Қазақстанда зейнет ақы қорларының дамуын талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТ АҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Рыноктық экономика жағдайында зейнет ақымен қамтамасыз ету
- Зейнет ақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары
- Жинақтаушы зейнет ақы жүйесінің дамуының шетел тәжірибесі
ΙΙ-ТАРАУ. Қазақстанда ЗЕЙНЕТ АҚЫ қорларының дамуын талдау
2. 1 Қазақстанда зейнет ақы қорларының құрылуы мен
экономикада пайдаланылуы
2. 2 Зейнет ақы қорларының қаржы нарығындағы ролі мен олардың
тиімділігін бағалау
2. 3. Қазақстанда зейнет ақы қорларының даму болашағы
ΙΙΙ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТ АҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Мемлекеттік емес Қазақстан Республикасының Халық Банкінің Жинақтаушы Зейнет ақы Қоры: зейнет ақымен қамтамасыз ету рыногындағы оның ролі мен орыны
3. 2 Зейнет ақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету проблемалары (Қазақстан Республикасының Халық Банкінің Мемлекеттік емес Жинақтаушы Зейнет ақы Қорының мысалында)
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
СІЛТЕМЕЛЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында зейнет ақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды - жаңа зейнет ақы жүйесіне әлі төрт жыл да болған жоқ. Жаңа зейнет ақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ - ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. ұсынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз.
Осындай көлемдегі зейнет ақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнет ақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ. Осымен қатар, зейнет ақы реформасы өз уақытында жүзеге асырылды деп күмән келтірмей айтуға болады. Ал қиындықсыз еш нәрсе болмайды.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнет ақымен қамтамасыз ету жөнінде талғануға мүмкіндік береді.
Соныме қатар, осы дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. ұсынылған еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнет ақымен қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнет ақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету проблемасы әлемнің барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне экономикалық жағынан жағдайы жақсы елдер де кіреді. Бұл халықтың жалпы санының ішінде қарт азаматтардың үлес салмағының табиғи өсуімен байланысты, ал бұл мемлекет пен азамат, жұмыс беруші мен жұмысшы, ата-ана мен баланың және т. б. әлеуметтік пен экономикалық қарым-қатынастарының эволюциясының нәтижесінде болған нәрсе.
ұсынылған дипломдық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасында зейнет ақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздерімен, ал екінші бөлімде Қазақстан экономикасында зейнет ақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілгеннен осы дипломдық жұмыстың мақсаты шығады. Ол - теориялық асепектіде және Қазақстан мысалында зейнет ақы қорларын зерттеп оқу.
Қойылған мақсаттан келесі жұмыс мәселелері туындайды:
- Зейнет ақы активтерін басқарудың мәні мен функциясын танып білу
- Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
- Қазақстан Республикасында зейнет ақы салымдарының қалыптасу процессі мен даму мәселелерін қарастыру.
- Қаржы нарығында зейнет ақы активтерінің рөлін анықтау және олардың тиімділігін бағалау.
- Қазақстан Республикасында зейнет ақы активтерінің даму бағыттарын айқындау.
Берілген жұмысты жазуда методологиялық база болды:
- Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілер,
- мемлекеттік емес зейнет ақы-жинақтаушы қорларымен ұсынылған мәләметтер,
- Е. М. Четыркин, Е. Р. Елемесұлы сияқты экономисттерінің экономикалық сипаттағы әдебиеттер,
- бұқара ақпарат құралдарынан жиналған мәлімметтер.
Ι-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТ АҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Рыноктық экономика жағдайында зейнет ақымен қамтамасыз ету
Қазақстанда, КСРО-ның барлық елдерінде сияқты, әр қашан ынтымақтастық зейнет ақы қоры болған. Кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорынан 25%-ды жалпыға бірдей зейнет ақы қорына аударылады, ал ол жерде зейнет ақы жинақтарының белгілі бір массасы жиналады да, сол мезетте ағымды зейнет ақыны төлеуге жұмсалатын. Бұл зейнет ақы жүйесінің мәні осында еді: бүгінгі таңдағы жұмыс істейтін адамдар өз аударымдарымен қазіргі таңдағы зейнеткерлерді қамтамасыз ететін.
Халықтың жұмыс істейтін бөлігі, өз алдына, олардың да зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы алу уақытысы келеді және ол солардан кейін жұмыс істейтіндердің зейнет ақы аударымдары есебінен қамтамасыз етілетінін білетін. Жинақтардың ынтымақтастығы осында жатыр.
Бірақ, жұмыс істейтіндердің жалпы көлемі зейнеттегі адамдардың санынан бірнеше есе көп болған жағдайда ғана ынтымақтастық жүйесі тиімді болады. КСРО да осылай болды, сондықтан зеейнет ақы қоры бос ақша-қаражаттарды мемлекеттің милитаризациясына инвестиция ретінде құя алды.
Бірақ, КСРО құлауымен, экономикалық климаттың нашарлауынан, нарық қатынастарына көшуіден жағдай шиеленісіп, жылдан жылға нашарлай бастады. Бүгінгі таңда, мысалға, бір зейнеткерге 7 жұмыс істейтіндер келеді, және кәсіпорын іс-әрекетінің өтімуілігі мен рентабельдігімен байланысты туатын қиыншылықтар әсерінен олар зейнет ақы қорына еш бір аударым жасамайды. Бұндай жағдайда зейнет ақы қоры іс жүзінде банкрот болды. Оның зейнеткерлер алдындағы міндеттемелері түсімдер соммасынан көп болды да содан төлемдер бойынша қарыздар көлемі тез өсе бастады. /1/
Зейнет ақы реформасы көп адамдар теріс көзқарасымен қарайды. Бірақ ескі ынтымақтастық жүйені тек екі жағдайда қалпына келтіруге болатын еді: не зейнет ақы қорына табысты үлкейтту не оның шығынын азайту, бірақ бұл екеуін де жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Қордың табысын үлкейту орташа айлықты өсіру, аударым қойылымын өсіру немесе жұмысшылардың зейнеткерлерге қатынасын үлкейту есебінен мүмкін болатын.
Республикада орташа жалақы көлемінің жақын арада өсу үміті кішкентай еді.
Аударымдар қойыламының мәнді өсуін кәсіпорындар көтере алмайды, қазірдің өзінде еңбек ақы төлеу қорына барлық аударымдарды төлеу өте қиын.
Жұмысшылардың зейнеткерлерге қатынасының өсуі де еш нәрсеге алып келмейді. Мамандар есептеулері бойынша 2040 жылға бір зейнеткерге шамамен 1 жұмыскер келеді. /2/
Зейнет ақы қорының шығындарының азаюы қазіргі зейнет ақылардың мөлшерінің қысқаруы есебінен, не зейнетке шығу жасын өсуруінен, бірақ бұл бәрімізге түсінікті себептерден мүмкін емес. Яғни, ынтымақтастық зейнет-ақы жүйесінде барлық жеңілдіктердің алынып тасталуы маңызы зор нәрсе болды. Шынында да, ынтымақтастық жүйеде әр түрлі жеңілдіктер көп болды, соның ішінде мерзімнен ерте зейнетке шығу 45-50 жасында.
Жинақтаушы зейнет ақы қорлары - бұл жалпы ортақ қазан емес, адамның өз зейнетіне ақша жинауға үлкен ынтасы пайда болады, себебі жеке зейнет ақы шотында қандай ақша көлемі жинақталса, сонша зейнет ақы төлемі де болады.
Егер салым салушы өзінің жинақталған соммасымен түгел немесе жартылай қолдана алмай қалса, ол бұрыңғыдай жоқ болып кетпейді, ол мұрагерлеріне қалады.
Бірақ, әрине, қоғамда әрқашанда әр түрлі себептерге байланысыты өздеріне зейнет ақыны толығымен немесе жартылай жинақтай алмайтын адамдар болады. Олар деңсаулығы жоқ, жұмыссыздар, белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар және т. с. с. Мемлекет Конституция бойынша әлеуметтік кепіл болғандықтан, оларды өз қол астына алады.
Жаңа зейнет ақы заңы бұл проблеманы әлеуметтік адрестік жәрдемақы институттары арқылы шешеді. Зейнет ақы - бір кездерде салым түрінде ынтымақтық немесе жинақтық зейнет ақы жүйесіне аударылған аударымдар болып табылады. Жәрдемақыны мемлекет бюджет есебінен бөледі. Бүгінгі таңда оның көлемі үлкен емес - 2000 теңге шамасында. Бірақ бұл экономикалық жағдайға байланысты, мемлекет байланысты түссе, жәрдемақылар мөлшері де өседі.
Жаңа зейнет ақы жүйесінде еңбек ақы төлеу қорының 25% - зейнет ақы аударымдар қойылымы алынып тасталған, ал 10% көлеміндегі салымдар жинақтаушы жүйесіне түседі.
Зейнет ақыны есептеуде ынтымақтық жүйесіндегі еңбек стажының 1998 жылы 1 қантарынан есепке алынбайтынын ескерсек (кім қанша тапса - сонша қалады) 15% салымды ынтымақтастық жүйесіне бір салық ретінде қарастыруға болады. (бұрын аударымдар ұзақтығынан еңбек стажы байланысты болатын, және сәйкесінше болашақ зейнет ақы мөлшері) . Бірақ біз бұл ақшаның бүгінгі зейнеткерлерге төлем ретінде жаратылғанын білеміз, оларды мемлекте есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес еді. Бұндай аударымдар көлемі ақырындап кішірейіп, бүгінгі күнге олар жоқ болатындай заңмен қарастырылған. Бұл 1999 жылға Республика бюджеті туралы заңда анықталған. Осы аударымдардан бас тарту мүмкін емес еді, әлі халықтың көп саны ынтымақтық жүйеден зейнет ақы алуға құқығына ие.
Салымдардың екі ағымға бөлінуінен көбісінде түсініспеушіліктер туады: «Егер 25, 5% аударымдар кезінде зейнет ақы төлеу үшін ақша қаражаттар жеткіліксіз болса, онда 15%-қ төлемдер ғана түскен жағдайда зейнет ақы қалай төленеді?»
1998 жылы республикалық бюджетте үкіметпен 50 млрд теңгеден аса зейнет ақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа трансферттер қарастырылған. ¤тпелі кезеңде бюджет ынтымақтастық зейнет ақы жүйесіне бонустар, роялти, жекешелендіру құралдары есебінен көмек көрсетті. Ынтымақ жүйесінен жинақтаушы жүйесіне бір сағатта көші мүмкін емес. Және бұл екеуі әлі көп уақыт бірге жүзеге асады, ынтымақтастық жүйесі 1998 жылы 1 қантар еңбек стажы кем дегенде жарты жыл болған соңғы адаммен есептеспейінше бұл процесс жүзеге асып отырады.
1. 2 Зейнет ақы жүйесін реформалаудың әлеуметтік экономикалық алғышарттары
Зейнет ақы активтерін басқару жинақтушы зейнет ақы қоры мен Зейнет ақы активтерін басқару компаниясының инвестициялық іс-әрекеті болып табылады, басқаша сөзбен айтқанда әр-түрлі қаржы инструменттеріне зейнет ақы активртерін салу бойынша қызметі.
«Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республиканың заңына және Мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру ережелеріне сай Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қоры, зейнет ақы активтерімен инвестициялық басқару Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қоры зейнет ақы активтермен басқарушысы ретінде НКЦБ-мен анықталатын ұйыммен жүзеге асады, немесе НКЦБ келісімімен Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қорының өзімен де іске аса алады. Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қорын құру моментінен зейнет ақы активтерімен инвестициялық басқару 1999 жылы 14 шілдесіне дейін ұлттық Банкпен жүргізіліп отырды. НКЦБ келісімімен 14 шілдеде зейнет ақы активтерімен басқару функциялары Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қоры берілді.
Мемлекеттік емес жинақтаушы қорының активтерімен басқаруына келсек, ол зейнет ақы активтерімен басқару бойынша компаниялардың инвестициялық қызметі туралы ережелерге сәйкес (1998 жылы 13 тамызына НКЦБ-ның №11 жарлығы), зейнет ақы активтерімен басқару компанияларымен іске асады. Бірақ қазір Жинақтау зейнет ақы қорынің өз активтерін өзі басқару идеялары көртеп шығыр жататынын атап кеткен жөн. Және Зейнет ақы активтерін басқару компаниясындаға қойылатын жоғары талаптарға зейнет ақы активтерімен өзі басқаратын қор өзі жауап беру керек. Мұндай жағдай қорларға шығындарын төмендетіп, функцялардың қайталануын шегеріп және қордың капитализациясы есебінен қаржылық тұрақтылығын өсіруге мүмкіндік тұғызады. /3/ Зейнет ақы активтерін басқару компаниясының басқарушы Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қоры сияқты зейнет ақы қорлары мен Зейнет ақы активтерін басқару компаниясымен арасындағы келісімдерге сәйкес зейнет ақы активтерін инвестиционды басқаруға алған соммадан 0, 15%-н аспайтын ай сайынға коммисионды сыый ақыға ие болуға құқы бар.
Зейнет ақы активтерін басқару компанияның қызметі құнды қағаз бойынша ұлттық комиссиямен реттелді. Бұл комиссия негізгі, резервті капиталды қалыптастыру мәселелерінде Зейнет ақы активтерін басқару компанияның қойылатын негізгі нормативті талаптарды белгілеген. Зейнет ақы активтерін басқару компанияның негізгі және қосымша резервті капиталды қалыптастыруға міндетті.
Негізгі резервті капитал Зейнет ақы активтерін басқару компанияның басқаруға алынған зейнет ақы активтері бойынша міндеттемелерін дер кезінде қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Ол Зейнет ақы активтерін басқару компанисы басқаруындағы зейнет ақы активтерінің көлемінің өзгеруіне пропорционалды Зейнет ақы активтерін басқару компанияның өзіндік құралдарынан келесі көлемде алынады:
- 0. 25% 5 миллиард теңгеден аз болатын Зейнет ақы активтерін басқару компаниясы басқаруындағы зейнет ақы активтерінің мөлшері кезінде
- 0, 2% 5 тен 35 миллиард теңгедегі зейнет ақы активтерінің мөлшері кезінде
- 0, 15% зейнет ақы активтерінің 35 тен 50 миллиард теңге мөлшері кезінде
- 0, 1% зейнет ақы активтері 50 миллиард теңгеден асқан кезде.
Қосымша резервті капитал зейнет ақы активтерін басқару кезінде компанияның инвестициялық тәуекел нәтижесінен пайда болған залалдарды жабу үшін құралады. Ол зейнет ақы активтері бойынша Зейнет ақы активтерін басқару компанияның нақты табыс коэффициенті келесі көрсеткіштердің максималдылығынан асатын өзіндік құралдар есебіндегі соммадан құралады:
- Республикада зейнет ақы активтерін басқару бойынша барлық компаниялардың нақты табыс коэффициентінің 50%;
- Республикадағы зейнет ақы активтерімен басқаратын барлық компаниялардың нақты табыс коэффициентінен 2% алып тастағанда.
Егер Зейнет ақы активтерін басқару компанияның нақты табыс коэффициенті анықталған минималды мөлшерінен аз болған жағдайда, Зейнет ақы активтерін басқару компания қосымша резервті капитал есебінен арасындағы айырманы зейнет ақы ұтысына қарай компенсациялайды. Қосымша резервті капитал мөлшерінің жеткіліксіз болған жағдайында қалдық негізгі резервтік капитал есебінен жабылады. Егер бұл да аз болса, онда қалған меншік капиталының есебінен.
Меншік құралдарының жеткіліктігі Зейнет ақы активтерін басқару компанияның меншік капиталының компаниясының меншігіндегі активтер мен зейнетвқы активтерінің соммасына қатынасымен сипатталады. Меншік құралдарының жеткіліктігінің коэффициентінің минималды мөлшері Зейнет ақы активтерін басқару компания басқаруындағы зейнет ақы активтерінің көлеміне байланысты:
- 5 млрд теңгеден аз коэффициент - 0, 02;
- 5 тен 10 млрд тенге - 0, 015
- 10 млрд тенгеден аса - 0, 01
Зейнет ақы активтерін басқару компанияға негізгі құралдарға және айналымнан тыс активтерге меншік құралдарын салу бойынша шектеулер қойылған, олар 0, 25 коэффициентінен аспау тиіс.
Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнет ақы қорларының зейнет ақы активтерін басқару екі принциптің үйлесімдігін қажет етеді: тәекелді максималды шегеру және сәйкес табыстылықты қамтамасыз ету, сондықтан басқарушы органдармен (Қазақстан Республикасының ұлттық Банктiң ДРРЦР) Жинақтау зейнет ақы қорын мен Зейнет ақы активтерін басқару компания инвестициялық қызметіне белгілі бір шектеулер қойылған.
Рұқсат етілген әрбір қаржы инструменттері бойынша ұлттық комиссия мен зейнет ақы активтерін орналастыру бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық Банктiң ДРРЦБ нормативті-құқықтық актілеріне сай келесі шектеулер іске асады: /4/
- Мемлекеттік жинақтау зейнет ақы қоры үшін:
- Халықаралық қайта құру және даму банкі; Еуропадық қайта құру және даму банкі; Халықаралық төлемдер банкі; Азия даму банкі; Халықаралық қарды корпорациясы; Ислам даму банкі сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздары - 10%-дан көп емес;
- юанктік депозит сертификаттары және екінші деңгейлі мемлекеттік банктер депозиттері - 20% көп емес;
- Зейнет ақы активтерін басқару компания үшін
Тура сол шектеулер, тек Зейнет ақы активтерін басқару компания зейнет ақы активтерін мемлекеттік емес ұйымдардың құнды қағаздарына инвестициялауға құқы бар, бірақ бұл қағаздар КФБ-нің А листинг тізіміне кіру керек - 30% артық емес.
Жинақтаушы зейнет ақы қор идеясы біздің халықпен скептикалық көз қараспен қабылданды. Смағулов, Мавроди мединица сақтандыру қоры сияқты қаржы пирамидаларының құлауы туралы толқұлардың тынышталдығына әлі көп уақыт болған жоқ. Жеке трастық компаниялардың өткен тәжәрибесі бойынша, адамдар жинақтаушы зейнет ақы салымдарын салуға әлі дайын емес. Мүмкін мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қорына сенім көбірек, бірақ бұл жалпы мемлекетке деген сенімге тура пропорционал.
Жаңа құрылымдарға деген жалпылай сенімсіз қарау көбіне олардың мәнін, жұмыс істеу механизмін, оларды мемлекеттік бақылау тәсілдерін білмеу мен түсінбеумен байланысты.
Смағулов және МММ компаниялары кезінде олардың қызметін бақылау механизмі әлі заң жүзінде реттелмегенін атап кеткенжөн. Компанияларды тек салық органдарына ғана есеп беретін. Бірде бір мемлекеттік органы, халықтан жиналған ақша қайда инвестицияланатыны, олардың сақтығына кім жауап беретіні және осы компания банкрот болса, жинақтармен не болатынын бақылай алмайтын. Бүгінгі таңда жинақтаушы зейнет ақы қорларын, зейнет ақы активтерін басқару компанияларын және банк-кастодиандарды бақылаудың функцияларын мемлекет сәйкесінше үш органға: мемлекеттік зейнет ақы агенствосына, құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссияға (қазір Қазақстан Республиканың ұлттық Банкi Құнды қағаз нарығын реттеу департаменті) және ұлттық Банкке тапсырған. /5/
Осы құрылымдардың қызметін реттеу мемлекеттік органдар лицензиялау механизмі арқылы жүзеге асады. ¤з қызметін істеу үшін әр бір қор немесе компания лицензия алу керек.
Лицензия алу үшін қор келесі талаптарға сай болу керек:
Алдымен зейнет ақы жинақтармен іс-әрекет жүргізгісі келетін заңды тұлғаға өте қатаң квалификациялық талаптар қойылады (меншік капитал көлеміне, құрылтайшыларға, басұарушы адамдарға, техникамен қамтылғаны мен ішкі документацияға) . Егер ол барлық талаптарға сай келсе, онда лицензия алуға болады. Осыдан кейін күнделікті есеп түрінде және орында отырып кезеңді тексерулер арқылы үздіксіз бақылаау жүреді. Мысалға, зейнет ақы активтерін басқару компаниялары Қазақстан Республикасының ұлттық Банктiң Депортаментi күнделікті сегіз есеп беру формаларын ұсынуға міндетті. Бір жөнсіздіктер табылса, лицензия тоқталынуы мүмкін, ал егер жағдай қалпына келмесе, онда ол тіпті алынуы әбден ықтимал. /6/
Жарғылық капитал міндетті түрде құрылтайшылардың өзіндік құралдарының есебінен тек ақшамен ғана төленуі керек. Қор көлемі - 90 млн тенге, ашық үшін - 180 млн теңге, зейнет ақы активтерін басқару компаниялар үшін - 150 млн теңге. Бірақ бұл әлі соңы емес. Мысалға, зейнет ақы активтерін басқару компаниясы активтердің өсу көлеміне байланысты өзінің меншік капиталын да өсіру керек; негізгі құралдырға салынатын салымның максималды көлемі де шектелмеген, бұл шектеме қорларға да тиісті нәрсе.
Бұндай нормативтер жайдан-жай емес. Қорлардың және Зейнет ақы активтерін басқару компания меншік капиталы салым салушы, кредитор алдында жауапкершілік туған кездегі критикалық жағдайдағы зиянды жабу кепілі болып табылады.
Зейнет ақы қорлары мен Зейнет ақы активтерін басқару компанияның басқарушы адамдарына және мамандарына жоғары талаптар қойылады: жоғары білім, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болмау керек, олар бұрыңғы банкрот кәсіпорындардың басшылары болмау керек. Арнайы білім деңгейі де жоғару болу керек.
Қор жұмысын техникалық жағынан қамтамасыз ету де лицензия алу үшін маңызды шарт.
Сонымен қатар, қор зейнет ақы активтерін басқару компаниясы мен банк-кастодианмен келісімге отырған жағдайда ғана лицензия ала алады. Яғни лицензия алу бұл формальность емес, бұл ұлттық зейнет ақы ақы агенствосы мен қор басшыларының қызығушылығы бар әріптестер болып табылатын үлкен мәні бар жұмыс.
Сонымен, жаңа зейнет-ақы жүйесінің барлық субъектілерімен жақынырақ танысайық. Ол келесі институттармен ұсынылған: ол жинақтаушы зейнет ақы қорлары, зейнет ақы активтерін басқару компаниялары мен банк-кастодианттар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz