Қапшағай су қоймасындағы бозша мөңке (carassius auratus) балығының биологиясы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Қапшағай су қоймасының физико.географиялық сипаттамасы ... ... ... ..4
1.2. Күміс түсті мөңкенің систематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Күміс түсті мөңкенің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.4. Биологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.5. Көбеюі, өсуі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.6. Мөңкенің тұқымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.7. Мөңкенің шаруашылық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Мөңке C. auratus (L) саны жағынан кең таралған балық. Тек Испанияда оны жасанды өсіреді, ал Францияда тіпті кездеспейді. Эльзаста және Лотарингияда аз мөлшерде кездеседі. Қырым мен Закавказьде ол жоқ болуы мүмкін. Шығыстан мөңке Сібірге барады және Шығыс Камчаткада кездеседі. Мөңке басқа тұщы су балықтарымен өзінің домалақ денесімен және қырлы құрсағымен оңай ажыратылады. «Карась» сөзінің мағынасың өзі- толық, семіз деген мағына білдіреді. Өзінің биік, жалпақ денесімен, мұртшасының болмауымен, сонымен бірге жұтқыншақ тістерінің құрылысына да байланысты мөңке басқа туыстарынан ерекшеленеді [1].
Мөңке басқа балықтармен салыстырғанда әртүрлі жағдайларда да өзінің түсін, көлемін және өзінің пішінін өзгертіп өмір сүре алады. Алтын түсті мөңке мен күміс түсті мөңкенің айырмашылығы аттарынан байқалып тұр. Алтын түсті мөңке жалпақтау, әдетте қою түсті, кейде қызыл кейде қызғылт алтын түсті болып келеді. Күміс түсті мөңке денесі ұзынырақ, арқасы дөңес емес, қабыршақтары күміс түсті, кейде қаралау түс береді, құйрығының айыры үлкенірек. Тоқтау суларда, өзендердің сағасында тіршілік етеді. Бұлардың уылдырықтары жабысқақ болғандықтан су құстарының қауырсындарына жабысып бір жерден екінші жерге ауысып отырады, ол уылдырықтар көбейіп, бірнеше жылдан соң ешқандай балық тіршілік етпейтін суқоймаларда мөңкелер тіршілік етіп жүреді. Мөңкелер барлық суларда тіршілік ете алады. Оның семіз денесі судың қатты ағысына қарсы тұра алмайтындықтан құмды немесе тасты жерден қорегін табуы қиындау болады және жыртқыштардан қорғана алмайды [2].
Бітіру жұмыстың мақсаты: Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайын анықтау болып табылады.
Бітіру жұмыстың міндеттері:
1. Мөңке балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына әдебиетке шолу жасау;
2. Қапшағай су қоймасынан жиналған мөңке балығының биологиялық және морфологиялық көрсеткіштерін талқылау;
3. Алынған нәтижелерді қорытындылау;

1. Рыбы Казахстана 3 том. Алма-ата; Наука; 1982. - С. 212 - 231.
2. Пинев И.А. Рыбы бассейнов рек Чу и Талас. Фрунзе: 1985г – С. 117 – 118
3. Серов Н.П. Аклиматизация рыб в бассейне Балхаша. Тезисы докл. науч. конф по итогам и перспективам аклим. Рыб и безпозв – х водоемах СССР// - Фрунзе; 1972г. – С. 77 – 79.
4. Бәйімбетов Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының орысша – қазақша анықтауышы, Алматы.: 1999. – Б. 53 – 56.
5. Мовчан В.А. Жизнь рыб и их разведение. Изд – во «Колос», М.; 1966. – С. 153 - 156.
6. Сабанеев П.Р. Жизнь и ловля пресноводных рыб. М,; Рыбы Россий 1970. – С. 259 – 262.
7. Кривощеков Г.М., 1953. Караси западной сибири; //Тр. Варавбинского стд. ВНИОРХ. Т.б. Вып. 2 – С. 71 – 124.
8. Жизнь животных 4 том. М,; осещения 1938г. – С. 51 – 54.
9. Горюнова А.И. О размножении серебряного карася. // Вопр. Ихтиологии. 1960г. Вып. 15. – С. 106 – 110.
10. Домровский В.К. Разведение серебрянного карася в Белоруской СССР Известия АН БССР. Сер. Биол. Наук., 1963г. – С. 123 – 131.
11. Демина А.И. Плодовитость серебряного карася Carassius auratus giblio (Bloch) в Амуре.// Иследования по биологии рыб и промысловой океанографии. Владивосток, 1977. Вып. 8. – С. 80 – 85.
12. Астанин Л.П. Подгорный М.И. Особенности плодовитисти караси Carassius carassius (L),// Вопросы ихтиологии. – 1968. Т. 8 Вып. 2. (49). – C. 266 – 273.
13. Күленов К. Қазақстанның балық қорын молайту. Алматы; Қайнар 1975. – Б. 214 – 215.
14. Даутбаева К.А., Сумбаева Л.Н. Питание сазана и карася Капчагайского водохранилища. Биологические основы рыбного хозяства водоемов Средней Азий и Казахстана // - Фрунзе; Ишим 1981 – С. 59 – 60.
15. Правдин. И.Ф. Руководство по изучению рыб. М,; Пищевая промышленность, 1966. – С. 376 -379.
16. Бугай К.С., Коваль Н.В. К биологии ражмножения серебрянного карася водоемов Днепрского – бугской устьеой области // гидробиологический журнал, 1967. Т. 12. №5 – С. 53 – 57.
17. Привезенцев Ю.А. Интенсивное прудовое рыбоводства. М,; агропромиздат 1991г. – С21 – 24.
18. Суховерхов Ф.М. Хозяственное значение карася серебренного в прудовом рыбоводстве.// Рыбное хозяйство 1951г. – С. 36 – 37.
19. Ерещенко В.И. Ихтиофауна бассейна р. Сарысу. Сб. Работ по ихтиологии и гидробионтов водоемов Казахстана. Алматы; 1959. Вып. 2 – С. 208 – 233.
20. Сәрсенбаев Р.С. Тоған шаруашылығы балық көзі. Алматы; Қайнар 1984ж. – Б. 21 – 22.
21. Күленов К. Қазақстанның балық байлығы. Алматы; Қазақстан 1967ж. – Б. 33 – 34 .
22. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы: Қайнар 1973ж. – Б. 11 – 12.
23. Терлецкий Б.К. Гидробиологическое описание Северного Джетысу// Тр. Главн. Геол. – разв. Управления высшего Совета народ. Хоз. – ва СССР. – 1931. – Вып. 1056, - С. 125 – 178.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы
Бітіру жұмысы
ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ БОЗША МӨҢКЕ (CARASSIUS AURATUS) БАЛЫҒЫНЫҢ
БИОЛОГИЯСЫ
Жұмысты орындаған
4 курс студенті __________________________
Ғылыми жетекшісі
зоология және гистология
кафедрасының оқытушысы
________________________
Байдилдаева Г.Ө.
Нормабақылаушы ___________________________Сапаргал иева Н.С.
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі __________________________ Нуртазин С.Т.
б.ғ.д., профессор
Алматы 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .4
1. Қапшағай су қоймасының физико-географиялық сипаттамасы ... ... ... ..4
2. Күміс түсті мөңкенің
систематикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Күміс түсті мөңкенің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4.
Биологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
5. Көбеюі, өсуі және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10
6. Мөңкенің
тұқымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..12
7. Мөңкенің шаруашылық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ..22
.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
КІРІСПЕ
Мөңке C. auratus (L) саны жағынан кең таралған балық. Тек Испанияда
оны жасанды өсіреді, ал Францияда тіпті кездеспейді. Эльзаста және
Лотарингияда аз мөлшерде кездеседі. Қырым мен Закавказьде ол жоқ болуы
мүмкін. Шығыстан мөңке Сібірге барады және Шығыс Камчаткада кездеседі.
Мөңке басқа тұщы су балықтарымен өзінің домалақ денесімен және қырлы
құрсағымен оңай ажыратылады. Карась сөзінің мағынасың өзі- толық, семіз
деген мағына білдіреді. Өзінің биік, жалпақ денесімен, мұртшасының
болмауымен, сонымен бірге жұтқыншақ тістерінің құрылысына да байланысты
мөңке басқа туыстарынан ерекшеленеді [1].
Мөңке басқа балықтармен салыстырғанда әртүрлі жағдайларда да өзінің
түсін, көлемін және өзінің пішінін өзгертіп өмір сүре алады. Алтын түсті
мөңке мен күміс түсті мөңкенің айырмашылығы аттарынан байқалып тұр. Алтын
түсті мөңке жалпақтау, әдетте қою түсті, кейде қызыл кейде қызғылт алтын
түсті болып келеді. Күміс түсті мөңке денесі ұзынырақ, арқасы дөңес емес,
қабыршақтары күміс түсті, кейде қаралау түс береді, құйрығының айыры
үлкенірек. Тоқтау суларда, өзендердің сағасында тіршілік етеді. Бұлардың
уылдырықтары жабысқақ болғандықтан су құстарының қауырсындарына жабысып бір
жерден екінші жерге ауысып отырады, ол уылдырықтар көбейіп, бірнеше жылдан
соң ешқандай балық тіршілік етпейтін суқоймаларда мөңкелер тіршілік етіп
жүреді. Мөңкелер барлық суларда тіршілік ете алады. Оның семіз денесі судың
қатты ағысына қарсы тұра алмайтындықтан құмды немесе тасты жерден қорегін
табуы қиындау болады және жыртқыштардан қорғана алмайды [2].
Бітіру жұмыстың мақсаты: Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық
көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайын анықтау болып
табылады.
Бітіру жұмыстың міндеттері:
1. Мөңке балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына әдебиетке шолу
жасау;
2. Қапшағай су қоймасынан жиналған мөңке балығының биологиялық және
морфологиялық көрсеткіштерін талқылау;
3. Алынған нәтижелерді қорытындылау;
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Қапшағай су қоймасының физико-географиялық сипаттамасы.
Қапшағай бөгені Іле өзенінің бойында Алматы облысының жерінде
орналасқан (1 сурет). Қапшағай су қоймасы электр станциясын салуға
байланысты жасалған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды,
суқойма ұшбұрышты формадан және білінер білінбес ағысты. Ауданы 1847 км2,
ұзындығы 187 км., ені 23 км. Орташа тереңдігі 15 м. ең терең жері 46м.
Шарасының жоспарлы сиымдылығы 28,14 км3 су жиналатын алаңы 113 мың км,
жағасының ұзындығы 430 км. Бөгенінің солтүстік жағасы құмды, малта тасты,
едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды,
создақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі бар, ақмарқа, мөңке, тұқы, табан
балықтары т.б. кездеседі. Олардың ішінде 16 түрі кәсіптік маңызы бар.
Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөгеннің суымен 450 мың га-дан астам
жер суарылады. Онда күріш, тары, жүгері т.б. бақша дақылдары да егіледі,
сонымен қатар шабындық және жайылымдар суарылады [3].
1сурет. Қапшағай суқоймасының көрнісі
Терең емес жерлері 22%, терен жерлері 32% құрайды. Толық су ауысу екі
екіжарым жылда бір болып тұрады. Су астындағы топырақ, яғни су толтырылмай
тұрғандағы бөгеннін топырағы - көбінесе құмды, шалғында, су топырақты,
сазды және cop топырақты болған.
Су қойма ауданында су қойманың температуралық және газдық режиміне
айтарлықтай әсер ететін батыс ("Балқаш") және шығыс ("Шелек") бағытта жел
болып тұрады. Су түсі ашық жасылдан қою жасыл түске ауысып тұрады. Су түбі
грунты құм араласқан қара және сұр түсті илді, майда тасты болады (2 сурет)
[3].
Суқойма құрамына - Іле өзенінің арнасымен алқабы, қосымша суқоймалар -
өзеннің тармақтары және аквакультурасы 500-600 га. Болатын көлдер, жартылай
шөл даланың учаскелері кіреді.
Суқойма - солтүстігінен Жоңғар Алатауы, онтүстігінен Күнгей Алатауы
қысқан тектоникалық аймақта орналасқан. Ауданның климаты - қатаң
континентальді. Жылдың орташа ауа температурасы 5+- 7+0С, жылы күндер
периоды 153-186 күнге созылады, жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 135-
180 мм.
Суқойма негізгі суды Іле өзенінен алады, жылына орташа 146 м сек. су
кіреді. Сол жақ жағалаудан суқоймаға 8 кіші өзендер құяды - Қаскелең, Есік,
Құршелек, Ақтоған т.б. Сукойманың жоғарғы бөлігін Іле суы 10-20 см. дейін
мөлдірлігін төмендетеді, ал төменгі платинаға жақын жерінің мөлдірлігі 500-
600 см. дейін көтеріледі.
Суқойманың гидрохимиялық мінездемесіне келсек, суы-екінші типті,
кальций тобының гидрокарбонатты класына жатады. Жалпы минерализациясы 251-
541 мг.л. Судың активті реакциясы шамамен 7,6-8,7 аралықта ауытқиды.
Перманганатты кышқылдануы 2,2-14,3 мг. О2л. Оттегі мөлшері-қолайлы, судағы
абсолютты мөлшері 6,8-14,4 мгл. тең [3].
2 сурет. Қапшағай суқоймасының көрнісі
1.2. Күміс түсті мөңкенің систематикасы
Тип: Chordata – Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata (Craniata) – Омыртқалылар (басқаңқалылар)
Бөлім: Gnathostomato - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Ostichthyes – Cүйекті балықтар
Класс тармағы: Actinopterygii – Сәуле қанаттылар
Отряд: Сypriniformes – Тұқытәрізділер
Отряд тармағы: Cyprinoidei - Тұқытектестер
Тұқымдас: Cyprinidae – Тұқылар
Туыс: Carassius – Табандар
Түр: C.сarassuis(L) – Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке
Түр: C. аuratus(L) – Күміс түсті мөңке
Түрше: C.аuratus gibelio(Bloch) – Күміс түсті мөңке [4].
1.3. Күміс түсті мөңкенің жалпы сипаттамасы
Күміс түсті мөңкенің санының көп бөлігі Солтүстік Қазақстанның
көлдерінде кездеседі. Солтүстік Қазақстанның зерттелген 32 көлдің ішінде
күміс түсті мөңкелер 30 көлінде кездеседі. Сондықтан осы түр көптеген
көлдерде доминантты болып келеді, бірақ қалған екі көлде мүлдем
кездеспейді. Қостанайдың облысының көлдерінде зерттеулер жасағанда
зерттелген 18 көлдің ішінде күміс түсті мөңкелер барлығында да кездеседі,
тек екі көлде (Бозшакөл және Қоскөл) жалғыз ғана ихтиофауна көзі болып
табылады.
Сонымен қатар, күміс түсті мөңке Орталық Қазақстанның суқоймаларында да
көп кездеседі, бірақ ол жерлерінде доминантты емес. Ақмоладан зерттелген 21
көлінің 11 көлінде алтын түсті мөңке кездескен. Күміс түсті мөңке тек 6
көлінде доминантты, сонымен қатар 4 көлдің ихтиофаунасын құраған. Мөңке
Сарысу және Кеңгір көлдерінде де, бассейндерінде де кездеседі, бірақ
суқоймаларында байқалмаған.
Күміс түсті мөңке Балқаш - Арал бассейндерінде жақында жерсіндірілген.
Ол 1946 жылы Алтайдан Қаратал өзен жүйесіндегі тоғандарға әкелінді. Н.П.
Серов 1954 жылы күміс түсті мөңкенің Қараталда пайда болғаны туралы айтқан.
1959 жылдан кейін бассейндердегі мөңкенің популяциясы жыл сайын Алматы
тоған шаруашылығының балықтарымен толып отырады. Қапшағай суқоймасында оның
саны қарқынды артқан. Алакөл бассейнінің Сасықкөл және Қошқаркөл көлдер
жүйесіне 1973 жылы әкелінген [1].
Көкшетау облысының үлкен терең көлдерінде, далалық көлшіктерде және
орман суларында көптеп кездеседі, ал тұзды көлдерде мүлдем жоқ. Сонымен
қатар Шығыс Қазақстанның суқоймаларында, Ертіс және Зайсан көлдерінде бұрын
көп ауланатын болса, қазір сирек кездеседі.
Күміс түсті мөңке Батыс Қазақстанда Қамыс – Самара және Көшім
көлдерінде, Үлкен және Кіші өзен өзенінде кездеседі, Орал және Ембі
өзенінің көлдерінде де ұсталған. Сонымен қатар Күшім өзенінің төменгі
ағысындағы көлдерде тек күміс түсті мөңке кездескен, Ақтөбе облысының
Шалқар көлінде алтын түсті мөңке тіршілік етеді. Ырғыз – Торғай бассейнінің
көлдерінде бұлардың екі түрі кездескенімен, бірақ біреуінде (Үлкен
Жалаңғаш ) күміс түсті мөңке басым, ал басқасында (Кіші Жалаңғаш) алтын
түсті мөңке басым.
Оңтүстік Қазақстандағы суқоймалардағы күміс түсті мөңкенің кездесуі ең
біріншіден көлдердің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сырдария
өзенінің суы көп болған жылдары, күміс түсті мөңке өзеннің төменгі ағысында
көп кездесті. Н.А. Гладковтың айтуынша 1929 жылы Қамыстыбас көлінде 33,16 ц
күміс түсті мөңке ауланды, ал 30 – 50 жылдардан кейін аулау мөлшері
төмендеді [5]. Шу өзенінің төменгі жағындағы көлдерінде және Талас өзенінің
Қазақстанға кіретін бассейіндерінде мөңке бұрын болмаған, қазір 60 – шы
жылдардағы акклиматизацияның нәтижесінде пайда болды. Сырдария өзенінің
бассейінінің Бөген суқоймасында 1963 жылы Шымкент тоған шаруашылығынан
әкелінген тұқымен кездейсоқ келіп түскен.
Қырғызстанда және Қазақстанның Оңтүстігіндегі суқоймаларда күміс түсті
мөңкені жасанды өсіреді. 1963 жылы Ыстық көлде күміс түсті мөңке тұқы
балығының жас шабақтарымен бірге Фрунзе тоған шаруашылығынан алып, 1954
жылы Алматыға тұқымен бірге алып келінген.
Күміс түсті мөңкенің ерекшелігі, кең танымалы алтын балық күміс түсті
мөңкенің селекциялық жұмыстары нәтижесінде пайда болған. Алтын балық
Қытайда мың жыл бұрын (X-XII ғ) мөңкеден шығарылған. XVI ғ. Жапониядағы
ұзақ селекциялардың нәтижесінде оның ерекше формасы алынған. 1611 жылы
алтын балық Португалияға әкелінді. XVII ғ. аяғында Россияға, 1728 жылы
Ұлыбританияға әкелінген. Қазіргі кезде алтын балық - ең басты аквариумда
және тоғанда өсірілетін балықтардың бірі [6].
1.4. Биологиясы
Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке ( C. сarassius L) - жылыу сүйгіш тұщы
су балығы, денесі биік, басы үлкен емес. Бүйірі әлсіз қызыл немесе алтын
түсті, аузында мұртшасы жоқ. Алтын түсті мөңке сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларына: рH – 4,5 (су қышқылдығы), оттегінің мөлшері 0,5-0,6 мг–
болғанда және мұз қатқан суқоймалардың ихтиофаунасында тіршілік етуге
төзімді болып келеді.
Күміс түсті мөңкенің ( С. auratus gibelio (Blosh)) дене формасы қырлы
болып келеді. Қабыршағы ірі кедір – бұдырлы, бүйірі күміс түсті. Кәдімгі
мөңкеден желбезек доғасындағы кірпікшелер саны көп болумен ерекшеленеді.
Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді. Кәдімгі мөңкеден тез өседі.
Тоғандық жағдайларда өсірілетін дернәсілдерінің салмағы 20–30 г,
дернәсілдері зоо – фитопланктонмен қоректенеді [6].
Жүргізілген зерттеулер бойынша [7] күміс түсті мөңкенің өзгерістері
алтын түсті мөңкенің ауытқуларының арасында жатады. Күміс түсті мөңке мен
алтын түсті мөңке бірге тіршілік еткенде олардың ауытқулары бірдей бағытта
жүретінін байқаған. Жақсы жағдайларда мынандай белгілері денесінің биік
жерлері, кеуде қанатына дейінгі аралық, құйрық қалақшасының ұзындығы және
D негізі, P-V аралығы және V-A аралығында өзгерістері бар мөңке 9 көлде көп
кездескен, ал қолайсыз жағдайларда – алтын түсті мөңке мен күміс түсті
мөңке аз кездескен. Көз диаметрі мен басының ұзындығы кері тәуелділік
көрсетті: қолайсыз жағдайларда – көрсеткіштері жоғары, қолайлы жағдайларда
–көрсеткіштері төмен болды. Ортаның жағдайларына байланысты морфологиялық
өзгергіштік түрдің жоғары биологиялық әсемділігіне бағыттайды, сонымен
қатар суқоймалардағы гибридті популяциялардың болуын білдіреді. Мөңкенің
шағылысуы көбіне күміс түсті мөңке мекендейтін көлдерде жүреді. Гибридті
белгілері ретінде: көк түске бояулы, бірінші желбезек доғасындағы желбезек
кірпікшелерінің саны және арқа қанатындағы соңғы қатты сәулелеріндегі
тісшелерінің саны тіркелген [2].
D III – IV (14) 15 – 19; A II – III 5 – 7 (көбінесе 5); 1.1 28 – 34
(көбінесе 32), бірнеше желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелері 37 – 52
(көбінесе 46); омыртқалар 26–33 (көбінесе 29 және 30). Құрсағы қара,
тұмсығының ұзындығы денесінің ұзындығымен салыстырғанда 6,43 – 8,83 % тең;
көз диаметрі 4,09 – 5,90; көздің артқы бөлімі – 10,63 – 14,50; басының
ұзындығы - 18,30 – 30,96; басының биіктігі - 19,40 – 28,60; маңдайының ені
– 9,95 – 14,12; денесінің биік жері – 35,76 – 59,20; денесінің аласа жері –
12,0 – 17,0; тұмсығының арқа қанатына дейінгі ұзындығы – 44,61 – 60,24;
тұмсығынан кеуде қанатына дейінгі ұзындығы – 18,04 – 23,98; құйрық
қалақшасының ұзындығы - 11,30 – 18,60; D ұзындығы – 32,07 – 85; D биіктігі
– 15,78 – 20,21; А ұзындығы - 10,29 – 15,57; А биіктігі – 13,97 – 16,86; Р
ұзындығы – 14,0 -19,53; V ұзындығы – 17,40 – 24,44; Р және V аралығы -
16,22 – 27,00; V және А аралығы – 23,80 – 33,55 (қосымша 1) [1].
Күміс түсті мөңкенің санауға болатын белгілері географиялық
өзгерістерді қорытындылауға негіз бола алмайды (қосымша 2).
Солтүстік және оңтүстік суқоймаларда әртүрлі ландшафты - климаттық
зоналарда орналасқан популяцияларда үлкен айырмашылықтар жоқ. Морфологиялық
белгілерінің түрленуі экологиялық жағдайларға сонымен қатар күміс түсті
мөңке мен алтын түсті мөңкенің үйірінің тығыздығына байланысты [8].
Горюнова А.И. (1960) нәтижелері [9] бойынша порциялап уылдырық шашатын
ересек балықтардың уылдырықтарының диаметрі келесі порциядағы
уылдырықтардың диаметрінен екі есе үлкен. Алтын түсті мөңкенің уылдырықтары
сары түсті, диаметрі 0,8 – 1,2 мм, келесі порциядағы мөңкенің уылдырықтары
ашық түсті, диаметрі 0,2–0,7мм. Керісінше Г.М. Кривощековтың айтуы бойынша
[7] мөңкелердің барлық порциялап шашатынын ескере отырып олардың
уылдырықтарының мөлшері бірнеше порциялап шашқанымен бірдей болады.
Кривощеков зерттеу үшін мөңкелердің 150 данасын алды. Нәтижесінде күміс
түсті мөңкенің уылдырықтарының диаметрі наурызда 1,00 мм, сәуірде – 0,96
мм, мамырда – 0,95 мм, маусымда 0,97- 1,00 мм болды, ал алтын түсті
мөңкенің уылдырықтарының мөлшері наурызда - 0,91 мм, сәуірде – 0,98 мм,
мамырда - 0,93 мм, маусымда - 0,80 – 0,90 мм, қыркүйекте 0,90 мм, қазанда
0,98 мм болған [9].
1.5. Көбеюі, өсуі және дамуы
Күміс түсті мөңке гиногенетикалық көбею қабілеті бар жануарлардың
қатарына жатады. Табиғи жағдайда күміс түсті мөңке аналығының жұмыртқалары
өрістеу барысында алтын түсті мөңкенің аталығының шәуетімен ұрықтанады,
кейде сазан, тұқы, қаяз, торта балықтарының аталықтарының шәуетіменде
ұрықтанады. Ұрпақтар тек аналықтар болады. Себебі, басқа балықтардың
аталықтарының шәуеті уылдырықтарды ұрықтандырмай тек активтендіреді. Күміс
түсті мөңке популяциясы көбінде жынысы жағынан бірдей болып келеді. Кейбір
суқоймаларында тіршілік ететін мөңке популяциясында екі жынысты өкілдеріде
кездеседі, өрістеу барысында сол түрдің аталықтары қатысып, ұрықтану
процесі барлық балықтар тәрізді жалпы заңдылықтармен жүреді және
ұрпақтары аталық – аналық болып бөлінеді [10].
Қазақстанның табиғи суқоймаларда бұл популяцияның бір жынысты өкілді
(гиногенетикалық) және қос жынысты өкілді формалары кездеседі. Мөңкенің
аналық жынысты формалары Ырғыз және Торғай көлдерінде, Балқаш бассейініне
Алматы тоған шаруашылығынан қос жынысты формалары түскенге дейін байқалған.
Қостанай, Ақмола, солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының көптеген
ағынсыз көлдерінде мөңкенің бір жынысты өкілдері кездеседі. Мөңкенің қос
жынысы өкілді формалары көбіне қамысты қопаланған, оттегі аз, тартылып бара
жатқан көлдерде мекендейді. Бұндай популяцияда аталықтың саны 0,5 тен 5,5 %
дейін 2,0 ден 7,6% дейін ауытқып отырады. Суқойма жағдайы нашарлап,
популяцияға жойылу қаупі байқалғанда аталықтар саны артып отырады [2].
Қостанай облысындағы Жақсы – Жаркөл көлінде екі жылдың ішінде аталықтар
саны 2,0 ден 7,76 % - ке өскен, Бозша көлде алтын түсті мөңкенің ойылуы
күшейді, 2–3 жыл мөңкенің тіршілік ету барысында монокультурада аталықтық
саны 15 – 20 % жетті. Бұл көлде көп жылдық бақылаулар барысында бір
жынысты өкілдер популяциясы қос жынысты өкілдер популяциясына айналу
мүмкіндігі бар екендігі дәлелденді. Жынысты анықтауда гермофродитті
дарақтар бар. 1956 жылы олардың саны 0,4 % (788 экз- н 3), 1957 жылы екі
айда 0,5 % (1070 тен 5-еу) және 1958 жылы 2,5 айда - 0,4 % (11000-нан 42)
болады. Аналықтарын гермофродитті аталықтардың шәуетімен ұрықтандырғанда
жақсы нәтижелер алынған. Гермофродиттердің жыныс безінің гистологиялық
анализі жұмыртқа аймағындағы қайта уылдырық шашуын көрсетті. Көрсетілген
бақылаулар күміс түсті мөңкенің аталықтарын гермофродиттер деп есептеуге
болатындығын дәлелдеді [10].
Күміс түсті мөңкенің аналықтарының жыныс бездерінің дамуында әртүрлі
нормалық ауытқулар байқалады, әсіресе ассиметриясында 50 – ші жылдары
осындай гонадалы аналықтар Қостанай облысының Теңіз және Жақсы – Алакөл
секілді терең көлдерде, көп бөлігі суы аз, тартылып бара жатқан Жақсы –
Жаркөл, Жалжиырған, Қоскөл көлдерінде және негізгі бөлігі Бозшакөл көлінде
кездеседі. Көрсетілген аномалиялар көбіне бір жынысты өкілдер формасының
аналықтарында, кейде бірге тіршілік ететін қос жынысты өкілдер формасында
кездеседі.
Бозшакөл көлінде жалпы мөңкенің ішінде бір жынысты аналықтар 1574
экземпляр кездескен, оның 31–інде тек сол жағындағы жұмыртқа қабы дамыған,
24 – де 10, жалпы аномалия саны – 3,5 %.
1893 қос жынысты формалы аналықтардың 9–да жұмыртқа қабы оң жағында, 19
– да сол жағында барлығы: 1,4 %. өндіруші жүйенің жетілуіндегі ауытқулар
тұқымқуалаушылық ақпаратының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін [11].
Осыған байланысты балықтың денесінде қабыршақтардың орналасуының және
формасының бұзылуына әкеліп соғады.
Әртүрлі климаттағы күміс түсті мөңкенің жыныстық жетілу жасы
айтарлықтай жақын: 3 – 4 жаста жалпы жыныстық жетілу солтүстік Қазақстан
және Орал балықтарына тән. Бірақ Ырғыз – Торғай бассейіндерінің көлдерінде
жалғыз аналықтар үшінші жылы жыныстық жетіледі, ал Қостанай облысның
көлдерінде көп бөлігі аналықтар. Сонымен тартылып жатқан көлдердегі жай
өсетін балықтарға бірдей жастан жыныстық жетіледі [10].
Орталық және Солтүстік Қазақстан суқоймаларын мекен ететін күміс түсті
мөңкенің уылдырық шашатын кезеңі 14 -150 С температурада мамыр айының
ортасынан немесе аяғынан, кейде маусым айында басталады. Ал оңтүстік
жақтағы суқоймаларда сәуірдің аяғында мамырдың басында су температурасы 9,5
– 220 С болғанда уылдырық шашады. Уылдырық шашу кезеңі шілде, тамыз
айларында бітеді. Өрістеудің ұзаққа созылуы олардың уылдырықты порциялап
шашуына байланысты. Жайлап жетілген уылдырық порцияларының аралығы 7–10
күндей болады. Порциялар санын аналықтың жағаға келіп шашуын анықтауға
болады. Шашылмаған уылдырық порциялары резорбцияға ұшырайды. Тек кейбір
кездері мөңке аналықтарының бір порция уылдырық шашқаны байқалған. Ақмола
облысының Сары – Оба көлінде алтын түсті мөңкенің және күміс түсті
мөңкенің аталығының болмауына байланысты аналықтарының бір бөлігі бір
уақытта өрістегіш болған, ал Қостанай облысының Ашық Жаркөл және
Ақмоланыңың Жарлыкөл көлінде қыстың қатты болуынан аналықтардың көптеген
бөлігі уылдырығының бірінші бөлігін шашқаннан соң, жұмыртқа қабында тек
келесі жылы шашатын ооциттер болған. Қостанай облысындағы Аққабақ өзенді
тауарлы шаруашылығында күміс түсті мөңке балығының аналықтары бір уақытта
өрістегіш болып шықты, бұл су минерализациясының жоғары боуына байланысты
болуы мүмкін [12].
Бозшакөл көлінің күміс түсті мөңке балығының аралас популяциялары, бір
жынысты өкілді формаларының аналықтары үш порциалы уылдырық шашады, ал қос
жынысты өкілді формалары бір рет уылдырық шашады.
Өрістеу таңертең сағат 5 – 6 жүреді. Уылырықтарын жағалауда өсіп тұрған
және су түбі өсімдіктерінінің тамырына шашады. Балдырларға және майда
шөптерге шашылған уылдырықтардың ұрықтануы температураның ауытқуына және
қаныққан оттегінің көп болуынан байланысты 20 % болды.
50-60 жылдардағы Қазақстанның суқоймаларының ихтиофаунасын
экспедициялық зерттеулердің нәтижесі бойынша күміс түсті мөңкенің
максимальді өлшемдері айтарлықтай жоғары болған. Қорғалжың көлінде ұзындығы
33,5 см, салмағы 1,3 кг, жасы 13 +, Торғай көлдерінде – 37,0 см, салмағы
1,9 кг, 12 + жаста, Сарысу өзенінде - 29,3 см, салмағы 1,0 кг, жасы 9 – дан
жоғары, солтүстік Қазақстан облысындағы көлдерде – 38,0 см, салмағы 2,0
кг, жасы 10 жылдан жоғары, Үлкен Жалаңғаш көлінде – 3,2 кг, Балқаш көлінде
– 34,0 см, салмағы 1,1 кг, жасы 7 + [13].
Күміс түсті мөңкенің өсу жылдамдығы оның жағдайына байланысты. Күміс
түсті мөңкенің салмақтық өсу жасында (4 жыл) мына облыстардың кейбір
көлдерінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Көкшетау облысында
олардың орташа салмағы 100 граммға да жеттпейді. Бұл жастағы Ырғыз –
Торғай бассейініндегі мөңке 600 г жоғары болды. Жыныстық жетілу жасының
орташа салмағы 387 г.
Кейде мөңкенің денесінде қан сияқты дақтары болады, ол
шаянтәрізділердің ішіндегі копедами (Argulus) паразиті тіршілік етуінен
пайда болады. Осыған байланысты олар жай өседі, кейде балықтың денесін
жауып қалып өлімге әкеледі. Кейде ірі мөңкенің уылдырықтары жоқ болып
кетуіне әкеліп соғады. Жас мөңкелерге көптеген су насекомдар, әсіресе су
шаяндары зиянын тигізеді [14].
Күміс түсті мөңке түрлі қорекпен қоректенетін балықтар типіне жатады.
Кейбір популяциялары көктем–жаз айларында негізгі қорегі ретінде
зоопланктонмен қоректенеді. Жақсы – Алакөл көліндегі мөңке шабағы
планктонмен қоректенетіні белгілі, ал осы популяцилардың ересектері
бентоспен қоректенеді. 1956 жылығы Қорғалжың көліндегі үш мезгілдік
бақылаулар нәтежиесі бойынша күміс түсті мөңке бентостық организмдермен
қосымша хирономид личинкалармен қоректенген, ал 1968 жылы жазда ол
планктонофаг болып шықты [14].
1.6. Мөңкенің тұқымдылығы
Тұқымдылықты анықтау үшін уылдырықтардың мөлшерін анықтайтын әдісті
пайдаланады [15].
Күміс түсті мөңкенің орташа абсолютті тұқымдылығы сәуірде 48 – 60 мың
уылдырық; маусымда 38 – 54 мың уылдырық; алтын түсті мөңкенің сәуірде 22
мың, қыркүйекте 24 мың, қазанда 18 мың уылдырық шашқан. Абсалютті
тұқымдылық жасқа, ұзындығына және салмағына байланысты өзгеріп отырады.
Б.Г. Иогазен (1955), В.М. Володин (1963) және басқа авторлар, тұқымдылық
көбінесе балықтың салмағына және жасына байланысты болады [16].
Күміс түсті мөңкенің тұқымдылығы балықтың өсу темпіне байланысты
ауытқып отырады. Қамыс–Самара көліндегі ерте жетілген аналықтардың
тұқымдылығы 46 000 – ға тең, ал Жақсы – Алакөл көліндегі аналықтардың
тұқымдылығы 71035 уылдырық (1 кесте ).
Орал облысындағы 2 аналықтың 3 және 4 жастағы тұқымдылығы орташа 48 мың
уылдырықты құрайды. Осы облыстағы тоғандарда оданда төмен: ұзындығы 11,5 –
22 см, салмағы 30 – 255 г болатын балықта 5,3 – 48,6 мың уылдырық болады
[17].
Жұмыртқалардың максимальді жетілу коэффициенті олардың өрістеу
алдындағы жетілу кезеңін сипаттайды.
Су – Жарған көліндегі күміс түсті мөңкелердің жұмыртқаларының
максимальді жетілу коэффициенті өрістеу алдында 15,9 %, екінші порция
уылдырықтарын шашу кезінде 12,5 %, үшінші шашу кезінде – 11,5 %, аяғында
минимальді өрістеу кезінде 1,0 % болған [13].
1 кесте
Қазақстан көлдеріндегі күміс түсті мөңкенің тұқымдылығы
Көл Жасы, жыл Автор жыл
3+ 4+ 5+ 6+ 7+
Су – Жарған
(Торғай) 69752 - 159722 272598 345440 Сидорова,
1956
Кіші Жалан
ғаш (Ырғыз) 54928 129969 155015 - -
Қорғалжын - 67840 - 120700 - Серов, 1959
Жақсы –
Алакөл 71035 126245 - - -
1.7. Мөңкенің шаруашылық маңызы
Мөңке суқоймалардағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz