Ресей федерациясы жайлы



Ι. Кіріспе
Ресей федерациясының географиялық орны, аумағы,табиғи жағдайлары, мемлекеттің тарихи дамуы

ΙΙ. Негізгі бөлімі
2.1 Саяси құрылымы
2.2 Халқы және халық туралы мәліметтер
2.3 Мемлекеттің ірі қалалары
2.4 Шаруашылығы
2.5 Сыртқы байланыстары

ΙΙΙ. Қорытынды
Ресей Федерациясы (орысша: Росси́йская Федера́ция/Росси́я) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста – Украинамен, батыста – Финландиямен,Беларуспен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі. Еуропалық Ресей, Орал тауларынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.

1.1.Аумағы.

Аумағының көлемі жағынан РФ-сы (17,1 млн. км немесе құрылықтағы жердің 1\8-і) дүние жүзінде 1-ші орынды алады. Ол әлемнің екі бөлігінің-Еуропа мен Азияның кең байтақ аумағына орналасқан дүние жүзіндегі бірден-бір мемлекет. Ресей аумағы шығыстан батысқа қарай шамамен 10000, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 4400 км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Ресейдің Еуропалық бөлігіне Шығыс Еуропа жазығы, Кавказ және Орал таулары жатады. Осы аумақтың үлкен-ғайып жазықтықтарының бірі- Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы алып жатыр. Оралдан шығысқа Сібір мен Қиыр Шығыс басталады. Ресей Федерациясы Жер шарының ең үлкен материгі Евразияда орналасқан. Ресей Федерациясының астанасы - Мәскеу.
Ресейдің батыс бөлігі (мемлекеттің жалпы ауданының1/4 құрайды) Шығыс Европада жатыр және оны Ресейдің европалық бөлігі деп те атайды. Шығыс Оралда орналасқан Ресей аймағын (мемлекеттің жалпы ауданының 3/4 құрайды) азиялық бөлігі деп атайды.

1.2.Шекаралары.

Ресейдің шекараларын үш үлкен мұхиттар қоршап жатыр: солтүстігін Солтүстік Мұзды мұхит, шығысын Атлант мұхиты, батысын Тынық мұхиты. Бұл мұхиттар 62,3 мың км. шекараның 37,7 мың км. алып жатыр.
Ресейдің оңтүстік шекарасынан Қара теңіз бен Жапония теңізінің жағасы алып жатыр. Үлкен Кавказ жотасынан Грузия мен Азербайжан шекаралас. Сонымен қатар Ресейдің оңтүстігі Қазақстан және Кореямен шекаралас.
1. Қазақ энциклопедиясы, ΙV- том

2. Ғаламтор ақпараттары﴾ www.google.kz ﴿

3. « Егемен Қазақстан » 2007ж,наурыз

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:Ресей федерациясы

Орындаған:Ахметова Г. ГК75қ

Тексерген:Жамалбеков Е.Ү

Жоспар

Ι. Кіріспе
Ресей федерациясының географиялық орны, аумағы,табиғи жағдайлары,
мемлекеттің тарихи дамуы

ΙΙ. Негізгі бөлімі
2.1 Саяси құрылымы
2.2 Халқы және халық туралы мәліметтер
2.3 Мемлекеттің ірі қалалары
2.4 Шаруашылығы
2.5 Сыртқы байланыстары

ΙΙΙ. Қорытынды

1.Географиялық орны.

Ресей Федерациясы (орысша: Росси́йская Федера́цияРосси́я) — Азия мен
Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние
жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен,
оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен,
Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста – Украинамен, батыста –
Финландиямен,Беларуспен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.
Еуропалық Ресей, Орал тауларынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.

1.1.Аумағы.

Аумағының көлемі жағынан РФ-сы (17,1 млн. км немесе құрылықтағы жердің
1\8-і) дүние жүзінде 1-ші орынды алады. Ол әлемнің екі бөлігінің-Еуропа мен
Азияның кең байтақ аумағына орналасқан дүние жүзіндегі бірден-бір мемлекет.
Ресей аумағы шығыстан батысқа қарай шамамен 10000, ал солтүстіктен
оңтүстікке қарай 4400 км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Ресейдің
Еуропалық бөлігіне Шығыс Еуропа жазығы, Кавказ және Орал таулары жатады.
Осы аумақтың үлкен-ғайып жазықтықтарының бірі- Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы
алып жатыр. Оралдан шығысқа Сібір мен Қиыр Шығыс басталады. Ресей
Федерациясы Жер шарының ең үлкен материгі Евразияда орналасқан. Ресей
Федерациясының астанасы - Мәскеу.
Ресейдің батыс бөлігі (мемлекеттің жалпы ауданының14 құрайды) Шығыс
Европада жатыр және оны Ресейдің европалық бөлігі деп те атайды. Шығыс
Оралда орналасқан Ресей аймағын (мемлекеттің жалпы ауданының 34 құрайды)
азиялық бөлігі деп атайды.

1.2.Шекаралары.

Ресейдің шекараларын үш үлкен мұхиттар қоршап жатыр: солтүстігін
Солтүстік Мұзды мұхит, шығысын Атлант мұхиты, батысын Тынық мұхиты. Бұл
мұхиттар 62,3 мың км. шекараның 37,7 мың км. алып жатыр.
Ресейдің оңтүстік шекарасынан Қара теңіз бен Жапония теңізінің жағасы
алып жатыр. Үлкен Кавказ жотасынан Грузия мен Азербайжан шекаралас. Сонымен
қатар Ресейдің оңтүстігі Қазақстан және Кореямен шекаралас.
Шығыс теңіздік шекараны Тынық мұхиты мен оның Жапония, Охотский және
Беринговый сияқты теңіздері арқылы өтеді. Бұл жерде ең жақын көршілері АҚШ
пен Жапония. Айдынсыз Лаперуза бұғазы ресейлік Сахалин және Курильские
аралын жапондық Хоккайдо аралынан бөліп тұр. Жапония теңіздері мен
бұғаздары қатпайды. Америка Құрама Штатымен тікелей шекарасы енсіз Диомида
(Ресей) аралымен Крузенштерна (АҚШ) аралының бұғаздары арқылы өтеді.
Ресейдің солтүстік шекарасы толығымен Солтүстік Мұзды мұхитының
Баренцева, Карский, Лаптевый, Шығыс-Солтүстік, және Чукотский теңіздері
арқылы өтеді. Жыл бойы Баренцева теңізінен басқасы жылжыма мұздармен
жабылған. Солтүстік Мұзды мұхиттың Ресей жак жағалауы мен Солтүстік
полюсіне дейін Арктиканың ресейлік секторы алып жатыр. Ол 32 гpад.
4 мин. 45 сек. в.д. и 168 гpад. 49 мин. 30 сек. з.д меридианалар аралығында
орналасқан. Осы сектордағы Шпицберген архипелагы аралдарынан баска барлық
аралдар Ресей Федерациясының құрамында.
Ресейдің солтүстік нүктесі Таймыр түбегінің Челюскин мүйісінде
орналасқан.
Ресейдің оңтүстік нүктесі Дагестандағы Самура мен Куры су
айырықтарында орналасқан.
Ресейдің оңтүстік нүктесіне параллель аймақтан Европаға Неаполь мен
Мадрид арқылы, ал Америкаға Нью-Йоpк арқылы өтеді.
РФ-ның ЭГЖ (экономикалық-географиялық жағдайы) қолайлы, Ресей тарихының
барлық кезеңінде ол елдің дамуына ықпал етіп келді. Оны, ең алдымен ең
көлемді теңіз шекарасы болуымен (20мың км. Құрылықта шекараға 38мың км-
ден астам теңіз шекарасы келеді), РФ аумағын үш мұхит бассейндері
аралығындағы жағдайымен түсіндіруге болады. Қиыр Солтүстік-батыста Ресей
Норвегиямен шектеседі, одан әрі оңтүстікке қарай Финляндиямен шектесіп
жатыр. Ресейдің шекарасы Балтық теңізінен Азов теңізіне дейін жаңа тәуелсіз
мемлекеттермен-Эстониямен, Латвиямен, Литвамен, Беларуспен және Украинамен
ұласып жатады. Ресей аумағының негізгі сілемінен оқшау орналасқан
Калининград облысы Литвамен және Польшамен шектеседі. Ресейдің батыс
шекаралары қандай болмасын табиғи шептерге таңылмаған, олар тығыз
орналасқан және игерілген, көптеген темір жолдар тоғысқан жазық аумақтар
арқылы өтеді, мұның өзі сауда- экономикалық байланыстардың дамуына ықпал
етеді. Алайда, Грузия және Азербайджанмен шектес оңтүстік шекара Қара
теңізден бастап, Каспий теңізіне дейін Кавказдың асуы қиын таулары арқылы
өтеді.
Рсейдің Қазақстанмен ең ұзын созылмалы құрылықтық шекарасы Еділ бойы,
Оңтүстік Орал және Сібірдің оңтүстік далалары арқылы өтеді. Ол Ресейді
Қазақстанмен ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен байланыстыратын
көптеген темір және автомобиль жолдарымен, мұнай және газ құбырларымен,
электр желілерімен қиылыстырады. Негізінен Амур өзені, оның саласы Уссури
мен Аргунь өзені арқылы өтетін Қытаймен шекара-ұзындығы жағынан екінші
орында.
Балтық пен Азов – Қара теңіз бассейндеріндегі теңіз жағалауының ұзақтығы
онша үлкен емес, бірақ ол өте тиімді пайдаланылады.

1.3.Табиғи жағдайы мен ресурстары.

Ресей климаты оның территориясы үлкен болгандықтан әр түрлі.
Территориясының көп бөлігін бірқалыпты континентті климаттық аймақ алып
жатыр, ал Солтүстік мұзды мұхиттың аралдары мен солтүстік материк аумағы
арктикалық және субарктикалық аймақты алып жатыр.
Кавказ Қара теңіз жағалаулары ыстық субтропикалық аймақта орналасқан.
Климат барлық жерде континентті, яғни карлы суық қыс және ыстық жаз.
Ең суық жері (қаңтар айында ең төменгі температурасы -72С градус шамасында)
Шығыс Сібірдегі Оймякон қаласы.
Оңтүстік Алыс Шығыста климат қоңыржай муссонды, оның қаңтар айындағы
орташа температурасы 0-ден -5С градус аралығында.
Жауын-шашын көп болатын жерлері Кавказ және Алтай таулары аймағы
(жылына2000 мм), ал ең құрғақшылық жері - Прикаспий ойпаты (жылына 150 мм
жауын-шашын).
Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына
темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен
темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді. Ресей қара
металлургияға қажетті шикізатпен қамтамасыз етілген (Украина, Қазақтан және
Грузияда өндірілетін марганец рудаларынан басқа). Темір рудаларының
өндірісі Курск магнит аномалиясы – КМА (бүкіл ТМД елдеріндегі темір
рудаларының 40 %-ы), Орал (Качканар т.б.), Каралия (Костомукшкое), Кола
түбегі (Оленегорск, Ковдорскоу), Сібір (Таулы Шория, Абакан, Ангаро-Питск,
Ангаро-Илинск, Коршуновск кен орындары) және Қиыр Шығыс (Кимканское) кен
орындарында жүргізіледі. Өндірістің 80 %-ке жуығы ашық әдіспен жүзеге
асады. Өндірілген темір рудаларының 20 % дейін Ресей экспорттайды. 1998 ж.
жалпы 72,6 млн. темір рудасы өндірілген, оның ішінде 22 %-і Белгород
облысындағы Лебединск тау-кен байыту комбинатында,
15 %-і Курск облысындағы Михайловск тау-кен байыту комбинатында,
10 %-ы Свердловск облысындағы Качканар тау-кен байыту комбинатында,
6 %-ы Карелия республикасындағы Костомукша тау-кен байыту комбинатында, 4 %-
ы Мурманск облысындағы Ковдорск тау-кен байыту комбинатында өндірілді. 2001
ж. Ресейде 82,8 млн. т. темір рудасы өндірілген. Темір рудасын өндіру мен
қара металдарды өндіру жөнінен Ресей 1913 ж. дүние жүзінде 5- орында болған
(АҚШ, Германия, Англия, Франциядан кейін). 80-90-шы жылдары КСРО шойын мен
болат балқыту жөнінен алдыңғы орында болды. Алайда экономикадағы жалпы
құлдыраудың бірнеше жылы ішінде қара металдар өндірісі айтарлықтай
құлдырады. 2001 ж. Ресейде 44,6 млн. т. шойын мен 59,0 млн. т. болат
балқытылды. Соған қарамастан Ресей 2000 ж. Қытай (126 млн. т.), Жапония
(106 млн. т.), АҚШ (101 млн.т.) кейін 4-ші орында (58 млн.т.) болды.
Темір рудасының қоры жөнінен Ресей дүние жүзінде алдыңғы орындардың
бірінде – баланстық қорлар 56 млрд. т. құрайды. Темір рудаларының таралу
ерекшелігі – баланстық қордың жартысынан астамының европалық бөлікте
орналасуы. Ресейдегі темір рудалары қорының орналасуы төмендегідей (А+В+С1
категорилары бойынша 1.01.1991 ж. баланстық қорлар, млрд. т.) Ресейдегі
қара металлургия өндірісі негізінен үш аса маңызды металлургиялық база
кәсіпорындарында орналасқан: Орал, Орталық және Сібір.
Ресейдің түсті металлургиясы жақын орналасқан кен орындарының түсті
металдарын (мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий) пайдалануға
негізделген, яғни шикізат көздеріне бейім. Алайда бұл барлық түсті
металдарға байланысты емес. Мысалы, алюминий өндірісі арзан энергия
көздеріне (Красноярск, Братск алюминий зауыттары) бейім орналасады. Ресей
металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында
айтарлықтай үлес алады: 2001 жылы. Ресейде 59 млн тонна болат өндірілген,
ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының
өндіріс көлемінің 55%-ы экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік
сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі
6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі ( алюминий, никель, мыс, мырыш,
қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың
жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді.

1.4. Мемлекеттің тарихи дамуы.

Ресей тарихы мың жылдан асады, әрі оқиғаларға аса бай. Ресей —көптеген
қиындықтарды бастан кешіріп, өзіндік бетін сақтап қала білген ұлы ел. Ресей
мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және
орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады.
Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық
аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты.
Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары
орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты.
552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар
одағы – Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье,
Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың
басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді.
Әлемдегі ең байтақ территорияны иеленетін көпұлтты Ресей Федерциясы мұншама
ұлтты, мұншама территорияны құрамына ендіруі тарихтың сан мәселелрімен
байланысты. Алғашында шағын Мәскеу князъдығын құрып, кейңннен империяға
айналу жолы кімді де болса қызықтырды.

Ресейдің халықаралық мәселелерде де шешуші рөл атқаруын көптеп
кездестіруге болады. Мәселен, Наполеон соғысы, ІІ дүниежүзілік соғыста
фашистік Германияны жеңуі, ядролық қаруды ойлап табу, ғарышқа тұңғыш ұшуы,
тағысын тағы.

Үш жүз жылға жуық Ресей отары, жетпіс жыл одақтас ел болып келген
Қазақстанның Ресеймен тарихи байланыстығының ұзақ тізбегін көрсетеді.
Абылайхан дәуірінде Жоңғардан пана іздеп, бас сауғалап одақтас болып барған
қазақ ұлты тарихи ұзақ кезеңнің позитивін де негативін де молынан көріп
үлгерді. Орыс мәдениеті арқылы батыстық өркениетке де жақындадық.

1.5. Саяси құрылымы.

Мемлекеттік құрылысы бойынша конституцияға сәйкес Ресей Федерациясы
федеративті бірліктерден (республикалар, автономиялық округтер мен
облыстар) тұратын одақтық мемлекет федерациясы (латынның fodertіo – одақ
сөзінен) боып табылады. Елдің саяси өмірінде Яблоко, Единство және
Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы сияқты партиялар басты рөл
атқарады.
Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің
тұрақты мүшесі.
Федерациялық құрылым.
Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес, Ресей Федерациясы - Ресей
республикалық басқару формасына ие демократиялық федеративтік құқықтық
мемлекет болып табылады.
Ресей Федерациясының заң арқылы сипатталатын және мемлекеттің ресми
белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздері бар. Ресей Федерациясының
федерациялық құрылымы оның мемлекеттік біртұтас басқару жүйесіне
негізделген. Ресей Федерациясы өлкесінде оның мемлекеттік тілі - орыс тілі
болып табылады. Ресей Федерациясы өзінің барлық халқына ана тілін сақтауға
және оны үйренуге құқығына кепілдік береді.
Өлкелік құрылым.
Ресей Федерациясы республикалардан, аймақтардан, облыстардан,
қалалардан, автономды облыстардан, автономды округтардан тұрады.
Ресей Федерациясының құрамындағы республикалардың өзіндік
конституциясы мен заңнамалары бар. Республика статусы Ресей Федерациясының
және сол республиканың конституциясы арқылы беріледі. Республикалар
өздерінің мемлекеттік тілдерін енгізуге құқылы.
Республикалардағы мемлекеттік басқару орындарында, жергілікті басқару
орындарында, мемлекеттік мекемелерде Ресей Федерациясының мемлекеттік тілін
пайдаланады.
Аймақтар, облыстар, қалалар, автономды облыстар, автономды округтар
Ресей Федерациясының субъектілері болып табылады.
Бұл субъектілердің статусы Ресей Федерациясының Конституциясы мен
аймақтардың, облыстардың, қалалардың, автономды облыстардың, автономды
округтердің жарғыларымен анықталады.

Билік.
Ресей басшысы болып Ресей Федерациясының Президенті табылады.
Ресейдің Заң шығарушы және өкілді орыны болып Федеральды жиын - Ресей
Федерациясының Парламенті табылады. Федеральды жиын екі палатадан тұрады:
Федерация Кеңесінен және Мемлекеттік Думадан. Ресей Федерациясының атқарушы
билікті Ресей Федерациясының Үкіметі жүргізеді.Федерациясының Үкіметі оның
төрағасынан, төраға орынбасарынан, және федеративті министрден тұрады.
Мемлекеттік рәміздері.
Ресейдің мемлекеттік рәміздері болып Ресей Федерациясының туы, елтаңбасы
және мемлекеттік әнұраны табылады.
Ресей Федерациясының туы мемлекеттік заңға негізделген ресми
мемлекеттік белгі болып табылады. Мемлекеттік ту - Ресейдің егемендік
белгісі. Ресей Федерациясының туы үш горизонтальды: жоғарғысы-ақ, ортаңғысы-
көк, төменгісі-қызыл түсті алқаптан тұрады.
Мемлекеттік елтаңба мемлекеттің ресми эмблемасы болып табылады. Екі басты
қыран Ресейдің біртұтас ажырамас тарихын кейіптейді. Мемлекеттік елтаңба
былайша сипатталады: төртбұрышты дөңгелектенген бұрыштармен шектелген,
алтын түсті екі басты қанаттарын жоғарыға жайған қыран мен калқаннан
тұрады.
Мемлекеттік әнұран мемлекеттің тұтастығын көрсететін шығармашылык
музыкалық белгі болып табылады.
Әнұран сөзі мемлекеттің тарихын сыйлауға, патриоттық сезімде болуға
баулиды. Ресей Федерациясының мемлекеттік әнұраны орындалып жатканда оны
тұрып тыңдау қажет. Ал егер әнұран орындалу кезінде мемлекеттік ту
көтерілсе, онда адам бетін сол туға қаратып тындау керек.

2. Халқы және халық туралы мәліметтер.

Халқының саны жағынан РФ дүние жүзінде жетінші орын (145 млн. адам).
Оның 73,1% (97.954.000) қалалар мен қала тектес аудандарда тұрады, оның
ішінде: Мәскеуде 9.269.000, Мәскеу облысында 6.900.000,
Ленинград облысында 2.350.000 адам тұрады. Алайда: тұрғындарының саны
жағынан кез – келген еуропалық ірі елден асып түседі. Ресей халқының
орналасуы екі бөліктен тұратындығымен ерекшеленеді. Жалпы Ресей
Федерациясының аумағының 23 құрап жатқан Ресейдің солтүстігінде халықтың
115 бөлігі, яғни 10 млн.адам тұрады. Мамандардың мәліметінше, 1993 жылдан
бері ресейліктердің қатары 6,6 млн-ға азайған. Қазір ел халқының саны 142
млн-ға жуық. Демографиялық дағдарыс негізінен, туу көрсеткішінің азаюы мен
ер адамдар арасындағы өлім-жітімнің көбеюі есебінен туындап отыр. Бүгінде
Ресейдегі ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 60 жастан аспайды. 1950 жылы
халқының саны жағынан дүниежүзі бойынша алғашқы бестікке енген орыс елі
биыл тоғызыншы орынға түсіп қалды. Сарапшылардың есебінше, Ресей 2025 жылы
демографиялық көрсеткіші жөнінен Бангладеш, Нигерия, Вьетнам сияқты
елдерден де кейін қалып, 15-орынды иеленбек. БҰҰ мамандарының болжамына
қарағанда, халық санының азаюы орны толмас экономикалық құлдырауларға әкеп
соқтыруы мүмкін.Ал Ресейдің үлкен Европалық бөлігінде (Сібірдің оңтүстік
бөлігі және Алыс Шығыста) халық тығыз орналасқан. Бұл аумақ негізгі халық
орналасқан сызығы деп аталып кеткен. Ресейдің жалпы аумақтың 13-ін құраса
да, бұл аумақта халықтың 93%-і тұрады. Мұнда Ресейдің өндіріс пен
ауылшаруашылықтарды өңдейтін ірі қалалары орналасқан. ГФР мен
Ұлыбританияны қоса алғанда, олардан кем түспейді. КСРО және Ресейдің халқы
санының өзгеруі тек қана жаңа аумақтардың қосылуы (немесе олардың құрамынан
шығуы) есебінен ғана болып отырған жоқ. Ол ең алдымен, халықтың табиғи
қоным аударуы есебінен қамтамасыз етілді.

2.1. Халықтың ұлттық құрылымы:

Ресей Татарлар Сығандар
Башқұрттар

Ресейдің көпшілік халқы (88%) үндіевропалық тілдес жанұя халқына,
ішінде славяндық тобына жатады. Орыстар жалпы Ресей халқының 81%-ін
құрайды, сонымен қатар 4%-ін украйндықтар мен беларусстар құрайды.
Үндіевропалық жанұялардың басқа топтарына осетиндіктер мен неміс халқы
кіреді, бірақ олардың саны 1985 жылмен салыстырғанда Германияға эмиграция
жасау әсерінен азайып кетті.
Келесі саны жағынан алтайдық тілдес жанұялар (шамамен 12млн. адамды
құрайды), оның ішінде түрік тілдес топтылар 11,2 млн. Адамды құрайды.
Орыстардан кейінгі ең көп ұлттарға татарлар (5,5 млн. адам) кіреді. Олардың
1,8млн. адамы Татарстанның өзінде, 1,1млн. адам көршілес Башкортостанда, ал
қалғаны Орал, Поволжья және Сібір аумақтарында тұрады.
Келесі саны жағынан көп түрік тілдес халықтарға чуваштар (1,8 млн.
адам) мен башқұрттар (1,3 млн. адам) құрайды. Басқа түрік тілдес халықтар
оңтүстік Сібірден (алтайлықтар, шорцтар, хакастар, тувинецтер) бастап Алыс
Шығысқа (якуттар) дейін орналасқан.
Ресей Федерациясының негізгі мемлекеттік тілі болып орыс тілі
табылады. Ресей көпұлтты мемлекет, сондықтан ана тілін сақтап қалу
мақсатында құқық бере отырып, осы мемлекетте тұратын барлық ұлттарға орыс
тілін оқытуға бар күшін салуда. Соңғы статистикалық мағлұматтарға сүйенсек,
көпұлтты Ресейдің 86,6% халқы орыс тілін ана тілі ретінде қабылдаса, 97,7%-
і осы тілде еркін сойлейді.

2.2. Мемлекеттің ірі қалалары.

Мәскеу - Ресей Федерациясының астанасы, батыр қала, Мәскеу облысының
орталығы. Мәскеу- федеральды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
Байқоңыр қаласының статусы
Конституциялық құқықтың негіздері
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Пәндер