Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 3
1. ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҮЛЕСІ
1. 1 Туристік рекреациялық ресурстар 5
1. 2 Қазақстан Республикасындағы негізгі танымдық жерлер мен туристік экскурциялық орталықтар 7
1. 3 Қазақстанның шипа жайларының сауықтандыру және емдеу саласындағы
туризмнің үлесі 13
1. 4 Орталық Қазақстан территориясындағы рекреациялық аймақтарды
жетілдіру 17
2. ҚАРҚАРАЛЫ ТАУЛЫ─ ОРМАНДЫ ОАЗИСІНДЕ ТУРИЗДІ ДАМЫТУДЫҢ ТАБИҒИ МҮМКІНДІКТЕРІ
2. 1 Қарқаралы тауларында туризмді дамытудың табиғи мүмкіндіктері 22
2. 2 Қарқаралы тауларында туризмді дамытудың тарихи мүмкіндіктері 26
2. 3 Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеу- сауықтыру орындарының сипаттамасы 32
3. ҚАРҚАРАЛЫ ТАУЛАРЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ МЕН ОНЫ ҚЫЗМЕТТЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Қарқаралы тауларының туристік рекреациялық ресурстары 39
3. 2 Қарқаралы табиғатының туризмдегі бағалануы 47
3. 3 Қарқаралыны туристік орталыққа айналдыру ісінің келешегі 53
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
ҚОСЫМША 69
КІРІСПЕ
“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық- бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті орган-дардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау- Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Қоғамның өндірістік идентификациясы ең алдымен адамның психофи-зикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді [23] .
Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу.
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты.
Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа санаториялар, демалыс үйлер, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Солардың бірі біздің дипломдық жұмыстың өзегіне арқау болатын Қарқаралы таулы аймағы.
Осы зерттеуде Қарқаралы тауларының туристік қызметте қолданылу мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстары, оның шаруашылығының туризм мен қоршаған орта сферасындағы қарым - қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі қоғамның даму этаптарының ерекшеліктерінің бірі болып қоршаған ортаның ластануының техногендік факторының өсуі болып табылады. Бұл қауіпті жағдайларда алдымен табиғи туристік ресурстардың дағдарысына әкеледі. Туризм өзінің басты ресурсы - табиғи ортаның үнемі сақталып және жақсарып отыруын қалайды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы ең тартымды рекреациялық ресурстар Қарқаралы ауданы территориясында шоғырланған.
Туризмнің жеке түрлерінің дамуына Ақтоғай, Ұлытау, Шет аудандары қолайлы. Аласа таулы және ұсақ шоқылы ландшафттар, өзен, көл, су қоймалардың бар болуы, қалалар мен басқа елді-мекендердің жақындығы облыстық және жергілікті демалыс зоналарын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Ең тартымды табиғи ландшафттар ірі елді-мекендердің маңында орналасқан. Осы жағдай бұл аудандарды демалыс пен туризмнің аймағы ретінде игеріп жүрген көптеген өндірістік орындарға маңызды болып келеді.
Жұмыстың мақсаты: Қарқаралы тауларының туристік қызметте қолданылу мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстарын тереңінен зерттеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың төмендегідей міндеттері айқындалды:
-туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурссиялық орталықтар және емдеу саласындағы түризмнің үлесін зерттеу;
-Қазақстан Республикасындағы шипа жайларының сауықтандыру және емдеу саласындағы туризмнің үлесін анықтау;
-туризм саласындағы табиғи рекреациялық аймақтарды жетілдіру жолдарын қарастыру;
-Қарқаралы тауларында туризмді дамытудың табиғи мүмкіндіктері мен әлеуметтік-экономикалық және тарихи мүмкіндіктерін анықтау;
-Қарқаралы рекреациялық ресурстарын қызметте пайдалану мәселелері мен емдеу-сауықтыру орындарының туризмдегі бағалануы
Зерттеу объектісі: Зерттелетін объекті Орталық Қазақстанда орналасқан Қарқаралы территориясындағы таулар, өзендер, ормандар, көлдер, шөл, мен шөлейттің ерекше климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, назар аударарлық басқа да объектілер кездеседі.
Зерттеу пәні. Қарқаралының асыл маржан орталықтары.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:
Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды. Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік- құрылымдық, экономикалық- математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.
1. ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕМДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҮЛЕСІ
1. 1 Туристік рекреациялық ресурстар
Тақырыпқа байланысты ой тарқатпастан бұрын «туризм дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік.
«Туризм» термині С. И. Ожеговтың: «Словарь русского языка» еңбегінде: «Вид путешествии, совершаемых для отдыха и с образовательными целями, вид спорта» деп көрсетілген. 10-шы сыныпқа арналған «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» оқулығы бойынша туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар:
1. Сауықтыру (рекреациялық) ;
2. Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен) ;
3. Іскерлік;
4. Ғылыми (зерттеу жұмыстары) .
Топтық серуендер:
а) мәдени-тарихи объекті б) табиғи объекті.
Табиғи объектілерге:
-таулы аудандар (Ақсу-Жабағылы, Марқакөл) .
-өзен-көл маңы (Алакөл, Қорғалжың) .
-орман (Наурызым) .
-құмды дала (Үстірт, Мойынқұм) .
-жартастар (Таңбалытас, Қаратау) .
Ал көлік түрі бойынша автомобиль, темір жол, теңіздік, ауа арқылы, өзен бойымен саяхат жасау бар. Сонымен қатар туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуына байланысты оның дамуына әр мемлекеттің өз бағдарлама-мақсаттарына үлкен маңыз береді. Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд. доллар табыс береді. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері кіреді (Испания, Франция, Италия) . Ал 2000 жылы дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ) 698 млн. туристердің халықаралық саяхат жасауын тіркеді. Туризмнің маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі: біріншіден, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни бейбітшілікті нығайтады. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік лектер материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттың өзара қарым-қатынасын жақсарта түседі. Қысқа мерзімде туризм саласы әлемдік кеңестікті жаулап алды, ал ДТҰ болжамы бойынша 21 ғасыр туризм ғасыры болмақ. Ал саясатта соңғы жылдары өте үлкен өзгерістер болғаны мәлім.
-Кеңес Одағының ыдырауы, орнына егеменді 15 мемлекет құрылуы;
-постсоциалистік мемлекеттерде өмірлерінің барлық жағынан өзгерістерге ұшырауы;
-Варшава келісімі ұйымының қызметінің тоқтауы;
-«суық соғыс» кезеңінің аяқталып, ғаламдық «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» жүйелерінің өзара қарым-қатынас орнатуы;
-Германия мемлекеттерінің бірігуінен экономикалық потенциалының өсуі;
-Югославия федерацияның ыдырауы, тәуелсіз 5 мемлекеттің құрылуы;
Аталған саяси оқиғалар туризм саласының жаңа деңгейде, жаңа бағытта дамуына үлкен әсер еткендігін аталған саяси оқиғалар нәтижесінде тоталитарлы режимді бұрынғы социалистік елдерде демократиялық өзгерістер мен елдің дамуы бағыты рыноктық экономикамен байланысты болғандықтан, аталған елдердің азаматтары халықаралық туризм саласының күрт өсуіне ықпал етті. Постсоциалистік елдердің азаматтары батыс әлемі мәдениетімен, тарихи-архитектуралық ескерткіштермен, әсем табиғат өлкелерімен танысып, серуендеп, демалып, саясат жасау мүмкіндіктеріне ие болды. Қазіргі уақытта аталған елдер әлі де өзгерері сөзсіз- әр мемлекет қазір азаматтарының әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөліп, арнайы әлеуметтік саясат ұстанды. Сондықтан жақын 5-6 жылда постсоциалистік елдер туризм лидері Франция, Испания, Италия; АҚШ-пен қатар дамитындығы соңғы уақыттағы осы елдерде жүргізілген мониторингтерден көрінуде. Әсіресе Польшаға саясат жасаушылар саны күннен-күнге өсуде. Бұл да Польша мемлекетінің экономиканы дамытудағы ұстанған саясатын және әлемдік қауымдастықтар арасындағы саяси келісім-шарттар мұрындық болып отыр.
«Дем алу-адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық -курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке-рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты-еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру».
« Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзқарасын кеңейтеді.
Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет:
1) «өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;
2) рекреациялық қор және;
3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде туризм дүрбелеңін тудырады» [23] .
Ал біздің елімізде рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік кіреді.
Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.
«1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды».
Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни, табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрлыстары, мұражайлар-бұлардың бәрі Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.
Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен жоқ.
Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ, оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.
Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері-елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері-атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар басқан шыңдарының табиғаты әсем. Мұнда «Медеу» мұз айдыны («Әлемдік рекордтар ұстаханасы») мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас суреттері бар. Іле Алатауының етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық- Алматы созылып жатыр. Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі»-Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады.
1. 2 Негізгі танымдық жерлер мен туристік экскурциялық орталықтар
Туризмде басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қосады, олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т. б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды қолдануға қамданады.
Туристік-экскурссиялық қызмет көрсету қаладағы урбанизация мен Ғылыми Техникалық Революцияға байланысты адамдарға психологиялық ауртпалықтың өсуі нәтижесінде туризмнің рөлі арта түседі. Бұл адамның бос уақытын тиімді пайдалану қозғалысы болып табылады. Психологиялық ауртпалық, қала көшелерінен тыс жерлерде, туристік походтар мен саяхаттар арқылы жүзеге асады. Әрдайым адам жақсы, тиімді демалса, ол белсенді түрде жұмыс істей бастайды.
Аймақтық туристік миграция экономикалық көзқарас арқылы адамның саяхат жасауға, демалуға қажеттілігі, - сұраныс формасы ретінде танылып, әртүрлі қызмет көрсету кешенге деген қолданыс салдарынан адамдардың материалдық, рухани, мәдени-танымдық қызығушылығы арта түседі. Бұл кешен әртүрлі көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану, музейлерге және мәдени-танымдық ұйымдар, ойын-сауық орталығы, спорттық, емдік орталықтарды қамтиды [5] .
Туризм өзі пайда болысынан саяхат барысында көп уақыт кетірмейді, керісінше қоғамдық қажетті уақытты жинақтайды. Аурудың азаюы салдарынан жұмыс уақытының қоры арта түседі. Және адамның физикалық денсаулығының күшеюі, рухани күшінің және жұмыс істеуге деген қабілетінің күшеюіне әкеп соғады.
Туризм де, басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қосады, олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т. б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды қолдануға қамданады, өзінің даму жолында техникалық және әлеуметтік инфрақұрылымға, потенциалды анықталған еңбек ресурстарына сүйенеді және басқа да шаруашылық салалары мен сфераларына өз әсерін тигізеді. Кез келген туризм саласы басқа туризм салаларымен тығыз байланыста. Көп жағдайда олар бірін-бірі қалыптастырып, толықтырып отырады. Қарым-қатынастық шаруашылық жүйесінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуді тура құқыпен қарастырады.
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін туристік ресурстарға бай аудандар өте көп және олар нәтижелі халық шаруашылығының саласына қосылуда. Соңғы жылдары республикада біршама туристік шаруашылықтар құрылды, туристермен жұмыс белсенділігі жиналуда. Әдемі, әсем, көрікті жерлерде туристік кешендер салынды, көбінесе обылс орталықтарында комфортты туристік кешендер жұмыс істейді. Олар кез келген уақытта қала тұрғындарын қабылдауға, қызмет көрсетуге дайын тұрады, сонымен қатар, басқа да аудандардың қонақтарын қабылдауда. Республикада барлығы 700 туристік кешен, 300-ге жуық туристік қонақ үйлер кешені бар.
Әр кешен өз-өзімен қызықты әрі тартымды. Шыршалы-орманды «Алтын бор» Солтүстік Қазақстан облысында, Орал өзенінің маңында, Оралдан алыс емес жерде «Орал», «Қарқаралы» туристік кешені - Қарағанды облысында және ол өзінің велосипедті маршруттарымен ерекшеленеді, ол Қарқаралы таулы-орманды оазистік жолдарымен жүргізіледі. «Алтайлық бухта» деп аталатын туристік кешен Бұқтырма теңізінің жағасындағы Алтайлық орманмен Марқакөлге дейін өте қызықты маршруттар басталып, әлемге танымал «Рахмандық кілтке» қарай беттейді. Павлодар облысындағы көк көлдер жағасындағы ұмытылмас «Баян ауыл» туристік кешеніне бару, өзінің жағымды әрі таза ауасымен ерекшеленеді. Іле Алатауының көркем шатқалында Алматының туристік кешендері орналасқан. Қазақстанда туризмнің әр түрлі саласының дамуына барлық туристік аймақтар мен мүмкіндіктер бар: курорттар мен демалыс үйлерінде демалу, емделу, аңшылық, соның ішінде бүркітпен, альпинизм, тау туризмі, балық аулау, салт атты және су туризмі, вертолеттық экскурсия және халықаралық спорттық жарыстарда этникалық туризм, негізгі қозғаушы күші-шет елдегі қазақ оралмандары, - ғылы-ми, діни, профессионалдық, жанұялық, бизнес-тур, коммерциялық туризм т. б. [6]
Қазіргі кезде туризмнің түрлері мен формаларын, сонымен қатар, туристік маршруттарды да қалыптастыруға болады. Танымдық, топтық және маршруттық туризм - міне, осы ең негізгі қалыптасқан республикалық туристік ұйымдар. Соңғы жылдары республикадағы негізгі қызығушылық - бұл коммерциялық туризм, соның ішінде шоп-туризм Польшаға, Қытайға, Түркияға, Араб Әмірлігіне және т. б. Алматының өзінде шоп-туризммен айналысатын 200 ұйым мен фирма, ал жалпы республика бойынша 400 ұйым бар. Жалпы жүйеде мемлекеттік және мемлекеттік емес туристік-экскурсиялық қызмет көрсетулерде 10 мыңға тарта адам жұмыс істеуде, бірақ республикада әлі күнге дейін туризмнің толық жүйесі қалыптаспаған.
Географиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан территориясындағы рекреациялық аудандарды бөліп айтуға болады. Олар жағымды демалыс пен туризмнің дамуына әсер етеді. Туризмді дамытудағы ең негізгі қолайлы аудандар Қазақстанның шығысында орналасқан. Бұл жерде республиканың күрделі су жүйелері қалыптасқан - Арал теңізі, Балқаш көлі, Зайсан, Алакөл, Қапшағай және Шардара су қоймалары. Су температурасы 3-5 айға дейін шомылу мен су туризміне жарамды. Осы саланы дамытуда Балқаш пен Алакөлдің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде бұл жерде су туризмі даму үстінде.
Шығыс пен Оңтүстік Шығыс өзінің әрқилы және кең ауқымды табиғатымен ерекшеленіп, бір-бірімен тығыз байланыста жатқан тау жүйелері Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань қалыптасқан. Бұл аудандар өзінің үлкен, көркем және әрқилы өсімдік, жануар әлемімен ерекшеленеді.
Қазақстан туризмінің дамуына өз септігін тигізетін әртүрлі ландшафтық өзгешеліктері бар аудандарды жатқызуға болады. Сонымен қатар, туризмнің дамуына өз әсерін тигізетін үлкен өзен өңірлері - Орал, Сырдария, Іле, Ертіс жатады [7] .
Географиялық бағалау нәтижесінде Қазақстандық туризммен демалыстың дамуына 60-қа жуық туристік рекреациялық зоналар, және олар барлық экономикалық аймақтың 10 облыстық территориясын қамтиды. Бұл зоналарда туризмнің көп саласы әрекет етуде. Соның ішінде танымдық, спорттық-емдік маршруттар, стационарлық демалыстар және жаяу жүріп өтетін, су арқылы, шаңғы тебу арқылы жүріп өтетін танымдық маршруттар. Осы көп профильді туризм саласына 4 аймақ жатады, олар: Шығыс Қазақстанда - Зыряновск және Ульбы, Батыста - Орал және Оңтүстік Қазақстанда - Іленің орта таулы аймағы.
Емдік-спорттық туризмнің территориясы өте кіші. Санаулы ғана аймағы мен қол тимеген табиғи ортада су жағасында қысқа мерзімдік жаяу жүріп өтетін демалыстар жүзеге асырылуда. Республикадағы осындай зоналардың жалпы саны - 29. Олардың көбісі Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірлерінде және Қарағанды, Павлодар облыстарында орналасқан. Стационарлық-емдік зоналардағы туризм саласы табиғи ресурстарға бай болғандықтан, ұзақ уақыттық маршруттарды қамти алады. Бұл зоналар қолайлы климаттық жағдайларымен, жеке пляждарымен, қыдыруға арналған орындарымен, танымдық обьектілерімен және саңырауқұлақ-бүлдіргенді бақтарымен өзгешеленеді. Республикадағы мұндай зоналар саны - 19, олардың көбісі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында орналасқан [33] .
Спецификалық зонадағы туризм саласы өзіне республиканың шөлді және биік таулы аймақтарын қосады. Бұл зоналарда спорттық және ғылыми зерттеу туризмі (альпинистік, спецификалық табиғи жағдайлардың адам организміне әсерін) . Осы зерттеулік маршруттар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай негізгі үш зона бар. Іле Алатауының биік шатқалы, Алматы облысындағы Күнгей тау шатқалы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы - Өгем тау шатқалы.
Советтер Одағы кезінде Қазақ ССР Атласын жасауда авторлар Қазақ ССР Туристік картасын жасаумен қатар, Республиканың туристік-экскурсиялық обьектілері мен туристік инфрақұрылымының обьектілерін қарастырды. Оларға, біріншіден, қорықтар, қызықты табиғи обьектілер, археологиялық және архитектуралық орындар, музейлер, театрлар, курорттар, демалысқа арналған орындар; екіншіден - туристік және экскурсиялық орталық туристік қонақ үйлер, туристік кешендер және көлік қызметін көрсету орталықтары.
Қазақстан облыстарының туристік-экскурсиялық обьектілері мен туристік инфрақұрылым обьектілерін «туристік қызығушылық» деңгейінде талдауға болады (1 кесте) . Республика осы көрсеткіште облысты 4 топқа бөлді:
Кесте 1. Қазақстан облыстарының туристік-экскурсиялық обьектілері мен туристік инфрақұрылым обьектілерсаны [33] .
Кесте 2. Республика бойынша туристік кешендердегі орындармен қамтамасыз
ету деңгейі [33] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz