Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің лизингтік операциялары



Кіріспе

І Бөлім Лизингтің теориялық негізі
1.1 Лизингтің мәні, түрлері және оның классификациясы
1.2 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері
1.3 Лизинг . халықаралық тәжірибеде

ІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму кезеңдері
2.2 Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
2.3 АҚ «АТФ . лизингтің» операцияларына талдау

ІІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды дамыту жолдары
3.1 Лизинг бизнесінің даму перспективалары
3.2 Лизингтік операцияларды сақтандыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарыктық катынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңіндс өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді каржыландыру түріне айналады.
Қазакстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибиесін лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы колдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ; екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І Бөлім Лизингтің теориялық негізі
1.1 Лизингтің мәні, түрлері және оның классификациясы
1.2 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері
1.3 Лизинг – халықаралық тәжірибеде

ІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің
лизингтік операцияларына талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму кезеңдері
2.2 Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
2.3 АҚ АТФ – лизингтің операцияларына талдау

ІІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды дамыту
жолдары
3.1 Лизинг бизнесінің даму перспективалары
3.2 Лизингтік операцияларды сақтандыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар
Кіріспе

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық
салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында
ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарыктық катынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңіндс
өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық
қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның
өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт
төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі
экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың
физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша
лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы
көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл
орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан
шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді каржыландыру түріне айналады.
Қазакстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибиесін
лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік
нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы колдаушы және кедергі факторларға талдау
жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан
Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ;
екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп
есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін
зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып Қазақстандағы даму
жолдарын іздеу.

I Бөлім. Лизингтің теориялық негізі.
1.1. Лизингтің мәні, түрлері және оның классификациясы.

Лизингтің пайда болуы
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т.Кларк б.э.д. 1760 жылы
қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды
көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан
Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы "Белл
Телефон Компани" деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін тілге тиек етеді. "Юнайтед Стейтс лизинг корп" атты
алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған.
Европада 1962 жылы "Дойче лизинг" деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.
"Лизинг" сөзі "lеаsе" деген ағылшын сөзінен шыққан, "жалға беру" деген
мағынаны білдіреді. Осыдан барып бізге мынадай сұрақ туындайды: "Лизинг"
сөзі қалай пайда болды, оның жалға беруден айырмашылығы неде?
Айта кетер болсақ "жалға беру" сөзі ол мүлікті белгілі бір уақытқа,
арнайы төлем талап ете отырып басқа біреуге қолдануға беру. "Жалға беру"
шартында, жалға беруші өзінің жеке меншік-мүлкін өзіне керек емес уақытта
пайда көру үшін басқа біреуге береді. Бұл шартта екі жақтың болатыны айдан
- анық. Ол жалға беруші мен жалға алушы.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықгарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және
қоймаға арналған кұрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шартын білдіреді.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші - лизингтік мәмілені іске асыру барысында
меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг
объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және
шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының
ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке
немесе заңды тұлға.
- Лизинг алушы - лизинг келісім-шартына сәйкес
лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде
уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу
шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта
лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін сатып
алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар
лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:
- Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда
болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды түлға. Лизингтің кез-
келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес
тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен
құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген
төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг
берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің
меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы
(жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті
келісім-шарттар жиынтығы.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды,
құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б.
тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи
ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
90-шы жылдардың бірінші жартысында, нарықтық өзгерістер нәтижесінде,
бұрын біздің экономикамызда болмаған қаржы құралдары, банктер, несие
орталықтарында және жай ғана мекемелерде қолданыла бастады.
Осы сияқты шарттардың бірі, Батыста кеңінен қолданған, жаңа
инвестицияның қайнар көзі болып табылатын қаржылық жалға беру немесе
қаржылық лизинг, басқаша айтсақ жай ғана лизинг.
Осылайша лизинг терминін қолдану жалға берудің жаңа түрін енгізуге
үлкен әсерін тигізді.
Қаржылық лизинг шарты бойынша мүлікті шығарушы мен оны қолданушының
арасында қаржы жұмысы бойынша делдал (посредник) жүреді. Оның атқаратын
қызметі: шартты қаржыландыру.
Қаржылық лизиг - жеке меншік мүліктік белгілі бір төлемақыға басқа
біреуге уақытша пайдалануға берудің нәтижесінде шыққан мүліктік және
экономикалық қатынас. Ал классикалық лизинг бойынша үш тұлганың шартқа
қатысты байқалады: лизинг беруші, лизинг алушы және мүлікті сатушы.
Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржы жоқ потенциялды лизинг
алушы лизинг мекемесінде шарт жасауға ұсыныс жасайды.
Бұл келісімшарт бойынша лизинг алушы өзіне алатын мүлікті жақсы білетін
сатушыны таңдайды, ал лизинг беруші меншігіндегі мүлікті лизинг алушыға
лизинг төлем шарты бойынша уақытша қолдануға береді. Келісімшарт
аяқталғаннан кейін - шарт бойынша мүлік лизинг берушіге қайтарылады немесе
лизинг алушының жеке меншігінде қалады.
Егер сатушы немесе лизинг беруші, немесе сатушы не лизинг алушы бір
адам болса, онда шартқа катысушылар саны екіге қысқарады.
Егер лизинг мүлігі өте қымбат болса шартқа катысушылар саны да
көбейеді. Ол лизинг берушінің қаржы мөлшеріне байланысты.
Мүліктік қатынас жағынан қараганда лизинг шарты екі сатыдан тұрады.
1. Сату-сатьш алу құқығы.
2. Мүлікті уақытша пайдалану күкығы.
Бұл кұқықтар өртүрлі келісім шарт арқылы жасалады.
Егер лизинг келісімшартында мүлікті келісімшарт біткеннен кейін
сатылады деп алдын-ала көрсетсе, онда мүлікті уақытша пайдалану қатынасы
сату-сатып алу қатынасына ауысады да, лизинг беруші мен пайдаланушы
арасыңда тек мүлік болады.
Айта кетерлік бір жайт лизинг процесі кезіндегі барлық элементтер бір-
бірімен тығыз байланысты.
Мүлікті уақытша қолдану катынасы (яғни лизинг келісімшарты) сату-сатып
алу туралы келісім шарттарға өз күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді
яғни бір келісім шартты жасау, екінші үлкен істі атқаруға бастама болады,
ал лизинг процесіне қатысушылар тығыз байланыста бола отырып, әртүрлі
сатыда өзара қызмет атқарады. Бірінші сатыда, құрал-жабдықты жөндеуші
және болашақ лизинг беруші сату-сатып алу келісім шартын жасай отырып
сатушы және сатып алушы ретінде таныла алады. Осыдан мүлікті пайдаланушы,
сату-сатып алу келісімшартында заңды түрде қатыспаса да, лизинг шартының
белсенді тұлғасы болып қала береді. Сату және сатып алу келісімшартының
техникалық сұрақтарын (мәселен, мүлікті қабылдап алу тәртібі) дайындаушы
мен лизинг алушының арасында шешіледі, ал лизинг берушіге шартты
каржыландыру міндеті артылады.
Ал екінші сатыда мүлікті сатып алушы, сол мүлікті лизинг беруші ретінде
уакытша колдануға береді. Бірақ екінші келісімшарт бойынша қарым-қатынастар
мүлікті қолданушы мен лизинг берушінің арасында болмайды. Мүлікті сатушы
лизинг берушімен келісімшартқа тұрғанымен, құрал-жабдықтың сапасына қатысты
жауапкершілігі пайдаланушының алдында қала береді.
Лизинг қатынасындағы үлкен де маңызды рөлді мына бір құбылыс атқарады:
Ол мүлікті уакытша қолдануға беру катынасы. Ал мүлікті сату және сатып алу
қатынасы екінші орында. Сондықтан да жұмыс барысында лизинг
келісімшартындағы шарттардың барлығының орындалуына көбірек көңіл бөлген
жөн.
Экономикалық жағынан лизинг несие және инвестициямен ұқсас болып
келеді. Осылайша несиелік қарым-қатынастары үш үлкен принципке тоқталады.
1. Несие белгілі бір мерзімге ғана беріледі.
2. Белгіленген мерзімнің қайтарылуы (возвратность)
3. Көрсетілген қызмет үшін белгілі бір төлем алынады.
Лизинг бойынша мүлік иесі, затын уақытша басқа біреуге қолдануға береді
де, белгіленген уақытта оны қайтадан алады, ал жасаған қызметі үшін
төлемақы алады. Сырт көзге несие қатынасының элементі сияқты. Бірақ,
қатысушылар ақшамен емес, мүлікпен жұмыс істейді, Осыған байланысты ол
тауар нссиесіне, ал формасы жағынан инвестициялык, қаржыландыруға ұқсайды.
Лизинг шарты толық мәнді орындалуы үшін лизинг берушінің өзінің жеке
қаржысы болуы керек немесе ол "арзан" ақшаға қолы жете алуы керек. "Арзан"
ақшаға қол жеткізу дегеніміз - банк, несие орталықтары, қаржы құрамының
көмегімен жасалған лизинг компаниялары.
Лизингтің бүкіл әлем таныған, ең белгілі түрі қаржы лизингі және
операциялық лизинг. Операциялық лизингті баскаша оперативті лизинг деп
атайды. Лизингтің осындай түрлерге бөлінуі көбінесе мүлікті қолдану уакыты
және тәуекелге бел буумен лизингке берілген мүліктің байкаусызда бүлінуімен
байланысты.
Оперативті лизингте келісімшарт мерзімі мүліктің пайдалану мерзімімен
қысқа болады және лизингтік төлемдер мүліктің толық құнын жабады. Сондықтан
да лизинг беруші мүлікті уақытша колдануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады
және де оның мүлкіне сұраныс жоқ болса, мүлік құнын жоғалтады. Осындай
шарттарға байланысты оперативті лизингтің құны қаржы лизингінен анағұрлым
жоғары болады.
Қаржы лизингіне жалға беру мерзімінің ұзақ болуы мүлік құнының (көп
немесе барлығының амортизациясы) үлкен болуы тән. Лизинг шарты уақытында
лизинг беруші лизинг төлемдерінің арасында өзіне мүліктің толық құнын
қайтара алады және лизинг шартынан өзіне пайда көреді.
Отандық әдебиеттерде көп жағдайда, лизинг деп машиналарды, жабдықтарды,
транспорт түрлерін, кұрылыс салуда алатын жал немесе ұзақ мерзімге жалға
алу деп түсінеді. Бірақ "лизинг" түсінігінің тар мағынасын мазмұны жағынан
ыңғайлау, шаруашылық қатынас формасында оның мәнін толығымен ашпайды.
Лизингтің арендасы едәуір үлкен айырмашылығы бар. Жалға алушыға
қарағанда лизинг алушы объектіні тек ұзақ мерзімге қолдануға ғана алмайды.
Оның мойнына жеке меншік құқыұымен байланысты сатып алушының дәстүрлі
міндеттері ілінеді, олар: мүлік ақысы, кездейсоқ жағдайда мүлік жоғалса
орнына келтіру, оны сақтандыру және техникалық жабдықтау, сонымен бірге
жөндеу. Алайда лизингті беруші мүлікке жеке меншілік етеді.
Лшннгті келісім объектісінің өлімі мен қолдана алмасушылығы қарызды
өтеу міндетінен бастайды. Лизингті алушының жалға алушыдан
айырмашылығы - лизингті алушы лизингті берушіге объектіні қолданған
құқығы үшін әр ай сайын ақша төлейді, оның толық бағасын төлейді.
Лизингтік келісімде объектінің кейбір ақаулықтары болып калса, лизингті
беруші барлық кепілдік міндеттерінен басталады деп есептелінеді, ал
лизингті алушы барлық талабын тікелей жеткізіп берушіге қояды.
Лизингті беруші объектіні лизингті алушылардың сұрауымен
орындайтындықтан , мұндай тәсіл дәлелденген. Сонымен қатар, міндеттерді
осылайша бөлу объектіні күтудің кепілі болып табылады.
Сол сияқты мынаны да есепке алу қажет, егер жалға беру жалға алушы мен
жалға берушінің арасындағы екі жақты келісім болса, ал лизингтік контракт
үнемі үш жақты немесе көпжақты мінезге ие. Оны келесі схемадағы мысалдан
көруге болады.
СХЕМА

Кейбір экономистер лизингті, белгілі бір товарды үшінші жақтың
жеке меншік құқығы ретінде қолдану және оғган қысқа, орта және ұзақ
мерзімді жалға беретін, арнайы лизингтік компанияның делдалдылық негізінде
негізгі қорға қаржы белу (финансированиесінің) спецификалық формасы деп
түсіндіреді.
Лизингті қаржыландырудың бір тәсілі деп қарастыру, лизингті беруші
лизингті алушыға жабдықты қолдану және оның ақшасын бөліп-бөліп қайтаруға
мүмкіндік беруінен бастау алады, былайша айтқанда несиеге береді.
Басқалары лизингтік продукцияны жалға алу инструменті және
инвестициялық процестің маңызды каналы толық қамтылған іскерлік қарым-
қатынастағы жаңа формалар деп есептейді. Сонымен катар оның ұзақ мерзімді
қолдануда товарды экспортқа шығаруда несиелеу формасы деп те қарастырады.
Тар және бірмағыналы қатардағы анықтамалар бойынша, жалға беру
-қаржыландыру формасы, несиелеу формасы, товарды жалға алу формасы -
лизингнтің көп қырлы табиғаты жаңа, күрделі пар-парымен лизинг – несие,
лизинг - жалға беру, жалға беру – істеу, лизинг - сатып алу,
жалдау - сатып алу, сату-қарсы лизинг, сатып алу лизинг сияқты
конструкция тудырады. Сондықтан бір жағдайларды лизинг сауда-қаржылық
несие қаржы-коммерциялық операция деп түсіндірілсе, баска жағдайларда -
сату - жалға беру, кейде - несие - жалға берушілік келісімі деп танылады,
Австрияның атақты бизнесмендерінің бірі Вольфганг Хайер "Европада
бизнес көзін қалай табуға болады" деген кітабында "Лизинг ол не, жалға беру
кепілі ме, әлде несие алу келісімі ме?" деген сұрақ қояды да, "Тұтастай
алғанда, лизинг жоғарыда аталған келісімдердің элементтерінің
сәйкестігінен туындайтын ерекше түрдегі келісім" деп жауап береді.
Лизинг мәселесімен айналысатын көптеген ресейлік экономистер "лизинг -
аренда мен жалға алған жабдықты төлеу несиесін байланыстыратын сфера" деген
ұқсас пікірді ұстанады.
Е.Кабатов, Е. Чекмарев, В.Перов деген сияқты, "лизинг" түсінігіне
кең мағына берушілердің пікірі бойынша, лизинг күрделі комплексті
келісімдер қарым-қатынасын қамтиды жөне екі немесе одан да көп келісім
негізінде жүзеге асады, соның ішіндегі ең маңыздысы сату-сатыл алу және
мүлікті жалға алу келісімі.
Е.Чекмарева былай дейді: "Лизингге негізгі, өзекті, анықтайтын мәселе -
мүлікті уақытша қолдануға беру қатынасы. Көмекші рольді мүлікті сату-сатып
алу қатынасы атқарады. Бұл қарым-қатынастар кағида бойынша мүлікті
қолдануға беруді ғана болжамайды, сонымен бірге колданушы мүлікті алған
жағдайда лизинг келісімі біткен соң, лизинг қарым-қатынасының барлық
комплексін аяқтауға да болады.
1988 жылы Оттава каласында халықаралық қаржы лизингі туралы қабылданған
конвенцияда да осындай амал бар, онда былай делінеді. Лизинг халықаралық
тәжірибеде үшжақты қарым-қатынастар комплексі деп түсіндіріледі, онда
лизинггік компания қолданушының өтініші мен сұрауы бойынша оған өндіріс
жабдықтарын уақытша қолдануға береді, келісім мерзімі біткен соң,
жабдықтарды қолдану жеке меншікке айналдыру мүмкіндігі қарастырылады.
Экономикалық қатынаста лизинг қаржы операциясы, қаржы бөлуді жүзеге
асыру амалының жаңа формасы деп қарастырылады. Егер лизингті -
шапшаңдық, қайтарымдық және ақылық шартпен мүлікті уақытша колдану деп
түсінсек, оны негізгі қорларға затты несие ретінде бере аламыз. Осы
тұрғыдан алып қарағанда, лизинг машина немесе жабдық сатып алуда несие
алудың бір формасы немесе дәстүрлі банктік қарыздарға жататын еді,
Кез-келген лизиигтік келісімнің өзекті мәселесі - қаржы, нақты
айтқанда, несие операциялары. Мүліктің иесі қолданушыға өз тарапынан
қаржылық көмек көрсетеді; ол мүлікті толық бағасына сатып алады,
жекешелендіреді, содан белгілі бір уақыт өткен сайын, лизинг алушы сол
сумманы орньша қояды.
Сондықтан экономикалық мағынада лизинг - лизинг берушінің лизингті
алушыға мүлікті пайдалануға беретін форма немесе несие. Мұндай несиелік
қарым-қатынастарда субъект ретінде қарыз беруші - лизинг беруші, ал қарыз
алушы лизинг алушы болады, қарыздың объекгісі машиналар, жабдықтар
транспорт түрлері және т.б, негізгі элементтер.
Қарызға берілген лизингтің бағасы сыртқы формасы жағынан коммерциялық
несиеге ұқсас, алайда олардың арасында принципиалды айырмашылықтар бар.
Бұл коммерциялық несие және лизингті жеке меншіктік қатынасына
қатыстығын керсетеді. Коммерциялық несие негізінде, товарды уақытша
қолдануға берумен бірге, келісім объектісі, яғни товарға жеке меншікке алу
кұқығы да беріледі. Меншікке товарды пайдалану құны , дәл қазір төлеуге
мүмкіндік жоқ, уақытша иегерімен төлемдер кіреді.
Лизинг кезінде мүлікті пайдалану құқығы басқару құқығынан ерекшеленеді.
Лизингті беруші қолдануға берілетін мүлікті басқару құқығын сақтап қалады,
ондай болса оны пайдалану құқығы лизингті алушыға көшеді. Осы қолдану
кұқығымен, лизингті берушімен келісіп, лизингті төлем жүргізіп отырады,
Лизинтің уақыт мерзімі біткен соң, объект лизинг берушінің жеке меншігінде
болады. Мынадай да жағдайлар болады: лизинг алушы лизингтік келісім бойынша
объектіні қолданудың уақыт мерзімі біткен соң, оны сатып алу құқығы бар,
соған сәйкес объектінің құнын төлеген соң, жеке меншікке құқығы бар.
Коммерциялық несие де, лизинг те де саудалық және несиелік келісімнің
өзара байланысы көрсетіледі. Коммерциялық кредит кезінде несиелік келісім
сату-сатып алу актісіне негізделген, оның тіршілігі саудалық келісімнің
тіршілігіне байланысты. Лизинг кезінде сату-сатып алумен бастала бермейді,
себебі ол лизингтік компанияның жеке меншігі де бола алады, және әрқашан да
лизингтік келісім мүлікті лизинг алушы сатып алумен аяқтала бермейді.
Коммерциялық несие товар түрінде беріледі де, ақшалай жабылады.
Лизингте де несие товар түрінде беріледі. Экономикалық табиғаты жағынан
лизингтік төлем - несиені мүлік түрінде қолдану төлемі. Келісім
біткеннен кейін, лизинг берушіге, қағида бойынша объект натуралды - заттық
формасында қайтарылады. Лизингтік келісімнін компенсациялық өзектілігі де
болуы мүскін, онда төлем жабдықты жалға алу негізінде продукцияны
жабдықтау формасында немесе қарсы жұмыс формасы ретінде жүзеге асуы
мүмкін. Коммерциялық кредит қысқа мерзімді. Классикалық лизингте, қағида
бойынша, әрі орта мерзімді және қысқа мерзімді келісімдермен бірге, ұзақ
мерзімді жалға алу да бар.
Лизинттің несиеден өзгешелігі бар, банктік қарыздың кепілі ретінде
жалға алушының мүлігіне жеке меншік құқығы бар. Оның қарызы өтелген соң,
мүлік жалға алушының меншігіне айналады. Лизингті қарым-қатынастарда жалға
алудың ақшасы төленіп болған соң, объект лизинг берушінің меншігіне
айналады.
Перов В.А. былай дейді: Лизингтің феномені 70 жылдарға таман
жәй ұзақ мерзімді жалға алу ретінде ғана емес, жалға алу қатынастары,
кепілдікпен несие алуды қаржыландыру элементтері, қарыздық міндеттерді
есептеу және т.б. қаржылық механизмдері бар жаңа, дәстүрлі емес,
спецификалық, перспективті қаржыландырудың толық системасы бар деген
сияқты ерекшеліктерге ие болды.
Бұл түсінікке кеңірек берілген амал. Сыртқы экономикалық білім
негіздері деген сөздік - анықтамада беріледі: Лизинг - машина және
жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу, жалға берушінің товарға жеке меншік
құқығын сақтап қалуға негізделген, инвестицияны қаржыландырудың және өтімді
активизациялаудың салыстырмалы жаңа тәсілі. Лизингті компаниялар
машиналарды, жабыдқтарды, компьютерлерді, транспорт түрлерін сатып
алып жалға берушілерге өндіріс мақсатында қолдануға береді, сонымен
бірге келісім біткенге дейін оларға меншік қаржы ресурстарын қолдануға
альтернативті. Ол өндірістік компанияларға товарды ешқандай шығынсыз алуға,
өнімнің ескірунен пайда болатын шығьннан құтылуға мүмкіндік береді.
Нақты экономикалық мағынасына келсек, лизинг – мүлікті уақытша
қолдануға беру негізінде қалыптасқан мүліктік қатынастар комплексі.
Мүліктік жалға алу келісімімен бірге, бұл комплекс сату-сатып алу
келісімі, қарызға алу келісімі және т.б. да келісімдерді өзінің құрамына
енгізеді. Лизингке осы келісімдердің күрделі үндесуі және ондай
қатынас негізінде туындайтын сіңісушілік тән.
Лизинг тартымдылығы (привлекательность)
Біздің білуімізше қатысушы(лар) тұлғаларға пайда әкелмеген шарттар
ешқашан да кең ауқымда қолданыла алмайды. Қатысушы тұлғалар үшін лизинг
тартымдылығын мынадай шарттар арттыра түседі:
1. Ақша несиесіне қарағанда мүліктік түрде инвестициялау
құралдың қайтарылмай қалу мүмкіндігін жояды, себебі лизинг
берушіде мүлікке деген жеке меншіктік құқығы болады және ол ақшаға
қарағанда қайтарып алуға болатын зат ретінде қаралады.
2. Лизинг 100 пайыздық несиелеуді қарастырады және де алғашқы төлемді
қажет етпейді. Сондықтан ешқандай да қаржылық күйзеліске түспей, қымбат
мүлікті алу мүмкіндігі болады. Ал жай несиеде, несие беріп отырған
мекеме сатып алынған заттың құнын алушының атынан өзі төлеуге тиіс болады.
3. Қандай мекемеге болмасын мүлікті лизинг бойынша алуы тиімді,
өйткені лизингтік мүлік кепіл (залог) ретінде танылады. Шетелдерде
кейбір лизингтік мекемелер лизинг алушыдан ешқандай кепілдік (гарантия)
талап етпейді.
4. Лизинг келісімі екі жаққа да төлемнің ыңғайлы түрін қарастырады.
Қатысушы тұлғалардың өзара келісімімен лизинг төлемін тауар реализациясының
төлемін алғаннан кейін де бере алады.
5. Лизинг алушының ішкі жан дүниесіне (моральный) де денсаулығына
да көп зиян келмейді, себебі мүлік жеке меншікке алынбайды. Ол тек
уақытша қолдануға алынады.
6. Лизинггік мүлік лизинг берушінің балансына кірмейді және бұл
мүлікке лизинг беруші салық төлемейді.
7. Лизинг беруші үшін салық төлеміне жеңілдіктер жасалады. Ол
үшін лизинг беруші лизинг алушымен салықты төлейді, бірақ лизинг
төлемінің құнын түсіреді.
8. Мүлікті өндіруші үшін өнімнің өтімділігі арта түседі.
9. Халық шаруашылық жағынан алып қарайтын болсақ, лизинг өнімді
реализацияға беру, өндірудің дамуы ғылыми-техникалық прогресстің дамуы,
жаңа жұмыс орындарын салу. Сондықтаң да мемлекетіміз
лизингтік операцияларда пайдалануды кеңейтудің жолын қарастыруда.
Лизингке қатысты кейбір кемшіліктерді де атап өту жөн болады. Лизинг
беруші үшін мына кемшіліктер пайда болады.
Мүліктің ескіруі және лизинг төлемнің ұзақ болуы.
Ал лизинг алушыға лизингтің бағасы сатып алу мен банктік несиеге
қарағанда жоғары болады.
Бірақ лизингтің пайдалы жағы пайдасыз жағынан қарағанда анағұрлым
көп, ал лизингтің даму тарихы көптеген мемлекеттерде оның өндірісті
дамытудағы маңызы зор екендігін дәлелдейді. Лизинг тартымдылығы салықтық
және амортизациялық жеңілдіктердің кіруімен арта түседі.

Лизинг түрлері және оның ерекшеліктері
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің
көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын (возвратный) лизинг;
- Үлестік лизинг;
- Тура лизинг;
- Сублизинг;
Шұғыл лизинг
Шұғыл лизинг - ағымдағы жал туралы келісім. Әдетге бұл
келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады.
Яғни, келісімшартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын
өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісімшартты
уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымнен бірге бұл келісімде лизингке
берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет керсету және басқа
қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моралъді) құралдар
(компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және
техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк
автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизннгтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан
бұрын келісімшартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа
бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске
асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті
ұстау және сату жөніндегі қиындыктары туындамайды. Лизинг берушінің
ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық персоналды ұстаудағы қажеттілікті
төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің
жоғары болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінін тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да
шарттары;
Қаржы лизингі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын
мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан
бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің
құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық
шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді.
Лизингтің бұл түрі кезінде кұралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету
бойынша барлық шығыңдар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен
қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы
негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі
едәуір төмен болады. Былай Қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді
несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық
өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз
міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау кұқығын
қарастырады.
Қаржы лнзингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар
мен қүрылғылар), сонымен қатар үзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі кайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып
табылады.
Қайтарылатын лизинг
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға
болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол
сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісімшартына отырады. Бұл
кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық,
сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің
нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала
отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер
негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың
қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Үлестік лизинг
Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл түрі
3 жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор
түрінде банк, сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді.
Бұл келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал
келісім-шартын жасап, лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен
сатып алады. Алынған займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік
немесе негізгі құрал болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ
кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен өтеліп отырады, Сонымен қатар
лизингтік компанияның салықтық және займды өтеу кезінде жеңілдіктерді
пайдалануға мүмкіншілігі туады.
Тікелей лизинг
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-
жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады.
Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға
болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз
өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға ІВМ, Хегох, GАТХ,
көптеген әуекемелерін, теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші
компаниялар жатады. Мысал үшін, "Даймлер-Крайслер" және ВМW концернлері
ірі лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы
компаниялар арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг
Сублизинг - сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін
пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін
лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша
пайдалануға береді. № 7В-ІІ 05.07.2000 ж. Қаржы лизингі туралы ҚРЗ-на
сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің
міндеттемелерің 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты
міндетт і түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол
да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық
сублизингтің бір ерекшелігі ретіңде лизинг объектісінің Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-щартының
мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Жалпы танылған тәжірибеде лизингтің түрлеріне мыналар жатады:
шартқа қатысушы тұлғалардың саны;
­ мүліктің түрі;
­ нарық секторы;
­ лизинг төлемінің формасы;
­ міндет алу көлемі;
­ мүлікті пайдалану көлемі мен соған байланысты
амортизация шарттары
Шартқа қатысушы тұлғалардың санынан лизингтің мына түрлерін бөліп
қарастыруға болады:
- екі жақты лизинг шарты (немесе тікелей лизинг), бұл шарт бойынша
мүлікті қоюшы мен лизинг алушы бір тұлға болады.
- кепжақты лизинг шарты (немесе жанама лизинг). Бұл шарт бойынша
лизингті қоюшы емес, қаржылық делдал өткізеді. Қаржылық делдал ретінде
лизинг беруші мекеме танылады. Шарттың бұл түрінің классикалық нұсқасы үш
жақты болуы табылады. Қатысушылар: қоюшы - лизинг беруші - лизинг алушы.
Мүліктің түрі арқылы мыналарды айыра аламыз:
- жылжымалы мүлік лизингі (жұмыс машиналары, көлік құралдары,
өндірістік кұралдар).
- жылжымайтын мүлік лизингі (өндірістік ғимараттар, т.б.).
Лизинг операциясының қай жерде өткендігі жайында нарық секторына
байланысты бөліп көре алатынымыз;
- ішкі лизинг, бұл бойынша шартқа қатысушы тұлғалар бір ғана
мемлекеттің атынан болады;
- сыртқы лизинг (халықаралық), бұл шарт бойынша лизинг беруші мен
лизинг алушы әртүрлі мемлекеттерден болады. Мүлікті сатушы басқа бір
мемлекетте болуы мүмкін. Халықаралық лизинг импортты және экспортты болады.
Халықаралық лизингте лизинг алушы импортты лизингке қатысады, ал лизинг
беруші экспортты лизингте болады.
Лизинг төлемінің формасына байланысты мынадай түрлері бар:
- ақшалы формадағы лизинг, бұл бойынша төлемақы ақшамен
белгіленеді;
- өтемақы төлемді лизинг (немесе өтемақылы лизинг), бұл шарт
бойынша лизинг алушы лизинг берушімен тауар арқылы есептеседі;
- аралас төлемді лизинг, бұл лизинг бойынша төлем жартылай ақша
түрінде, жартылай тауар түрінде немесе білгілі бір қызмет көрсету арқылы
төленеді;
Мүлікті қолдану уақыты мен соған байланысты амортизация шарттарының
мынадай түрлері бар:
- Мүлік амортизациясының толық болуына байланысты толық төлемді лизинг.
Бұл жерде келісімшарт уакыты мүліктің қызмет ету уақытымен теңеседі де
лизинг берушіге лизингтің мүліктің толық кұны төленеді.
- Мүлік амортизациясының толық болуының еместігіне байланысты,
жартылай төлемді лизинг. Бұл жерде келісімшарт уақыты мүліктің қызмет ету
уақытынан аз болады да, лизингтің мүліктің қызмет ету уақытынан аз болады
да, лизнигтік мүліктің жарты құны ғана төленеді.
Келісімшарт уақыты мен лизинг мүлігінің негізгі шектік критерийлерінің
бірі ол лизингтің қаржылығы және оперативтілігі.
Оперативті лизинг
Оперативті лизинг бойынша жалға берілетін мүлік, мүліктің қызмет ету
мерзімінен аз уақытқа беріледі. Осыған байланысты бір ғана келісімшарттағы
лизинг төлемақысы, мүліктің толық құнын толтыра алмайды. Сондықтан да
лизинг беруші оны бірінші рет жалға беруі керек, егер оның мүлкіне сұраныс
аз болса, онда лизинг беруші үшін мүліктің толық құнын шығара алмау қаупі
туады.
Оперативті лизингке мынадай белгілер тән:
- Лизинг келісімшартының күшіне еніп тұратын уақыты мүліктің
қызмет ету уақытынан әлдеқайда аз, сондықтан да лизинг беруші бір-ақ рет
жалға беруден, өз мүлкінің құнын шығара алмайды;
- Мүлік лизингке бірнеше рет беріледі;
Лизингн берілетін мүлік арнайы лизинг берушінің тапсырмасымен
берілмейді, лизингтік мекемеде бар мүлік қана беріледі. Басқаша айтқанда
лизиигтік мекеме мүлікті алған кезде, нақты пайдаланушыны білмейді.
Осыған байланысты оперативті лизинг жағына мамандандырылған лизингтік
мекемелер лизинг мүлкінің нарықтық конъюктурасын жақсы білуі керек.
- лизинг шарты екі жақты болады (лизинг беруші-лизинг алушы);
- техникалық қызмет, жөндеуден өткізу, сақтандыру міндеті лизингтік
мекемеге жүктеледі;
- егер мүлік қолдануга жарамай қалса немесе белгілі бір ақаулар болса
лизинг алушы шартты бұза алады;
- егер лизинг мүлігі байқаусызда бүлініп немесе жойылу қаупі лизинг
берушіге төнеді;
- оперативті лизинг төлемі қаржы лизинг төлемінен жоғары болады,
себебі лизинг беруші сұраныстың аз болып қалу қаупін, мүліктің байқаусызда
бүліну каупін бдаіып қарастыруы керек;
- келісім шартың уақыты біткеннен кейін мүлік лизинг берушіге
кайтарылады. Өзінің қалауы бойынша лизинг алушы келісімшартты ұзартуға
немесе мүлікті өзінің жеке меншігіне алып қалуға құқығы бар.
Оперативті лизинг көлікте, кұрылыста, ауылшаруашылықта және де
өндірістің басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Сонымен, қорыта айтқанда оперативті лизинг барлығымызға белгілі "жалға
беру" болып табылады.
Қаржы лизингі
Қаржы лизингі бойьшша уақытша қолдануга берілген мүлік келісімшартты
ұзарту нәтижесінде лизинг алушының жеке меншігіне ауысады. Келісімшарт
уакыты біткенше лизинг беруші лизинг төлемінен мүліктің толық құнын шығарып
алады да, оның үстіне өзіне жеке пайда көреді.
Қаржы лизингіне тән негізгі белгілер:
- қарым-қатынас кезінде жаңа субъект пайда болады, ол мүлікті
сатушы;
- лизинг беруші мүлікті өзі пайдалануы үшін емес, арнайы лизингке беру
үшін алады;
- мүлік пен оның сатушысын таңдау құқығы мүлікті пайдалаңушыға
беріледі;
- мүлікті сатушы адам, оның тек қана лизингке беру
үшін алынғандығын жақсы біледі;
- мүліктің сапасына байланысты, дұрыс емес жерлерін жөндеу, сияқты
жұмыстарды лизинг аладьі тікелей мүлікті сатушыға табыстайды;
- мүліктің байкаусызда құртылған жағдайдағы міндет мүлікті өткізу
жайлы актіге қол қойылғаннан кейіи лизинг алушыға өтеді.
Қаржы лизингінің өзінше жеке сала ретінде калыптаскан бірнеше түрлері
бар:
Классикалық, қаржылық лизинг - бұл түр бойынша шартқа үш тұлға қатысады
және мүліктің толық құны орнайды. Лизинг алушының арызы бойынша лизинг
беруші керекті. Мүліктерді алып, оған береді де, осының нәтижесінде өзінің
қаржылық шығынының орнын толтырып үстінен пайда көреді.
Қайтарымды лизинг - ол екі жақты лизинг шартының бір түрі болып
табылады. Құрал-жабдықтары бар мекеме, өз мүлкін лизингтік мекемеге сатады,
ал лизинттік мекеме осы мүлікті оған қайтадан лизингке береді. Осылай
айналымға түсіреді. Келісімшарт былай жасалады: келісім шарт уақыты
біткеннен кейін мекеме құрал-жабдықтарды өзіне жеке меншікке қайтадан өз
атьгна өңдеуіне құқығы бар.
Осы сызбаға қараганда лизингке үлкен мекемелерді де беруге болады, ал
лизинг алушы мен қоюшы бір ғана заңды тұлға болып қалады.
Лизингтің бұл түрі қаржылық ресурстардан киындық көріп отырған қандай
мекемені болмасын қызықтырады. Мұндай мекемелерге лизингтік мекемелердің
мүлкін сатып, бір уақытта лизингтік келісімшартқа отырып, мүлікті пайдалана
беру өте тиімді.
Левередж лизинг - бұл лизингтің ең күрделі түрі болып табылады, себебі
ол көп каналды қаржыландырумен байланысты болғандықтан көбінесе қымбат
ғимараттарды реализациялауда қолданылады. Бұл лизингтің айырықша белгісі
құрал-жабдықты лизинг беруші алатын кезде, өз қалтасынан құрал-жабдықтың
барлық құнын емес, тек бір бөлігін ғана төлейді. Ал қалған бөлігін бір
немесе бірнеше несиеге алушылардың қаржысынан төлейді. Сонда да лизингтік
мекеме барлық салықтық жеңілдіктерін пайдалана береді, салық жеңілдіктері
мүліктің толық құнына есептелген. Бұл лизинг бойынша негізгі кдуіп -
банкке, сақтандыру компанияларына, инвестициялық қор мен басқа да қаржылық
мекемелерге төленеді. Батыста лизинг шарттарының 85 пайызынан астамы
левердж лизингті қолданады.
Сату кезіндегі лизингтік көмектер. Бұл лизинг бойынша келісімшартта
мүлікті сатушы мен лизингтік мекеме қатысады. Бұл келісімдердің әртүрлі
формалары бар. Ең қарапайым жайттағы керек болатын анықтамалар: лизинг
компаниясының аты, мекен-жайы, телефон нөмірі және негізгі лизинг
шарттары сатушының жарнамалық материалдарында көрсетіледі, ал лизингке
берілген мүлікті қолдану жайлы сұрақтарды лизинг мекемесі өзара келісім
жасай алады, сатушы лизинг шартында лизинг мекемесінің атынан көрініс таба
алады. Бұл келісім мынадай шартпен жасалады; егер лизинг алушы банкрот
жағдайына ұшыраса, сатушы лизингке берілген мүлікті сатып алуға міндетті.
Сублизинг.
Лизинг көбінесе тікелей емес, делдал арқылы жүзеге асады. Ол былай
болады. Негізгі лизинг беруші болады, ол делдал арқылы құрал-жабдықтарды
лизинг мекемесіне немесе лизинг алушыға береді. Бұл шартта мынадай мәселе
алдын-ала қарастырылады. Егер делдал банкротқа ұшыраса немесе лизинг
төлемін төлеуге шамасы келмесе, төлемді негізгі лизинг беруші мен лизинг
алушы әртүрлі аймақтарда болса қолданылады. Бұл жағдай болған кезде құрал-
жабдықтың дұрыс қолданылуын, төлемдердің дұрыс төленуін жергілікті лизинг
мекемесі бақылап отырса жөн болады.
Халықаралық деңгейдегі сублизинггік шарттар "дабл диппинг" деген атпен
салық пайдасын екі немесе одан да көп мемлекеттерден көре алады. Мысалы, 80-
ші жылдардың басында сублизинг арқылы Ұлыбритания арқылы АҚШ-қа ұшақтар
өндірілді. Бұл шарттың жеңілдігі мынада: егер Ұлыбританияда лизинг
берушінің жеке меншікке құқығы болса, ол жерде салықтық жеңілдіктер көп
беріледі, ал АҚШ-та лизинг беруші билеу құқығына ие болады. Осы белгілерді
негізге ала отырып, мынадай сызба жасауға болады.
Лизинг Ұлыбританиядағы лизингтік мекеме жеке меншіктікке ұшақ сатып
алады да оны Американың лизингтік мекемесіне лизингке береді, ал ол өз
кезегінде ұшақтарды жергілікті авиа мекемелерге лизингке береді.
Көбінесе лизингтік мекемелер салық жеңілдіктерін қолдана отырып,
бірнеше филиал ашады.
Лизинг түрлерінің классификациясы
Лизинг түрлерінің классификациясы шетелдік, отандық теорияда да,
тәжірибеде де жеткілікті дәлелденген.
Лизингтің түрлерін бөліп шығару, классификациясының белгілерінен бастау
алады.
Ондай белгілер:
• келісімге қатысушылардың құрамы;
• жалға берілген мүліктің түрі;
• орнын жабу дәрежесі;
• амортизация шарты;
• қамтамасыздандыру көлемі;
• операциялар өтіп жатқан, рынок секторы;
• салық және амортизация жеңілдіктеріне қатынасы;
• лизингті төлем мінездемесі.
Келісімге қатысуышылар құрамына байланысты, ол екіге бөлінеді:
тура лизинг, мұнда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке береді.
жанама лизинг, мүлікті делдал арқылы беру.
Лизинг алушының қалауы.
• Лизинг сферасына жаңа мүліктік объектілерді қатыстыру мүмкіндігі;
• Жұмысқа қажет жоғары өнімді жабдықты лизингке тезірек алу және
жаңа технологияларды тезірек пайдалану, рыноктың
кеңеюі, тұрақтылықтың өсуі, келген пайдадан үзінді алу
мүмкіндігі;
• жабдықтарды сатып алуда лизинг бойынша заттарды үнемдеу
жиынтығы;
• Лизингті алушының экономикалық меншігіндегі лизингтің объектісі үшін
төлем жүйелерінің майысқақтығы;
• Техниканы қайта жабдықтау өнімінде жеке меншік
старт капиталында қажеттіліктің төмендеуі;
• Лизинг төлемдерінің шығынға қатынасты салық салу пайдасының азаюы;
• Лизинг беруші төлеп отыратын мүлікке салынатын салықты
үнемдеу есебінде салық шығындарының төмендеуі;
• Еңбек көлеміндегі операциялардан басқа мүлікті
алу, ликвидациялау және сатуда административті шығындарды азайту;
• Өндірілген өнімдер бірлігіндегі ресурстардың шығындарын
төмендету;
• Еңбекті өндірудің көтерілуі;
• Өндірістік-техникалық инфраструктураның жетілуі;
• Продукцияны өндіру масштабының өсуі;
• Несиелік ресурстарды таратуға қарағанда, лизинг келісімін жасау
процедураларының жеңілдеуі;
• Өндірістің техникалық қайта жабдықтау және ескірген заттарды тез
жаңарту мүмкіндігінің кеңеюі;
• Айналымдағы капиталдың босатылу және жабдықтарды қарызға сатып алуда
туатын ликвидациялық босату есебінде өнімнің кеңеюі негізінде пайда
болатын айналымдағы капиталдың кеңеюі;
• Лизинг келісімінің барлық уақыт мерзіміндегі пайда және шығын
қозғалыстарына параллель жүріп отыратын қаржылық және капиталда
жоспарлау оптимизациясы;
• Лизинг келісімінің бүкіл уақыт мерзімінде ақша жүйесін жоспарлау
оптимизациясы.

Жабдықтаушының қалауы
• қолданушылар шеңберін кеңейту;
• жабдықтардың конструктивті кемшіліктерін тезірек жөндеу;
• шығарушы жабдықтың конкуренция тудыра алушы мүмкіндіктерінің жоғары
болуын қамтамасыз ететін модельдердің алмасулары;
• лизинг затын қолданушылар мен ұзақ мерзімді қарым-қатынас
қалыптастыру.
Жанама қатысушылардың қалауы
Инвестор қалауы:
• лизинг операцияларын несиелеуден пайда пайызын табу;
• лизинг заттарын және несие ресурстарын тек белгілі бір мақсатпен
қолдану.
Кепілдік болған адамның қалауы
• екі жақты келісім немесе гарантия берілгенде, агенттік төлем ақы
төлеу;
• мүлікті лизингке алғанда, лизинг өзі қамтамасыз ететіндіктен,
лизинг операциясы бойынша гарантияны қорғау дәрежесінің өсуі;
• гарантия немесе екі жақты келісім бергенде
қорқынышты минималдау.
Делдалдың қалауы
• өзінің агенттік функцияларын атқарғаны үшін комиссиялық төлем ақы
төлеу.
Сақтандырушының қалауы
• мүліктік сақтандыруда әртүрлі сақтандырушылық жағдайлардан
сақтағаны үшін сақтандыру сыйақысын алу.

Лизинг операцияларын қатысушылардың ортақ қалауы:
• конкуренция туғызу мүмкіншілігін жоғарылату.

Лизингтің жалға беруден айырмашылығы
Лизингтік қатынас пен жалға беру қатынасыңың көптеген үқсастықтары
бар, бірақ та олардың өзара ерекшеліктері де болады. Оларды келесі
түрлерінен көреміз:

1. Лизингтік қатынаста лизинг беруші мен лизинг алушының арасында
лизингтік мүлікті сатушы тұлға болады, ал жалға беруде ол жоқ.
2. Лизингте ерекше рөлді лизинг алушы атқарады, ал жалға беруде біз
оны кездестіре алмаймыз. Мүлікті таңдау құқығы пайдалануымзға беріледі,
сонымен қатар лизинг беруші мүлікті сатушыға мүлік үшін ғана қажет
екендігін түсіндіруге міндетті. Ал жалға беруде сатушы ешқандай рөл
атқармайды.
3. Лизингте лизинг алушыға құқықтар мен міндеттер жіктеледі. Атап
айтсақ: Мүлік лизинг алушының тұрғылықты жеріне сатушы арқылы
жеткізіледі. Ал лизинг беруші тек мүліктің құнын төлейді және де лизинг
беруші сату-сатып алу келісімшартын бұзуға құқылы.
4. Жалға беру келісімшарты бойынша жалға беруші жалға алушының алдында
мүліктің кемшіліктеріне жауап береді, ал лизинг келісімшартында лизинг
беруші қолданушының алдында мүлік ақаулығына жауап бермейді. Лизинг жауапты
болады: егер лизинг беруші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Банктердің дамуы
«Банк ісі» лекциялық курсы
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Лизинг алушының қалауы
Пәндер