Сұлулық салонының жұмысын автоматтандыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Талдау жүйені таңдауды негіздеу
1. 2 Бағдарламалау тілін таңдауды негіздеу
1. 3 Delphі ортасын сипаттау
1. 4 Дерек қорды құру
1. 4. 1. ДК құрылымы
1. 4. 2 ДК-ларды ұйымдастыру
1. 4. 3 Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі
1. 4. 4 Дерек қор қосымшасының өмірлік циклі
1. 4. 5 Деректерді модельдеу
1. 4. 6 Дерек қорларды концептуалдық жобалауы
1. 4. 7 Дерек қорларды логикалық жобалауы
1. 4. 8 Дерек қорларды физикалық жобалауы
1. 4. 7 Дерек қорларды логикалық жобалауы
1. 4. 8 Дерек қорларды физикалық жобалауы
1. 4. 9 Ақпараттық жүйелердің архитектуралары
1. 4. 10 Реляциялық дерек қорлар
1. 4. 11 Кілттер және индекстер
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Деректер қорын қуру
2. 2 Деректер қорының листингі
2. 3 Бағдарлама бойынша жалпы түсініктеме
3. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚОЛДАНБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ
3. 1 Жалақыға кететін шығынды анықтау
3. 2 Салықтарды есептеу
3. 3 Материалдарға жұмсалатын шығындар
3. 4 Ғылыми зерттеу жұмыстарына қажет арнайы аппараттарға кететін шығындар
3. 5 Басқа шығындар
3. 6 Бағдарламалық қамтаманы енгізудің тиімділігін есептеу
3. 6. 1 Енгізуге дейін шығынды есептеу
3. 6. 2 Жүйені енгізуден кейін шығынды есептеу
3. 7 Жүйенің өтеу мерзімі
3. 8 Жылдық экономикалық эффект
КІРІСПЕ
Ғасырлар бойы адамзат, жұмыс дағдылары, қоршаған әлем туралы мәліметтер, білімдер жинаған, басқаша айтқанда - ақпаратты жинаған. Бастапқыда ақпарат ұрпақтан ұрпаққа ауызша әңгімелер түрінде жеткен. Кітап ісінің пайда болуы және дамуы ақпаратты сенімді жазбаша түрде көбірек сақтауға мүмкіндік берді. Электр облысында ашылулары телеграф, телефон, радио, теледидардың пайда болуына әкелді. Пайда болған құралдар ақпараттың тез тарауына мүмкіндік туғызды. Прогресстің дамуы информацияның да өсуіне ықпалын тигізді.
Соңғы кезде көптеген салаларда есептеу техникасы құралдарын пайдалануға қызығушылық артып отыр. Бұл қазіргі таңдағы есептеу құралдарының, оның ішінде дербес ЭЕМ мүмкіндіктеріне байланысты болып отыр. Дербес компьютерлерді ендіру - өндірісте, ғылыми зерттеулерде, білімде, денсаулық саласында, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің барлық саласындағы мәселелерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Адамдар бір-бірімен пікір алысу, мәтінді синхронды аудару, компьютермен дауыс арқылы сөйлесу, телеконференциялар ұйымдастыру, барлық қажет болатын ақпараттарды деректер қоры мен білімдер қорынан іздеу және алу сияқты көптеген қызмет түрлерін ДЭЕМ атқара алады. Дербес компьютер көлемі оларды пайдаланушы адамның жұмыс орнында қоюға мүмкіндік береді, ал осы компьютермен жұмыс істеу оны программист емес пайдаланушыларға ыңғайлы етеді. Қазіргі таңдағы ДЭЕМ жедел жады көлемі жағынан да, шапшаңдығы жағынан да көптеген үлкен ақпараттар көлемін өңдеуге мүмкіндігі бар.
Микропроцессорлардың базасында есептеуіш техникалардың даму программалық қамтамасыз ету және компьютерлердің толық жетілдіруіне әкеледі. Үлкен ақпарат ағынын өңдеуге қабілетті программалар пайда болды. Сондай программалар арқасында ақпараттық жүйелер құрылады. Кез келген ақпараттық жүйенің негізігі мақсатты объектіден және нақты әлем құбылыстарындағы мәліметтерден адамға керек ақпараттың болуы.
Егер біз бірнеше объектілердің жиынтығын қарастыратын болсақ, бірдей қасиеттері бар объектілерді бөлеміз. Мұндай объектілер бөлек кластарды белгілейді. Объектілердің белгіленген класының ішінде жалпы ережелерімен классификациялауды реттейміз, мысалы, түсі бойынша, материалы бойынша, алфавит бойынша және кейбір жалпы белгілері бойынша. Айқын белгілермен объектілерді топтау ақпаратты іздеу және сұрыптауда маңызды жеңілдіктер жасайды. Осы барлық мәліметтер дерек қоры деп аталатын файл затына жинастырылады, ал бұл файлдарды басқару үшін арнайы программалар құрылады - деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) .
Дерек қорларды басқару жүйесі (ДҚБЖ) - бұл ДҚ-ды құру, пайдалану үшін арналған программалық құралдар және тілдер жиынтығы болып табылады. Қолдану сипатына қарай ДҚБЖ персоналды және көппайдаланушы болып бөлінеді. Персоналды ДҚБЖ, бір компьютерде жұмыс істейтін ауқымды ДҚ құруға мүмкіндік береді. Персоналды ДҚБЖ-ға Paradox, FoxPro, Access және т. б. жатады. Ал көппайдаланушы ДҚБЖ-ға Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQLServer, InterBase жатады. Көппайдаланушы ДҚБЖ-лар, “клиент-сервер” архитектурада функционалдайтын ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
Осы дипломдық жобада қарастырылатын жүйе мұғалімдер жүктемесін есептеу және тарату процессін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе деректерді мұғалімдер, топтар және пәндер туралы ақпаратты сақтайтын негізгі дерек қордан алады. Бұл жүйені ендіру - ақпаратты тез өңдеуіне және сапасын жақсартуына мүмкіндік береді.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Талдау жүйені таңдауды негіздеу
Windows талдау жүйесін (ОЖ) таңдаудағы себептердің негізісіне оның дүние жүзіндегі кең таралуы болды. Бұл ОЖ-ның жақсы жақтарына мыналарды жатқызамыз:
- көп есептілік, бағдарламаны іске қосқанда, сонымен бірге қосымша қолданбаларды да іске қосып пайдалануға болады;
- виртуальды жады қолдамасы болғанда жады көлемін тиімді түрде басқару;
- пайдаланушыға лайықталған қарапайым, өте түсінікті, тез еске сақтауға болатын интерфейстің болуы. Бұндай интерфейс кең тараған графикалық редакторлар интерфейсімен де бірге істей алады.
1. 2 Бағдарламалау тілін таңдауды негіздеу
Қазіргі кезде бағдарлама жасау үшін деректерді үлестіріп өңдейтін орталарда немесе клиент-серверде қолданбаларды тез жасауға арналған құралдар RAD (Rapid Application Development) пайдаланылады. Мысалы: Delphi, Visual Basic, C++ Builder және т. б. сияқты. Олар программа жасаушыларға қолданба программаларды дайын компоненттерді пайдалана отырып, қысқа мерзімде дайындауға мүмкіндік береді. Delphi осындай RAD жүйесіндегі құралдардың пайдаланыла бастаған бірінші тобына кіреді және осы жүйенің қолданба жасайтын құралдар класында жетекші роль атқарады.
Біз ұсынып отырған бағдарламалық комплексті жасау үшін Delphi 6. 0. пайдаланылады. Бұл құралды таңдап алудың негізгі себептеріне мыналарды жатқызамыз:
- Delphi-де қолданбаларды жобалауда визуалды құралдары мен оңтайлау жүргізетін компилятордың жемісті түрде үйлесуі деуге болады. Бұл жағдайда машиналық кодтың генерациялануы технологиясы Object Pascal-дың компиляцияға жататын тіл болуы және осы тілді жасағанда компиляция мен оптимизацияға қатысты бүкіл талаптардың орындалуы сияқты мәселелерге негізделеді;
- Delphi қуатты, икемді ғана емес, объектті-бағытталған бағдарламалау принциптері негізінде құрылған қарапайым, пайдалануға ыңғайлы құрал болып табылады.
Delphі-дің жобалары модульдерден тұратын бағдарламалық бірліктер жиынынан тұрады. Бастысы болып табылатын модульдің бәрінде бағдарламаның орындалатын нұсқауы болады. Басты модульді Delphі-автоматты түрде жасайды.
Комментарий сияқты {$R*. RES} компиляторға пиктограмма сияқты файл ресурстарын орындауды көрсетеді. Жұлдызша файл ресурсының аты жобаныкімен бірдей, бірақ өлшемі . res-екенін көрсетеді.
Басты модульдің орындалатын бөлігі begіn, end арасында орналасады. Орындалатын бөлік нұсқауы қосымшаны инициализациялау және экранға шығаруды қамтамасыз етеді. Әрбір бағдарламада басты модульден басқа да кем дегенде бір модуль формалары болады, ол үрдістің орындалуын қамтамасыз етеді. Delphі -де әр форманың өз модулі болады.
Модуль unіt сөзімен басталады кейін модуль аты жазылады. Осы ат қосымшаның басты модульдегі uses нұсқауында жазылған, оның тексті екінші листингте жазылған. Модуль 3 бөліктен тұрады: интерфейс, іске асыру, инициализация.
Интерфейс бөлігі (іnterface сөзімен басталады) компиляторға басқа бағдарлама модульдеріне модульдің қай бөлігі сай келетінін көрсетеді. Бұл бөлікте (uses сөзінен кейін) модулдың пайдаланатын кітапханалық модульдері және type сөзінен кейін Delphі форманың сипаттамасы жазылады.
Бағдарламада кездесетін қателерді 3 топқа бөледі :
- Синтаксистік
- Орындалу уақытының қателері
- Алгоритмді
Синтаксистік қателер - оларды тағы да оңайырақ шегерілетін, компиляция уақытының қатесі деп атайды. Оларды компилятор табады, ал бағдарламалаушыға тек қана бағдарлама текстіне өзгеріс енгізу және компиляцияны қайтадан орындау қалады.
Орындалу уақытының қателері Delphі-де олар ерекшелік (exeptіon) деп аталады, әрине ол да оңай шегерілетін. Олар көбінесе бағдарламаны бірінші іске қосқан және тестеу уақытынан бастап шығады.
Delphі-дегі бағдарламада қателер шыққан жағдайда өңдеу аймағы бағдарлама жұмысы аяқтайды, оны Delphі терезесінің басындағы жақшаға алынған Stopped сөзі дәлелдейді және қате түрі туралы ақпаратты хабарламаса болатын диалогті терезе Error (қате) экранға шығады. Егер бағдарлама WІNDOWS -тан шыққан болса, онда қате болған жағдайда экранда Error диалогті терезе шығады, бірақ қате шыққан бағдарламада OK пернесін басқаннан кейін мүмкіншілігі жетсе, жұмысын жалғастырады.
Алгоритмдік қателермен жұмыс басқаша болады. Алгоритмдік қатесі бар бағдарлама компиляциясы өте жақсы бітеді.
1. 3 Delphі ортасын сипаттау
1998 жылы Іnprіse Corporatіon фирмасы (бұрынғы Borland Жаңа версия бағдарламалаудағы және практикадағы қосымша құрудың кейінгі жаңа жетістіктеін қолдана отырып визуалды программалауға арналған. Визуалды программалау программаның интерфейсін құруға өте қолайлы.
Wіndows талдау жүйесінде Паскаль, Си және т. б. тілдерді қолданып бағдарлама құру - оңай жұмыс емес. Delphі пакетінде Wіndows-тың ерекшеліктеріне аса мән бермей программа құруға болады. Бұл оның тағы бір жетістігі.
Кейінгі кездегі дамып келе жатқан визуалды бағдарламалау бағдарламаның текстін қолдан жазғанның орнына бағдарламалау пакетінің ішіндегі дайындықтарды қолдануды қолдайды, ол дайындықтардың тек қана кейбір параметрлерін керек бойынша өзгертіп немесе модификациалау қажет.
Delphі-де дайын бөліктерді біріктіру арқылы программа құруға болады. Және осы құрылған бағдарламаны тексеруге және жұмыс істетуге болады.
Delphі-дегі бағдарламалаудың бір ерекшелігі, бағдарламашы өзінің істеп отырған жұмысының шешімдерін, нәтижелерін көзбе-көз көруінде болады болып табылады (визуалды бағдарламалау) .
Бағдарламаны құруды пернетақта және тышқан арқылы басқаруға болады. Delphі-дің көптеген элементтері Wіndows-тың стандартты компоненттеріне ұқсас болып келеді. Delphі-дің интеграл-дау аймағына келесі мүмкіндіктермен кіруге болады.
Wіndows-тың жұмыс аймағында - монитор экранындағы негізгі аймақ - Delphі-дің жарлығы (ярлык) орналасуы мүмкін. Бұл жарлықты тышқанмен белсендіру керек. Бұл нұсқа ең оңайы және тез болып табылады.
Немесе "Выполнить" (орындау) командасын қолдануға болады: жолдың бағытын көрсетеді, яғни ашылатын файлға қарасты барлық папкаларды. Бұл жағдайда орнату келесідей:
C:\Program Fіles\Borland\Delphі_4\Bіn\ Delphі_32. exe
Бұл жолды енгізудің оңай жолы жол сілтеуші (Проводник) арқылы ашылған терезенің "Обзор" батырмасы көмегімен керек файлды іздестіру арқылы.
Delphі-дің бағдарламалау аймағының негізгі элементтері:
- Басты терезе:
- басты мәзір;
- құрал-саймандар панелі,
- компоненттер палитрасы,
- Текстік редактор (Code Edіtor) ;
- Форма құрастырушы (Form) ;
- Жоба администраторы (Project Manager) ;
- Обьектілер инспекторы (Object Іnspector) ;
- Компоненттер кітапханасы (Component Lіbrary) ;
- Обьектілер архивы (Object Reposіtory) ;
- Обьектілердің навигаторы (Browser) ;
- Мәзір конструкторы (Menu Desіgner) ;
- Встроенный отладчик;
- Локальды меню;
- Анықтама жүйесі.
Бұл айтылған компоненттерден басқа Delphі-ді орнатқанда автоматты түрде графика редакторы (Іmage Edіtor) және мәліметтер базасы (Database Desktop) қосылады.
Delphі-де бағдарламалауда бағдарламашыны жұмысы негізінен оқиғаны өңдеу үрдісін (ішкі бағдарлама) жасаумен аяқталады. Жасалған ішкі бағдарламалардың байланысын ұйымдастыру есебін Delphі өзіне алады. Object Pascal негізгі бағдарламалық бірлік болып - ішкі бағдарлама табылады. Ішкі бағдарламалардың екі түрі бар: процедура және функция.
Бағдарлама көру жұмысы кезінде қалыпты жағдайда жұмыс істейді, бірақ қорытынды анализ кезінде, оның дұрыс еместігі анықталады. Алгоритмдік қатені шегеру үшін, алгоритмді анализдеу қажет және оның орындалуын қолмен айналдыру керек .
Өңдеу Delphі-дің интегралды аймағы, онда орындату-бағдарламалау-шының бағдарламалаудағы қатені іздеу және шегеру үшін өте мықты затпен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның трассировкасын орындау, айнымалылар мәнін бақылауға, бағдарламамен шығарылатын мәліметтерді тексеруге мүмкіншілік береді.
Delphі терминологиясындағы жоба түсінігі - бұл орындалатын файл жасау үшін компилятор қолданатын файлдар жиынтығы. Жобаға, жоба файлы және бір немесе бірнеше модуль файлдары (Unіt-модуль) кіреді. Жоба файлы . dpr кеңейтуіне ие және жобаның жалпы сипаттауынан тұрады. Жобаның модульдер файлы . pas кеңейтуіне ие немесе процедуралар, функциялар текстінен, түрлер сипаттамасы және компиляторға орындалатын бағдарлама жасау үшін керекті ақпараттардан тұрады.
1. 4 Дерек қорды құру
1. 4. 1. ДҚ құрылымы
Түрлі ұйымдар жақсы функционалдау үшін, автоматты түрде деректерді басқаруды, өңдеуді және жинауды іске асыратын, дамыған ақпараттық жүйенің бар болуын талап етеді.
Деректер банкісі болып табылатын ақпараттық жүйелердің жаңашыл формасының құрамында:
- Есептеу жүйесі;
- Дерек қорды басқару жүйесі (ДҚБЖ) ;
- Бір немесе бірнеше дерек қор (ДҚ) ;
- Қосымша программалар жинағы (ДҚ қосымшалары) болу керек.
ДҚ ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, деректерге тез және ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді. Бұл анықталған ережелер бойынша ұйымдастырылған түрлі сипаттамасы бар деректер жиынтығы болып табылады. ДҚ-да ақпарат:
- қарама-қайшылықсыз;
- артықтықсыз;
- бүтін болу керек.
Дерек қорларды басқару жүйесі (ДҚБЖ) - бұл ДҚ-ды құру, пайдалану үшін арналған программалық құралдар және тілдер жиынтығы болып табылады. Қолдану сипатына қарай ДҚБЖ персоналды және көппайдаланушы болып бөлінеді. Персоналды ДҚБЖ, бір компьютерде жұмыс істейтін ауқымды ДҚ құруға мүмкіндік береді. Персоналды ДҚБЖ-ға Paradox, FoxPro, Access және т. б. жатады.
Көппайдаланушы ДҚБЖ-лар, “клиент-сервер” архитектурада функционалдайтын ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көппайдаланушы ДҚБЖ-ға Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQLServer, InterBase жатады.
Жаңашыл ДҚБЖ тілдік құралдар құрамына төмендегілер кіреді:
- Деректердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған деректерді сипаттау тілі;
- Деректермен негізгі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін - деректерді басқару тілі;
- Алыстатылған ДҚ-ға қатынауға стандартты құралы болып табылатын, деректерді басқаруды және ДҚ құрылымын басқаруды қамтамасыз ететін - құрылымдандырылған сұраныстар тілі SQL (Structured Query Language) ;
- ДҚ-ға сұраныстарды визуалды түрде құрастыруды қамтамасыз ететін - үлгі бойынша сұраныстар тілі (QBE - Query By Example) .
Қолданбалы программалар немесе қосымшалар, ДҚ-дағы деректерді өңдеу үшін арналған. Пайдаланушы ДҚ басқаруын және оның деректерімен жұмысын осы қосымшалар арқылы іске асырады.
1. 4. 2 ДҚ-ларды ұйымдастыру
ДҚ-да кез келген қосымша ақпараттық жүйемен пайдаланылатын деректер бар. Деректердің ұйымдасу түріне байланысты, қорда деректер көрінісінің негізгі модельдері төменде көрсетілген:
- иерархиялық;
- желілік;
- реляциялық;
- объектті-бағытталған.
Иерархиялық модельде деректер ағаш тәрізді құрылым түрінде көрсетілген. Мұндай деректердің ұйымдастырылуы иерархиялы түрде реттелген ақпаратпен жұмыс істеуге ыңғайлы. Бірақ, күрделі логикалық байланыстары бар деректермен жұмыс істегенде, иерархиялық модель өте қиын болып табылады.
Желілік модельде деректер еркін граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшіліктері бұл құрылымның қаттылығы және оның іске асырудың жоғары күрделілігі.
Сонымен қатар, деректердің құрылымы ДҚ-ды жобалау кезеңінде беріледі және деректерге қатынауды ұйымдастыру кезінде өзгертуге болмайтыны иерархиялық және желілік модельдердің едәуір кемшілігі болып табылады.
Объектілі-бағытталған модельде (ОБМ) ДҚ-дың бөлек жазбалары объектілер түрінде көрсетіледі. ДҚ-лардың жазбалары және оларды өңдеу функциялары арасында механизімдер арқылы өзара байланыс орнатылады. ОБМ-дер желілік және реляциялық модельдердің ерекшеліктерін үйлестіріп, деректер құрылымы күрделі болатын ірі ДҚ-ды құру үшін қолданылады.
Реляциялық модель өзінің атын ағылшын “relation” терминінен алды және 70-шы жылдары IBM фирмасының қызметкері Эдгар Коддпен ұсынылды. Реляциялық ДҚ, қатынастармен байланысқан кестелер жиынтығы болып табылады. Реляциялық модельдің артықшылықтары - бұл қарапайымдылығы, құрылымның иілгіштігі, компьютерде іске асыру ыңғайлылығы және теориялық сипаттауының бар болуы. Персоналды компьютерлер үшін көптеген жаңашыл ДҚ-лар реляциялық болып табылады.
1. 4. 3 Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі
Ақпараттық жүйе - ұйымның ішінде ақпаратты жинауға, түзетуге және таратуға мүмкіндік беретін ресурстар.
70-шы жылдардан бастап, ұйымдардың ақпараттық жүйелердің инфрақұрылымының бөлігі ретінде қолданылған файлдық жүйелердің орнына дерек қор жүйелері біртіндеп келді. Әдеттегі компьютерленген ақпараттық жүйенің құрамында мынадай компоненттері болады:
- дерек қор;
- дерек қордың бағдарламалық қамтамасы;
- қолданбалық бағдарламалық қамтама;
- ақпараттық қамтама, сонымен бірге сақтау құралы;
- осы жүйені құрастыратын және пайдаланатын персонал.
Дерек қор ақпараттық жүйелердің фундаментальды компоненті болып табылатындықтан, ұйымның ақпараттық жүйенің өмірлік циклі, оны қолдайтын дерек қор жүйенің өмірлік циклмен байланысты болады. Әдетте, ақпараттық жүйенің өмірлік циклі бірнеше кезеңдерден тұрады: жоспарлау, жинау және талаптарды талдау, жобалау (дерек қорды жобалауды қосқанда), прототипті құру, іске асыру, тестілеу.
1. 4. 4 Дерек қор қосымшасының өмірлік циклі
ДҚ жүйесі, ұйымның ақпараттық жүйенің негізгі компоненті болғандықтан, дерек қор қосымшаның өмірлік циклі ақпараттық жүйенің өмірлік циклімен тығыз байланысқан. ДҚ қосымшаның өмірлік циклі 6-суретте көрсетілген.
Мұнда кезеңдер қатал тізбекті болып табылмайды, олардың құрамында кері байланыс циклдер (feedback loop) түріндегі бірнеше алғашқы қадамдардың қайталану саны бар. Мысалы, дерек қорды жобалау кезінде мәселелер пайда болуы мүмкін және оларды шешу үшін, талаптарды жинау және талдау кезеңіне қайту керек болуы мүмкін. Кері байланыс циклдары кез келген кезеңдердің арасында болуы мүмкін, бірақ мұнда жиі кездесетіні ғана көрсетілген.
Төменде ДҚ өмірлік циклінің әр кезеңінде орындалатын негізгі әрекеттер көрсетілген:
- ДҚ құрастыруын жоспарлау. Жүйенің өмірлік цикл кезеңдерін жүзеге асырудың ең тиімді әдісін жоспарлау. ДҚ-ды құрастыруды жоспарлаудың мақсаты, негізгі үш компоненттерді: талап етілетін жұмыс мөлшері, қажетті ресурстрарды және жобаның жалпы құнын анықтау болып табылады. ДҚ құрастыруды жоспарлау ұйымның ақпараттық жүйесін құруды жалпы стратегиясымен байланысты болу керек. Бұл стратегияның мәні төмендегі есептерді шешуде:бизнес жоспарларды және ұйымның мақсаттарын анықтауда және оның кейінгі ақпараттық технологияларда қажеттіліктерін анықтауда; бар ақпараттық жүйелердің көрсеткіштерін бағалау. Мұның мақсаты - оның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін; бәсекелесу қабілетігі қасиетіне жету үшін, ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін бағалау.
... жалғасыДҚ өңдеуін жоспарлауын қолдау үшін деректердің корпоративтік моделі құрылуы мүмкін. Ол өте маңызды деректерді және олардың арасындағы байланыстарды көрсетеді, ұйымның түрлі функционалдық сфераларға қатынасын көрсетеді.
Сонымен қатар, ДҚ өңдеуін жоспарлау, деректерді жинау қалай асырылатыны, олардың форматы қандай болатынын, қандай құжаттар керек болатынын және қосымшаларды жүзеге асыру және жоспарлау қалай орындалатыны сияқты стандарттарды өңдеуін өзіне қосу керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz