Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІКәсіпкерлік түсінігі және оны ұйымдастыру қажеттілігі . . . 7Жеке кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орыны . . . 18Жеке кәсіпкерлікті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 24

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 Республикадағы жеке кәсіпкерліктің даму барысын талдау . . . 31

2. 2 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен механизмдері . . . 44

2. 3 Кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы механизмдерін талдау . . . 52

3. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстандағы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары . . . 63

3. 2 Жеке кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары . . . 76

3. 3 Жеке кәсіпкерліктің тиімділігін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар . . . 84

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 96

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 99

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Кәсіпкерліік - нарықтық қоғамның перзенті. Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресінде атап көрсеткеніндей, ол күресе жүріп шыңдалды, халық алдындағы перзенттік борышын абыроймен ақтап келеді. Бұл қозғалыстың бұқаралық сипат алып, экономиканы өркендетуге үлес қосуы ішкі жалпы өнімнің 25 пайызы кәсіпкерлердің үлесінде екендігімен айқындалады. Сондықтан қазіргі өркениетті қоғамның экономикалық құрылымдық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі кәсіпкерлік болып саналады.

Мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде кәсіпкерлікті орнықты дамыту - ең үлкен міндеттердің бірі. Елбасы: «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жолға түсуін көрсететін кәсіпкерлер. Кез-келген экономикалық инициатива төменнен қолдау тапқанда ғана берекелі болады. Қазір алдымызда республика экономикасын дамыту туралы жаңа кәсіпорындар ашу ғана емес, оларда инновациялық, технологиялық негізде дүниежүзілік бәсекеге төтеп бере алатын жаңа өнімдер шығару міндеті тұр» - деп атап көрсетті [3] . Мемлекет экономиканың негізі ретінде кәсіпкерліктен үлкен үміт күтеді. Сондықтан да кәсіпкерлік экономиканың локомативіне айналуы тиіс. Кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Әрине, кәсіпкерлік экономиканың белсенді бір саласына айналуы үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуі қажет. Кәсіпкерліктің ел экономикасының дамуында барған сайын рөлінің күшейе түсуі оған назарды күшейтпесе, бәсеңдетуге болмайтындығын көрсетеді.

Қазақстанның таяу жылдары бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес кәсіпкерлікті экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналдыру қажет. Тәуелсіздігіміз баянды болып, еліміз дербес даму жолына түскелі жеке кәсіпкерлік мемлекетіміздің айрықша қолдауына ие болып, өз жемісін бере бастады. Дегенмен де шешімін таппаған, шешілуі кәсіпкерліктің өркендеуіне зор ықпалын тигізетін мәселелер әлі де болса жетерлік. Сондықтан да осы мәселенің мән - жайы мен шешу жолдарын қарастыру ең өзекті ізденістердің бірі болып табылады. Диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдағанда осы мәселеге басты назар аударған едік.

Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде мынадай еркшеліктеріне көңіл бөлу қажет: айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; қайта өндеу өнеркәсібінің нашар дамуы; импортқа тәуелділігі; инфрақұрылымының нашар дамуы; аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Міне, осы мәселелердің оң шешімін табуы кәсіпкерлік қызметтің дамуымен тығыз байланысты. Себебі, кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етіп және өндірістің дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде әсерін тигізе алады. Осыған байланысты мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мен қорғау тек кәсіпкерлікті ғана дамытып қоймай, сонымен қатар экономиканың қарқынды дамытуға қосар үлесі де аз болмайды. Осыған орай кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселесі ерекше маңызға ие болып, дамудың қазіргі сатысында өзекті мәселеге айналып отыр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Экономиканың түрлі салаларында кәсіпкерліктің дамуы, қалыптасуы және қызмет ету мәселелері мен сұрақтарын зерттеген шетелдік және отандық ғалым-экономистер, атап айтқанда: Смит А, Маршалл А, Бодо К, Бусугин А. Е, Кантильон Р, Маккеланд Д, Мұхамеджанова Б. Ғ, Кубаев К. Е., Мұхтарова К. С., Жатканбаев Е. Б., Саханова А. Н. және т. б.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін саралау және соның негізінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа бағыттарын ұсыну болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • жеке кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясын сипаттау;
  • ел экономикасының даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер негізінде жеке кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орнын анықтау;
  • Қазақстандағы жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен қазіргі жағдайын зерттеу;
  • ҚР-дағы жеке кәсікерліктің даму үрдістерін айқындау;
  • ҚР-дағы жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы проблемаларды анықтау;
  • шет ел тәжірибесін сараптау арқылы оның Қазақстан ерекшеліктеріне сай келетін жақтарын қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

Осы міндеттерді шешу үшін диссертациялық жұмысты жазу барысында Казақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын көптеген статистикалық мәліметтерге сараптау жасалынып, солардың негізінде жеке кәсіпкерліктің даму барысы айқындалды. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты көптеген әдебиет көздерін саралау жеке кәсіпкерліктің экономикадағы алатын орыны мен рөлін нақтылай түсуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерліктің шетелдік тәжірибесін зерделеу арқылы оның мүмкін болатын тұстарын Қазақстанда қолдану жолдары көрсетілді. Ең бастысы осылардың барлығын жинақтай отырып, жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрстеудің жолдары мен бағыттары айқындалды.

Зерттеу пәні жеке кәсіпкерлікті мемлекетті қолдау механизмдері мен құралдары, олардың жеке кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету мәселелері болып табылады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы экономикалық дамудың қазіргі сатысында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің жаңа механизмдерін мен құралдарын ұсыну болып табылады.

Зерттеу үрдісінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- жеке кәсіпкерліктің даму кезеңдеріне салыстырмалы талдау жасау негізінде жеке кәсіпкерлік түсінігі ғылыми тұрғыдан негізделді;

- жеке кәсіпкерліктің ел экономикасындағы алатын орнына сәйкес оның экономикалық және құқықтық табиғаты айқындалды;

- жеке кәсіпкерліктің қазіргі даму барысын талдау арқылы оның болашақ даму бағыттары айқындалды;

- жеке кәсіпкерліктің өркендеуіне негіз болатын экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық мәселелер анықталынды;

- жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін проблемалар анықталып, оларды жоюдың жолдары белгіленді;

- шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде оның ел ерекшелігіне сәйкес келетін тұстары анықталып, оны қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі танымал экономист-ғалымдардың еңбектерінде баяндалған кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту мәселелері жөніндегі пайымдаулар мен қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенеді. Сонымен қатар кәсіпкерліктің даму теориялары жөніндегі танымал ғалымдардың ғылыми еңбектері, ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары, ғылыми және қолданбалы зерттеу жұмыстары, шетелдік авторлардың, отандық экономистердің монографиялары, оқу құралдары, сонымен қатар, заңды және нормативті-құқықтық актілер, статистикалық жинақтар, құжатты материалдар құрайды.

Диссертациялық жұмысты жазу барысында әр түрлі экономикалық зерттеу әдістері қолданылды: талдау және синтез әдістері, салыстырмалы және факторлық талдау тәсілдері, бағалау, жүйелілік талдау әдістері, логикалық және статистикалық тәсілдер.

Зерттеудің ақпараттық негізін ҚР-ның статистика бойынша Ұлттық агенттігінің материалдары, ҚР Заңдары мен нормативті - құқтық актілері, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетендері, мерзімді басылымдар, сонымен қатар ресми веб-сайттардың мәліметтері құрайды.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы диссертациялық зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен ұсыныстар алдағы кезеңде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік түрлерін нығайта түсу үшін қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижесінің сыналуы . Магистірлік диссертация тақырыбы бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 98 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 15 кестеден, 10 суреттен тұрады.

Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде жеке кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы қажеттілігі мен экономикалық мәні ашылған. Сонымен қатар жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері де осы бөлімге арқау болған. Мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерліктің дамуын құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету мәселесі де жұмыстың осы бірінші бөлімінде қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қазіргі даму барысына статистикалық мәліметтер негізінде саралау жүргізілген. Осы бөлімде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен механизмдерінің қазіргі жағдайына сипаттама берілген.

Жұмыстың үшінші бөлімінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар кешені қарастырылады. Ал жұмыстың қорытынды бөлімінде автордың өзіндік тұжырымдары мен ұсыныстары келтірілген.

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж. ) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж. ) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам» [5] .

Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж. ) Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелдік жағдайында табыс алу мақсамен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Кәсіпкерлік - наваторлық іс. Нағыз кіспкер - ол өнертапқыш.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабылеттілігі, бірақ бизнеске қатынастардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:

  1. белгілі бір істің түрі
  2. сол іспен шұғылданатын нақты қоғамдық тап

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі сітей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Оның ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық ынталылық;
  • Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік
  • Жаңашылдық

Кәсіпкерлік экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынуша бүгінгі күнне бастап оған ақша төлейге дайын. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көр тараған бірқалыпиы жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады. Мұндай бойынша төлемді мерзімді уақыт өтеннен кейін келісілген бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынадай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.

Ал «бизнес» ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж. ж. ) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан [2] .

Егер «бизнес» терминнің эволюциясының қалай қалыптасқан қарастыратын болсақ; 1723ж. Парижде басылып шыққан « Коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «объектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған [4] .

Кесте - 1 - Кәсіпкер ұғымының эволюциясы*

Жыл
Автор
Түсінік
Жыл: 1725ж.
Автор: Р. Кантильон:
Түсінік: кәсіпкер -ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам
Жыл: 1776ж.
Автор: А Смит
Түсінік: бизнес - кәсіпорының меншік иесі
Жыл: 1797ж
Автор: К. Бодо
Түсінік: кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам
Жыл: 1803ж.
Автор: Ж. Б. Сэй
Түсінік: бизнес- екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдық тәуекел жағдайындағы шағармашылық үйлесуі;
Жыл: 1876ж.
Автор: Ф. Уокер
Түсінік: кәсіпкер - ол өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігімен пайда табатын адам
Жыл: 1934ж.
Автор: И. Шумпетер
Түсінік: кәсіпкер- инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар
Жыл: 1964ж
Автор: П. Друкер
Түсінік: кәсіпкер- белгілі бір мүмкіндіктерден мейілінше көп пайда түсіретін адам
Жыл: 1975ж.
Автор: А. Шапиро
Түсінік: кәсіпкер-ол әлеуметтік -экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы

* Автормен құрастырылған

Кең мағынада категорилық талдау (грекше «kategoria» - айту, белгі) - бұл нақты шындықты тану тәсілі, атап айтқанда, зерттелетін объектілердің әртүрлі жақтарын туындататын нақты-ғылыми категориялар түріндегі элементтері бар «бизнестің» экономикалық қызметін тану тәсілі.

Қазіргі түсінікте бизнес іскер адамдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың табиғи игіліктерді шығару, өнімдер өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда табу немесе қандай-да бір материалдық пайда алу мақсатындағы ісі және басқа қызмет түрі.

Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін әрекет немесе басқа да қызмет «хобби», мейірімділік қызметтер, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыларды сыйға тарту және беру, жай уақыт өткізу ретінде қабылдануы мүмкін.

«Бизнес» ұғымымен «кәсіпкерлік» түсінігі тығыз байланысты. Көп жағдайда оларды синонимдер ретінде қолданады, бірақ ол дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұнының көптеген айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік жаңа өнім түрлерін, жұмыстар мен қызметтерді жасау және игеру үшін мүмкіндіктер іздеу мен жүзеге асыруға, тәуекелге байланысты жаңашыл, творчестволық және ынталы шаруашылық қызмет деп түсіндіріледі. Барлық жаңаны іздейтін, басқалар жасамаған немесе басқаша жасайтын іскер адамдар кәсіпкерлер болып саналады.

Творчество, іздену және қызметтің жаңа тиімді бағыттарын жүзеге асыру - міне осы негізгі белгілер кәсіпкерліктің бизнестен айырмашылығы. Ал «бизнес» термині болса, жалғыз мақсаты табыс табу немесе материалдық пайда алу болып табылатын кез-келген үздіксіз немесе кәдімгі қызметті анықтау үшін қолданылады [1] . Дегенмен, бұл жағдайлар кәсіпкерлік негізінде іске асырылатын бизнес тәрізді жеткілікті түрде кеңінен таралған жағдайды шектемейді, керісінше, көздеген мақсаттарға тез жету, ірі жетістіктер мен жоғары табысты көздейді.

Категориялық талдау «бизнес» түсінігі «кәсіпкерлік» түсінігінен тек мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың құрамы бойынша да кең екендігін көрсетеді. ¤йткені ол нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және бизнесмендердің ғана емес, сол сияқты тұтынушылардың да, серіктестердің де, жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және басқа да құрылымдардың да әрекетін қамтиды. Бизнесті категориялық талдаудың негізгі мақсаты қоршаған ортаны жан-жақты зерттеу, экономикалық әлеуетті бағалау және оның барлық қатысушыларының қызметінің тиімділгін арттыру мүмкіндіктерін көрсету блоып табылады. Мұнда бизнесті танып-білудің капитал, жер, өндіріс құралдары, табыс, шығындар, қуаттылық, өнімділік, тиімділік, модель, фактор, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекел, инвестициялар, қаржылар, пайыз, ставка, девередж, опцион, дисконт және т. б маңызды категориялар қолданылады [6] .

Өз ісін әр түрлі ұйымдық нысандарда, жеке және кіші кәсіпорындардан бастап трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен қауымдастықтар түрінде кез-келген адам, топ, ұжым және басқа да адамдардың бірлестіктері бастай алады. Олардың жалпы ұмтылысы - бұл бизнестің барлық қатысушыларының лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететіндей табыстар, материалдық игіліктер мен басқа да пайдалар алу.

Бизнестің мақсаты оның сипатына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Категориялық талдау олардың ішіндегі ең маңыздыларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

  • тұрақты табыстар мен материалдық игіліктер алу;
  • бизнесті дамыту үшін капитал жинау;
  • бизнеске қатысушылардың жеке мүдделерін ескере отырып, қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырудың резервтерін іздестіру;
  • ықпал ету өрісін кеңейту және нарықтағы озық позицияларды иелену;
  • өнімдерді өндіру мен сатудың, жұмыстар мен қызметтердің оңтайлы жағдайларын жасау;
  • бизнеске қатысушылардың мүдделерін сақтау және қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • бизнеске қатысушылардың қабілеттерін көрсетуге ықпал ету;
  • әлеуметтік-экономикалық қызметтің әр түрлі сфераларында табысқа жету;
  • бизнес проблемаларын шешуде творчестволық тәсілдерді дамыту;
  • тұрақты түрде пайда, табыс және материалдық игіліктер алуға деген үмітті арттыру

Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене отырып, оның міндеттері қойылады және оның жағдайын кешенді талдау мен экономикалық бақылау әдістері анықталады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы түбегейлі оң өзгерістерге ұшырағанын да ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалдық-құндық талдаусыз және шаруашылық қызметтің барлық шығындары мен нәтижелерін өлшемей, бәсекелестік пен конъюнктура деңгейін, сұраныс, ұсыныс және баға арақатынасын ескере отырып нарық механизмдерін қолданусыз тиімді бизнес туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз .

Әр түрлі бөліктер мен элементтерден тұратын экономикалық жүйе ретіндегі бизнесті бақылауды кешенді тұрғыдан қарастырудың маңызы ерекше. Мұнда шаруашылық субъектілері қызметінің экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық жағдайларын қоса бизнестің макро-, мезо-, микроорталарының жағдайын арнаулы талдауға ерекше көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі деп экономикалық қызметтің жұмыс істеуінің жалпы тәртібіне әрқайсысы өз үлестерін қосатын, өзара байланысты бөліктер мен элементтерден тұратын белгілі бір тұтастықты айтамыз. Кешенді талдау мен экономикалық бақылау объектісі ретінде бизнес шаруашылық субъектілерінің іскерлік байланыстарының күрделі желісін білдіреді. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың әр түрлі элементтері мен оның инфрақұрылымы, жекелеген салалар, аймақтар мен ұдайы өндіріс процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық субъектілерінің іскерлік қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілері кіруі мүмкін.

Сонымен бір мезгілде бизнес оның белгілі бір қатысушыларының экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде көрінеді. Қазіргі бизнестің қатысушыларын 4 ірілендірілген топқа бөлуге болады [8] :

  1. Кәсіпкерлер - бұл өнімдерді өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі өзінің ынталы әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар. ¤зінің қызметі барысында олар басқа шаруашылық субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі. Нәтижесінде үш негізгі компонент: өнім өндіру, сауда (коммерция) және коммерциялық кәсіпкерлік кіретін кәсіпкерлік бизнес сферасы қалыптасады.
  2. Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бизнестің осы тобының қатысушыларының мүдделері өзара пайдалылық негізінде өнімді өндірушілермен және сатушылармен қарым-қатынастарын реттеу барысында тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Іскерлік мүдделері орындаған жұмыстарының нәтижесінде алынатын жеке табыстары арқылы жүзеге асырылатын жалдамалы персонал мен олардың кәсіби одақтары. Бұл топтың қатысушылары еңбек бизнесінің сферасын құрайды.
  4. Іскерлік келісімдердің тікелей қатысушылары болғандағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтас мемлекеттің, сондай-ақ оның барлық азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы көрінеді. Бұл топ мемлекеттік бизнес сферасын құрайды.

Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераны қоса, адамдар өмірінің әр түрлі жақтары бизнес объектісі болуы мүмкін. Қызмет сферасына байланысты, ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнес түрлерін ажыратады. Олар бизнестің жеке түрі бола отырып, өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтыруы мүмкін.

Өндірістік бизнес ел экономикасын дамытуда маңызды және анықтаушы мәнге ие. Бұл бизнестің ең күрделі және қиын түрлерінің бірі. Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде ТМД елдеріндегі көптеген кәспкерлер басым жағдайда бизнестің коммерциялық сферасына ұмтылды. Қоғамдағы экономикалық жағдайдың тұрақтануына қарай өндірістік бизнес кеңейе түседі және өзінінің негізгі орынын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын талдау
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Шағын бизнес субьектілері
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРБИЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz