Еңбек рыногы және оның элементi – жұмыссыздық


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 3

I ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТI - ЖҰМЫССЫЗДЫҚ . . . 5
  1. Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы . . . 5
  2. Жұмыссыздық және оның әлеуметтiк экономикалық мәнi . . . 8
  3. Жалақы экономикалық активтi халықтың өзгерiсiне тiкеелй әсер етушi ретiнде . . . 12

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСI . . . 18

2. 1 Жұмыссыздық формалары және оның экономикаға тигiзер әсерлерi . . . 18

2. 2 Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесi және халықты жұмыспен

қамту . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

КIРIСПЕ

Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.

Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала.

Еңбек рыногы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдiк бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бiр-бiрiне әсер етуiмен сипатталады. Кәсiпкерлер мен еңбекке қабiлеттi адамдар рыноктың агенттерi, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмi арқылы экономикалық агенттердiң арасындағы бәсекелестiктiң нәтижесiнде жұмыспен қамтудың белгiлi көлемi және еңбек төлемi дәрежесi орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Осы еңбек рыногында тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына байланысты болады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмыспен қамту” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын ашып және жұмыссыздықтың елiмiз экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру.

Менiң бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып табылады:

  • Еңбек және еңбек рыногының экономикалық мәнiн ашу, шетелдiк еңбек рыногы үлгiлерiн талдау;
  • Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
  • Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-жақты талдау;
  • Жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
  • Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн қарастыру;
  • Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
  • Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың өзiндiк ерекшелiгiн қарастыру;
  • Елiмiз тарапынан жұмыссыздықпен күресудiң негiзгi шараларын және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау.

Яғни, жоғарыда аталған мiндеттердi орындай отырып олардың ұлттық экономикамыздың тұрақты және тиiмдi болып дамуындағы негiзгi бағыттарын анықтап, оларды iске асыру бүгiнгi күн тәртiбiндегi негiзгi мәселелерiнiң бiрi.

I ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТI - ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
  1. Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.

Еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн алады. Еңбек рыногында жұмыс күшi бiр жағынан сатылады, ал екiншi жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күшi деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күшi дегенiмiз адамның физикалық және ой қабiлетi, осы қабiлетiн ол материалдық және рухани игiлiктердi өндiруге пайдаланады. “Жұмыс күшi” деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс iстеп жүргендердiң нақтылы еңбекте пайдаланатын қабiлеттерi. Жұмыс күшiнiң еңбекке деген қабiлетi әр түрлi болады, алайда еңбек кезiнде оның барлығы бiрдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшiнiң нақтылы еңбекке қажет қабiлеттерi бағаланады, белгiлi кәсiп жасауға жұмсалынған жұмыс iстеу қабiлеттерi өмiрге, тiршiлiкке қажет заттарға айырбсталады. Демек, еңбек рыногы дегенiмiз “жұмыс iстеп жүрген” жұмыс күшi рыногы.

Еңбек рыногы пайда болуы және iск кiрiсуi үшiн ең кем дегенде оның құрылымында мына бөлiктер болуы қажет:

  • Еңбек рыногының субъектiлерi (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсiподағы, жұмыс берушiлер, яғни фирмалар; мемлекет және оның органдары) ;
  • Рынок механизмi (жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестiк) ;
  • Субъектiлер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешiмдер мен заң нормалары;
  • Жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтiк төлемдер;
  • Рынок инфрақұрылымы.

Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөлiктерi бiрлесiп жұмыс күшiне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестiруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрiн еркiн таңдау құқығын iс жүзiнде асыруға, белгiлi әлеуметтiк қорғау жүйесiн құруға бағытталады.

Еңбек рыногының екi түрiн көрсетуге болады:

  • Бiрiншiсi жұмыс күшiнiң территория жүзiнде жылжуға бейiмделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Мұндай рыноктысыртқы рынокдеп атайды.
  • Екiншiсi еңбеккерлердiң фирма iшiнде жылжуына бейiмделген. Бұл рынокты кейдеiшкi рынокдеп атайды.

Еңбек рыногының қызметтерi қоғам өмiрiндегi еңбектiң ролiмен белгiленедi, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың негiзiгi көзi. Экономикалық тұрғыдан еңбек - маңызды өндiрiстiк фактор. Осыған сәйкес еңбек рыногының екi негiзгi қызметi айқындалады:

  • Әлеуметтiк функция, яғни адамдардың жалақысы мен тұрмыс жағдайының жақсы деңгейiн және жұмысшының өндiрiстiк қабiлетiнiң тиiмдi дәрежеде ұдайы өндiруiн қамтамасыз ету.
  • Экономикалық функция, оған еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Сондай-ақ еңбек рыногы ынталандырушы функциялар атқарады, олар бәсекелестiк қабiлеттiң күшеюiне, еңбекке ынтаның өсуiне, мамандардың жоғарылауына мүмкiндiк беру болып табылады.

Бәсекелестiк еңбек рыногында еңбекке сұраныс қисығы терiс ылдилы болады, яғни жалақының мөлшерi өскен сайын кәсiпорындардың еңбекке деген сұранысы төмендей бередi. Ал еңбек ұсынысы жалақы өсуiне тура пропорционал болады, яғни жалақы мөлшерi өскен сайын еңбек ұсынысы да өсiп отырады.

Еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысы әр түрлi факторлар әсерiнен қалыптасады: қалыптасқан баға деңгейi, шығындар, жалақы, жұмысшылар саны, салықтық, заңнамалық жүйе, кәсiподақтар қызметi, қызметкерлердiң мамандану дәрежесi және т. б.

Әдетте, еңбек рыногының үш моделiн атайды: американдық, жапондық және шведтiк.

Американдық моделiне экономиканың бәсекелестiк жағдайы қолдау саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсiпкерлер белсендiлiкке және қызметкерлердi жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән. Қызметкерлер кәсiпорындар арасында жиi алмасады, оқу орындарында кәсiптiк даяорлау толық болады, кәсiпорындар өндiрiстiк оқуға кететiн шығынды азайтуға тырысады. Осындай саясаттың нәтижесiнде қызметкерлердiң территориялық және кәсiптiк жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейi басқа елдермен салыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сыртқы рынок басым екенiн көрсетедi.

Жапондық моделдiң ерекше бiр сипаты - “өмiр бойына жалдану жүйесiнiң” орын тебуi, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етiлуiне кепiлдеме алады. Мұндай жүйенi кәсiподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен қарайды. Жапонияда кәсiподақтар кәсiпорындар iшiнде құрылады және қызмет iстейдi. Фирма қызметкерлердiң кәсiптiк дайындау мен бiлiктiлiгiн жоғарлатумен шұғылданады, олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын тәрбиелейдi. Өз ойымен қызметкердi бiр жұмыс орнынан екiншiсiне, бiр бөлiмнен басқасына ауыстырып тұрады. Мұндай еңбек рыногын жабық iшкi рынок деп сипаттайды. Жапондық моделде фирма басшыларының қызметкерлерге жақсы қамқорлықпен қарауы, олардың өндiрiстен тыс өмiрiне көңiл бөлуi және де фирманың жан-жақты қызметiне еңбеккерлердiң құштарлығы сипаттайды. Бiрақ бұл модел кейiнгi кездерде экономикалық дағдарыстар болуына байланысты өзгертiлiп жатыр, тұрақты жұмыспен қамтылатын адамдар саны азаюда.

Шведтiк моделдiң ерекшелiгi мемлекеттiң белсендi түрде жұмыспен қамтамасыз ету саясаты жүргiзуi. Мемлекет органдары қызметкерлердi кәсiптiк дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс iздеп жүргендердi бос жұмыс орнын табу үшiн кәсiптiк бейiмдеу және мәлiмет беру, жаңа жқмыс орнына жету үшiн жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға көп көңiл бөледi. Мемлекет әлеуметтiк қызметтердi қажет ететiн секторларда жұмыспен қамту мәселесiне етекше көңiл бөлiнедi. Сондықтан елде жұмыс күшiне деген сұраныс және жұмыспен қамту мәслелерiнiң шешiлуi жоғары деңгейде болып отыр.

  1. Жұмыссыздық және оның әлеуметтiк - экономикалық мәнi

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады.

Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер ететiн факторлар және т. б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам қылықтарына өзгешелiктер ендi.

Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол қазiргi жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсендi халықтың бiр бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ, жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген адам танылады.

Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi.

u = U / L = U / U+E

Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай дегендi бiлдiредi.

Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.

Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1.

Жұмыссыздық N S

W 1 A B

E

W E

N d

N a N E N b N

Сурет-1 - Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы N d мен еңбек ұсынысы қисығы N S қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес W E нақты жалақының және N E жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W 1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде N b - N a мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.

Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше категорияға бөлiнедi.

Еңбекке қабiлеттi адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т. б. институттар кiредi.

Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.

Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады. Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн адамдарға жатады.

Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы сипатталады:

  • Институционалдық емес адамдар;
  • Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
  • Жұмыссыздар саны;
  • Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.

Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:

  • Жұмысшы күшiнiң саны ЧРС= ЧЗ+ЧБ;
  • Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi ЧЗ= ЧЗ/ЧИН;
  • Халықтың жұмыссыздық дәрежесi УБ= ЧБ/ (ЧЗ+ЧБ) ;
  • Жұмыссыздықтың нормасы NБ= ЧБ/ (ЧЗ+ЧБ) * 100%;

Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық, этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.

Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын сипаттайды.

Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж. Кейнс амалсыз жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нолге тең.

Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.

Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi. Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады. Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс iстейтiн адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi. Егерде азамат жаңа жұмысқа кiрудi күтiп жұмыс iстемесе және жұмыстан уақытша босатылса немесе жұмыс iздеп жүрсе онда ол жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екi санатқа жатпайтын адамдар (студенттер және үй шаруашылығындағы әйелдер) жұмыс күшi құрамына кiрмейдi, iздемейдi және жаңа жұмысқа кiрудi күтпейдi.

Жұмыс күшi - жұмыссыздар мен жұмыс iстейтiндердiң жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс күшiнiң жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түрiнде анықталуы.

Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активтi халық деген негiзi ұғым қолданылады. Ол дегенiмiз еңбек рыногында еңбек жасына келген және еңбекке қабiлеттi, жұмыс iстегiсi келетiн адамдар саны.

Мысалы, елiмiзде 2000 жылдан бастап экоонмикалық активтi халықтың саны күннен-күнге өсуде, оған себепшi болып отырған экономиканың тұрақтануы, өндiрiс орындарының ашылуы, жалақының жоғарлап, оның тұрақты болуы, халықтың бiлiм және мамандану деңгейiнiң өсуi, демографиялық өсуге бет алғанымыз және т. б. жағдайлар себеп болып отыр.

Экономикалық активтi халықтың өсу динамикасын келесi 2-шi суреттен көруге болады.

Биылғы 2004 жылы экономикалық активтi халық 7, 9 млн. адамға жеттi, өткен жылмен салыстырғанда 13, 4% өстi, солардың iшiнде жұмыспен қамтылғандары 7, 2 млн. адам.

Суреттен көрiп отырғанымыздай, елiмiзде соңғы жылдары жыл санап өндiрiстiң дамуымен және шаруашылық құрылымдарының саны өсуiмен экономикалық активтi халық өсуде, ал оның есесiне елiмiзде жұмыссыздықдың деңгейi жылдан - жылға кемуде.

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Сурет-2 - Экономикалық активтi халық

Сондай-ақ экономикалық активтi халықтардың жұмыспен қамтылу дәрежесiн келесi 3-шi суреттен көруге болады.

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

3-шi суреттен көрiп отырғанымыздай елiмiздiң экономикасының өсуiне байланысты, активтi халықтар iшiндегi жұмыспен қамтылған халықтың саны өсiп, жұмыссыздық деңгейiнiң азаюына себеп болуда.

1. 3 Жалақы экономикалық активтi халықтың өзгерiсiне тiкеелй әсер етушi ретiнде

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшiлiгiн құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлемiне және олардың бағасына елеулi ықпал етедi. Экономикалық теорияда жалақының екi мағынасы бар. Бiрiншiсiнде, жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесi мен динамикасы рыноктық факторлар - сұраныс және ұсыныспен анықталады. Екiншi мәнi жалақы жұмыс күшi - тауардың құнының ақшалай көрiнiсi, еңбектiң бағасы емес, өйткенi еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндiрiс жағдайымен де, сұраныс және ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының ұмыс күшi құнынан бiрде жоғары, бiрде төмен болатындығын көрсетедi.

Жалпы жалақының экономикалық мәнi мен қызметтерi өте көп болып табылады. Себебi, жалақы деңгейi арқылы сол елдiң халқының тұрмыс деңгейiн, кәсiпоырндардың жағдайын, халықтың менталитетiн, тұтынушылардың талғамын, жұмыссыздық және жұмысбастыхалық деңгейiн көруге болады. Сондай-ақ жалақы ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, экономикалық активтi халықты көбейту, адамдардың мамандану дәрежесiнiң өсуi сияқты қызметтер атқарады.

Жалақы жөнiндегi саясат кәсiпорында басқарудың құрамды бөлiгi болып табылады және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi оған елеулi ықпал етедi. Себебi, еңбек ақы жұмыс күшiн тиiмдi пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бiрi.

Жалақы бұл - жұмыскерге оның еңбегi үшiн сапасына, санына және шығарған қажеттiөнiм көлемiне сәйкес берiлетiн төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажеттi өнiмнiң құнына тең және оның ақшалай түрi болып табылады.

Жұмыс күшi құны қызметкердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:

  • жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны;
  • оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
  • оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні
Еңбек рыногы теориясы және қызмет мехзанизмі
Еңбекке сұраныс қисығы
Еңбек нарығы және жұмыссыздық туралы
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы
Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz