Инновациялық маркетингтік технологиялар арқылы қр-ның ұлттық брендін құру және оны жылжыту үшін түйе сүтінен жасалған «botakan» өнімдерін отандық ерекше өнім ретінде таныту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
I. НАРЫҚҚА ЖАҢА ТАУАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Кәсіпорынның тауарлық саясатының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Нарыққа жаңа тауарды енгізу үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II. ЗАМАНАУИ МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ...15
2.1. Жаңа тауарларды жылжыту жүйесіндегі инновациялық маркетингтік технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Жұмыстың жүзеге асырылуынан күтілетін нәтижелер мен оны нарыққа жылжытудағы ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қазіргі таңда әлемнің дамыған және дамушы елдері инновацияға көп көңіл бөлуде. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет рөлінің маңыздылығын талдау мақсатында кәсіпорын үшін инновацияның мәні мен маңызын анықтау қажет.
Инновация – экономикалық категория. Әлемдік нарықтағы жағдай көрсетіп тұрғандай инновацияға негізделген экономика ғана бәсекеге қабілетті болады. Белгілі бір салада инновацияның пайда болуы белгілі кезеңдерден өтеді:
1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;
2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;
4. Жаңа өнімді құру;
5. Нарықты тестілеу;
6. Өнім жөніндегі маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.
Инновациялар өнімнің жаңа дизайнында, өндіріс үрдісінің жаңа түрінде немесе әдісінде, маркетингтің жаңа ыңғайы немесе бағытында, жұмысшылар мен персоналдың біліктілігін арттырудың жаңа түрінде байқалуы мүмкін. Көбіне инновациялар қарапайым және шағын, аса үлкен емес болып келеді, сонымен қатар әдетте ірі технологиялық табыстарға немесе жаңашылдықтарға қарағанда аса елеусіз жетілдірулер мен жетістіктерге негізделеді, яғни көбіне шағын шаралар мен іс-әрекеттерден тұрады.
Жұмыс өзектілігі – жаңа тауардың инновациясымен және оны қазіргі заманға сай маркетингтік технологиялар арқылы жылжыту үрдісімен сипатталады. Бүгінгі күнде тағамдардағы әртүрлі қоспалар салдарынан денсаулыққа көптеген зиян келетіндіктен тұтынушылар барынша табиғи өнімдерді пайдалануға тырысады. Сондықтан тамақ нарығындағы басты мәселеле- денсаулыққа пайдалы әрі ешбір химикаттар қосылмаған тауарларды ұсыну болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысындағы ұсынылып отырған «Botakan» өнімдерінің ерекшелігі – түйенің сүтінен жасалауы, сондықтан ол денсаулыққа жағымды әсер береді, сонымен бірге отандық нақышта жасалынған ерекше тауар болып шығарылады.
Жұмыс елімізді өзіндік ерекше тауармен шетел және ел азаматтарына таныстырып, осындай тауарлардың ерекшелігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Зерттеу жұмысында келесідей өзекті мәселелерді бөліп қарастыруға болады:
 «Botakan» өнімдерін нарыққа инновациялық технологиялар арқылы жайғастыру;
 емдік қасиеті бар, дәрумендерге бай табиғи өнімдерді өндіру;
 жұмыстың жүзеге асуы, оның нарықта сұранысқа ие болатындығынан көруге болады.
1. Котлер Ф. Основы маркетинга. – Москва: Ростинтэр, 1996.
2. Манн И. Маркетинг на 100%. – Санкт-Петербург, 2003.
3. Хруцкий В.Е., Корнеева И.В., Автухова Е.Э. Современный маркетинг. –Москва, изд. 3-е. – 2003.
4. Левинсон Дж., Хенли П. «Партизанский маркетинг» - Питер, 2006
5. Котлер Ф. Маркетинг-менеджмент в новом тысячелетии. –«Питер»,2002.
6. Темпорал П., Тротт М. Роман с покупателем / Ағылшын тілінен ауд. Под
7. ред. Ю.Н. Кантуревского.- СПб.: «Питер», 2002.
8. Сұлтанқаби Жами «Қазақстан Республикасы экономикасының
9. инновациялық дамуы»
10. Ниязбеков Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Б. Кәсіпорын экономикасы: оқу
11. құралы/ Алматы: Экономика 2008 ж.
12. Дәулетова. А. М. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың инновациялық
13. факторлары.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
I. НАРЫҚҚА ЖАҢА ТАУАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Кәсіпорынның тауарлық саясатының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Нарыққа жаңа тауарды енгізу үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II. ЗАМАНАУИ МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ...15
2.1. Жаңа тауарларды жылжыту жүйесіндегі инновациялық маркетингтік
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 15
2.2. Жұмыстың жүзеге асырылуынан күтілетін нәтижелер мен оны нарыққа
жылжытудағы ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда әлемнің дамыған және дамушы елдері инновацияға көп көңіл
бөлуде. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген
жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет
рөлінің маңыздылығын талдау мақсатында кәсіпорын үшін инновацияның мәні мен
маңызын анықтау қажет.
Инновация – экономикалық категория. Әлемдік нарықтағы жағдай көрсетіп
тұрғандай инновацияға негізделген экономика ғана бәсекеге қабілетті болады.
Белгілі бір салада инновацияның пайда болуы белгілі кезеңдерден өтеді:
1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;
2.  Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;
3.  Жаңа өнімнің экономикалық  тиімділігін талдау;
4.  Жаңа өнімді құру;
5.  Нарықты тестілеу;
6.  Өнім жөніндегі маркетинг бағдарламасы негізінде  өндіріске жаңа
өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.
Инновациялар өнімнің жаңа дизайнында, өндіріс үрдісінің жаңа түрінде
немесе әдісінде, маркетингтің жаңа ыңғайы немесе бағытында, жұмысшылар мен
персоналдың біліктілігін арттырудың жаңа түрінде байқалуы мүмкін. Көбіне
инновациялар қарапайым және шағын, аса үлкен емес болып келеді, сонымен
қатар әдетте ірі технологиялық табыстарға немесе жаңашылдықтарға қарағанда
аса елеусіз жетілдірулер мен жетістіктерге негізделеді, яғни көбіне шағын
шаралар мен іс-әрекеттерден тұрады.
Жұмыс өзектілігі – жаңа тауардың инновациясымен және оны қазіргі
заманға сай маркетингтік технологиялар арқылы жылжыту үрдісімен
сипатталады. Бүгінгі күнде тағамдардағы әртүрлі қоспалар салдарынан
денсаулыққа көптеген зиян келетіндіктен тұтынушылар барынша табиғи
өнімдерді пайдалануға тырысады. Сондықтан тамақ нарығындағы басты мәселеле-
денсаулыққа пайдалы әрі ешбір химикаттар қосылмаған тауарларды ұсыну болып
табылады. Ғылыми зерттеу жұмысындағы ұсынылып отырған Botakan өнімдерінің
ерекшелігі – түйенің сүтінен жасалауы, сондықтан ол денсаулыққа жағымды
әсер береді, сонымен бірге отандық нақышта жасалынған ерекше тауар болып
шығарылады.
Жұмыс елімізді өзіндік ерекше тауармен шетел және ел азаматтарына
таныстырып, осындай тауарлардың ерекшелігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысында келесідей өзекті мәселелерді бөліп қарастыруға болады:
– Botakan өнімдерін нарыққа инновациялық технологиялар арқылы
жайғастыру;
– емдік қасиеті бар, дәрумендерге бай табиғи өнімдерді өндіру;
– жұмыстың жүзеге асуы, оның нарықта сұранысқа ие болатындығынан көруге
болады.

Жұмыс мақсаты: Инновациялық маркетингтік технологиялар арқылы ҚР-
ның ұлттық брендін құру және оны жылжыту үшін түйе сүтінен жасалған
Botakan өнімдерін отандық ерекше өнім ретінде таныту.
Жұмыс міндеттері:
– Қазақстан Республикасы емдік және сүт өнімдері нарығын инновациялық
маркетингтік технологиялар негізінде жан-жақты талдау;
– емдік қасиетке ие отандық ерекше өнім өндіру арқылы ұлттық брендті
қалыптастыру және т.б.
Жұмыс жаңалығы
– потенциалды тұтынушылардың назарын аударатын емдік қасиеті бар,
дәрумендерге бай табиғи таза ерекше отандық брендтік (Botakan)өнім
шығару;
– бәсекелес кәсіпорындардың өнімдерінен ұсынылып отырған (Botakan)
өнімінің елеулі артықшылығын нарықта сәтті жайғастыру арқылы әлем
нарығына Қазақстанның ерекше ұлттық өнімін шығару.
Бұл ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
кіріспеде жұмыс туралы жалпы мәліметтер, оның өзектілігі, мақсаты мен
жаңалығы жазылған. Екі тараудан тұратын Нарыққа жаңа тауарды енгізудің
теориялық негіздері бөлімінде тауарлық саясат, оның кәсіпорын қызметіндегі
орны, жаңа тауарды нарыққа шығару үрдісі толығымен сипатталды. Ал,
Заманауи маркетингтік технологияларды қолданудың тәжірибесі атты үшінші
бөлімнің алғашқы тарауында инновациялық технологияларды пайдаланудың
теориялық және практикалық жақтары түйіссе, екінші тарауда ғылыми жұмыстың
орындалуынан күтілетін нәтижелер мен ұсыныстар қарастырылды. Қорытындыда
ғылыми зерттеу жұмысын қорыта келіп, оның маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
Соңғы бөлімде жұмыс барысында қолданған негізгі мәліметтер көздері,
авторлары, жылы және баспасы көрсетілген.
Ғылыми жұмысты жүзеге асыру барысында зерттеу әдістері кең
қолданылды. Әсіресе, сауалнама әдісіне үлкен назар аударылды. Сауалнамаға
500 респондент қатысты. Сауалнама негізінде пайда болған өзекті нәтиженің
барысында респонденттердің 67 пайызы біздің ұсынған тауарымыздың оң
нәтижелерін ескере отыра, тауарды нарыққа шығаруға ұсыныс жасады. Сондай-
ақ, жұмыстың маркетингтік жоспары маркетинг кешенінің 4Р элементтері
бойынша, SWOT-талдау, бәсекелік артықшылықтарын зерттеу мен жаңа
инновациялық технологияларға негізделген маркетингтік әдіс-тәсілдер мен
зерттеулерді, сонымен қатар маркетингтік коммуникацияларды қамтиды.
Жұмысты жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Брендтік (Botakan) өнімін кешенді түрде жасау және оны
инновациялық маркетингтік технологияларды қолдана отырып жылжыту
бағдарламасын жасау арқылы отандық бренд қалыптастыру, нарықтың даму
болжамын жасау, сонымен қатар кәсіпорынның табыстылығын арттыру.

І. НАРЫҚҚА ЖАҢА ТАУАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Кәсіпорынның тауарлық саясатының мәні мен мазмұны

Тауар – бұл қажеттіктерді қанағаттандыра алатынның және нарыққа
назар аударту, алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатындардың барлығы
(физикалық нысандар, қызметтер, тұлғалар, ұйымдар, идеялар).
Тауарлық бірлік - бұл ерекшеленген, мөлшері, бағасы, сыртқы пішіні
және басқада атрибуттарының көрсеткіштерімен сипатталатын біртұтастық
(мысалы, тіс пастасы-тауар, ал тюбик тауарлық бірлік).
Тауарды үш деңгейлі тұрғыдан қарастыруға болады (шеңбер түрінде):
ойдағы тауар (ішкі орталық шеңбер);
дайын тауар (ішкі екінші шеңбер);
толықтырылған тауар (үшінші сыртқы шеңбер).
Ойдағы тауар - бұл тұтынушылардың іздейтін пайдасын құндылығын іске
асыру идеясы.
Осы идея тексеру, талдау және өңдеуден өткен соң дайын тауарға
айналады. Дайын тауардың бес сипаттамасы болады:
сапа деңгейі;
қасиеттер жиынтығы;
ерекшеленген безендіруі;
маркалық атауы;
ерекшеленген қорабы.
Толықтырылған тауар сатып алушыға деген жеке ілтипатты білдіреді-
үйіне жеткізіп беру, құрып көрсету, сервистік қызмет, ақшаны қайтарып беру
кепілдігі.
Сервистік қызметтеуге мыналар жатады:
абонемент;
ақысыз жөндеу;
таңдау тәуелсіздігі.
Нарықта әртүрлi көптеген тауар түрлерi орын алады. Тауар нарықтағы
зерттеу жұмысын жеңiлдету үшiн және маркетинг стратегиясын құрып,
тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшiн тауарлар топтастырылып
қарастырылады.
Тауарлар

Дәстүрлi тауарлары Қызметтер түрiндегi Дәстүрлi емес
тауарлары
тұтыну тауарлары тұрмыс қызметтерi ұйымдар
өнеркәсiп тауарлары iскерлiк қызметтерi адам күшi
биржа тауарлары әлеуметтiк қызметтерi орындар
идеялар

1-сурет. Тауарлардың топтасуы.
Тауарлық саясат. Тауарлық саясат тауар өндірушінің іс-әрекеттерінің
нақты бағытын немесе нарықтағы мінез-құлық ұстанымдарының жиынтығын бетке
ұстайды, бұлар оған бәсекелестік басымдылық әпереді.
Анық-айқын тауарлық саясат тауарлық ассортиментті жаңарту үрдісін
оңтайландырып қоюмен қатар іс-әрекеттердің жалпы бағытталуының сілтемесі де
бола алады.
Тауарлық саясат - фирманың шаруашылық және маркетингтік саясатының
құрамдас бөлігі. Тауарлық саясатты өңдеу (қалыптастыру) болашақтағы
өндіріс, өткізу және экспорттау мақсаттары туралы, фирманың өндірісті
өткізушілік қызметінің стратегиясы туралы, нарықты жақсы білу және оның
талаптары туралы, қазіргі уақытта және болашақтағы өз мүмкіндіктері және
ресурстары (зерттеушілік, өндірушілік, өткізушілік және т.б.) туралы айқын
мағлұмат талап етеді.
Өндірілетін бұйымдардың ассортиментін олардың тұтынушылық сипаттарын
және өндіріс технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып оңтайландыру;
өнімді өміршеңдік циклін ескере отырып жаңартудың қарқыны, жаңа тауарлармен
рынокқа шығу және ескіріңкіреген тауарларды бағдарламадан шығару уақытын
анықтау және басқада проблемаларды болашақ-бағыттап ойластырып шешу қажет.

2 – сурет. Тауарлық саясаттың мақсаттары және жағдайлары.

Тауарлық ассортимент – бұл бір-бірімен пайдалануының ұқсастығымен
немесе бір клиенттер тобына өткізуімен немесе бағаның бір аралығында
сатылуымен тығыз байланысты тауарлар тобы. Тауар ассортиментінің кеңдігі
туралы шешім қабылдайтын бір адамға тауар ассортиментімен жұмыс істеуді
тапсырады. Бұл шешімдер мыналар:

нарықты ұлғайту мақсаттарымен төмен қарай кеңейту (нарықтың жоғарғы
эшолонынан төменгі эшолондарды басып алу үшін);
жоғары қарай кеңейту,бұл бәсекелестердің кері соққысына және тәуекелге
әкелуі мүмкін;
екі жақты кеңейту.
Тауарлық ассортиментті толықтыру туралы шешімдер қосымша пайда
немесе қолданыстан шыққан қуаттарды іске қосуды көздейді. Бірақ
ассортиментті шектен тыс кеңейту жалпы пайданың азаюына соқтырады.

Жаңа тауар және оның ерекшеліктері
Жаңа тауар дегенiмiз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну
қасиеттерiмен ерекшеленiп рыноққа ұсынылған жаңа өнiм.
Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейдi:
▪ пайданы өсiруге көмектеседi;
▪ қалыптасқан тауар және ассорттимент топтарына қарағанда ерекше
қасиеттерi бар;
▪ өндiрiс қалдықтарын пайдалануға мүмкiндiк жасауы мүмкiн;
▪ фирманың инновациялық қабiлетiн сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар;
▪ маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткiзу
арналарын жыл бойы тұрақтандырады:
▪ тұтынушылардың демографиялық өзгерiс сипаттамаларына өндiрiстi
сәйкестендiруге жағдай жасауы мүмкiн.

Тауардың орауы мен маркасы

Тауар маркетингінде орау елеулі құрал ретінде орын алады. Тұтыну
тауарларын өндіретін және өткізетін нысандар қызметінде орау маңызды
рөл атқарады.
Маркетингтің құралы ретінде орауды пайдалану шеңберінің кеңеюіне
мынадай факторлар әсер етеді:
▪ - Саудада өзін-өзі қамтамасыз ету;
▪ - Тұтынушылар әл-ауқатының өсі;
▪ - Фирма мен марканың бейнелері;
▪ - Жаңалықтарға мүмкіншіліктері.

Марка – ол тауардың атауы, белгілі қаріппен жазылған рәмізі, суреті
немесе олардың қосындысы.
Маркалық атау – ол марканың бір бөлігі, оны айтуға болады және
тауардың сапасы жақсы деген ойды білдіред.
Маркалық белгі – ол өзге тауардан айыру үшін белгіленген сөзбен,
суретпен көлемді етіп бейнеленеген марканың бөлігі, эмблемасы.

1.2. Нарыққа жаңа тауарды енгізу үрдісі

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында жаңа тауар түрін ойлап табу
кәсіпорын өркендеуіне шешім болып саналады. Сонымен қатар, жаңа тауар
нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Бұдан келіп екі
талап шығады: біріншіден: жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау;
екіншіден: жаңа техникалық және технико-экономикалық өрлеуге емес, “жаңа
нарықтық тауардың” пайда болуына молырақ көңіл бөліну керек. 
Жаңа тауарды жасау және нарыққа шығару идеяның өнім болып
қалыптасуының, кейіннен тауарға айналуының кезеңдік процесін білдіреді.
Объектісі жаңа өнім болып табылатын инновациялық жұмысты жүзеге асырудың
келесідей негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:
1. жаңа тауар стратегияларын әзірлеу;
2. идеяларды қалыптастыру;
3. баламаларды бағалау;
4. бизнес-талдау;
5. тәжірибелік үлгі дайындау және жасау;
6. тауарды маркетингтік тестілеу;
7. коммерцияландыру.
Тауардың мәңгілік сатылымда болуына ешкім сенбесе де, фирма жаңа
тауардың пайда болуымен байланысты барлық қауіп-қатерлер мен жұмсалған
күштерді компенсациялау ретінде қомақты табыс алуды қамтамасыз етуге
тырысады. Әр тауардың өзінің өмірлік циклы бар:
1. Нарыққа енгізу кезеңі – тауардың нарыққа шығу кезеңінен
бастап сатылуының біртіндеп өсу кезеңі. Тауарды шығару бойынша үлкен
шығындардың болуына байланысты бұл этапта әлі табыс жоқ. Өнім бірлігінің
өзіндік құны жоғары. Бұл этапта тауарды тұтынушылар пионерлер, яғни
жаңалықты жақсы көрушілер. Бұл этапта бәсекелестік шектелген.
2. Өсу кезеңі – тауарды нарықтың тез қабылдау және табыстың тез
өсу кезеңі. Бұл этаптағы тұтынушыларды тез қабылдағыштар деп сипаттауға
болады. Өнім бірлігінің өзіндік құны бұл кезеңде төмендейді, ал
бәсекелестік өседі.
3. Толысу кезеңі – тауарды потенциальды тұтынушылардың басым
көпшілігі қабылдауына байланысты, сатылу қарқынының бәсеңдеу кезеңі. Табыс
тұрақтанады немесе тауарды бәсекелестерден қорғауға жұмсалатын шығынның
өсуіне байланысты төмендейді.
4. Құлдырау кезеңі – сатудың тез құлдырауымен және табыстың
төмендеуімен сипатталатын кезең. Сатудың өсуінің қайталама циклдары жиі
кездеседі, оның ішінде тауардың сатылуының төмендеуі этапында сатуға дем
беру бойынша іс-шараларды жүргізумен, тауардың жаңа сипаттамаларын, оны
қолданудың жаңа тәсілдерін ашумен, жаңа тұтынушылардың пайда болуымен
байланысты.

3-сурет. Тауардың өмірлік циклі

Инновациялық маркетингтің негізгі мақсаты келесі сұрақтарға жауап
іздеу болып табылады: рынокқа қандай жаңа тауар қажет, бұл тауарды қандай
интеллектуалдық және материалдық ресурстар көмегімен жасауға болады, қай
жерде және қалай инновация өндірісін ұйымдастыру мен өткізуге болады.
Маркетинг стратегиясында келесі тұжырымдамаларды ажыратқаны дұрыс:
-  рынокты сегменттеу;
-  нысаналы рынокты таңдау;
-  рынокқа шығу әдістерін таңдау;
-  маркетингтік құралдарды таңдау;
-  рынокқа шығу уақытын таңдау.
Рынокты сегменттеу нәтижесінде әрбір сегмент пен қызмет ету
ерекшеліктері және басқа да көрсеткіштер анықталады. Мұндай сегменттерде әр
түрлі қажеттіліктерге, өзінің тұтынушылық стереотипі мен мінез-құлқына ие
тұтынушылар топтары әйгіленеді. Рынокты сегменттеу рынокты мұқият зерттеу
үшін негіз болып табылады. Жаңа өнім бойынша маркетингтік зерттеу рыноктың
нақты сегменттерінде өнімге сұранысты бағалауға, оның болашақ динамикасын
болжамдауға бағытталған. Инновацияны жүзеге асыру кезінде маркетингтік
зерттеулердің ерекшеліктерін білу қажет. Біріншіден, мұндай зерттеулер
жүргізу кезінде әлі де жаңашылдық туралы жеткілікті дәрежеде хабары жоқ
әлеуетті тұтынушылар жаңа өнімді қандай бағамен және көлемде сатып алатынын
бағалап қоймай, сонымен қатар өздерінің басқа қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін зиян келмейтіндей қаржының қандай бөлігін жұмсауға
дайын екендігін бағала алатынын ескеру керек. Екіншіден,  тұтынушылар үшін
таныс емес және жаңа өнімдер бойынша маркетингтік зерттеудің нысаны ретінде
тауардың өзі емес, керісінше оның негізгі тұтынушылық параметрлері болуы
мүмкін. Ұзақ мерзімді пайдаланатын ғылыми сыйымды тауарлар үшін ескерілетін
тұтынушылық параметрлер құрамына кепілдемелі және кепілден кейінгі
техникалық қызмет көрсету шарттары да енгізілуі керек.
Жаңадан шығарылған өнімдер бойынша маркетингтік зерттеулер белгілі бір
рынок сегменттеріне қатысты жүргізілуі керек. Мұндай амалды қолдану арқылы
зерттеуші рыноктың әрбір әлеуетті сегменті үшін күтілетін сыйымдылықты және
сұраныстың баға икемділігін белгілей алады және де бұл зерттелетін
сегменттерде анықталған сипаттамаларға сәйкес жаңашылдықтың жетілдірілген
түрлерін әзірлеу мен игеру қажеттілігі туралы ақпаратты жинауға мүмкіндік
береді. Бұл жетілдірілген түрлері негізгі және қосымша қызметтер бойынша
ерекшелінеді.
Рыноктың жаңа сегменттері бойынша маркетингтік зерттеулер жоғарыда
айтылған нұсқада жүргізіледі, бірақ мұнда рынокта белгілі өнімдер бойынша
маркетингтік зерттеудің әдістерін қолдануға болады.
Инновация маркетингінің ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады.
Біріншіден, ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелерінің салааралық
сипатын есепке алу қажеттілігі. Аталмыш қағида нақты жаңашылдықты бірнеше
салаларда қолдану қажеттіліктерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
Екіншіден, ғылыми-техникалық өнімдерді өткізу кезінде білікті, тәжірибелі,
тіпті ұжымдық тұтынушыға (фирма тарапынан келіссөз жүргізетін сатып алу
жөніндегі комиссия) бағдарлану қажет. Өнімнің мұндай түрінің сатылуы
ұзақмерзімді және күрделі келіссөздер жүргізу нәтижесінде іске асырылады.
Жеке тұтынатын ғылыми сыйымды тауарлар, әдетте, алдын ала таңдалатын
тауарларға жатқызылады, сондықтан көп талқылау мен салыстыру нәтижесінде
сатып алынады. Үшіншіден, инновациялық өнімдер жарнамалауды қажет етеді.
Егер тұтынушыға инновацияның мәнін егжей-тегжей түсіндірмесен, онда сатып
алушы оны алмайды, өйткені онымен таныс емес. Ал, өнімнің техникалық
күрделілігі, әдетте, өндіруші фирма тарапынан сатудан кейінгі сервистік
қызметті көрсетуді қажет етеді. Бұл төртінші ерекшелігі. Бесіншіден, ғылыми-
техникалық өнімнің өткізілуі тұтынушының инновациялық әлеуетінің көлемі мен
сапасынан тәуелді. Көптеген инновациялар көптеген өткізу рыноктарының жалпы
техникалық тұрғыдан арта қалу салдарынан өткізілмей қалады.
Инновациялық маркетингтің дәстүрлі маркетингтен басты ерекшелігі –
инновациялық маркетинг нақты қолда бар тауармен емес, идеямен,
жаңашылдықпен жұмыс істейді. Негізгі міндет – аталған идея мен жаңашылдық
инновацияны қолдауға кеткен шығындарды өтеу үшін жеткілікті пайда әкеле
алатындығына көз жеткізу, яғни анықтау.  Сондай-ақ инновациялық
маркетингтің ерекшеліктеріне келесілер жатады: біріншіден, бұл ғылыми-
техникалық жұмыс нәтижесінің салааралық сипаттамасын есептеу қажеттілігі.
Аталған қағида  бірнеше салада нақты бір жаңашылдықтарды қолдану
қажеттілігін зерттеу арқылы жүзеге асады.  Екіншіден, ғылыми-техникалық
өнімді сату барысында тәжірибесі бар, ұжымдық тұтынушыға сүйенген дұрыс.
Себебі мұндай өнімдерді таңдау қиын және ұзақ уақытты, арнайы келіссөздерді
қажет етеді. Үшіншіден, ғылыми-техникалық өнімді сату үшін жарнама
кампаниясын жүргізу қажет, мәселен тұтынушыға инновация мәнін толық
түсіндірмесе, ол аталған өнімді сатып алмайды, өйткені тауармен мүлдем
таныс емес. Инновациялық өнімнің техникалық күрделілігі өндіруші фирманың
сатудан кейінгі сервистік қызмет көрсетуін талап етеді. Бұл төртінші
ерекшелік. Мұнда қысқаша айтсақ: сервис жоқ болса – инновациялық тауардың
коммерциялық сәттілігі жоқ. Соңғы бесінші ерекшелік – ғылыми-техникалық
өнімді сату тұтынушының инновациялық әлеуетінің сапасы мен көлеміне
байланысты.
Инновациялық қызмет жаңа технологияларды қолданумен байланысты қызмет
ретінде қабылданады. Көптеген мекемелер инновациялық қызметті өз бетінше,
яғни арнайы құрылатын инновациялық өнімді жылжытуға және қодануға
бағытталған инновациялық орталықтар, еншілес ұйымдар құру арқылы жүзеге
асыруға тырысады. Сонымен қатар инновацияларды коммерциялық қолдану үшін
қажетті арнайы мамандарды жалдайды. Нарыққа жаңа тауарды сәтті енгізу
нәтижесінде мекеме өзінің тауар желісін кеңейтеді немесе атына жаңа тауар
категориясын бекітеді.  Осылайша, нарықта жаңа тауар ұсыну арқылы, яни
инновацияларды қолдану арқылы үлкен табысқа қол жеткізіп, жаңа тауар
категориясы бойынша көшбасшы позициясына қол жеткізуге болады.
Емдеу жүйесінің көптеген түрі табиғи өнімдерге ауысу тенденциясы
бүгінде көптеп байқалуда. Олардың қатарында ата-бабаларымыз дәріптеп,
бүгінгі ұрпаққа сары майдай сақтап жеткізген төрт түлік мал өнімдері бар.
Солардың ішінде түйенің сүті ерекше орын алады. Түйенің сүті – ақ шұбаттың
ағзаға пайдасы мен емдік қасиеті көп екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Адам
денсаулығы үшін кез келген тағамның оның құнарлығы мен қуаттылығы маңызды.
Адамға ауруды жеңу үшін иммунитет керек . Қандай да сырқатпен ауырған кезде
мейлі ол тұмау болсын, суық тиген болсын, басқа да вирустық-инфекциялық
ауруларға шалдыққанда ағзада онымен күресетін иммунитет пайда болады.
Иммунитет адамға нәрлі тағам мен құнарлы астан келеді. Сондықтан да ас –
адамның арқауы, ауру – астан деп бекер айтылмаған. Адам ағзасындағы
иммунитетті күшейтіп оны нығайтуда түйе сүтінің алар орны орасан.
Жұмыстың маркетингтік жоспары маркетинг кешенінің 4Р
элементтері бойынша, SWOT-талдау, бәсекелік артықшылықтарын зерттеу мен
жаңа инновациялық технологияларға негізделген маркетингтік әдіс-тәсілдер
мен зерттеулерді, сонымен қатар маркетингтік коммуникацияларды қамтиды.
Жүзеге асырғалы отырған жұмыс әлеуметтік-этикалық маркетинг
теорияларына негізделеді. Жұмыстың әлеуметтік-этикалық маркетинг
концепциясы келесідей өзекті талаптармен сипатталады:
- тұтынушыларға және қоғамға пайдалы таза табиғи шикізаттан тауарларды
өндіру және оны сату;
- қоғамның жарқын болашағына, адамгершілік талабына сәйкес
тұтынушылардың саналы және жағымды қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- адам денсаулығына оң әсер ететін бұл био-кешен Қазақстан нарығы үшін
тиімді тауар болып табылады.
Нарықты зерттеу. Бұл жұмысты бастамас бұрын, біздің тобымыз отандық
брендті ойлап табу, қалыптастыру мақсатында сауалнама арқылы маркетингтік
зерттеу жүргізген болатын. Сауалнамаға 500 респондент қатысты. Сауалнама
негізінде пайда болған өзекті нәтиженің барысында респонденттердің 67
пайызы біздің ұсынған тауарымыздың оң нәтижелерін ескере отыра, тауарды
нарыққа шығаруға ұсыныс жасады. Себебі, біздің ұлттық нақыштағы өніміміз
басқа өнімдермен салыстырғанда ең негізгі ерекшелігі адам ағзасына оң әсер
ететін таза табиғи өнімдерден жасалуында және де экологиямыздың жақсаруына
айтарлықтай септігін тигізеді. Нарықты зерттеуге кеткен шығындардың жалпы
соммасы – 15 000 тг.
Нарық туралы ақпарат.
Аталған бағыт бойынша қазіргі зерттеу жағдайы. Сүт өнімдері нарығында
көптеген ірі компаниялар өз қызметтерін жүзеге асыруда. Аталған
компаниялардың инновациялық жұмыс жасау бағыттары әр түрлі сипатта болып
келеді. Салада жұмыс жасаушы көптеген компаниялар негізінен, функциясы –
денсаулыққа пайдалы, табиғи сүт өнімдерін өндіру. Сала бойынша көптеген
компаниялардың жұмыс жасауы, тауардың көптеген ассортименттерінің болуы
және тұтынушылардың сұранысының әр түрлілігі сала бойынша ғылыми–зерттеу
жұмыстарын талап етеді. Зерттеу жүргізу арқылы саладағы негізгі
бәсекелестерді, салада орныққан компаниялар позициясын, сұраныс пен ұсыныс
көлемін анықтауға, баға мен сапа саясатын болжап, болашақтағы бизнес
стратегияларын және маркетингтік стратегияларды жоспарлауға болады.
Көптеген компаниялардың осы бағытта қызмет етуінің негізгі себебі
маркетингтік зерттеу нәтижесінде анықталған тұтынушының мінез – құлықтық
әрекеті болып табылады, яғни көптеген тұтынушылар өзінің денсаулығына аса
мән бере отырып, қоспаларсыз сүт өнімдерін қолдануға тырысады. Осы сала
бойынша негізгі жұмыс жасаушы компаниялар келесідей болып табылады: Food
Master, Adal, Fonterra, Nestlé, Danone, Muller және тағы басқалар. Бұл
компаниялар өнімдерінің негізгі кемшілігі – сапаға қарағанда санға мән
беруі. Мысалы, Fonterra компаниясының өнімдерін көптеген елдерге кіргізуге
тыйым салынған. Себебі, ол өнімдерде бактериалды бүліну байқалған.
Нарықтағы дәрумендер био-кешені (БИО-С, Actimel, Активиа, Имунеле) – біздің
өнімнің негізгі бәсекелестері болып табылады. Мұндай өнімдерді дайындау
барысында әртүрлі қоспалар мен химикаттар қосылады, соның есебінен
олардың сақтау мерзімі ұлғаяды. Бәсекелестерге қарағанда, біздің аса мән
беретін артықшылығымыз – таза табиғи шикізаттарды ғана пайдаланып, өнім
өндіруімізде.
Сүт өнімдері күнделікті сұранысқа ие және негізгі азық-түлікке
жатады,. Сондықтан, сүт өнімдеріне деген сұраныс икемді болып табылады.
Қазіргі таңда әлемде сүт өнімдердің жалпы тұтынушылар саны 2,7 млрд
шамасында. Ал ҚР бойынша жылына сүттің жалпы 557 миллион литрі
пайдаланылады.
Алынған сауалнама нәтижелері мен ақпараттарды өңдеп, талдау үшін
келесі инновациялық технологиялық бағдарламаны қолданамыз: Vortex 8 -
бағдарламасы келесідей бағытта жұмыс жасайды: әлеуметтік зерртеу мен
дәстүрлі маркетингтік зерттеу нәтижесінде жиналған бірінші ретті ақпаратты
енгізу; ақпаратты өңдеу мен талдау; алынған нәтижені кесте, мәтін және
график пен диаграмма ретінде ұсыну; VORTEX бағдарламасы зерттелетін
айнымалылардың (статистикалық көрсеткіштерді есептеу, эксцесс, вариация
коэфиценті) сипаттамалы статистикасын құруға мүмкіншілік береді.
Botakan дәрумендер био-кешені инновациялық жұмыстың объектісі болып
табылады. Бұл дәрумендер био-кешені – емдік қасиеті мен дәрумендерге бай
сүт өнімі. Инновациялық жұмыстың объектісінің негізгі ерекшелігі, оның түйе
сүтінен жасалуы. Түйе сүті адам денсаулығына пайдалы, онда 38 миллиграмм –
А дәрумені, 58,2 миллиграмм – С дәрумені, 2,72 миллиграмм – В дәрумені бар.
Сондай-ақ, түйе сүтінің құрамында келесідей пайдалы минералдар кездеседі:
темір, фосфор, кальций, күкірт және т.б.
Botakan-ға бал, сарымай, мейіз сынды пайдалы өнімдер қосылады.
Болашақта тауар ассортиментін кеңейту үшін бадам жаңғағы, кептірілген өрік,
фундук және де басқа да кептірілген жемістерді қосу қарастырылады.
Botakan дәрумендер био-кешені – табиғи өнімдір негізінде жасалған
экологиялық таза өнім. Біздің ұсынып отырған тауарымыз түйе сүтінен
жасалғандықтан өзінің бірегейлігімен, ерекше дәмімен, дәрумендік құрамымен
ерекшеленеді.
Кесте 1
50 грамм Botakan өнімінің құрамы
Ақуыздар 336 кКал А дәрумені 0,95 мг
Калориясы 4,6 гр В дәрумені 88 мкг
Көмірсутегі 42,6 гр В1 дәрумені 0,91 мг
Майлылығы 5,7 гр С дәрумені 0,74 мг
Темір 20,5 мг D дәрумені 0,078 мг

Бүгінде тағамдардағы әртүрлі қоспалар салдарынан денсаулыққа көптеген
зиян келетіндіктен тұтынушылар барынша табиғи өнімдерді пайдалануға
тырысады. Сондықтан тамақ нарығындағы басты мәселеле - денсаулыққа пайдалы
әрі ешбір химикаттар қосылмаған тауарларды ұсыну болып табылады. Сондай-ақ,
қазіргі таңда емдеу жүйесінің көптеген түрі табиғи өнімдерге ауысуда.
Солардың ішінде түйенің сүті ерекше орын алады. Түйенің сүті – ақ шұбаттың
ағзаға пайдасы мен емдік қасиеті көп екені ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Бұл ұлттық-инновациялық ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасындағы
денсаулықты сауықтыру мақсатында шығарылатын тауарлар индустриясын дамытуға
үлкен үлес қосады. Осы ұсынып отырған Botakan тауарының оң нәтижелеріне
тоқталып кетсек:
1. Түйе сүтінің құрамында А, В, В1, В2, С, Д, РР дәрумендері бар.
Бұлардың
арасындағы Д дәрумені адам сүйегінің ішіндегі майдың қан жасау
процесін жақсартады. Оны әлемдік медицина дәлелдеген;
2. Бір литр түйе сүті адам ағзасын бір тәулікте қажет ететін
дәрумендермен
қамтамасыз етеді. Бір литр түйе сүтінің қуаттылығы 911 ккал болса,
сиыр сүтін 660 ккал. Осыдан-ақ оның пайдасын бағамдай беруге болады. Ол
құрт ауруы, қант диабеті, қан аздық пен қатерлі ісік дерттеріне осы сусын
түрі үлкен ем болады.
3. Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастардың күннен
күнге дамуы барысында жұмыссыздық мәселесі назардан тыс қалған емес.
Жұмыссыздық макроэкономикалық мәселелердің бірі болып саналады.
Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың қатарына ғылыми техникалық
өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге
қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жатады. Botakan тауарын
нарыққа шығаруды жүзеге асырып, халықтың қандай да бір бөлігін жұмыспен
қамтысақ, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туады;
4. Бұл ұлттық тауарымыз әлемдік нарықты жаулап, өз стратегиясын тиімді
қолданатын болса, Қазақстан экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді
және де ұлттық брендті қалыптастырып, әлем экономикасына танылады.
Кесте 2
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Ұлттық брендтік өнім шығару Қазақстанға көптеген шет елдік сүт
өнімдерінің көптеп импорттауы
Емдік- сауықтыру қасиетінің Отандық өнімдердің өзіндік құны, тиісінше
болуы бағасының жоғары болуы
Ешқандай химиялық қоспаларсыз Нарықта сапасыз, құрамы күмән тудыратын
табиғи шикізаттан жасалуы өнімдердің қаптап кетуі
Сапасының жоғарылығы Қазақстандағы тұтынушылардың көбіне шет ел
тауарлары, ұлттық тауарға қарағада сапалы
деген сеімділіктің басымдығы
Мемлекет тарапынан отандық Техникалық құралдардың жылдам жаңарып отыруы
тауарларға қолдаудың болуы
Түйе сүтінің пайдалы Халықаралық нарықтағы күшті бәсекелестердің
қасиеттерінің болуы болуы
Мүмкіндіктері Қауіптері
Сапалы брендік тауарды Қазақстандағы ұсынылған тауарға деген
қалыптастыру сұраныстың төмендеуі
Нарықтағы бос орынды толтыру Бәсекелік нарықта өз орынын жоғалтып алуы
Ұлттық-инновациялық ерекше өнім Өнімге деген сұраныс көлемін бірден арттыра
шығару алмауы
Елімізді әлемге таныту Құрал- жабдық пен шикізаттың қымбаттауы
Биодәрумендерге толы табиғи Әлемдік нарыққа шыға алмай қалуы
,қоспасыз өнім шығару арқылы
халық денсаулығын жақсарту

Сүт өнімдері нарығына SWOT-талдау

Осы SWOT талдауға қарап келесідей қорытынды жасауға болады: Жоғарыда
аталған мықты жақтарды пайдаланып, туып отырған мүмкіндіктерді жүзеге
асыруға қол жеткізетін стратегия бойынша жұмыстың жетістігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БРЕНДИНГ МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Мейрамхана бизнесі нарығында қазақ тағамдарын ілгерлету ерекщеліктері
Электрондық бизнес құрылымы
Саланың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Лизинг келісімшарт мерзімі
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Бие сүтінің өнімі - қымыз
Бренд құрудың соңғы кезеңі - брендті талдау және бренд атауын іздеу
Тұтыну тауарлар нарығының қызмет етуінің негізгі тенденциялары және тұтыну тауарлар маркетингін жалпылау арқылы оның тиімділігін жоғарылату бойынша кешенді шаралар
Пәндер