Алматы қаласының техникалық жөндеу орталықтарының қоршаған ортаға ықпалы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті

Экология және ботаника кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Алматы қаласының техникалық жөндеу орталықтарының қоршаған ортаға ықпалы

Орындаған

4-курс студенті (күні, қолы)

Ғылыми жетекшісі

б. ғ. к., доцент (күні, қолы)

Нормабақылаушы

(күні, қолы)

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі, (күні, қолы)

б. ғ. д., профессор

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1
3: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
5
КІРІСПЕ: 1. 1
3: Атмосфера туралы туралы түсінік
5
КІРІСПЕ: 1. 2
3: Атмосфераның ластануы және ластаушы көздер
7
КІРІСПЕ: 1. 2. 1
3: Қоршаған ортаның ауырметалдармен ластануы
8
КІРІСПЕ: 1. 3
3: Автокөліктен атмосфераға шығатын зиянды заттар
9
КІРІСПЕ: 1. 3. 1
3: Автокөлік шығарындыларының бүкіл әлемдік көрсеткіштер
12
КІРІСПЕ: 1. 4
3: Алматы қаласының орналасуы және климатының ерекшеліктері
15
КІРІСПЕ: 1. 4. 1
3: Алматы қаласының ауа бассейнінің қазіргі жағдайы
16
КІРІСПЕ: 2
3: ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
20
КІРІСПЕ: 2. 1
3: Зерттеу нысаны
20
КІРІСПЕ: 2. 2
3: Атмосферадағы күкірт диоксидін парарозалин реагентімен анықтаудың фотометриялық әдісі
21
КІРІСПЕ: 2. 3
3: Ауыр металдарды анықтау әдістері
22
КІРІСПЕ: 3
3: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
28
КІРІСПЕ: 3. 1
3: Өнеркәсіп орнындағы ластаушы көздер және олардан шығатын зиянды заттардың мөлшерін анықтау
28
КІРІСПЕ: 3. 2
3: Өндіріс орны орналасқан ауда ауасының ластау көрсеткіші бойынша сипаттама
30
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 31
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 32

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Өндіріс көздерінің күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. осы жағдайдың салдарынан биосфера элементтерінің қайта бөлініп таралуына әсерән тигәзуде, осы мәселе жиі тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр. Сыртқы ортаның антропогендік ластануынан болатын ауыр металдардың мөлшері оның табиғи мөлшерінен айтарлықтай басып жатыр.

Еліміз дамыған елдер қатарына ену барысында бірден - бір себепші болған осы өнеркәсіп орындары мен кен байыту орындарының көптеп зат шығаруымен байланысты. Табиғат ресурстарын - адамзат әр-түрлі азық- түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін пайдалануда. Көлемді өндірістердің жаппай жұмыс істеуі қоршаған ортаға зардабын тигізуде.

Осы салдарынан, еліміз басып жүрген топырағымыз, тыныс алатын ауамыз бен ішетін суымыз да ластануда. Ластану салдарыан мыңдаған аурулар туып, адам генетикалық тұрғыдан жарамсыз, сонымен қоса, келешексіз ұрпақтары болуы мүмкін. Егер осы экологиялық мәселелердің алдын алмасақ, дамыған технология мен қуатты зкономиканың өзі болашақта ешқандай жәрдемін тигәзе алмауы мүмкін.

Бұл экологиялық мәселелердің барлығы антропогендік факторлардың әсерінен болып жатыр. Экологиялық мәселелер қоғамдық мәні жағынан дүние жүзінде ауқымы кең басты мәселелердің біріне айналды, өйткені мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи жүйелердің топырақты, су көздерін, ауаны ластау орны толмас зардаптар қалдырады. Оның себебі- жер шарындағы елдердің индустриялды дамуы, халық санының жедел өсіп табиғи қорларды пайдалануды еселеп арттырып, адамдардың табиғатқа әсерінің күшеюі, бұл бүкіл дүние жүзінде экологиялық дағдарыс қауіпін тудырудаҚалалардың энергияны өте көп мөлшерде өндіріп, тұтынуы іртүрлі спектілерде көрінетін табиғи ортаға экстремальды әсер етеді, ең алдымен ол ауаның, топырақтың және судың ластануынан көрінеді. Осы тепе теңдіктің бұзылуына техникалық жөндеу орталықтарының да қосатын үлесі айтарлықтай.

Адам үшін тікелей қауіпті атмосфераның ластануы болып табылады. Бір тәулікте адамның өкпесі арқылы 20-30 мың литр ауа өтеді, ал ас қорыту жүйесі арқылы осы уақыт ішінде тек қана 3-5 литр тамақ өнімдері мен су өтеді [1] .

Мақсаты мен міндеттері:

Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты: Алматы қаласынын техникалық жөндеу орталықтарының қоршаған ортаға ықпалын анықтау.

Жұмыстың жүргізілуіндегі негізгі міндеттер:

  1. Атмосферадағы ауыр металдар мөлшерін атомдық - абсорбциялық спектометрдің көмегімен анықтау әдісін игеру.
  2. Нақты нәтиже шығаруды меңгеру.
  3. Шыққан нәтиже бойынша Алматы қаласының экологиялық жағдайына баға беру.

Осы жұмысты жазу барысында өндірістік практиканы Алматы қаласының әкімшілігінің табиғи ресурс және табиғатты тиімді пайдалануды қалпына келтіру депортаментінде өту барысында жиналған мәліметтерді қолдандым, сонымен қатар зерттеліп отырған ТЖО территориясынан алынған топырақ, ауа үлгілерінің құрамындағы ауыр металдарды анықтадым.

  1. Әдебиетке шолуАтмосфера туралы түсінік

Жер атмосферасы ( грекше: “atmos”- “бу” және “spaira” - “шар”) - Жерді қорғап тұрған қабықша. Атмосфера деп - Жерді онымен айнала жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді[2] . Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радияцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазарту қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радияциясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда Жер бетіндегі орташа жылдық температура +15ºС емес, - 18º С болар еді[3] .

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралад. Осы қабатта атмосфера бірте- бірте планета акралық кеңістікке ауысады[2] .

Атмосфераның жер бетіне ең жақын қабаты “тропосфера” деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі 10-12 км, экваторда 16-18 км, полюстерде 7-10 км. Осы қабатта жауын - шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар, күн күркіреулер жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км - ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлгі осы қабатта жинақталған, озон- Күннің ультракүлгін саулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды. Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте 70 º- қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфра орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600ºС жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді. Ең соңында Жерден ең алыста орналасқан 800-1600 км қашықтықта экосфера орналасқан.

Ауа бассейнінің химиялық құрамы

Атмосфералық ауа- түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамында 78, 08% азот, 20, 9% оттегі, 0, 93% аргон, 0, 03% көмірқышқыл газы бар. Ал қалған 1 % басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т. б. газдардың үлесіне тиеді.

Кесте 1

Атмосфераның төменгі қабаттары мен таза құрғақ ауаның химиялық құрамы

Компо-

ненттер

Мөлшері

Компо-

ненттер

Мөлшері

Массасы

бойынша, %

Көлемі

бойынша, %

Массасы

бойынша, %

Көлемі

бойынша, %

Компо-ненттер: Азот
Мөлшері: 75, 52
Компо-ненттер: 78, 09
Мөлшері: Азот оксиді
2, 5х10 -3
2, 5х10 -4
Компо-ненттер: Оттек
Мөлшері: 23, 15
Компо-ненттер: 20, 94
Мөлшері: Сутек
3, 5х10 -4
5х10 -5
Компо-ненттер: Аргон
Мөлшері: 1, 28
Компо-ненттер: 0, 93
Мөлшері: Метан
0, 8х10 -4
1, 5х10 -4
Компо-ненттер:

Көміртек

оксиді

Мөлшері: 0, 046
Компо-ненттер: 0, 033
Мөлшері: Азот диоксиді
8х10 -5
1, 5х10 -4
Компо-ненттер: Неон
Мөлшері: 1, 2х10 -4
Компо-ненттер: 1, 8х10 -3
Мөлшері: Озон
10 -6 -10 -5
2х10 -6
Компо-ненттер: Гелий
Мөлшері: 7, 2х10 -5
Компо-ненттер: 5, 2х10 -4
Мөлшері: Күкірт диоксиді
-
2х10 -8
Компо-ненттер: Крептон
Мөлшері: 3, 3х10 -4
Компо-ненттер: 1х10 -4
Мөлшері: Көміртек оксиді
-
1х10 -5
Компо-ненттер: Ксенон
Мөлшері: 3, 9х10 -5
Компо-ненттер: 8х10 - 6
Мөлшері:

Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Өсімдікер су мен көмір қышқылынан фотосинтез процесі кезінде оттекті бөледі. Ал басқа тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі. Көмірқышқыл газы атмосфераға тірі организмдердің тыныс алуы, отын түрлерінің жануы, органикалық заттың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінеді. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организміне зиянды әсер етеді.

Атмосфераның құрамының қалыптасуына үлкен әсер ететін ірі тіршілік әрекеттері өз кезегінде осы атмосфералық жағдайларға тікелей байланысты. Атмосфера тірі организмдерге зиянды әсер ететін Күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін ұстап қалады. Атмосфералық оттегі өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуына қатысса, ал көмір қышқылы- өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Климаттық факторлар, әсіресе жылу режимдері мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тіршілік қызметіне әсер етеді. Планетада оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. ал оның бүкіл массасын 2000 жылда тірі организмдер сіңірсе, көмірқышқылын -300-395 жылда сіңіреді[2] .

  1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздері

Өндірістің қарқынды дамуына байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғатты көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. виношрадов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2 %- ға ұлғайып отырғанын анықтаған. Атмосфера жасанды және табиғи жолмен ластанады.

Табиғи ластану . Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі. Шаңның үш түрі болады: минералдық- тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, ормандардың өртенуі. Органикалық- ауада аэропланктондар, бактериялар, саңрауқұлақтардың споралары мен өсімдіктер тозаңдары. Космостық - жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі, бір жыл ішінде оның мөлшері бір тоннаға дейін жетеді.

Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе, автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады. Автокөліктерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы- 9%, көміртек оксиді-4%, көмірсутектер-0, 5%, оттек-4%, сутек-2%, альдегидтер-0, 004, азот оксидтері- 0, 06%, күкірт оксидтері - 0, 006% барлығы 200-ге жуық компоненттер бар екені анықтылған.

Атмосфераға автокөліктерден бөлінген газдардың құрамында 25-27 % қорғасын болатыны анықталған және оның диаметрі 40% 5мм-ге дейін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организміне түсетіні белгілі.

Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы . Атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінде радияциялық әсер ету байқалатын болғандықтан өте қауіпті болып саналады. Радиоактивті сәулелер кейбір химиялық элементтердің атом ядроларының ыдырауы кезінді сыртқы ортаға бөлінеді. Бөлінген сәулелер адам организмінің тірі тканьдері арқылы өтіп, биологиялық процестерді бұзып, патологиялық әсерлер туғызуы мүмкін.

Атмосфераның шумен ластануы . Ғылым мен техниканың дамуы кезеңінде атмосфераның шумен ластануы да бірқатар зардаптарын тигізуде. Шу қоршаған ортаның урбанизация, технологиялық процестердің автоматтандырылуына байланысты әлеуметтік - гигиеналық маңызға ие болған кең таралған қолайсыз физикалық факторлардың бірі.

Атмосфераны ластаудың негізгі көздері : жылу электростанциясы, металлургия, химия, мұнай өндіретін, автокөлік, цемент және басқа да заводтар мен фабрикалар. Ауаға шығатын заттың химиялық құрамы пайдаланған отынның түріне өндіретін өнімнің құрамына, өндірістің жасау тәсіліне байланысты [12] . Өндірістің қарқынды дамуына байланысты және отынның түрлерін кең масштабта пайдалануға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарлауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Бақыланып отырған өзгерістер тек өндірістік қалдықтар мен өндірістік өніммен ғана байланысты емес. Үлкен қалаларда автокөлік тұрақтарының көбейіп, жанармайдың өте көп мөлшерде жануы, көліктердің кептелістерде тұрған көліктердің двигательдерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі де өз үлесін қосады [2] .

1. 2. 1 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

Химия, металл өңдейтін заводтар, автокөлік, энергетика, кен байыту комбинаттары, жылу электр станциялары, яғни адам баласының өндірістік іс әрекеттері ауыр металдардың Биосфераға және Жер бетіне таралуына себепші болатын бірде-бір геохимиялық фактор болып табылады. Соңғы жылдары өндірістің және өнеркәсіптің үдеу қарқыны ұзаққа баратын зардап салдарға әкеліп соқты[1] .

Соңғы уақытта қоршаған ортаны ластауда ауыр металдардың ролі зор болып тұр [2] . Сондықтан да осы проблемаға аса көңіл бөлуде. Өйткені, ауыр металдар атмосфераны, суды, топырақты ластап қана қоймай, сонымен қатар флораға, фаунаға және адам баласына бүтіндей зиянды әсер етуде[3] .

Ауыр металдардың басты қауіпі олардың ашықтан ашық улы әсер беруінде емес, керісінше олар біртіндеп қорек тізбегінде жиналып нәтижесінде биосфераның жекелеген топтарына улы әсер етіп, соңында адам баласына зиян тигізеді[2, 3] .

Ауыр металдардың салыстырмалық атомдық массасы 40-тан жоғары, тығыздығы 5г/см болып келетін химиялық элементтер. Оларға: сынап, қорғасын, молибден, мыс, мырыш, кадмий, марганец, кобальт, хром және т. б. жатады. Бұл элементтер көріп отырғанымыздай тірі организм құрамына кіретін микроэлементтер болып табылады. Олар аз мөлшерде болса да өсімдіктер мен жануарлардың дамуы мен өсу деңгейін жақсартатын минералды тыңайтқыштар және жемге қосынды ретінде пайдаланылады. Егер осы микроэлементтер өсімдіктер, жануарлар және адам организмінде жетіспеушілігі байқалса, онда сол организмнің зат алмасу процесі нашарлайды да айтарлықтай өзгерістер туғызады, ал егер де олардың мөлшері тірі организм үшін тым көбейіп кетсе, оларды біз “ауыр металдар” деп қарастырамыз. Өйткені олар организмде жинақталып улы әсер тудырады.

Мәдени ландшафтта ауыр металдардың ішінен мыс, мырыш, сынап, қорғасын, кадмий және хром кең таралған. Бұл элементтердің жинағы негізінен сол аймақтағы адамзаттың іс-әрекетіне байланысты. Мәселен, жоғарғы сортты 1л бензинде 0, 4г қорғасын болса, оның 0, 3г автокөліктен бөлінген газбен ауаға келіп қосылады. Машиналар көп жүретін тас жолдардың әрбір километріне күн сайын 500-700 грамнан қорғасын келіп түсіп жатады. Алматы қаласы автокөлік жағынан бүкіл Қазақстан бойынша бірінші орынды алып отыр[2] .

Мырышты органикалық тыңайтқыштар көп қолданылатын жерлерде, рәзіңке жағатын жерлерде кездестіруге болады. Ол металға жаңа қасиет беру үшін қосылады. Кадмий ландшафта көбіне мырышпен бірге күрделі органикалық қосылыс түрінде кездеседі [2, 3] .

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы негізінен адамзаттың өндірістік іс-әрекетінен болып отыр [4, 5, 6, 7] . Негізінен бұл проблема өнеркәсібі жақсы дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда айтарлықтай орын алады. Соңғы жылдарда Республика өндірістік өнеркәсіптердің біршама азаюына қарамастан биосфераның ауыр металдармен ластану деңгейінің төмендеуі байқалмайды [8, 9] . Бұл қоршаған ортада ауыр металдар ұзаққа дейін ыдырамайды деген дерекпен байланысты болу керек [10] .

Өсімдіктер құрамына ауыр металдар көбінесе топырақ арқылы енеді. Алдымен ол элементтер тамыр жүйесінде, содан кейін ғана сабақтарына, жапырақтарына, гүлдеріне және жемістеріне таралады. Ауыр металдармен ластанған өсімдіктердің жапырақтары сарғайып түседі, сабақтары жіңішкереді, өнімділігі төмендейді, өсу деңгейі нашарлайды [6] .

Адам және жануарлар организміне экотоксиканттар тері арқылы, тыныс жолдары арқылы, әрі суда жақсы еритін қоспа түрінде түседі . Олар ең алдымен организмді улы заттармен бөгде заттардан тазартатын мүшелерді, дәлірек айтсақ бауыр, өкпе және бүйректі уландырады [11] .

Организмге түскен көптеген металдар эмбриотоксикалық және тератогенді қасиеттері бар екені белгілі. Кадмий, қорғасын, хром, мыс, кобальт сияқты металдардың жоғарғы мөлшердегі әсері ұрықтың дұрыс қалыптасу процесін бұзу, әртүрлі анатомиялық кемістікке және ой өрісінің тежелуіне әкеледі. Егер мұндай өзгерістер осы ұрпақта байқалмаса, онда келесі ұрпақтарда байқалуы мүмкін [12] .

  1. Автокөліктен атмосфераға шығатын зиянды заттар

Автокөлік атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсерін тигізетін көз болып саналады. Ол көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Кестеде көрсетілген мәліметтерден бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектер мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышынікінен анағұрлым жоғары екені көрінеді [13] .

Кесте 2 Автокөліктен шығатын ластаушы заттар

Ластаушы заттектер
Шыққан газдардың мөлшері
Карбюраторлы
Дизельді
Ластаушы заттектер: Көміртек монооксиді
Шыққан газдардың мөлшері: 5-12
1, 0-10, 0
Ластаушы заттектер: Көміртек диоксиді
Шыққан газдардың мөлшері: 0, 5-12
0, 01-0, 5
Ластаушы заттектер: Озот оксидтері
Шыққан газдардың мөлшері: 0, 0-0, 8
0, 0002-0, 5
Ластаушы заттектер: Көмірсутектер
Шыққан газдардың мөлшері: 0, 2-0, 3
0, 009-0, 5
Ластаушы заттектер: Альдегидтер
Шыққан газдардың мөлшері: 0, 0-0, 2
0, 001-0, 009
Ластаушы заттектер: Күйе, г/м 3
Шыққан газдардың мөлшері: 0, 0-0, 4
10-ға дейін
Ластаушы заттектер: Бенз(а) пирен, мкг/м 3
Шыққан газдардың мөлшері: 10-20 дейін
10-ға дейін

Бензин қозғалтқышымен қамтамасыз етілген көлік әр 15000 км жүргенде 4350 кг оттекті жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртегі оксиді, 530 кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектер, 27 кг азот оксидтері шығарылады. Карбюраторлы және дизелді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде улылығы жоғарыларға қорғасын, көміртек пен озот оксидтері, көмірсутектер, бенз(а) пирен жатады. Пайдаланылған газдағы көмірсутектерінің мөлшері қоғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты.

Кесте 3

Автокөліктің жұмыс істеу тәртәбіне байланысты ЛЗ бөінуі

Жұмыс істеу тәртібі
Мөлшері
CO, %
Бенз(а) пирен, мкг/м 3
Жұмыс істеу тәртібі: Бос жүріс
Мөлшері: 2, 5-3, 0
4000
Жұмыс істеу тәртібі: Бір қалыппен қозғалу
Мөлшері: 0, 5-1, 0
>4000
Жұмыс істеу тәртібі: Екпін
Мөлшері: 2, 5-5, 0
1
Жұмыс істеу тәртібі: Тежелу
Мөлшері: 4-дейін
28000

Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шғатын ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасыннан Pb(C 2 H 5 ) 4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары. 1л бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг Pb бөлініп отырады. [экол энцик] Атмосфераға транспорттан бөлінетін газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатындығы анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін болатындықтан ауада ұзақ уақытқа сақталады [14] .

Улы заттардың пайда болуы - жану кезінде жылжытқыш цилиндріндегі толық жанбайтын өнімдер мен азот оксидтерінің пайда болуы әр- түрлі жолмен жүреді. Улы заттардың бірінші тобы жанар алдында және жану уақытында жүретін химиялық реакцияларға байланысты. Екінші тобы жану өнімінен шыққан артық оттегі мен азоттың қосындысынан пайда болады. Жалпы жылжытқыштан шығатын газдар келесідей зиянды және зиянсыз бөліктерден тұруы мүмкін: O, O 2 , O 3 , C, CO 2 , CH 4 , C n H m , C n H m O, NO, NO 2 , N, NH 3 , HNO 3 , HCN, H 2 , H, OH, H 2 O [15] .

Негізгі улы заттарға: толық жанбаған өнімдер- күйе, күкірт оксиді, көмірсутектер, альдегидтер жатады.

CO (көміртегі оксиді) - бұл газ түссіз, иіссіз болып келеді. Ол цилиндр қабырғаларында және поршень үстінде пайда болады.

N (азот) - қарапайым жағдайда инертті газ. Жоғары температурада оттегімен реакцияға тез түседі.

Түтін - тұнық емес газ. Түтін ақ, көк және қара болуы мүмкін. Ақ және көк түтін - бұл пардың микроскопиялық бөлшегі мен жанармайдың бір тамшысынан тұрады. Канденциядан кейін және толық жанбағаннан пайда болады.

Ақ түтін - жылжытқыш тыныш күйде тұрғанда пайда болады, қызғаннан кейін жоғалып кетеді. Ақ түтін мен көк түтіннің айырмашылығы тамшы мөлшерімен ерекшеленеді: егер тамшы диаметрі көк түтіннің толқынының ұзындығынан үлкен болса, онда адамның көзі оны ақ ретінде қабылдайды. Бұл түтіндердің пайда болу факторына жылжытқыштың температурасы, қоспаның шығу әдісі, жанармайдың сипатын айтуымызға болады. Түтіннің болуы отынның толық жануына температураның жетпейтінін көрсетеді.

Қара түтін күйеден тұрады, түтін адам ағзасына, жануарларға, өсімдіктерге кері әсерін тигізді [16] .

Күйе -формасыз кристалды торсыз болып келген дене, көлемі 0, 3 . . . 100 мкм. бөлшектен тұрады. Күйенің пайда болуы, цилиндрдегі энергия жанармай молекуласының толығымен жануына жетеді. Сонымен қатар, жану камерасындағы қысымға, температураға, жанармайдың түріне байланысты болады. Күйенің мөлшері жану зонасының температурасына да байланысты.

SO 2 (күкірт оксиді) - күкіртті мұнайдан алынған жбанармайдан жылжытқыш жұмыс істеп тұрған кезде бөлінеді. Бұл шуығарындылар көзді, тыныс алу мүшелеріне зиянын тигізеді.

Pb (қорғасын оксиді) - карбюраторлы жылжытқыштарда этилді жанармай қолданғанда пайда болады. Этилденген жанармайдың тоннасы жанғанда атмосфераға 0, 5 - 0, 85 кг қорғасын оксидтері бөлінеді [17] .

Автокөлік шығарындылары белгілі заңдылықтарға сай тасымалданып, таралады. Гравитациялық күшке байланысты мөлшері 0, 1 мм қатты бөлшектер тегіс беттерде шөгіп қалады. Мөлшері 0, 1 мм төмен болатын бөлшектер және газ қоспалары диффузия процесіне байланысты әр ауданға тез таралады [18] .

Бос атмосферада күкірт оксиді біршама уақыттан кейін күкірт ангидридіне дейін тотығады немесе басқа көмірсутектермен байланысқа түседі. Күкіртті ангидридтің күкіртке тотығуы бос атмосферада каталитикалық және фотохимиялық реакция кезінде жүреді. Екі жағдайда да аэрозоль немесе жаңбыр суындағы күкірт қышқылы соңғы өнім болып келеді [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Радиацияның тірі ағзаларға әсері және радиациялық қауіп
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.
Шектеулі рауалы шығарындылар нормативтерін есептеу және анықтау
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz