Қазақстан Республикасының Мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігін бағалау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ.ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... .30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды болып табылады, яғни бұл “Қазақстан – 2030” стратегиясымен анықталған ұзақ мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi /1/.
Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдiгiне ғана емес, ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар, банктер немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды, ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.
Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.
Қазақстанның мұнай-газ кешені еліміздің өндіруші өнеркәсібінің сыртқы, сондай-ақ ішкі барлық инвестициялық ресурстардың көп үлесін тартатын өзегі болып табылады. Қазір біздің еліміздегі инвестициялық ресурстардың мұнай-газ кешеніне бір жақты бағытталуын көп сынайды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, инвестицияларды ел бәсекелестік артықшылыққа ие болатын басты салаларға бағыттау қажет, ал Қазақстанда ондай маңызды сала болып мұнай-газ кешені саналады. Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы мынадан тұрады: саланың жоғарғы нарықтық потенциалы, табиғи ресурстардың көптігі, білікті еңбек ресурстарының бар болуы, елдің стратегиялық орналасуы және тағы басқалары.
Мұнай-газ кешені инвестиция тартатын сала ретінде барлық экономикадан бөлек дами алмайды. Базалық саланың қалыптасуы жабдықтаушы-саланың және тұтынушы-саланың дамуына ықпал етуі қажет. Мұнай-газ саласы экономиканың тек бір секторының ғана емес, аралас салаларының да және де барлық экономиканың бесеке қабілеттілігін жоғарылатуға қабілетті қозғаушы күш болуы қажет, себебі инвестициялық ресурстардың мақсатты бағытталуы оларды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі.
Еліміздің халықаралық бәсеке қабілеттілігі жеке кластер айналасында дамуы қажет. Бұл тезис дамыған елдердің мысалдарымен түсіндіріледі. Мысалы, Швецияның целлюлозды-қағаз секторының бәсеке қабілеттілігі ағаш өңдеу және қағаз өндіру бойынша құрал-жабдықтарға, конвейерлік линияларға және басқа да аралас тұтынушы-салаларға бағытталады (мысалы, сіріңке өндіру), Дания агробизнес және азық-түлік өнеркәсібі үшін арнайы өндірістік технологиялар дайындап шығарды. Мұнай өндіретін елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, халықтың саны жоғары болғанда мұнай байлығын дұрыс пайдалану әл-ауқаттың жоғары стандарттарын және экономиканың тез дамуын қамтамасыз етеді. Жан-жақты дамыған экономикасы және әскери күші жоқ елдің өзі әлемдік саясатқа маңызды ықпал ете алады және басқа елдерге бақылау жасау механизмдерін жасап шығара алады.
Қазақстанда үлкен көлемдегі мұнайды күту үстінде. Көмірқышқыл газды экспорттаудан түскен табыстар – бұл экономикалық дамудың қозғаушы күші ғана емес, сондай-ақ үкімет үшін «құтқарушы-таяқшасы» болып табылады. Бірақ, біздің білуімізше, таяқтың екі шеті болады. Және осы жерде көп көлемді мұнай үлкен проблемалар туғызуы мүмкін. Дамыған нарықтық экономикасы бар еліміздің экономикасында мұнай жобалары басты орын алатын болғандықтан, олардың экономикалық болуы көмірқышқыл газына бай елдер үшін саяси шешімдер қабылдауына нақты әсер етуге көмектеседі.
Бірақ та сол араб елдерінің тәжірибесі мынаны да көрсетеді: мұнай кен орындарының көп болуы да ештеңені шешпейді. Бізде қалыптасқан экономиканың параметрлерінің бірі болып мынау табылады: экспорт санының өсуінен экономиканың маңызды мәні еш өзгермейді. Яғни, ол Қазақстанның шекарасынан тек мұнай, хром сияқты ұлттық ресурстарды шығару емес, сондай-ақ жұмысшыларды, жақсы кадрларды және тағы басқалары. Және шетелдік инвестицияларда көбірек сыртқа шығарылуы үшін тартылады.
Сондықтан Қазақстанға дамыған нарықтық экономикасымен демократиялық қоғамға жол жүру үшін энергетиканың қиын проблемаларын өз күшімен шешу қажет. Сол кезде ғана экономикалық реформалардың жетістігі жалпы батыс несиелерінің көлемінен ғана емес, сондай-ақ еліміздегі кез-келген экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуының тиімділігіне, өз күшінің маңыздылығына, мемлекеттің қаржылық және технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты.
Инвестиция мәселесi, оның экономиканың нақты секторындағы экономикалық тиiмдiлiгiн жоғарлату туралы төмендегi ғалым-экономистердiң еңбектерiнде қарастырылған: К.Маркстiң, Дж.М.Кейнстiң, Р.Холттың, П.Хавроненоның, Ван Хорн Дж, Э.Хелферт, А.Маршалдың, Дж.Соросаның, П.Самуэльсонның, Р.Гильфердинганың, Лу Цзиньюнаның, Л.Абалкиннiң, М.Агарковтың, Б.Алехиннiң, А.Астахова, С.Жуковтың, Я.Квашидiң, В.Красовскидiң, А.Мартыновтың, Д.Палтеровичтiң, Ю.Плышовскидiң, В.Т.Хачатуровтың, Ю.Яковтың және т.б. Инвестициялық стратегияны анықтау және инвестициялық процестегi басымдылықтарды таңдау сұрақтары, сондай-ақ жалпы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiгі, сонымен қатар экономиканың нақты секторындағы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiгі туралы сұрақтар қазақстандық ғалым-экономистердiң зерттеулерiнде көрiнiс тапқан. Олар: А.Ашимбаев, Т.Ашимбаев, У.Баймұратов, А.Есентугелов, М.Кенжегузин, А.Қошанов, К.Қажмұратов, Р.Қамшыбаев, Н.Мамыров, Н.Нұрланова, А.Нұрсеитов, К.Окаев, М.Оспанов, Н.Сағадиев, О.Сабденов, С.Сатубалдин, П.Посаченко және т.б. Сонымен қатар мынандай жағдайды айта кеткен жөн, экономикадағы инвестицияның табиғатын әсiресе нақты сектордың қазiргi түсiнуге қатысты бiрқатар теориялық және тәжiрибелiк мәселелер, өндiрiстiк-техникалық дамуына инвестиция тарту, осы сфераға шетел инвестицияларын тарту, нақты инвестициялық жобаларды бағалаудың әдiстемелiк негiзiн жетiлдiру және оларды таңдау, бағалы қағаздар арқылы инвестициялық процестi жанамалау, жобаның несиелеудi ұйымдастыру және пайдалану әлi де қажеттi көрiнiске ие болған жоқ /7/.
Бұл байланыстың ерекше маңыздысы ең алдымен шаруашылық субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгiн қаржыландырудың iшкi көздерiн iздестiру және оның өндiрiстi дамытуға қаражаттарды салудың рефлексивтi ынталандыруға өтуi. Бұл өз кезегiнде экономиканың нақты секторына инвестицияны күшейтудiң қажеттiлiгiн ұқыпты зерттеу мен ғылыми тұжырымдауды талап еттi. Өйткенi, экономиканың нақты секторы экономиканың тұрақты өсуiнiң негiзi болып табылады, сонымен қатар өндiрiстiң техникалық дамуының ерекшелiгi мен тенденциясын зерттеу, тiкелей шетел инвестициясын тарту үшiн қолайлы климат жасау мәселесiн қарастыру қажет, сондай-ақ кооперативтi бағалы қағаздар рыногын дамыту жобаны несиелеудiң дамуы және оны қолдану механизмiн жетiлдiру қажет. Экономиканың нақты секторына инвесторлардың қаражат салуының тұрақты рефлексивтiлiгiн қамтамасыз етуге концептуалды әдiстерi қазiргi уақытқа дейiн жасалмаған.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: оның маңыздылығы шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тарту мен ғылыми пайымдауда, сондықтан негiзгi жағдайларды Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастарды жетiлдiру бағдарламаларын айқындау мен оны тәжiрибе жүзiнде пайдалану мүмкiндiгiнде.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тартудың теориялық және практикалық мәселелерiн зерттеу, сонымен қатар алынған теориялық нұсқауларды iс жүзiнде жүзеге асыру болып табылады.
Зерттеу мiндеттерi:
1)Экономиканың нақты секторына шетелдiк инвестицияны тартудағы артықшылығын айқындау;
2)Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ахуалды реттеу;
3)Шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн экономикадағы ұйымдық-экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;
4)Қазақстан экономикасына шетел инвесторларын ынталандыру мен реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң бағытын айқындау;
5)Мұнай өндiру арқылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы көзқарасы жағынан экономикадағы жағдайды талдау.
Зерттеу нәтижесiнде алынған қорытындылар мен ұсыныстар нақты мәселенi одан әрi теориялық қарастыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасы алдында тұрған өзектi мiндеттердi шешуге бағытталған қолданбалы сипаттамалы еңбектерде қолдануға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда.- 2000, 21 октября.-С.21.
2. Сагандыков С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. – Алматы, Ғылым, 1999.- 138с.
3. Сагадиев К., Канатчинова А. Развитие инвестиционного процесса в РК как фактор преодоления экономического кризиса. – Алматы, Азия - Экономика и жизнь, 1999.- №12, 13, 14.
4. Сысоев Л., Сутюшева Н. Инвестиционный климат, привлечение и регулирование иностранных инвестиций // «Саясат», 2000.- № 3, С.7
5. «Инвестиция туралы» Қазақстан Республикасының заңы // 20 қаңтар 2003 жыл.
6. Инвестиции в реальный сектор экономики: проблемы оценки и развития: Монография. – Алматы «Экономика», 2000.- С.92-170.
7. Оспанов М.Г., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. Алматы: “Факсинформ”, 1997.- 89-149с.
8. Игошин Н.В. Инвестиции. Учебник для вузов.-М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999.-312-337с.
9. Казахстан: анализ торговой и инвестиционной политики. Астана; Алматы; Аркаим, 2002.-385-409с.
10. Мамыров Н.К. Макроэконмические аспекты стабилизации и развития экономики Республики Казахстан // Проблемы стабилизации и развития экономики. – Алматы: Ғылым, 1999.- 29-38с.
11. Долженкова Л.Д. Иностранные портфельные инвестиции в развивающихся странах // Деньги и кредит, 2001.- № 10.
12. Указ Президента РК № 2035 «О мерах по повышению эффективности государственного управления и регулирования процессов привлечения иностранного капитала в экономику РК» от 19 января 2002 года.
13. Указ Президента РК «Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций» от 5 апреля 2003 года.
14. Камшыбаев Р., Марчевский В. Иностранные инвестиции и интересы Республики // Мысль, 1998.- № 3.
15. Плышевский Б. Проблемы воспроизводства в современных условиях // Экономист, 2000.- № 1, С.25-38.
16. Яковцев Ю. Стратегия инвестирования // Экономист, 1998.- № 9, С.30-37.
17. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку. – Алматы: Казахстан, 1999.-168с.
18. Челекпаев А. Пути привлечения, использования и возврата иностранного капитала // Финансы Казахстана, 2000.-№6, С.59-66.
19. Основы инвестирования. – М., 2003.-88с.
20. Постановление Правительства РК «Об инвестиционной программе РК на 2000 год» от 4 февраля 2003 года №38.
21. Коммерческая оценка инвестиционных проектов: основные положения методики «Альт-Инвест». – М., 1998.- 63с.
22. Хамитов Е.Н. Современная инвестиционная политика и ее основные направления. – Жн. «Тауар», 2002.- №3, С.9.
23. Баймуратов У.Б. Методы анализа и оценки экономической эффективности капитальных вложений. – Алма-Ата: Наука, 1997.- 319с.
24. Гейдаров М.М. Финансирование и кредитование инвестиции. Учебник для вузов.-Алматы, 2005.- 49-105с.
25. Иванов И., Рогов С. Воспроизводство основных фондов и его инвестиционные источники // Экономист, 2000.- № 7, С.20-30.
26. Статистический ежегодник Казахстана. – Алматы, 1997.- 5с.
27. Ирниязов Б. Финансовая оценка инвестиций на расширения производства и замены оборудования в условиях рынка. М., «Бизнес и банки», 2000, 6 апреля.
28. Бочаров В.Б. Финансово-кредитные методы регулирования рынка инвестиций. – М.: Финансы и статистика, 1996.-С.144.
29. Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. АО «Консалтбанкир». – М., 1997.- 103с.
30. Бабак В.Ф., Новгородов А.А. Финансирование и кредитование инвестиций коммерческими банками // ЭКО, 1999.- №4, С.42-50.
31. Курс переходной экономики: уч. для вузов / под редакцией академика Л.И. Абалкина М:ЗАО «Финстатинформ», 1998.- 452с.
32. Сейтказиева А.Н., Байкадамова А.Б., Сариева Ж.И. Инвестиционная деятельность предприятия. – Алматы: Экономика, 1999.- С.198.
33. Шаукенбаев Т.Ш., Акдаулетов М.Р. «О новой экономической реформе в нефтеразведке». Алматы, АИНХ, 2001.- С.138.
34. Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. – Алматы, Ғылым, 1998.- 45-235с.
35. Горфинкель В.Я. Экономика предприятия. Уч. М. «ЮНИТИ», 2000г.
36. «Нефтяной Клондайк на грани социального взрыва». Н. Фомин «ЦАБ» «Центрально-азиатский бюллетень», 2002.- №7.
37. Хамитов Н. Проектное кредитование и его использование в Казахстане. Сб. «Развитие открытой рыночной экономики Казахстана». – Алматы, «Экономика», 2002.- С.127-134.
38. Кошанов А.К., Рамазанов А.А., Мурзалина Ш.С. Основные направления формирования рынка ценных бумаг в РК // Деловая неделя, 1998.- №52; 1999.- №1, 2, 3, 4.
39. Инвестиции в реальный сектор экономики: проблемы оценки и развития: Монография. – Алматы «Экономика», 2000.- С.92-170.
40. Направления формирования и развития рынка корпоративных ценных бумаг в РК (Концептуальные положения). Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю., Шалгымбаев Г.Н. – Алматы ИЭ МН-АН РК, 1998, с.20.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы
атқаратын
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу
механизмдері және инвестициялық
стратегиялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... .30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді
жандандыруда атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы
ретіндегі инвестициялық
климат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .62

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс
жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты
секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды
болып табылады, яғни бұл “Қазақстан – 2030” стратегиясымен анықталған ұзақ
мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi 1.
Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi
модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және
тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай
бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке
қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен
қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке
қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және
мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды
алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың
тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдiгiне ғана емес,
ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар
болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар, банктер
немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды,
ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.
Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн
шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес
жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды
жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi
өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету.
Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын
өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды
минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы
максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi
бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң
оптималды үйлесiмдiлiгi.
Қазақстанның мұнай-газ кешені еліміздің өндіруші өнеркәсібінің сыртқы,
сондай-ақ ішкі барлық инвестициялық ресурстардың көп үлесін тартатын өзегі
болып табылады. Қазір біздің еліміздегі инвестициялық ресурстардың мұнай-
газ кешеніне бір жақты бағытталуын көп сынайды. Бірақ, тәжірибе
көрсеткендей, инвестицияларды ел бәсекелестік артықшылыққа ие болатын басты
салаларға бағыттау қажет, ал Қазақстанда ондай маңызды сала болып мұнай-газ
кешені саналады. Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы мынадан тұрады:
саланың жоғарғы нарықтық потенциалы, табиғи ресурстардың көптігі, білікті
еңбек ресурстарының бар болуы, елдің стратегиялық орналасуы және тағы
басқалары.
Мұнай-газ кешені инвестиция тартатын сала ретінде барлық экономикадан
бөлек дами алмайды. Базалық саланың қалыптасуы жабдықтаушы-саланың және
тұтынушы-саланың дамуына ықпал етуі қажет. Мұнай-газ саласы экономиканың
тек бір секторының ғана емес, аралас салаларының да және де барлық
экономиканың бесеке қабілеттілігін жоғарылатуға қабілетті қозғаушы күш
болуы қажет, себебі инвестициялық ресурстардың мақсатты бағытталуы оларды
қолданудың тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі.
Еліміздің халықаралық бәсеке қабілеттілігі жеке кластер айналасында
дамуы қажет. Бұл тезис дамыған елдердің мысалдарымен түсіндіріледі. Мысалы,
Швецияның целлюлозды-қағаз секторының бәсеке қабілеттілігі ағаш өңдеу және
қағаз өндіру бойынша құрал-жабдықтарға, конвейерлік линияларға және басқа
да аралас тұтынушы-салаларға бағытталады (мысалы, сіріңке өндіру), Дания
агробизнес және азық-түлік өнеркәсібі үшін арнайы өндірістік технологиялар
дайындап шығарды. Мұнай өндіретін елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
халықтың саны жоғары болғанда мұнай байлығын дұрыс пайдалану әл-ауқаттың
жоғары стандарттарын және экономиканың тез дамуын қамтамасыз етеді. Жан-
жақты дамыған экономикасы және әскери күші жоқ елдің өзі әлемдік саясатқа
маңызды ықпал ете алады және басқа елдерге бақылау жасау механизмдерін
жасап шығара алады.
Қазақстанда үлкен көлемдегі мұнайды күту үстінде. Көмірқышқыл газды
экспорттаудан түскен табыстар – бұл экономикалық дамудың қозғаушы күші ғана
емес, сондай-ақ үкімет үшін құтқарушы-таяқшасы болып табылады. Бірақ,
біздің білуімізше, таяқтың екі шеті болады. Және осы жерде көп көлемді
мұнай үлкен проблемалар туғызуы мүмкін. Дамыған нарықтық экономикасы бар
еліміздің экономикасында мұнай жобалары басты орын алатын болғандықтан,
олардың экономикалық болуы көмірқышқыл газына бай елдер үшін саяси шешімдер
қабылдауына нақты әсер етуге көмектеседі.
Бірақ та сол араб елдерінің тәжірибесі мынаны да көрсетеді: мұнай кен
орындарының көп болуы да ештеңені шешпейді. Бізде қалыптасқан экономиканың
параметрлерінің бірі болып мынау табылады: экспорт санының өсуінен
экономиканың маңызды мәні еш өзгермейді. Яғни, ол Қазақстанның шекарасынан
тек мұнай, хром сияқты ұлттық ресурстарды шығару емес, сондай-ақ
жұмысшыларды, жақсы кадрларды және тағы басқалары. Және шетелдік
инвестицияларда көбірек сыртқа шығарылуы үшін тартылады.
Сондықтан Қазақстанға дамыған нарықтық экономикасымен демократиялық
қоғамға жол жүру үшін энергетиканың қиын проблемаларын өз күшімен шешу
қажет. Сол кезде ғана экономикалық реформалардың жетістігі жалпы батыс
несиелерінің көлемінен ғана емес, сондай-ақ еліміздегі кез-келген
экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуының тиімділігіне, өз күшінің
маңыздылығына, мемлекеттің қаржылық және технологиялық мүмкіндіктеріне
байланысты.
Инвестиция мәселесi, оның экономиканың нақты секторындағы экономикалық
тиiмдiлiгiн жоғарлату туралы төмендегi ғалым-экономистердiң еңбектерiнде
қарастырылған: К.Маркстiң, Дж.М.Кейнстiң, Р.Холттың, П.Хавроненоның, Ван
Хорн Дж, Э.Хелферт, А.Маршалдың, Дж.Соросаның, П.Самуэльсонның,
Р.Гильфердинганың, Лу Цзиньюнаның, Л.Абалкиннiң, М.Агарковтың, Б.Алехиннiң,
А.Астахова, С.Жуковтың, Я.Квашидiң, В.Красовскидiң, А.Мартыновтың,
Д.Палтеровичтiң, Ю.Плышовскидiң, В.Т.Хачатуровтың, Ю.Яковтың және т.б.
Инвестициялық стратегияны анықтау және инвестициялық процестегi
басымдылықтарды таңдау сұрақтары, сондай-ақ жалпы инвестицияны пайдаланудың
тиiмдiлiгі, сонымен қатар экономиканың нақты секторындағы инвестицияны
пайдаланудың тиiмдiлiгі туралы сұрақтар қазақстандық ғалым-экономистердiң
зерттеулерiнде көрiнiс тапқан. Олар: А.Ашимбаев, Т.Ашимбаев, У.Баймұратов,
А.Есентугелов, М.Кенжегузин, А.Қошанов, К.Қажмұратов, Р.Қамшыбаев,
Н.Мамыров, Н.Нұрланова, А.Нұрсеитов, К.Окаев, М.Оспанов, Н.Сағадиев,
О.Сабденов, С.Сатубалдин, П.Посаченко және т.б. Сонымен қатар мынандай
жағдайды айта кеткен жөн, экономикадағы инвестицияның табиғатын әсiресе
нақты сектордың қазiргi түсiнуге қатысты бiрқатар теориялық және
тәжiрибелiк мәселелер, өндiрiстiк-техникалық дамуына инвестиция тарту, осы
сфераға шетел инвестицияларын тарту, нақты инвестициялық жобаларды
бағалаудың әдiстемелiк негiзiн жетiлдiру және оларды таңдау, бағалы
қағаздар арқылы инвестициялық процестi жанамалау, жобаның несиелеудi
ұйымдастыру және пайдалану әлi де қажеттi көрiнiске ие болған жоқ 7.
Бұл байланыстың ерекше маңыздысы ең алдымен шаруашылық субъектiлердiң
инвестициялық белсендiлiгiн қаржыландырудың iшкi көздерiн iздестiру және
оның өндiрiстi дамытуға қаражаттарды салудың рефлексивтi ынталандыруға
өтуi. Бұл өз кезегiнде экономиканың нақты секторына инвестицияны күшейтудiң
қажеттiлiгiн ұқыпты зерттеу мен ғылыми тұжырымдауды талап еттi. Өйткенi,
экономиканың нақты секторы экономиканың тұрақты өсуiнiң негiзi болып
табылады, сонымен қатар өндiрiстiң техникалық дамуының ерекшелiгi мен
тенденциясын зерттеу, тiкелей шетел инвестициясын тарту үшiн қолайлы климат
жасау мәселесiн қарастыру қажет, сондай-ақ кооперативтi бағалы қағаздар
рыногын дамыту жобаны несиелеудiң дамуы және оны қолдану механизмiн
жетiлдiру қажет. Экономиканың нақты секторына инвесторлардың қаражат
салуының тұрақты рефлексивтiлiгiн қамтамасыз етуге концептуалды әдiстерi
қазiргi уақытқа дейiн жасалмаған.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: оның маңыздылығы шетелдiк инвестицияны
экономиканың нақты секторына тарту мен ғылыми пайымдауда, сондықтан негiзгi
жағдайларды Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастарды жетiлдiру
бағдарламаларын айқындау мен оны тәжiрибе жүзiнде пайдалану мүмкiндiгiнде.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты
секторына тартудың теориялық және практикалық мәселелерiн зерттеу, сонымен
қатар алынған теориялық нұсқауларды iс жүзiнде жүзеге асыру болып табылады.
Зерттеу мiндеттерi:
1)Экономиканың нақты секторына шетелдiк инвестицияны тартудағы
артықшылығын айқындау;
2)Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ахуалды реттеу;
3)Шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн экономикадағы ұйымдық-
экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;
4)Қазақстан экономикасына шетел инвесторларын ынталандыру мен реттеудiң
мемлекеттiк жүйесiнiң бағытын айқындау;
5)Мұнай өндiру арқылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы көзқарасы
жағынан экономикадағы жағдайды талдау.
Зерттеу нәтижесiнде алынған қорытындылар мен ұсыныстар нақты мәселенi
одан әрi теориялық қарастыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасы алдында
тұрған өзектi мiндеттердi шешуге бағытталған қолданбалы сипаттамалы
еңбектерде қолдануға болады.

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі
процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін
анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты
жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың
құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті
жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші
субъектілер жүгізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі
болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен
байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине,
инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда “жинақшы”
мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де
бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан
жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-
теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция туралы көптеген
ұғымдар қалыптасты. Көптеген авторлар капитал салымы мен инвестиция
арасында айырмашылық жасамайды, ал кейбіреулер инвестиция ұғымын кез келген
құралдарды, олардың мақсаттық бағыттарына қарамастан салу деп түсінеді.
Инвестицияға нақты және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте
ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік салалар мен әртүрлі экономикалық
салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді.
Макроэкономикалық инвестициялар жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс
құралдарына кететін өзара байланысты шығын.
Сонымен “инвестиция” – бұл өндірістік теорияда және бүкіл
макроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады. Ал,
енді соңғысы, қаржылық теорияда “инвестиция” қазіргі кезеңдегі “шығын”,
болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді
сатып алу. Нақтырақ айтқанда, инвестициялар – бұл бүгінгі күндегі
анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы 3.
Экономикалық даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды жаңа ғылыми-
техникалық негізде құруға, әлемдік нарықта өз бәсекелестік бағытын құруға,
жоғарғы инвестициялық белсенділік өте қажет. Жаңа экономикалық құбылыс
болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдерінің” пайда
болуына, кең ауқымды жаңа ғылыми салаларының дамуы мен соған өтуі
инвестиция көлемінің осы елдерге көптеп тартылуына байланысты.
Инвестиция – бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып
табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Бірақ әлі
де ол экономикалық әдебиеттерде өзінің бірегей ұғымын тапқан жоқ.
Орталықтандырылған жоспарлы ауқымында “жалпы капиталдық салынымдар” деген
ұғым қолданылады, және оған негізгі қорларды қайта құруға, оны жөндеу
жұмыстарына кеткен шығындар кіреді.
Ең алдымен нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өнеркәсіптік
өндірістің және инвестицияны пайдаланудың тиімділігін қарастырмас бұрын,
біздің көзқарасымыз бойынша алдымен “инвестицияның” әлеуметті-экономикалық
мағынасын нақтылап түсініп алайық.
Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер
қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: “біз таза инвестициялау немесе
капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар,
өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б.) өсуін айтамыз” 4.
Аса танымал “Экономикс” шығарылымының авторлары инвестиция ұғымын
кең ауқымда түсінеді. Олардың анықтамаларында инвестиция – “өндірістік
шығындар мен өндірістік құралдарды жинақтау және материалдық қорлардың
көбеюі”, яғни бұл дегеніміз бүкіл өндірістің шығындары мен жинақтары 4.
Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады.
Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек
адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады.
Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі,
бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа
пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық
ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол
жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі 6.
Капитал құнының инвестициялық процеске өсуі туралы Кейнс қарастырады.
Оның анықтамасы бойынша инвестиция – бұл белгілі бір кезеңде капитал
мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға
пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
В.Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты
инвестицияны мазмұны бойынша “капитал салымы” және “қаржылық” инвестиция
түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей
меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы
қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі
байқалады.
Халықаралық заң шығарушылар инвестицияны өте кең саяси және шаруашылық
бітімгерлік тұрғысынан анықтайды, сонымен бірге инвестордың өзімен – оны
инвестициялау субъектілеріне еріксіз байланыстырады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестицияны анықтауда тек оның
мазмұнына ғана назар аудармай, оның мақсаттық бағытталуын да қарастыру
керек. Осы көзқарас бойынша инвестициялар, жалпы ұлттық өнімді өндіруге
жұмсалатын маңызды бөлікті және өндірісті жаңарту мен кеңейтуге кеткен
шығындарды құрайды, яғни ақшалай капиталдан бөлек жеке тұлғаның капиталының
кеңеюі мен капитал құрумен байланысты.
Тәжірибе жүзінде зерттеушілер инвестиция ұғымына әр түрлі түсініктер
енгізеді. Қоғамдық ұғымда инвестиция түсінігін кез келген құралды, жер,
қозғалмайтын мүліктер, акциялар, құрылысқа, техникаға салу, сатып алу деп
түсінеді.
Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп,
бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі
немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес нақты, әрі дәлірек анықтаманы Пол
Хейн берді: “жинақталған өндіріс пен табыстың шайқалуының басты себебі
болып Кейнс жүйесіндегі керекті инвестициялық шығындардың көлемінің
өзгеруіне байланысты. Инвестиция – яғни болашақта одан күтілген табыстарды
алу үшін, қандай да бір құндылықтарды сатып алу. Осыған байланысты
станоктар сатып алғанда фирмалар инвестиция жүргізеді”.
Осы заманғы көптеген экономистер, осы анықтаманы түсіндіре отырып,
құндылықтарды сатып алуда көптеген ұғымдарды ұйғарады. Түгелдей инвестиция
бойынша негізгі капиталға салымдардан бастап, энергия, материалдар,
шикізаттар сатып алуға кететін ағымдық шығындар да түсіндіріледі. Мысалы:
Журавлева Г.П. мен Малышева И.Ю. екеуінің есептеуінше: “инвестициялар бұл
– еңбек заттары мен еңбек құралдарын, материалдар, жаңа технологиялар
негізімен байланысты өндірістің жаңалануы мен кеңеюіне кететін шығындар”,
яғни бұл жерде негізгі және айналым қорларының салымы арасында айырмашылық
жасалмайды және сол уақытта адамдарға ҒТП-ға инвестиция саналмайды.
Қазақстандық экономистердің кейбіреулері де осы пікірді ұстануда, яғни
инвестициялық қызметтің негізгі объектісі ретінде айналым құралдарын
мойындайды және инвестицияның капитал салымының басты айырмашылығы оларды
негізгі капиталға сала отырып, айналым құралдарын толықтыру деп
түсіндіріледі.
Біздің ойымызша, кішкене анықтама былай болады: “Ағымдағы өндірістің
бір бөлігі негізгі капиталдың өсуіне пайдаланылса, онда бұл жағдайда
инвестиция орын алады. Инвестиция – бұл ақшалай құралдардың капиталды
қайта өндіруге жұмсалуы”.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып
табылады. сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша
көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу
үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясатты
жүзеге асыру керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу
мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жоқ.
Инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану мен
молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың
өнімдерін пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы
шарт.
Инвестиция ұғымы латын сөзі “investise” – “қаржы жұмсау” деген мағына
береді. Инвестиция дегеніміз – бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол
негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның
материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады.
Инвестиция негізінен екі формада болады:
1)тікелей;
2)портфелді.
Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда, т.б. шаруашылық салаларына
жұмсалатын күрделі қаржы. Портфелдік инвестициялар - шетелдік бағалы
қағаздарға жұмсалатын қаржы 2.
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталдың
құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен
байланысты. Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың
тұрмыс халiн жақсарту - инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан,
күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның
классикалық анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану
кезiнде оған жан-жакты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау
процесi инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық
емес құндылықтарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi 1-
кесте түрiнде бейнеленген. Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы
экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымын санатында құнды қағаздары және
басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ,
сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы
мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық
жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-
мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк
салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық
құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн
тигiздi.
Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық
салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес
құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық
ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық
ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған
орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған
инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың
қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы
болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан
қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен
сараланып бөлiнедi:
• жалпы және бүтiндей инвестициялар;
• негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция;
• iстен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция.
Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн
факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.

Кесте 1 – Инвестициялау процесiнiң сызбасы

Инвестиция Материалды Қаржылық Материалды емес активтерге
түрлерi активтерге активтерге
жұмсалған жұмсалған жұмсалған инвестициялар
инвестициялар инвестиция
Инвестициялау Негiзгi Акциялар, Патенттер, Бiлiм беру,
объектiлерi өндiрiстiк жәнемемлекеттiк лицензиялар,
өндiрiстiк емесжәне сауда денсаулық
қорлар корпоративтiк белгiлерi, сақтау,
облигациялар, ғылыми-техникалмәдениет
т.б. бағалы ық шаралары
қағаздар өнiмдер т.б. және т. 6.
Инвестицияны Экономиканың Қаржылық- Инновациялық Әлеумттiк
қолдану аясы нақты секторы банктiк орта орта орта
Инвестицияны ЖаңаІске МатеБос ақша Материалдық Бiлiм беру
қолданудағы матеаспайриалқаражат тарын активтердiң деңгейiн,
мақсат риалқалғадық инвестицияға ғылыми- денсаулық
дық н актиайналдыру техникалық сақтаудың
актиматервтер деңгейiн, сапасын
втериалдыдің сапасын және арттырып,
ді қ тиім бәсекелестiк қоршаған
ұлғаактивділі қабiлетiн ортаны
йту тердігін арттыру қорғау
ң артт т.б.
орныныру
толты
ру
Инвестиция- Материалдық байлық пен материалдық емес сипаттағы
лаудың қоғамдық құндылықтардың көлемiн ұлғайту
түпкiлiктi
мақсаты


Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi
(эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы
өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi
факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, мемлекеттің
саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық
тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге
бөлiп қарайды:
1)Өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзiмi бiр
жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайтын
инвестициялар заттай активтерге жұмсалған инвестициялар болып табылады..
2)Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды
және жеке тұлғалардьң құрылтайшылық қызметiне араласу негiзiнде, яғни,
үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы
ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.
3)Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл қандай да
бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне,
сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға
жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзiнiң пайдалану аясы
бойынша келесiдей жiктелiнедi:
• өндіріс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi
құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т.6. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс
шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
• өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi
тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
• таза өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа
тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге
бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;
• жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар
өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған
кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды 8.
Экономикалық түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа
кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың
экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде
бiзге танымалы мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар - инвестицияның ссудалық
қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей
және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей
инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк
инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға
тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын
бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар - бұл инвестициялық процеске
қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе
мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын
сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар
жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың
нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк
инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие болуын сипаттайды.
Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен
байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей
түрде бөлiп қарайды:
• Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет
есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк
сала болып табылады.
• Жеке меншiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен
айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен
тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және
жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық
инвестициялар деп те атайды.
• Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның
iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып
табылады.
Жалпы инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 1-сурет бойынша
жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады 7.
1 сурет – Инвестициялардың жіктемесі
Инвестицияларды анықтауда инвестициялардың тек мазмұндық сипатына ғана
көңіл бөліп ғана қоймай, сонымен бірге оның мақсатты бағыттылығын да ескеру
керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді өндіруге кеткен
бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа
еңбектің құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен
жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады, яғни ақша капиталдарынан
айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен және капитал құрумен
байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік
формасының ауысу процесінде және олардың осы мерзімдегі инвестициялық
қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада
инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі түрленулер тізбегін
көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы
атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзеге асыруға
бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке беталыспен келеді. Бұл
Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың
құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан
көрінуде.
Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды рөл атқарады және оның
мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі соңғы
жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар
мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.
Қазақстанда шетелдік иинестицияны тартуды мақсатты түрде басшылыққа
ала отырып, оның екі негізгі мүмкіншіліктерін ескеру керек:
1)Қазақстанның табиғат ресурстарына байлығы. Қазақстан территориясы
Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі стратегиялық маңызды жерде орналасқан
және Еуропа мен Азияның кең ауқымды рыногының байланысын жеңілдетуге
мүмкіндігі мол.
2)Қазақстанда оқымыстылар, техниктер, маманданған және жартылай
маманданған жұмысшыларды қосқанда адам ресурстарының жақсы білімді және
әртүрлі ұлт-ұлыстық резервінің (қорының) жеткіліктілігі. Бірақ та әрбір
айтылған факторлардың өз деңгейінде шектелулері бар, оны мойындай және
ескере білу керек:
• Қазақстан құрғақ құрлықта орналасқан және ыңғайлы, арзан, көлемді
мұхиттың сауда флотына жақын орналаспаған;
• Табиғат ресурсы өндірілген пайдалы қазбаны өңдеуге, тазалауға,
бөлшектеуге, тасымалдауға қосымша қажетті шығындарды да есептеу
қажет6.
Шетелдік инвестиция халық шаруашылығының барлық бөліктерінде қажет,
нақты айтқанда мұнай зерттеу мен өндіру, өңдеуге, металл өңдеуге және
телеқатынастың жердегі және әуедегі транспортқа дейін, тамақ өнеркәсібінде,
өнеркәсіп тауарларын өндіруде халық тұтынатын тауарларға және бөлшек
саудаға қажет. Шетелдік инвестицияны елдің қауіпсіздігіне тікелей
байланысты қару-жарақ өндіруге, есірткі заттар шығаруға және т.б. салаға
колдануға болмайды.
Шетелдік инвесторлар көмегімен, біздің ойымызша, мынадай міндеттерді
орындауға болады:
1)аймақтық жоғары бағаланған жаңадан табылған салалардың дамуын
ынталандырып қолдау (негізгі іс атқарғыш күштерді аймақ территориясына
орналастыру);
2)өндірістің бірқатар тұйықталған жүйесін құру (мүмкіндігінше дайын өнім
өндіру);
3)белгілі салалардағы ұлттық және шетелдік кәсіпорындарға
өзара тиімді бәсекеге түсуді қамтамасыз ету үшін қолайлы
арақатынасқа жағдай жасау.
Бұл міндеттердің орындалуы, жалпы басқа өте маңызды экономикалық
қиындықтарды шешуге әсер еткен болар еді:
1) жұмыспен толық қамтамасыз ету;
2) жоғарғы деңгейдегі капитал (күрделі қаржы) қайтарымына жету;
3) бұрын өндірісте өндірістік мақсатқа жарамайды деп
пайдаланылмаған жергілікті шикізат пен материалдарды, ресурстарды
шаруашылық айналысына игеру;
4) пайдалану шығындырын төмендету.
Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде
экономикалық басқа нысаналарымен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі
бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың
қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланға, ноу-хау, басқарудың алдыңғы
қатардағы әдістері, және маркетингті (өндірісті сұранысты қанағаттандыруға
бейімдеу) дамытуға қолайлы. Онымен бірге қарызды өтеуге қаржы жинақтау
керек.
Шетелдік қызметінің зор тиімділігін ынталандыра отырып, тәуекелінің
толық ақталуы жобаларының жетістікке жеткізу инвесторлардың өздеріне
жүктеледі. Қорытындысында өндіріс пен ғылыми-техникалық кооперацияның тығыз
байланысы қалыптасуының нәтижесінде тікелей шетелдік инвестиция ұлттық
экономика мен дүние жүзілік шаруашылықтың өте тиімді байланысуын қамтамасыз
етеді. Қазақстанда біріккен кәсіпорын ашу процесі өте тез жүріп жатыр
7.
Егер 2000 жылы республикада барлығы 491 біріккен кәсіпорын болса,
2001 жылы 736-ға жетті, ал бүгінде оның саны 13-ке өсіп біріккен
кәсіпорын 1 мыңнан асып отыр. Рыноктың қайта қалыптасу кезеңінде біздің
республикаға шетелдік капиталдың әкелінуінің өте көлемді және басты түрі
(әдісі), бұл мемлекеттік қауіпсіздендірумен (кепілдікпен) алынатын
экспорттық несие деп аталатын мемлекеттік емес несие. 2000 жыл мен 2003 жыл
аралығында республикаға әлемнің 17 елінен АҚШ-тың 9 млрд. доллары көлемінде
экспортты несие алынды. Соның ішінде ірі көлемде мына елдерден несие
алынған: Германия (1 млрд. доллар), Түрік мемлекеті (800 млн. доллар),
Австрия (458 млн. доллар) және Ұлыбритания (400 млн. доллар).
Шетелдік капиталдың құйылуын көбейту үшін біздің елімізде бірінші
кезекте жақсы дамыған инфрақұрылым және коммуникация (қатынас) қажет.
Сондықтан Республика Үкіметі Қазақстанның дамуына ресми көмек ретінде келіп
жатқан шетелдік капиталды қазіргі кезенде тарту мен тиімді пайдалануға көп
көңіл бөліп отыр 17. Бұның шеңберінде Қазақстан көптеген Халықаралық
қаржы ұйымдарымен қаржылық қарым-қатынасты дамытып отыр. Атап айтсақ,
МВФ,МБРР,АБР, ЕБРР,ИБР және көмекші елдер, Жапония, АҚШ, Германия,
Франция және басқа елдер үкіметтерімен байланыста.
Қазақстан Республикасы барлығы 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін 5,6
млрд. АҚШ долларымен қарыз қаржыларын МФЭО мен көмекші елдерден алған, оның
төрт млрд.тан астамы игерілген, ол дегеніміз 65 проценті құрайды.
Токиода өткізілген Қазақстанға көмекші елдер тобының түсінушілік
кездесуінде жарияланғанындай 1999-2001 жж. аралығында қаржы
міндеттемелеріне сәйкес республикаға 4,35 млрд. АҚШ доллары көлемінде несие
қаржысы берілді. Оның ішінде 140 млн. АҚШ доллары тікелей төлеусіз,
техникалық көмекке беріледі.
Республикаға өте қажетті ондаған жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Мысалы: Астанада ағылшындар 300 орындық аурухана салуды қолға алды.
Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми Орталығы балалардың денсаулығын қалпына
келтіру орталығына ЦБР-дің несиесі, ауылшаруашылығында жекешелендіру мен
реформаны қолдау және фермерлік шаруашылықты дамытуға МБРР жобасы, шағын
және орта бизнес кәсіпорындары үшін Германияның несие беру бағыты және
көптеген басқа жобалар.
Жан-жақты техникалық көмек жүйесінен мынаны атап көрсетсек, ТМД
елдеріне техникалық көмек бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Одақ (ЕО)
жобасы, ол экономикалық реформа процесіне қолдау көрсетуге бағытталған. Іс-
жүзінде қолданылып жатырған жалпы жобалар саны 49, олар жалпы саласы, 77,9
млн. АҚШ доллары.
Жалпы алғанда соңғы жылдарда Қазакстан экономикасына шетелдік
инвестицияның (соның ішінде тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы
несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тікелей
инвестиция - 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 проценті мұнай-газ кешеніне,
29,7 проценті металлургияға.
Болжап есептеуге қарағанда, жыл сайынғы Қазақстанның шетелдік
инвестицияны жалпы қажетсінуі 4-6 млрд. АҚШ доллары көлемінде. 2000
жылы шетелдік капиталды тарату 4,3 млрд.доллар деп болжанған, оның ішінде
тікелей инвестиция 7,1% және 24% несиелік 23.
Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді. Ішкі
рынокта біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар айналысының
16%-ын құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан экономикасының
шикізаттық салаларына бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібі және отын-
энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.
Тау-кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы
Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен
орнында ашылған алтын мышьякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма Минпрон-
Чилевич және НАК Алтын Алмас. Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн.
АҚШ доллары. Ол 30 жылға аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары
көлемінде таза табыс алынады деп күтілуде, оның 230 млн. доллары
мемлекетке беріледі, ал НАК "Алтын Алмас" үлесі сыбағасы 490 млн. АҚШ
доллары.
Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп табу мен
өндіруде қызмет атқарып жатыр. Оның қатарында белгілі Тенгиз және Королев
мұнай орындарын игеріп жатқан "Шеврон Оверсиз" (АҚІІІ) компаниясының
"Тенгиз Шевройл" біріккен кәсіпорны және Қазақстанның батыс облыстарында
мұнай орындарын зерттейтін және өндіретін Түрік ұлттық компаниясымен
біріккен кәсіпорын "Қазақтүрікмұнай". Одан басқа өз қызметтерін табыспен
жүргізіп жатқан біріккен кәсіпорындарға: Орикс (АҚШ) компаниясымен
Маңғыстау облысындағы Арман мұнай кен орнын игеріп жатқан біріккен
кәсіпорын "Арман", Канада фирмаларымен "Канадиен Оксидентал" және "Харикейн-
Хайдрокарбон" ашылған. Тұран Петромум Қызылорда облысындағы Қызыл-Қия,
Майбұлақ және Арыскұм кен орындарында, "Вега Ойл ГМБХ" германия
компаниясымен ашылған "Казгермұнайы Ақшабұлақ", Нуралы және Ақсай кен
орындарын игеріп жатыр 20 .
Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін
Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен
инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің
өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер
мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды.
Қазақстан мұнай-газ ресурстарына, өте мол мұнай-газ кен орны
Қарашығанақ туралы өнімді бөлу келісім шартына кол қойылып бекітілгеннен
кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге
болады. Қарашығанақ орнында "Бритиш Газ" ( Ұлыбритания) және "Аджип"
(Италия) альянсы және Каспий теңізі шельфінде барлау мен өндірумен
келісімге ниет білдіруші консорциум мүшелері ("Шел","Бритиш
Ретоулем","Статойл","Бритиш Газ", "Мобил", "Аджип" және "Тоталь").
Мемлекеттік меншікті "жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторлар
қатысуы туралы" бекітілген ережеге сәйкес республикада шетелдік инвесторлар
жекешелендіру процесінің барлық түрлеріне қатысуына болады. Нақты айтқанда
жекешелендіруге қатысатындары:
• өзінің жобаларымен;
• жалпы көпшілік жекешелендіруге;
• кіші жекешелендіруге.
Өндіріс бөлігіндегі қызметтің артуы (Қазақстан кәсіпорындарының
акциясын алу) шетелдік компаниялардың саясатында өнім өткізу рыногын қолға
алудағы жаңа бағытты (ағымды) көрсетеді.
Қазіргі уақытта "Филипп Моррис" компаниясына Алматы темекі
фабрикасының акциясы сатылған. Жобаның жалпы сомасы 302 млн.долл. болады.
Шымкенттің кондитерлік фабрикасын жекешелендіру туралы американың "Набиско"
компаниясымен келісім шартқа қол қойылған. Бұл жобаның жалпы сомасы 74,6
млн.долл.22.
Әлемдік экономикалық жүйенің интеграциясы (экономикалық одақтың
құрылуы) шетелдік инвестиция құқықтық жағдайын жасамау мүмкін емес, бұл
біркелкі салық және тарифтік белгіленген баға нарықтық көрсеткіш жүйесі
шетелдік серіктердің талабына, қажеттілігіне сәйкес келетін және ұлттық
мүддені қорғауды қамтамасыз ететін, шетелдік инвестицияны республика
экономикасына тарту болашақ мақсатқа жақсы үйлестіріп нақты
белгілеусіз орындалмайды 21.
Қазіргі кезде ҚР-да шетелдік инвестицияның қызметтері және сыртқы
экономикалық байланысты 30-ға жуық заңдар мен заң күшіндегі актілермен
реттелуде. Ең бір басты инвестициялық климаттың қалыптасуына керектісі
"Шетелдік инвестиция туралы" заң. Бұл заң бұрынғы КСРО-да Қазақстан
Республикасында алғашқы болып қабылданды және бұнда біріккен кәсіпорын
қызметтері мен құрудың жағдай шаралары анықталып, оның кепілдігі, салық
салу тәртібі мен келіспеушілікті шешу бірінші редакциясында қабылданған.
Бұл заңды қабылдағанына 5 жыл өтті. Осы кезеңде Қазақстан алғашқы
қадамынан бастап шетелдік капиталды тартуда біртіндеп үлкен көлемде
жүргізіліп келеді. Осы заң шетелдік инвестицияны тартуға, тікелей
инвестицияға ыңғайлы және жеңілдік жасауымен қатар өте жайлы жағдай жасауда
басты орын алды және өз уақытындағы басты, үлгілі болып саналады.
Еліміздің инвестициялық климатын бағалаудың басты бір жағы оның
заңдарды талдау болып саналады. Экономикалық реформаның даму дәрежесіне
сәйкес оның зандық қоймасы одан әрі жетілдіріліп тұруы қажет.
Республика Президентінің заң шығару жоспарында ынта көрсетуіне сәйкес
1994 жылы "Шетелдік инвестиция туралы" заң жобасы жасалды, ол 1994 жылы
желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қабылданды 10.
Бұл заңның жаңа редакциясы шетелдік инвесторлар қызметтеріне
мүмкіндігінше ыңғайлы жағдай жасады, шетел инвестициясы түсінігін кеңейтіп,
республикадағы қызметтеріне мүмкіндіктер жасаумен қатар кең көлемде
кепілдіктер жасау мақсатын көздейді.
Заңның жаңа редакциясында инвестиция түсінігі кең ұғымдағы сөз ретінде
қарала отырып, оған мүліктік бағалықтардың (құндылықтардың) бар түрлері мен
оған деген құқықтарды, шетелдік инвесторлар үшін ұлттық тәртіпті тарату
саясаты жалғасын табады, халықаралық арбитраж туралы қаралған. Жарлықтың
қорға және оның СКВ арқылы қалыптасуына және т.б. шектеу жойылды.
Заң бойынша кез-келген шетелдік инвестиция түрлері және соған
байланысты қызметтер ұлттық инвесторларға – жасаған жағдайлардан кем
түспейді.
Бұл ережеден шетелдік инвесторларға тиімді ерекшеліктері халықаралық
шарттарға сәйкес үстемдік (жеңілдік), сонымен қатар шетел инвестициясы
жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі және ол арнаулы заңмен реттеліп
отырылады. Бұнан басқа шетел инвестициясы экономиканың жаңадан ашылған
бөлігінде қосымша жеңілдіктер жасалуы мүмкін 23.
Заң шетел инвестициясына әртүрлі кепілдіктер береді, олар нақты
айтқанда ұлттықтандыру (мемлекет меншігіне айналдыру) мен еріксіз тартып
алу, мемлекеттік мекемелер мен билік иесінің заңсыз әрекеттерінен кепілдік,
саяси жағдайдың өзгерісінен кепілдік және т.б. кепілдіктер.
Сонымен шетел инвестициясы мемлекет иелігіне және еріксіз шартын алу
тек қоғамдық мүддеге байланысты болмаса, басқа барлық жағдайда болмайды
(жүзеге асырылмайды). Егер мұндай жағдай болып қалғанда шетел инвестициясын
тез арада тепе-тең және тиімді дәрежеде олардың шығынын өтеп беру
орындалады.
Шетелдік инвесторлар инвестиция жұмысы басталғаннан 10 жыл бойына Заң
өзгерістерінен кепілдік беріледі. Мемлекет кез-келген жағдайға байланысты,
соның ішінде соғыс жағдайы, үкімет ауысуы немесе мемлекеттік құрылымның
өзгеруінде халықаралық қазы шешіміне бағынып, инвестор алдындағы барлық
мүліктік, заттың міндеттемелерін орындайды.
"Шетелдік инвестиция туралы" (7.12.99) бұрынғы заңда шетел
инвесторларына белгілі бір жағдайда "Салықтық каникулдер" берілген болатын
- бұл инвестиция іске асқаннан кейінгі алғашқы бес жылда табысқа салынатын
салықтан босату және осы салықты кейінгі бес жылда 50 % төмендету. Алайда
жаңа занда (20.01.03) "Салықтық каникулдер" қарастырылмаған, өйткені
көптеген елдердің, соның ішінде АҚШ-тың салық заңында трансұлттық
компаниялар үшін салықты елдегі кірістен, пайдадан алынған төлем тең
көлемде азайту қарастырылған.
Қазір көптеген елдер арасында қосарлы салықты болдырмау туралы үкімет
аралық келісімдерге қол қойылды. Солай болса да іс жүзінде жаңа заңға
сәйкес экономиканың нақты секторында Қазақстан үшін алынған инвестициялар
үшін салықтың жеңілдіктерін шетел инвесторларына Парламент немесе Президент
бере алады 9 .
Қазақстан аумағында шетелдік инвестиция ұлттық инвесторлар үшін барлық
рұқсат етілген ұйымдық құқықтық нысанда шетел инвесторының толығымен
тиесілі біріккен кәсіпорында, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың
бөлімшелері мен өкілдіктерін құру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда осы кәсіпорындарды тіркеу республика занды тұлғалары үшін
белгіленген жалпы ереже бойынша жүргізіледі.
Республика жүргізілген мемлекет иелігінен айыру саясаты жаңа "Шетел
инвесторлары туралы" заңда толық ашылған. Шетел инвестициясы мемлекеттік
кәсіпорындарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жекешелендіруге қатыса
алады. Шетел инвестициясына, шетелдік қатысатын кәсіпорынға мүлікті жалға
беруші жалға беру шарты бойынша жүргізіледі.
Шетел инвестициясына қосымша кепілдікті заңдық қорғаумен қатар үкімет
аралық екі жақты шетел инвестициясын ынталандыру және өзара қорғау туралы
келісімдер жасалады. Қазақстан үкіметі Егемендік алған уақытта 18 елмен
осындай шарт жасады. Бұл: АҚШ, Англия, Египет, Түркия, Франция, Швейцария
және басқалар. Қазіргі уақытта 20 елмен келісім жобалары талқылану үстінде
24.
Біздің ойымызша заңда, Республика экономикасына инвестициялардың
тартылуына белгілі бір деңгейде ықпал ететін кедергілер бар. Бұл:
1)Заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтың жоғарылығы;
2)Елдегі еркін экономикалық аймақ санының жеткіліксіздігі;
3)Төлем мәселесі - шетел валютасына қол жеткізу қиындығы;
4)Үнемі өзгеретін және дәйексіз заңдар;
5)Заңдық базаның жалпы тұрақсыздығы.
6)"Кепілдік туралы" заңның икемсіздігі, әсіресе шетел несиесіне арналған
кепіл ретінде қозғалмайтын мүлікті пайдалануға қатысты бөлім;
7)Жеке меншіктің бүкіл институтының негізі болатын жер үшін жеке
меншіктің жоқтығы;
8)Дамымаған қаржы секторы, шетелдік жобалар үшін қаржының жоқтығы,
кепілдік алу қиындығы;
9)Экологиялық нормаларды сақтауда кәсіпорынның жауапкершілігі туралы
мәселеде нақты саясаттың болмауы;
10)Жетілмеген банк туралы заңдар және өте тұрпайы банк жүйесі;
11)Қазақстан мен сыртқы дүние арасындағы әуе желісінің жеткіліксіздігі;
12)Сыртқы рынокқа Қазақстаннан құрлық бойынша тауар тасымалдауға
арналған жермен тасымалдау жүйесінің икемсіздігі (“Мұнай және газ” құбырын
қоса алғанда).
Шетел инвесторын тарту саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы
жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану
негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін
қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы
оң сипаттай отыра негізгі кредитор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн.
Келісімшарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды.
Берілген несиелік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін
ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.
Бұдан басқа нашар дамыған елдерге шетел капиталының жұмсалуы, әдетте,
онша жақсы нәтиже бермейді, кейбір жағдайда жағымсыз салдарға алып келеді.
Мысалы, нашар дамыған елдерде қонақ үймен құрылыс кешендерін салуда елдің
ұтатын, бірақ артықшылығы салынған қонақ үйінде тұрғындардың белгілі бір
бөлігі жұмысқа орналасады, алайда бұл адамдар ең ауыр және қолайсыз
жұмыстарды істейді, ал қомақты жұмыс орындарында әрдайым шетелдіктер
істейді. Сондықтан, бүкіл жалақының мардымсыз бөлігі ғана елде қалады.
Сонымен катар қонақ үйін салуда барлық қажетті құрылыс материалын ғана
емес, сондай-ақ жиһаз, тіпті шетелдік туристерді тамактандыру үшін қажетті
азық-түліктерде сырттан әкелінеді, ал бүкіл пайда шетелге аударылады.
Біріккен кәсіпорын құру кезінде койылған мақсаттардың бірі Қазақстан
кәсіпорнының жаңа технологияны, "Ноу-Хауды" алу, саланың жалпы техникалық
деңгейін көтеру болатын, алайда жүре келе бұл мақсат ұмтылады, мысалы,
негізгі міндет ретінде тек мұнай өндіру қалады. Қазіргі уақытта бірде бір
бірлескен кәсіпорын кен орындарын терең зерттеу, мұнай қайтарымының ең
жоғарғы коэффициентінің және өндірілген өнімді толық пайдалануды қамтамасыз
ететін технологиялық сызбаларды әзірлеу туралы жұмыстарды орындамайды. Жер
қойнауы саласында Біріккен кәсіпорындарды құруда қазақстандық қатысушылар
тәжірибесіздігінен осы біріккен кәсіпорын қызметін қиындататын, ал кейбір
жағдайда тоқтауына алып келетін кемшіліктерге жол берді 25.
Басты кемшілік тіркеу (құрылтайшылық) мәселелерді ақырында көптеген
құрылтайлық құжаттарды қамтитын құрылтайшылар құзіретіне кірмейтін салық
салу және басқа экономикалық көрсеткіштер мазмұндау болып табылады.
Біріккен кәсіпорын қызметін талдау құзіретті орган мен бөлек біріккен
кәсіпорын арасында үлгілік (модельдік) келісім шарт әзірлеу қажеттігін анық
көрсетті, онда барлық салықтың және тараптардың басқа қаржылық
міндеттемелері мазмұндалатын болды.
Қазіргі уақытта экономика министрлігі газ және мұнай министрлігімен
бірге осы жоба бойынша жұмыс істеуде.
Сондықтан, инвестиция саясатын жүзеге асыруда ұлттық мүддені жан- жақты
ескеру қажет. Мұндай мүдделерді іске асыруда бірінші кезекте республика
экономикасына тартылған капитал көлемі ықпал етуі мүмкін. Олардың жиынтық
саны ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін белгілі көлемнен аспауы тиіс.
Қазақстан эконкомикасына шетел инвестициясын тартуды ынталандыру мақсатына
шетел инвесторлары үшін түсінікті ұзақ мерзімді саясатқа негізделген жаңа
іскерлік, ахуалдық жасау қаупіне Республика Үкіметі үлкен күш жігер
жұмсауда. 1999 жылы Президенттің заң күші бар мынадай жарлықтары
қабылданды:
1)"Шетел инвесторлары туралы" ( 30.03.99);
2)"Банкрот туралы" ( 07.04.99);
3)"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" (17.04.99);
4)"Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы"(30.03.99);
5)"Лицензиялау туралы" (17.04.99);
6)"Шаруашылық серіктестіктер туралы" (02.05.99);
7)"Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы"(24.04.99).
Қазақстан кешенінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың қажеттілігі және ерекшеліктері
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне Қазақтүрікмұнай ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Тауарөндірушілердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестері
Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Пәндер