Ғылыми басқару мектебі



І. Ғылыми басқару мектебі
ІІ. Генри Форд
ІІІ. Биографиясы
1. Дөңгелекке байланған арман
2. Ford Motor Company
3. Конвейер
4. Әлемдi таң қалдырған 5 доллар
5. Жеңістікке жету және құлау
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Мектептің көрнекті өкілдері – Фредерик Тейлор, Фрек және Лилия Гилберт. Классикалық мектептің негізін қалаушы болып Федерик Уинслоу Тейлор саналады. Тейлорға дейін еңбек өнімділігін жоғарылату қозғаушысы «пәндік» принцип болды – қанша жасасаң, сонша аласың. Дегенмен бұл амал ХІХ ғасырдың басында өзінің қызметін жойды. Өнеркәсіптің дамуымен қоса басқару осындай қарапайым негіздеме алмады. Тейлор еңбекті жеке жұмысшының өз талқылауы алмастыратын көптеген заңдар мен формулаларды, ережелерді шығаратын және статистикалық есеп, өлшеу, олардың қозғалысы арқылы тиімді пайдаланатын еңбекті ұйымдастыруды ойлады. Тейлордың пікірін орындаушы өндіріс процесін толығымен игеруге қозғалыс. Осылайша әсіресе, ол үнемі өзгеріп тұратын қозғалыс. Осылайша ғасырдың басында басқарушының рөлі орындаушы не істейді, қалай істейді, қандай көлемде істеу көректегі туралы шешумен негізделді.
Тейлор орындаушының жұмысын құрамды бөліктерге бөлді. Бөлік қозғалыстарды хронометрлеп, ал жұмыс күндерін секундтармен белгіледі. Алайда, Хронометраж жұмыстың өзін ұтымды жасау нәтижесінде барлық мүмкіндіктерді нақты анықтауға әкелді деп санауға болмайды және кей жағдайларда еңбек пен демалыс кезектілігін кіргізу керек.
Мысалы, Ф.Тейлор ұсынған әдісті қолдана отырып жұмыс күйінде 12,5 тонна жүкті тасымалдайтын жоғары маманды жүк тиеуші 47 тонна салмағы бар жүкті тасымалдады. Хронометраж көрсеткендей ол әр жұмыс уақытының 26 минутында жұмыс істеген, ал 34 минут дем алған, яғни шаршауға мүмкіндік бермеген десе де болады, жұмыс күннің жартысынан артық уақыт тыныққан.
Осылайша, Тейлор тәжірибеде жұмысшының өз жұмыс күнін ұзақ уақытта ұтымды жіберуін анықтап, жұмыстың белгілі бір көлемін тапты.
Тейлордың теоретикалық жұмыстарын ережелерге сәйкес, неміс әлеуметтанушы Макс Вебер талдаған, негіздеген қатаң тәртіп жұмыстың неғұрлым тиімді әдісі болып табылатындығын негіздеді.
Бөлек құрамды элементтерге жіктелген жұмыс – қатаң регламентация мен бақылауға негізделген Тейлор – Вебердің теориясына негізделген қозғалыстар болу керек.
Классикалық мектеп үшін арнайы сағаттар – микрохронометр және кинокамера арқылы Френк және Лилия Гилберт зерттеулері бір үлгідегі болып табылады және ол сағаттар еңбекті ұйымдастыру 17 қол сағаттарының элементарлы қозғалыстарына негізделгендігін сипаттады.
1. Саак А.Э., Пшеничных Ю.А. – «Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме»;

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Ғылыми басқару мектебі
ІІ. Генри Форд
ІІІ. Биографиясы
1. Дөңгелекке байланған арман
2. Ford Motor Company
3. Конвейер
4. Әлемдi таң қалдырған 5 доллар
5. Жеңістікке жету және құлау
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

    Ғылыми басқару мектебі, 1885-1920

      Мектептің көрнекті өкілдері – Фредерик Тейлор, Фрек және Лилия
Гилберт. Классикалық мектептің негізін қалаушы болып Федерик Уинслоу Тейлор
саналады. Тейлорға дейін еңбек өнімділігін жоғарылату қозғаушысы пәндік
принцип болды – қанша жасасаң, сонша аласың. Дегенмен бұл амал ХІХ ғасырдың
басында өзінің қызметін жойды. Өнеркәсіптің дамуымен қоса басқару осындай
қарапайым негіздеме алмады. Тейлор еңбекті жеке жұмысшының өз талқылауы
алмастыратын көптеген заңдар мен формулаларды, ережелерді шығаратын және
статистикалық есеп, өлшеу, олардың қозғалысы арқылы тиімді пайдаланатын
еңбекті ұйымдастыруды ойлады. Тейлордың пікірін орындаушы өндіріс процесін
толығымен игеруге қозғалыс. Осылайша әсіресе, ол үнемі өзгеріп тұратын
қозғалыс. Осылайша ғасырдың басында басқарушының рөлі орындаушы не істейді,
қалай істейді, қандай көлемде істеу көректегі туралы шешумен негізделді.
      Тейлор  орындаушының жұмысын құрамды бөліктерге бөлді.
Бөлік қозғалыстарды хронометрлеп, ал жұмыс күндерін секундтармен белгіледі.
Алайда, Хронометраж жұмыстың өзін ұтымды жасау нәтижесінде барлық
мүмкіндіктерді нақты анықтауға әкелді деп санауға болмайды және кей
жағдайларда еңбек пен демалыс кезектілігін кіргізу керек.
      Мысалы, Ф.Тейлор ұсынған әдісті қолдана  отырып жұмыс күйінде 12,5
тонна жүкті тасымалдайтын жоғары маманды жүк тиеуші  47 тонна салмағы бар
жүкті тасымалдады. Хронометраж көрсеткендей ол әр жұмыс уақытының 26
минутында жұмыс істеген, ал 34 минут дем алған, яғни шаршауға мүмкіндік
бермеген десе де болады, жұмыс күннің жартысынан артық уақыт тыныққан.
Осылайша, Тейлор тәжірибеде жұмысшының өз жұмыс  күнін ұзақ
уақытта ұтымды жіберуін анықтап, жұмыстың белгілі бір көлемін  тапты.
      Тейлордың теоретикалық жұмыстарын ережелерге сәйкес,
неміс әлеуметтанушы Макс Вебер  талдаған, негіздеген қатаң тәртіп жұмыстың
неғұрлым тиімді әдісі болып табылатындығын негіздеді.
      Бөлек құрамды элементтерге жіктелген  жұмыс – қатаң регламентация 
мен бақылауға негізделген Тейлор – Вебердің теориясына негізделген
қозғалыстар болу керек.
      Классикалық мектеп үшін арнайы сағаттар – микрохронометр және
кинокамера арқылы Френк және Лилия Гилберт зерттеулері бір үлгідегі болып
табылады және ол сағаттар еңбекті ұйымдастыру 17 қол сағаттарының
элементарлы қозғалыстарына негізделгендігін сипаттады.
      Вебердің ойынша, қызмет жасап тұрған ұйымды құрамды бөліктерге бөлу
мүмкін және оның әрбіреуінің жұмысын нөмерлеу де мүмкін. Еңбекті бұлай бөлу
қызметшілерді мамандырады және ұйымды желілік белгі бойынша құрайды, демек
әр орындаушы өз қозғалысы үшін тек қана жоғарғы басшы алдында жауапты
болады. Сонымен қатар, бюрократиялық жүйелерді құру бойынша басқа да ойлар
негізделді және ұсынылды. Ол басқарушылардың көлемі мен функцияларын
реттеуге болады деп болжады.
      Вебер бұл құрылымының негізінде қандай жарылыс күші жатқандығын
сезбеген де. Бюрократиялық жүйенің ерекшелігі бар, қызметшілердің көмегі
мен жұмыстың көлемі бір-бірімен байланысты емес.
      Бұл  қорытындыны анықтауға байланысты жұмыстар
Паркинсон заңының авторының  атымен аталған елеулі жорамалды  растады.
Паркинсонмен анықталған статистикалық мәліметтер өте пайдалы.

Бұл мектептің басты негіздері:

- Ғылыми менеджменттің  әдістемесінің алғашқы фразасы жұмыстың мазмұнын
талдау және оның негізгі компонентерін анықтау болды;

- Жұмыс операциялары оның неғұрлым тиімді орындалуына жетуге байланысты
өзгеріп отырды;

- Бұл операцияларды шығару нормалары құрылды;

- Жұмысшылардың өнімділігінің молаюы мен өндірістің көлемінің өсуіне
қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында қолданылды;

- Жұмысшыларды оқытуға көп мән берілді;

- Басқару функцияларының жұмыстың нақты орындалуынан жоспарлаудан болуы;

Басқару бойынша жұмыс бұл белгілі  бір мамандық, бірақ өндірісті 
басқару жағынан қарастырылады.

Г е н р и Ф о р д
Henry Ford

Henry Ford, c. 1919
Дүниеге келгені: 1863 ж. шілденің 30 (149 жас)
Greenfield Township, Dearborn, Michigan, U.S.
Қайтыс болғаны: 1947 ж. сәуірдің 7 (83 жаста)
Fair Lane, Dearborn, Michigan, U.S.
Мансабы: Business, Engineering
Net worth $188.1 billion, based on information
from Forbes –Ақпан 2008.
Дiнi: Protestant Episcopal
Жұбайы: Clara Jane Bryant
Балалары Edsel Ford
Ата-аналары William Ford and Mary Ford
Қолы:

Ынта болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ...
Генри Форд
Генри Форд (ағылш. Henry Ford; 30 шілде 1863 жыл — 7 сәуір 1947 жыл) –
бірегей тұлға, бұл машина құрылысында революция жасаған – шын мәнінде
жеке автомобильді ойлап тапқан адам.
Форд – десек, автомобильді меңзейміз, автомобиль – десек, Фордты
меңзейміз. Өткен ғасырдың 20-жылдары қарапайым американдықтар ХХ ғасырдың
ең үздік бизнесмендерінің бірінің еңбегін мойындап, осы- лай деп айтушы
еді. Генри Форд табысының тарихы – бұл тар жол тайғақ кешуден өткен
ирландық текті ауыл баласының заманауи капитализмнің негізін қалаушысына
айналу жолы.

Биографиясы
Генри Форд 1863 жылы жаңа технология сәулесін енді шашып келе жатқан
заманда дүниеге  келді. Қарабайыр  ауылда ержеткен Фордты  автокөлік
ханзадасы болар деп ешкім болжамаса  керек. Үйде жаңа оятқыш немесе
 ойыншық пайда болса болды, кiшкентай Генри оның іші-  сыртын  түгел
ақтарып, зерттеп тастамайынша тыным  таппайтын. Қолына түскен заттарды
бұзып, қайта  құрастыра жүріп, Генри шiркеу  мектебiнде сегіз жыл оқыған.
 Алайда, мұғалiмдердің кәсіби  біліктілігі төмен болғандықтан, Форд өз
өмiрiнiң ақырына дейiн сауаттылықты  үйренбеген. Ол он  алты жасқа толғанда
Детройт қаласына көшеді. Генри қызметтік жолын кішкентай сатыдан  бастады:
алдымен механик, сосын  сағатшының көмекшiсi, одан кейін Томас Эдисонның
 Edison  Illuminating  компаниясында инженер болып жұмыс істеді.
Генри Форд алты ағайынды болды. Отбасы өмірі бірсарынды өтуші еді: ата-
анасымен бірге балалар үй шаруасын жасады, фермада жұмыс жасады, шошқа
бағып, таң атқаннан кеш батқанша егісте ерінбей еңбек етті. Генри әкесінің
фермасында мықты шаруа адамы бола ала- тын еді, бірақ мұны тағдыр жазбапты.
Оны құрылғылар мен механизмдер әсері әлдеқайда көп қызықтыратын. Ұл бала
үнемі бірдеңені бұрап, құрастырып, үйде кездесетін, қарапайым аспаптар
құрылғысын зерттейтін, ағалары мен апаларының механикалық ойыншықтарын
бөлшектеуші еді. Фордтардың отбасылық аңыздары бойынша үйде жаңа ойыншық
пайда болса, балалар оны болашақ авто конструктордан Тек ойыншықты Генриге
бермеңдер! деген айқаймен жасырушы еді.
Жас форд 12 жасқа толғанда әкесі ұлына қалта сағатын сыйлады. Ал ол
шыдамай, сол сәтте механизмін көру үшін оны ашып қарады. Сағаттың тісті
доңғалағының құрылғысын жылдам түсініп, ол аймақтағы сағаттарды жөндей
бастады, сонымен қоса көрші-фермерлерлердің кофе ұсатқыштарын,
молотилкаларын және басқа да механикалық аспаптарын жөндеп беруші еді.
Осылайша Генри өзінің алғашқы ақшасын тапты.
Шамамен сол жасында ол оның келешек өміріне тікелей әсер еткен алғашқы
техникалық толқынысын басы- нан кешірді. Қаладан фермаға ат арбамен
қайтып келе жатқанда аттарды үркітіп, дәл жанынан ысылдаған үлкен өздігінен
бумен жүретін машина – локомобиль ызғытып өтті. Сол күні жас Генри Форд өз
өмірін механикаға арнайтынына өзі өзіне ант берді.
1879 жылы Форд 16 жасқа толғанда, ешкімге бір сөз айтпастан тағдырын сынау
үшін Детройтқа жол тарт- ты. Алдымен ол ағайынды Флауэрлердің кеме салу
зауы- тына көмекші шебер болып орналасты, ал түнде сағат жөндеушінің
көмекшісі болып, қосымша ақша табатын. Өмір ауырлап кетті, ақша тамаққа
әзер жетуші еді, бірақ Генри мұнда бағасыз сабақ алды. Бірде зауыт инженері
жас жігіттің аса ауыр арбаны әзер тартып келе жатқанын көріп: аяқтарыңның
саусақтарына тіреліп тырмыс, сонда бәрі де жақсы болады деп айқайлады.
Форд үлкен жолдасының оған кездейсоқ аяқ астында айтқан сөзін өмір бойы
есінде сақтап қалды. Соңынан, ол Американың ірі авто өнеркәсіпшісі
болғанда, ол бұл сөзді өзінің инженерлік зертханасының қабырғасына ойып
жазады.

Форд құрастыру нысаны, 1913
Фордтың әкесінің фермасын тастап, өз өмірін механи- калық аспаптарды
зерттеуге бағыштаудың алғашқы қадамы сәтсіз аяқталды. Вестингауз
фирмасының локомобильдерінде механик болып жұмыс істеп, вело- сипед
дөңгелектеріндегі алғашқы арбаны құрастырып, жас жігіт тыныш ауыл өмірімен
бірге оған 40 акр жер ұсынған әкесінің кеңесіне мойынсынып, фермаға қайта
оралады.
Енді оның арманы ешқашан орындалмастай болып көрінді. Алайда Форд дегенінен
қайтса, Форд болмаушы еді. Фермаға оралған соң, әкесі өтінсе де, ол
машиналар туралы ұмыта алмады. Болашақ авто конструкторға көмек сұрап көрші-
фермер келеді, ол ауыл шаруашылық астық басатын машинка сатып алған
болатын. Ол шайтан арбасынан өлгенше қорқатын, және оған қай жағынан
жақындау қажет екенін де білмейтін. Генри оған көмектесіп, астық басатын
машинаны көршінің егісіне жұмыс жасауға шығарды. Сол кезде Форд аймақтағы
техника тілін білетін бірден бір адам болды. Ол оған қомақты ақша төлейтін
басқа фермаларда жұмыс жасай бастады.
Бірде қаптама зауыты орналасқан, көршілес фермада Генри үнсіз Оттоны –
бумен емес, бензинмен жүретін машинаны көрді. Егер осы механизмді
дөңгелектер мен рөлмен жарақтаса, ол өмір бойы армандаған – автомо- биль
жасалатынын бірден түсінді.
Детройтта Форд Эдисонның жергілікті электр компаниясына инженер қызметіне
кірді. Түнде ол өз үйінің жанындағы кішігірім сарайда жоғалатын, мұнда ол
өзінің болашақ автомобилінің қозғағышын құрастырушы еді. 1893 жылы Форд
түні бойы көз майын тауысқан, өзінің бірінші моторын құрастырды. Генри өзін
бақытты сезінді. Ол моторды арбаға орнатты – осылайша Де- тройтта бірінші
автомобиль пайда болды. Жұртшылық оған қоғамдық апат ретінде қарады,
себебі ол көп шу шығарып, аттарды үркітетін еді, – деп келтіреді Форд сөзін
Вокруг Света журналы – Мен қалада тоқтағанда үнемі менің арбамның жанында
бір топ халық жинала- тын еді. Егер мен оны бір минутқа қалдырсам, оны
айдап көргісі келетін, бір қызық құмар адам табылатын еді. Соңынан мен
өзіммен бірге шынжыр алып жүретінмін, егер арбамды бір жерде қалдырсам, оны
шам бағанасына бекітіп кететін болдым.
Эдисонның электр компаниясының қызметінде Генриге басқарушы қызметті
ұсынды, алайда Форд егер өз арманын жүзеге асырғысы келсе, оған басқаларға
жұмыс істеуді доғарып, өз бетімен жұмыс жасау қажет екенін сезді. Жас
бизнесмен қызметтен кетіп, оның жеке кәсіпорынына қаржы сала алатын
компаньондарды іздей бастады. Бірінші жоба сәтсіз болды. Генри құрған
Детройт Ав- томобайл Компани фирмасы алысқа барған жоқ – ав-
томобильдерге сұраныс болған жоқ. Фордтың өздігінен жүретін экипажынан
адамдар қорқатын еді.

Генри ұзақ уақыт оның жобасына ақша салуға келісетін одақтастар таба
алмады, барлығы бас тартты. 1903 жылы ғана ол аңызға айналған Форд ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
: Басқару психологиясының даму тарихы
Менеджменттің басқару мектептері
Басқару ой-пікірінің эволюциясын танытатын менеджменттің шетелдік мектептері
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Менеджменттің мектептері
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Басқарудың ғылыми мектебі
Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері
Ғылымды басқару мектебі
Менеджменттің бастапқы теориялары
Пәндер