация түрін қолданушылардың саны ұйым мүшелерімен шектеледі.
Үшінші инновация түрі - жеке меншік ретінде сипатталады. Өнертабыс құқығымен, патенттер бар кездегі жеке игілікті жүзеге асыру үшін құрылған. Бастапқы кезде жаңа өнім нарықта пайда болғанда, ол монополиялық сипатта болады, жаңа өнім-инновациясынан бұрын оның шығарушысы (авторы) "инноватор рентасын", жаңа өнімдерді жасауды ынталандыратын, монополиялық жоғары пайда алады[8, 25 б] .
Инновация түсінігін басқа да түрлерін ескеру арқылы кеңірек ашуға болады.
П. Друкер инновациялық идеялардың көздері - тәуекелділік көздерінен басқа келесі түрлерге бөледі:
- күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізіндегі инновациялар;
- өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
- сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
- жаңа білімдерге негізделген инновациялар;
Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық өнімдер мен технологиялар әлеуметтік әсерлерді тудырады.
Қоршаған ортаға әсерді білдіретін инновациялар экономикалық инновацияларды білдіреді.
Жоғарыдағы айтылған тәсілдерді талдай келе келесі түрде көрсетуге болады:
Радикалды деңгейі бойынша:
- технологияның жаңа кезеңі мен бағыттарын дамытуды қалыптастыру негізі болып қаланатын ірі өнертабыстарды жасайтын базалық инновациялар;
- ғылыми-техникалық циклдың тұрақты дамуы және таралу фазасындағы шағын және орта өнертабыстарды жүзеге асыратын жаңартушы инновациялар;
- ескірген техника мен технологияларды ішінара жаңартуға бағытталған псевдоинновациялар;
Қолданылу сипаты бойынша:
- жаңа өнімдерді өндіру мен жетілдіруге бағытталған өнім-инновациялар;
- жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге бағытталған технологиялық-инновациялар;
- жаңа құрылымдарды жасау мен құрастыруға бағытталған әлеуметтік инновациялар;
Пайда болу стимулы бойынша:
- ғылым мен техниканың көмегімен пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігімен туындаған инновациялар;
- нарықтық қажеттілігімен туындаған инновациялар;
- жаңа өнімдер мен жеке ғылыми-техникалық потенциалындағы үрдістерді жасайтын "өсіру" инновациясы;
- шетелдік немесе басқа да инновацияларды модификациялайтын "имитация" инновациясы;
Өнім түрі бойынша:
- қоғамдық;
- аралас (клубтық) ;
- жеке;
Тиімділігіне байланысты:
- экономикалық әсерлерді қамтитын инновациялар;
- әлеуметтік әсерлері бар инновациялар;
- экологиялық әсерлерді қамтитын инновациялар;
- ғылыми-техникалық әсерлерді қамтитын инновациялар[9, 16 б] .
Инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі.
Инновациялық грант - инновациялық жобаның тәжірибелік - конструкторлық әзірлемелерін орындау, техникалық - экономикалық негіздемесін дайындау, өнеркәсіптік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеу үшін грант беруші мен грант алушы арасындағы шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берілетін трансферт.
Инновациялық жоба - инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияны көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені.
Инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің жүйесі.
Инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңды тұлға.
Инновациялық қызмет - нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланылатын, өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет.
Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектісі - технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор.
Инновациялық қызметтің субъектілері - инновациялық қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Мұна бұйымдарды қамтиды:
1. жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;
2. жетілдірілген бұйымдар;
3. жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.
Сурет 1. Инновацияның түрлері
Инновациялық белсенді кәсіпорындар - кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.
Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнімдік инновация және процестік инновация.
Өнімдік инновацияға технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу кіреді.
Процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін.
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды:
- өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т. б. ) эстетикалық өзгерістер;
- оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.
1. 2 Қазақстан Республикасында индустриялы-инновациялы саясаттың маңыздылығы және оны дамыту шаралары
Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс [4] .
Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және инновациялық саясат - ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:
- ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік элементтерімен байланысын көрсетеді;
- мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке басылымдар шығарылуы керек;
- ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларын қолдану, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін қарастыру.
Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі - оның әрдайым мемлекет назарында болуы. Қызықтысы ғылым мен техника нарық жағдайында басқа салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді. Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екендігі сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың жетістіктері индустриалды қоғамды әрі қарай дамытуға жол көрсетеді[11, 48 б] .
Инновациялық процесс инновацияларды жасаумен, игерумен және таратуымен байланысқандықтан, инновация және инновациялық процесстiң ұғымын танып бiлу керек. . Ғылыми-техникалық инновацияның әлеуметтiк-экономикалық маңыздылығы, оның ауқымдылығының жанында қолданылатын потенциалды ұғым.
Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.
Кесте1.
Индустриалды-инновациялық саясатты жүргізуді ескере отырып, ЖІӨ динамикасының болжамы *
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz