Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Глоссарий

Білім - мінез- құлқы арқылы айқындалатын қандайда бір тұлға жетістігі; адамның рухани бейнесі.

Құзіреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.

Парадигма - қажеттілік пен мүмкіндікті сезіну, ұстаным.

Портфолио - оқушының жеке жетістіктерін бағалауын, жинақтауын ұйымдастырудың негізгі тәсілі.

Технология - грек тілінен аударғанда «tehne» - өнер, іскерлік, шеберлік және «logos» - білім, ұғым деген мағынаны білдіреді, яғни технологияны шеберлік, маманның іскерлігі туралы ілім деп айтуға болады

Аутентикалық - «аутентикалық» яғни, шынайы бағалауға барынша жақындатылған) дараланған бағалау тәсілдері .

Әдіс - (метод - грек сөзінен metodos -теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің ыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Оқыту әдісі - оқушылардың оқу танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі.

Танымдық іс-әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.

Танымдық іс-әрекет белсенділігі - мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымы, сипаттамасы.

Өзін-өзі бағалау - өзіне сыни тұрғыда қарай отырып, өзін-өзі түсінуі мен кабылдауының психологиялық механизмдерін басқару мен жеке тұлғалық маңызды салаларын дамытудағы ой-өрісінің, санасының өзіне деген катынасы.

Өзін-өзі анықтау - оқушы өзінің іс-әрекеті мен көзқарастарын, жеке ерекшеліктерін объективті бағалау аркылы білім алу мен жеке өміріне, қоғамдық маңызды істер мен өзін-өзі жетілдіруге құндылық бағытының қалыптасуына психологиялық бағдарлауы.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясының негіздері

1. 1 Портфолио технологиясының даму кезеңдері5

1. 2 Портфолио мәні және жіктелуі 9

1. 2. 1 Оқушы портфолиосының мәні 12

1. 3 Портфолионың құрылымы және портфолио технологиясының білімді жетілдірудегі мүмкіндіктері 14

1. 3. 1 Портфолионы құру реті 15

1. 4 Портфолио технологиясын мектеп аясында қолданудың ұтымдылығы және оны қалыптастыру кезеңдері17

1. 4. 1 Портфолиомен жұмыс жүргізу кезеңдері18

1. 4. 2 Портфолио құрылымын анықтау, материал жинақтау19

1. 4. 3 Материалдарды жинақтау мен портфолионы рәсімдеу ережелері 20

2 Портфолио технологиясы арқылы оқушылардың іс-әрекетін белсендендіру және білім сапасын жүйелі түрде қорытындылау

2. 1 Оқыту процесінде портфолио технологиясы негізінде оқушының өзін-өзі бақылауының рөлі 22

2. 1. 1 Портфолио технологисы бойынша танымдык тапсырмаларды орындау алгоритмі25

2. 2 Портфолио технологиясында оқушының өзін-өзі бағалауының ұтымдылығы 30

2. 2. 1 Портфолио бойынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру 33

2. 3 Портфолио технологиясы бойынша химия пәнінен оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде қорытындылау36

2. 3. 1 «Портфолиоға» коментария жайында37

2. 4 Химия пәнінен Жұмыс портфолиосына енгізілген материалдар___45

2. 4. 1 Оқушы ізденістері47

2. 5 Пікірлер портфолиосына енгізілген материалдар51

3 ҚОРЫТЫНДЫ 70

4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ71

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпаны күнгі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Бұнда біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойылып отыр. Жолдаудағы басты міндет ретінде «еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру» [1] .

Көрсетілген міндеттерді шешуде жалпы орта білім беру жүйесіндегі оқушылардың танымдық қажеттіліктері мен белсенділіктерін, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында маңызды роль атқаратын және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды мәселе - оқушының өзін-өзі бақылауы бағалай білуі және соған сәйкес, танымдық іс-әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.

Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, білім алу мен оны шығармашылық тұрғыда күнделікті өмір жағдайына дұрыс пайдалана білу, сондай-ақ болашақтағы бағдарын анықтауда өзін-өзі жетілдіруге көзқарасының қалыптасуына негіз болады. Демек, өзін-өзі бағалау - жеке тұлғаның келешектегі даму бағдары мен өмірлік мақсат-мұраттары, перспективалық ұстанымдарының қалыптасуьна әсері мол. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру олардың жеке тұлғалық сапалары мен даралық ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтары мен дүниетанымын дамытуға бағьтталуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы өзекті мәселелерді шешуге шетелдік тәжрибие негізінде портфолио технологиясын қолдану оқушылардың білім сапасы мен бейін алды оқуын анықтауға негіз болып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңында бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыру туралы нақты айтылады.

Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру [2] .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеттері:

- білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;

- оқыту технологиясын жетілдіру;

- білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.

Осылайша білім берудің парадигмасы «өмір бойына алған білімнен» қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға» дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың жаңа тәсілдері енгізіледі[2] .

Жұмыстың мақсаты. Орта мектеп химиясын оқытуда оқушылардың білімін қорытындылауды портфолио технологиясы арқылы іске асыру және портфолио мүмкіндіктерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалык, рухани өміріндегі өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінде ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр. Еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы жаңа бағыттары "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында, ҚР Білім Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Елбасы жолдаулары мен 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы т. б. ресми құжаттарда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын, білімдік және біліктілік, рухани деңгейлерімізді айқындайтын жеке тұлғалық сапаларды дамыту мәселесі өзекті етіп көрсетіліп отыр .

Сондықтан портфолио технологиясы негізінде оқушылардың өзін-өзі бақылауын жүзеге асыру, өзінің мүмкіндіктерін анықтай білуде "өзін-өзі бағалау" ұғымының мәні мен мазмұнын, механизмін анықтау маңыздылығы артуда. Педагогика ғылымында бұл мәселені шешу үшін тұлғаны табиғи үйлесімділікте дамыту және оның даралық мүмкіндіктерін ескере отырып, өзін-өзі объективті бағалау арқылы жетілдіру жолдарын іздестіру өзекті күйінде қалып отыр

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызды л ығы:

Портфолио технологиясы жан-жақты қарастырылып оқушылардың шынайы бағалануы мен бағалауы және оқушыларды зерттеушілік қабілетін құзіреттілік тұрғыда қалыптастыруда оқушы мен оқытушы және ата-ананың мүмкіндіктері анықталады.

Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия

1. Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясының негіздері

1. 1 Портфолио технологиясының даму кезеңдері

Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу, үйрену, қолдану күннен-қүнге басты талапқа айналып, оқу бағдарламасында жаңа үрдістер көптеп енгізілуде. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесін халықаралык, стандартты басшылыққа алып ұйымдастыру ісінің қарқынды қолға алынуы ғалым-әдіскерлер алдына білім беру мекемелерінің оқу жоспарындағы пәндердің мазмұнын оқу - әдістемелік кешенін қайта қарау қажеттігі туралы мәселе қояды.

Сабақ барысында әр оқушының тұлғалық қалыптасу бағдарын баланың жеке ерекшелігі мен қабілетін есепке ала отырып жоспарлау үшін төмендегідей шараларды ескеру шарт болмақ:

  • сабақ үрдісінің орталық нүктесі - оқушы, оның білімге ынтасы мен шығармашылық қызметі;
  • мұғалімнің рөлі дәстүрлі оқыту кезіңдегідей емес, мұндай оқу үрдісінде өзгеше жауапты;
  • сабақтың сәтті өтуі үшін оқушылар аса ынталы болады әрі өздерін соған жауапты сезінеді;

- бұлай оқытудағы басты мақсат - әрбір оқушының биік интеллектісі мен шығармашылық қабілетін дамыту, мектепті бітірген соң өз мүмкіндігін қоғам қажетіне керегінше, еркін жұмсай алуға дайындау, өздігінен ой түйіп, келелі шешім қабылдай алуға үйрету.

Жоғарыдағы мақсаттардың іске асуы үшін ұсынылып отырған дидактикалық жүйенің жетіспей тұрған бір үзігі бар, ол - психологтарша айтқанда, рефлексия, яғни, оқушылардың өзін-өзі объективті бағалау қабілетін" қалыптастыру. Адамның өзін-өзі артық немесе кем бағалауы көп жағдайда көңілсіз жайттарға апарып соғатыны аян. Өзін асыра бағалап адамның өрекеттері тек өзіне ғана емес, қоршаған қауымға да кесірін тигізіп жататыны бар. Сонымен қатар, өзін жете бағаламайтьн адамдардың да өмірде өзіне лайық орын табуы қиынға соғып жатады.

Бұл мәселені шешуге мүмкіндік беретін нұсқаның бірі -оқушының тілдік құзыреттілігінің қалыптасуын бақылау және бағалау әдісі ретінде "портфолио" әдісі ұсынылады. Ең алдымен «портфолио» дегеніміз не? «Портфолио» сөзі қандай мағына береді? деген сұрақтарға жауап беріп «портфолио» технологиясының шығу тарихына және Қазақстанның білім беру үдерісіне енгізуге негіз болған мәселелерге тоқталайық[3] .

Оқушы жетістіктерін бағалаудың әр түрлі формалары бар. Солардың ішінде тесттік бағалау туралы соңғы күндері көп айтылып жатыр. Басқа бағалау құралдары сияқты тесттік бағалаудың да жақсы жаман жақтары бар. Соның ішінде ұтымды жағына тоқталатын болсақ, тест емтиханға қарағанда аз уақыт ішінде көптеген балалардың білімін тексеруге, бағалауға икемделген. Ал оның негізгі кемшілігі кейде нашар оқитын балалардың кездейсоқ берген жауабы дұрыс болып, көп балл жинап жоғарғы оқу орындарына түсіп, ал керісінше жақсы оқитын бала аз балл жинап, шетте қалып отыр. Сондай-ақ, қазіргі кезде дайындалып жатқан тест сұрақтары жалпы орта білім беру мектебінің мазмұнынан алынып баланың тек пән бойынша алған білімі ғана тексеріледі де, баланың қосымша атқарған жұмыстары, яғни оқушының шығармашылығы шетте қалып отыр.

Тест бағалау формасын тәжірибеден өткізген шет ел мамандары осындай олқылықтарды жою үшін, өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап түзету жолдарын іздестіруде. Соның бір шешімі ретінде АҚШ - та портфолио бойынша бағалау системасы жүзеге асырылуда. Портфолио француз тілінен аударғанда "баяндау", "тұжырымдау", "жеткізу", "бет", "парақ" және "досье", "жетістіктер жинағы", ал итальян тілінен аударғанда портфель, немесе белгілі бір уақыт аралығындагы жасалған жұмыстар жинақталатын папка деген мағынаны білдіреді. Портфолио сөзіне шығармашылық зертхана, педагогикалық багаж, жинақ папкасы, әдістемелік папка, коллекция, архив, есеп, өзін-өзі бағалау, жинақтама (копилка) сөздері де синоним бола алады. Европада бұл портфолио идеясы кең өріс алуда. Ал Ресей Федерациясының білім беру Министірлігінде 03. 07. 2003 ж Ресей Федерациясының білім беру Министірлігінің В. Н Филипповтың басшылығымен портфельді оқытуға байланысты өткен жиналысында «білім алудағы жетістіктер портфелін» құрудағы бірнеше нұсқаларын тәжрибиеден өткізу мақсатында тәжрибиелік-теоретиктерге «профильді оқыту» проектісі бойынша ұсынды. Қазіргі таңда федеральды жұмыс тобы «портфолионы» құрудың үш базалық нұсқадан құралған кеңейтілген портфолионы қолдануда[4- 11] .

Тәжірибие барысында осы тәжірибиеге қатысқан әрбір муниципальды білім беру мекемелері «портфолионы» құрудың белгілі бір типін өз бетінше таңдап алды. (ұсынылған үлгілердің ішінен немесе өздерінің үлгілерін ұсына алады) және осы «портфолио» тақырыбына байланысты коференцияны, 25-27 қыркүйекте Сочи қаласында ұйымдастырылып онда портфолиоға қатысты ұсыныстар талқыланды[12] .

ҰБТ мен бағдарлы оқыту енгізілуіне байланысты бұл тәжірибе Қазақстанда да қолданысқа кіргізілуде. Ол туралы 12 жылдық оқытуға арналған жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізгі ережесінде, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 8. 2. 0қушылардың оқу жетістіктерін бағалау пунктінің 8. 2. 3 бөлімінде былай делінген: Оқушылардың оқужетістіктерін бағалаудың мынадай түрлері енгізіледі: сыртқы баға, ішкі баға және портфолио[13] .

Жеке білім беру траекториясының іске асырылуының, оқудағы ілгерілеудің байқалуының, тұлғаның дамуы мен оқушының әлеуметтік белсенділігінің деңгейі, жалпы мәдениетінің, оқушы ой-өрісінің жеке қырларының ерекшеліктері, рефлексияга қабілеттілігі белгілі оқу кезеңі, оқу жылы бойындағы оқу жетістіктерін мақсатты, жүйелі, үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны ретінде портфолио көмегімен есепке алынады және бағаланады [14] .

Осы жерден портфолионың заман талабы екенін айқын көруге болады. Сол үшін де портфолио деген не? Портфолио арқылы нені бағалауға болады?- деген сияқты сұрақтардың туындайтыны даусыз.

Портфолио сөзі суретшілер әлемімен тығыз байланысты. Ренассанс дәуірінде архитекторлар мен суретшілер жұмысқа орналасу үшін өздерінің шеберлігін көрсету мақсатында салған суреттерін, не болмаса құрылыс жобаларын арнайы бір папкаға жинап алып барған. Міне осы папканы сол кезде портфолио деп атаған.

Қазіргі күнде портфолио тек бір саланы емес, бірнеше саланы қамтып отыр. Соның ішінде портфолионың білім саласына еніп, негізгі мақсат еткені оқушының неге қабілетті екенін көрсету. Портфолио әдеттегі білім, білік, дағдыдан басқа оқушының компетенттілігін тексеруге, бағалауға көмектеседі. Қазіргі таңда «портфолио» сөзіне бірнеше анықтамалар берілген соны атап өтетін болсақ[4, 6] :

1 сурет. «Портфолио» ұғымына анықтамалар

Сонымен портфолио арқылы баланың мектептен алған білімінен басқа оның жан-жақты даму траекториясын қадағалай аламыз.

Портфолио жүйесін жүзеге асырған шет елдік мамандардың тәжірибелерін зерделей келе біз төмендегіге көз жеткіздік.

т. б. үйренеді.

2 сурет. Портфолионың оқушыларға тигізетін әсері

Сондай- ақ портфолио бағдаралды дайындықты жүргізуге және бағдарлы оқытуда оқушы - мұғалім - ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, баланың дұрыс кәсіп талдауына ықпал етеді. Яғни ата-ана мен мұғалім осы портфолио арқылы баласының қай салаға көбірек қабілеті, икемі бар екенін анықтауға қосымша мүмкіндік алады.

Портфолио бағалаудың бір түрі ғана емес, сондай-ақ ол оқушылардың оқу мотивациясына көмектеседі, оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді (өз алдына оқуға, өзін-өзі бағалауға), оқу процесінде алдына мақсат қойып, өз алдына ізденіп оқуға, іс-әрекетін жоспарлауға, ұйымдастыру қабілетінің қалыптасып, дамуына көмектеседі.

Портфолиомен жұмыс алып жүргендегі негізгісі сол процестің өзі, оның міндеті баланың неге қабілетгі екендігін көрсету.

Портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын бағалау құралының бір баламасы ретінде емес, жаңа оқу процесін ұйымдастыру құралы болып есептеледі. Портфолиода оқу нәтижелері ғана емес, сондай-ақ соған жету үшін қандай талпыныстар жасалынғанын, оқушының бұрынғыға қарағанда білімі мен білігіндегі ілгерілеу жолдары айқын көрінеді[15] .

1. 2 Портфолио мәні және жіктелуі

Қазіргі күнде портфолио тек бір саланы емес, бірнеше саланы қамтып отырғанын жоғарыда айтып кеттік. Сонымен портфолионың қолданылу аясы мынадай болып табылады.

3 сурет. Портфолионың қолдану аясы

Ендігі кезекте оқушы портфолиосының мәні, негізгі типтері мен құрылымына тоқталайық.

- Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.

- Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.

- Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.

-Өзекті мәселелер мен кәсіби шығармашылық тапсырмалардың шешімдері.

-Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.

-Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер) .

-Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.

- Жалпылау материалдары (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар) .

- Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.

- Берілген қосымша тапсырмалар т. б.

Портфолио қазіргі заманғы бағалаудың түрі болып қана қоймай, сонымен қатар кейбір маңызды педогогикалық міндеттерді орындауға көмектеседі.

  • Оқушының оқуға деген ынтасын жоғары деңгейде ұстап тұрады.
  • Белсенділігін, өз бетінше жұмыс жасай алуын бағалайды;
  • Өзін-өзі бағалау рефлекциясын бағалайды;
  • Өзінің оқу қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат қоя білу білігін қалыптастырады;
  • Қоғамда өз орнын таба білуге көмектеседі.

Портфолионы жасауда оның негізгі үш түріне мақсатты түрде бағдарлану қажет: 1-ші «Құжаттар портфолиосының» мән.

4 сурет. Құжаттар портфолиосы

5 сурет. Құжаттар портфолиосының құрылысы

6 сурет. Жұмыс портфолиосы

7 сурет. Тілек немесе Пікірлер портфолиосы

«Пікірлер портфолиосы» құжатының үлгісі.

  • Жасалған жұмыстың сапа қорытындысы. (оқушылардың ғылыми ортасында )
  • Мақала рецензия.
  • Қосымша сабақ беру мекемесіндегі колективтің шығармашылық жұмысына тілек.
  • Оқушылардың жеткен жетістіктері бар және сол оқушыларға дайындалған резюме.
  • Оқушының эссесі.
  • Әлеуметтік практиканы өткендігі жайында ұсыныс хат.
  • Тағы басқа[ 8, 13, 16] .
  1. Көрсетілген портфолио нұсқаларының негізге ала отырып эксперимент жасай келе портфолио модельдерін кешендеу ұсынылады. (типтері бөлімдер ретінде бөлініп көрсетіледі)

8 сурет. Портфолио модельдері

1. 2. 1 Оқушы портфолиосының мәні

«Оқушы портфолиосы» - оқушының таным іс-әрекеті мен шығармашылық еңбегін бағалауының құралы. Жеке қызметінің рефлексиясы. Бұл қарастырылатын құжаттар кешені:

  • «Портфолиоға» материялдар жинау жайлы оқушыға тапсырма .
  • Оқушының жұмыстарымен мұқият танысуы керегін толтыратын ата-анаға арналған сауалнама .
  • Портфельді қарап шығуға арналған тәжірибиелік топтар анкетасын беру.

Мұндай портфолионы дәстүрлі түрде немесе электрондық түрде жасауға болады. Мұндай папкаға кіру мүмкіндігі тек авторда болуы керек[17] .

Оқушы өз қалауы бойынша немесе мұғалімнің тапсырысы бойынша жұмыс алып, оны өз бетінше сыныпта немесе үйде орындап, жүйелі түрде «портфолиосына» салып қояды. Таңдау бір жылда немесе тоқсанда бір ғана пәнді таңдауы мүмкін. Жеке жұмыстар немесе портфолио оқушының коментариясымен алынады: не үшін ол дәл осы жұмысты ашуы керек; бұл жұмыстан не шықты, яғни қандай нәтиже алады немесе не үшін нәтиже шықпай қалды. Жұмысқа деген оқытушының бағасымен келісеме жоқ па?

Оқытушы жеке оқушыларға болмаса барлық топтарға осындай «портфолио» яғни өзінің пәніне байланысты құруды ұсынуы мүмкін. Бұл жұмыста маңыздысы оқушының өзін-өзі бағалауы. Оқушының өзінің тілегі бойынша немесе жұмысының белгілі бір көлемін аяқтаған соң, өз портфелін презентацияға қояды. Алдымен ол презентацияны өзінің кіші тобында көрсетуді ұсынуы мүмкін, содан соң барлық топқа көрсетеді. Басқаша айтқанда оқушы жолдастары мен оқытушыларын паролін аша отырып өзінің парағына шақырады (егер «портфолио» электронды нұсқада болса) Осы мақсатта оқытушы бағалау үшін тәуелсіз тәжрибиелерді тағайындайды (басқа топтан) . Ұсынылып отырған материал сабақ үстінде талқыланады, егер оған ауызша түрде уақыт бөлінбесе жазбаша түрде сабақтан тыс талқыланады. Мұндай форумда оқушы өзі таңдаған немесе мұғалімнің таңдауымен алынған білім аймағында өзінің алға жылжуын көрсете білуі қажет және осы жұмысқа максималды күш-қуатын жұмсағандығын көрсетуі тиіс. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы оқытушының, ата-аналардың және тәжірибиелер құрамының бағалауымен сәйкес келеме немесе келмейді ме соны білуі керек. Ол өзін-өзі бағалауын неге сәйкес келді немесе сәйкес келмеді осыны түсіндіре отырып, болашақта осы аймақта қандай танымдық және шығармашылық іс-әрекеттер істейтітіне қысқаша мәлімет береді.

Егер олар өздеріне жақсы қарым-қатнаста болса, олар сіздермен өз пікірлерін бөліседі. Дегенмен, өздерінің еңбектеріне деген басқалардың пікірін білу де артық етпейді. Тек осылай ғана тұлғаның өсуі және дамуы іске асады. Егер сенім болмаса, ашық түрде әңгіме де болмайды. Қазіргі заманғы оқушылар, әрине студенттер де мұндай техналогияны меңгеріп алған. Ал интернет өзінің барлық жағдайын ұсынады[18] .

«Оқушының портфолиосы» тек білімге бағытталмаған, ол оқушының құзіреттілік қабілетін, өзін-өзі ұстау мәдениетін, спорттық жетістіктерін де қамтиды. Егер әңгіме оқушы жайында болса, онда «портфельді» талқылауда ата-ананың да белсенді түрде араласқаны жөн. Ата-аналар өзінің баласының немесе қызының портфелінде көрсетілген жұмыстарын бағалауы қажет, бірақ мұғалімнің қайта бағалауымен іске асады.

Портфель авторының позициясын талқылауда мұндай технологияның принциптерін былай жіктеуге болады:

1 Нәтижелерін бағалау (тоқсандық, жылдық) . Таным іс-әрекеті мынадай көрініс табады:

  • Оқу бағдарламасына осы немесе басқа пәннің білімінің сәйкестігі
  • Таным іс-әрекетінде оқушының өз бетінше шешім қабылдай алу дағдысы.
  • Оқушының құзіреттілік қабілеттерінің ерекшелігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беруге көшудегі эксперименттік іс әрекеттерді ұйымдастыру
Оқу партфолиосы оқушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа формасы
Мұғалім портфолиосы
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
Окыту сапасын бағалау объектілері
Ойлау ұғымына түсініктеме
Педагогикалық бағалау функциялары
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz