Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамудағы рөлі.

1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Басқару қызметінің әлеуметтік . экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі ... .11

ІІ Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
2.1 Мемлекеттік басқарудағы орталық атқарушы органдардың
құрылымының қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3 Басқаруды реформалауда дамыған елдердің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... .39

ІІІ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару органдарының құрылымын жаңарту жолдары.
3.1 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3.2 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғаы сапасына қол жеткізу ... ... ... ... .47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Кіріспе

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998 ж.
2. Глущенко Е.В. Теория управления, М: 1992 г.
3. Егемен Қазақстан № 210. 02.09.06 ж. “Мемлекеттік басқаруды жаңарту”
4. Егемен Қазақстан. 15.11.06. “Әлемдік стандартқа сай әкімшілік реформасы”.
5. Егемен Қазақстан № 184. 04.08.06 ж. ”Әкімшілік реформасы: ұмтылыс пен ұсыныс”.
6. Егемен Қазақстан № 110. 20.05.06 ж. ”Әкімшілік реформасы: білім мен білік – басты мәселе”.
7. Егемен Қазақстан 11.08.06 ж. “Қазақстандағы корпоративті басқару мүддесі – тиімділік”.
8. Егемен Қазақстан 16.12.06 ж. “Алдымен экономика”.
9. Егемен Қазақстан 26.06.06 ж. “Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын”.
10. Егемен Қазақстан № 128 . 07.06.06 ж. “Басқаруды жетілдіру бастаулары”.
11. Егемен Қазақстан 18.10.06 ж. “Жаңа тұрпаттағы басқарушылар”.
12. Егемен Қазақстан № 94-95. 17.04.07 ж. “Ел дамуының белгісі – электронды үкімет”.
13. Егемен Қазақстан 21.02.07 ж. “ Электронды үкімет” бүгінгі күннің қажеттілігі”.
14. Казахстанская правда. 25.11.06 г. “Современное управление: диалектика количества и качества.
15. Ішкі саясат. Саясат – Policy № 6. 2005. “Демократические принципы, кадры и эффективность управления”.
16. Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауы. “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан”.
17. ҚР Президентінің Актілер жинағы: ҚР Президентінің ҚР Үкіметі құрылымы мен олардың қызметі жайлы жарлықтары:
1) 1993 11-маусымдағы.
2) 1994 16 – сәуірдегі.
3) 1995 19-қазандағы № 2541.
4) 1995 18 – желтоқсанындағы.
5) 1996 14- қыркүйектегі № 3113.
6) 1996 29-қазандағы № 3168.
7) 1996 8-қарашадағы № 3203
8) 1997 14-қаңтардағы № 3329
9) 1997 4- наурыздағы № 3377
10) 1997 26-мамырдағы №3531
11) 1997 10-қазандағы №3655
12) 1997 6-қарашадағы №3741
13) 1999 22-қаңтардағы №6
14) 1999 3-наурыздағы № 80
15) 1999 13-мамырдағы № 139
16) 1999 13-қазандағы №235
17) 2000 13-желтоқсанындағы №507
18) 2001 17-қазандағы №705
19) 2002 28-тамыздағы №931
20) 2003 13-маусымдағы №1102
21) 2003 13-қыркүйектегі № 1189
22) 2003 23-желтоқсанындағы №1255
23) 2004 9-маусымдағы №1382
24) 2004 29-қыркүйектегі №1449
25) 2005 25 - ақпанындағы №1521
26) 2006 17-наурыздағы №73


Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан от 4 октября 2004 года N 1022

Типовая структура местного государственного управления Республики Казахстан

Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 16 февраля 2005 г. N 141-1; от 27 декабря 2005 года N 1294 (вводится в оепствие с 1 января 2006 года); от 22 сентября 2006 года N900 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

1. Областной акимат
1. Аппарат акима области
2. Департамент (Управление) архитектуры и градостроительства
3. Департамент (Управление) внутренней политики
4. Департамент (Управление) государственного архитектурно-
строительного контроля
5. Департамент (Управление) государственного санитарно-
эпидемиологического надзора
6. Департамент (Управление) здравоохранения
7. Департамент (Управление) координации занятости и социальных
программ
8. Департамент (Управление) культуры
9. Департамент (Управление) по мобилизационной подготовке,
гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации
аварий и стихийных бедствий
10. Департамент (Управление) образования
11. Департамент (Управление) пассажирского транспорта и
автомобильных дорог
12. Департамент (Управление) предпринимательства и промышленности
13. Департамент (Управление) природных ресурсов и регулирования
природопользования
14. (Исключен - от 27 декабря 2005 года N 1294 (вводится в действие с 1
января 2006 года)
15. Департамент (Управление) сельского хозяйства 15-1. Департамент
(Управление) строительства
16. Департамент (Управление) финансов
17. Департамент (Управление) экономики и бюджетного планирования
18. Управление (Отдел) архивов и документации
19. Управление земельных отношений
20. Управление по развитию языков
20-1. (Исключен - от 22 сентября 2006 года N 900 (вводится в действие со
дня первого официального опубликования)
21. Управление (Отдел) физической культуры и спорта

2. Акимат города республиканского значения, столицы

1. Аппарат акима города республиканского значения, столицы
1-1. Департамент (Управление) администрирования специальной
экономической зоны "Астана - новый город
2. Департамент (Управление) архитектуры и градостроительства
3. Департамент (Управление) внутренней политики
4. Департамент (Управление) государственного архитектурно-
строительного контроля
5. Департамент (Управление) государственного санитарно-
эпидемиологического надзора
6. Департамент (Управление) жилья
7. Департамент (Управление) занятости и социальных программ
8. Департамент (Управление) здравоохранения
9. Департамент (Управление) культуры
10. Департамент (Управление) по мобилизационной подготовке,
гражданской обороне, организации предупреждения и ликвидации
аварий и стихийных бедствий
11. Департамент (Управление) образования
12. Департамент (Управление) пассажирского транспорта и
автомобильных дорог
13. Департамент (Управление) предпринимательства и промышленности
14. Департамент (Управление) природных ресурсов и охраны
окружающей среды
15. (Исключен - от 27 декабря 2005 года N 1294 (вводится в действие с 1
января 2006 года) 15-1. Департамент (Управление) строительства
16. Департамент (Управление) финансов
17. Департамент (Управление) экономики и бюджетного планирования 17-1. Департамент (Управление) энергетики и коммунального хозяйства
18. Управление (Отдел) архивов и документации
19. Управление земельных отношений
20. Управление по развитию языков
20-1. (Исключен - от 22 сентября 2006 года N 900 (вводится в действие со
дня первого официального опубликования)
20-2. Управление (Отдел) сельского хозяйства
21. Управление (Отдел) физической культуры и спорта
3. Акимат района и города областного значения
1. Аппарат акима района, города областного значения
2. Отдел внутренней политики
3. Отдел архитектуры и градостроительства
4. Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и
автомобильных дорог
5. Отдел занятости и социальных программ 5-1. Отдел земельных отношений
6. Отдел культуры и развития языков
7. Отдел образования
7-1. Отдел предпринимательства
8. Отдел сельского хозяйства 8-1. Отдел строительства;
8-2. Отдел физической культуры и спорта
9. Отдел финансов
10. Отдел экономики и бюджетного планирования

4. Акимат района
(с численностью населения менее 50000 чел.)
(Раздел исключен - постановлением Правительства РК от 27 декабря 2005 года N 1294 (вводится в действие с 1 января 2006 года)

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі
қарай дамудағы рөлі.

1. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Басқару қызметінің әлеуметтік – экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . 8
3. Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі ... .11

ІІ Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған
елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
2.1 Мемлекеттік басқарудағы орталық атқарушы органдардың
құрылымының қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3 Басқаруды реформалауда дамыған елдердің
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... 39

ІІІ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін
арттырудағы мемлекеттік басқару органдарының құрылымын жаңарту жолдары.
3.1 Мемлекеттік органдар құрылымын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3.2 Мемлекеттік басқару қызметінің жоғаы сапасына қол
жеткізу ... ... ... ... .47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .52

Кіріспе

Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан
кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси
жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі
табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде
жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған
жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі
экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму
деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және
аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті.
Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы
мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық
болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен
мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса
назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған
әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып
келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ
мерзімді Қазақстан 2030 стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру
жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес,
мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына
баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет
көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту
және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша
қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып
қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық
жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
І Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай
дамытудағы рөлі.

1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қасиеттілігі

Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың
барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол
жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық
деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама ортаға ие болып,
табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен
заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы
әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты
басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде әлеуметтік –
экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар
менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отыырп, өзінің
қалыптасуы мен барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Орталық
есебінде басқару әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру,
жергілікті экономикалық дамуы мен жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап
етіледі.
Сонымен мемлекеттік басқару мәні келесі қағида бойынша айқындалады.
Мемлекеттік басқару деп – мемлекеттің билік күшін пайдалану арқылы белгілі
бір мақсаттарға жету үшін адамдардың қоғамдық өміріне тәжірибелі,
ұйымдасқан және реттеуші бағытта әсер етуі аталады. Мемлекеттік басқарудың
мақсаттылығын, тиімділігін адамдардың қажеттігін орындау барысындағы
әлеуметтік бағыттылығы анықтайды. Ендеше мемлекеттік басқару - ерекше
субъектілер тобының экономикалық, әкімшілік, саяси және әлеуметтік,
мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттерімен қызметтерді іс
жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді заңдық біліктілік ұйымдастыру
қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады:
- қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен;
- бұл қызметтің атқару өкім ету сипатымен;
- арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асырумен;
- күнделіктілігімен және үзіліссіздігімен;
- заңға тәуелді сипатымен;
- қызметтің әр түрлі нысандарымен;
Мемлекеттік басқару принциптері – оның мән мағынасын білдіретін негізгі
бастамалары, идеялары. Мемлекеттік басқару принциптері екі түрге бөлінеді:
1) Жалпы мемлекеттік басқару;
2) Ұйымдастырушылық мемлекеттік басқару;
Жалпы мемлекеттік басқарудың өзі бірнеше топқа бөлінеді:
- жалпы демократиялық;
- жалпы объективтілік;
- жалпы ғылымдық;
- жалпы нақтылық;
- жалпы шапшаңдық;
- жалпы тиімділік;
- жалпы жариялылық;
Ал ұйымдастырудың түрлері мыналар:
- салалық;
- желілік;
- аумақтық;
- функционалдық;
- екі жақта бағалаушылық;
- жеке дара басшылық пен олқылықты үйлестіру.
Мемлекеттік басқару ол жүйелі құрастырсаң басқару қызметтерден тұрады.
Олар:
1) Жоспарлау қызметі – мұнда қандай мақсат қойылуы қажет, ол қашан
және қалай орындалады деген сұрақтарға жауап беріледі.
2) Ұйымдастыру қызметі – адамдарға өкілеттіліктер мен міндеттерді
бөліп беру арқылы оларды ортақ нәтижеге жұмылдыру:
3) Реттеу қызметі – адамдардың белгілі бір ұйым шеңберінде белгілі бір
қызметтерді атқаруға міндеттейді;
4) Қызметкерлермен жұмыс істеу қызметі - әлемдік тәжірибеде бұл
қызметке маңызды көңіл бөлініп, қолданылып келеді.
5) Бақылау қызметі – барлық жоғарыда аталған қызметтердің кері
байланысын көрсетеді.
Мемлекеттік басқару нысаны – атқарушы билік органдарының өзінің
құдіреті шеңберінде жүзеге асырылған және нарықтық реттеуші мен белгілі бір
сардарлар туғызатын қызметтің сыртқы көрінісі. Сондықтан нарықты экономика
механизмінде мемлекеттің экономикаға араласуынсыз экономиканың толық өзін -
өзі реттеуі мүмкін емес. Осы орайда мемлекет салық, инвестиция, жеңілдіктер
беру арқылы нарықтық экономиканы реттеп отырады. Ал, мемлекеттің арнайы
қызметтері ретінде ғылыми – техникалық дамуды қамтамасыз ету, еңбек
қатынастары мен қаржы жүйесін жүйесін мемлекеттік бақылау және реттеу
қызметтерін қарастырсақ болады. Мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде
қарастыру үшін оның қағидаларын бір – бірімен байланысқан субъектілердің
даму заңдылығын анықтайды. Мемлекеттік басқаруда келесі 3-қағиданы атап
көрсетсек болады:
- Онтологиялық – мұнда элементтердің табиғатпен байланысын, оның даму
заңдылығын және бір – бірімен байланысын қарастырады:
- Гносологиялық – қағидалардың негізгі ерекшеліктерін талдау және оларға
ғылыми түрде сипаттама беру;
- Методологиялық – қағидалардың теориялық және іс – тәжірибеде қолдану
механизмін анықтайды;
Сонымен қатар мемлекеттік басқаруда келесі қағидаларды қамтиды:
1) Қоғамдық - саяси - мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғатын
зерттеу арқылы олардың даму заңдылығын анықтау;
2) Функционалдық - құрылымдық - мемлекеттік басқару органдарының
құрылымының заңдылығын түсіндіреді;
3) Ұйымдық – құрылымдық - мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының
заңдылығы мен бір – бірімен байланысын түсіндіреді;
4) Мемлекеттік басқару қызметі - мемлекеттік басқару органдарының басқару
әдістерін қолдау заңдылығын түсіндіреді;
Мемлекеттік басқару әдістеріне – басқару субъектісінің басқару объектісіне
ықпал ету тәсілі, амалы, ал басқарудың алдына қойған мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін
пайдаланады. Мемлекеттік басқару әдісінің мынандай белгілері бар:
1) Мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи
байланысты.
2) Басқару қызметі субъектісін объектіге басқару ықпалын білдіреді.
3) Басқару субъектісінің өз – құқық өкілеттілігін іске асырудың құралы.
4) Тиісті объектіге арналған.
5) Алға қойылған мақсатына нақты жағдайда қол жеткізудің қолайлы тәсілі.
6) Белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

1.2 Басқару қызметінің әлеуметтік – экономикалық тиімділігі.

Мемлекеттік басқару тиімділігі тек технологиялық мәселе емес, ол
тарихи қалыптасқан процесс. Тиімсіз мемлекеттік басқару сол кезеңдегі
қоғамдық құрылымдағы көптеген адамдардың әлеуметтік механизмін қамтамасыз
ете алмауынан пайда болады. Қоғамда басқарушылар негізгі екі фактор
экономика және саясаттың, меншік қатынастары мен билік қатынастарын тиімді
пайдалану арқылы өз биліктерін жүргізді. Бұл факторлар бір – бірін
толықтыра отырып, қоғамның негізгі құрылымы мен оның әлеуметтік
бағыттылығын анықтайды.
Сонымен әлеуметтік басқарудың анықтайтын келесі критерияларды атап
көрсетуге болады:
- басқару құрылымы мен қызметкерлердің қызметтерінің бағыттары, мазмұны
және нәтижесі басқару қызметінің қызметтік нұсқаулары мен статусымен
анықталған параметрлерге сәйкес болуы;
- басқару құрылымдары мен оның қызметкерлерінің шешімдерді заңға сәйкес
қабылдауы, өйткені заңдар мен құқықтық нормаларды ұстана отырып, жұмыс
істеуі басқару тиімділігін арттырады;
- басқару қызметінің басқару объектілерінің дамуына жағдай жасауы, яғни
басқару шешімдері басқару объектілеріне бағытталып, оның тиімді даму
қызметін қамтамасыз етеді;
- басқару шешімдерін адамдардың мақсаттарымен қажеттіліктеріне
бағытталуы;
- еңбек коллективін демократиялық басқару арқылы қызметкерлер еңбегінің
нәтижелігі мен тиімділігін арттыру;
- басқару құрылымдары мен оның қызметкерлерінің қабылдаған шешімдері мен
қызметтерінің маңызды болуы;
- басқару құрылымдары мен оның қызметкерлерінің берген ақпараттарының
дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тиімсіздігі адамдардың негізгі
үлкен тобының экономикалық, саяси, әлеуметтік қызметтерге
бағытталмағандығымен анықталады, ал ол өз кезегінде әлеуметтік мәселелерді
шешуде тиімсіз жағдайға алып келеді.
Басқару тиімділігінде көпшілік басқару субъектілері басқа пікірлерге
қосылуына себепкер болады, егер тиімді болған жағдайда да, өйткені олар
жоғары қойылған саяси бағыттылық пен кейбіреулердің қызығушылығымен
келіспейді. Олар басқару тиімділігін арттыруды демократиялық процестерді
жоғары деңгейде басқару арқылы жетуге болады деп есептейді.
Басым басқару тиімділігінің бағыты тек қана классикалық анықталуы
мүмкін ...алға қойған мақсатқа ресурстардың аз шығындылығымен жоғары еңбек
өнімділігімен жетуге... экономикалық тиімділікке қабылданған шешімдер мен
қызметтерде әлеуметтік, саясаттылық және басқа да қолданбалы тиімділіктер
болуы қажет.
Осыған орай барлық құрылымдар білуі қажет, өйткені басқару
тиімділігін бір бағытты түсінікте толық мағынада білу мүмкін емес. Сонымен
қатар және бір міндетті қағидадағы – сақтау критериймен оптималды құрамдағы
мемлекеттік және қоғамдық қызығушылықтармен инновациялық идеяларды жүзеге
асырушы – интеллектуалды – кадрлық ресурстарға қарағанда орны алады.
Өйткен жағдайда басқару тиімділігін ортақ мақсатқа жұмылдыру
барысында демократиялық басқару шектілігін белгілеп алып, сонда қарама –
қайшы түсініктер анықталар еді. Бұл енді яғни басқару құрылымы иерархиядан
және аумаққа тиістіліктен тәуелсіз болып, басты бағытын айқындалып, елдің
дамуына және тұрғындардың жағдайын көтеруге тиіс.
Ел мен аймақтарда басқаруға, парламент пен маслихаттарға
кандидаттарды іріктеуші әр жалдаушы халықтың өзі болып табылады. Осымен
байланысты басқару қызметінің тиімділігі басшыға тікелей байланысты. Әр
деңгейдегі басшы қызметінің тиімділігі оның жалдамалы жұмысшыны дұрыс
таңдап алуына да байланысты. Жұмыстың нәтижесі жұмысшының қаншалықты
тапсырылған істі мінсіз атқаруға сәйкес келетініне сөзсіз тәуелді.
Жұмысшыны таңдайтын адам ең алдымен өзіне нендей мәселелерді шешудің
қажеттілігін дұрыс сараптамай білуі керек. Соған сай маманды содан кейін
іздеуі тиіс. Әрі іріктеуге барынша көбірек адамды тартуы керек.
Әрқайсысының алға қойған шаруаны жүзеге асыруға қажетті идеяларға
қаншалықты бай екендігін және оларды тікелей өзі орындауға қабілеттілігін
сынып көру керек. Соның нәтижесінде ғана жұмысқа қабылдаушы өз іздегенін
табатын болады. Мемлекеттік биліктегі шенеуніктердің бәрі жалдамалы
қызметкерлер. Олар қай деңгейде болмасын, солардың қызмет сапасы айналып
келгенде қоғамды басқарудың халыққа қызмет етудің дәрежесін, тиімділігін
анықтайды.

1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы рөлі

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикадағы мемлекеттік
басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 20-
жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ
Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама – қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық
тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының
мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын
алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама – қайшылығын
үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді,
мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісіне түсуіне әкеліп соқтырады.
Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында
болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру,
талаптық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті
1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық орын алмады. Сонымен
көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу
жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол
еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің монополитетіне жол
бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. Экономикада
тәуелсіздіктің негіздері нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы
басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жайлы республика дербестігінің
экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын
анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің
негізі: жерге, оның қойма байлықтарына ішкі және территориялық су
ресурстарына өсімдік пен жан – жануарлар әлеміне, тарихи – мәдени
құндылықтарына, материалдық, қардылық ресурстарына, өндірістік және
өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып
табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса
маңызды өзіндік қаржы – несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы,
салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы
басқаруды ұйымдастырудың қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы
меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің
барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке
қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез – келген шектеуіне
жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып
табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың қазіргі
жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының
әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі
тиіс. Экономиканың қарқынды дамуы, саяси тұрақтылық, басқару тиімділігі,
заңнама қорының халықаралық талаптарға сай келуі – Қазақстан корпоративті
басқару қағидаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай туғызуда. Азаматтық
кодекс, Акционерлік қоғам туралы Заң қабылданып, биыл корпоративті
басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.
Сапа мамандарының пікірінше, корпаративті басқару қағидаттары, яғни
нарықтың тетіктердің өзі кәсіпкерлерді бүгінгі ахуалды уақытында дұрыс
бағалай білуге үйретеді. Ал мұның өзі бизнестің табысты болуына жол ашады.
Елбасы корпоративті басқару нормаларын жетілдіру және моноритарлық
акционерлер құқықтарын қорғау жөнінде мәселе қозғалған наурыз айындағы
жолдауына орай корпоративті басқаруға баса назар аударылуда. Жаңа жобаның
ықпалдылығына қол жеткізуде іргелі ізденістің, іскерліктің қажеттілігі
орасан. Сондықтан да корпоративті басқару жүйесін өрістетуге қатысты
маңызды жәйттермен өзгерістер енгізу, осы орайда мемлекет секторын
басқарушы мемлекеттік холдингтерге енгізу болып табылады. Мемлекеттік
активтердің корпоративтік басқаруда және оның сапасын халықаралық деңгейге
көтеруде Самұрық қазақстандық холдингі және Қазына тұрақты даму қоры
акционерлік қоғамдары құрылды. Тап осындай қағидаттар бойынша аграрлық
секторда КазАгро холдинг компаниясы және жуырда Қарағанды облысында
әлеуметтік – кәсіпкерлік копорациясы ретінде Сарыарда корпорациясы іске
қоспады. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін, еліміздің барлық
аумақтарын қамтитын жеті әлеуметтік – корпорация құрылуға тиіс. Олардың
ортақ мүддесі жоғарыда айтылғандай – мемлекеттік активтердің корпоративтік
түрде басқарудың сапасын халықаралық деңгейге көтеру. Енді мемлекеттік
холдингтерге тоқтала кетсек:
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Қазақстандық
холдингі”. Мемлекеттік холдингтің құрылуына байланысты бірқатар
заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Оның құрамына
Қазақстан темір жолы, Ұлттық компаниясы АҚ (100-пайыз), Қазпошта АҚ,
Энергетика желісін басқару жөніндегі қазақстандық компания, КЕGOK (100-
пайыз), Қазақтелеком ( 50 –пайыз + 1 акция, Қазмұнайгаз ұлттық
компаниясы АҚ (100-пайыз) кіріп отыр. Ұлттық холдингтің басты мақсаты
ұлттық компанияларды басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдірумен қатар,
холдинг құрамына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың құнды қағаздарын
қор рыногына шығару болып табылады. Сонымен қатар ұлттық компанисымен
мемлекеттік холдингтің құны артумен қатар, дамымақ. Басқарудың кезекті
сатысында мемлекеттік активтерді басқаратын Қазына тұрақты даму қоры АҚ
холдингі дүниеге келді. Қазына АҚ-ның басты міндеті – экономиканы
әртараптандыруға көмектесу, жобалар мен инновацияны қаржыландыру, шағын
және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру. Бұл мақсаттар ұзақ мерзімді болып
табылады және таза коммерциялық сипатта емес. Қор басшысы, сондай –ақ
Қазына жұмысы барынша ашық болатынын атап өтті. Сонымен қатар, басты
назарда инвестициялық жобалар барысында мемлекеттік кірісті қатынастыруға
бағытталады және мемлекет жақсы дивиденттер алуы керек болады. Холдингтің
өзі қарамағына өзіне сәйкес келмейтін кәсіпорынды қабылдай алмайды.
Ауылшаруашылығы секторында КазАгро холдинг компаниясы құрылды.
Мемлекет басқаның бәрін жекеменшікке таратып, өзіне бағалы, асыл тұқымды
мал өсіріп, сататын компаниялардың жергілікті рынокта өздерін дәлелдеуіне,
нығаюына кетті. Ал, әлемдік рынокқа шығар тұста олардың басын қосқан
КазАгро холдингына берілетін болды. Министрлікке қарасты жеті
корпорацияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін холдингке
берілген. Холдингтің капиталы 80 миллиард теңгені құрап отыр.
Үкімет басшысын тағайындаған Жарлықтан көп кешікпей Президенттің
Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығы жарияланды. Ол құжат
Жарғылық капиталының 100 пайызы түгел мемлекет қолында болатын Сарыарқа
ұлттық компаниясын құруға арналды. Бұл Сарыарқа Ақмола мен Қарағанды
облыстарының және Астана қаласының біртұтас экономикалық рыногын
қалыптастыруды көздейді. Осы өңірдің мемлекеттік және жекеше секторын
шоғырландыратын болады. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, қайта өңдеумен
айналысады. Осылайша, өңір ұғымы алғаш мемлекет өміріндегі істен көрініс
таппақшы. Бүгін Орталық Қазақстандағы екі облыс пен бір республикалық
бағыныстағы қаланы қамтыған Сарыарқа құрылса, ертең солтүстікте
Торғай, шығыста Семей, оңтүстік – шығыста Жетісу, оңтүстікте
Қаратау, батыста Жайық және Үстірт аталатын әлеуметтік – кәсіпкерлік
корпорациялар құрылуы үстінде.
Жоғарыда аталған ұлттық компаниялар ортақ түптеп келгендегі мақсаты
ел дамуындағы маңызды мақсаттарды жүзеге асыру, корпоративті басқару
деңгейінде мемлекет мүддесін жүзеге асыру болып табылады. Соның біршамасына
тоқталсақ:
Біріншісі – отын – энергетика секторының тиімділігін арттыру. 2006-
2008 жылдар аралығы кезеңінде ілеспе табиғи газды кәдеге жаратуды ұлғайту
және оны экспорттық рынокқа шығару, энергия өндіретін жаңа қуаттарды салу
есебінен энергетиканы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету жоспарланған.
Екіншісі - өнім өндіруші компаниялардың өскелең сұранымы базасында
сервистік және тауарлық өндірістерді дамыту, көмірсутегі кеніштерінің ірі
операторлары маңынан Қазақстанның шағын және орташа бизнесінің жұптасып
құруымыз, ол мұнай компанияларының өскелең қажеттеріне қызмет ететін
болады.
Үшінші – экономиканың дамуныа елеулі түрде ықпал етуге қабілетті
серпіліс жобаларын іске асыру. Мұнай – химия өндіріс дамытудың бас
жоспарын іске асыру болады. 2006-2008 жылдардың өзінде –ақ алғашқы мұнай –
химия жобаларын жүзеге асыру басталады.
Төртінші. Жоғары қосылған құны бар тауарлар экспорты мен қызмет
көрсетулер өсуіне қол жеткізуді, оның көлемді өндірісін болашақтағы 2-3
жылда жолға қойылуы мүмкіндігі.
Әрине, жоғарыда аталған мәселелер бәрін дерлік қамтыған жоқ, бірақ
бұл республиканың бәсекеге қабілетттігін одан әрі арттыру мақсатында іске
асыру жоспарланып отырған серпіліс жобаларының неғұрлым болашақтағы
бағыттары.
Осы бағыттарда мақсатты жұмыстарды ұйымдастыру үшін Қазына тұрақты
даму қоры АҚ және Самұрық мемлекеттік холдингтік компаниясы АҚ
компанияларын жұптастырылған.

ІІ Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған
елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері

2.1 Мемлекеттік басқарудағы орталық атқарушы органдардың құрылымының
қалыптасуы және дамуы

Мемлекеттік басқару сапасын дамытудың стратегиясы қашанда өмір
мектебінен өткен тәжірибелі, тиімді және заман талабына сай басқару
органдарының жетілуі қажет етеді. Сонымен қатар, атқарушы биліктің
құрылымын талдау болып табылады.
Атқарушы биліктің орталық (республикалық) органдарын олардың
қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық
құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің
арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған
мемлекеттік органдарға бөлуге болады. Қазіргі кезде төмендегі салалар
бойынша республиканың орталық атқарушы органдары бар:
а) экономика салалары бойынша: Экономикаға; Мемлекеттік кіріс; Қаржы;
Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және
сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны қорғау
министрліктері; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және
шағын бизнесті қолдау жөніндегі; Мемлекетік сатып алу жөніндегі;
Инвестициялау жөніндегі; Стратегиялық жоспарлау жөніндегі; Жер ресурстарын
басқару жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар
жөніндегі ұлттық комиссия;
ә) әлеуметтік – мәдениет салалары бойынша: Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім; Білім және ғылым; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт
жөніндегі, Көші – қон және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және
әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия;
б) әкімшілік – саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер, Қорғаныс; Ішкі
істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі; Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі;
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттіктер;
Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
мемлекеттік комиссия.
Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрамында Үкімет құратын
ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері;
Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінде: Орман, балық
және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.
Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттің бірнеше салаларына
таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҰҚК және басқа да министрліктер мен
ведомстволарда да денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар
арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының
құрамына кіреді. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің
емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.
Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын ұйымдастыру мен
қызмет атқаруының тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Конституциялық заң күші бар 1996 жылғы 18 желтоқсанындағы заңы, Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 6-мамырдағы
Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13-наурыздағы №
321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі
(Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік,
агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасында ұйымдық – құқықтық нысандарда
қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей ортаның атқарушы
органдары бар:
1) Қазақстан Республикасының министрліктері;
2) Қазақстан Республикасының агенттіктері;
3) Қазақстан Республикасының министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері
болып табылатын комитеттер (ведомстволар), депортаменттер және
басқармалар.
Орталық органдардың әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары
бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
1. Қазақстан Республикасының министрлігі ммлекеттік басқарудың тиісті
саласына (аясына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шептерде
– салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы
органы болып табылады.
Министрліктерді Республика Премьер – Министрінің ұсынысы бойынша
Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де
Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлікті Республика Премьер – Министрінің ұсынысы бойынша
Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де
Республика Премьер – Министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрліктің жұмысына министр басшылық жасайды және министрлікке
жүктелген міндеттемелердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге
асыруына жеке басымен жауап береді.
Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.
Министрлікте министрлердің орынбасарларының (вице министрлердің),
сондай-ақ министрліктің басқа басшы қызметкерлерінің құрамында министр
басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық – кеңесші орган
құрылады. Алқаның сандық құманы Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр
бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен рәсімделеді.
Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар
бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
Министрлік өзінің ұйымдық – құқықтық мәртебесі бойынша заңды тұлға
болып табылады. Мемлекеттік биліктің органы ретінде мемлекеттік тілде
өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері,
сондай-ақ заңдарға сәйкес банкілерді есеп – шоттары болады.
Министрліктің қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттен
жүзеге асырылады.
Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне
– бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірақ олар өздерінің жұмыстарын
үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс –
қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске
асыру, қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы
шарттар мен келісімдер жасай алады.
2. Қазақстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына енбейтін
орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер –
Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта
ұйымдастырады және таратады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты,
сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де
арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
Агенттіктердің және басқа, үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен
босатады.
Агенттіктің құрылымын оның басшысы – төраға бекітеді. Әдетте, оның
құрылымы депортаменттер мен басқармалардан тұрады.
Агенттік төрағасының жанынан консультациялық кеңесші орган –алқа
құрылады. Оның сан және адам құратын агенттіктің төрағасы бекітеді.
Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы
ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін
Республика Үкіметі бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті,
стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі мемлекеттік қызмет
жөніндегі агенттіктері, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер
істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл комиссияның төрайымы әрі Қазақстан
Республикасының министрі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей
бағынады.
4. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті тиісті орталық
атқарушы органның ведомствосы болып табылады.

Кесте - 1
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органдарының құрылымы

Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен
республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзыретінің шегінде арнайы
атқару және бақылау – қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық
үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына (аясына) басшылық
жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі
ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ведомствоның құрылымын, құзыретін және басқа мемлекеттік органдармен
өзара іс – қимылының тәртібін Үкімет белгілейді. Сондай-ақ мемлекеттік
басқару құрылымындағы орталық атқарушы органдарының құрылымын бекітіп
отырады. Осы орайда еліміздің егемендік алғаннан кейінгі жылдарымен осы
бүгінге дейін Қазақстан Республиканда 7-үкімет жұмыс істеп келіпті. Сонымен
қатар орталық атқарушы органдардың қалыптасуы жайында тоқталып өтсек:
1. Сергей Александрович Терещенко үкіметі;
2. Әкежан Қажыгелдин үкіметі;
3. Нұрлан Балғымбаев үкіметі;
4. Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев үкіметі;
5. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов үкіметі;
6. Даниэл Кенжетайұлы Ахметов үкіметі;
7. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов үкіметі – қазіргі уақытта қызмет етуде. Осы
орайда әрқайсысының құрылымы жайында қарастырып өтейік.
С.А.Терещенко тұсындағы орталық атқарушы органдарының яғни
Президенттің бекітуімен 1993 жылғы 9 маусымдағы Жарлығы негізінде
жарияланған үкімет құрылымы:
1. ҚР ішкі экономикалық байланыстар министрлігі;
2. ҚР ішкі істер министрлігі;
3. ҚР геология және ортаны қорғау министрлігі;
4. ҚР денсаулық сақтау министрлігі;
5. ҚР сыртқы істер министрлігі;
6. ҚР ғылым және жаңа технология министрлігі;
7. ҚР мәдениет министрлігі;
8. ҚР қорғаныс министрлігі;
9. ҚР білім министрлігі;
10. ҚР мөртаңба және жалпы ақпарат министрлігі;
11. ҚР өндіріс министрлігі;
12. ҚР байланыс министрлігі;
13. ҚР ауыл – шаруашылық министрлігі;
14. ҚР халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
15. ҚР сауда министрлігі;
16. ҚР көлік министрлігі;
17. ҚР еңбек министрлігі;
18. ҚР туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі;
19. ҚР қаржы министрлігі;
20. ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі;
21. ҚР экономика министрлігі;
22. ҚР энергетика және отын ресурсы министрлігі;
23. ҚР әділет министрлігі;
Комитеттер тізімі.
1. ҚР антимонополиялық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті;
2. ҚР архитектура және құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеті;
3. ҚР су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеті;
4. ҚР мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті;
5. ҚР жер қатынастары және жер орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті;
6. ҚР жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті;
7. ҚР өндірістегі жұмыс қауіпсіздігін қадағалау және тауды қадағалау
жөніндегі мемлекеттік комитеті;
8. ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті;
9. ҚР статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті;
10. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия;
11. ҚР министрлер кабинетінің құрамындағы материалдық резервтер жөніндегі
мемлекеттік комитеті;
12. ҚР министрлер кабинетіндегі қаржылық бақылау жөніндегі мемлекеттік
комитеті;
13. ҚР министрлер кабинетіндегі тілдер жөніндегі мемлекеттік комитеті;
14. ҚР министрлер кабинетіндегі архив және құжаттау жөніндегі басты
басқармасы;
15. ҚР министрлер кабинетіндегі геодезия және картаға түсіру жөніндегі
басты басқарма;
16. ҚР министрлер кабинетіндегі гидрометеорология жөніндегі басты басқарма;
17. ҚР министрлер кабинетіндегі стандарттау және метрология жөніндегі басты
басқарма;
18. ҚР атом энергетикасы агенттігі;
19. ҚР министрлер кабинетіндегі ҚР ұлттық аэрокосмостың агенттігі;
20. Қазақ мемлекеттік ақпараттық агенттігі;
21. ҚР министрлер кабинетіндегі Қазақстан телерадиокешендік мемлекеттік
компаниясы;
22. ҚР министрлер кабинетіндегі ҚР жоғары аттестациялық комиссиясы;
23. ҚР министрлер кабинетіндегі ұлттық патенттік ведомствосы;

Ә.Қажыгелдин (1994-1996 жж) тұсындағы үкімет құрылымы. Президенттің
1995 жылғы 19 –қазанындағы Жарлығы негізінде бекітілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабына 3-тармақшасына
сәйкес үкімет құрылымы:
1. ҚР Премьер Министрі;
2. ҚР Премьер Министрінің орынбасарлары;
3. ҚР Үкіметі Аппаратының Басшысы;
4. ҚР Ішкі істер министрлігі;
5. ҚР Геология жер қойнауын қорғау министрлігі;
6. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;
7. ҚР Сыртқы істер министрлігі;
8. ҚР Мәдениет министрлігі;
9. ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі;
10. ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі;
11. ҚР Қорғаныс министрлігі;
12. ҚР Білім министрлігі;
13. ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі;
14. ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігі;
15. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;
16. ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
17. ҚР Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі;
18. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі;
19. ҚР Еңбек министрлігі;
20. ҚР Қаржы министрлігі;
21. ҚР Экология және биоресурстар министрлігі;
22. ҚР Экономика министрлігі;
23. ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі;
24. ҚР Әділет министрлігі;
25. ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті;
26. ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік
комитеті;
27. ҚР Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті;
28. ҚР Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитеті;
29. ҚР Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі
мемлекеттік комитеті;
30. ҚР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті;
31. ҚР Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті;
32. ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті;
33. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті;

Нұрлан Балғымбаев (1996-1999 жж) тұсындағы үкімет құрылымы 1997 жылғы
6-қарашадағы Президенттің Жарлығы негізінде бекітілген.
Конституцияның 44-бабына 3-тармақшасына сәйкес үкімет құрылымы:
1. ҚР Премьер Министрі;
2. ҚР Премьер Министрінің орынбасарлары;
3. ҚР Премьер Министрінің Концелярші басшысы;
4. ҚР Ішкі істер министрлігі;
5. ҚР Сыртқы істер министрлігі;
6. ҚР Ғылым министрлігі ҚР ғылыми академиясы;
7. ҚР Қорғаныс министрлігі;
8. ҚР Ауыл шарушалығы министрлігі;
9. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі;
10. ҚР Қаржы министрлігі;
11. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
12. ҚР Әділет министрлігі;
13. ҚР Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеті;
14. ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі;
15. ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
16. ҚР Экология және табиғат ресурстары министрлігі;
17. ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі;
18. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті;
19. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі;
20. ҚР Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңес.

Қ.Ж.Тоқаев (1999-2002 жж) үкімет тұсындағы үкімет құрылымы.
Президенттің 1999 жылғы 22-қаңтарындағы Жарлығы негізінде бекітілген
үкімет құрылымы туралы:
1. ҚР Сыртқы істер министрлігі;
2. ҚР Қорғаныс министрлігі;
3. ҚР Ішкі істер министрлігі;
4. ҚР Қаржы министрлігі;
5. ҚР Әділет министрлігі;
6. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;
7. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
8. ҚР Білім және ғылдым министрлігі;
9. ҚР Көлік және байланыс министрлігі;
10. ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
11. ҚР Денсаулық сақтау агенттігі;
12. ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
13. ҚР Экономика министрлігі;
14. ҚР Премьер – Министрінің канцеляриясы;
15. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі;
16. ҚР Статистика агенттігі;
17. ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі;
18. ҚР Туризм және спорт агенттігі;
19. ҚР Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті
қолдау агенттігі;
20. ҚР министрлер кабинетіндегі атом энергетикасы жөніндегі комитет;
21. ҚР министрлер кабинетіндегі орман, балық және аң аулау шаруашылығы
жөніндегі мемлекеттік комитеті;
22. ҚР министрлер кабинетіндегі су ресурстары жөніндегі мемлекеттік
комитеті.

И.Н.Тасмағамбетов (2002-2003 жж) тұсындағы Президенттің 2002 жылғы
28 тамыздағы Үкімет құрылымы туралы Жарлығы:
1. ҚР Ішкі істер министрлігі;
2. ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті;
3. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық –
эпидемиологиялық қадағалау комитеті
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацептикалық және
медициналық өнеркәсіп комитеті;
3. ҚР Индустрия және сауда министрлігі;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі комитеті;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі
комитеті;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі
комитеті;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі комитеті.
- ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті;
4. ҚР Сыртқы істер министрлігі;
- Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері жөніндегі комитеті;
5. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі;
- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет
комитеті;
- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің
Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті;
6. ҚР Қорғаныс министрлігі;
7. ҚР Білім және ғылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қ.Р - да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Макроэкономикалық тұрақтандыру
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Пәндер