Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
б
КІРІСПЕ 4
1 ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Жер бедері 5
1.2 Топырақ және өсімдік жамылғысы 6
1.3 Климаты 7
1.3.1 Ауа температурасы 7
1.3.2 Ауа ылғалдылығы 7
1.3.3 Жауын.шашын 8
1.3.4 Қар жамылғысы 9
1.3.5 Жел жылдамдығы 10
1.4 Гидрографиясы 10
1.4.1 Бекеттердің сипаттамасы 12
2 БЕТТІК АҒЫНДЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕНДЕРІНІҢ, УАҚЫТША СУАҒАРЛАРЫНЫҢ, КӨЛДЕРДІҢ СУ РЕЖИМІ 16
2.1 Қар қорлары 16
2.1.1 Еріген судың шығындалуы 17
2.1.2 Жаңбыр ағындысы 18
2.2 Өзендердегі су режимі 19
2.2.1 Көктемгі су тасу 19
2.2.2 Жазғы.күзгі сабалық кезең 21
2.2.3 Қысқы сабалық кезең 23
3 ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ 23
3.1 Тәжірибелік гидрологиялық зерттеулер 23
3.2 Есіл өзені алабында жүргізілген тұрақты зерттеулер 24
3.3 МГИ тәжірибелік гидрологиялық зерттеулері 26
4 ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЕҢ МОЛ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ 28
4.1 Ең мол ағындыны гидрологиялық бақылау қатары жеткіліксіз болған жағдайда анықтау 31
4.2 Ең жоғары су өтімі қатарларын қалпына келтіру 35
4.3 Есептік кезеңді таңдау 39
4.4 Ең мол ағынды қатарының біртектілігін бағалау 44
4.5 Ықтималдық үлестірім қисығының параметрлері 46
4.6 Жылдық ағындының статистикалық параметрлерін бақылау қатары жеткілікті болғанда анықтау 56
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

Дипломдық жұмыстың мақсаты – бақылау қатары жеткілікті болған жағдайда, ұқсас өзендердің бақылау деректері бойынша ең жоғары су өтімдері қатарын қалпына келтіріп, қалыпты ең мол ағындыны және басқа да гидрологиялық сипаттамаларды анықтау.
Дипломдық жұмыста Есіл өзені – Петропавл қаласы және ұқсас-бекеттер: Есіл өзені – Ақмола қаласы, Есіл өзені – Каменный селосы, Есіл өзені – Державинск ауылы, Есіл өзені – Сергеевка қаласы, Есіл өзені - Западное ауылы бойынша ең жоғары су өтімдері мәліметтері арқылы ұқсас-өзендер мен негізгі өзеннің арасындағы байланысты тауып, бақылау деректері жоқ жылдардағы ағындыны қалпына келтіріп, жылдық қалыпты ағындыны және вариация, ассиметрия коэффициенттерін анықтау керек. Сонымен қатар үлестірім қисығын тұрғызып, параметрлерін анықтау керек,
Есіл өзені – Петропавл қаласы Карстік теңіз алабына жатады. Өзен Қазақ Ұсақ шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Климатының басты белгісі: ауаның құрғақтығы, амплитудасының ауытқуы мен аз мөлшерлі жауын-шашыннан байқалатын шұғыл континенталдылығы. Қарастырылып отырған аумақтың орташа жылдық ауа температурасының жыл ішінде жүруі қысқы уақыттағы тұрақты аяз бен көктемдегі жылудың қарқынды өсуімен және созылыңқы, жазғы уақыттағы ыстықпен сипатталады. Жер бедерінің салыстырмалы жазықтығы, аумақтың шығу тегі әртүрлі ауа массаларының енуіне кедергілердің болмауы жел әрекетінің қарқындылығына жақсы жағдай жасайды. Қарастырылған аумақтың ылғалдылығы жеткіліксіз. Жауын-шашын мөлшері бірқалыпсыз таралған.

1. Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель. Акмолинская область Казахской ССР. Выпуск 1. – Л.: Гидрометеоздат, 1959.;
2. Чеботарев А.И. Общая гидрология.– Л.: Гидрометеоиздат, 1975. – 544.;
3. Гидрологический ежегодник бассейн реки Есил
4. Гальперин Р.И., Молдахметов М.М. Материалы по гидрографии Казахстана. Часть 4. Бассейн реки Сарысу (Гидрография, водные ресурсы). А.: Казак университетi, 2003 – 84 с;
5. Молдахметов М.М. Гидрологиялық есептеулер. – А.: Қазақ Университеті, 2006. – 212 б.;
6. Владимиров А.М. Гидрологические расчеты. – Л.: Гидрометеоиздат, 1990 – 365 с.;
7. Горошков И.Ф. Гидрологические расчеты. Л.: Гидрометеоиздат, 1975.– 190 с.;
8. Болдырев В.М. Практикум по дисциплине “Гидрологические расчеты”. – А.: Қазақ Университеті, 2000. – 40 с.;
9. Указания по определению расчетных гидрологических характеристик. СН 435-72. – Л.: Гидрометеоиздат, 1972. – 19 с.;
10. Дәулетқалиев С.Қ., Молдахметов М.М. Гидрологиялык мәлiметтердi математикалық әдiспен өңдеу бойынша практикум. – А.:, Қазақ университетi, 2001. – 126 б.;
11. Рождественский А.В. Оценка точности кривых распределения гидрологических характеристик. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – 269 с.;
12. Дәулетқалиев С.Қ., Жүсіпбеков Д.Қ. Гидрологиялық мәліметтердің біртектілігіне талдау жасау. – А.: Қазақ Университеті, 2003. – 104 б.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Метеорология және гидрология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ЕСІЛ АЛАБЫ ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ
Орындаған:
4- курс студенті Дюсекенова А.Е.
Ғылыми жетекші:
г.ғ.к., доцент Дускаев Қ.Қ.
Норма бақылаушы:
оқытушы Жанабаева Ж.А.
Қорғауға жіберілді
_________________2012 ж.
Метеорология және гидрология
кафедрасының меңгерушісі:
г.ғ.к., доцент Джусупбеков Д.К.
Алматы 2012
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - Есіл өзені алабы өзендерінің ең жоғары
ағындысын бағалау.
Дипломдық жұмыс 59 беттен, 6 кестеден, 34 формуладан, 6 суреттен және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды, ағынды
модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы,
тұстама, су айрық сызығы, сабалық кезең, өзен арнасы, бекет, қамтамасыздық
қисығы, өзен аңғары, вариация коэффициенті, ассиметрия коэффициенті,
корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, орташа квадраттық ауытқу,
ұқсас-өзен.
Зерттеу нысаны – Есіл өзені алабы.
МАЗМҰНЫ
б
Кіріспе 4
1 Есіл өзені алабының физикалық-географиялық сипаттамасы 5
1.1 Жер бедері 5
1.2 Топырақ және өсімдік жамылғысы 6
1.3 Климаты 7
1.3.1Ауа температурасы 7
1.3.2Ауа ылғалдылығы 7
1.3.3Жауын-шашын 8
1.3.4Қар жамылғысы 9
1.3.5Жел жылдамдығы 10
1.4 Гидрографиясы 10
1.4.1Бекеттердің сипаттамасы 12
2 БЕТТІК АҒЫНДЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕНДЕРІНІҢ, УАҚЫТША 16
СУАҒАРЛАРЫНЫҢ, КӨЛДЕРДІҢ СУ РЕЖИМІ
2.1 Қар қорлары 16
2.1.1Еріген судың шығындалуы 17
2.1.2Жаңбыр ағындысы 18
2.2 Өзендердегі су режимі 19
2.2.1Көктемгі су тасу 19
2.2.2Жазғы-күзгі сабалық кезең 21
2.2.3Қысқы сабалық кезең 23
3 ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ 23
3.1 Тәжірибелік гидрологиялық зерттеулер 23
3.2 Есіл өзені алабында жүргізілген тұрақты зерттеулер 24
3.3 МГИ тәжірибелік гидрологиялық зерттеулері 26
4 ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЕҢ МОЛ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ 28
4.1 Ең мол ағындыны гидрологиялық бақылау қатары жеткіліксіз 31
болған жағдайда анықтау
4.2 Ең жоғары су өтімі қатарларын қалпына келтіру 35
4.3 Есептік кезеңді таңдау 39
4.4 Ең мол ағынды қатарының біртектілігін бағалау 44
4.5 Ықтималдық үлестірім қисығының параметрлері 46
4.6 Жылдық ағындының статистикалық параметрлерін бақылау қатары 56
жеткілікті болғанда анықтау
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бақылау қатары жеткілікті болған
жағдайда, ұқсас өзендердің бақылау деректері бойынша ең жоғары су өтімдері
қатарын қалпына келтіріп, қалыпты ең мол ағындыны және басқа да
гидрологиялық сипаттамаларды анықтау.
Дипломдық жұмыста Есіл өзені – Петропавл қаласы және ұқсас-бекеттер:
Есіл өзені – Ақмола қаласы, Есіл өзені – Каменный селосы, Есіл өзені –
Державинск ауылы, Есіл өзені – Сергеевка қаласы, Есіл өзені - Западное
ауылы бойынша ең жоғары су өтімдері мәліметтері арқылы ұқсас-өзендер мен
негізгі өзеннің арасындағы байланысты тауып, бақылау деректері жоқ
жылдардағы ағындыны қалпына келтіріп, жылдық қалыпты ағындыны және
вариация, ассиметрия коэффициенттерін анықтау керек. Сонымен қатар
үлестірім қисығын тұрғызып, параметрлерін анықтау керек,
Есіл өзені – Петропавл қаласы Карстік теңіз алабына жатады. Өзен Қазақ
Ұсақ шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Климатының басты белгісі: ауаның
құрғақтығы, амплитудасының ауытқуы мен аз мөлшерлі жауын-шашыннан
байқалатын шұғыл континенталдылығы. Қарастырылып отырған аумақтың орташа
жылдық ауа температурасының жыл ішінде жүруі қысқы уақыттағы тұрақты аяз
бен көктемдегі жылудың қарқынды өсуімен және созылыңқы, жазғы уақыттағы
ыстықпен сипатталады. Жер бедерінің салыстырмалы жазықтығы, аумақтың шығу
тегі әртүрлі ауа массаларының енуіне кедергілердің болмауы жел әрекетінің
қарқындылығына жақсы жағдай жасайды. Қарастырылған аумақтың ылғалдылығы
жеткіліксіз. Жауын-шашын мөлшері бірқалыпсыз таралған.
1 ЕСІЛ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жер бедері
Қарастырылып отырған аумақ Қазақ Ұсақ шоқысының батыс бөлігін алып
жатыр. Облыс жер бетінің құрылысына байланысты негізінен биіктігі 300-400
м. абсолют болып келетін жалпы еңістігі батыс солтүстік-батыс, тек облыстың
солтүстік-шығыс бөлігінде ғана солтүстік-шығыс болатын жоталы жазықтық
болып табылады. Жазықтан оңашаланған шоқылар мен бөктерлер көтеріліп
тұрады. Олар кей жерлерде биіктігі теңіз деңгейінен 700-800 м жететін
кішкене таулы адырлар тудырады. Жоталардың шоқылары мен бөктерлер ежелгі
қатты жыныстардың жер бетіне шығар жерінде жинақталған. Жоталардың
салыстырмалы биіктігі негізінен 20-40 м аспайды, тек облыстың ең биік
жерлерінде ғана 100-200 м жетеді. Ұсақ шоқының шыңдары негізінен жұмсақ
бірқалыпты көрініске ие. Беткейлердің тіктілігі 5-10 ºС. Тек мүжілуге
төзімді жыныстар (кварцит және т.б.) ғана өткір шыңды шыңдарды тудырады.
Жекелеген жоталардың шыңдары жалаңашталған. Жоталардың көп бөлігі
қиыршықтас пен жарықшақталған тас шөгінділерімен жамылған. Жоталар
арасындағы төмендеулерде кең жазық немесе жабық терең емес қазаншұңқырлар
орналасқан. Жер бедерінің депрессиясы шөгетін жыныстар - құмдақ, саздан
тұрады. Өзен аңғарларында алмовиалды шөгінділер таралған, олардың қуаты 20-
30 м жететін құм, галенчик, саз қабаттарынан тұрады (Нұра, Есіл өзен
аңғарлары) [1].
Ең жазық жер бедері Есіл өзені бойымен және одан оңтүстікке қарай 50°С
с.е. дейін орналасқан. Облыстың орталық бөлігі ерекшеленеді. Басқа
аудандармен салыстырғанда шың бұл жерде аз және олар өлшенген болып келеді:
жер бедері мөлшерлі, әдетте көлдер орналасқан жабық төмендеулермен
сипатталады. Аумақтың бұл бөлігінің және облыстың ең үлкен шұңқыры - Теңіз-
Қорғалжын қазаншұңқыры, оның орталық бөлігін Теңіз бен Қорғалжын көлдері
алып жатыр. Ең биік шыңдар облыстың шеткі аймақтарында немесе оған жақын
аудандарда орналасқан.
Солтүстікте облыстың шекарасы бойымен орташа биіктігі 400-450 м
Көкшетау таулары орналасқан. Көкшетау шыңдары жазық бойымен таралған
көптеген жекеленген тізбек топтары немесе жеке шыңдар болып табылады.
Облыстың оңтүстік бөлігінде Ұлытау тау сілемі мен кішкентай алыңдар қатары
(Сарыжал, Теректі және т.б.) созылған. Облыстың бұл бөлігінің жер бедері
негізінен орта жоталы, кей жерлерде үлкен жоталы (Қон, Керей, Қыпшақ
өзендері су айрықтарының жоғарғы бөліктері) болып келеді. Шыңдармен
жекеленген шың топтары әдетте айқын бағытқа ие емес. Олардың арасындағы
аңғар тәрізді төмендеулер негізгі өзен аңғарына шыға алмайды. Шыңдардың
салыстырмалы биіктігі 20-50 м, кейбір өзендердің жоғарғы бөлігінде (Жақсы
Қон, Жаман Қон және т.б.) 100-125 м жетеді.
Облыстың шығыс бөлігінің ең биік төбесі Селеті өзенінің оң
тармақтарында орналасқан Ерементау болып табылады. Облыс шекарасында бұл
беткейінің орташа биіктігі 500-600 м, 800-850 м абс. жетеді. Ерементау
облысының басқа биіктері сияқты салыстырмалы орташа биіктігі 20-50 м, кей
жерлерде ғана 100-200 м жетеді, жеке жоталар мен шың топтарынан тұрады [1].
Ақмола облысы шекарасында биіктік амплитудасы 600 м жуық. Бұл тек жеке
биіктердің бар болуымен ғана емес, сонымен қатар бұл аумақтың шекарасында
Батыс Сібір Ойпатының орналасуымен де түсіндіріледі. Есіл мен Селеті
өзендерінің аңғарларының Батыс Сібір ойпатына шығар жерінде абсалюттік
биіктігі 200 м жуық. Бұдан Ақмола облысы жер бедерінің негізгі элементі
шектелген шыңдар немесе биіктіктер топтары орналасқан толқынды жазық.
Аумақтың эрозиялық бөлшектенгіштігі әсіресе, жазық аудандарда үлкен емес.
Облыстың жер бетінің ерекшелігі: диаметрі 100-200-1000 м дейін көп мөлшерлі
жазық ағынсыз төмендеулер тереңдігі 1-2 метрден 4-5 метрге дейінгі дала
тостағы тәрізді. Көктемде бұл төмендеулердің көп бөлігі уақытша көлдерге
айналады.
1.2 Топырақ және өсімдік жамылғысы
Топырақ-өсімдік жамылғысы бойынша Ақмола облысының аумағы дала
ландштафты зонасы, ал оңтүстік бөлігі шөлейт зонасына жатады. Аумақтың
үлкен бөлігі механикалық құрамы негізінен саз бен құмнан тұратын каштан
топырағында ақ селеу, жусан, бетеге өседі. Топырақ-өсімдік жамылғысының
өзгешелігі топырақ түзуші жыныстарының біртекті еместігімен және аумақтың
жекеленген бөліктерінде ылғалдылықтың бірдей емес дәрежеде болуымен
байланысты. Солтүстік аудандарда ақ селеу-бетеге зонасы аз гумусты қара
топырақта көп таралған. Бұл дала зонасында кей жерлерде қайыңдар, ал тасты
шыңдарда қарағай ормандары кездеседі.
Оңтүстікте қара-каштанды топырақ, әдетте ашық каштанды топырақпен
бірге кездеседі. Оларға ақ селеу-бетеге зонасы тән.
Теңіз-Қорғалжын шұңқыры ауданы мен облыстың оңтүстігінде бетеге, селеу-
жусан ашық каштанды топырақта өседі. Дала өсімдігі түрінде шөлейт зонасында
өсетін өсімдіктер кездеседі. Өзен аңғарларының ылғалды учаскелерінде жақсы
шалғындар бар. Өзен бойында бұтақты өсімдік дамыған.
Облыстың оңтүстік бөлігі жарықшақталған тас грунтымен жамылған. Бұл
жерде өсімдік жоқ десе болады (тасты дала). Облыс территориясында ағаш
өсімдігі үлкен емес жеке массив түрінде (қайың, қарағай) тек солтүстік
аудандарында ғана кездеседі. Жалпы алғанда облыстың ормандылығы оның жалпы
ауданының 1-1,5 % аспайды.
Қарастырылып отырған аумақтың батпақтылығы аз. Бұл жердегі батпақты
типке жатады. Олар шөп басып қалған көлдердің немесе далалы табиктардың
орнында пайда болды [1]. Батпақтанған жерлер өзен аңғарларында кездеседі
(Нұра, Қолытон өзендері). Ақмола облысын ауыл шаруашылық мақсатқа қарқынды
пайдалануға байланысты облыстың көп жері жыртылған. Кейбір деректерге
сәйкес жыртылған жердің ауданы 1953 жылдан 1955 жылға дейін 3 есе өскен.
1951 жылдың басына қарай облыстың барлық ауданының 30% құраған. Жыртылатын
жердің негізгі массиві облыстың солтүстік ауданында орналасқан. Оңтүстік
ауданның далалары жайылым және пішен шабатын алқап ретінде қолданылады.
1.3 Климаты
Ақмола облысының басты белгісі ауа температурасы, ауаның құрғақтығы
амплитудасының ауытқуы мен аз мөлшерлі жауын-шашыннан байқалатын шұғыл
континенталдығы [1].
1.3.1 Ауа температурасы
Қарастырылып отырған аумақтың орташа жылдық ауа температурасы
солтүстікте 0,5-1,0 °С, оңтүстікте 2,0-2,5 °С дейін ауытқиды. Ауа
температурасының жыл ішіндегі жүруі қысқы уақыттағы тұрақты қатты аязбен,
көктемгі жылудың қарқынды өсуімен және созылыңқы жазғы уақыттағы ыстықпен
сипатталады.
Ең суық қаңтар айы. Қаңтар айының орташа ауа температурасы облыстың
солтүстігінде минус 18-19 °С, оңтүстік бөлігінде минус 16-17 °С.
Жеке жылдары абсолюттік минимум минус 50-51 °С (қаңтар-ақпан) жетеді.
Ең жылы ай - шілде айы. Шілде айының орташа ауа температурасы облыс
аумағында 19-21 °С дейін тербеледі. Температураның абсолюттік максимумдары
40-43 °С жетеді. Бұдан орташа айлық ауа температурасының тербелісі 40 °С
жуық, ал абсолютті амплитуда 90 °С асады. Жылы кезеңнің ұзақтығы (орташа
тәуліктік ауа температурасы 0 °С жоғары) орташа есеппен 190-200 күнді
құрайды.
Көктемдегі ауа температурасының 0 °С-тан өтуі облыстың көп бөлігінде
әдетте 12-134, ал оңтүстік бөлігінде 10-124 байқалады. Жылудың өсуі
көктемгі кезеңде тез болады, 0 °С өткеннен кейінгі 10 күннен кейін ауа
температурасы 5 °С болады.
Күзде ауа температурасы 0°С өтуі орташа есеппен 22-2510 байқалады.
Қыстың орнауы өте ұзақ сипатқа ие.
1.3.2 Ауа ылғалдылығы
Ақмола облысы аумағының ылғалдылық жетіспеушілігі тек қана жауын-шашын
мөлшерінің аз болуымен ғана емес, сонымен қатар ауа ылғалдылығының төмен
болуымен де сипатталады [1].
Абсолют ауа ылғалдылығы жыл ішінде орташа есеппен 6мб, ал ылғалдылық
тапшылығы 4-5 мб құрайды. Ауа ылғалдылығының минимум мәні қаңтар-ақпан
айларында (1,5-1,7 мб), максимум мәні - шілде айында (12-14 мб)
байқалады.Салыстырмалы ылғалдылық теріс жүріске ие. Ең кіші мәндері жазғы
айларында (40-45 %), ал үлкен мәндері қыста байқалады. Қысқы айларға бұлтты
күндердің көп бөлігі келеді. Қыста орташа есеппен бұлттылық шамамен 60%
құрайды. Жылдың жылы кезеңінде негізінен бұлтсыз ауа райы байқалады.
1.3.3 Жауын-шашын
Ақмола облысы ылғалдылығы жеткіліксіз аудан болып табылады. Жауын-
шашынның жылдық мөлшері облыстың солтүстік бөлігінде 300-350 мм, оңтүстік
бөлігінде 200 мм құрайды [1].
Жыл ішінде жауын-шашын бірқалыпсыз таралған. Жылдың суық бөлігіне (11-
3) жылдық жауын-шашын мөлшерінің 25-30% ғана тиесілі. Жылы кезең уақытында
(9-10) облыстың солтүстік бөлігінде 200-220 мм, ал оңтүстік бөлігінде 140-
180 мм жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның максимумы әдетте шілде айында,
минимумы ақпан-наурыз айларында, кейде қыстың бірінші айларында да
(желтоқсанда) байқалады. Жылдан жылға қарай жауын-шашын мөлшері үлкен
мәндер шегінде тербеледі. Ерекше көп жауын-шашын және қар түскен жылдары
жауын-шашын мөлшері солтүстік аудандарда 500-600 мм, ал оңтүстік бөлігінде
400 мм жетеді. Ал ерекше құрғақ жылдары жауын-шашынның мөлшері 50-100 м
дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар жылдың суық және жылы кезеңдерінің де
жауын-шашын мөлшері тербеледі. Қар көп түскен жылдары жауын-шашынның
мөлшері қараша-наурыз айларында облыстың солтүстік аудандарында 200-250 мм,
ал оңтүстік бөлігінде 100-150 мм, ал қар өте аз түскен жылдары жауын-
шашынның мөлшері 10-20 мм құрайды.
Жауын-шашынның негізгі мөлшері қарқындылығы аз, аз мөлшерлі жауын-
шашын немесе қар түрінде түседі. Түсетін жауын-шашын мөлшері 0,1 мм асатын
күндер әдетте жыл ішінде 120-125 (Атбасар мен Ақмола метеостанциялары),
олардың 90 % жауын-шашын мөлшері 5 мм төмен күндер. Тәуліктік жауын-шашын
мөлшері 20 мм асатын күндер жыл ішінде 3-4 күнге жетуі мүмкін.
Жоғарғы ауа температурасы жағдайында жазғы жауын-шашынның негізінен
жер бетін сулап қана қояды да, бірден буланып кетеді. Жауын-шашын көп
мөлшері маусым-шілде және қазан айларында түседі, бірақ 80-90 %
жағдайда жауын-шашын мөлшері жаңбыр үшін мм аз. Қатты жаңбырлар шілде
айында жауады.
Жеке сирек жылдарда тәуліктік жауын-шашын максимумы 60-70 мм жетеді,
ал облыстың биік аудандары шегінде (Балхашкино ст.-Көкшетау шыңы) 80 мм-ден
асады [1].
Жаңбырсыз кезеңнің ұзақтығы айтарлықтай. Территорияның көп бөлігінде
жауын-шашынның түспеуі қатарымен 20-30 күн бойы, ал кей жылдары 50-60 күн
бойы байқалады. Негізінен тамыз, қыркүйек, кейде шілде айларында жаңбыр
жаумайды. Территорияның көп бөлігінде жауын-шашын мүлдем түспейтін немесе
жаңбыр мөлшері 5 мм аз кезең орташа есеппен 50-60 күн, кей жылдары 100-150
күнді (1955 ж.) құрайды.
1.3.4 Қар жамылғысы
Ақмола облысы аумағында қар жамылғысының таралуы зоналық сипатқа ие.
Тұрақты қар жамылғысы Ақмола облысында әдетте орташа тәуліктік ауа
температурасы минус 5 °С дейін төмендеген уақытта қалыптасады. Тұрақты
қар жамылғысының қалыптасуы солтүстік бөлігінде орташа есеппен 5-1010, ал
оңтүстік бөлігінде 15-2011 байқалады.
Барлық қыстың 50-60 % тұрақты қар жамылғысының қалыптасуының алдында
бірінші қар түседі де (қазанның аяғы қарашаның бірінші күндері) жылымық
болғанда тез еріп кетеді.
Тұрақты қар жамылғысының қалыптасуы датасының көп жылдық амплитудасы
шамамен 1,5-2 айды құрайды. Ерте даталары қазанның үшінші декадасына, ал
солтүстік шығыс бөлігінде қазанның бірінші жартысына сәйкес келеді, ал кеш
даталары желтоқсанның ортасына созылады. Қардың жинақталуы (қар жамылғысы
биіктігінің өсу мен ондағы су қорының көбеюі) барлық қыстың 50-70% қыстың
бірінші жартысында жоғарғы қарқындылықпен жүреді. Бұндай жағдайларда
қаңтардан ақпанның басына қарай көктемгі қар еруінің алдында максималды қар
қоры нормасынан ауытқу белгісі айқындалады. Қыстың екінші жартысында ақпан-
наурыз айларында қар жамылғысы су қоры өзгермейді десек болады, көктемгі
қар еруі алдындағы қардың максималды мәніне жақын болады.
Қар қорының максимумы мен көктемгі қар еруінің басы орта есеппен
облыстың оңтүстік бөлігінде шамамен 5-103 (Есіл өзеннен оңтүстікке қарай),
ал солтүстік бөлігінде 10-203 байқалады. Максималды қар қорының ең ерте
датасы ақпан айына, ал ең кеш датасы сәуір айының бірінші датасына сәйкес
келеді. Қар жамылғысының ең биік мәні көктемгі қар еруінің басында ашық
учаскілерде облыстың солтүстік-батыс бөлігінде 25-35 см, ал облыстың қалған
учаскілерінде 20-25 см жетеді. Қар аз жауған жылдары қар жамылғысының
биіктігі облыстың солтүстік бөлігінде 15 см, ал оңтүстік бөлігінде 10 см-ге
ғана жетеді. Қар көп жауған қыста қардың максималды биіктігі облыстың
солтүстігінде 50-60 см, ал оңтүстік бөлігінде 30-40 см жетеді [1].
Қар жамылғысының тығыздығы қар ерудің алдында шамамен 0,30 құрайды.
Жылдар бойынша 0,20-0,25-0,35-0,45 дейін тербеледі. Қар тығыздығының ең
үлкен мәндері қатты боран, қарлы желдер мен жылымықтар болған жылдары
қыстың екінші жартысында байқалады. Қар жамылғысы максимум су қоры көктемгі
қар ерудің алдында облыс аумағының көп бөлігінде орташа есеппен 60-80 мм,
тек солтүстік бөлікте 100 мм жетеді. Қар аз болған жылдары максимум қар
қоры облыстың солтүстік бөлігінде 50-70 мм, оңтүстік бөлігінде 25-30 мм
дейін төмендейді. Қар көп жылдары қардағы максимум су қоры (қар ерудің
басында) 100 мм асады. Қар жамылғысының еруі көктемде, әдетте теріс ауа
температурасы болғанда да (шамамен минус 10 °С) күн радиациясынан келетін
жылудың әсерінен ери бастайды. Оңтүстікте ауа температурасы жылы бола
бастағанынан қар қатты қарқындылықпен ериді. Ашық жерлерде қар жамылғысы
бірнеше күнде, кейде 5-7 күнде ериді.
Тұрақты қар жамылғысының еруі орташа есеппен облыстың оңтүстік
бөлігінде 54, ал солтүстік бөлігінде 10-154. Тұрақты қар жамылғысының
еруі датасының көпжылдық амплитудасы оның қалыптасу амплитудасынан бірнеше
аз (айды құрайды), ерте көктемде наурыздың үшінші декадасынан, кеш көктемде
сәуірдің үшінші декадасына дейін созылады [1].
1.3.5 Жел жылдамдығы
Жер бедерінің салыстырмалы жазықтығы, аумақтың шығу тегі әртүрлі
массаларының енуіне кедергілердің болмауы жел әрекетінің қарқындылығына
жақсы жағдай жасайды. Желсіз күндер Ақмола облысына тән емес. Жыл ішінде
аумақта орта есеппен 50-70 желсіз күн байқалады. Желдер көп
қайталанғыштығымен және күшімен ерекшеленеді. Олардың басым бағыты –
оңтүстік-батыс пен батыс, негізінен қысқы кезеңде, жазда құраушысы
солтүстік желдер көп қайталанады. Желдің орташа жылдамдығы 4,5-5,5 мсек.
Маусым бойынша жел жылдамдығы аз өзгереді, бірақ оның максимумы қысқы
кезеңге келеді. Осы себептен қысқы кезеңде борандар мен қарлы борандар жиі
болады. Қатты желдер жылдамдығы дауылға жететін кейде көктемде байқалады.
Жаз айларында желдер әдетте ыстық желдер сипатына ие.
1.4 Гидрографиясы
Өзендер мен уақытша суағарлары. Ақмола облысының гидрографиялық желісі
құрылысының ерекшелігі жер бедері сипатына байланысты. Облыстың орталық
бөлігінің жазықтығы оның шеткі аймақтарында биік шыңдармен бірге келуі
ағындының негізгі бағытын айқындады, аумақтың шеткі аймақтарынан ортасына
қарай бағытталған. Облыстың негізгі су артериясы Есіл өзені мен солтүстікте
Көкшетау шыңынан, ал оңтүстікте Ұлытау тау сілемдерімен ағатын үлкен
салалары. Сыртқы ағындысы бар, Ертіс өзеніне жететін Есіл өзенінің алабы
Ақмола облысы ауданының жартысынан астам бөлігін алып жатыр [1, 2].
Қарастырылып отырған аумақтың қалған бөлігі жабық ағынды облысына
жатады. Бұған Теңіз, Қорғалжын, Керей, Қыпшақ көлдерінде аяқталатын басқа
суағарлар жатады. Сонымен қатар, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінің де
сыртқы ағындысы жоқ, бұл аумақта Селеті-Теңіз көліне құятын Селеті өзені
ағады. Ақмола облысы аумағында ұзындығы 10 км асатын 400 жуық өзендер мен
уақытша суағарлар бар. Ақмола облысының табиғатының ерекшелігі, негізінен
климатының құрғақшылығы өзен желісінің дамуына кері әсер етеді. Өзен
желісінің жиілігі ең жақсы дамыған жері – Көкшетау мен Ерементау шыңдары.
Өзеннің жазыққа шығар жерінде олардың салалары кенеттен азаяды [1, 2]. Нұра
өзенінің Ақмола облысында орналасқан төменгі ағысының тармақтары жоқ десе
болады. Есіл өзенінде тармағы жоқ, учаскілері бар, олардың ең ұзыны (250-
300 км) Көкшетау таулары мен өзеннің жоғарғы ағысындағы төбелердің
арасындағы жазықтықта орналасқан, бұл учаскелер жоғалу учаскесі. Өзендердің
сирек жүйесімен қатар Ақмола облысының гидрографиялық ерекшелігі оның
уақытша су ағыстарының көптігі. Облыс аумағында өзендер және уақытша су
ағыстарының жиілігі 0-0,05 - 0,20-0,30 км2 дейін құбылып тұрады
(Е.П. Сенковтың мәліметі бойынша). Бұл құбылыс Терісаққан, Жабай, Есіл
(Көкшетау, Ұлытау, Нияз және Ерементау биіктерінде) өзендерінің жоғарғы
бөлігінде жиі кездеседі. Жазықтық шегінде гидрографиялық жүйе жиілігі
әдетте 0,05-0,10 км2 аспайды (Есіл өзенінің оңтүстік жазық бөлігі, Селеті
солтүстік жағасы, Қолытон өзенінің жоғарғы бөлігі), тек жыралар көп
кездесетін бөлікте 0,20-0,30 км2 жетеді.
Уақытша су ағыстарының көлемі әр түрлі. Олардың ең үлкендері 100-150
км, ал су жинау алабы 3 мың км2 дейін жетеді.
Ақмола облысындағы өзендер су айрығы көбіне айқын емес. Су
айрықтарының айқын еместігі рельефтің жазықтығына ғана емес, еңістіктердің
тұйықтығына да байланысты. Бұл еңістіктердің бір бөлігі тұйық сулар
алқабына жатады, бұлардың кейбіреулері ғана суы мол жылдарында ғана
өзендерді суландырып тұрады. Бұл су алаптарының көлемі өзгермелі: суы мол
жылдардың көлемі ұлғаяды, ал құрғақшылық жылдарында көлемі кішірейеді.
Ақмола облысының өзендері жазықтық өзендер болып табылады, еңістігі 1-
2 ‰ (кейбір жоғарғы су ағыстарында 5-10 ‰ дейін жетеді), тек олардың
кейбіреулері ғана қатты жер қыртысына келгенде су ағыстары жылдамдайды.
Су айрықтарының нашар бөлінгіштігі жеке жағдайларында өзеннің
бифуркациясына алып келеді. Бұған Есіл мен Нұра өзенінің ең жақын
орналасқан жерінде олардың көп қайталанып қосылуы жатады.
Нұра мен Есіл өзенінің қосылуы 3 тармақ Саркерама, Козгош, Мухор
бойынша Есіл өзеніне құяр жерінде бір салаға құйылуынан болады.
Тармақтардың қосылу жері Есіл өзенінен 9 км жерде болады [2]. Нұра мен Есіл
өзендерінің бифуркацияланған жерінде өзен аралығының жер беті уақытша
суағарлармен ғана емес, сонымен қатар көлдер орналасқан көптеген жабық
төмендеулермен қиылысқан. Өзен аңғарлары кең, тегіс келеді. Жартасты
жерлерге келгенде өзен аңғары күрт тарылады, кейбір жерлерде шатқал
тәріздес болады. Бұл бөліктер әдетте ұзаққа бармайды және өзендердің жалпы
жазықтық мінездемесін бұзбайды. Аңғардың формасы көбінесе трапеция
тәріздес. Өзендердің төменгі ағыстарында аңғарлар айқын емес және олар
сыртқы қоршаған ортамен біртіндеп ұласып кетеді. Уақытша су ағыстарының да
аңғарлары айқын емес. Үлкен өзендердің аңғарларының кеңдігі 5-10 км жетеді
(Есіл, Нұра өзендері). Кіші су ағыстарының аңғарлары су арналарымен
салыстырғанда кең болып келеді. Орта есеппен алғанда олардың кеңдігі 0,5-
1,0 км (су жинау көлемі 1000 км2), кейбір жерлерде 2-3 км жетеді.
Беткейлердің биіктігі әдетте 10-15 м аспайды, бірақ жеке өзендерде (Аршалы,
Саркома және т.б.) 25-50 м жетеді. Облыстың биік аудандарында және арналары
терең қазылған өзендерден басқа (Қызылсу, Аршалы, Қарасу, Жиладинка, Жаман-
Қайрақты және т.б.) өзендер аңғарларында жайылма дамыған. Суы мол жылдары
төгілудің ені 1-3 км, облыстың үлкен өзендер 5-10 км жетеді. Ал әдеттегі
сулы жылдары жайылманың биіктігі төмен бөлігі мен арна қасындағы
учаскілерді ғана су басады. Кіші суағарларда (су жинау алабының ауданы 200
км2 және одан төмен) жайылманың ауданы 50-100 м аспайды [1, 2].
Кіші суағарлардың арналарының ені 10-20 м, ал су жинау алабының ауданы
5-10 мың км2 өзендердің ені 50-70 м аспайды. Көкшетау мен Ерементау таулары
аймағындағы өзендердің арналары жақсы дамыған. Олардың қазылу тереңдігі
негізінен 3-6 м, ал жеке өзендер 10-12 м жетеді (Аршалы, Жаман-Қайрақты,
Қызылсу және т.б.). Облыстың оңтүстік бөлігінің суағарларының арналары
жақсы дамымаған, әсіресе олардың жоғарғы учаскілерінде (Жаксы-Шад, Жаман-
Шад, Қанқарасу, Керей және т.б.) нашар дамыған. Осы өзендердің төменгі
ағысында арналары 3-5 м қазылған. Облыстың суағарлары негізгі өзендерін
қоспағанда, ағындысы тек көктемгі кезеңде ғана болады. Бұл кезде су
деңгейінің қатты көтерілуі байқалады, кейде өзен суы жайылмаға төгіледі.
Жылдың қалған бөлігінде суағарлардың көп бөлігі құрғап қалады да,
тізбектеріне айналады. Қысқы айларда олардың көбісі қатады. Облыстың
оңтүстік бөлігінде кіші суағарлар жылдың барлық уақытында дерлік (көктемгі
айларды қоспағанда) кеуіп қалады.
Көлдер. Ақмола облысы аумағының едәуір бөлігінің жазықтығы Қазақстан
даласына тән су жинауға, көлдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасайды.
Көлдердің көп бөлігін өзендер мен уақытша су ағыстары құрайды. Бұл көлдер
категориясына уақ дала су алқаптары, сондай-ақ облыстың ірі көлдері және
Солтүстік Қазақстанды алып жатқан Теңіз (көлемі 1590 км2) және Қорғалжын
(330 км2). Бұл көлге Нұра және Құланөтпес өзендері құяды.Ұсақ көлдердің көп
бөлігі өзендер жайылмасында кездеседі. Бұл су қоймаларын еріген қар сулары
және көктемгі су тасқындары құрайды. Ақмола облысының көлдерінің ерекшелігі
тұйық сулар. Сонда да болса суы мол жылдары Лопаш, Құлықкөл, Құнақай
көлдері кейбір өзендерді суландырады.
Ағысы бар көлдер сирек кездеседі: олар көбінесе Нұра өзенінің төменгі
сағасында орналасқан (Біртобан, Шолақшалқар және т.б.) [1, 2].
Кесте 1 – Ақмола облысы көлдерінің саны
Су алабының көлемі Көлдер саны
Тұщы тұзды тұщы және тұзды
0,1-1 3491 157 3648
1,1-5 174 39 213
5,1-10 20 20 40
10,1-50 16 18 34
50 3 4 7
Барлығы 3704 238 3942
Қарастырылып отырған аумақта шамамен 400 көл бар, оның 90 % көлемі 1
км2.
Жер асты сулары. Ақмола облысының көпшілік бөлігінде жер асты
суларының қорлары көп емес. Жоғарғы қабаттағы сулар тұрақты емес.
Құрғақшылық жылдары су көздері мен құдықтар кеуіп қалады, ал кейбір
құдықтарда су деңгейі төмендеп минералдылығы көбейеді. Жер асты сулармен
қамтамасыз ету және олардың минералдануы Ақмола облысында бірдей емес. Жер
асты суларының көп бөлігі және саласы облыстың солтүстік және шығыс
бөлігінде кездеседі. Орталық жазықтықта және Теңіз-Қорғалжын ойпатында жер
асты су қоры аз. Көкшетау, Ерементау биіктіктері бөлігінде жер асты сулары
3-5 м, сайларда және жазықтықта 25 м кездеседі. Сулардың басым көпшілігі
тұщы. Құдықтар мен ұңғымалардың шығыны 0,05-1,5 лсек, кейбір кезде 2-3
лсек жетеді.
Көкшетау биіктігінде және оған жақын жатқан ұсақ төбешікті аудандарда
жер асты сулары 100-250 м дейін тереңдікте кездеседі. Бұл сулар әдетте
тұщы. Ұңғыма шығыны 0,1-1,3 лсек, кейде 6-20 лсек. Бұл сулар облыстың
солтүстік бөлігінде де кездеседі (Ақмола қаласы және басқа аудандарда). Бұл
сулар негізінен Ақмола қаласын ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз
етеді. Сумен қамтамасыз етілген аудандарға Теңіз-Қорғалжын ойпаты және Есіл
өзенінің солтүстік жағалауы жатады. Алайда жер асты су қоры көп емес,
ұңғыма шығындары 0,01-0,0001 лсек. Осынған байланысты батпақ шөгінділері
тұзды. Теңіз-Қорғалжын ойпатында жер асты суы мүлдем жоқ. Облыстың
оңтүстігінде жер асты сулары біршама бар, бірақ су қоры аз. Жоғарғы қабатта
қуаты аз су қорлары кездеседі, ұңғыма шығыны 0,2 лсек аспайды. Негізгі су
қорлары 10-30 м тереңдікте жатыр. Ұңғыма шығыны 0,01-ден 1,0-1,5 лсек [1,
2].
1.4.1 Бекеттердің сипаттамалары
Есіл өзені – Петропавл қаласы. Бекет станциясынан 5 км төмен жерде
орналасқан.
Су бекеті оң жағалауда орналасқан және қадалар мен реперден тұрады. Су
бекетінің тұстамасында: негізгі репер № 6 (КазУГМС 1941 ж.) биіктік белгісі
94,970 м. абс; металды № 7 КазУГМС 1942 жылы репердің биіктік белгісі
97,720 м. aбс [3].
Нөлдік графиктің биіктік белгісі 85,00 м. абс.
Су температурасы мен мұз қалыңдығы бекет тұстамасында өлшенеді. Судың
лайлылығын анықтау үшін жекелеген сынамалар № 1 тұстамада өзеннің ені 0,4 м
болғанда алынады. № 2 сабалық тұстама 186 м жоғары орналасқан.
Өзен арнасы деформацияға ұшырайды, жазда өсімдіктер басып кетеді.
Есіл өзені – Ақмола бекеті. Бекет Ақмола қаласынан Гельмана атындағы
МТФ колхозынан 10 км жерде орналасқан. Су бекеті сол жағалауда орналасқан
және реперлер мен қадалардан тұрады, метал-бетонды № 1 КазУГМС 1935 ж.
(тұстамадан 230 м жоғары), репердің биіктік белгісі 349,421 м абс.
Нөлдік графиктің биіктік белгісі 343,00 м. абс.
Су температурасы мен мұздың қалыңдығы бекет тұстамасында өлшенеді. № 1
тұстама 230 м жоғары су бекетімен біріктірілген және белгісі бар арқанмен
жабдықталған.
Өзен арнасы деформацияға ұшырайды. Судың лайлылығын анықтау үшін
жекелеген сынамалар № 1, 2, 3 және 4 тұстамада өзеннің ені 0,3-0,5 м
болғанда алынады.
Өзен беті қыста қатып қалады және көктемде мұз бетінің ағындысын
бақылайды.
Есіл өзені – Державинское селосы. Су бекеті сол жағалауда орналасқан.
Нөлдік графиктің биіктік белгісі 230,59 м. абс.
№ 1 тұстама су бекетінде орналасқан. Уақытша тұстамада сабалық су
өтімі өлшенеді, тұстамадан 0,6-0,8 м төмен.
Судың температурасы жағалаудан 3-5 м қашықтықта орналасқан сол
жағалаудағы бекетте өлшенеді. Мұз қалыңдығы су бекеті тұстамасында өзен
ортасында өлшенеді.
Химиялық құрылысын анықтау үшін су бекеті тұстамасында өзен ортасында
өлшенеді.
Есіл өзені – Каменный селосы. Бекет ауылдан 1,2 км төмен орналасқан,
Шебзавод поселкасының солтүстік-батыс маңында.
Қадалық су бекеті сол жағалауда орналасқан.
Нөлдік графиктің биіктік белгісі 201,91 м. абс.
№ 1 тұстама су бекетімен біріктірілген және белгісі бар арқанмен
жабдықталған. Су температурасы мен мұздың қалыңдығы бекет тұстамасында
өлшенеді.Мұз қалыңдығы су бекеті тұстамасында өзен ортасында өлшенеді [3].
2 БЕТТІК АҒЫНДЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕНДЕРІНІҢ, УАҚЫТША
СУАҒАРЛАРЫНЫҢ, КӨЛДЕРДІҢ СУ РЕЖИМІ
Ақмола облысының аумағы ылғалдылығы жеткіліксіз ауданға жатады. Мұның
өзі жоғарғы ағыстардың қалыптасуына өз ізін қалдырады. Жоғарғы ағыс облыс
көлемінде тек қар сулары есебінен құралады. Жаңбыр сулары ыстық жаз күндері
буланып ұшып кетеді. Осыған байланысты, Ақмола облысында жер асты суларының
қалыптасуына көктемгі тасқын үлкен рөл атқарады. Ақмола облысындағы
негізінен көктемгі су ағындыларының қалыптасуына қар жамылғысы әсер етеді.
Солтүстік Қазақстан аумағында ағын сулардың қалыптасуының шарты еріген
сулар. Ақмола облысында көктемгі су ағыстарының қалыптасу шарты бойынша ені
ауданды бөліп қарауға болады: солтүстік, бұл ауданда қар қоры едәуір үлкен
және су ресурстары жеткіліксіз – оңтүстік аудан (Есіл өзенінің оңтүстік
жағы) [4].
2.1 Қар қорлары
Қарастырылып отырған аумақта қар жамылғысы су ағынының қалыптасуының
негізгі көзі. Қар суының орташа қоры оның еруі басталған кезде 60-80 мм
құрайды. Ал қар қалың жылдары (1954, 1941, 1942 жж.) 130-170 мм дейін
жетті, ал қар аз жылдары (1936, 1945, 1953 жж.) 30-50 мм құрайды. Қар
қорының облыс аумағында бөлінуіне оның рельефі үлкен әсер етеді. Көкшетау
тауларының оңтүстік-батыс беткейі, Есіл өзенінің батыс жағалауы және Селеті
өзенінің оң жағалауы қар қорыларымен біршама қамтамасыз етілген. Көкшетау
биіктігінде орташа қар қоры 100-120 мм құрайды, ал Ерементау және Аяз
биіктіктерінде қар қоры бұдан сәл төмендеу. Қар қалың жауған жылдары осы
жерлерде қар қоры 200 мм жетеді. Қар қорлары кішкене ормандарда, дауыл
соғып тұрған сайларда қар қалыңдығы 3-5 м дейін жетеді.
Бірлік ауданы, кіші су жинау алаптарында қар қорының көтерілуі
нәтижесінде қандайда бір гидрологиялық жүйенің ұзындығы болады.
Ленгипротранс институтының мәліметтер арқылы жүйенің орташа қалыңдығының су
жинау ауданы 100-200 км2, 0,30-0,60 кмкм2 жетеді, осы аймақта орташа
өзендердің су жинау алабы 0,10-0,15 кмкм2 құрайды. Қар қорлары негізінен
қар еру қарастырылып отырған аумақта жағымды ауа температурасы басталғанға
дейін кезеңдерінде радиациялық құбылысының әсерінен қар қорының тарылуы
байқалды, 5-7 тәулік ішінде қардың негізгі массасының түсуі нәтижесінде ауа
температурасы 0 ºС өткеннен кейін бірінші күндерінде қарқынды қар еруі
көрінді. Қар жамылғысының мәліметтерін талдау орташа көпжылдық қар еру
кезеңі үшін қар ерудің қарқындылығы 11 ммтәулікті құрайды, бұл тербеліс
кезінде 4-5-20 ммтәу. жетеді. Бақылау кезеңі бойынша қар ерудің ең жоғарғы
сағаттық қарқындылығы 7 мм, оның орташа көпжылдық мәні 4,3 мм тең болады
[4].
Қар қоры мен көктемгі ағын байланысы. Ақмола облысы аумағы үшін,
ылғалдылықтың жетіспеуін, беткі ағындардың көлемін, қар түсуінің бар
ерекшелігін, қар еруі басталғанда тек қана ылғал қорының шамасына
тәуелділігі еместігін, көбінесе еріген сулардың жоғалу мөлшері әсерінен
факторларды анықтау арқылы сипаттайды. Қарлы қыс болғаннан кейін әдетте суы
мол су тасуы байқалады, қар қоры негізінен ағындыға баланысты. Есіл өзені
су алабынан Ақмола қаласында қардағы су қорының біркелділігі 70-75 мм, 57-
60 мм дейін ағынды шамамен 8-9 рет өзгереді. Қар жамылғының орнын
сипаттайтындығын көрсететін беткі ағындының мөлшеріне қалған жағдайлар
әсерін тигізеді. Су жинау алабында қардың біркелкі емес үлестірімі
салдарынан аса биік ағындыда қатты боран әдетте қыс өткеннен кейін жиі
байқалады. Осы факторлардың әсерінен әсіресе күзгі топырақ-грунттың әлсіз
ылғалымен көрінеді [4].
2.1.1 Еріген судың шығындалуы
Ақмола облысының аумағында көктемгі ағынды қалыптастырушы үдерістер
еріген судың жоғалуының шамасы маңызды факторлары. Жоғалған ағын қар еру
кезеңінде еріген судың фильтрациясымен және оның су жинау алабының
шоғырлануымен байланысты. Ағынды коэффициеттің сұлбалық картасы бойынша
еріген судың жоғалу қосындының шамасы арқылы біраз түсінік береді, орта
өзендерге байланысты мәліметтер арқылы тұрғызылады. Осы мәліметтер арқылы
қардағы ағындының ылғал қорының еруі басталғанға дейін орташа мөлшері 70-90
% құрайды. Ағын жиналу топырақтағы ағындының жиналып жоғалуы көктемгі
ағынды жоғалудың негізгі түрі. Топырақ-грунты мен су жинау алабының жоғалу
сипатын көрсететін мөлшеріне әсерін тигізеді.
Қарастырылып отырған аумақ шектерінде құрғақшылық жағдайында көбінесе
көп таралған батпақты топырақ-грунты жеңіл жарылған. Бұл негізінен облыстың
оңтүстік бөлігіндегі ауыр батпақтылығына тән. МГИ эспедициялық бақылау
мәліметтері бойынша жазда жарылған тереңдігі 40-50 см, ені 1-2 см
құрайды. Сонымен қатар, қыстың бас кезінде қатты суық болғанда жұқа қар
жамылғысында жарылғандығы қалыптасады. Топырақ ылғалының жанама сипаты
көктемгі ағындының айқын көрінуімен байланысты, қар жинала бастағанда өткен
жылдың қыркүйек-қазан айлары үшін жауын-шашын мөлшері. Күзгі жауын-шашынның
көктемгі ағынды шаманың тәуелділігі 1948 және 1956 жылдары айқын көрінеді.
Осы жылдары ағынды коэффициенттері бірдей қар қорына сәйкес болған:
облыстың солтүстік бөлігінде 0,6-0,9 және 0,05-0,10, оңтүстігінде 0,3-0,4
және 0,05-0,10. 1948 жылы көктемгі ағынды 1956 жылға қарағанда 10-15 рет
көтерілген. Аумақтың көп бөлігінде өтіп өткен күздік ылғал (қыркүйек және
қазан айлары үшін жауын-шашынның қосындысы) 1948 жыл үшін 60-90 мм,
1956 жыл үшін тек 10-15 мм құрайды [4]. 1948 жылы көктемдегі биік ағындының
ерекшелігі күздік топырақ-грунтының ылғалдылығына ғана емес, сонымен қатар,
топырақ қабатының цементтеуімен және беткі мұз қабығының бар болуымен
байланысты. Есіл өзені үшін Ақмола қаласында көктемгі ағын күздік
ылгалдылығымен тығыз байланысты.
Еріген судың жоғалуы фильтрацияға және қарқынды қар еруіне тәуелді.
Еріген топырақ-грунттар жағдайының қалыптасқан ағындысы атарлықтай көп
жоғалған ағындының шамасы еріген қардың сипаты әсерімен анықталады. Есіл
өзені алабында (Ақмола қаласының жоғарғы жағында) қыс кезеңі алдымен көктем
ағындының қар қоры және жауын-шашын бірдей болуы 1943 жылға қарағанда 1946
жылы шамамен 1,4 төмен болды, тағы да су тасуының ең жоғарғы ағысының
айырмашылығы үлкен. Осы жылда ағындының әртүрлілігі қар еру сипатына
байланысты. 1946 жылдың көктемінде қар еру ерте басталады, бірнеше едәуір
жағымды ауа температурасы суық толқындармен тұрақты кезеңге дейін толығымен
өтеді. 1943 жылы көктем кезінде суық толқын болған жоқ. Негізгі қар
массасының басталу уақытында жағымды ауа температурасы сақталады, жоғарғы
су тасудың қалыптасқандығы 5-7 күннен кейін жылдам ерігені келтіріледі. Жер
беті ағынды шамасына тек қана қар қоры әсер етпейді, сонымен қатар, қыс
алдындағы жауын-шашаын және көктемгі қар ерудің қарқындылығы алдыңғы
жылдардың қатар ішіндегі аумақтың ылғалдылық сипатының біршама дәрежеге
әсер етеді [4].
Арнаның шоғырлануы. Суағар арнасындағы ірі иірімдер кейде едәуір
ағындының жоғалуына байланысты, жазғы кезеңде қатты кеуіп қалып, ал
көктемде еріген сулардың бір бөлігін ұстап қалады. Суы мол және орташа сулы
жылдарында ағынды үлесі иірімді толтыру жүрісіне қарай ірі өзендерден үлкен
емес. Кіші суағарларда ағынды көлемі әртүрлі сулы жылдарда абсолюттік
шамасы бойынша шамалы, су тасуына қарамай салыстырмалы шама арнадағы ағынды
жоғалуынан үлкен болуы мүмкін. Өзендерде арнадағы ағынды жоғалу мөлшерімен
ұстап тұруы мардымсыз, иірімдегі су деңгейі сабалық кезеңінде грунт суларын
ұстап қалады. Су тасу кезінде арнаның шоғырлану мөлшеріне күздік жауын-
шашын әсері тигізуі мүмкін, егер олар иірім деңгейінен жоғары болғанда.
2.1.2 Жаңбыр ағысы
Ақмола облысының аумағында жаңбыр ағысының қалыптасу жағдайы өте
қолайсыз, жаз кезінде және топырақ-грунттың өте үлкен құрғақшылығы, шілде-
тамыз айларындағы ылғалдылығы 8-10 % дейін түскенде, әдетте жауын-шашынның
азғантай қарқындылығы нәтижесінде болады. Жаз айларында жауын-шашынның
түсуі әдетте жоғарғы топырақ қабатының сулануы және оның беткі булану
толығымен шығындалады. Беткі ағыстар қалыптасуы қар ерігеннен кейін түскен
жауын-шашын біршама маңызды болуы мүмкін. Біріншіден ағынның құралуы еріген
суларымен жамылғы жақсы ылғалданған жаңбырмен күшті әсерін тигізеді,
екіншіден ерте түскен жаңбыр мен жамылғының маңызды ылғалдануы немесе жауын-
шашын үлкен қарқындылығымен фильтрацияның жылдамдығын көтереді [4].
Облыстың солтүстік бөлігінде қар еруінің аяқталуынан су тасуына
дейінгі кезеңіндерінде жауын-шашын 25-30 мм, оңтүстікте 30-35 мм түседі.
Кей жылдары жауын-шашын осы кезеңдерінде 80-100 мм жетеді. Көктемгі
жаңбырдың мөлшері үшін ағындыны маңызсыз. Қарастырылып отырған аумақта
жазғы кезеңдерінде жаңбыр ағынды құбылысы сирек көрсетіледі. Жауын-шашынның
қосындысы 30-40 мм көбірек үлкен бөлігіне түскен жаңбыр су тасқынына
әкеледі. Жаңбырлы су тасқынының ең жоғарғы бақылау кезінде ағынды қабаты
орташа өзендерде 1-2 мм, кіші суағарларда 6-10 мм жетеді, 0,001-0,05 және
0,1-0,2 құрайтын ағынды коэффициентіне тиісті. Жабай өзенінде 1953 жылы
шілденің соңы – тамыздың басында жаңбырдың көтерілуінің биіктігі 37 см
жетті, нөсер түсуінің салдарынан алаптың жоғарғы бөлігінде пайда болады.
Атбасар станциясы бойынша осы кезеңде жауын-шашын 1 мм болған. Өзеннің
жоғарғы бөлігінде орналасқан Палкамино станциясының мәліметтері бойынша
жауын-шашынның мөлшері (20-25 8) жаңбыр үшін 105 мм ең жоғарғы тәулік
ішінде 85 мм құрайды.
Су тасқыны ең көп жаңбыр жауғанына байланысты. Дегенмен, кейбір
қарастырылған су тасқыны жауын-шашын мөлшерінің аздығына байланысты.
Жаңбырдың тым көп түсуі ағынның қалыптасуы жүрмейді. Бұны жауын-шашынның
әртүрлі қарқындылығымен түсіндіреді. Сондықтан сирек қайталанғыштығы және
өте үлкен емес жаңбыр ағындының мөлшері оның маңызы су режимі және уақытша
суағарлары әдетте аз. Жаңбыр тасқыны орташа алғанда 3-5 жылда бір реттен
көп болмайтындығына байланысты байқалған мәліметтерді дәлелдейді, және
басым жағдайда олардың биіктігі 10 см аспайды, ал ағынды қабаты тасқын
кезінде аспайды. Тек қана кіші суағарларда жіне елеулі жылдарда жаңбыр
ағындысының салыстырмалы салмағы тым немесе аздау болуы мүмкін. Көктемгі су
тасуы аз жылдарда жаңбыр ағындысының үлесі кіші суағарларда 30-35 % жетеді.
Әйткенмен, қатты жаңбырдың бақылауы төтенше сирек.
2.2 Өзендердегі су режимі
Өзендер мен уақытша суағарлар. Ақмола облысындағы қоректену жағдаый
негізінен су режимі мен уақытша суарлар анықталады. Қарастырылып отырған
аумақ суағарының еріген қар суымен қоректенуіне сәйкесті олардың су
режимінің негізгі фазасы шұғыл көктемгі су тасу, оның артынан кіші
суағарлардың кейде үлкен өзендерде де толық құрғап кетуіне дейін болатын
сабалық кезең [4].
2.2.1 Көктемгі су тасуы
Ақмола облысының шектерінде көктемгі су тасу 5-104 ортасында
басталады, орташа өзендерде және кіші суағарлармен бірдей. Тасу
тербелісінің басталу мерзімі жылдарда наурыздың екінші жартысынан сәуірдің
үшінші декадасына дейін тасудың аяқталуы суағарларда көбінесе мамырда және
тек қана аса ірі өзендерде шілдеге дейін созылады [4].
Өзендерде және уақытша суағарлар ауданында әдетте тасу өте қысқа
мерзімді болады. Тасудың тербелісінің ұзақтығы суағардың мөлшеріне тәуелді
(орташа 10-80 күнге дейін). Көктемгі ағынды кезеңінің ұзақтылығы маңызды
тербелісінің көктемгі сулы жылдарына сәйкес суы аз жылдарға қарағанда,
әдетте көктемгі суы мол тасудың ұзақтылығы көбірек. Орташа өзендердегі
тербелістің ұзақтылығы көктемгі сулылығына тәуелді (30-70 күн).
Ақмола облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі көктемгі тасу
кезінде маңызды орташа және үлкен өзендерде 3-4 м, кіші суағарларда шамамен
1-2 м құрайды. Әсіресе көктемгі суы мол тасудың биіктігі 5-8 және 2-4 м-ге
тиісті, өте аз суы жылдар үшін 20-30 см жетеді. Көктемгі тасудың көтерілуі
әдетте тез өтеді. Ең жоғарғы тәуліктік су деңгейінің көтерілуі тасу
кезеңінде орташа өзендерде әдетте шамамен 100-150 см құрайды, ал өте суы
мол жылдарда 250-300 см, тіпті 330-370 см жетеді (Есіл өзені – Есіл қаласы
және Каменный селосы, Карьер, Терісаққан өзені – Терісаққан селосы, Сортусу
өзені – № 58 бөлімше). Су деңгейінің көтерілуінің ең жоғарғы қарқындылығы
көбінесе суы мол жылдарда болады, суы аз жылдарында сонымен қатар кептелу
құбылысы байқалады. Тасудың төмендеуі едәуір жайырақ болады, оның
көтерілуіне қарағанда. Ең жоғарғы тәулік үшін су жоғарғы су деңгейін әдетте
шамамен 50 см құрайды, басқа жылдарда 100-150 см жетеді. Көктемгі
деңгейдің түсуі негізінен үлкен қарқындылығы Селеті өзенінде 231 смтәулік
ішінде белгіленген.
Тасу кезінде су өтімі мен деңгей деңгей арасындағы тәуелділік. Тасуда
деңгей режимі үлкен өзгешелігімен ерекшеленеді және көктем мезгілінде ағыс
өзендердегі судың өзгеруін әрдайым айқындамайды. Тасу кезінде деңгей және
ағыс жүрісінің аса маңызды айырмашылығы мұздың жағдайына байланысты.
Сондықтан тасудың көтерілу кезеңінде деңгей тербеліс кезеңіне қарағанда
кем, мұз жағдайы әсерінен су тасудың пайда болған деңгей режимі кіші
суағарларда әсіресе орташа өзендерде ол суы аз жылдарда байқалады. Үлкен
емес суағарларда, грунт суы шығаратын арналарда, қыста ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz