Қазақстан Республикасының ұлттық қоры жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едім Мемлекеттiң қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бiрге дүниежүзiлiк бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тәуелдiлiгiн төмендету мақсатында құрылған Ұлттық қорды жан-жақты зерттеу қазіргі таңда ерекше орынға ие болып отыр. Соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі болашақ ұрпақ үшiн қорланымды және елдiң экономикасын келеңсiз сыртқы факторлардан қорғау үшiн қаржы резервтерiн шоғырландыруға бағытталған Ұлттық қордың құрылуы, қызмет ету аясы және қор қаражатарын тиімді пайдалану мақсаты өзекті болып табылады.

ҰҚ Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес құрылды. Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құрылған.

ҰҚ қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.

ҰҚ жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасады. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.

ҰҚ пайдалану ҚР БК көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. ҰҚҚ пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар.

Магистрлік диссертацияның мақсаты ҰҚ атқарып отырған қызметі негізінде оның Қазақстан Республикасының экономикасына ықпалын және тиімділігін көрсету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлтық қорының мақсатына талдау жүргізу, қор қаражатын тиімді қалыптастыру жолдары қалай іске асып жатыр деген сауалға жауап іздеу болып табылады.

Магистрлік диссертацияның міндеттері:

- ҰҚ мәні мен қызметін зерттеу;

-ҰҚҚ қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына, қордың кіріс және шығыс көздеріне, пайдалану бағыттарына талдау жүргізу;

- ҰҚ ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуының заңнамалық негіздерін қарастыру;

- ҰҚ үлгі тұтатын Норвегияның мемлекеттік мұнай қорына шолу жасау;

Зерттеу объектісі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының қызметі, мемлекетте алатын орны, қор қаражатының қалыптастыру және пайдалану операциялары, сонымен қатар қордың даму болжамы алынады.

Зерттеу пәні болып соңғы қабылданған тұжырымдам негізінде анықталған қор саясатын, мақсат-мүдделерін іске асыру кезінде қор мен үкімет арасында туындайтын қатынастар табылады.

Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзiн ретінде Қазақстан Республикасының Бюджет, Салық Кодексі және заң актілері мен нормативтері, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің және Ұлттық Банкінің нормативті-құқықтық құжаттары, қордың жылдық есептері қолданылды. Бұл диссертацияда қордың қаржы есептеріне талдау жасалып, қор қызметінің жүзеге асуының құқықтық негіздері қарастырылған. Осыған байланысты Магистрлік диссертацияның мақсаты қордың тиімді қалыптасуы мен пайдалануының, мақсат мүдделерінің мәнін ашу болып табылады.

Тақырыпты зерттеу деңгейі.

- қордың мәні мен қызметтері зерттелді;

- қор қаражатының қалыптасуы және пайдалану тұжырымдамасы, қор саясатының іске асуының заңнамалық негіздері қарастырылды;

- әлемдегі ірі қорлар қызметіне шолу жасалды;

- қорды басқару моделдері ұсынылып, қордың ел экономикасымен байланысы анықталды.

Жұмыстың құрылымы мен құрамы. Магистрлік диссертация кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ

1. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтер Қазақстаннның ҰҚ болып табылады. ҰҚ қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп, ҰҚ екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыруына ықпал етеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға мүмкіндік береді.

ҚР ҰҚ қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және шикі тауар қаржы нарықтарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

ҚР ҰҚ сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының ҰБ жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі төмендегідей анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің мына түрлері бойынша қалыптасады:

- корпорациялық табыс салығынан;

- қосылған құнға салынатын салықтан;

- үстеме пайдаға салынатын салықтан;

- бонустардан.

Роялтилердің бекітілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады:

1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

2) республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;

5) қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер - шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі

орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер участкелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер маслихаттың тиісті қаржы жылына арналаған ЖБ туралы шешіммен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны маслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.

ҚР ҰҚ басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналасуынан құрылады.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

  1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері РБ түсімдері бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансфеттер түрінде;
  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
  2. Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
  3. Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
  4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша ҰБ бірлесіп Үкімет айқындайды.

Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларға несие беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен РБ шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды [1] .

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен бюджет кiрiстерiнiң қомақты бөлiгi табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетiн түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын басқа елдерге ұқсас Ұлттық қор құрылды. 2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралар толық тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді [2] .

ҚР Президенті:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестік құрамын құрады;
  2. Қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
  3. Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
  4. Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
  5. Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  1. есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
  2. ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
  3. Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөнінде ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
  4. Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  5. Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
  6. Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

  1. Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
  2. Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
  3. Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
  4. Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.

Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігінен Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҰБ қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті .

ҚР ҰҚ басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстарды талдап, жасайтын консультациялық - кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелері бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп дауысымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Кеңестік жұмыс органы Қазақстан республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.

ҚР ҰҚБЖК функциялары:

  1. ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау;
  2. қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап жасау;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген ҚА және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап жасау болып табылады.

ҚР ҰҚБЖК құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.

Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.

Ұлттық қордың қалыптастыруылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының парламентіне ұсынады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды кіріктіруі тиіс:

  1. Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
  3. Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметін транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады [3] .

Президенттің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі №962 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының құрылуы мен пайдаланылуы Тұжырымдамасының жаңа мазмұны бекітілді.

Қолданыстағы Тұжырымдама Ұлттық Қордың жинақталу бағытын күшейту және республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бекітуді көздейді. Тұжырымдама Қордың бұдан әрі белсенді жинақталуын, республикалық бюджеттің тұрақтылығын, экономиканың әртараптануын, мұнай табыстарының ұрпақтар арасында бөлінуін қарастырады.

Тұжырымдамаға сәйкес, Қордың құралу көздері болып тұтас мұнай секторынан түсетін тікелей салық түсімдері - корпоративті табыс салығы, үстеме пайдаға салық, роялти, бонустар, өнімді бөлу туралы Келісімдер бойынша үлестер, экспортталатын мұнайға ренталық салық болып табылады.

Мұнай секторына мұнай және газ конденсатын өндіруші және экспорттаушы барлық заңды тұлғалар жатқызылады.

Республика меншігіндегі мемелекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауылшаруашылығына арналған жер учаскілерін сатудан түсетін табыстар да Қор құралуының көздері болып табылады.

Ұлттық Қордан республикалық бюджетке берілетін жыл сайынғы кепілденген трансферттің көлемі бюджет шығындарының қалыптасқан құрылымына қарай анықталады. Сонымен қатар, КТ болашақ ұрпақ пайдалана алатын жобаларды инвестициялауды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының шығындарын қаржыландыруға бағытталады.

Қор активтерін басқару саясаты инвестициялау құралдарын кеңейтуді және елдер мен валюталар байынша тәуекелдерді барынша әртараптандыруды жүзеге асыруды көздейді.

Сонымен қатар, сыртқы басқарушылар арасында активтердің бөлінуі оңтайландырылады және оларға әртүрлі стильдегі басқару мандаттары енгізіледі [4] .

ҚР Президентінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорын басқару бойынша Кеңес құрамы (лауазымы бойынша) :

- Қазақстан Республикасы Президенті - Кеңес төрағасы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі

- ҚР Парламент Сенатының Төрағасы (келісу бойынша)

- ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы (келісу бойынша)

- ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы

- ҚР Ұлттық Банк Төрағасы

- Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша комитет Төрағасы.

- ҚР қаржы Министрі

- ҚР экономикалық даму және сауда Министрі.

Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі болып табылады [5] .

1. 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Казпочта байланыс қызметі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz