Іле өзені – Қапшағай бекетіндегі су сапасының химиялық көрсеткіштерін анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 Іле Балқаш алабының физика.географиялық сипаттамасы ... ... ... 5
1.1 Табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.1 Ауа температурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1.2 Ауа ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1.3 Атмосфералық жауын.шашын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Гидрографиясы және морфометриясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2 Су сапасының көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.1 Су сапасының туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.2 Су сапасы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
3 Табиғи сулардың сапасын бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
3.1 Табиғи сулардың ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
3.2 Өзен суы сапасын бағалау мен тексерудің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 17
4 Іле өзенінің су сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
4.1 Іле.Балқаш алабының табиғи суларының сапасының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
4.1.1 Ауыз су ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
4.1.2 Суармалауға арналған су ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
4.1.3 Судың кермектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
4.1.4 Судың аггресивтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
4.2 Өзенің су сапасының көрсеткіштерінің жыл ішінде өзгерісін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
4.3 Еріген заттардың жылдық ағындысын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Курсық жұмыстың мақсаты өзен суының сапасының гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтау.
Курстық жұмыста Іле өзені – Қапшағай бекеті бойынша негізгі су сапасының көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша су өтімі мен минералдылықтың біріккен графигін тұрғызып, су сапасын анықтау. Іле өзені – Қапшағай бекеті Іле–Балқаш алабына жатады. Қазақстанның оңтүстүк-шығысында орналасқан. Өзен өзінің бастауын Тянь-Шяньнан келетін екі өзен: Текес және Күнес өзендері арқылы алады. Климаты құрғақ тым континентальді. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді. Қарастырылып отырған территорияға қатал ұзақ қыс, жылы жаз, қысқа өтпелі көктем мен күз және кеш көктемгі және күзгі тоң мен қысқа аязсыз кезең тән.
1. Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая изученность, т.13, Центральный и Южный Казахстан, вып. 2, Бассейн оз.Балхаш, Алматы, 1996. Б.283-336.
2. Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б. Самаковой. Изд. «Каганат», Алматы, 2003. Б.3-171.
3. И.Ф. Карасаев, А.В. Васильев, Е.С. Субботина. Гидрометрия. - Л.: Гидрометеоиздат, 1991.-375 б.
4. 4. Гидрологический ежегодник. Том 5, Бассейн рек Средней Азии, 1973г.- Под редакцей О.Н. Литовченко, Алматы, 1975.-201с.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық универс итеті

География факультеті

Құрлық гидрологиясы кафедрасы


к у р с т ы қ ж ұ м ы с

“Іле өзені – Қапшағай бекетіндегі су сапасының химиялық көрсеткіштерін анықтау”

Орындаған:
3-ші курс студенті Жанабаева Ж.А
Ғылыми жетекші: Дускаев Қ.Қ

Нормабақылаушы: Жанпеисова С.Р.

Қорғауға жіберілді
Құрлық гидрологиясы кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., доцент
_________________2007 ж. Абдрахимов Р.Г.

АЛМАТЫ 2007

Реферат

Іле өзені – Қапшағай бекетінің өзен суының сапасының гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтау тақырыбында орындалған. Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен және қорытындыдан құрылған. Берілген жұмыстың көлемі 29 беттен, 1 суреттен, 10 кестеден, қолданылған әдебиеттен тұрады.
Негізгі қолданылған сөздер: су өтімі, су ағындысы, гидрологиялық сипаттамалар, су ресурстары, сабалық кезең, су жинау алабы,
Зерттеу объектісі – Іле өзені – Қапшағай бекеті болып табылады.



2

мазмұны

Б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1
Іле Балқаш алабының физика-географиялық сипаттамасы ... ... ...
5
1.1
Табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1.1
Ауа температурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.1.2
Ауа ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
1.1.3
Атмосфералық жауын-шашын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.2
Гидрографиясы және морфометриясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2
Су сапасының көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.1
Су сапасының туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2.2
Су сапасы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
3
Табиғи сулардың сапасын бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
3.1
Табиғи сулардың ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
3.2
Өзен суы сапасын бағалау мен тексерудің жүйесі ... ... ... ... ... ... ...
17
4
Іле өзенінің су сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
4.1
Іле-Балқаш алабының табиғи суларының сапасының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

19
4.1.1
Ауыз су ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
4.1.2
Суармалауға арналған су ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
4.1.3
Судың кермектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
4.1.4
Судың аггресивтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
4.2
Өзенің су сапасының көрсеткіштерінің жыл ішінде өзгерісін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

23
4.3
Еріген заттардың жылдық ағындысын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

3

Кіріспе

Курсық жұмыстың мақсаты өзен суының сапасының гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтау.
Курстық жұмыста Іле өзені – Қапшағай бекеті бойынша негізгі су сапасының көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша су өтімі мен минералдылықтың біріккен графигін тұрғызып, су сапасын анықтау. Іле өзені – Қапшағай бекеті Іле–Балқаш алабына жатады. Қазақстанның оңтүстүк-шығысында орналасқан. Өзен өзінің бастауын Тянь-Шяньнан келетін екі өзен: Текес және Күнес өзендері арқылы алады. Климаты құрғақ тым континентальді. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді. Қарастырылып отырған территорияға қатал ұзақ қыс, жылы жаз, қысқа өтпелі көктем мен күз және кеш көктемгі және күзгі тоң мен қысқа аязсыз кезең тән.



4

1 Іле-Балқаш алабының Физика-географиялық сипаттамасы

1.1 Табиғи жағдай

Балқаш Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен Қазақтың ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі.
Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км2. Алаптың көп бөлігі (353 мың км2) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын су айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл көлдерінің арасынан өтеді.
Балқаш көлі алабының орографиясы күрделілігімен ерекшеленеді. Оның территориясын биік тау жүйелері, аласа таулар және Балқаш маңы құмдары алып жатыр. Біз қарастырып отырған Балқаш көлінің маңы жазықтығын негізгі үш ауданға бөлуге болады: 1) Солтүстік Балқаш маңы,
2) Оңтүстік Балқаш маңы және 3) Оңтүстік-Батыс Балқаш.
Солтүстік Балқаш маңы Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік шетін қамтиды. Оның орташа биіктігі 400-450 м. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді, жекелеген тік шыңды төбелер, жоталар кездеседі, қысқа аңғарлы жазда құрғап қалатын арналармен тілімделген.
Оңтүстік Балқаш еңістігі төмен (0,03) аккумулятивтік шөгінді түріндегі жазықтық болып келеді. Бұл жер құм массивтерінің кең таралуымен ерекшеленеді.
5
Балқаштың оңтүстік-батыс бөлігін кең ауқымды Іле өзенінің атырауы (ауданы шамамен 8000 км2) алып жатыр. Атыраудың сол жағын ертедегі Іле өзенінің атырауынан қалған құрғақ арналармен тілімделген Бақанас атты сазды-құмдауыт тақыр алып жатыр.
Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-шашын мөлшері орташа есеппен 150-200 мм-ден аспайды. Өсімдігі шөлейтті аймаққа тән болып келеді.
Алаптағы өзендер ағындысы негізінен Тянь-Шан тауларының және тауалды зоналарынан және аздап Қазақ ұсақ шоқысының беткейлерінен қалыптасады. Балқаш маңы жазықтығы (әсіресе Оңтүстік Балқаш) – ағынды қалыптаспайтын аудан болып табылады.
Солтүстік Балқаш өзендері (Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Бақанас, Аягөз) қар суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Тянь-Шан тауларынан басталатын өзендер (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қар-мұз және жаңбыр суларымен қоректенеді.
Балқаш көлінің географиялық орнының ерекшелігі оның тым континентальді және құрғақ климатты болып келуінде.

1.2.1 Ауа температурасы

Орташа жылдық ауа температурасы көлдің батыс жағалауында 7,0оС-тан көлдің шығысында 5,3оС-қа дейін өзгереді. Қаңтар айының орташа температурасы минус 13-16оС, ал шілде айында орташа алғанда плюс 24-25оС шамасында болып келеді [1]. Абсолюттік миннимал температура көлдің орталық бөлігінде (минус 40оС) және солтүстік жағалауында (минус 46оС) байқалады. Ауа температурасының абсолюттік максимал шамасы көлдің шығысынан батысына қарай 41-ден 45 оС-қа дейін өзгереді.
Қазан және қараша айларында ауа температурасының күрт төмендеуі тән (8-9оС-қа), мұндай жағдай сотүстіктік салқын ауаның енуімен және сібір антициклоны тармағының дамуымен байланысты. Қыс мезгілінде антициклондық ауа райында орташа ауа температурасы минус 30оС-қа (орташа есеппен бір айда бір күн), ал қысы қатал жылдары минус 40оС-қа дейін төмендейді (1-кесте)

6

Кесте 1 - Орташа, максимал және минимал айлық және жылдық ауа температурасы (град.)

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл

ст. Балқаш
-15,2
-13,5
-5,3
7,1
16,0
21,8
24,2
22,2
15,3
6,2
-3,6
-11,9
5,3

-10,1
-7,3
2,2
11,3
19,2
25,1
27,0
24,6
18,4
1,1
0,6
-6,0
6,8

-19,1
21,4
11,8
4,0
11,8
18,2
21,0
18,3
12,0
3,1
-10,5
-19,6
3,8

Алғазы аралы
-15,2
-13,5
-4,5
6,9
15,8
22,1
24,3
22,8
16,2
7,6
-1,8
-10,8
5,8

-9,2
-7,8
1,2
10,1
18,2
25,1
26,8
24,8
19,2
12,1
2,3
-7,4
7,7

-19,6
-20,5
-11,2
2,8
11,4
18,7
21,9
19,6
14,4
4,7
-9,1
-17,3
4,4

ст. Құйған
-13,7
-11,4
-2,0
9,1
17,2
22,5
24,4
22,1
15,4
7,2
-2,0
-9,6
6,6

-7,2
-4,6
-3,8
13,0
19,9
25,6
27,0
24,1
18,8
12,1
1,6
-2,2
8,9

-19,0
-26,3
-8,6
5,1
13,5
19,3
21,6
19,0
12,6
5,1
-9,6
-20,9
5,1

Тұрғылықты суық орташа алғанда қарашаның ортасында-желтоқсанның басында орнайды және наурыздың ортасына дейін сақталады. Суық мезгілдің орташа тұру ұзақтығы (орташа тәуліктік температурасы 0 оС-тан төмен күндер) 85-112 күнді құрайды.
Қыс айларында оңтүстіктен жылы ауа массасының енуіне байланысты (С типті циркуляция) күндізгі температура 10-15оС-қа көтеріліп, жылымықтардың орнауы мүмкін.
Суық мезгілдің орташа ұзақтығы (қараша-наурыз) орташа алғанда 130-140 күнді құрайды, теріс температуралар қосындысы 1100-ден 1500оС шамасында болып келеді.
Наурызда жылы ауа массасының енуімен және радиациялық жылыну нәтижесінде ауа температурасының жылдам көтерілуі байқалады. Соңғы көктемгі суыну (заморозки) әдетте сәуірдің екінші жартысында, жекелеген жылдары ±20 ауытқумен орнауы мүмкін.
Жаз айларында (маусым-тамыз) орташа айлық ауа температурасы 22-25оС шамасында тербеледі, ал орташа тәуліктік температура 25-35оС-қа жетеді.

7

1.2.2 Ауа ылғалдылығы

Орташа жылдық абсолюттік ауа ылғалдылығы (су буының серпімділігі) 7 мб-ды құрайды. Көлдің солтүстік жағалауында ол бірнеше төмен (6,3-
6,9 мб), ал оңтүстігінде біршама жоғары (7,2-7,3 мб) болып келеді. Салыстырмалы ылғалдылық суық мезгілде (қараша-наурыз) 80%, өтпелі кезеңдерде (сәуір, қазан) 57-66%, жазда (маусым-тамыз) – 40-52%. Оның орташа жылдық шамасы – 60-66%.
Ауаның ылғал тапшылығы жыл бойы 6,4-8,3 мб шегінде өзгереді. Көлдің оңтүстік жағалауы бұдан төмендеу шамамен сипатталады.

1.2.3 Атмосфералық жауын-шашын

Көпжылдық орташа жиынтық жылдық жауын-шашынның жыл ішінде таралуы және максимал және минимал айлық жауын-мөлшері 2 кестеде келтірілген.
Балқаш маңында өлшенген жылдық жиынтық жауын-шашын мөлшері 100-160 мм-ді құрайды. Суық мезгілге қарағанда жылы мезгілде жауын-шашын көбірек түседі. Ауа температурасы жоғары болып келген кезеңде әдетте жауын-шашын жаумайды. Ең жоғары жиынтық жылдық жауын-шашын мөлшері 255 мм, ал ең азы – 39 мм-ді құрайды.

Кесте 2 - Көпжылдық орташа жиынтық жылдық жауын-шашынның жыл ішінде таралуы және максимал және, минимал айлық жиынтық жауын-шашын мөлшері

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл
XI- III
IV- X

ст. Балқаш
12
10
11
12
10
13
12
8
5
9
11
14
127
58
69

26
25
17
37
44
55
35
43
40
32
28
24
220
78
154

1
0
0
0
0
0
0
0
0
0
1
1
59
20
25

Алғазы аралы
11
10
10
14
17
15
15
10
4
11
14
11
142
56
86

45
29
32
34
107
42
45
58
23
40
38
19
242
65
202

0
0
0
1
0
0
0
0
0
0
0
0
68
14
38

ст. Құйған
9
9
13
13
15
13
8
5
4
9
13
13
124
57
67

19
28
32
37
49
38
39
26
17
28
38
27
194
83
164

8
1
1
1
1
0
0
0
0
0
0
1
1
73
24
28

Айлық жиынтық жауын-шашын мөлшерінің аумақ бойынша таралуы өте жоғары айырмашылықта болып келеді.

1.2 Гидрографиясы және морфометриясы

Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.
Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс жағалауына құяды.
Балқаштың ең ірі саласы – Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады.
Қазіргі кезде Іле өзенінің 90%-ға жуық суы Жиделі жүйесі арқылы Балқаш көліне жеткізіледі. Іле жүйесіне ағындының 4,6-дан 7,4%-ға жуығы және Топарға 3,2-ден 5,0%-ға келеді. Іле өзенінің атырауында көптеген көлдер мен жайылған сулар кездеседі. Мұнда Іле өзені суының бірқатар бөлігі жерге сіңуге, булануға және транспирацияға ысырап болады.
С.А. Абдрасиловтың зерттеулері бойынша [7] атырауда ысырапқа ұшырайтын су көлемі жекелеген жылдары (1955 ж) 5,06 км3-ке дейін (Іле өзенінің 30%-на жуық) жетеді.
9
Ағындының атырауда таралуы және онда әр жылғы судың жайылуы арна торының динамикасына, Іле өзені суының және Балқаш көлінің деңгейінің көпжылдық тербелісіне тәуелді өзгеріп отырады. Осыған сәйкес өз кезегінде Іле өзені атырауының динамикасы Балқаштың су балансына және деңгейіне әсер ететіндігі көрінеді.
Қазіргі кезде Р.М. Хайдаровтың зерттеулері бойынша [1] Іле және Топар жүйелері жоғалу (отмирания), ал Жиделі жүйесі бір арна жасау стадиясында. Жалпы алғанда атырауда көлдік жүйеден арналық жүйеге көшу орын алып отыр. Сондықтан жақын жылдары Іле өзені суының жиынтық булануға жұмсалатын бөлігі кемуге тиіс [1].
Аягөз өзенінің сағасы батпақтанған және біршама Балқаш көлінің суы басқан аңғар түрінде болып келген, ал Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа атырау жасап құяды.
Лепсі өзені. Атырауы салыстырмалы түрде алғанда үлкен емес –
145 км2. Ол сағадан 30 км-дей жоғарыдан басталады. Мұнда батпақтанған жерлер аздап кездеседі және көлдер мүлдем жоқ деуге болады. Ылғалы мол жерлердің жиынтық аудан (13,0 км2) барлық атырау ауданының 8%-ын құрайды. Атыраудың басталатын жерінен шамамен 10 км төмен Ақсу өзеніне қарай тармақ шығады. Су тасуы мезгілінде Ақсу және Лепсі өзендерінің атыраулары бір-бірімен қосылып кетеді.
Қаратал өзені. Қаратал өзені көлге құяр жерінде ауданы 860 км2 болып келетін атырау жасайды. Атыраудың басы шамамен сағадан 60 км-дей жерден басталады. Бұдан төмен өзен бірнеше қолтықтар мен тармақтарға бөлініп көлге қяды. Олардың ішінде көлге негізінен тек Қаратал өзінің суын жеткізеді, қалғандары құмдарға сіңіп және микроойыстарды толтырып жоғалады. Атыраудың жақсы ылғалданған аудандарының (көлдер, батпақтар, қамыс массивтері) мөлшері 200 км2 шамасында. Көлдерінің жиынтық ауданы 14,5 км2. Олардың ішіндегі ірілері – Саркөл (3,96 км2), Қалғанкөл (3,30 км2), Барабас (0,76 км2).
Ақсу өзені атырауының ауданы 720 км2-ты құрайды. Ол сағадан 71 км жоғарыдан басталады. Атыраудың басында Ақсу өзенінен оңға қарай Құрақсу тармағы бөлініп шығып, Лепсі өзеніне құяды. Бұл тармақтың суы мол емес, тек су тасуы кезінде байқалады. Сол жақ тармағы Ақсу өзенімен параллель аға отырып, батпақанған жерлермен және Қалғанкөл арқылы өтеді. Қазіргі уақытта су Ақсу өзенінің негізгі арнасымен және оның сол тармағымен ағады. Жақсы ылғалданған жерлердің ауданы 338 км2 (шамамен атыраудың 50%-ындай). Атыраудың бірқатар бөлігін құм массивтері алып жатыр. Атырау ауданында тек қана бір көл – Қалғанкөл бар, айдының ауданы 8,6 км2.
Балқаш көлінің, оның батыс және шығыс бөліктерінің морфометриялық сипаттамалары 3, 4-кестелерде келтірілген.

10

Кесте-3 - Су деңгейі 342 м кезіндегі Балқаш көлінің морфометриялық сипаттамалары [1]

№ рр
Сипаттамалары
Өлшем бірлігі
Шамасы
1
Көлдің ұзындығы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
км
614
2
Максимал ені . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
км
70
3
Орташа ені . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
км
30
4
Жағалық сызықтың ұзындығы . . . . . . . . .
км
2 383
5
Су айдынының ауданы . . . . . . . . . . . . . . .
км2
18 200
6
Максимал тереңдік . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
м
26,5
7
Орташа тереңдік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
м
5,8
8
Суының көлемі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
км3
106
9
Көл қазаншұңқырының көрсеткіші
(С.Д. Муравейский бойынша) . . . . . . . . . .

1,50

Кесте 4 – Батыс және Шығыс Балқаштың негізгі морфометриялық сипаттамалары [1]

Көлдің бөлігі
Ұзындығы, км
Максимал ені, км
Орташа ені, км
Айдыны-ның ауданы, км2
Макс. тереңдік, м
Орташа тереңдік
Суының көлемі
Батыс Балқаш

296

70

36

10600

11,0

4,6

48,5
Шығыс Балқаш

318

47,5

24

7600

26,5

7,6

57,5

Балқаш көлінің қазаншұңқыры созыңқылығымен және жағалық сызықтарының тілімделген болып келуімен ерекшеленеді. Сарыесик жартылай араллы тұсында көл енінің күрт тарылуынан көл екі бөлікке – батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктер өздерінің морфометриялық және гидрофизикалық сипаттамаларымен өзгешеленеді. 342,0 м су деңгейі жағдайында Ұзынарал мойнағының (ең тар жері) ені
5-6 км-ден аспайды, ал табалдырықтың ең таяз жерлері 2,8-3,3 м болып келеді.
Көлдің бұлай екіге бөлінуі оның суларының тұздылығының күрт өзгешеленуімен ерекшеленеді. Батыс Балқаш негізінен тұщы немесе өте төмен минералданған ағынды көл болып табылады, ал Шығыс Балқаш салыстырмалы алғанда жоғары минералдануымен сипатталады.
11

2 СУ САПАСЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2.1 Су сапасы туралы түсінік

Мемлекеттік стандарт бойынша су сапасы деп – суды пайдаланудың нақты жарамдылығының түрін анықтайтын физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің біріккен жиыны.
Су сапасы оның пайдалану саласына, шаруашылығы және соның талаптарына байланысты. Әр түрлі су пайдаланушы салалар өз талаптарын қояды, және осы салалардың талаптары бір-біріне қарама қайшы. Осыған орай әр түрлі суды пайдаланушыларды бөлу. Бұл мақсат судың нормативтерін енгізу жолымен шешіледі. Қазіргі уақытта ең көп пайдаланылатыны - “Рауалы шекті шоғырлану” (РШШ)
Әр суды пайдаланушы салалар өз РШШ болады:
1. Өнеркәсіп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...РШШ рв1
2. Әлеуметтік тұтынушы ... ... ... ... ... ... ... ... ...РШШ рв2
3.Ауыл шаруашылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .РШШ рв3
Бұл мақсат “шектеуші зиянды белгісін” (ШЗБ) енгізумен шешіледі. Зиянды заттың минимальді шоғырлануында ең ықтималды әсер ететін бағыты. ШЗБ 3-ке бөлінеді:
1. Жалпы санитарлық – ол су обьектілерінің жалпы санитарлы күй- жағдайын анықтайды. Сонымен қатар, су ортасындағы өздігінен тазару процестерін анықтайды.
2. Санитарлы-токсикологиялық – тірі организмдер, жануарларға, адамның мүшелеріне нақты, тікелей әсерін анықтайды.
3. Оргонолептикалық – адамның сезім мүшелеріне (иісі, дәмі, түсі) әсер етуін анықтайды.
Судағы зиянды заттың шоғырлануы РШШ төмен болуы керек:

SiРШШ≤1 (1)

Егер судағы ластаушы заттар бірнеше зиянды белгісіне жатса, онда:

S1РШШ1+ S2РШШ2 ... ... SnРШШn ≤1 (2)
12

Су обьектілеріндегі су сапасын бағалау үшін ең көп қолданылатын көрсеткіш “Су ластану индексі” (СЛИ) және “Гидробиологиялық сапробты индексі – S” жатады. Ереже бойынша судың ластану индексі гидрохимиялық деп есептеуге болатын алты-жеті көрсеткіштер арқылы есептеледі. Оның бір бөлігі (еріген оттегі) шоғырлануы сутегі көрсеткіштері РН оттегінің биолгиялық тұтынуы – негізгі болып есептеледі.
Су обьектілерін судың ластану индексі мөлшері бойынша бірнеше кластарға бөледі. Ағын сулар үшін судың ластану индексімен су обьектілерінің бір биогеохимиялық ауданы бойынша салыстырады (кесте 5).

Кесте 5 – СЛИ мөлшеріне байланысты су сапасының түрлері

Сулар
СЛИ
Су сапасы түрлері
Өте таза
0,2
1
Таза
0,2 – 1,0
2
Аз ластанған
1,0 – 2,0
3
Ластанған
2,0 - 4,0
4
Лас
4,0 – 6,0
5
Аз ластанған
6,0 – 10,0
6
Өте жоғары ластанған
10 - көп
7

Сапробты индексі “S” Ресейде енгізілген. Ол сапробты түрлерінің жеке сипаттамаларын есептейді.
Сапробты индексіті “S” анықтау тәртібі:
Барлық зерттелген организмдерге бірнеше шартты санды жеке сапробты индекс мағынасы ұсынылады. Ол физиологиялық, биохимиялық, қасиеттерін көрсетеді. Нәтижесінде, статистикалық растау үшін сынамада 12-ден аз емес индикаторлы организмдер, жалпы негізгі санын бақылау кезінде 30-дан кем емес болмау керек. Сапробты индекске байланысты су сапасы бірнеше кластарға бөлінеді (кесте 6).

13

Кесте 6 - Сапробты индекстеріне байланысты су сапасының кластары

Ластану деңгейі
Зоналар
Сапробты индексі
Су сапасының кластары
Өте таза
ксеносапробты
0,50-дейін
1
Таза
алигосапробты
0,50 – 1,50
2
Аз ластанған
n мезосапробты
1,51 – 2,50
3
Қатты ластанған
b мезосапробты
2,51 – 3,50
4
Өте қатты ластанған
полисапробты
3,51 – 4,00
5
Өте лас
полисапробты
4,00 жоғары
6

СЛИ және Сапробты индексі су обьектілерінің интегралды сипаттамаларына жату керек. Су обьектілерінің ластану деңгейін және судың сапасын кейде микробиологиялық көрсеткіштермен де сипаттайды. ( кесте 7)

Кесте 7 – Микробиологиялық көрсеткіштері бойынша су сапасының кластары

Ластану деңгейі мен су сапасының кластары
Бактериялардың жалпы саны
Сапрофитті бактериялар саны 1000 жасушамл
Жалпы бактериялар санының сапрофит бактерияларына қатынасы
Өте таза
0,5 дейін
0,5 дейін
1000 дейін
Таза
0,5 – 1,0
0,5 – 5,0
1000 көп
Аз ластанған
1,1 - 1,3
5,1 – 10,0
1000 - 100
Ластанған
3,1 – 5,0
10,1 – 50,0
100 дейін
Лас су
5,1 – 10,0
50,1 – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
Төгінді сулардың топыраққа әсері
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Химиялық элементтердің табиғи сулардағы таралу сипаттамалары мен принцптері
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
Ағынды - өзен ағып шығатын көлдер
Пәндер