Коммерциялық банктегі қаржы менеджменті


Мазмұны
Кіріспе
1. бөлім Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
- Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және рөлі
- Коммерциялық банк қызметін қаржылық талдаудың объективті қажеттігі
- . бөлім Коммерциялық банк қаржысын банк балансы негізінде талдауБанк балансына қаржылық талдау жүргізудің тәртібі және оны ұйымдастыруБанк активтерін және пассивтерін талдауБанк тәуекелдерін басқару және оның өтімділік тәуекелін талдау
3. бөлім Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру мәселелері
3. 1 Коммерциядық банктердің қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі - елдегі ақша қаражаттарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, мемлекеттік және мемлекеттік емес, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады. Сондықтан, банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталынады және банк жұмысындағы ең маңыздысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталған ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85%) - қоғамдікі, яғни банктен тыс субъкетілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаражаттарын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуы ҚР Ұлттық Банкінің шығарған заңдары мен нормативті құқықтық актілері арқылы реттеліп отырады. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 7 жыл ішінде елдегі коммерциялық банктер саны 237-ден қазіргі кезде 33-ке жуығы қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менеджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық бақылау мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процесстерді ашу, қаржыны басқаруды бақылау, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі. Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктің жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сол себепті банктегі қаржылық менеджменттің негізгі бағыты келесі мәселелерге жұмылдырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес Қазақстанда банктер-қаржы нарығында әртарапты операцияларды орындайтын айрықша құқыққа ие әмбебап несие мекемелері. Олар әртүрлі түрде және әртүрлі мерзімге несие берумен, бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату, сатып алу, сақтаумен айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер-өз клиенттеріне әртүрлі қызмет көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кезде банктің клиенттерге ақылы негізде қызмет көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі емес формалары көбеюде. Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта түспек. Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншік формасына жататындығынан емес, олардың ақылы негізде (%-ставкамен немесе коммисиондық төлемдермен) клиенттерге көрсететін қызметтердің сан алуандығымен байланысты. Коммерциялық банктер-коммерциялық қызмет жасайтын ерекше кәсіпорын.
Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржы менеджменті туралы жалпы түсінік және оның экономикалық маңызы жайлы қарастырдым. Сонымен қатар, банктің қаржылық тұрақтылығын және қаржылық қызметін басқару қарастырылған.
Екінші бөлімде «Банк Каспийский» АҚ-ның балансы материалдары негізінде банктің өтімділігі мен тәуекелдігін басқару және бағалау әдістері қарастрылған.
Үшінші бөлімде банктің қаржы менеджментін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қаржы менеджментін, соның ішінде банктің өтімділігі мен тәуекелдерін басқаруды кешенді түрде талдауды қарастыра отырып, жетілдіру жолдарын ұсыну.
1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
1. 1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және ролі
Коммерциялық банк - бұл қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге әсер ететін әлеуметтік-экономикалық сала. Экономикалық және қаржылық қызметтерден басқа банктік жүйе әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асырады, яғни әлеуметтік бюджеттік бағдарламаларды салықтық төлемдер арқылы қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қалыптастыру және салымшылар үшін қосылған құнды қалыптастыру.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар аийырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығының проблемасы болып Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақтылығы болып табылады.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығына әсер ететін факторлар:
- Әлеуметтік-саяси жағдай, яғни үкімет тұрақтылығы, оппозиция әсері, әкімшілік-территориялық мамандықтың орнықтылығы.
- Жалпы экономикалық жағдай-экономиканың нақты секторының потенциалы, өндірістік күштердің жаңартылуы, тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі, инвестициялар.
- Қаржы нарығындағы жағдай, яғни банктік салымдардың пайыздық мөлшерлемесі, ақша нарығының табыстылығы, бағалы қағаздар нарығының табыстылығы, ұлттық валютаны алмастыру курсы, сұраныс көлемі, (валюталарға ұсыныс, валюта биржасындағы операциялар, ақша эммисиясы, инфляция қарқыны, ҚР Ұлттық Банкінің саясаты, алтын валюта қорының көлемі, банк өнімінің бәсекелестігі)
- Несиелік ұйымның ішкі тұрақтылығы-банк стратегиясы мен миссиясы, кадрлардың кәсіби мамандануы, банктік менеджменттің сапасы, капитал жеткіліктілігі.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар:
Курс-тың
Түзе-тілуі
Капитал жеткілік-
тігі
Коммерциялық банктің тұрақтылығы сипаттамасын жалпы қарау үшін қның жалпы экокномикалық мазмұнының құрылымын қарау керек:
- Коммерциялық банктің капитал тұрақтылығы. Бұл банктің меншікті капитал мөлшерімен анықталады. Банктің меншікті капиталының мөлшері банктік салымдар туралы талаптарды қанағаттандыру үшін ақша қорларының көлемін, күтілмеген шығындар мен қарыздарды жабу және банкті дамыту үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
- Коммерциялық банктің коммерциялық тұрақтылығы, яғни мемлекетпен қарым-қатынас байланысының дәрежесі, банкаралық қарым-қатынасқа қатысу, елдегі қаржы ағымын бақылау, банктің ақша капиталының нақты капитал нарығымен тығыз байланысы.
- Коммерциялық банктің функционалдық тұрақтылығы:Коммерциялық банк қызметінің шектелген шеңберде мамандандырылуы; Банк қызметінің нығаюы немесе әмбебаптануы;
- Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығы:
Банктің ұйымдық құрылымы және оны басқару банктің мақсаты ретінде сәйкес болуы керек. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығының басты параметрі болып функционалды-технологиялық құжаттар негізінде банктік іс-әрекеттің ұйымдық технологиялық жіктелуі табылады.
- Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығы: Бұған банк іс-әрекеті жағдайының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жатқызуға болады, жеке құрылымдардың көлемі және құрылымы, өнімділік, банктің қосылған құн құруы.
Банктік менеджмент-жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент-бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктнгі объект құрылымына байланысты. Сондықтан оны банктік іс-әрекет ретінде қарауға болады.
Кесте 1. 1
Банктік менеджменттің қызметі
1. Активтер мен пассивтерді басқару
2. Өтімділікті басқару
3. Меншікті капиталды басқару
4. Қарыз капиталын басқару
5. Банктік тәуекелділікті басқару
6. Несие қоржынын басқару
7. Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру
1. Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы.
2. Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру
Банк-жеке және қарыз капиталын басқаратын ұйым. Бірақ капиталды әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады . Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Сондықтан адам капиталын басқару-бұл несиелік ұйымды басқару процессінде адамға деген қатынас. Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т. б. болуы мүмкін. Банктік менеджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген. (1. 2. кестені қара)
Банктік менеджменттің міндеті
Банктік саясат
Банктік маркетинг
Банктік өнімдерді құру
Клиенттерге қызмет көрсету, қызметтерді сату, банктің клиенттік базасының құрылуы.
Экономика және қаржы
Ақпараттық қамтамасыз ету
Әкімшілдік
1. Негізгі міндеттерлің мазмұны
2. Кешенді бағдарлама мен жобаны өңдеу
3. Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу
4. Банкті дамыту саясатымен байланысты банктің ұйымдық құрылымын өңдеу.
5. Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы.
- Қызметші жұмысын ұйымдастыру.
- Қызметшіні ынталандыру.
1. Нақты нарықты таңдау.
2. Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды орнату.
1. Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа банктік технологияларды енгізу.
2. Банк клиенттерінің қажеттілігін қанағатандыру үшін банк іс-әрекеті процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу.
1. Банктік қызметтің жаңа нарығын жаулап алу. Бәсекелестікті нығайту, банктің ресурстық базасын кеңейту, қосымша пайда әкелетін ақша ағымдарын құру.
2. Пайда табу.
1. Капитал өсімі
2. Өтімділікті және пайданы басқару
3. Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. Банк шығындарын басқару.
1. Қаржы операциясын жоспарлау жүйесі
1. Банктің даму стратегиясын таңдаумен байланысты қызметшінің мамандығы.
Банктік менеджменттің жүйесі:
- Банк іс - әрекетін бағдарламалау-банк іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасының құрылуы.
- Банк іс-әрекетін жоспарлау-несие ұйымының мақсатына сай сандық параметрлерді өңдеу.
- Ақпараттық қамтамасыз ету-банк клиенттерімен жасалған алғашқы құжаттар.
- Экономика және қаржы-банк бағдарламасының орындалу дәрежесін бағалау.
- Технология-функционалды технологиялық құжаттарды өңдеу
- Маркетинг-сыртқы ортаның қажеттілігін анықтау
- Әкімшілік-бақылау қызметі
- Кеңес беру және сарап (экспертиза) -сыртқы ортаның басқару әсерімен байланысты кеңес беру, сараптама жүргізу.
- Қамтамасыз ету - материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету
- Паблик-рилейшнс - ақпараттық зерттеуді қамтамасыз ету, жарнама.
Банк өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржы делдалы болып табылады, ал клиент керісінше, өндірістік тауар және қызметтің иесі. Бірақ экономиканың нақты секторына айналым қорларының қаржыландырылуы және инвестиция керек, ал банктерге актив көлемінің өсімі керек. Коммерциялық банк нарықтық экономикада өз міндетін жүзеге асыру үшін, осы екі мақсат бір-бірімен байланысты болуы керек.
Банктік менеджмент - коммерциялық банктің өз функцияларын атқару процесін тікелей басқарумен байланысты тәжірибелік қызмет. Бұл аспектіде банктік менеджмент басқару объектісіне басқарушылық ықпалдарды өңдеу жүйесі ретінде көрінеді: активтік пассивтік операциялар, есеп - кассалық операциялар, нормативтік қаржылық - экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, банктік аудит және бақылау және т. б.
Қаржылық қорды жасауды және оны тиімді пайдаланудың жан-жақты әдістері мен кешенді технологиялары, тұтынушыларға реинжинирингті бизнес әдістемелерін қолдану, коммерциялық банктің жұмысын және оның қаржысын бақылап отыратын жүйелік басқару «қаржылық менеджмент» деп аталады.
Қаржылық менеджменті:
- Активтер мен пассивтерді басқару
- өтімділікті басқару
- Жеке капиталды басқару
- Қарыз капиталын басқару
- Банктік тәуекелділікті басқару
- Несие портфелін басқару
Банкілік ішкі бақылауды ұйымдастыру
Қызметкерлерді басқару
- Ұйымдастыру жүйесі мен еңбек ақысын администрациялау
- Қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудың ұйымдастырылуы.
- Қызметкерлерді дайындау жүйесінің ұйымдастырылуы
Банктардің алға қойған мақсаттары да маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген «қаржы менеджменті» деген сөз көп ұғымды қамтиды. Мамандар қаржы менеджменті дегенімізді ақша ресурстарын пайдалану және қалыптастыру қатынастарын басқару деп санайды. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджмент мәселесі ТМД ғалымдарының еңбектерінде аз болса да шешімін тапты.
Коммерциялық банктердің қаржы делдалы сияқты ақша ағымын басқаруы әрекеттерінің себебі ақша функциясының өзіне тән барлық жиынтығын қамтуында. Бұл мәселені жандандыру мемлекеттік басқару органдарының нормативтерін сақтау ережесімен дәл келеді. Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент және реттеу органдарының талаптарын сақтау позициялары туралы мәселелерге еңбектер арналған.
Коммерциялық банктердің жұмыс істеу процесстері микроэкономикалық факторлар мен клиенттер тұрақтылығына байланысты.
Қазіргі уақытта мұндай байланыс өте тұрақты, 1-ші топтағы өнім шығару бұл материалдық құндылықтар болып табылады. Коммерциялық банк нарықтық экономсика үшін алғашқы, Ұлттық Банк банк жүйесіндегі қайта құру ұйымдарымен сәйкес келеді.
Шетел банктерінің тәжірибелері қызықты. Бірақ шетелдік қаржы жүйесінің Қазақстанның несие - банк жүйесінен елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы, АҚШ-ң Федералды Резерв жүйесінің тәжірибесі Қазақстан жерінде таралуы керек, ал Қазақстан банктік жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк талаптарына негізделген.
Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтуында деп білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржының, мнеджменттің басты ерекшелігі - нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында. Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк клиенттерінің ақшасын басқару процесстері болып табылады.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент - бұл ақша ресурсын пайдалану мен құрылымдық процесстерді басқару. Ол ұйымдастырушы -технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары. Сонымен бірге банк қызметтеріне басқарумен бірге тығыз байланыста. Қаржылық несиелермен қатар коммерциялық банктің ұйымдастырушы технологиялық сипатында маңызды мәселелер болып, коммерциялық банктің менеджментіне сәйкес аналитикалық қамтамасыз ету. Коммерциялық банктің пайдалы қызметін субъектік түрде қарастыру және технологиялық процестердің өндірістілігімен ұйымдастырушылық құрылымдары болады.
Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек. Банктік менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру табылады. Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде қаржы - экономикалық, құрылымдық - функционалдық және функционалды - технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, банктік менеджмент бір - бірімен байланысты және бір - біріне қатысты параметрлер жүйесін көрсетеді:
Қаржы - экономикалық көрсеткіштер (ҚЭ)
Ұйымдық құрылым (ҰҚ)
Функционалды - технологиялық құрылым (ФТ)
Бұлардың байланысын былай көрсетуге болады: ҚЭ→ҰҚ→ФТ
Банктік менеджмент қаржы - экономикалық, ұйымдық және технологиялық параметрлердің өзара байланысын басқарушы ретінде келесі 1. 2. суреттегі схема арқылы беріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментіндегі ерекшелік - ол банк - несие жүйесі шеңберінде несиелік ұйымдағы экономикалық процесстерді басқару технологиясының біркелкі болмауы. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің негізгі ерекшелігі - бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің іс-қимыл объектісі - банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің мақсаты - банктің қаржы операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функционалды-технология жүйесінің қызметінің тәртібін талап етуді анықтау.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін параметрлер келесі 1. 3. кестеде көрсетілген.
1. 3. кесте.
Қызметтер тәртібінің параметрлері
Банк пайдасын максимизациялау
Банк өтімділігінің максимизациясы
Пайда мен өтімділіктің тепе-теңдігі
Төменгі мөлшердегі өтімділік нормативі
Пайда мөлшері
Нарықтық табысты қамтамасыз ететін пайда мөлшері
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті екі жүйеден тұрады.
- Басқарылатын жүйе немесе басқару объектісі
- Басқарушы жүйе немесе басқару субъектісі
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару объектісінің негізі болып ақша табылады.
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару субъектісінің негізі болып банк менеджменті табылады. (банк қызметкерлері, басқару аппараты)
1. 3. суретте коммерциялық банктің тұрақтылық негізінде басқару схемасы айқын белгіленген.
1. 3. суретке түсініктеме.
Басқару объектісі - банк клиентурасының ақша қаражаты. Бұл процестің хұқықтық жағы, яғни басқару субъектісі коммерциялық банк арқылы жүргізіледі. Экономикалық жағы банктің қаржы операциясы негізінде жүргізіледі.
1. 3. суретте тұрақтылықтың бес блогы көрсетілген, олар өз кезегінде 12 блоктан тұрады. Төменде коммерциялық банктің тұрақтылығының блоктары мазмұндарымен көрсетілген:
Қаржы менеджментінің мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық банктің негізгі қызметтерін анықтау керек. (1. 4. суретті қара)
- Стратегиялық жоспарлау - болашақтағы қаржылық міндеттерді анықтау және іс-шаралар бағдарламасын өңдеу.
- Үлгілеу (моделирование) - ақпараттарды дайындауда, сонымен қатар басқару объектісінің ағымдағы жағдайын бағалауда құрал-жабдықтарды және технологияларды қолдану әдісінің жиынтығы. Үлгі (модель) материалды объект немесе таңбалы жүйе.
- Оперативті жоспарлау - ағымдағы қаржылық міндеттерді тиімді анықтау тәсілі болып табылады.
- Мониторинг - қоршаған орта және басқару объектісінің жағдайы туралы ақпараттар жиынтығы.
- Диагностика - объект жағдайын мінездейтін параметрлердің ағымдағы мәндерінің сәйкестігін бағалау.
- Басқару мақсаты - басқару объектісінің сенімділігін қамтамасыз ету.
... жалғасыКоммерциялық банктердегі бизнес-стратегияны жоспарлау кезеңдері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz