Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Байназарова Тұрсынай Бейсембековна
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру (3 сынып)
Мамандық ….
Ғылыми жетекші: педагогика
ғылымдарының докторы,
профессор Қ. А. Аймағамбетова
Алматы
Мазмұны
I тарау. «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.
1. 2. Бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі кіріктіре оқыту технологиясының сипаттамасы.
1. 3. «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі.
II тарау. «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің әдістемесі.
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқытудың жағдайы
2. 2 Кіші мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдары.
2. 3. Педагогикалық тәжірибелі-эксперименттің нәтижелері.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі .
Қазіргі таңда еліміздегі оқу - тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды талап етіп отыр. Жас ұрпаққа тәрбие берудің сапасын көтеріп, сұлулық пен сезіну қабілетін арттырып, эстетикалық талғамын көтере отырып, өз ісіне деген шығармашылық талабын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасындағы [2, 8] баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып табылатын эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы туралы айтылған мәселелер мен Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы: «білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» тұрғысындағы қаулылар да осы мәселенің өзекті екендігін дәлелдейді. [3, 5] .
«Қазақ мектептерінде бүгінгі күнге дейін кеңінен өріс алып келген келеңсіз құбылыстарды жоя отырып, имандылық - эстетикалық тәрбие беру жүйесін, ұлтық ерекшеліктерді, баланың рухани дамуын жаңа негізде қайта қарауға, эстетикалық сезімталдықты дамытуға . . . » бағытталған қазақ мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерде имандылық- эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы осы кезеңнің баланың өмірге деген адамгершілік-эстетикалық қарым- қатынастарын қалыптастырудың шешуші кезеңі екендігін ескертеді. [1, 8] .
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында оқушының жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін оқу-әрекетін ұйымдастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау міндеттері [4, 3] бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы айқындалса, мемлекеттік білім беру саласындағы тұжырымдамада «Бала бастауыш мектепті бітірген кезде, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түйсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруі үшін бастауыш сыныпта гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керектігі» баса айтылады [5, Б. 1-2] .
Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, үкімет тарапынан жарық көрген құжаттарда ұлттық және әлемдік өнерге, халықтың рухани байлығы мен қоршаған ортаны қабылдауға бағытталған бастауыш мектеп оқушыларына берілетін эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлініп отырғандығын көреміз.
«Эстетика», «эстетикалық тәрбие» ұғымдары қазіргі теориялар мен тәжірибелердің ашқан жаңалығы емес. Жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде эстетикалық тәрбие адам баласын ерте заманнан ойландыра бастады. Бірқатар философиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау «эстетика» ұғымына философ Р. Н. Нурғалиев [5, 4], М. Ф. Овсяникова [6, 4 ] [7, 4 ] басшылығымен шығарылған сөздіктерде әртүрлі анықтамалар берілгендігін көрсетеді.
«Эстетикалық тәрбие» ұғымы тәрбие теориясындағы өте жалпы ұғым. Ол өзіне тәуелді эстетикалық дамыту, көркемдік тәрбие, көркемдік білім, көркемдік - шығармашылық дамыту ұғымдарын қамтиды. Эстетикалық тәрбие баланың шындық өмір құбылыстары мен өнерге деген эстетикалық қатынасын қалыптастыратын негізгі қызметімен қоса, адамның адамгершілік пен өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоғам және табиғат әлемі туралы танымының кеңеюіне, жан жақты дамуына да өз үлесін қосады. Іс - әрекет түрлерінің эстетикалық жағын бөліп тастап, ақыл - ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесін беру мүмкін емес.
Осы міндетеріне қарай эстетикалық тәрбиенің негізгі екі ерекшелігін бөліп көрсетуге болады, бірінші ерекшелік - оның педагогикалылығы, екінші жағы - өзіндік эстетикалығы. Эстетикалық көзқарастар мен көркемдік талғамды адам есейген кезде қалыптастыру өте қиын. Баланың санасы қалыптасу сатысында қолданылған сезімдік әсерлер бала санасына еніп, әрі қарай тереңдетіледі, кеңейтіледі, жетіледі және құрастырылады. Мұндай эстетикалық әсерлер оның педагогикалық жағын көрсетеді.
Бүгінгі күні эстетика өнер шеңберінен шығып, еңбек, адамдар, қоғамдық қатынастарға, адам іс - әрекетініне етене енуде. Бұл оның эстетикалық жағы.
Эстетикалық тәрбие грек философтары Гераклит [8], Демокрит[9], Эмпедокл[10], Сократ[11], Платон[12], Аристотель[13], Ф. Гегель Георг-Вильгельм-Фридрих[26], Артур Шопенгауер (1788-1860) шығыс ойшылдары әл-Фараби[14], Ибн-Сина[15], Жүсіп Баласағұн[16], қазақ ақын-жыраулары Асан қайғы[17], Доспанбет[18], Ахтамберді[19], Бұхар жырау[20], А. Құнанбайұлы[21] еңбектерінен кең орын алды.
Психологтар- А. Н. Леонтьев[28], Д. Б. Эльконин[29], Л. С. Выготский[30], , Л. А. Венгер[32], В. С. Мухина[33], А. В. Петровский[35], П. М. Якобсон[36], М. М. Мұқанов[37], Қ. Жарықбаев[38]
Эстетикалық тәрбиенің теориясы мен практикасына үлес қосып, эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері мен табиғаттың әсерін ерекше атап көрсеткен жазушылар, педагог ғалымдар Я. А. Коменский[39], Ж. Ж. Руссо[40], И. Г. Песталоцци[41], А. Дистерверг[42] К. Д. Ушинский[43], Н. Г. Чернышевский, Л. Н. Толстой[44], Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин[45], С. Торайғыров Ж. Аймауытов[47], М, Жұмабаев[49], М. Дулатов, Ш. Әлжанов, С. Қожахметов Т. С. Шацкий[50], П. П. Блонский[51], Н. К. Крупская[52], А. С. Макаренко[53], В. А. Сухомлинскийлер[54] болды.
ТМД ғалымдары В. А. Крутецский[31] Н. С. Лукан[34], А. В. Бакушинский В. А[55] . Б. М. Неменский[56], Ю. К. Бабанский[57], В. С. Кукушин[58], И. Б. Харламов[59], Н. И. Киященко[60], Б. Т. Лихачев[61], В. Н. Шацкая[62], А. С. Клюев[64] Н. М. Сокольников[65], Э. И. Кубышкина[66], Т. С. Комарова[67], Е. Е. Рожкова[68], С. И. Гудилина[69] ., Н. М. Конышева[70] ., Н. Г. Салмина[71], О. А. Куревина[72], Е. А. Луцева[73] В. С. Кузин[74] ., Т. Я. Шпикалова [76] т. б.
А. Қамақов[77], Қ. Әмірғазин[78], Е. Асылханов[79], Қ. Ералин[80], Ж. Балкенов[81], Ү. Ибрагимов[82], Б. Әлмұхамбетов[83], Е. Кемешов[84], Қ. Қ. Болатбаев[85], Қ. О. Жеделов[86], Т. А. Левченко[87] еңбектерінде халықтың сәндік қолданбалы өнер шығармаларының баланың эстетикалық тәрбиесіне, оның ішінде сезімдік талғамына әсері ашып көрсетілген.
Бастауыш мектепте оқытылатын пәндер жүйесі оқушыға білім берумен бірге оның эстетикалық талғамын дамытуды көздейді. Сондықтан да бейнелеу өнері саласындағы білімді жеке меңгертуді көздемей, оны басқа пәндермен кіріктіру керектігі туралы заңды қажеттілік туындайды. Бастауыш мектептегі оқыту мен тәрбие ісіндегі интеграция теория үшін де, практика үшін де уақыт күттірмейтін маңызды мәселе. Оның қажеттілігі ғылым және өндіріс саласындағы өзгерістер мен мектеп өміріндегі білім беру ісіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныстарға байланысты.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кезең эстетикалық қабылдауды дамыту мен баланың өмірге деген адамгершілік-эстетикалық қарым- қатынастарын қалыптастырудың шешуші кезеңі екендігін ескерсек, оның көзі баланы қоршаған табиғаттың өзінде екені даусыз. Табиғаттағы әдемі көрініс бастауыш сынып оқушыларының эмоциялық көңіл-күйін сергітіп, жағымды сезімін тербеп, ой-түсінігіне желі болса, оны қайта елестетіп, бейнелеу арқылы оқушының көркемдік талғамы бейнелеу шеберлігі, нысан туралы алатын білімі дамып қоймай, оның эстетикалық болмысы қалыптасады
Кіріктірудің өзектілігі қазіргі педагогика саласында шындық өмірдің тұтас көрінісі ретінде қоршаған орта құбылыстарының жалпы байланысынан туындайтын мәселе. Сондықтан да, оқу пәндерінің мазмұнын кіріктіруге үлкен мән беріліп отыр. Бастауыш сыныпқа арналған қай пәннің бағдарламасын алсақ та, оқушының жеке бас сапаларын қалыптастыруды көздей отырып, олардың эстетикалық тұрғыдан жақсы жетілген тұлға ретінде қалыптасуына баса назар аударады. Дүниетану пәнінде қоршаған орта заңдылықтарын оқып үйрену мақсат болса, оның көркемдік, әсемдік жақтарын бала бойына дарыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру бейнелеу өнерімен тығыз байланысты.
Соңғы кездегі ғылыми-теориялық революция кезеңінде қоршаған дүниенің тұтас бейнесін, оның жеке көріністерінің бір-бірімен байланысын интеграциялық үрдіспен зерттеуге үлкен мән берілуде.
Бастауыш мектептегі білім мазмұны дүниені аналитикалық және синтетикалық тұрғыдан қарастырудың бірлігіне негізделгенде ғана үлкен нәтиже бермек. Бұл берілетін білім мазмұны синтез, интеграция, жеке бөлшектерді тұтас біріктіру негізінде оқыту арқылы жүзеге асады.
Білімді кіріктіре отырып, пәнаралық байланыс арқылы оқыту мен тәрбиелеуді жетілдірудің кейбір жақтары белгілі классик-педагогтар Я. Коменский, Д. Локк [], И. Гербарт [], М. Песталоци [], К. Ушинский [] т. б. кеңес дәуіріндегі дидактиктер И. Д. Зверев [], М. А. Данилов [], В. А. Максимова [], С. П. Баранов [], Н. М. Скаткин [] т. б., психолог ғалымдар Е. Н. Кабанова-Меллер [], Н. Ф. Талызин [], Ю. А. Самарин [], Г. И. Вергелес [] т. б., әдіскер ғалымдар М. Р. Львов[], В. Г. Гоецкий[], Н. Н. Светловская[], Ю. М. Колягин[], Г. Н. Приступы[] т. б. еңбектерінде талқыланды.
Оқу пәндерін кіріктіруге біртіндеп көшудің ең жақын даму өрісі болып табылатын бастауыш сыныптағы пәнаралық және пәнішілік мәселелерге де бірқатар жұмыстар (Т. Г. Рамзаева, Г. Н. Аквилева, Д. И. Трайтак, Г. В. Бельтюкова, Н. Явиленкин, Н. М. Дружинина, Т. С Назарова, И. К. Блинова, Р. Г. Матюшова т. б) арналған.
Қазақстандық кіріктіру мәселесіне зерттеген ғалымдар А. А. Бейсенбаева, Р. К. Амироков, Р. К. Аббасова, Н. И. Горбачева, В. М. Дулепо, Р. Б. Лотштейн, А. Р. Бектеньярова т. б. жұмыстарында мектеп оқушыларын оқыту мен мұғалімдер даярлау барысында пәнаралық байланыстың, мазмұны, іске асыру жолдары қарастырылады.
Осы зерттеулерге және орта мектептің негізі болып саналатын бастауыш сыныпта білім беруге қойылатын талаптарға сүйене отырып, кіші мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде «Бейнелеу өнері» және «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселесін қарастыру керектігіне көз жетті.
Дифференциациялап оқытумен қатар жүретін ғылымдардың байланысы мен кірігуі үрдісі біртұтас жаңа «қуатты білім» алуға жәрдемдесетін пәнаралық байланысты жаңа сатыға көтереді.
Жоғарыда аталған еңбектер өз құндылықтарына қарамастан эстетикалық тәрбиенің басқа жақтарын қарастырады. Бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбие берудің әлі де шешімін таппаған мәселелері көп. Оның ішінде мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі кіріктірудің ғылыми теориялық жақтарын негіздеу, кіші мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктірудің мазмұндық негіздерін ашу мәселелері арнайы зерттеулерді қажет етеді. “Бейнелеу өнері” мен “Дүниетану” нақты обьективті шындықты оқытып үйрететін және екеуі де эстетикалық талғамды дамытуға тікелей әсер ете алатын пәндер. Мазмұн жағынан да, әдістемелік тұрғыдан да кіріктіре оқытуға ыңғайлылығына қарамастан, осы күнге дейін мектеп өмірінде бұл мәселеге көңіл аударылмай келеді. Сонымен қатар, бастауыш сыныптар тұжырымдамасы мен бағдарламаларындағы басты талаптардың бірі - оқушыларға бүкіл дүниенің тұтастығын ұғындыру үшін білім жүйесін кіріктіре оқыту керектігі айтылғанмен, бұл мәселе де өз деңгейінде шешілмей отыр. Соның нәтижесінде білім беруге қойылған талаптар мен оны орындау аралығында қарама-қайшылықтар туып отыр.
Осы қайшылықтардың шешімін табу және бұл мәселені ғылыми теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырып, кешенді эстетикалық тәрбие беру жұмысымыздың тақырыбын “Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты. Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық және әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу нысаны. бастауыш сыныптағы дүниетану және бейнелеу өнерін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы . Егер, оқу-тәрбие жұмысында бірін бірі толықтыратын бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту ғылыми-әдістемелік жүйеде құрылса, онда бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеу тиімділігі артады, өйткені бұл жағдайда тұлғаның эстетикалық талғамы мен қоршаған ортаны бейнелі қабылдауы артып, сезімдік әсерлері байиды.
Зерттеу міндеттері:
- Кіріктіру негізінде бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негізін анықтау.
- Бастауыш мектептің оқу тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беруде пәндерді кіріктіре оқыту технологиясының теориялық негіздемесін беру.
- Бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық кіріктіру арқылы эстетикалық тәрбие берудің логикалық құрылымы, өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлерін анықтау.
- Пәндерді кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерінің жүйесін, әдістемелік нұсқауын жасау, оның тиімділігін тәжірибеде анықтау.
Зерттеудің жетекшісі идеясы . Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің тиімділігі оқу-тәрбие үрдісіне қазіргі педагогикалық технологияларды, оның ішінде кіріктіре оқытуды жүзеге асыруға оң ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері. Жеке тұлғаның шығармашылық негізі туралы философиялық және педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалар, жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекет теориясы, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық процесс, бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеуге кешенді қатынас, оқыту мен тәрбиелеудің кіріктіру технологиясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу мәселесіне қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, пәндік оқу бағдарламалары, оқу әдістемелік кешендер, мұғалімдердің, автордың педагогикалық және ғылыми іс тәжірибесі. Зерттеудің әдістері:
- философиялық психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, озат педагогикалық тәжірибелермен танысу және жинақтау;
- сауалнамалар, тест, көрмелер мен суретшілер шеберханаларына бару, әңгімелесу, топсеруен;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу, оны қорытындысын математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларына «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту негізінде эстетикалық тәрбие беру педагогикалық тұрғыдан алғаш рет негізделді;
- «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту технологиясына мазмұндық сипаттама берілді.
- бастауыш сынып оқушыларына кіріктіру негізінде эстетикалық тәрбие берудің деңгейлері, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;
- “Бейнелеу өнері” мен “Дүниетану” пәндерін кіріктіре отырып оқытуда оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жүйесі мен әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары болашақ ғылыми ізденістерге негіз болып, бастауыш сыныптың оқу тәрбие үрдісінде, орта кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында мамандар даярлауда, бастауыш мектеп педагог мамандарының білімдерін жетілдіру жүйесінде пайдалануы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі :
Диссертациялық зерттеудің теориялық қағидаларды әдіснамалық негіздеуімен, бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде автордың теория мен практика жетістіктерін пайдалануымен, қойылған мақсаттар мен міндеттердің нақтылығымен, әдіс-тәсілдердің тиімділігімен, эксперимент кезеңдерінің жүйелілігімен, математикалық статистиканы қолданумен сипатталады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу.
Зерттеу нәтижелері эксперименттер жүргізу барысында Алматы қаласының №, № мектептерінде, Алматы облысы Жаркент ауданы Ақжазық ауылының Жамбыл атындағы орта мектебінде жүзеге асты және Халықаралық, республикалық, ғылыми тәжірибелік конференцияларда, ақпарат құралдарында, әдістемелік нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда көрініс тапты.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
1. «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері;
2. «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту технологиясының мазмұндық сипаттамасы;
3. Бастауыш сынып оқушыларын кіріктіре оқыту негізінде эстетикалық тәрбие берудің көрсеткіштері мен өлшемдері, деңгейлері, құрылымдық-мазмұндық моделі;
4. Бастауыш сынып оқушыларына оқу пәндерін интеграциялау арқылы эстетикалық тәрбие берудің ғылыми негізделген әдістемелік нұсқауы.
Зерттеу базасы:
Зеттеудің кезеңдері:
1-кезеңде (2000-2002 ж. ж. ) педагогикалық-психологиялық және арнайы әдебиеттерді зерттеу мен талдау, бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеу мәселесі қарастырылды. Зерттеудің негізгі бағыттары, нысаны, пәні, мақсаттары мен міндеттері, болжамы мен әдістері анықталды. Тәжірибелік эксперимент жұмысының әдістері таңдалып, оның өтетін орны белгіленді.
“Бейнелеу өнері” мен “Дүниетану” пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің логикалық құрылымдары мен әдістемелік нұсқаулары жасалды.
Эстетикалық тәрбиеліктің деңгейін анықтайтын сауалнамалар, тапсырмалар, кіріктірілген сабақтар мен оларды ұйымдастыру жолдары, қорытындыны көрсететін сызбалар жасалды.
2-кезеңде (2002-2005) зерттеу болжамын анықтау, бекіту, тексеру мақсатында тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Кестеге сәйкес бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру деңгейлерінің сызбалары жасалып, статистикалық тұрғыда өңделді. Бастауыш мектептердің оқу үрдісіне “Бейнелеу өнері” мен “Дүниетану” пәндерінің кіріктірілген сабақ үлгілері енгізілді.
3-кезеңде (2005-2007) “Бейнелеу өнері” мен “Дүниетану” пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие берудің жүйелік құрылымдық сараптамасы жасалынды. Алынған эксперименттік материалдар сараланып, статистикалық тұрғыдан өңделді: зерттеу нәтижелері қорытылып, әдебиеттермен толықтырылды.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелері, «Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2003) ; «Качество педагогического образования: проблемы и перспективы развития» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2004) ; «Білім беру жүйесін трансформациялау тұрғысындағы әлемдік білім саясаты атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы-Москва, 2006) баяндалды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдамалардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, диссертацияның негізгі қағидалары мен нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, оның теориялық және практикалық мәні анықталған.
«Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздері » атты бірінші тарауда әдебиеттерді талдау негізінде қарастырылып отырған мәселенің қазіргі жағдайы, эстетикалық тәрбиенің педагогикалық-психологиялық негіздері, бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудегі «Дүниетану» пәнінің педагогикалық мүмкіншіліктері, интеграция ұғымы мен оның мәні анықталды.
«Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері». атты екінші тарауда қарастырылып отырған мәселе жайында педагогикалық ізденістің сипаты беріліп, бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды: “Бейнелеу өнері” мен “Дүниетану” пәндерін сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстарда кіріктірудің мазмұны, логикалық құрылымы жасалынды: тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың барысы, нәтижесі айқындалды.
Қорытындыда диссертацияның негізгі қорытындылары мен тұжырымдары, зерттеу мәселелерінің алдағы міндеттері анықталды.
1. Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
... жалғасы1. 1 Бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz