«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ БАҒЫТ . . . 6

1. 1. Концепт: лингвомәдениеттанудың базалық ұғымы . . . 11

1. 2. Тіл біліміндегі концепт мәселесі ………. . . . 16

1. 3. Ой - Ұғым - Тіл (Сөз) . . . 19

2 «АҚҚУ» кКОНЦЕПТІСІНІҢ ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ . . . 38

2. 1. «Аққу» концептісінің поэтикалық сипаты . . . 40

2. 2 «Аққу» концептісін танытатын қазақ тіліндегі паремиялық және фразеологиялық қабаттардың сипаты …… . . . . . . 50

Қорытынды . . . … . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54

Кіріспе

Диплом жұмысының тақырыбы. «Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі.

Диплом жұмысының жалпы сиаттамасы: Қазіргі ғалымдардың зерттеудің антропоцетристік жүйесінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивтік лингвистика мен линговомәдениеттануға ортақ термин концепт мәселесі. Концепт мәселесі орыс тіл білімі мен катар қазақ тілі ғалымдарының да қызығушылығын тудырған ғылыми бағыт . Концепт халықтың дүниетанымын ай қындайтын ерекше тілдік бірлік. Біздің жұмыстың нысаны болып отырған аққу концептісі өз кезегінде қазақ халқына тән әлемнің тілдік бейнесіндегі тазалық, махаббат сияқты жалпы адамзаттық ұғымдардың бейнелеуін айқындайды.

Диплом жұмысының өзектілігі. XX ғасырдың 90 жылдарында тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы негізінде " . . . тілде көрініс тапқан және тілде бекіген мәдениет көріністерін зерттейтін" жана ғылым лингвомәдениеттану пайда болды. Бұл сайып келгенде, тілге де, мәдениетке де тән кумулятивтік кызметі - бір жағынан, кез келген ұлттық мәдени ерекшеліктерін бейнелесе, екінші жағынан, мәдениет тілдік концетілердің пайда болуына тікелей ықпал ететіндігін көрсетеді.

Лингвомәдениеттану пәнаралық ғылым болғанымен, оның бұл сипаты екі ғылымның жай ғана қосындысы шеңберінен шығар өзіндік күрделі ерекшеліктерімен дараланады. Қазіргі таңда тіл білімінің лингвомәдениеттану саласы қандай да болмасын жаңа ғылымға тән оның пайда болу алғы шарттары, дербес жаңа ғылыми сала болып қалыптасу кезеңін өткізуде. Лингвомәдениеттану алғышарттары В. Фон Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы мен Э. Сегтир мен Уорфтың "тілдік ықтималдылық болжамымен" ұштасьп жатыр.

Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт - ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы болып табылады.

Лингвомәдениеттану - соңғы жылдарда лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған жаңа ғылым.

Соңғы жылдардың ізденістерінде танымның басты концептілерін мәдениет, философия, тіл және этнография тұрғысынан зерттеу үрдісі байқалады. Адамның шындық болмысты танып білуге бағытталған барлық әрекеті логикалык категория шеңберінде жүзеге асады. Жалпы адамзат тарихында болмыстың барлық дүниетанымдық рухани құндылықтары, адамның жеке тұлғаның - этностың, кең көлемде - адамзаттың өмір сүруінің маңызды жақтарымен байланысты уақыт, тағдыр, бақыт, өмір т. б. абстракты концептілерінде жинақталып көрініс тапқан. Олар әртүрлі мәдениет контекстерінде жалпылық сипатқа ие бола тұрып, белгілі бір мәдениетке тән ұғымдармен де ерекшеленеді. Лингвомәдениеттанудың өзіндік негізгі ұстанымдарынан туындайтын басты ғылыми ұғымдарының болуы шарт. Сондай ұғымдардың бірі - концепт феномені.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі «Аққу» концептісі қатысты тілдік бірліктер.

Диплом жұмысының зерттеу пәні. « Аққу » концептісімен байланысты тілдік бірліктер.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық негізі деп Арутюнова Н. Д., Бабушкин А. П., Кубрякова Е. С., Маслова В. А., сияқты орыс ғалымдарымен қатар, Алдашева А. М., Әмірбекова А. Б., ЖампейісоваЕ, Қайдар Ә. Т т. б теориялық еңбектерді танимыз.

Зерттеу әдістері. Салыстырмалы, салғастырмалы, сипаттамалы талдау.

Зерттеудің дереккөздері. Қазіргі қазақ тілінің материалдары, орыс материалдары. Казақ тілі бойынша лексикографикалық еңбектер: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986), «Қазақ тілінің сөздігі» (1999), «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977, 2000), Қазақ мақал-мәтелдері. Жинап, құрастырған: Ө Тұрманжанов (1977) .

Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Әлемнің тілдік бейнесі - көрсетілген тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты белгілі бір көрінісі. Әлемнің тілдік бейнесі туралы ұғым В. Фон Гумбольдт және жаңа Гумбольдтшылдықтың (Вайсгербер т. б. ) тілдің ішкі формасы туралы айтылған пікіріне қатысты және американдық этнолингвистиканың идеяларына, негізінен Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасына қатысты.

Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу жұмысымыздың басты мақсат-міндеттері негізінде қазақ менталитетіндегі киелі саналатын аққу құсының тілдегі көрінісі, яғни концепт ретіндегі лингвомәдениеттанулық бағыты алынып отыр.

Жұмыстың жаңалығы. Концептіге берілген анықтамалар түрліше. Көптеген зерттеушілер онын мәдениетпен байланысын көрсетеді. Кей зерттеушілер мұны негізгі деп тапса, енді біреулері қосымша деп қарастырады. Біздің ойымызша, концептінің негізгі қасиеті болып оның белгілі бір мәдениетпен, қоғамның мәдени тәжірибесімен байланысы табылады. Мәдениет өзін туындатқан біте қайнасып жататыны айқын және оның бойында өмірлік философияны анықтайтын, барлық адамзатқа тән әлемдік бейнедегі ұғымдардың берік орын алатыны белгілі. Солай бола тұра, осы аталған ұғымдар ұлттық дүниетаным, мәдениет негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу белгісі ретінде де қолданылады. Мәдениетке қатысты концепті адам мен ол өмір сүретін ақиқат шындық аралығын байланыстырушы ретінде қызмет атқаратындықтан оны зерттеудің маңызы зор болып отыр.

Ертедегі тайпалардың аққулардың сұлулығына, көркемдігіне қызығып адамзаттың әуелгі анасы осыдан тарады деген де түсінігі болған. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Жұмысымыздың жаңалығы да осында. Бүгінге дейін Аққу атауының халық санасындағы түсініктері зерттеліп келсе, бұл жұмыста тілдік тұрғыдан зерттеліп отыр.

Диплом жұмысының құрылымы. . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінеді. Бірінші тарау: «Тіл біліміндегі концепт мәселесі», «Тіл біліміндегі лингвомәдениеттанулық бағыт», «Аққу атауының ұлт мәдениетіндегі концептуалдық табиғаты» деген үш тақырыптан тұрса, екінші тарау: «Аққу атауының қазақ поэзиясындағы қолданысы (көркемдік құралдар) », «Ақ атауымен байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер» сияқты екі тақырыптан тұрады.

  1. ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНДЫҚ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ БАҒЫТ

XX ғасырдың 90 жылдарында тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы негізінде " . . . тілде көрініс тапқан және тілде бекіген мәдениет көріністерін зерттейтін" жана ғылым лингвомәдениеттану пайда болды. Бұл сайып келгенде, тілге де, мәдениетке де тән кумулятивтік кызметі - бір жағынан, кез келген ұлттық мәдени ерекшеліктерін бейнелесе, екінші жағынан, мәдениет тілдік концетілердің пайда болуына тікелей ықпал ететіндігін көрсетеді.

Лингвомәдениеттану пәнаралык ғылым болғанымен, оның бұл сипаты екі ғылымның жай ғана қосындысы шеңберінен шығар өзіндік күрделі ерекшеліктерімен дараланады. Қазіргі таңда тіл білімінің лингвомәдениеттану саласы қандай да болмасын жаңа ғылымға тән оның пайда болу алғы шарттары, дербес жаңа ғылыми сала болып қалыптасу кезеңін өткізуде. Лингвомәдениеттану алғышарттары В. Фон Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы мен Э. Сеғтир мен Уорфтың "тілдік ықтималдылық болжамымен" ұштасьп жатыр.

Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт - ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы болып табылады.

Лингвомәдениеттану - соңғы жылдарда лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған жаңа ғылым. Бұл саланың объектілері, единицалары мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі алғашқы көзқарастар В. Телияның [2], В. Воробьевтің, еңбектерінде аталған. Қандай да болмасын жаңа ғылымға қатысты түйіндеулердің болжам айту, бағыт сілтеу тұрғысынан әртүрлі болатындығы сияқты, ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдар да әрқилы. Алайда осы ғылым саласының обьектісі турасындағы тұжырым біреу, ол -ұлттық менталитеттің, ұлттык мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттеу.

Тіл-тілдердің лингвомәдени ерекшеліктері әдебиет, тарих, мәдениет, философия, этика, антропология ғылымдарымен байланыстыра қарағанда ғана кешенді, жүйелі шешіледі.

Лингвомәдениеттану саласы этнолингвистикамен де, лингвоелтанумен де ортақтасатын ғылым; алайда оның ауқымы соңғыларға қарағанда анағұрлым кең; лингвомэдениеттану әрбір тілдік бірліктердің белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық «бет-пішіні» бар деп есептелген сөз ұлттық әлеуметтік, этникалық, саяси, адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен қағидаттарын қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аудартады [3, 140 б] .

Лингвомәдениеттанудың өзіндік мақсат міндеттері бар, ол "тарихи да, қазіргі заманның да тілдік айғақтарын рухани мәдениет арқылы зерттейді. " Оның басты міндеті - тіл мен мәдениеттің өзара қатынасын қазіргі заман мәдени ұлттық сана-сезім тұрғысынан қарастырып және онын тілдегі көрінісін зерттеп, сипаттау. Бұл сайып келгенде мәдениет пен тілдің тарихи табиғатының тарихылығымен тікелей байланысты. Тілдік белгілердің ішкі формасында көрініс тапқан мәдениет ықпалы негізінде қалыптасқан дүниетаным ұрпақтан-ұрпаққа беріле отырып, этностың, ұяттың, халыктың дүниені мәдениет ұстанымдары арқылы танып білу процестерінде қалыптасқан ұжымдык түсініктерін қазіргі заманға жеткізеді.

Лингвомәдениеттанудың басқа тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін ғылымдар салаларынан ерекшелігі - оның кез келген нысанды зертеуде тілдік және мәдени контекстерді тең қарастыруы. Қазіргі уақытта лингвомәдениеттанудың диахроникалық, салыстырмалы, салғастырмалы және лингвомәдени лексикография салалары айқындалды. Соңғысы белгілі бір тіл мен мәдениеттің байланысын практикалық мақсатта атап айтқанда, шетел тілін оқыту әдістемесі мен аударматануды зерттейтін этнолингвистиканың қолданбалы бөлігі - елтанумен тығыз байланысты. Аударматанудың (казак-орыс тілдері бойынша) лингвомәдени аспектілерін зерттеген А. Алдашева "этнолингвистика мен елтануға қарағанда лингвомәдениттанудың ауқымы өте кең" деп анықтайды [4] .

Лингвомәдениеттанудьң пәнін айқындауда ғалымдардың пікірлерінен ізденіс нысанына байланысты азды-көпті айырмашылықтар байқалып қалады. В. Н. Телия лингвомәдениеттанудың пәні ретінде тек бір ұлттың ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттерге де тән әмбебап сипаттағы ақпарат деп түсінсе [5, 27 ], В. А. Маслова оны тек бір ғана ұлтқа тән мәдени акпарат деп қарастырады. Ғылыми ізденісте лингвомәдениеттану пәнін бір ұлтқа тән ұлттық мәдени ерекше ақпаратпен қатар, әртүрлі мәдениеттерге де тән әмбебап ақпарат деп түсінеміз. Өйткені, ізденіс барысы мен нәтижелері оның шынайылығы мен дұрыстығын толығымен дәлелдейді. Бұл тұжырым ізденіс барысында дәйектелінеді. Ал қазақ ғалымы А. Сейсенова лингвистикалық мәдениеттану туралы зерттеу жұмысын жазып, онда ғалым лингвомәдениеттану аясында карым-қатынастағы сөз этикетін, сонымен қатар қатысымда жүзеге асып отыратын және вербалды амалдардың орнын ауыстыратын бейвербалды амалдарды да қарастырады [6] . Лингвомәдениеттану мәселелерін орыс тіл білімінде де түпкілікті зерттеп, зерттеу жұмыстарының негізгі нысаны етіп алған. Осылардың қатарына В. А. Маслова [7] мен А. Т. Хроленко [8] . Сонымен қатар басқа да ғалымдар ғылым саласының осы түріне қалам тартып, көптеген еңбектер шығарған.

Жалпы алғанда, лингвомэдениеттану - енді-енді калыптаса бастаған, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамаларын нақтылана қоймаған ғылым, екіұдай түсінік тудыратын пікір-тұжырымдар да бар; бірақ оның XXI ғасырда гуманитарлық ғылымдардың алдыңғы сапында болатындығы сөзсіз.

Соңғы жылдардың ізденістерінде танымның басты концептілерін мәдениет, философия, тіл және этнография тұрғысынан зерттеу үрдісі байқалады. Адамның шындық болмысты танып білуге бағытталған барлық әрекеті логикалык категория шеңберінде жүзеге асады. Жалпы адамзат тарихында болмыстың барлық дүниетанымдық рухани құндылықтары, адамның жеке тұлғаның - этностың, кең көлемде - адамзаттың өмір сүруінің маңызды жақтарымен байланысты уақыт, тағдыр, бақыт, өмір т. б. абстракты концептілерінде жинақталып көрініс тапқан. Олар әртүрлі мәдениет контекстерінде жалпылық сипатқа ие бола тұрып, белгілі бір мәдениетке тән ұғымдармен де ерекшеленеді. Лингвомәдениеттанудың өзіндік негізгі ұстанымдарынан туындайтын басты ғылыми ұғымдарының болуы шарт. Сондай ұғьшдардың бірі - концепт феномені.

Әйгілі философтар Л. Витгенштейн, Г. Х. фон Вригт, М. Хайдегер, Х. Г. Граммер, М. Бубер жэне т. б. бастаған концептілеріне сараптама жасамас бұрын, алдымен тіл білімінде түрлі пікір талас туындатын "концепт" терминінің мән мағынасын анықтап алуымыз қажет. Орыс тіліндегі "концепт" пен "ұғымның" (понятие) мағынасы өзінің ішкі формасы бойынша бірдей. Ю. С. Степанов оларды әр түрлі ғылымдардың терминдері деп есептейді: "ұғым" негізінен логика мен философияда қолданылса, "концепт" логикалық математикада және мәдениеттануда қолданылады. Жалпы "концепт" термині когнитивтік лингвистика ғылымының қажаеттілігінен туындай отырып, лингвистикалық ақпаратты психологиялық, адамның таным әрекетімен ұштастырады, яғни "сананың әртүрлі субстратты бірліктері -түсінік, образ, ұғым".

"Концепттің", "ұғымнан" басты айырмашылығы соңғысында энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни ұғым ғылыми білімнің нәтижесін білдірсе, "концепт" сөздіктегі мағынамен қатар, алғашқы формасы (этимологиясы), басты тарихи белгілерін ғана қалдырып өте ықшам формасын, қазіргі заман ассоциациясы мен модустік бағасын және т. б. жинақтаған көп қабатты күрделі құрылым және оның әр қабаты "әр дәуірдің мәдени өмірінің нәтижесі" болып табылады.

Концептті айқындауда логика-философиялык, когнитивтік және лингвомәдени бағыттары айқындалады. Біріншісінде, концепт адамның менталды сферасын көрсететін тіл иелерінің концетуалды жүйесінің бір бөлігі ретінде карастырылады. Жалпы, концепт философиялық тұрғыда екі бағытта түсініледі: біріншісі - рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі -сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік. Екі анықтаманың да түпкі мәні бір болған соң бірін-бірі толықтыратыны байқалады. Тілші ғалымдар бұл терминдерді өздерінің зерттеу мақсаты мен міндеттеріне байланысты анықтайды: концепт дегеніміз өзінің атауы бар және адамның шындық болмысы туралы мәдениет ықпалымен қалыптасқан белгілі бір түсінігін бейнелейтін "идеалды" әлемнің нысаны немесе ұжымдық санадағы белгілі бір формада бейнеленген жан-жақты мәдени маңызы бар әлеуметтік психологиялық кұрылым және т. б. Әйтседе олар бірін-бірі қайшылықсыз толықтыратын анықтамалар екені айқын байкалады.

Сөйлеу кызметіне байланысты зерттеушілер, соның ішінде Е. С. Кубрякова Р. Джекендоффқа сілтеме істей отырып. адамның ми кыртысында дүние туралы белгілі бір түсінік деңгейі бар екенін айтады. Ол деңгейде тілдік, сенсорлық жэне моторлык түрдегі акпараттар бірін-бірі толықтырып, концептуалдык деңгей түзетінін айта келіп, былай деп жазады: "дүние және онын адам миындағы бейнесі бар, бұл бейнеленген дуниенің өзінің образдары, түсініктері мен ұғымдарымен қоса, ортақ концептуалды жүйе күйінде бейнеленген өте күшті вербалды бөлігі бар".

Когнитивтік бағыт концептті "белгілі бір жалпылық сипаттағы категорияның мәдениет ықпалымен пайда болған ассоциаты" деп прототип тұрғысынан түсіндіреді. Ал лингвомәдениеттануда "концептті" анықтауда қарама-қайшылық жоқ десек те болады, тіл мамандарының пікірлері бірізділік көрсетеді. "Концепт" жалпы этнос мәдениетінің басты элементі, адамның менталды әлемінің басты ұяшығы деп танылады. С. Г. Воркачевтың пікірі бойынша мәдени концепт - тілдік бейнесі және этномәдени ерекшелігі бар ұжымдық білім сананың бірлігі. "

Ресей ғылымында "концепт" термині алғаш рет 20-30 жж. қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнелеу мәселесін зерттеуге байланысты болды. Д. С. Лихачев [9, 3-9 бб. ], В. В. Колесов сияқты зерттеушілер өз кезінде дұрыс атала қоймаған, бірақ қазіргі уақытта өзекті болып табылатын орыс философы С. А. Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылы "Русская речь" жинағында жарық көрген "Концепт и слово" деген еңбегіне сілтемелер береді. С. А. Аскольдов-Алексеев концептіні былайша түсінетінін айтады: " . . . некое общее понятие как содержание акта сознания, которое остоется весьма загадочной величиной, почти неуловимым мельканием чего-то в умственном кругозоре, происходящим при быстром произносении и понимании слов: Концепт есть мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода".

Ғалым теориясының назар аударар жағы - дерексіздіктің үлкен деңгейіне дейін концептінің әрбір элементі иерархиялық бірікен құрылымда айқындалуы. Оның түсіндіруі бойынша концеггт сөз бен оның мағынасының арасына дәнекер болады. Тілдік қолданыста адам санасы сөздердің ұғымдарын пайдалана алмайды, сондықтан мағыналық элемент ретінде ұғым емес, ықшамдалған ең алғашқы ойдағы түсінік - менталдық белгілер пайданылады. Осылар концепт болып табылады. Егер автордың пікіріне жүгінсек, концепт ықшамдалған түсінік емес, (несвернушееся понятие), "эмбрион понятие так как раньше и в нем потенциально заложена та семантическая структура, те обшие и частные смыслы которые затем разворащиваются в понятие". Концепт уақыт пен кеңістіктегі сөздердің идеялық-туыстық байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Нақтылы және потенциалды (элеуетті) сөздердің байланысы, олардың беретін ассоциациялары бір тірек сөз концептіге бірігеді.

В. В. Колесов концепт ұғымын казіргі зерттеулерде кездесетін мәдени концепт ұғымымен байланыстыра келіп, былай дейді: «концепт - сөздің мағыналық толығуының негізгі нүктесі, сонымен бірге дамудың ең соңғы шегі. Мәдени таңба ретіндегі сөз мағыналарының даму нәтижесіндегі алғашқы мағына соңғы нүкте, яғни қазіргі мәдениеттегі қатары молайған ұғым концепт бола алады» [10] .

Бұл теориялық жағынан барлық сөздер мәдени мағыналы бола алады деген ойларды дәлелдей түседі және сөздің мәдени тілдік табиғатын зерттеуде концепт терминін алғаш қолданудын қажеттілігін нақтылайды.

Концептілерді зерттеуге әлемдік лингвистикада бірінші болып көңіл аударған С. А. Аскольдов болды. Ғалым: "Концепт - ойдағы құрылым, яғни белгілі бір затты ойлау кезінде оны сол тектес басқа бір заттармен ауыстырады" - деп концептінің танымдық әдіс ретінде негізгі қызметі орынбасушылылық қызмет екенін көрсетеді.

С. А. Аскольдовтың ойларын жалғастырушы Д. С. Лихачев концептіні мағынаның алгебралык мәнері (алгебраическое выражение значения) деп ұсынды. Ғалым: "Ауызша және жазба тілде адамдар концептіге, яғни мағынаның алгебралық мәнеріне сүйенеді, себебі адам мағынаны оның барлық күрделілігімен қамтуға үлгере алмайды. Кейде мағынаны қабылдай алмайды, ал кейде өзінің біліміне, жеке тәжірибесіне, белгілі бір ортаға жататындығына, мамандығына т. с. с. байланысты оған өз бетінше талдау жасайды" - дейді [11, 7 б. ] .

Концептің орыс мәдениетіне қатысты Ю. С. Степановтың "орыстардың және орыс қоғамының рухани өмірінің ұжымдық қазынасы" деген анықтамасын басқа мәдениеттер контексі негізінде де әбден қолдануға болады. Концептің семантикалық құрамына прагматикалык ақпарат, сөздің танымдық жадысы және мәдени этникалык компонент кіреді. Сөздің танымдық жадысының сөздің эволюциясы, яғни сөз семантикасының синхрондық деңгейде сақталатын немесе ұмытылатын тарихи мәдени уәжділігінің сөздің мәдени жадысынан айырмашылығы, соңғысы тіл кең көлемде алғанда - мәдениет иелерінің рухани кұндылықтарымен байланысты. Мәдени этникалық компонент тілдік белгінің семантикасының ұлттық ерекшеліктерін айқындап, белгілі бір дүниенің тілдік суретін бейнелейді.

А. П. Бабушкиннің пікірі бойынша концепт дегеніміз - "реалды немесе идеалды дүние нәрсесінің вербалды бейнеленген күйінде тіл иелерінің ұлттық жадында сақталатын ұжымдық сананың кез келген дискреттік белгісі. Ал мәдениетттің басты концептілерІ дегеніміз "жеке түлғамен қатар, жалпы лингвомәдени коғам үшін экзистенционалды мэні бар дүние суретінің басты бірліктері" [12, 160 б. ] .

Концептінін басты белгілерінің бірі - оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. Сонымен концепт дегеніміз - этномәдени санада сақталатын, белгІлі бір ұлттың үрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени кұндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.

Д. С. Лихачевтың пікірі бойынша белгілі бір ұлттың мәдениетіне негізделетін концептілер аймағы бар. Соның ішінде шындық болмысты түсінудегі басты айрықша таным түсінікті білдіретін семантикалық кұрылымдар болады [13, 7-16 б. ] . Ал сайып келгенде, концептің басты қызметі - дүниенің тілдік суретінің басты элементтерін атау.

  1. Концепт: лингвомәдениеттанудың базалық ұғымы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
Тіл танымдық оқу практикасы
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептін әлемнің тілдік бейнесінде түрлі лексикографиялық дереккөздер негізінде айқындау
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІНІҢ КОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz