Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайларының
қысқаша очеркі
1. 1 Орография 5
1. 2 Климат 5 1. 3 Гидрография 6
1. 4 Рельеф 7
1. 5 Геология 8
1. 6 Топырақтары 9
1. 7 Өсімдіктер жабыны 10
2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 12
3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3. 1 Зерттеу объектілері және әдістері 16
3. 2 Кербұлақ шатқалының балдық өсімдіктері 16
3. 3 Кербұлақ шатқалының тағамдық өсімдіктері 27
4. Зерттелген өсімдіктердің тіршілік формалары, экологиялық типтері, шаруашылықтағы маңызы 40
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
ҚОСЫМШАЛАР 59
КІРІСПЕ
Қазақстан егеменді ел болғалы, әсіресе соңғы жылдары ауыл-шаруашылық мамандарымен ғалымдарына үлкен міндеттер жүктеліп отыр.
Олардың негізгілері мыналыр:
- Елімізде ауыл-шаруашылық өнімдерін арттыру, әсіресе ет, сүт өнімдерінің көзі болып табылатын мал шаруашылығын қайта жандандыру;
- Еліміздің табиғи ресурстарын игеру және оларды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру;
- Еліміздің табиғатын қорғау;
- Орман шарушылығын дамыту.
Бұл мәселелердің барлығы ғылыми-зерттеу жұмыстарын практикалық мәселелерді шешуге бағыттауды қажет етеді. Соған байланысты мал азығының табиғи көзі болып табылатын шөл және шөлейтті аймақтардың өсімдіктер жабынын, оның флоралық құрамын жан-жақты зерттеу аса қажетті мәселе. Себебі мұндай зерттеулер жайылымдар мен шабындықтардың өсімдіктер жабынын тұтастығын сақтауды қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
1990 жылға дейін мал шаруашылығы жақсы дамыған шөл және шөлейт аудандарда мал басының шамадан тыс артуының нәтижесінде, осы аймақтарда өсімдік жабынының өнімділігі төмендеп, оның флоралық құрылымының кедейленуі және арам шөптермен ластануы ерекше орын алғандығы белгілі.
Бітіру жұмысымның мақсаты:
Кербұлақ шатқалының балдық және тағамдық өсімдіктерін зерттеп, олардың биология-морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау, тіршілік формаларын, экологиялық топтарын, шаруашылықтағы маңызын көрсету.
Бітіру жұмысының маңызы:
Кербұлақ шатқалының балдық және тағамдық өсімдіктерінің флоралық құрамына зерттеу жұмыстарын жүргізу, олардың тіршілік формаларын, экологиялық типтерін, шаруашылықтағы маңызын анықтап жалпы биологиялық сипаттама беру.
Бітіру жұмысының жоспары:
1. Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайларының қысқаша очеркі.
1. 1 Орография
1. 2 Климат
1. 3 Гидрография
1. 4 Рельеф
1. 5 Геология
1. 6 Топырақтары
1. 7 Өсімдіктер жабыны
2. Ғылыми әдебиеттерге шолу.
3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
3. 1 Зерттеу объектілері және әдістері.
3. 2 Кербұлақ шатқалының балдық өсімдіктері.
3. 3 Кербұлақ шатқалының тағамдық өсімдіктері.
4 . Зерттелген өсімдіктердің тіршілік формалары, экологиялық типтері, шаруашылықтағы маңызы.
Бітіру жұмысының өзектіліг.
Өткен ғасырдың 70 жылдары Қапшағай СЭС салынуына байланысты топырақ пен өсімдіктердің флоралық құрамына көп әсерін тигізді. Сондықтан, кейінгі жылдары жасалып журген ғылыми жұмыстарды толықтырып, Кербұлақ шатқалының балдық және тағамдық қасиеті бар өсімдіктерін анықтап, ол өсімдіктерді шаруашылықта қолдануға ұсыну.
1, КЕРБҰЛАҚ МЕКЕНІ МАҢЫНЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ
- Орография
Іле ойпаты жақсы тегістелген, биік тау жоталарымен Оңтүстігі Іле Алатауымен және Кетмен таусілемі, Солтүстігі Жоңғар Алатауымен оның Батыс бөліктері мен шектелген шұңқыр. Ойпаттың табаны мен оның ең төмен бөлігімен, Шығыстан-Батысқа қарай Іле өзені ағады. Іле өзенінің оң жағалауы сол жағалауынан биіктеу және эрозияға көбірек ұшыраған, тік, ал сол жағасы біршама төмен, еңістеу жайпақ, аккумалитивті келеді. Өзеннің оң жағалауының сол жағынан биіктігі 10-20м аралығында ауытқып отырады. Ол осы ойпатқа таудың жақын орналасуымен және өзеннің сол жағалауының гипсометриялық жағдайының біршама биік болуынан болса керек.
Іле өзенінің арнасы бұрылмалы, онда қамыс немесе бұталар өскен аралдар жиі кездеседі, өзен жайылмасы жиі батпақтанады, онда көбінесе қамыс өседі. Іле аңғарының жекелеген учаскелерінде бірінші және екінші жайылма үсті терассалары сақталған. Өзен Іле мекенінен төмендеу жартастар арасынан жіңішке және терең Қапшағай шатқалын жарып өтеді. Шатқалдың шығысынан өзен аздап еңістеу болып келетін Балқаш аймағы ойпатында айналма қолтықтарға және жылғаларға тармақталып баяу ағады. Ойпаттың ең биік бөлігі таулардың етегін алып жатады, шөгінділер жиналатын аймақ. Мұндай шөгінділер көп жағдайда бір-бірімен қосылып, биік құлама беткейлі тегістіктер түзеді.
Қаскелең өзенінен Батысқа қарай еңістеу болып келген жазықтықтың Батыс бөлігінің Шығыс бөлігінен айырмасы сол, оның гипсометрлік жағдайы біршама жоғары болады, ең негізгісі көп жырымдалған. Жазық, тегіс бола бермейтін төбешік биіктеу релефті келеді және құрама тік беткейлерде жиі кездесіп тұрады (25º) . Мұндай төбешіктердің абсолюттік биіктіктері 840-900м аралығында болады. Ал жекелеген шоқылардың биіктігі 900м асады /1/.
1. 2. Климат
Іле ойпатының климаты қуаңшылығымен және айқын байқалатын континентальдылығымен ерекшеленеді. Ол ойпаттың Евразиялық материктің ішінде географиялық орналасу жағдайымен анықталады, яғни ойпаттың мухиттармен теңіздерде мыңдаған киллометрдей қашықтықта орналасқандығымен төменгі ендікке жатуымен және атмосфералық циркуляция жағдайы мен түсіндіріледі. Климаттың қалыптасуында релефтің рөлі аса маңызды. Сипатталып отырған аудан екі ірі Солтүстікте Жоңғар Алатауымен, Оңтүстікте Іле Алатауының және оның жалғасы болып табылатын аласа тау жоталарының арасында орналасқан.
Іле ойпатының жазы ыстық, құрғақ және қысы суық жартылай шөлді және шөлейттің климатымен сипатталады. Тауға жақындаған сайын ылғал мөлшері көбейе түседі және ауаның температурасының біртіндеп төмендегендігі байқалады. М. И. Ломоносовтың және З. Я. Яковенканың мәліметтері бойынша Іле ойпатының бір жері үшін бұл аймақта көктем, мұның ішіндегі мамыр айы ең ылғалды кезең (Іле елді мекенінде 30мм) болып табылады. Екінші бір учаскелері үшін көкек айы жылдық ылғалдың 16-17% осы айларда жауады. Ылғалдың көп түсуі жағынан күз айлары екінші орында болады. Мысалы: жылдық ылғалдың 10-11% қазан және қараша айларында түседі. Бұл аймақтың жазы-жылдың ең құрғақ кезеңі, бұл кезде жаздық ылғалдың 13-25% түзеді. Ылғалдың ең аз түсетін уақыты тамыз, қыркүйек айларына сәйкес келеді /2/.
Қыс мезгілінде осы жерлерде антициклонның қалыптасуына байланысты ылғал көп түседі (8-14мм) . Сонымен Іле ойпатында жауын шашынның түсуінде маусымдық сипат байқалады. Жерді қар басып жататын күндері көп емес: жазықтықта қардың жатуы 59-88 күнге, ал тау етегінде 100 күнге созылады, ақпан айында қардың қалыңдығы тау етегінде 26-28см, жазықтықта 15см-ге жетеді. /2/
Ауаның жылдық орташа температурасы 6, 4-8, 7ºС аралығында ауытқып отырады. Жылдың ең суық айының (қаңтар) орташа температурасы 9, 4-14, 1ºС, ең ыстық аймақ (шілде) температурасы +23-25ºС жетеді. Жылдық температураның ауытқуы 32, 5-38, 7ºС аралығында болады. Температураның ең жоғары көтерілу деңгейі +44ºС, ал ең төменгі деңгейі -45ºС-ге дейін жетеді. Мұның өзі Балқаш өңірінің климатын күрт континентальды екенін көрсетеді.
Температураның 10ºС жоғары болатын кезеңнің ұзақтығы 168-190 күннің аралығында болады. Алғашқы суық қыркүйектің соңында басталады, ал соңғы суық көкек айының аяғына дейін созылады. /3/
1. 3 Гидрография
Іле өзені Балқаш көлі бассейініне жатады. Ол орталық Тәңіртаудағы (Қазақстан) Мазарт мәңгі мұзынан және текес өзенінің жоғарғы сағасынан басталады. Содан соң Қытай жерімен ағып Кунес және Каш өзендерімен қосылады осы өзендердің қосылған жерінен 250км өткен соң Іле өзені Қазақстанға өтеді, сөйтіп 1001км-ден кейін Балқаш көліне құяды. Өзеннің ұзындығы 1439км, ал оның 815км Қазақстан жері арқылы өтеді. Іле өзені бассейінінің жалпы жер көлемі 140 000км² оның 7740км² Қазақстан Республикасының территориясында жатыр. /4/
Қазақстан территориясында Іле өзенінің су ресурсының 30% жинақталады. Іле өзенінің ортаңғы ағысының сол жағалық бассейні Шарын және Шелек өзендерінің басқа жағыда бірқатар тау өзендерін қабылдайды. Оларға: Іле Алатауының Солтүстік беткейінен ағатын Турген, Есік, Талғар, Күрті, Қаскелең оған келіп құятын Үлкен және Кіші Алматы өзендері жатады.
Іле өзенінің оң жағасынан келіп құятын өзендердің үлкендеріне Жоңғар Алатауының Оңтүстік беткейінен бастау алатын Хоргос, Усек және Борохудзир өзендері жатады. Іле өзені бассейініне Кетмен, Шу-Іле тауларының шатқалдарынан және Жоңғар Алатауының аласа үзінділерінен бастау алатын, сонымен бірге суы аз әркез толып ағып, тау етегінде судың біршама тарамдарын түзетін тағыда бірнеше ұсақ өзендер жатады. Қапшағайдан өткеннен соң Іле өзені бірнеше қолтықтар мен жылғалар түзеп, өз суын Балқаш маңы шөлінің тегістігі арқылы Балқаш көліне құяды. Нәтижесінде өзен жағалауында үлкен жамылма түзіледі. Іле өзені Балқаш маңының, негізгі су көзі болып табылады. Ол осы көлге келіп құятын таза өзен суының 80% құрайды. /5/
- Рельефі
Кербұлақ алқабы Оңтүстік Балқаш өңіріне жатады. Бұл жердің құмының рельфін алғашқылардың бірі болып Л. С. Бере 1904 жылы зерттеген. Оның пайымдауынша бір кездері «Бақанас» Іле өзенінің ескі арнасы болған /6/.
Балқаш өңірінің рельефіне 1911 жылы көшпелі басқармашылық экспедицияның мамандары, кейіннен 1932 жылы Н. Н. Пальгов біршама толық сипаттама берді /7/.
Оңтүстік Балқаш өңірінде ландшафтардың ауысуын батыстан шығысқа қарай Іле өзенінен Қаратал өзеніне дейін 1941жылы Н. Г. Кассин зерттеп жазды. Ол ландшафтардың алмасуын мына түрде берген:
1) рельефі тегіс болып келетін Іле өзені алқабы;
2) сирек сексеуілдер өсетін бедерлі құмдар;
3) нағыз құмды шөл;
4) бедерлі құмдар жоталы құмдармен алмасатын, шөлдің шығыс бөлігі (Бестас алқабына баратын жолдан Солтүстікке қарай) ;
5) үстін үрмелі құм үйінділері басқан және өсімдіктері болмайтын үлкен жалаңаш құмдар;
6) Қаратал өзені алқабы. /8/
1948 жылы М. К. Вяткин Сары-Ишик-Отырау құмын үш жартылай аудандарға бөлген:
- Солтүстік қатпарлы құмды аудан, оған - Әулиеқұм және Бестас алқаптары жатады;
- Орталық жазық- қатпарлы жоталы құмды аудан;
Жуанқұм деген атпен белгілі, Оңтүстік қатпарлы аудан Сары- Ишик-Отырау және Тауқұм аралығында Іле өзенінің Солтүстік жағалауында Ақдала және Бақанас ежелгі жағалау егістіктері, Іле және Қаратал өзендерінің қазіргі алқаптары мен аңғарлары жатады. М. К. Вяткин қатпарлы деп бірінші жартылай ауданды бөлген. /9/
М. С. Карпов (1960) белесті-жоталы аудан деп берген жөн болады деген пікір айтқан. /10/
1952 жылы Н. Г. Рыбин құмдардың рельфтік құрылымын Оңтүстіктен Солтүстікке қарай Балқаш көліне дейін созылатындығын көрсеткен. Өз кезегінде ол мына түрде берілген: 1) тау етегіндегі көтеріңкі жерлер; 2) тау етегіндегі тегістіктер; 3) жоталы, қатпарлы және ұялы құмдар; 4) қатпарлы ұялы құмдар; 5) қатпарлы құмдар; 6) сор топырақты, кейде кішілеу және үйінді құмдар басқан жағалық жалпақ тегістік. /11/
Оңтүстік Балқаш маңының рельефін 1954 жылы У. М. Ахметсафин толық сипаттап жазған. Ол алдымен Іле және Қаратал өзендерінің осы кездегі аңғарын екі бөлікке бөледі: 1) жайылымдық (бұл осы өзендердің деңгейінен 1-2м биіктікте жатады және ені 1-3км дейін жетеді) ; 2) жайылымардан жоғары терасса осыған дейінгі терассадан 2-3м биіктікте жатады және ені бірнеше жүздеген метрден 2-4км-ге дейін жетеді. Ал тікелей құмдардың территориясын Ахметсафин үш терассаға бөледі: 1) төменгі терасса -Іле және Қаратал өзендері маңындағы жазық, рельефі аздап толқындалып келген тегістік (тегістік терасса) ; 2) ортаңғы терасса -рельефі биіктігі орташа қатпарлы тегістікке сәйкес келеді (Сары-Ишик-Отырау) және 3) жоғарғы терасса-рельефі үлкен қатпарлы болып келетін Жуанқұмды қамтиды.
1. 5. Геологиясы
Геологиялық тұрғыдан Оңтүстік Балқаш өңірі шекаралас аудандарымен тығыз байланыста болған: Жоңғар Алатауы системасымен Шу-Іле тауларымен, Алакөл ойпаттарымен (шығыста) және Балқаш көлімен Оңтүстік Балқаш маңының геологиясының тарихы палеозой эрасына дейін барады. Тіптен палеозой эрасында қамтиды.
Осы палеозой эрасының екінші жартысында Оңтүстік Балқаш маңын теңіз (карбонның алғашқы кезі) және таулар (пермь дәуірі-полезой эрасының соңы) алып жатқан.
Карбон мен Пермь дәуірлерінің арасында Орал тау шатқалдарының қалыптасу фазасының нәтижесінде Оңтүстік Балқаш территориясында тау жыныстары пайда болған. Оның үсті Солтүстік Батысқа және Оңтүстік Батысқа қарай еңіс болып келген. Осыдан кейін ұзақ уақыттар бойы триас, юра, бор дәуірінде бұл жерде ылғалды климат қалыптасқан. Үшінші дәуірдің бас кезінде және неогенде Оңтүстік Балқаш маңының тегістігін көлдер мен жағалық өзендердің сулары басқан. Осының нәтижесінде континенттік шөгінділердің үстін сумен келген шөгінділер басқан. Төртінші кезеңде құрлықты бірнеше дүркін мұз басқан. Бірқатар зерттеушілер құрлықты бірнеше дүркін мұз басқан десе, кейбіреулері оның санын беске жеткізеді. /10/
Климат төртінші кезеңде бірнеше рет өзгерген (кемінде 3рет) . М. Г. Кассин бойынша Балқаш маңы құмдарының көпшілігі мұз дәуірінде өзендер алып келген шөгінділер; /8/
Мушкетов бойынша олар аналық жыныс породаларының шөлдегі жерлердің әсерінен түзілген шөгінділер. /12/
Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарының шығу тарихын анықтау мақсатында соңғы кездері жүргізілген зерттеулерге М. К. Вяткигнмен У. А. Ахметсафиннің жұмыстарын жатқызуға болады.
М. К. Вяткиннің өзен ағындыларының пайда болуы жөніндегі теориясы аса дәлелді, сондықтан да оған қарсы пікірлер жоқтың қасы. /9/
У. А. Ахметсафин болса Балқаш-Алакөл ойпаты үшінші дәуірдің бірінші жартысында, Альпі орогенезінің бірінші кезеңінде пайда болған деп жорамалдайды. Осы кезде бұл жерде үшінші дәуірдің логундарымен континенттік шөгінділері (саздар, мергелдер, құмтөбелер) жинақтала бастаған. /13/
Үшінші дәуірдің соңына таман аласа таулар белсенді түрде биіктеп көтеріле бастаған, тектоникалық жарықшақтар пайда болып, жер бедері, әсіресе тау жыныстары сынған, нәтижесінде ойпаттар биік тау жоталарының етегіне дейін төмендеген. Осы процестерден кейін ауаның ылғалдылығы артқан, климат салқындаған. Нәтижесінде плиоценнен кейін биік тау бастарында қарлар және мұздар пайда болған. Ертедегі Іле және Қаратал өзендерінің пайда болуы шамамен осы кезге сай келеді. Соған байланысты Оңтүстік Балқаш өңірінде құмды массивтер мен Балқаш көлі пайда болған. /8/
1. 6. Топырақтары
Іле ойпатының топырақ жабыны жерүсті ылғалданудың әр түрлі жағдайларында болатын әр түрлі жастағы түрліше механикалық және пиктографиялық құрамдардан пайда болған.
Сонымен қоса осы әртүрлілік, ойпатта ерекше топырақ биоклиматтық зоналардың бар екендігін көрсететін жалпы заңдылыққа бағынатындығын айқындайды.
Іле өзені климаты ерекше биоклиматтық жағдайда жайғасқан. Оның төменгі бөлігі нағыз шөл облысына жақын да, ал жоғарғы бөлігі (сол жағалау шегі) жартылай дала зонасына еніп жатыр. Бұл жердегі көлбеу-тік зоналықты төмендегіше көрсетуге болады. /14/
- Қара-сарғылт топырақты тау етегіндегі далалық зона.
- Сарғыш-сұр топырақты шөл далалық зона.
- Ашық-сұр топырақты шөлдік зона.
Оңтүстік Қазақстанмен Орта Азияның сұр топырағына қарағанда Іле ойпаты сұр топырақтары үстіңгі горизонттарында карбонаттар аз болады.
Сондықтан да оларды аз карбонатты сұр топырақтар деп атайды. Ашық-сұр топырақты шөл зонасын бөлу әлдеқайда қиынға соғады. Ол едәуір мөлшерде Іле өзенінің ежелгі аңғарына сәйкес келеді, сол себепті бұл жерде типтік зоналық топырақты табу оңайға түспейді.
Бұл зонада құм массивтерімен алмасып отыратын шалғында, шалғын-сұр топырақта, тақыр және сортаң топырақтардың абсалюттік үстемдігі байқалады. Бұл территорияның кейбір зерттеушілері сортаңдар мен құмдар зонасы деп бекер айтпаған. Іле ойпаты тау етегі топырақтарының жүйесінде сұр-қоңыр топырақтан ерекше орын алады. Соңғы кездері сұр-қоңыр топырақтар шөлдерде жалпы зоналық типке жатады деген ұсыныс жасауда. Ол тақыр топырағында, құмдарда кездесетін топырақтарды да осы топқа жатқызып жүр. Сұр-қоңыр топырақтардың абсолюттік биіктігі 500м (Іле өзенінің жағалауы) 1300м жетеді (Кетпен, Алтын Еміл тау етектері) . Сұр, сұр-қоңыр топырақтар, тақыр топырақтар және тақырлар, аллювиальдық шалғынды топырақтар, құмды топырақтың кең таралған түрлеріне жатады. /14/
1. 7. Өсімдік жабыны
КСРО-ны геоботаникалық тұрғыдан аудандастырғанда (1947) Сары-Ишик-Отырау Азияның шөлді облысының Оңтүстік-Шығыс Балқаш маңы аймағына жатады. Бұл аймақта Туран флорасының басымдылығы айқын байқалады. Бұл флораға тән өсімдіктерге шөлде өсетін доминант түрлерді жатқызуға болады. Олардың бастыларына қара сексеуіл- Haloxylon apyllum мен ақ сексеуіл- Holoxylon persicum жатады. Бұл өсімдіктер осы аймақта жақсы жетілген орман түзеді. Құмды жерде басым болып келетін өсімдіктердің бірі жартылай бұта- Artemisia terrae-albae , эфемеройдты өсімдік үрмежеміс қияқөлең- Carex physodes . Туран флорасының осы екі өкілі құмды топырақтарда шөлдің фитоценоздарын қалыптастыруда маңызы зор.
Сары-Ишик-Отырау шөлінің өсімдіктер жабынының генезисінде негізгі және алғашқы болып қияқөлеңді-ақжусанды Carex physodes - Artemisia-terrae-albae ассоциациясы болып табылады. Бұл ассоцация осы шөлдің Оңтүстік бөлігінің біршама қатты тығыздалған топырақтарында, негізінен қатар жатқан аласа және белесті құмдардың арасындағы ойпат жерлерді алып жатады, кейде ол жоталардың беткейлеріне және төбелеріне дейін көтеріліп жауып жатады, жоталардың-қатар жатқан аласа құмдардың біршама топырақтарда бостау төбесінде және ылғал жақсы сақталатын беткейлерінде, әсіресе Солтүстік және Шығыс экспозицияларында жоғарыдағы эдификаторларға еркек бидайық- Agropyrum Sibiricum, изень- Kochia prostrata, қылша- Ephedra lematolepis және басқа өсімдіктер араласады. Осы өсімдіктердің басымдылығы байқалатындығы сонша бұл жерде жусандар азайып шөлдің ассоциациялары бидайығы басым шөлдің далалық өсімдіктер қауымдастығымен алмасады. Солтүстікте Малайсары аласа тауынан-Балқаш көліне жылжыған сайын жоғарыда басымдық көрсеткен өсімдіктер жабыны ксерофитті бұталармен қара және ақ сексеуілдермен, жүзгінмен- Calliyonum sp. Ewcotia Ewersmanniana , aстрагалдармен- Astragalus brachypus жартылай бұталармен, теріскенмен алмасады.
Бұрынғы ескі Бақанас, Нарын-Бақанас және Шет Бақанас жағында cексеуілдер азайып, өсімдіктер ланшафтында жартылай бұташық күйреуік- Salsola arientalis басым бола бастайды. Бір қызығы ескі Бақанас жағында тоғайлы шалғынды өсімдіктер жабынының қалдықтары сақталған. Кейде олар көптеген жерлерді алып жатады. Қазіргі кезде оларға шеңгелдің қалың бұталары жатады. Шөптесін ярустарда жатаған бидайық, қызыл мия, ащы жусан, кейде тіпті қамыста кездеседі.
Іленің бұрынғы және қазіргі кездегі аңғарларының түйіскен жерлерінде жартылай бұта, сораң бүйірген біршама жақсы өседі және көптеген жерлерді алып жатады.
Оңтүстік Балқаш алқабының кейін пайда болған алқабына жағалық сор топырақты тегістер жатады. Олардың Балқаш көлі суынан босағанына көп болмаған. Бұл жерде ланшафт түзетін ассоцациялар галофиттерден тұрады. Өсімдіктер жабыны көп сиреген, ақ тікеннен- Nitraria Schoberi, қарабарақ- Halostachys, cар сазанын- Halocnemum stro-bilacenm және бірқатар бір жылдық сарандардан тұрады.
Л. П. Гвоздева (1960) Оңтүстік Балқаш маңының өсімдіктер жабынын жан-жақты зерттеп, жүйелеген (классификациялаған) . Онда автор осы алқаптың өсімдіктер жабынын: шөлді өсімдіктер жабыны, саз топырақты шөлді өсімдіктер жабыны, тоғай-шалғынды өсімдіктер жабынының қалдықтары, сулы-жағалық өсімдіктер жабыны. Оларды өз кезегінде өсімдіктердің типтеріне, формацияларға, ассоциациялардың тобына және жекелеген ассоциацияларға бөліп сипаттап жазған. Сонымен бірге олардың доминант, субдоминант өсімдіктеріне мән беріп, флоралық құрамына және әр ассоциациялардың өнімділігі анықталған. Сары-Ишик-Отрау шөлінің геоботаникалық картасын жасап, жорамалдар берген /15/
2. Ғылыми әдебиеттерге шолу
Бұрынғы жылдары Балқаш көлі маңының, оның ішінде Іле өзені жағалауының өсімдіктерін зерттуде сол жердің флоралық құрамына емес өсімдіктер жабынына ерекше мән берілген. Өсімдіктер жабыны деп белгілі бір территорияда кездесетін өсімдіктер қауымдастығын айтамыз, ал флора академик Комаровтың ұғымы бойынша белгілі бір территорияда кездесетін түрлердің жиынтығы. Бірақ бұл екі термин бір-бірімен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz