XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
«Халықаралық қатынастар» факультеті
«Халықаралық қатынастар» мамандығы
Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы
Д. Ж. Қажмұратова
Тақырыбы: XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
(бітіру жұмысы)
Ғылыми жетекші т. ғ. к., доцент А. Р. Әліпбаев
Нормабақылаушы т. ғ. к., доцент А. Р. Әліпбаев
«Қорғауға жіберілді» т. ғ. к., доцент Е. С. Чукубаев
Халықаралық қатынастар
және ҚР сыртқы саясаты
кафедрасының меңгерушісі
Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 4
I ТАРАУ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА ӘСЕРІ
1. 1. Әлемдік экономиканы дамытудағы энергетикалық әлеуеттің және энергетикалық қауіпсіздіктің маңыздылығы . . . 12
1. 2. Қазақстанның энергетикалық стратегиясының басты бағыттары мен құралдары . . . 20
1. 3. АҚШ энергетикалық доктринасының негізгі мақсаттары мен бағдарлары . . . 30
II ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН-АҚШ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2. 1. Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының қалыптасуы және дамуы: энергетикалық фактордың шешуші рөлі . . . 41
2. 2. Каспий теңізі ресурстарының бірегейлігі және Каспий аймағындағы АҚШ мүдделері . . . 51
2. 3. Жаңартылған энергия көздері мәселесінің өзектілігі және оның қазақ-американдық қатынастарда алатын орны . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
ҚОСЫМША . . . 81
Белгілер мен Қысқартулар тізімі
ҚР - Қазақстан Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
РФ - Ресей Федерациясы
ОА - Орталық Азия
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
ЕО - Еуропалық Одақ
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
АТА - Азия-Тынық мұхиты аймағы
АСЕАН - Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы
АТЭС - Азия Тынық мұхитының экономикалық ынтымақтастығы
АМҰ - Америка мемлекеттерінің ұйымы
НАФТА - Солтүстікамерикандық еркін сауда аймағы
НАТО - Солтүстік атлантикалық альянс
ОПЕК - Мұнай экспорттаушы мемлекетер ұйымы
МАГАТЭ - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік
ХЭА - Халықаралық энергетикалық агенттік
МЭТБ - Мұнай экспорттаушылардың тәуелсіз тобы
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
ОКИОК - «Оффшор Казахстан Интернешнл Оперейтинг Компани» халықаралық консорциумы
КҚК - Каспий құбыр консорциумы
ҚПО - Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.
БТЖ - Баку-Тбилиси-Жейхан
ГРЭС - Мемлекеттік аймақтық электр станциясы
ОЭК - Отын-энергетикалық кешен
АЭК - Алғашқы энергия көздері
ЖЭК - Жаңартылған энергия көздері
БЭК - Балама энергия көздері
АЭС - Атом электр станциясы
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
ІЖӨ - Ішкі жалпы өнім
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Энергетикалық әлеует мемлекеттің өте маңызды байлықтарының бірі. Әрбір ел ең алдымен өзінің экономикалық мүдделерін алға қойып, оны орындаудың барлық жолдарын іздестіреді. Жаһандану үдерісі халықаралық субъектілерді тығыз байланыстырып, бір-бірінен тәуелді еткізеді және халықаралық экономикалық өзара байланысын одан әрі тереңдете түсіреді. Энергоресурстарды экспорттау мәселесінде де орын алатын кейбір өзгерістер жаһанды нарықтағы барлық қатысушыларға ықпал етеді. Ресурстарды иемденуге жанталасу сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары болып қалады. Ал қазіргі кезде оның нәтижесі болып тек сол ресурстарды қолдану ғана емес, бәсекелес елді ондай мүмкіндіктен айырып, оның экономикалық өсуін тежеу табылады. Орын алатын өзгерістердің сондай сипатында салынып жатқан мұнай және газ құбырлары мәселесі өзінің өзектілігін арттырады.
XXI ғасыр энергетика саласының тез дамып, отын ресурстардың, оның ішінде мұнай, табиғи газдың және көмірдің кең түрде қолданылуымен сипатталады. Энергетикалық ресурстар дегеніміз адам пайдалана алатын энергиясы бар материалды объектілер. Оларға ең бірінші кезекте мұнай, табиғи газ, тас көмір жатады. Бүгінгі таңда ондай шикізатты өндіруге көп қаржы бөлінеді және оны өңдеу мен тасымалдаудың жағдайлары да қиындай түсті. Халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнатумен қатар, энергетикалық тепе-теңдікті сақтаудың едәуір күрделі екендігін халықаралық қоғамдастық мойындау қажет. Энергетикалық ресурстар әрбір мемлекет үшін тұрмыс деңгейін көтеруге және жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпалдасады.
Геосаясаттың маңызды құрауышына энергетикалық фактор жатады. Энергетикалық қауіпсіздік мағынасының бұрынғы уақытқа қарағанда кеңеюі де оған дәлел бола алады. Халықаралық саммиттер мен форумдарда талқыланатын мәселелер қатарына, көп жағдайда, энергоресурстарды тиімді пайдалану, оларды тасымалдаудың ұтымды жолдарын ашу, экологияға келтірілетін зиянды азайту шараларын ұсыну жатқызылады. Мемлекет басшылары, министрлер және тағы басқа деңгейде өтетін кездесулерде де әлемдік экономика мен жаһанды саясатта орын алатын энергетикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтылады.
Орталық Азия аймағында Қазақстан Республикасы жетекші рөльге ие. Тәуелсіздік жылдарынан бастап оның экономикалық көрсеткіштері оң бағытта сипатталады. Мәселен, мемлекеттің ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өсімі 10% құрайды. Соңғы 10 жылда жан басына шаққандағы ІЖӨ 10 есеге өсіп, 7 мың долларға жетті. Президент Н. Назарбаевтың елдің экономикасын дамытуға бағытталған әр түрлі бағдарламалары мен жобаларының нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
Қазақстанда энергоресурстар, оның ішінде мұнай мен газ көп көлемде шоғырланған. Қазақстандық энергетикалық стратегия сондай байлықты дұрыс игеру, шикізатты тасымалдаудың тиімді маршруттарын ойластыру, шетелдік компаниялардың тәжірибелерін қолдану, инвестициялар мен озық технологияларды тарту сияқты аспектілерді қамтиды. Сонымен қатар, Каспий бассейніндегі көмірсутегі ресурстарын экспорттау мәселесі де бастапқы орында тұр.
АҚШ болса, халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды орын алып жатқан геосаяси актор. Бүгінгі таңда АҚШ әлемдегі экономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орында, әскери жағынан қуатты, ғылыми-технологиялық саладағы көшбасшы болып саналады. Оның ЖІӨ көрсеткіші шамамен 14 трлн. долларға жетеді. Сондай жетістіктер экономиканың индустриалды жағынан дамуы мен әртараптануымен тікелей байланыста болады.
АҚШ үлкен энергетикалық әлеуетті иемденеді және әлемдегі ең ірі мұнайдың тұтынушысы болып табылады. Американдықтар энергетикаға қатысты бірінші болып ұлттық стратегияны жасап шықты. Онда энергиялық тиімділікті арттыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шикізатты тұтынудың жаңа жолдарын іздестіру мәселелері белгіленген. Құрама Штаттардың энергетикалық доктринасы жаһандық сипатта болып, өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау мен оларды таратуды алға қойған.
Сонымен, Қазақстан мен АҚШ әлемдік энергетикалық саясатқа әсер ететін маңызды қатысушылары болып табылады. Екі елдің өзара әрекеттесуі олардың сыртқы саясаттарындағы басымдықтармен сипатталады. Оған саяси, сауда-экономикалық, әскери, білім және т. б. салалардағы қатынастар кіреді. Оның ішіндегі энергетикалық байланыстарға ерекше көңіл бөлінеді және екі жақ та оған үлкен мүдделілік танытады. АҚШ-ты Қазақстандағы қызықтыратыны пайдалы қазбалардың көп шоғырлануы мен олардың әртүрлілігі, Каспий теңізінде мұнай-газ қорларының бар болуы және сол аймақтағы көмірсутегі шикізатын тасымалдаудың жолдарын әртараптандыру мүмкіндіктері, уран өнеркәсібінің дамуы сияқты ерекшеліктер. Қазақстан болса, әлемде гегемон рөлін атқаратын Құрама Штаттардың халықаралық қатынастар жүйесінде елеулі орын алуы, экономикалық қуаттылығының дамуы, энергетикалық сектормен қатар, басқа салаларда да тәжірибе алмасу мүмкіндіктері, саяси, инвестициялық, қауіпсіздік салаларындағы артықшылықтары секілді факторларға мүдделілік танытады.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің энергетикалық әлеуеті қандай сипатта екендігі өте маңызды болып келеді. Энергетикалық әлеует мемлекеттің саяси, экономикалық жағынан күшін және ықпалдылығын көрсетеді. Сонымен қатар, халықаралық қатынастардың дамуына әсер ету мүмкіндігін белгілейді. Алайда, жаһандық нарықта мұнай мен газдың бағаларына деген тәуелділік байқалады. Оған қоса, энергоресурстардың сарқылатын қорлары да мемлекеттерді тиімді энергетикалық саясат жүргізуге итермелейді. Энергетикалық ресурстар жер бетінде жан-жаққа таралып кеткен және кейбір жерлерде мол болса, басқа аймақтарда мүлде аз орналасқан. XXI ғасырда орын алған жаһандану үдерісі энергетикалық фактордың маңыздылығының өсуін тездетті.
Энергетикалық әлеуеттің қазақстандық-американдық қарым-қатынастарында алатын орны және оның маңыздылығы диплом жұмысының зерттеу нысаны болып табылады. XXI ғасырдың басындағы Қазақстан және АҚШ-тың энергетика саласындағы ынтымақтастығы зерттеу пәніне жатқызылады.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. XXI ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі орын алған Қазақстан мен АҚШ-тың энергетикалық ынтымақтастығы қарастырылады. Бұл кезеңде Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенділігінің көтерілуі, АҚШ-тағы билік басына Демократиялық партия өкілінің келуі және т. б. оқиғалар орын алды.
Диплом жұмысының мақсаты. XXI ғасыр басындағы Қазақстанның және АҚШ-тың энергетикалық әлеуеттерін талдап, оның екі ел арасындағы екі жақты қатынастарға ықпалын толық түрде ашу болып табылады. Сондай мақсатқа жету үшін диплом жұмысының алдына келесі міндеттер қойылады:
- Қазіргі кездегі энергетикалық әлеуеттің мемлекеттің сыртқы саясатына әсерін ашып көрсету;
- Әлемдік экономиканы дамытудағы энергетикалық әлеуеттің және энергетикалық қауіпсіздіктің маңыздылығын айқындау;
- Қазақстанның энергетикалық стратегиясының басты бағыттары мен құралдарын анықтау;
- АҚШ энергетикалық доктринасының негізгі мақсаттары мен бағдарларын қарастыру;
- Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, екі жақты қатынастардағы энергетикалық фактордың шешуші рөлін айқындау;
- Каспий теңізі ресурстарының бірегейлігін және Каспий аймағындағы АҚШ мүдделерін белгілеу;
- Жаңартылған энергия көздері мәселесінің өзектілігі мен оның қазақ-американдық қатынастарда алатын орнын зерделеу.
Диплом жұмысының деректік негіздері. Осы диплом жұмысының деректік негіздері келесідей алты топқа топтастырылады.
Деректердің бірінші тобын Қазақстанның сыртқы саясатының негізін қалайтын ҚР Конституциясы [1], Н. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиясы [2], 90-шы жылдардан қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның энергетикалық стратегиясы мен бағдарламалары, энергетика саласында қабылданған заңдар [3-5] құрайды. Бұл құжаттар Қазақстанның сыртқы және энергетикалық саясаттарының басты бағыттарын белгілейді.
Деректердің екінші тобына XX ғасырдың соңғы жартысынан XXI ғасырдың басына дейінгі АҚШ энергетикалық доктринасына, кіші Дж. Буш пен Б. Обаманың энергетикалық саясаттарына қатысты құжаттар мен бағдарламалары, АҚШ-тың энергетика саласында қабылданған нормативтік-құқықтық актілері жатады [6-10] . Аталған деректер АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі және энергетикалық саясатының бағдарларын айқындайды.
Деректердің үшінші тобында Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының сипаттарын анықтайтын құжаттар, оның ішінде энергетикалық салаға қатысты деректер қамтылған [ 11 -14] . Олар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өзгеріп дамуына жол ашады.
Деректердің төртінші тобын танымал саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің сөйлеген сөздері және жасаған мәлімдемелері құрайды. Атап айтқанда, ҚР Президенті Н. Назарбаев [15], Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы Сыртқы істер министрі М. Тажин [16], АҚШ-тың 2001-2009 жылдардағы Президенті кіші Дж. Буш [17] АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі З. Бжезинский [18] . Бұл деректер Қазақстан және АҚШ энергетикалық әлеуеттері мен екі ел арасындағы энергетикалық саладағы ерекшеліктерінің жағдайын білуге мүмкіндік береді.
Деректердің бесінші тобын АҚШ энергетика министрлігі және ҚР мұнай және газ министрлігінің статистикалық мәліметтері [19-20] құрайды. Ондай мәліметтер екі елдің энергетикалық әлеуеттерінің және экономикалық ахуалдарының деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі көмірсутегі шикізаты қорының және әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды білуге, белгілі мағлұматтар бойынша сараптама жүргізуге ықпалдасады.
Деректердің соңғы алтыншы тобын Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері және интернет сайттарында көрсетілген деректер қалыптастырады [21-25] . Қазақстан және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өткізілген кездесулер мен жасалған сапарлар, олардың нәтижесінде қабылданған құжаттармен танысуға мүмкіншілік туындайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейінгі шығарылған тарихнамалық деректерді отандық және шетелдік деп бөлуге болады.
Қазақстан-АҚШ энергетикалық әлеуеттері және энергетика саласындағы ынтымақтастығы тақырыбы аз зерттелінген. Сол зерттеулердің ішінен отандық авторлар Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасуы мен тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіп жатқан энергетикалық саясаттың алатын орны, мұнай және газ ресуртарын игеру мәселелеріне, сонымен қатар Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығына Қ. Тоқаев [26], С. Абдулпаттаев [27], М. С. Ашимбаев [28], Қ. Ә. Жүніс [29], М. Т. Лаумулин [30], Л. К. Бакаев [31], К. Л. Сыроежкин [32], Д. Б. Қыдырбекұлы [33] сияқты авторларды ерекше атап өтуге болады. Оның ішінде М. С. Ашимбаев «Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых и региональных отношений» атты еңбегінде қазіргі әлемдегі Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетінің маңыздылығы және оның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарына әсер ететінін қарастырған.
Бүгінгі таңдағы Каспийдің құқықтық мәртебесі, Каспий бассейніндегі ресурстарды игерудегі кездесетін проблемалар, мұнай-газ құбырлары мәселелері өте өзекті болып табылады. Бұл тақырыпқа А. К. Нурша [34], А. Абишев [35], А. А. Салимгерей [36], Т. С. Саттаров [37] өздерінің жұмыстарында тоқталған. «Правовой статус Каспийского моря (проблемы теории и практики) » деген еңбегінде А. А. Салимгерей Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, мұндағы әр мемлекеттің, яғни Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иранның ұстанатын ұстанымдары, бұл аймақтағы геосаяси жағдайдың ерекшеліктеріне талдау жасаған.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аясында АҚШ сыртқы саясатының қалыптасуы, АҚШ-тың Орталық Азия және Қазақстанмен ынтымақтастығын Ф. Т. Кукеева [38], Ә. Б. Күзембаева [39], О. Г. Закржевская [40], Қ. Е. Байзақова [41] секілді авторлар зерттеген. Ә. Б. Күзембаеваның «Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының негізгі аспектілері (2001-2008 жж. ) » атты диссертациясы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін 2009 жылы қорғалады. Автор ҚР мен АҚШ-тың саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарының дамуын, екі елдің екі жақты қатынасқа қатысты мүдделері және көзқарастарын айқындайды. Оған қоса, энергия қорлары саласындағы ықпалдастықтың тереңдеуі мен кеңеюі, оның ішінде энергетика және мұнай-газ саласындағы ықпалдастық зерттелінген.
Халықаралық қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі, Қазақстанның ядролық қауіпсіздігінің саяси-құқықтық қамтамасыз етілуі А. А. Айтхожинаның [42], Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру және ондағы ұстанымдар мен өзекті мәселелер, ОА-да ядролық қару таратпау мәселесіндегі ҚР-дың саясаты Ж. Д. Көшербаевтың [43], АҚШ-тың ядролық қаруды таратпаудағы ұстанымдарының дамуы мен өзгеруі, энергетика саласындағы Қазақстанға байланысты жүргізген саясаты А. С. Салимбаеваның [44] диссертациялық жұмыстарында қарастырылған.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы АҚШ-тың алатын орнын және АҚШ әкімшілігіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымдарды, сонымен қатар энергетикалық саладағы қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттегендер қатарына Р. М. Тулепбаева [45], Н. Т. Уранхаев [46], Е. Р. Шаймарданов [47] жатады. «Государственная энергетическая политика в контексте обеспечения устойчивого развития: мировой опыт и Казахстан (политологический анализ) » деп аталатын Н. Т. Уранхаевтың диссертациясы саясат ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін 2010 жылы қорғалады. Бұл жұмыста мемлекеттің энергетикалық саясатын зерттеудің концептуалды әдістері, мемлекеттің энергетикалық саясатын жүзеге асырудағы геосаяси және экологиялық факторлар, АҚШ энергетикалық саясатын іске асырудың тәжірибесі, Қазақстанның энергетикалық нарығындағы қазіргі жағдайға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, энергетикалық саладағы Қазақстан және АҚШ мемлекетаралық ынтымақтастығы, американдық энергетикалық саясаттың Каспийлік бағыты және Б. Обама кезіндегі АҚШ-тың жаңа энергетикалық бағдарламасына көңіл бөлінген.
Орталық Азиядағы АҚШ мүдделері, қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығы мәселелері Ж. Ж. Дәдебаев [48], Л. М. Иватова [49], У. Т. Касеновтың [50] еңбектерінде көрсетілген. Л. М. Иватованың «Казахстанско-американские отношения (политологический анализ) » атты диссертациялық жұмысында қазақстандық және американдық қатынастардың дамуындағы энергетикалық фактордың рөлі, Қазақстандағы экономиканың жалпы жағдайы және АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықтың саясатының аспектілері белгіленген.
Қазіргі кезде балама энергия көздері саласының маңыздылығы мен құндылығы күн сайын артып жатыр. Бұл тақырыпқа байланысты мәліметтердің және зерттеулердің аздығына қарамастан, қазақстандық зерттеуші Ч. Ш. Ершин [51] «Особенности формирования государственной кадровой политики Республики Казахстан в области альтернативной энергетики: (политологический анализ) » деген еңбегін қорғап шықты. Ол өзінің жұмысында энерготиімділік пен энергияны сақтау проблемаларын зерттеудің концептуалды-теоретикалық әдістері, балама энергия саласындағы шетелдік мемлекеттердің тәжірибелерін сараптау, әлемдегі жаңартылған энергия көздері нарығының даму тенденциялары мәселелерін қамтыған. Соған қоса, Ершин балама энергетика саласындағы ҚР мемлекеттік саясаттың қалыптасуының ерекшеліктерін анықтап, Қазақстанның отын-энергетикалық сектордың сараптамасын жасады.
Шетелдік зерттеушілер қатарында халықаралық қатынастардағы энергетикалық саясаттың жағдайын, АҚШ-тың әлемдегі үстемдігі мен алатын орнын, әскери және энергетикалық жағынан қуаттылығын қарастырған А. В. Торкунов [52], А. Уткин [53], З. Бжезинский [54], С. З. Жизнин [55] сияқты ресейлік авторлар бар. А. В. Торкуновтың «Современные международные отношения и мировая политика» кітабы бүгінгі кезде кездесетін жаһандық сипаттағы қиыншылықтарды, соның ішінде әлемдік саясаттағы энергетикалық проблемаларды, энергетикалық ресурстардың сарқылу мәселесін, халықаралық қатынастардағы мұнай және газ секілді шикізатты өндірудегі қалдықтардан пайда болатын экологиялық проблемаларды анықтап талдауға бағытталған.
Каспий мәселесіне ресейлік зерттеушілер ішінде С. С. Жильцов, И. С. Зонн, А. М. Ушковтың [56] еңбегі арналған. Онда Каспий аймағындағы ресурстарды бақылау мен оны тасымалдау маршруттарын іздестіру, ОА-дағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық жағдайлары, құбырларды салу мен транспорттық инфрақұрылымды дамыту жолдары айқындалады. Ал, М. Г. Жулинский Каспий бассейніндегі мұнай және газ проблемалары, геосаяси және экономикалық аспектілер, көмірсутегі шикізатын экспорттау бағыттары мен оның әлемдік экономикада алатын орны, АҚШ және ЕО-ның аймақтағы қызығушылықтарына тоқталып кеткен.
Жаңартылған энергия көздері саласын дамыту қажеттілігі және ондағы артықшылықтар мен кемшіліктердің бар болуын, балама ресурстарының экономикалық және экологиялық жағынан тиімділіктерін талдағандар қатарында О. Верещагин, Н. Рогожина, Е. Телегина [57-59] бар. Бұл авторлар XXI ғасырдағы әлемдік энергетиканың алға басуы, мемлекеттердің таза энергетика секторында жүргізетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтар, жаһандық технологиялардың дамуының өзгешеліктеріне талдау жасап шықты.
Ф. Старр [60], М. Б. Олкотт [61], Р. Алисон [62] американдық авторлары Орталық Азиядағы АҚШ-тың мүдделері, Үлкен Орталық Азия ынтымақтастығы мен дамуы жөніндегі әріптестік, Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік дамудың белгілері, ұлттық саясаттың энергетика саласымен ұштасуы мәселелерін атап өткен. 2007 жылдың сәуірінде VI Еуразиялық медиа форум кезінде американдық саясаттанушы Ариэль Коэн «Тәуелсіздік жолы» атты еңбегінде Қазақстанның энергетикалық саясаты және әлемдегі жетекші мемлекеттермен қалыптасқан энергетикалық ынтымақтастығы туралы жазған. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік уран өндірісіндегі алатын орны, ядролық қарудан бас тартып, қазіргі кезде атом өнеркәсібін бейбіт мақсаттарда қолдану ниеті де белгіленген.
Стратегические перспективы: ведущие державы, Казахстан и центральноазиатский узел» еңбегінің авторы Роберт Легволд [63] Орталық Азиядағы жетекші державалардың мүдделері, Ресей, Қытай, Жапония, Еуропаның Қазақстанға қатысты жүргізіп жатқан саясаттары, соның ішінде Құрама Штаттардың да рөлін ерекше атап өтеді. АҚШ-тың Орталық Азиядағы мүдделері тек экономика мен энергетикалық мәселелерімен ғана шектелмей, көпжақты және терең ынтымақтастық, қақтығыстардың алдын алу, аймақтағы шиеленістерді бәсеңдету сияқты ауқымды шараларды қамтуы анықталады. Ал, Каспий аймағына қатысты Легволд Вашингтонның басымдықтарына өзінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, мұнай мен газға деген қол жетімділікті қамтамасыз ету, американдық бизнестің, әсіресе мұнай саласындағы коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтуді жатқызады.
Диплом жұмысының теориялық әдістемелік негіздері. Осы диплом жұмысының теориялық әдістемелік негіздерін жалпы ғылыми әдістер құрайды. Соның ішінде, салыстырмалы-тарихи, контент-анализ, статистикалық талдау және перспективтілік әдістері қолданылды.
Салыстырмалы-тарихи әдіс Қазақстан және АҚШ-тың энергетикалық әлеуеттерінің және екі елдің экономикасының даму деңгейлерін анықтауға көмектеседі. Контент анализ әдісі Қазақстанның энергетикалық стратегиясының басты бағыттары мен құралдарын және АҚШ энергетикалық доктринасының негізгі мақсаттары мен бағдарларын айқындауға ықпалдасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz