Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау



Мазмұны

1. Кіріспе

2. Әдебиеттерге аналитикалық шолу 7

3. Зерттеу ауданының табиғи ауа.райына шолу 9
3.1. Жер бедері, өсімдігі және гидрологиясы 12
3.2. Жануарлар дүниесі 17
3.3. Материалдар мен тәсілдер 19

4. Қырғауылдың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері 22
4.1. Мекені
4.2. Қоректенуі 38
4.3. Көбеюі 39

5. Аңшылық кәсіптік құстарын санау 41
6. Биотехникалық шаралар 43
7. Қырғауылды аулау тәсілдері мен құралдары 47
8. Жануарлар дүниесін қорғау 51
9. Еңбек қорғау 53

Қорытынды мен ұсыныстар 55

Қолданылған әдебиет көздері 57
Кіріспе

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Бұл мекеменің директоры Шыныбаев Нурлан, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас маман Үйсінбаев Жамалбек, бас есепші, хатшы және тағы басқа да орманшылармен, егерь, орман күзетшілері жұмыс атқарады. Жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. Ауланатын жануарлардың сапалық құрамын анықтауға шаруашылықты жүргізуде бағытты ескерулер тиіс. Кейбір жағдайларда аңшылық олжаларын көп алу көзделген болса, ересек аталықтардың аулану үлесі көбейеді де, өсімінің мөлшері азаяды. Ересек аталықтар мен аналықтардың қатынасы келесідей болғанда, өсімнің нормалды мөлшерін қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Куәлік 8-1907-02-ММ Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі, 2005 ж.
2. Ереже Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі, 2005 ж.
3. Проект организации и развития охотничего хозяйства Нарынколского лесохозяйственного предприятия Алматинской области 1992-1993 г.г.
4. Сводный отчет Нарынколского ГУ лесного хозяйства за 2001-2005 г.г.
5. А.А.Слуденский – Труды института зоологии АН Каз ССР, Алматы, 1956
6. Л.В.Шапочников. Охрана природы в СССР. М., Знание, 1961
7. Б.К.Штекман. Первые последователи Кастьня. М. Географгиз, 1949
8. Спангберг В.П. – Записки натуралиста. МГУ, 1986
9. Фейгин Л.П. Фазаны СССР. М-Л, издательство АН СССР, 1952
10. Гугаринов А.Я., Козлов Е.В. (1945) – Жизнь птиц на зимовне в Кызылагачском заповеднике им. С.М.Кирова
11. Карелин Л.В. (1879) – Избранное о животных. М., изд. Литература, 1972
12. А.П.Потанов «Птицы СССР». Курообразные, журавлеобразные, Л., 1984, с. 119-195
13. Коликаров Д.Ю. Методические указание по учетучисленности охотничье-промышленных животных в условиях Узбекистана, ІІ информационное сообщение, №126, Ташкент, 1975, 23 с.

Мазмұны

бет
1. Кіріспе
2. Әдебиеттерге аналитикалық шолу
7
3. Зерттеу ауданының табиғи ауа-райына шолу
9
1. Жер бедері, өсімдігі және гидрологиясы
12
3.2. Жануарлар дүниесі
17
3.3. Материалдар мен тәсілдер
19
4. Қырғауылдың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
22
4.1. Мекені
33
4.2. Қоректенуі
38
4.3. Көбеюі
39
5. Аңшылық кәсіптік құстарын санау
41
6. Биотехникалық шаралар
43
7. Қырғауылды аулау тәсілдері мен құралдары
47
8. Жануарлар дүниесін қорғау
51
9. Еңбек қорғау
53
Қорытынды мен ұсыныстар
55
Қолданылған әдебиет көздері
57

Кіріспе

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында
орналасқан.
Бұл мекеменің директоры Шыныбаев Нурлан, жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі бас маман Үйсінбаев Жамалбек, бас есепші, хатшы және тағы басқа
да орманшылармен, егерь, орман күзетшілері жұмыс атқарады. Жұмыс түрлеріне
байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық
шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы
биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге
бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын
жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға
арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге
асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын
фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық
іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды
жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам
игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. Ауланатын жануарлардың сапалық
құрамын анықтауға шаруашылықты жүргізуде бағытты ескерулер тиіс. Кейбір
жағдайларда аңшылық олжаларын көп алу көзделген болса, ересек аталықтардың
аулану үлесі көбейеді де, өсімінің мөлшері азаяды. Ересек аталықтар мен
аналықтардың қатынасы келесідей болғанда, өсімнің нормалды мөлшерін
қамтамасыз етеді.

Әдебиеттерге аналитикалық шолу

Қазақстан құстары кітабында тек олардың өмірінен көріністер, мекен
ету, таралау аудандары туралы мәліметтер бар. Бұнда осы атақты суретшінің
суреттері, картасы және басқа да фоталар түсірілген.
Екінші томда құстардың сипаттамалары толық жазылған, бұған дудақ,
кекілік, шағала, көгершіндер, бұлдырық, тауық тәрізделері, жыртқыш құстар
отрядтары жазылған. Бұдан кестелер осы құстарды баяндайды.
Бұл кітап аңшыларға, жоғарғы және орташа білім беретін мекемелердің
оқытушыларына, студенттерге биологтарға және табиғатты сүйішілерге
арналған.
Хроков В.В Кошелев А.И
Птицы и болот Алма-Ата: Қайнар 1989-272 с.
Бұл кітапта негізінен суда жүзетін және су маңайындағы құстар туралы
сипатталып жазылған, олардың адам өмірінде рөлі. Құстар араларында да кең
таралған және әртүрлі құс түрлері бар, сондай-ақ аз кездесетін және сирек
танылғандарды да кездеседі.
Табиғаттаы сүйетіндерге және кең көлемде оқитын оқырмандарға арналған.
Долгушин Игорь Александрович Птицы Казахстана том 1.
Бірінші том Қазақстан құстары биология ғылымдарының докторы И.А.
Долгушиннің мәліметттері бойынша құралды. Негізгі материалдар осы автордвң
және Зоология Институтының Қазақ ССР, яғни осындағы әріптерінің
мәліметтерінде жазылады. Сонымен қатар 1959 жылғы орнитология әдебиетіндегі
мәліметтерде қолданылады. Кітапта құстардың мекен ету ортасы, өмір сүру
көрінісі және Қазақстанның аң шаруашылығындағы мәліметтері, сондай-ақ
кестелер, олардың қысқаша ұсыныстары белгіленген. Негізінен құстардың
өмірімен танысып, толық білу, Қазақстан фаунасындағы құстарды толыққанды
білу, олардың мекенету орындарын болу басты ландшафтары, республикамыздың
аудандарын да қай құс қыстайды, қайсы ұшады, яғни мигратция жасайтын құстар
жайлы жақындырақ танысу.
Кітап көптеген суреттермен толықтырылған, арнайы суретпен айналасқан
Совет Одағының атақты суретшісі анималисі А.Н Комаров. Осы адамның
арқасында көп фото-суреттер қалпына келген.
Бірінші том құстардың керекті мәліметтерін, негізгі сегіз отрядын
баяндайды. Ал екінші томда басқа отрядтарды сипаттайды, үшінші томда да
құстар жазылған.
Говрин Василий Федрович, Долгушин Игорь Александрович, Кузьмина Мария
Алексеевна, Корелов Мотислов Николаевич Птицы Казахстан том 2.
Қазақстан құстар әлеміне өте бай және әртүрлі құстар мекендейді. Бұнда
500 құс түрі кездеседі, соның ішінде қырғауыл, бірқазан, суқұзғын, аққу,
ақбас үйрек, дуадақ, орақ тұмсақ, тарғақ, қара бас өгіз шағала, үлкен
қарқылдақ, бұлдырықтар, жылан жегіш бүркіт, лашын, үкі, сексеуіл торғайы,
жумсақ шыбыншысы, қара бозторғай және т.б. бар.

2. ЗЕРТТЕУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ АУА-РАЙЫНА ШОЛУ.

Нарынқол орман шаруашылғы болып 1947 жылы құрылған. 1993 жылы Нарынқол
аң шаруашылығы өндірістік кәсіпорыны құрылды. 1997 жылы 30 мамырда
Қазақстан республикасы ауылшаруашылғы министрлігінің № 31 бұйрығына сәйкес
Нарынқол орман аң шаруашылығы қүрылды. Қазақстант Республикасының табиғи
ресурстары және қоршағна ортаны қорғау министрлігі 2000 жылдың 20
ақпанында жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі құрылды.
Мекеменің жалпы жер көлемі 315 613 га. Оның ішінде меншіктісі 188 298 га,
жер қоры 127 315 га, мекеме үшке бөлінеді:
Текес орман шаруашылығы – 101 702 га;
Шалкөде орман шуаруашылығы – 63 322 га;
Сарыжаз орман шаруашылығы - 23 274 га.

Мекеменің кадрлармен қамтамасыз етілуі

Лауазымдар
Бюджеттік қызмет
Мекеменің басқару аппараттары: штаб бойынша саны
Директор – 1
Бас орманшы - 1
Бас есепші – 1
Бас механик – 1
І категориялы инженер – 1
ІІ категориялы инженер – 1
Орманды қорғау жөніндегі инженер – 1
Есепші – 1
Кадр жөніндегі инспектор – 1
Қойма меңгерушісі – 1
Кассир – 1
Барлығы – 11
Нарынқол орман шаруашылығының территориясы Тянь-Шань тауы жүйесіне
кіретін Кетпен, Теріскей, Іле, қыраттарының баурайларында орналасқан. Орман
қоры жерлерін орман өсімдік қауымы жағдайлары бойынша аудандастыру жүйесіне
(Медведьев, Гуриков 1972 ж.) сәйкес Нарынқол орман шаруашылығы Жоңғар
Алатауының Кеген-Нарынқол орман өсімдік қауымы ауданына кіреді.
Кәсіпорынның орналасу аумағының ауа райын сипаттайтын ерекшелік болып,
жер бедерінің пішініне және теңіз деңгейінен жер биіктігіне байланысты ауа
райы көрсеткіштерінің алуан түрлілігі мен құрлықтылығы есептеледі.
Теңіз деңгейінен биіктігі өзгерген сайын температуралық режимі,
тіршілік кезеңінің ұзақтылығы, жауын-шашын мөлшері, салыстырмалы
ылғалдылығы мен басқа да ауа райы әсерлері өзгеріп тұрады. Кәсіпорынның
орналасу аумағында тіршілік кезеңінің орташа ұзақтығы 105 күнді құрайды (1-
кесте), ал биіктік аумақтары бойынша ауытқуы 135 күннен 70 күнге дейін
болады.
Кесте-1
Ауа райы көрсеткіштері

рс Көрсеткіштер атаулары өлшемі күні
1 Ауа температурасы, градус
Орта жылдық 2,6
+33
Шектік жоғары -36
Шектік төменгі
2 Жыл бойғы жауын-шашын мөлшері,
мм 400
3 Тіршілік кезеңінің ұзақтығы, 105
күн
4 Ең соңғы көктемгі үсіктер 26.05.
5 Алғашқы күзгі үсіктер 22.09.
6 Қар жымылғысы
Қалыңдығы, см 16
Пайда болу кезеңі
Еріп жайылу кезеңі
7 Маусымдар бойынша басым
желдерінің бағыты, румб
Қыста ОБ
Көктемде Б
Жазда Б
Күзде ОБ
8 Маусымдары бойынша басым
желдерінің орташа жылдамдығы,
мсек
Қыста 1,3
Көктемде 1,9
Жазда 1,8
Күзде 1,4
9 Ауаның салыстырмалы
ылғалдыдылығы, % 66

2.1. Жер бедері, өсімдігі және гидрологиясы

Қазақстан Республикасының таулы ормандарда басты пайдалану кеспе ағаш
ережелері жобасына (1994ж.) сәйкес ұзындығы 10 км-ден асатын шағын өзендер
бойында орманды өсіруді жоспарлау ережелері бойынша ені 300 м-дей болатын
су жағалауын қорғаныш жолақтары бөлінген кәсіпорын территориясында мынадай
өзендер: Текес, Орта-Көкпақ, Үлкен-Көкпақ, Баянқол, Нарынқол, Сүмбі,
Шүбірлі-Қасан, Бозынбай, Қошқар, Қара-сай, Тұйық-Қакпақ.
Мемлекеттік мекеме орналасқан ауданда халық шаруашылығының жетекші
саласы болып, ауыл шаруашылығы есептеледі.
Ауыл шаруашылық өндірісте бастауыш орын етті-жүнді және етті-сүтті
бағыттағы мал шаруашылығы, үйірлі жылқы өсіру саласы алады.
Мал шаруашылық саласында басым орын биязы және биязылау жүнді қой
шаруашылығы алады. Мал шаруашылығының дамуына аудан аумағында орналасқан
кең көлемді жайылымдық және шалғындық жерлерінің бар болуы әсер етеді. Ауыл
шаруашылық дақылдарынан негізінде дәнді дақылдар мен картоп өсіріледі.
Ауданның агроклиматтық жағдайлары бойынша дәнді дақылдарды тәлімі және
суармалы жерлерде өсіруге болады. Арпа, сұлы, жаздық және күздік бидай
өсіріледі. Дәнді дақылдар арасынан бастаушы орын күздік бидай, ал ерте
жаздық дақылдардан - арпа. Аудан аумағының агроклиматтық жағдайлары картоп
өсіруге ең қолайлы болып есетелінеді.
Кеспе ағаш дайындау, ағаш өңдеп және орман химиялық өнеркәсібінің
кәсіпорындары аудан аумағында жоқ. Санитарлық жолмен ағашты дайындап,
өңдеумен кәсіпорынның кең ауықымда тұтыну цехы айналысады.
Ауданың жер аумағында орналасқан ормандар біркелкі емес негізінде олар
таулы аймақта түрлі құламадағы және беткейдегі баурайларында қалыптасқан
жеке шатқалдар мен сайларда орналасқан.
Ең қалың орманды болып Теріскей Алатау қыратының солтүстік баурайлары
есептеледі.
Мемлекеттік орман шаруашлық мекемесінің қарамағына 95 000 орман қоры
жер бар, оның ішінде ормандарды алқап жер көлемі 45 000 га. Орманды өсіруді
жоспарлау жұмысы мұндай ормандарда соңғы жылдары жүргізілмеген және олардың
жас топтары бойынша бөлінулері, ағаш қоры, болжамдық кеспе ағаш соңғы жылы
тек орман мамандарының күшімен атқарылып жатыр. Мұндай ормандарда кеспе
ағаш дайындауға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік мекеме орналасу жер аумағында
егіс қорғайтын орман алқаптары жоқ.

Қоршаған ортаны қорғау мен экономикасындағы
Мемлекеттік мекеменің ролі.

Аудан экономикасында орман шарашылығы мен аң шаруашылығы халық
шаруашылығының жетекші саласы болып саналмайды. Бірақ та ауданның жалпы
өнім көлемінде оның меншікті салмағы айтарлықтай қомақты. Ауданның қылқан
жапырақтылар сүрегіне тұтыну сұранысы маңызды көлемінде кәсіпорынның
ормандарында дайындау жолымен қанағаттандырады.
Соңғы жылдары кәсіпорынның кең көлемінде тұтыну цехы жыл сайын 8000
мың метр куб ағаш шикізат өңдеп шығарған өңдеу кезінде олар аудан халық
шаруашылғының мұқтаждығын толығымен қамтамасыз ететін халыққа тұтыну
тауарларын және өндіріс бұйымдарды шығарып, аудан экономикасында белгілі
ролін атқарған. Соңғы екі жылда барлық кеспе ағаш түрлерінен алынған
сүректің орта жылдық шығаруы 5000 метр куб көлемінде болған.
Аудан экономикасында егістік және пішендік жерлерді пайдалану, малды
жайып, бағу қосымша пайдаланудың сала түрлері айтарлықтай маңызды рол
атқарады.
Кәсіпорынның жайылмыдық жерлері 22,7 пайыз. Ал шалғындық жерлері –
18,5 пайыз, ауданның тиісті жерлерінің жалпы аумағын алады. Осы жерлер
аудан шаурашылықтары мен толық пайдаланады. Кәсіпорын территориясындағы
жерлер аумағының жалпы аумағынан ұзақ мерзімді қолданысмқа жайылым
жерлерінің – 99,7 пайызы, пішендік жерлерінің 95,4 пайызы және егістік
жерлерінің 99,9 пайызы берілген. Кәсіпорынның пішендік және жайылымдық
жерлерге тұтыну сұранысы табиғи жаңаруы жоқ, алаңқай. Ұзақ мерзімді
қолданысқа басқа сипаттағы жерлер де берілген. Жерлерінде малды жайып бағу
мен пішен өсіру есесінен толығымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның егістік
жерлер өз қызметкерлері мен көкеніс пен картоп өсіру үшін пайдаланады.
Пішендік жерлердің 1 га-дағы орташа өнімділігі 9 центнер шамасында,
жылдық ауа-райы жағдайларына және шалғындық саласына байланысты 8-15ц
аралықта ауытқиды.
Жайылымдық жердлердің өнімділігі бірсыпыра төмендеу, 4-6 ц 1 га-га.
Кәсіпорын жер аумағында ауыз судық қайнар көзі болатын және ауылшаруашылық
жерлердің өнімділігін арттыруға ықпал ететін егістік талаптарды суаруға
пайдаланатын көптеген өзендердің бастаулары орналасқан.
Кәсіпорын территориясында малды жайып бағуы ұзық мерзімді қолданысқа
берілген аумақтарында жүргізіледі. Орманды қалпына келтіру ісіне үлкен
шығын келтіретін ұзақ мерзімді қолданысқа берілмеген орманды жерлерде
рұқсатсыз өз бетімен малды жайып бағу оқиғалары кездейсоқ орын алады.
Кәсіпорынынң қосымша шаруашылығында орташа өнімділігі 1 га-дан 100 ц
жететін картоп және дәнді дақылдар (арпа, сұлы) өсіріледі. Болашақта
кәсіпорын жоспарында капуста, сәбіз, қызылша, тағы алмұрт пен сары өрікті
өсіруді көздеп отыр. Жергілікті орманның денсаулықты түзеу және тазалықты
сақтау шипалы ролі шекаралық режиммен шектеледі. Ауылшаруашылық жерлердің
байлығын және ормандардың кадастрлік бағалау, зерттеу жұмысын кәсіпорындар
жүргізбейді. Дәрілік шөптерде және техникалық шикізатты дайындау жұмысы
кәсіпорында жүргізілмеді. Ара шаруашылығымен тек әуесқой омарташылар
айналысады, өз омарташылары кәсіпорында жоқ. Кәсіпорын жер аумағында соңғы
3-4 жылдары ешқандай аң шаруашылық жұмыстары жүргізілмеген. Тек аз ғана
көлемінде биотехникалық шаралар жүргізілген.
Кәсіпорын жері Іле өзенінің су жинағыш әуітінің жоғарғы басында
орналасқан. Кәсіпорын жерінің аумағы бойынша ағып өтетін ірі өзендердің
көбісі Іле өзеніне құйылатын Текес өзенінің су жинағыш әуітіне жатады.
Кәсіпорын жер аумағы бойынша Текес өзенінің ұзындығы 20 км-ге жетеді.
Кәсіпорын жерінде Кеген өзеніне құйылатын Шалкөде-су өзенінің бастауы
орналасқан (2-кесте).
Үлкен Көкпақ өзені тармағында Бұзын өзенінің бас жағында (Текес
орманшылығы) теңіз деңгейінен 3080м-дей биіктікте, ұзындығы 1800м, ені 300-
400м болатын биік таулы Қаракөл орналасқан. Өзеннің ағыс жылдамдығы жер
еңістігіне байланысты және 1-3мс –тан 4,5-5,5 мс-қа дейін болады. Өзендер
ені 2-4м, тереңдігі 0,5 м-ден 2 м-ге дейін, ал Текес және Баянқол
өзендерінің ені 20-30 м-ге жетеді. Ыза сулары терең орналасқан. Соның
салдарынан ағаш-бұталы өсімдік қауымының өсу жүрісіне ықпал ете алмайды.
Топырақтарының сорғыштық деңгейі жоғары, соның салдарынан кәсіпорын
жерінде батпақты учаскелер сирек ұшырасады, кәсіпорын жерінің жер асты
сулар жағдайлары ағаш-бұталы өсімдік қауымының өсіп жетілуіне жалпы ықпал
етеді. Жалпы кәсіпорын жер аумағының топырақ – ауа райы және су жағдайлары
шыршалық орманның және бұталы өсімдіктерінің өсуіне қолайлы.
Кәсіпорын жер аумағында орналасқан өзендер мен көлдердің қысқаша
сипаттамасы

Өзендер мен көлдер Өзеннің құйылысы тармағыҰзындығы, км
Текес өзені Іле өзені 20
Орта қақпақ өзені Текес өзені 18
Үлкен көкпақ өзені Текес өзені 28
Баянқол өзені Текес өзені 25
Нарынқол өзені Баянқол өзені 17
Сүмбі өзені Текес өзені 12
Ой-қарағай өзені Шүбірлі-Қасан шүбірлі 13
Сатылы-қасан өзені Қасан өзені 12
Шүбірлі-қасан өзені Қасан өзені 8
Бөтеті-қасан өзені Қасан өзені 15
Шалкөде-су өзені Кеген өзені 18
Бұзынбай өзені Үлкен қақпа өзені 12
Қошқар өзені Кеген өзені 10
Көмірші өзені Кеген өзені 8
Қызыл-бұлақ өзені - 10
Қара-сай өзені Текес өзені 12
Құба-сай өзені Сүмбі өзені 6
Күркілдеуік өзені Сүмбі өзені 7
Мұраталы өзені - 5
Тұйық-Көкпақ өзені Үлкен Көкпақ 10
Көл өзені Нарынқол 10
Қара көл өзені - 1,8

2.6. Жануарлар дүниесі

Жануарлар орманда да, далада да мекендейді, еліктердің күнделікті өмір
сүру ортасы шаруашылықтың қайыңды жері.
Жаз айларында еліктер орманның жоғары бетінде жүреді. Қабандардың өмір
сүруі шаруашылықта әртүрлі таулы өлкеде бұталы мәдениетті өсімдіктер өсетін
жерлерде, арша маңайында және тағы басқа жерлерде.
Қыс айында қабандар жартылай қоныс аударуға көшеді, ал қалғандары күн
жақсы түсетін алқапта қалады.
Суырлар негізінен тау етегінде мекен етеді. Нарынқол орман
шаруашылығында суырылар орман жеріндегі алқаптарда қары аз жауатын жерлерде
және ормандағы жиегінде, бұлақ маңайында өмір сүреді. Сүт қоректілерден
қоян, су егеуқұйрығы, қабан шошқасы, тау теке, аю, қарсақ, барс, сілеусін,
арқар, марал, түлкі, қасқыр, елік, сұр қоян; құстардан құр, ақ кекілік, сұр
кекілік, қырғауыл, ұлар, шіл, уйрек, аққу, каз, тырна, шағала т.б-лары
мекендейді. Қайыңды ормандарда күйкентай, бөктергі, жағалтай, ителгі,
кезқұйрық кездеседі. Ашық жерлерде бөдене, балықшы, дала бозторғайы
мекендейді, батпақты жерлерде тау құдырет, қоңыр үйрек, шүрегей кездеседі,
қорықта өсімдіктердің 687 түрі, сүт қоректілердің 30, құстың 215, бауырымен
жоралаушылардың 7, қосмекенділердің 5 түрі мекендейді. Табиғат
байлықтарының бірі – жабайы аңдардан алынатын өнімдерді көбейтудің мақсаты,
маңызы ерекше, әсіресе біздің елімізде қоры мол , марал, тау теке, елік,
жабайы шошқа т.б. құстар секілді жануарларды жылма-жыл кәсіптік жолмен
аулауды ұйымдастырудың келешегі бар.

3. Материалдар мен тәсілдер

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғаудағы барлығы 12
автомашина, 6 әртүрлі трактор, ағаш өңдеу станоктары, аң аулау құрал-
жабдықтар бар. Өкінішке орай осы бар техникалардың көпшілігін қаражаттың
жоқ болуына байланысты қолдана алмай отыр. Атап айтқанда, 6 трактор, 2 Зил
-157 ағаш таситын автомашиналар, 1 автобус.
Мекеме негізінен ЗУЛЗ автокөлігін пайдаланады. Алға қарай мекеме ағаш
дайындаушымен айналысуына байланысты және мекемедегі екі орман питомнигі
жұмысына ДТ-75 тракторларынан 4 дана, МТЗ-80 2 дана, автомашиналардан ГАЗ-
53 2 данасын қажет етеді.

Жабайы аң құстардың санағы туралы мәлімет

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесінің № 92 02.10.2003 жылғы бұйрығымен мекеме аңшылық аймағындағы
аңшылық маңызы бар жабайы аңдар мен құстар санын анықтау үшін 4 бағытта
топтар құрылып, санақ жүргізілді.
Санақ Алматы облысы Әкімінің №153 30.05.2000 ж. шешімімен бекітіліп
берілген 275 196 га жердің 164 800 га жерінде (59,9 пайыз) жүргізілді.
Санақ негізінен маршрут бойынша санау әдісі қолданылды. Жекелеген жағдайда
айдау әдісі қолданылады. Маршрут бойында негізгі аңшылық маңызы бар аңдар:
архар, таутеке, елік, шошқа, бұғы, маралдың көп топтасқан жерлері, ертелі-
кешкі жайылымда нақты сандары мен өмір сүру аймағы мен көлемі анықталып,
аңшылық аймағындағы жалпы саны экстрополяциялау әдісімен анықталады.
Басқа кездескен аңдар(жабайы) 20 пайызға көбейтіліп алынса, құстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырғауылға аңшылық жасау
Биотехниялық шаралар
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан жануарлар дүниесінің топонимдердегі көрінісі
Мемлекеттік орман қорының жерлері
Орманды даланы мекендеуші жануарлардың бәрі даланың немесе орманның немесе көлдің батпақтың жануарлары
Рекреациялық ресурстар
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Сабақтың көрнекілігі
Босалқы жерлердің мониторингі
Пәндер