Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша қорқыту мен күш қолданушылық үшін жауаптылық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 169 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ӘОЖ 343. 2 (574) Қолжазба құқығында
БАЙКЕНЖИНА КУЛБАҒИЛА АЛИАКПАРОВНА
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша қорқыту мен күш қолданушылық үшін жауаптылық
12. 00. 08 - қылмыстық құқық және криминология;
қылмыстық-атқарушылық құқығы
Заң ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші
заң ғылымдарының докторы,
профессор Ағыбаев А. Н.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
4. 2
4. 3
Күш қолдану арқылы жасалатын қылмысты жасаушы қылмыскерлердің тұлғасы
Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жәбірленушілері
115
127
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың құрамы, криминологиялық сипаттамасы, саралаудың маңызы және ондай қылмыстарды ұқсас қылмыстардан айыратын теориялық негіздер, жаза тағайындау ерекшеліктері мен ондай қылмыстардың туу жағдайлары мен олардың алдын алу проблемалары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар проблемасы құқықтық ғылымда тыңғылықты зерттелмеген сала. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияда (желтоқсан 1948), адамның өміріне, жеке құқықтарына, бас бостандықтарына қол сұғылмауы жөнінде, сол сияқты, адамды қатыгездікпен азаптауға, оған қарсы күш көрсетуге, тиым салу туралы Бас Ассамблея өзінің шешімдерінде, резолюцияларында атап көрсетті. Соңғы Каирде өткен Тоғызыншы конгресте “Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу” мәселесіне көп көңіл бөлді, онда “Күш қолданып қылмыс жасаудың себептеріне халықаралық шолу ” атты тақырыпта баяндама жасалып, ол баяндамада күш қолданып жасалатын қылмыстардың бүгінгі таңда қалаларда, мектептерде, отбасыларында, әйелдер мен балаларға қарсы жасалып отырғандығы жөнінде көптеген пікірлер айтылды.
Халықаралық құжаттарда, күш қолдану, қылмыстық әрекеттің жүзеге асу тәсілінің бірі ретінде, қоғам мен адам арасында өзара байланыста күн сайын өршіп, халықаралық деңгейге дейін көтеріліп дамып келе жатқандығына тоқталды. Жеке тұлғалар арасындағы күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуға байланысты туған келіспеушіліктердің соңы ұлттар мен халықаралық келіспеушіліктерге, тіпті террорлық актілерге де ұласып жатқандығын айтпай кетуге болмайды.
Күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардағы тағы бір проблемалық мәселе ол мұндай тәсілмен жасалатын қылмыстардың ірі қалаларда жасалып, көпшіліктің арасынан оны жасаған қылмыскердің із-түзсіз жоғалып кететіндігі. Әлеуметтік жағдайларға байланысты қала тұрғындарының саны үнемі ұлғайып, сонымен бірге күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып қылмыс жасап, жазасыз қалғандардың саны да күннен күнге көбейіп, нәтижесінде осы тәсілді қолданып жасалатын қылмыстардың саны барған сайын арта түсуде.
Жұмыссыздықтың салдарынан ауылдан қалаға көшіп келгендердің отбасы жағдайлары бұрынғыдай мәз емес, отбасы жағдайындағы бақылау мүлдем жойылады немесе тұрақты жұмыс болмағандықтан, әлеуметтік жағдайы нашарлап, жаны кейіген отбасы мүшелерінің арасында ұрыс-жанжал туады.
Соңғы жылдардарда халықаралық және ұлтаралық деңгейде әйелдер мен балаларға байланысты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып жасалатын қылмыстар проблемасы да күрделеніп кетті. Әлемнің көп бөлігіндегі әйелдерге қатысты күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту әрекеті барлық уақытта бірдей әшкере бола бермейтіндіктен күні бүгінге дейін шындыққа сай келмейтін сандар арқылы ғана көрсетілуде. Басқа жағдайлардың барлығында әйелдер мен балаларға қарсы күш қолдану қылмыс деп есептелгенімен, мұндай әрекеттер отбасы жағдайында жасалғандықтан көбіне қылмыс қатарынан шығарылып тасталады. Әйелдерге байланысты күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуды әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздіктен туды деп есептесе, ал балаларға байланысты күш қолдану әрекеттерін тәрбиелеу құралы қатарында жүзеге асырылады деп есептеп, бұл әрекеттерді тіпті заңдастырып та қойған деуге болады.
Отбасы жағдайында күш қолдануды, қорқытуды көрген бала ол көргенін өз ортасында, мектепте де жүзеге асыратындығы сөзсіз, көбінесе мектептерде жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларынан ақша, басқа да бағалы заттар талап етіп, тілектерін орындамаған жағдайда оларды өз арасында “есепке” қойып, тіпті кей кездері соққыға да жығатын уақыттар болуда. Осыған қарап күш қолдану әрекеті ұрпақтан ұрпаққа жетіп, қайталанып отыратын процесс деп қарауға да болады, бұған бір мысал ретінде қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеп жүргендер арасындағы “дедовщиналық” әрекетті алуға болады. Алғаш әскери борышын өтеуге келген солдат өз басынан өткеннің барлығын, өзінен кейінгілердің барлығына жасауға тырысады, бұл әрекет жылма-жыл қайталана береді, қайталана беруде.
Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың табиғатын түсіну өте қиын емес, бұл қылмыстардың өздеріне тән ерекше белгілері күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту. Күш қолдану әрекетінің зардабы адам өлімі, денсаулығына зиян келтіру, психикасына зардап келтіру болып табылады. Қазіргі кезеңде күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың аумағы өте кең, ол отбасы жағдайында күш қолданумен басталып, мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыстармен аяқталуы мүмкін. Бірінші жағдайда, бұл әрекетті отбасы мүшелерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастардың дұрыс еместігінен десе, екінші жағдайда оны мемлекеттер арасындағы саяси жағдайлармен байланыстырады.
Криминология ғылымы тұрғысынан алсақ, кез келген күш қолдану - маңыздылығы бар зерттеу объектісі, ал, ұлттық және халықаралық жағдайларға байланысты күш қолдануды алсақ, ол жазалануға тиісті қылмыстық-құқықтық әрекет. Халықаралық қылмыстық құқықта кейбір ұлтаралық қоғамға қауіпті әрекеттің нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, БҰҰ халықаралық терроризм әрекетін зерттеумен айналысқалы біршама уақыт болғанымен, әлі күнге нақты анықтама берген жоқ.
Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарға БҰҰ қасақана және абайсыздықпен жасалатын адам өлтіруді, тонау, қарақшылық, теңіз қарақшылығы, зорлау және басқа да қылмыстарды жатқызады. Бірақ, бұл топқа абайсыздықпен адам өлтіруді апаруға болмайды деп есептейміз, өйткені, ол адамға физикалық әрекет арқылы әсер еткенімен, ол адамның тікелей ниетінен туған әрекет емес, ол тек болатын зардапқа менмендікпен немесе немқұрайдылықпен қару салдарынан туған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жеке тұлғаларға қарсы күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстар қоғамға қауіптілігі жағынан жоғарғы деңгейде, әрі кең таралғандығы баршаға мәлім. Соған қарамастан мұндай құрамды қылмыстардың табиғатын түсіну мәселесінде бір жақты пікірге күні бүгінге дейін келген жоқпыз.
Қылмыстық құқық ғылымында күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарды өзекті мәселе ретінде қарастырып зерттеу жүргізген ғалымдар қатарына Қазақ КСР-і және Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары негізінде қылмыстық құқықтық мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан ғалымдар Ағыбаев А. Н., Алауханов Е. О., Баймурзин Ғ. Ы., Жекебаев Ө. С., Жүнісов Б. М., Қайыржанов Е. І., Нәрікбаев М. С., Нуртаев Р. Т., Мауленов Г. С., Миндагулов А. Х., Оңғарбаев Е. А., Орымбаев Р. О., Рахметов С. М., Рогов И. И., Ә. А. Темірбеков., Чукмаитов Д. С., және Владимиров В. В., Гаухман Л. Д., Еремин В. В., Жайынбаев К. И., Иванов В. Ф., Козаченко И. Я., Ковалева М. И., Костров Г. К., Кригер Г. А., Кригер Г. Л., Панов Н. И., Пионтковский А. А., Семернева Н. К., Сердюк Л. В., Стерехов Н. В., Сухарев Е. А., Фролов Е. А., сияқты тағы басқа да шетелдік ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.
Күш қолдану ұғымына физикалық күш қолдану немесе ондай күш қолданамын деп қорқыту әрекеттерін жатқызады. Бұл қылмыстардың қоғамға қауіптілігі олардың жеке тұлғалардың құндылықтарына қарсы бағытталатындығында [1, 120 б. ] .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстар проблемаларына байланысты қылмыстық-құқықтық және криминологиялық кешенді зерттеулер жүргізу. Күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын әрекеттердің нақты анықтамасын бере отырып, олардың түрлерінің анықтамасын беру, қылмыс құрамы элементтеріне жеке -жеке тоқталу, ұқсас қылмыстардан айыруға теориялық негіздер келтіру, қылмыстық жауаптылықта осы тәсілді қолданғаны үшін тағайындалатын жаза ерекшеліген көрсету. Сөйтіп зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың туу себептерін, оның алдын алу шараларын ойластырып ғылыми тұрғыдан ұсыныстар мен тұжырымдар дайындау.
Бұл мақсаттарға жету үшін төменде келтірілген міндеттерді жүзеге асыру керек: күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуға қылмыстық-құқықтық анықтама бере отырып, олардың қажетті белгілерін анықтау; күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың құрамдарын жүйелей отырып, оларды нақты топтарға бөлу; күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарға жаза тағайындау ерекшеліктеріне тоқталу; күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды саралаудың маңызына тоқталу; күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарды жасаушы қылмыскердің тұлғасына сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні. Зерттеу жұмысының нысаны бұл күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар және күш қолдану тәсілдерімен қылмыстық-құқықтық күрес жүргізудің өзара қарама-қайшылықтар мен жағдайлары болып табылады.
Қорқытуға байланысты жауаптылықты реттейтін заңнамалар күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарды саралау ерекшеліктері мен маңызы қарастырылады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбын жан-жақты, тереңірек ашып, мүмкіндігінше ауқымды көлемде игеру мақсатында әртүрлі әдістер, оның ішінде: тарихи-талдау, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық және жүйелі құрылымдық кеңінен қолданылды. Күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытудың нақты қылмыстық әрекеттерді саралауда алатын орнын және оның маңыздылығын, күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытудан келтірілетін зардаптын түрлері мен дәрежесін, қоғамға қауіптілігін зерттеу барысында, сондай-ақ, күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытудың криминологиялық аспектілерін зерттеу барысында статистикалық және нақты әлеуметтік әдістерге арқа сүйеу орын алды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңдарына және өзге де конституциялық заңдар мен Президенттің заң күші бар жарлықтарына негізделе отырып жазылған. Диссертациялық жұмыста заң ғылымындағы түсініктер, ережелер мен қағидалар, сонымен қатар философия, әлеуметтану, психология, медицина салаларындағы қорқыту мен күш қолдану түсінігі мен ерекшеліктеріне байланысты тұжырымдар мен пікірлер негізге алынды. Сонымен қатар, диссертацияның деректік негізіне Қазақстан Республиксы Жоғарғы Сотының 1999-2009 жылдардағы әр түрлі аймақтарында қаралған 600 қылмыстық іс бойынша жарияланған тәжірибелік материалдар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытуға байланысты қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларды ашып көрсетуге бағытталған. Қазақстан Республикасындағы алғашқы рет жүргізіліп отырған, арнайы кешенді зерттеу жұмысы болып табылады. Диссертациялық жұмыста күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытудың қылмыстық-құқықтық анықтамасы беріледі. Осыған орай оның түрлерін жүйелеп, күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытуды қылмыс құрамының элементтерінің белгісіне қарай өз мөлшерінде талдауға жеке-жеке тоқталған.
Сонымен қатар зерттеу жұмысында күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың толық топтамасы беріліп, күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарға жаза тағайындау ерекшеліктері, саралаудың маңызы және күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алудың жалпы және арнайы шаралары ұсынылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар
1. Қылмыстық құқықтағы күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқы -лы қылмыс жасау мәселелері қарастырылып, оның анықтамасы беріледі. Күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы қылмыс жасау дегеніміз-өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш қолданамын, не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе немесе өзге қауіпті тәсілмен күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, бұл әрекеттердің жүзеге асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің болуы. Осы анықтамаға сәйкес оның міндетті қажетті белгілері ретінде төмендегі белгілерді келтіруге болады:
әрекеттің заңға қайшылығы;
әрекеттің қасақаналығы;
әрекеттің жәбірленішінің еркіне қарсы немесе еркінен тыс болуы;
зардап келтіру немесе оның келу мүмкінділігі.
2. Күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту тәсілін пайдаланып жасалатын қылмыстарды топтастыру мәселелері, оларды екі топқа бөлу арқылы қарастырылады.
а) күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар;
ә) күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстар.
3. Күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың түсінігі беріліп, түрлері сипатталады. Осының негізінде қылмыстық құқықтағы күш қолданамын деп қорқыту - жәбірленушінің еркіне қарсы немесе еркінен тыс, оның психикасына әсер ете отырып, жәбірленушінің психикасының бұзылуына әкеліп соғатын құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті қасақана заңсыз әсер етуді айтамыз.
4. Күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың түсінігі мен сипаттамасы қарастырылады. Осыған орай күш қолдану тәсілінің анықтамасы беріледі, яғни, күш қолдану деп- өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш қолданамын не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе немесе өзге қауіпті тәсілмен қорқытуы мүмкін, қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы және заңмен тыйым салынатын, қасақана денсаулыққа әсер етуді айтамыз. Күш көрсетуге: жала жабу, қорлау, қинау, психикалық мәжбүрлеу, азаптау әрекеттерін жатқызуға болады.
5. Күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселесінің бірі ретінде осы тәсілдерді пайдаланып қылмыс жасайтын қылмыскердің тұлғасына сипаттама бере отырып, қылмыспен күрес ұйымдастырудың жалпы және арнайы іс-шараларын ұсына келе, осы іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы көлемін есептеп, оны мемлекет есебінен жыл сайын бөліп және оның нақты іс-шараларға жұмсалуын қадағалап отыру қажет.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Жұмыстың теориялық маңызы күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытуға байланысты біздің елдегі ең алғаш кешенді қылмыстық-құқықтық зерттеу жүргізілуімен ерекшеленеді. Жұмыс барысында күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытудың қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелері терең зерттеле отырып, оларға нақты түсініктер берілген.
Қылмыстық-құқықтық теорияда жұмыс бойынша берілген тұжырымдар мен ұсыныстар күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытуды, оның түрлерін анықтауда және ол қылмыстарды саралауда, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға түсінік беру барысында қолданылады. Сондай-ақ Жоғарғы Соттың күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстарды соттардың қарау тәжірибесі жөніндегі қаулыларын бекітуде маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Жұмыстың нәтижесі бойынша берілген ұсыныстар мен тұжырымдар құқық қорғау органдарына күш қолдану мен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмысқа қарсы күрес жүргізу барысында және олардың алдын алу мәселелерін шешуде елеулі көмек көрсетеді. Сонымен қатар зерттеу материалдары “Қылмыстық құқық”, “Криминология”, “Қылмыстық іс жүргізу құқығы”, “Қылмысты саралау негіздері”, “Қылмыстық атқару құқығы ”, сияқты пәндердің оқу процесінде де көмек беруі мүмкін.
Зерттеу жұмысының нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертация бойынша он жеті мақала жарияланған, оның ішінде төртеуі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жанындағы білім саласын қадағалау және аттестациялау бойынша Комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрген. Диссертациялық зерттеудің теориялық тұжырымдары мен ұсыныстары, ғылыми көзқарастары мен ережелері он алты ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған.
Диссертациялық зерттеудің құрылымы. Диссертациялық жұмыстың көлемі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жанындағы білім саласын қадағалау және аттестациялау бойынша Комитеттің талаптарына сай орындалған. Диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КҮШ ҚОЛДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
1. 1 Күш қолдану ұғымы және түрлері
Қазіргі таңдағы қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде күш қолдану түсінігі аз зерттелген, сондықтанда осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қазіргі қолданыстағы қылмыстық заң нормаларын басшылыққа ала отырып зерттеу жұмыстарын жүргізген заңгер ғалымдар Е. О. Алауханов, Л. Д. Гаухман, П. А. Дубовец, К. Ш. Жайынбаев, Л. Д. Кругляков және басқаларының ғылыми еңбектеріне жүгінуге тура келді. Осы еңбекті жазу барысында күш қолдану түсінігіне анықтама беру үшін теориялық және практикалық зерттеулер қорытындысына, заңгер ғалымдардың бұдан бұрын да берген анықтамаларына, қолданыстағы заң нормаларында берілген анықтамаларға сүйенуге тура келді.
Қылмыс жасаудағы күш қолдану тәсілін зерттеу өзекті мәселелердің бірі және осы тәсілді қолданудың нақты себебін тапқан жағдайда қабылданатын шешім қылмыстық құқық және сот ісін жүргізуде маңызды рөл атқармақ. Бұл ғылыми еңбектің негізі- күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту арқылы жасалатын қылмыстармен күрестің өзектілігі және осы тәсілді пайдаланып қылмыс жасауға байланысты туындайтын сұрақтардың шешімін табу, “қорқыту” және “күш қолдану” ұғымына түсінік беру. Сондықтан да зерттеуге негіз болып отырған көптеген жайларға, ол үшін алдымен күш қолданып жасалатын қылмыстарға түсінік беріп және оған ұқсас қылмыстық әрекеттерді тауып оларды ғылыми негізде ажыратуға болатын белгілерді нақты көрсетуге тура келеді. Бұл ұғымға бұған дейін қылмыстық құқық та, құқықтың басқа салалары да қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар түсінігіне нақты анықтама берген жоқ, осы тәсілді пайдаланып жасалған қылмыстар төңірегінде бірыңғай пікір қалыптаспаған.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығынан кейбір топтарды жекелеп бөліп алуға болады, оның негізінде өмірге, денсаулыққа, тәнге қолсұғылмаушылыққа, жеке тұлғаның бостандығына деген адамгершілік нормаларынан өзара көзқарас онда адамдардың өзара қарым-қатынасы және қоғаммен қарым-қатынасын реттеу арқылы адамдардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуге болады. Жоғарыдағы келтірілген қарам-қатынастарды бұзу мемлекеттке орасан зор көлемде зардап келтіреді. Сондықтанда ол қарым-қатынастар қылмыстық заң нормалары арқылы қорғалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz