Урал тауының физикалық географиялық сипаттамасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы Урал тауының физикалық географиялық сипаттамасына арналған. Бұл жұмыстың мақсаты Урал тауының орографиясын, геологиялық құрылымын, климаттық ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, өзен және көлдерін толықтай сипаттама беру арқылы қарастыру, танысу, ақпарат алу, білімімізді жетілдіру болып табылады.

Урал тауы 50˚-80˚ ш. б және 70˚-50˚ с. е аралығында орналасқан. Бұл орта таулы ел. Кар теңізі жағалауынан Урал өзеніне дейін меридиональды бағытта 2000 км ұзындықта созылып жатыр. Урал тауының ені 46-60 км, ал кейбір жерлерінде 100 км-ге жетеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бүл таулы ел бес табиғат зоналарымен шекараласады. Осыған орай оның территориясындағы тундра, ориманды тундра, тайга, орманды дала, дала типті биіктік белдеулері бірін-бірі алмастырып отырады.

I УРАЛ ТАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Урал тауының геологиялық құрылымы және жер бедері.

Көптеген авторлар ТМД территориясын аудандастыру кезінде Урал тауларын бөлек физико-географиялық ел ретінде бөледі. Урал тауы Ресей территориясын және Қазақстанның солтүстік бөлігін алып жатыр. Оның ел ретінде құрылу себебі:1) Урал - қатпарлы-құжбанды біртұтас жүйе, герцин(варис) қатпарлы белдеуінде орналасқан; 2) Урал тауының барьерлі орналасуы, ауа массаларының батысқа ауысуына қатысты циклондық процесстердің өсуі салдарынан макробеткейлердің батыс шығыс бөлігінде климаттық айырмашылық тудырады; 3) Қара қылқан жапырақты орман белдеулерінің басым болуы және оның солтүстігінде таулы тундрамен, ал оңтүстігінде орманды-дала және даламен қосылу нәтижесінде Уралдың әр бөлігіндегі биіктік белдеудің құрылымының

күрделігіне әсер етеді. 4) Урал тауының және оның әр бөліктерінде ерекше әр түрлі табиғат ресурстарының үйлесімділігі.

Урал тауы солтүстіктен оңтүстікке, Югор Шар бұғазынан арал-каспий шөліне дейін 2500 км созылып жатыр. Урал тауының меридиональды бағытта орналасуы оның геологиялық құрамындағы ерекшеліктері және ежелгі Орыс плита ірге тасының шығуымен байланысты. Урал - ірі жазықтар, яғни Шығыс Европа, Батыс Сібір және Тұран ойпатының аралығында орналасқан. Уралдың батыс беткейі біршама тегіс, әрі ұзын және біртіндеп барып Шығыс Европа жазығына ұласады, ал шығыс беткейі, керісінше, тік әрі қысқа. Ол Батыс Сібір жазығына шаншыла құлап жатыр. Уралдың батыс және шығыс беткейлерінің табиғаты бірдей емес. Батыс беткейінің ландшафты Шығыс Европа ландшафтымен, ал шығыс беткейінің ландшафты Батыс Сібір жазығыының ландшафтысымен тығыз байланысты. Солтүстіктегі поляр шеңберінде оның ені 50км-ге дейін жетсе, ал оңтүстігінде 300-400км-ге жетеді. Тау бойынан тундра, орманды-тундра, орман, орманды-дала, дала, шөлейт зоналары кесіп өтеді.

″Урал″ сөзі ″белдеу″ деген мағынаны білдіреді. Кесе көлденең кескінінде Урал беткейі ассиметриялы және ол геологиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты үш орографиялық бөлікке бөлінеді: Шығыс Европа жазығына тегістеле төмендейтін батыс макробеткей; осьтік таулы белдеу - орталық; Батыс Сібір жазығына қарай қысқа батыс бөлігімен салыстырғанда тік тектоникалық үзілмелі қырқамен сипатталатын шығыс макробеткей; Оталығы бойымен осьтік бөлігіндегі геологиялық құрылымдар Шығыс Европа жазығының көтерілуі мен

төмендеуі салдарынан толқын тәрізді орографиялық көтерілімдер мен төмендеулер қалыптастырған. Бұл олардың телімде кезектесіп келуімен көрінеді.

1. Пай-Хой қыраты - Югор Шар бұғазымен Кара өзенінің аңғары аралығында орналасқан. Ол 400-450м биіктіктегі төбешіктер мен бөлек қырқалардан құралған.
2. Поляр арты Уралы - Константинов Камень тауынан Собь Елец өткеліне

дейін созылып жатыр. Бұл биіктігі 1000 м-ге дейінгі қысқа жоталар мен массивтерден құралған Уралдың биіктеу және енді бөлігі болып саналады.

3. Полярлық Урал - ені 15-20 км-ге созылған жалғыз жотасымен сипатталады. Ол оңтүстік-батыс бағытта Собь-Елец өткелінен Хулга өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аумақты алып жатыр. Ең биік жері Пайер тауы(1472 м) .

4. Поляр маңы Уралы - бұл жалпы Урал тауының ең биік бөлігі. Хулга және Шугер өзендерінің аралығында орналасқан. Народная тауы - Урал дың ең биік нүктесі болып саналады.

5. Солтүстік Урал - Тельпозиз (617 м) тауынан басталып, Конжаковск және Косвинск Камни оңтүстігіне қарай 1500 м биіктікте аяқталады.

6. Орта Урал - Урал тауының біршама аласа бөлігі, ол оңтүстікке қарай Юрма тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері 1000 м-ге жетпейді.

7. Оңтүстік Урал - Юрма тауларынан Жайық өзені аңғарының ендік бөлігіне дейін созылып жатыр. Ол биіктігі 1200-1600 м айналасындағы бірнеше жоталар мен шыңдардан тұрады. Мысалы, Ямантау - биіктігі 1640 м, ал Белая өзенінің ендік қимасынан оңтүстікке қарай жоталар төмендейді, яғни Зилаир үстіртіне ауысады.

8. Мұғалжар тауы - Урал тауының оңтүстік бөлігі. Ол Жайық өзінінің ендік ағысынан шөлейтке дейін 450 км-ге созылып жатыр. Орталық бөлігінде ең биік жері Үлкен Боқтыбай (657 м) тауы толқын көтерілімді бедері байқалады.

Урал тауы бедерінің толқын пішінді деформациялары - көтерілген және төмендеген неотектоникалық қозғалыстар мен ала құла литологиялық құрлысты геоқұрлымдардың таужыныстары әртүрлі ұзақ денудация салдарынан дамыған.

Уралдың меридиональды геоқұрлымы полеозой қатпарлы қабаттарында ( Девоннан кейін, Пермь соңы) қалыптасқан. Ірі геологиялық құрлымды - антиклинории және синклинории - батыстан шығысқа қозғалуына байланысты бірінен кейін бірі орналасқан, әр қайсысының өзінің шығу тарихы, яғни өзіндік тау жыныстарының кешенінен, магматизм дамуынан, пайдалы қазбалар үйлесімдігімен және морфоқұрлымы жоспарымен сипатталады ( Сурет 1) .

Урал алды шеткі иіні Урал алды және таудың батыс беткей етегін алады. Құрылым Орыс плитасының шығыс шеті мен Урал қатпарлы құрылымдары арлалығында жатыр. Полеозойдың әлсіз дислокацияланған терригенді және корбанатты қабаттан құралған: батысында Пермьдік. Шығысында - таскөмір мен девондық. Иін солтүстігінде Печора мен оңтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі. Урал алды иіні бөлек ойыстарға(280-300 м биіктікте) және ендік бойынша горст тәрізді (теңіз деңгейінен 500-700 м) сатылана бөлінеді. Мысалы: Оңтүстік Уралдағы

Урал элементтерінің негізгі құрылымдық кескіні ( Сурет 1 )

Доуралид ірге тасы

Карбонатты шөгінділер

Құмдақты шөгінділер

Сазды тақтатастар

Жанартаулық шөгінділер

Орыс плитасындағы девон-карбон

Граниттер

Моласты шөгінділер

Тұзды-гипсты шөгінділер

Ірі жарылымдар

Бельск ойысы солтүстік Уфим-Соликамскіден Қаратау горсті арқылы бөлінеді, ал Солтүстік Уралдағы Солтүстікурал ойысы Чернышев көтерілімі арқылы Воркутинскіден бөлінгенИінде мұнай, газ, тас және қоңыр көмір, тұздар, күкірт колчеданы және торф кен орындары шоғырланған.

Урал таулық антиклинорий екінші ірі тектоникалық құрылым. Ол таудың осьтік біршама биік белдеуін қалыптастырады. Протерозой мен төменгі палеозой метаморфты тау жыныстарынан гнейстерден, амфиболиттерден және кварциттерден, метаморфты сланецтерден құралған. Батысында антиклинорий лықсымамен аяқталады, ал шығысында басты Урал тереңдік жарылымы өтеді. Жарылым бойынша бірінші зона екінші зонаның үстіне шыққан. Жарылым бойымен көптеген интрузиялар таралған. Олар өзіндік бөлек таулар мен көтерілген массивтер құрайды (Денежкин Камин массиві) .

Магнитогорск - Тагиль синклинорийі Уралдың шығыс беткейін құрайды. Бұл жасыл тасты синклинорий зонасы. Ол силур, девон және таскөмір жастағы шөгінді (әктас, сазды кремнийлі сланец, яшма) және вулкогенді (негізгі және қышқыл) тау жыныстарымен қапталған. Зонаға мыс рудаларының қоры тән.

Урал - Тобыл антиклинорийі Уралдың төртінші тектоникалық құрылымы. Антиклинорий рельефтің батыс беткейінде және тек қана Оңтүстік және Орта Уралда ғана айқын көрінеді. Ол палеозой мен рифей

сланецті және вулконогенді тау жыныстарынан құралған. Мұнда герциндік граниттер мен т. б. ежелгі массивтерде алтын мен асыл тастар (топаз, турмалин, амитист) кендері бар.

Аят (Шығыс Урал) синклинорийі Оңтүстік Уралда тараған құрылым. Синклинорий палеозойдың қатты бөлшектенген магмалық тау жыныстары көрініс беретін шөгінділерінен тұрады. Зонада грабендер дамыған. Мұнда мезозойлық көмір қабаттары тән. Грабен беткейлері сатылы шапшымалардан тұрады. Сондықтан рельефте кертпештер тараған.

Урал артында қатпарлы Уралдық құрылымдар мезозой мен палеоген жыныстарына көмілген және жамылған. Төрттік шөгінділер Уралдың барлық бөліктерінде кездеседі - аллювий, эллювий, калювий мұздықтар, ал Пай-Хой - тау алды теңіздік шөгінділерден тұрады. Уралдың даму тарихы негізгі үш кезеңнен тұрады:

1. Палеозой және палеозойға дейін . Бұл кезеңде шөгінділердің түзілуі, қатпарлы таулардың қалыптасуы мен қарқынды вулкандық әрекет жүрген. Ең бірінші қатпарлар - Байкал - антиклинорийінде көрініс тапты, төменгі және орта палеозойда Уралдың батыс бөлігінде териигенді корбонатты шөгінділер, шығысында вулкандық әрекетпен шөгінді эффузивті қалың қабаттарының түзілуі жүрді. Ежелгі құрылымдарда Каледон қатпарлығы ғана көрініс берді. Жоғарғы карбон мен пермьде герциндік қатпарлар дамып, Уралдың жаңа қатпарлары түзілді.

2. Мезозой мен палеоген . Бұл кезде рельефтің төмендеуі жүрді. Триаста жарылым бойымен қатпарлы құрылымның шығыс бөлігі төмендеуі, салдарынан Батыс Сібір плитасының іргетасы қаланды. Урал тау жүйесінің жекеленуі жүрді. Жарылым бойымен лавалар атқылаған. Киммерий қатпарлығын Урал шығыс беткейлерінде құжбанды қозғалыстар мен жайпақ қарапайым қатпарлар түзілуімен түсіндіруге болады. Биік таулар бұзылып, тегістелу беттері пайда болды, үгілу қабығы қалыптасты. Олармен асыл металдар, минералдар және т. б. пайдалы қазбалардың шашыранды кен орындарының кездесуі байланысты. Палеоген соңында Урал тауы орнында пенеплен жазығы жатты. Қазіргі рельефте бұл пенеплен телімдері сақталған: Пай-Хой көтерілімі, қалдықты таулары бар Орта Урал қыраты, Урал арты жазығы, Оңтүстік Урал пенеплені мен Мұғалжар.

3. Неоген - төрттік неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қазіргі Уралдың қатпарлы-жақпарлы жас морфоқұрылымы пайда болды. Пенеплен телімдері әртүрлі биіктіктерге көтерілді. Уралдың қазіргі рельефінде тік бағыттағы жеке құжбанды ығысулар пайда болды. Әсіресе, таудың орталық бөлігінде. Мұнда оқшау таулар мен төбесі тегіс, «сандық»

таулар жиі кездеседі. Үштік дәуірдегі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде Уралдың палеозой құрылымының терең бөліктері жер бетіне көтерілді.

Геологиялық құрылымы мен литологиялық құрамының әр түрлілігін территориясының қазіргі бейнесінен байқауға болады. Литология Урал ландшафтысының негізгі ерекшеліктерін анықтайды, сонымен қатар рельефтің дамуына күшті әсерін тигізеді. Уралдың батыс беткейі мен Урал алды карбонатты және гипсті шөгінді жыныстардан тұрады. Сонымен бұл жерлерге рельефтің карст формалары тән. Таулы алқаптың орталық алқабы

денудацияға қарсы өте шыдамды кварцмттерден құралған. Бұл алқапқа рельефтің массивті, сатылы, горст тәрізді формалары тән, олар беткейлерде кварциттердің жиынтық үйіндісі - қорымдармен жабылған. Уралдың шығыс беткейінде денудация процесстеріне беріктігі бірдей емес әртүрлі метаморфты және атылып шыққан жыныстар байқалады.

Бұл үлкен аумақтарда тілімденген, кейбір телімдерде ұсақ шоқы рельеф пішінін жасауға әсерін тигізді.

Төрттік дәуірде Урал тауын мұз басты. Жазықтарды тұтас жапқан мұз - Днепр - Самара мұз басуы - Уралды да жапты деп есептейді, сонымен бірге мұздық қалқанның оңтүстік шеті Уралда солтүстік ендіктің 60°- ында жатты. Уралдың ең биік шыңдары мұздың үстінде нунатактар тәріздес көрінуі мүмкін. Мұздық қалқандардың оңтүстігінде мұздықтар тобы Солтүстік (Конжаковск Камень, Ишерим, Денежкин Тасы) және Оңтүстік Уралдың (Юрма, Таганай, Ямантау) жеке биік шыңдарында орналасқан. Валдай мұз басуының мұздықтары Полярлық Уралдың қазіргі мүздықтары тараған шыңдарды басып жатыр, бірақ олардың мөлшері мен көлемі едәуір үлкен еді. Күрттік қар көп тараған.

Урал тауында морфомүсіннің төмендегідей түрлері кездеседі: 1) Уралдың солтүстік жартысында ежелгі және қазіргі мұздық және қазіргі нивалды- тоңды- солифлюкциялық үрдістер; 2) Солтүстік Уралдың оңтүстік бөлігі, Орталық және Оңтүстік Уралда - эррозиялық-денудациялық және карстты үрдістер; Мұнда терең, террасалы, бойлық және көлденең аңғарларды қалыптастырған эррозиялық және әртүрлі пішінмен сипатталатын (үңгір, воронка, жер асты өзендері және т. б) карст ьасты бедер түзуші үрдіс; 3) Оңтүстік Урал мен Мұғалжардағы құрғақ континентальды климатта аридті-эррозиялық денудация.

1. 2. Климаттық ерекшеліктері

Уралдың климаты қоңыржай континентальды және континентальды. Континентальдылық батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай көбейеді. Бұл оның солтүстіктен оңтүстікке тым алысқа созылып жатқандықтан, оның жеке бөліктерінің аралығында үлкен айырмашылық тудырады. Уралды екі климаттық белдеу: субарктикалық (атлант облысы) және қоңыржай (оның облыстары: атланттық-арктикалық орманды, атланттық-континенттік орманды, батыс сібірлік континенттік орманды, атланттық-континенттік дала, батыс сібірлік континенттік далалы облыс) кесіп өтеді. Урал Евразия материгінің ішінде солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқандықтан, оның бүкіл батыс беткейі батыс-шығыс ауа тасымалдануына қараған. Батыс беткей желді, батыс ауа массаларының ағынына қарсы бағытталған. Батыс жел жақ беткейімен жоғары өрлеген ауа адиабаттық суынуға ұшырап, жауын-шашынға айналады. Сондықтан Поляр маңындағы Уралдың батыс беткейінде жауын-шашын 1000мм, оңтүстігіне таман -700мм (Кизел қаласы - 688мм) жауады. Шығыс беткейі ық жақта. Қыста Орыс жазығынан келген жылы ауа таудан асып, төмен түспестен салқын Сибирь ауасының үстімен жылжиды. Жазда таудан асып түскен ауа шығыс беткеймен төмен түсіп, адиабаттық жолмен жылынады, сондықтан қанығу нүктесінен қашықтайды. Сондықтан шығыс беткейіндегі жылдық жауын-шашынның түсуі батыс беткейімен салыстырғанда аз. Шығыс Еуропа үстінде дамыған циклондық үрдістер

Урал арты және Уралдың батыс беткейін өз ықпалына қамтиды. Уралдың шығыс беткейіне жыл бойына 450мм жауын-шашын түседі(Миасс -409мм, челябинск -361мм) .

Арктикалық ауа массалары Уралдың шығыс және батыс беткейлерімен, әсіресе көктем мен күзде, алыс оңтүстікке өтеді, жазда Уралға оңтүстіктен континенттік орта азиялық ауа массалары енеді. Қыста қазаннан наурызға дейін, Урал сырты мен Уралдың шығыс беткейлеріне Азия антициклонының әсері тиеді. Уралдың оңтүстігінде шамамен 50º параллель бойымен батысқа қарай Азия антициклонының тармағы өтеді. Соның әсерінен тұрақты суық ауа-райы қалыптасады. Уралда релефтің әсерінен биіктік климат белдеулері пайда болады. Бірін-бірі ауыстыратын климаттық белдеулер өсімдік белдеулерінен айқын көрінеді. Таулар мен оған жалғас жазықтар арасындағы климат айырмашылығы Оңтүстік Уралды кесіп өткендігі байқалады. Тау етегінде Орыс және Батыс Сібір жазықтарының даласы келіп тіреледі. Дала тау беткейлерінде орманды далаға ауысады: батыс беткейінде жалпақ жапырақты ағаш, шығыс беткейінде қылқан жапырақты ағаш - қарағай, балқарағай өседі. Орманды далада жоғарырақ қылқан жапырақты тайга орманы жатыр. Тайга ормандары мың метрден жоғары тау төбелерінде өспейді, оның алдымен таулы орманды тундра, кейін таулы тундра басады.

Полярлық Уралда, поляр шеңберінің солтүстігінде жазықтық тундра таулы тундраға ауысады. Сөйтіп, Оңтүстік Уралдың Солтүстік және Полярлық Уралға қарай климаттық белдеулердің, солармен бірге өсімдік белдеулерінің сыналанып кіретінін байқаймыз.

Релефтің әсерінен Уралдың климаттық белдеулері солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысады. Бұл құбылыс өсімдіктерден де айқын көрінеді. Мысалы, тундра бүкіл Полярлық Урал тауларын жапқан және оңтүстікте Народная мен Сабля тауларына дейін, ал кейбір тау төбелері мен Оңтүстік Уралдың орталық бөлігіне дейін тараған. Орман белдеуі Оңтүстік Урал тауларын қуалап, батысы мен шығысындағы жазықтардағы орман белдеуінің оңтүстік шекарасына қарағанда 200км оңтүстікке жылжыған. Орман Урал тауларын бойлап оңтүстікке қарай жазықтардағы орманды дала, дала ендіктеріне тарайды. Уралдың климатына тигізген релефтің әсерінен тауларда көптеген жергілікті климаттар жасалады. Жергілікті климаттар релефтің жергілікті ерекшеліктері бар - ірі аңғарларда, құрғақ немесе суға толы тұйық қазан шұңқырларда, үлкен беткей беттері мен тау төбелерінде құралады. Мұнда көршілес жатқан кеңістіктерден температура, жауын-шашын, ылғал, жергілікті жел көрсеткіштері басқаша сипатталатын, кейде үлкен айырмасы бар жергілікті климаттық жағдайлар пайда болады.

Уралда қыс қатты, суық және соның ішінде Полярлық, поляр маңы және Солтүстік Уралда ұзақ. Полярлық Уралда қыс қазаннан-ақ, қар бекігеннен бастап, сәуірге дейін созылады. Қар маусымға қарай ғана кетеді, соның өзінде ойдым-ойдым күртік қар қалып қояды. Қазанның ауа температурасы -20º-қа дейін, қарашада 40º-қа төмендейді. Мамырда Полярлық, поляр маңы және Солтүстік Уралда ауаның температурасы -20º-тан төмен болады. Оңтүстік Уралда қыс қарашаның аяғында - желтоқсанда басталады. Оңтүстік шетінде қар желтоқсанның үшінші он күндігінде бекиді. Қар наурыз-мамырда кетеді.

Урал алдында, Урал сыртында және Уралдың беткейлерінде қыс әртүрлі өтеді. Урал алдында қыс Шығыс Европа жазығына жапсарлас бөліктеріндегідей: ол едәуіркенет өзгергіш метеорологиялық элементтермен және циклондық әрекеттермен сипатталады. Бұл құбылыстармен қатар, ауа-райы жиі өзгереді қар мол жауады. Урал сырты мен Уралдың шығыс беткейінде метеорологиялық элементтердің жүрісі Сібір антициклонына байланысты. Сондықтан ауа-райы мұнда антициклондық жағдайға лайық тұрақты. Қар Урал сырты мен Уралдың шығыс беткейінде кейде ақпанға дейін түспеуі мүмкін, өйткені бұл айда, әдетте, аз бұлтты, жауын-шашынсыз өте аязды ауа-райы басым. Урал сыртында (Челябинск облысында ) қардың қалыңдығы 40см-ге жетеді(ол мұнда бес ай шамасында жатады), ал оңтүстігінде 15-20см-ге жетеді.

Уралда қаңтардың орташа температурасы поляр шеңбері сыртында -20, -22º, Солтүстік және Орта Уралдың шекарасында -17, -18º, Уралдың оңтүстігінде -16º.

Температураның абсолюттік минимумы поляр шеңбері сыртында -50º, Уралдың оңтүстік шетінде -46º-қа тең. Уралда шілденің орташа температурасы поляр шеңбері сыртында +11, +12º, Орта және Солтүстік

Урал шекарасында +15, +17º, Орта Урал оңтүстігінде +17, +18º, Уралдың оңтүстік шетінде +18, +20º. Температураның абсолюттік максимумы Орта Уралдың солтүстік бөлігінде +31, +35º, ал Уралдың оңтүстік шетінде +38, +40º.

Қысқы температуранаң инверсиясы өсімдік жамылғысы инверсиясына да себепші болады. Мысалы, Оңтүстік Уралдың батыс беткейінде аңғарлар

түбінде қарағайлы-қайң орман, аңғар беткейлерінде-емендер, онан жоғарыда-үіңкі мен ильм аралас жөке орман өседі.

Желтоқсанның орташа температурасы 850 м биіктікте орналасқан Иванов руднигінде, қазаншұңқыр түбінде, 450 мбелгіде жатқан Златоусттан 2 º жоғары орналасқан.

Уралдын көктемі қысқа, әрі салқын, әсіресе Солтүстік, Поляр маңы және Полярлық Уралда солай. Полярлық Уралда қар мамырдың аяғында кетеді, бірақ оның орталық таулы бөлігінде жазда да көптеген ойдым-ойдым қар алқаптары қалады. Қар Солтүстік Уралда мамырдың ортасында, Орта Уралда - сәуірде, ал Уралдың оңтүстік шетінде- наурыздың аяғынд еріп бітеді. Көктем әдетте, бірден шығады, қар әсіресе сәуірдің бірінші жартысында тез ериді. Мысалы, Урал сыртында қар 20 күн ішінде, Урал алдында 30-40 күнде еріп бітеді.

Өтпелі маусымдарда, яғни көктем мен күзде, ауа массаларының меридиандық айналымы күшейетіндігі байқалады. Ол арктикалық массалардың Уралдың оңтүстігінде пайда болған континенттік массамен жиі алмасуына әкеп соғады. Мұндай жағдайда ауа райы тым құбылып, ызғарлы суықтар қайталанады, үсіктер түседі. Кеш көктемде үсік түсуі - Урал климатының байырғы ерекшелігі.

Урал тауында жаз қоңыр салқын, Оңтүстік Уралдың оңтүстік бөлігінде ыстық. Маусым айында Уралдың барлық бөлігінде жылу мен радиациялық баланс оң мәнге ие. Бұл уақытта атмосфера циркуляциясы жаздық тәртіпке(режим) көшеді, яғни полярлы фронт Уралға қарай

бағытталып, бедердің ықпалынан өтпелі циклондарда фронтардың асқынуы жүреді. Бұл құбылыс күн күркіреу, жауын-шашын мен бұлттылықтың көбеюіне әсер етеді. Полярлық Уралда жаз қысқа-екі айға жуық: шілденің орташа температурасы +12°-тан төмен. Уралдың оңтүстік шетінде шілденің орташа температурасы +20°. Тауларда ең жоғарғы температура +30°, батыс беткейінде+33°, Уралдың оңтүстік шетінде +40°.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урал өзені – _кушум бекеті бойынша су өтімі қисықтарын тұрғызу және жылдық ағындыны есептеу
Жайық өзенінің орналасуы
Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама
Орта Азия табиғи-географиялық өлкесі және оның аймағы, шекаралары
ТМД-дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Деркүл өзені – Белес (Ростошский) ауылы бойынша көктемгі су тасуды есептеу
Хибин тауларының биіктік белдеулері
Материктердіц физикалық географиясы
П.П Семенов - Тянь-Шанский
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz