Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
- ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ КУРСЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
- Химияны пәнаралық байланыста оқыту арқылы экологиялық
білім мен тәрбие берудің педагогикалық шарттары . . . 5
- Химиядан сыныптан тыс жұмыстар негізінде экологиялық
білім мен біліктілікті қалыптастырудың ғылыми теориялық
негізгі мәселесі . . .
2
- Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны,
түрлері мен әдістері . . .
- Экология бағытындығы білім берудің құзіреттілігін
қалыптастыру жолдары . . .
2. 3
3 ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Кіріспе
Қазіргі таңда экологиялық мәселе аймақтық немесе республикалық қана емес, дүниежүзілік сипат алып, адамзат тағдырымен байланыста қаралатын дәрежеге жетті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында» «Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған және қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру үрдісі», - деп атап көрсетілген.
Көптеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеті, санасы, іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін үрдістің жаңа мәні қарастырылады. Орта мектепте экологиялық мәдениетті қалыптастыру Қазақстанның тұрақты дамуының басты факторларының бірі болып саналады.
Экологиялық білімнің қазіргі таңда маңызы зор. Сонымен қатар экологиялық білім бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Орта мектепте химия пәні арқылы экологиялық білім беру мәселелері толығынан зерттелмеген. Орта мектепте элементтер химиясы курсының экологиялық білім мен тәрбие берудегі мүмкіндігі зор. Өйткені бізді қоршаған орта да, өзіміз де химиялық элементтерден тұрамыз. Табиғаттың адам өміріндегі алатын орнын, табиғат пен қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуын, әсіресе антропогендік фактордың ауқымды экологиялық кризиске әкелуін ескере отырып, экологиялық білім және тәрбие беру қажет. Сабақты экологияландырып, яғни күнделікті өмірмен байланыстырып өткізсе оқушылар сабақты тереңірек түсініп және қызығушылық танытады.
Білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуы мен экологиялық жақсаруына үлес қоса алады. Сондықтан да жас ұрпаққа экологиялық білім беру, олардың табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу міндеттері мен мақсаттары өз маңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, қайта одан әрі көкейкестілігімен сипатталуда.
Мектеп қабырғасында берілген экологиялық білім мен біліктілік жас жеткіншектің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің негізін қалайды. Демек, экологиялык мәдениет - адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға шын мәнінде зиялы қатынасының ең жоғары деңгейдегі көрінісі [60] . Қазіргі кездегі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі жас ұрпақтың экологиялық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғат қорларын тиімді пайдалану, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу.
Орта мектепте химия пәнін оқыту барысында оқушылардың ғылыми қағидалар мен ұғымдарын саналы игеруіне ғана емес, пәнге тұрақты ынтасын қалыптастыруға айрықша назар аударудың маңыздылығы оқу бағдарламасында атап көрсетілген. Химияның экологиялық мәні ол жөніндегі білімді күнделікті өмірде, өнеркәсіпте, денсаулық сақтау саласында қолдануды түсіндіру арқылы оқушылардың ұғымына елеуі түрде ықпал етеді.
Орта мектеп химиясында экологиялық мазмұны бар ақпараттарды, химия өнеркәсібі мен оны дамытудың негізгі бағыттарын және әр аймақтың жергілікті экологиялық мәліметтерін сабақтарда пайдалану оқушылардың тек химиядан білім алу, оны бекіту және жетілдіруіне ғана емес, оларда экологиялық, табиғат қорғау білімдеріне, экологиялық ой-өрісінің дамуына, сонымен қатар, экологиялық жағдайларды сараптау біліктері мен дағдылары қалыптасып, экологиялық жағдайларды болжай білуіне және адамның іс-әрекеті әсерінен туатын қоршаған ортадағы келеңсіз оқиғаларды болжауға, жеке тұлғада экологиялық білім мен мәдениет тәрбиелеуге мүмкіндік тудырады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Жұмыстың мақсаты. 10 сынып бағдарламасындағы элементтер химиясы курсы бойынша табиғатқа әсері бар деген негізгі тақырыптар бөліп алып, осы элементтердің адам ағзасымен, қоршаған ортамен байланысты экологиялық, химиялық және табиғатты қорғау ұғымдарының проблемалары негізінде бағдарламалар дайындау. Осы бағдарлама бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыру әдістемесін жасау.
Осы мақсатқа сай мына міндеттер орындалды.
- элементтер химиясы курсын оқыту үрдісіндегі экологиялық білім берудің көкейкесті мәселелерін айқындау, теориялық және әдістемелік негіздерін тұжырымдау;
- элементтер химиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық білім берудің құрылымдық жүйесін дайындау;
- элементтер химиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық білім беру ерекшеліктерінің әдістемесін жасау;
- ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау.
- Экологияландырылған бағдарлама арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және танымдық белсенділігін арттыру
Зерттеу нысаны. Мектепте химия пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: орта мектепте оқушыларға элементтер химиясы курсын оқытуда экологиялық білім беру үрдісі.
1. 1 Химияны пәнаралық байланыста оқыту арқылы экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Педагогикалық мақсатпен зерттеу жүргізгенде ең алдымен сол пәннің мазмұнын оқушыларға жеткізудің сан қырлы дидактикалық талаптарын жүзеге асыру жолдары талданатыны белгілі. Олай болса біз өз ізденісімізде педагогикалық мәселелердің түйінді шешімдерін анықтауға тырысамыз. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда оқыту дегеніміз - жеке адамның бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру.
Дидактикалық тұрғыдан оқыту дегеніміз - білім берудің мазмұнын білім алушыға жеткізу ісіндегі сабақ беру (оқытушының қаракеті) мен оқудың (білім алушының таным әрекеті) бірлігі.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту - нақтылы оқу пәнінің материалын білім алушыға жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі [121] . Оқыту үрдісі бірнеше компоненттерден тұратын күрделі кұрылым екендігі белгілі. Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс. Онда оқушы мен оқытушы арасында ынтымақтастык әрекеттері жүзеге асырылады. Оқу әрекетінде «оқытушы -оқушы», «оқушы - оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осының ішіндегі ең маңыздысы - оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынастың, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұны мен ұйымдастыру формаларының, құралдары мен әдістерінің бірлігі мен үйлесімділігі, сабақтастығы арқылы жүзеге асырылады. «Оқытудағы сабақтастық- оқу пәнін оқып -үйренудің түрлі сатыларында оның бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан тұрады» делінген [122] . “Сабақтастық”ұғымы сонымен қатар оқытудың әрбір сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, тәсілдеріне және оны бекітуге бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды да сипаттай алады.
Зерттеуіміздің мақсаты біздің болашағымыз, яғни жастарға химияны пәнаралық байланыста оқытуда экологиялық білім беру мәселесі болғандықтан, осы жаратылыстану пәндерінің мазмұнындағы экологиялық білім беру жайы сараланып, оларды белгілі бір жүйеге келтіру жағы қарастырылады.
Соңғы кездердегі бағдарламаларға экологиялық білім беру мәселесі жиі көтеріліп, онда мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, бастауыш, орта мектептерде және жоғары оқу орындарында бұл мәселені жүзеге асырудың педагогикалық, психологиялық аспектілері жан-жақты қаралып отырғаны мәлім. Онда экология жеке ғылым ретінде бөліп қаралмай, ол жалпылай экологиялык ұғым беру тұрғысынан, ал біраз зерттеушілер экологиялық білімді жеке пәндердің өзара сабақтастығы, байланысы негізінде жүзеге асыруды қарастырады. Дегенмен, мұның қай-қайсысында да әлі де болса айқын жасалған жүйелілік байқалмайды. Жеке пәндер арқылы экологиялық білім беру, пәндік оқулықтарда берілген материалдардың, яғни мәтіндер мазмұнындағы сабақтастықтың қалыптасуының мәні зор. Оқушыларға экологиялық білім мен экологиялық тәрбие беру, оларды әлеуметтік жағынан дайындаудың негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Мұны пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білім мен тәрбие берудің моделінде көрсетуге болады (2-сурет) .
Пәнаралық байланыста берілетін білім жүйесі жастардың төменгі мектеп қабырғасынан бастап болашақ мамандықтарына кәсіби бейімделуіне жағдай жасап, мүмкіндік береді. Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, жастарды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру, т. б. мәселелерді шешу мақсатын көздеп отыр.
Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтінінің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Экологиялық білім берудің мазмұны, нақты пәндердегі білім → әлеуметтік экологиялық білім → мамандықтарымен байланыстырылған білім, тізбегіндей бір-бірімен өзара ұштасып, сабақтасып жатса, онда әрбір жеке адамда жоғары әлеуметтік экологиялық сана-сезім, әрбір іс-әрекеттерінде ойлылық, жауапкершілік қаракеттерінің қалыптасатыны анық.
2-сурет - Пәнаралық байланыс негізіндегі
экологиялық білім мен тәрбие моделі
Пәнаралық байланыста экологиялық білім мен тәрбие беруде материалдарды сұрыптағанда, қоршаған ортадағы болып жатқан әртүрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруден басталса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үрдістерге танымдық көзқарасы жетіледі. Ал, мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен пәнаралық байланыста оқытылатын әрбір пәннің мазмұны оқытудың мақсатын, нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасымен сабақтастықта көрініс табуы қажет.
Психологиялық тұрғыдан алғанда оқу әрекеттерінің бір-бірімен ұқсастығы, сабақтастығы (ойын, бакылау, тәжірибе), физиологиялық тұрғыдан даму қарқынының тездігі, олардың берілген білімді игеруге ынталылық, ондағы койылған басты мақсатқа жетуге қызығушылық, ол білімді қабылдағыштығы мен беріктігі, сапалылыгы сияқты қасиеттерінің өзі пәндермен экологиялық байланыстылықты, сабақтастылықты ұғындырудың нәтижесі болуына негіз беріп, мүмкіндік тудырады.
Біз өз зерттеулерімізде элементтер химиясының тақырыптары мен ондағы материалдары бойынша пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдардың күнделікті тұрмыстағы маңызы және оларды тиімді пайдалану мүмкіншіліктеріне баса көңіл бөліп, жүйелеуді қарастырдық. Мәселен, химия пәнінде өлі табиғат заттары мен құбылыстарының (су, ауа, топырақ, химиялық бүкіл элементтердің құрылымы) ерекшеліктері, қасиеттері туралы берілетін білім физикалық ұғымдармен байланыстырыла, яғни дүниедегі бүкіл заттар мен құбылыстардың физикалық ерекшеліктері, заттардың (жай жэне радиоактивті) биосферада таралуы, ол заттардың таралуына әсер ететін физикалық, химиялық және табиғи факторлар мен заңдылықтар, олардың тұрмыстағы маңызы т. б. туралы мәлімет беріледі. Міне, осы мазмұндарға назар аударсақ, екі пәннің де қарастыратын ортақ мәселесінің негізіне қоршаған дүние заттары мен құбылыстары енеді. Олай болса, осы әлемдегі баршаға ортақ дүние туралы білім беруде, оны өндірудің, пайдаланудың, сақтаудың экологиялық мәселелері ашылмақ. Ал, болашақ маман иелері өздерінің білім алу жолдарында табиғатпен, қоршаган ортамен тығыз байланыста қызмет жасауға дайындалатынын ескерсек, біз бүкіл әлемдік био-, гео- жүйелерімен тиімді қатынастар орнықтыруға міндеттіміз. Тиімді қатынастар деп- табиғи ортаны сақтап, қорғайтын іс-әрекеттерді, адам мен қоғамды дамытатын қарым-қатынастарды айтамыз. Адам-табиғат жүйесіндегі қатынастар 3 түрлі болады: I) физиологиялық, адам мен қоршаған орта арасындағы энергия мен зат алмасу арқылы жүзеге асады; 2) іс-әрекеттік; 3) психикалық. Оның оқытушы-оқушы-табиғи жүйесіндегі қатынастары: іс-әрекеттік және психикалық. Ал физиологиялық қатынастар олар туралы білім алумен шектеледі. Демек, адамның өзі өмір сүретін ортасымен тиімді қарым-қатынастарын қалыптастыратын, яғни іскерлікпен әрекет жасайтын, экологиялық білімді, экологиялық ғылыми көзқарасы дамыған маман дайындау міндетін шешуге тиіспіз. Өйткені, келешек қоғам дамуының ұйтқысы болатын да табиғи орта тепе - теңдігін сақтап, тазалығын қорғауға белсенді араласатын да осы жастар. Сондықтан, химияның жаратылыстану пәндерімен байланысы негізінде экологиялық білім беруді белгілі бір жүйеге келтіретін болсақ, мұндай сабақтар жүйесінің құрылысы төмендегідей болуы мүмкін (3-сурет)
3-сурет - Химиядан пәнаралық байланысы негізінде экологиялық білім беру жүйесі
Осы көрсетілген суреттегі сабақ түрлерінің басты мақсатының бірі тақырыптың ғылыми мазмұны мен экологиялық мазмұнының сабақтаса отырып кірігіп кетуі. Әр тақырыпты оқытқанда бұл мақсаттар жігінің бірігуі. Сонда ғана болашақ мамандардың экологиялық санасын қалыптастыруға жағдай туады. Осы жүйені бекітілген, алдын ала дайындалған бағдарлама негізінде, зерттеулердегі және оқулықтағы материалдар мен оқу құралдарының көмегімен [15, 58, 63, 107, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128] оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері нәтижесінде танымның пәнаралық байланыстығы тиімді тақырыптарын таңдап алып, сол тақырыптардың экологиялық мазмұнын ашып, жеттілдіруді жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Оқу құралдарының мазмұны, оқытудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті мен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде оқушыларға теориялық біліммен қатар адамгершілікті, инабаттылықты тәрбиені жоғары денгейге көтеру мақсаты жүзеге асырылады. Бағдарлама мен оқулықтардың мәтіні біздің қалағанымыздай, экологиялық білімнің теориялық және практикалық тұстарын ашуға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, экологиялық білім беруде пәнаралық байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат құралдарынан (теледидар, радио, газет, журнал, арнаулы плакаттар т. б. ) алынатын мағлұматтар мен ғылыми - экологиялық материалдар негізінде дайындалады. Зерттеу жұмыстары барысында пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім беру үрдісін нәтижелі жүргізу үшін:
- пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттігін дәлелдеу;
- экологиялық білім беруде химияны пәндермен байланысында нені оқыту керек;
- пәндер арасындағы байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады;
- пәнаралық байланысты қай формада және қандай әдіспен оқыту керек;
- пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің нәтижесі қандай болмақ, деген мәселелер толықтай қамтылуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін, оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің мәнін, мақсатын, міндеттерін, жағдай мен жайларын анықтауда, бүгінде педагогика саласында кеңінен қолданылып жүрген әдістер: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттары, ұстанымдары, білім алушылардың жазба, графикалық, техникалық, зерттеу жұмыстары мен оларға талдау жасау, оқытушымен әңгімелесу, сұраунамалар дайындау, оны талдау, т. б. әдістер қолданылады.
Табиғаттың қоғаммен біртұтастық идеясы - жаратылыстану пәндерінде қарастырылатын адамның идеясы деуге болады. Пәнді оқытуда, сабақ тақырыбына байланысты материалдарды сұрыптау барысында табиғи құбылыстарды өз қалпында, әр құбылыстың жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды сол тақырыпқа қатысын анықтай біліп, ал соңғы сатыда атқарылған жұмыстың нәтижесін сұрыптау үшін білім берудің мақсаты мен жоспарын айқындап, бақылаудың қорытындысын жүйеге келтіру, химия пәнінің оқу материалын іріктегенде зертханалық жұмыстар мен көрнекі оқу құралдары және олардың түрлерін өңдеу, жетілдіру, оқыту формалармен әдістерін ұқсастықтары мен ерекшеліктернін қарастыру, оларды жалпыландыру мәселесі өзінен-өзі туындайды. Бұл мәселе жиынтығы химиядан пәнаралық байланыста экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінде белгілі бір жетекші идеялар жүйесін (4-сурет) қалыптастырады.
4-сурет - Экологиялық білім беруде пәнаралық
мазмұндағы жетекші идеялар жүйесі
Бұл идеяны оқу үрдісінде жүзеге асыру кезінде пән тақырыптарының мазмұнын әдістемелік тұрғыдан талдап, оқу материалдарын іріктеп, ол пәннің жаратылыстану, қоғамдық пәндерімен байланысын анықтап алып, сабақ үрдісінде мейілінше соңғы кезеңдегі техникалық құралдарды пайдалану арқылы, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда бұрын қолданылып келген көрнекі құрал-жабдықтарды барынша жетілдіріп, тапсырылатын өзіндік жұмыстар мен тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне қарай топтап түрлендіріп, жұмыстың мазмұнын, мақсатын анықтау қажет. Енді осы жерде химиядан оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің міндеттеріне келетін болсақ, онда оларды химияның жаратылыстану пәндерімен өзара байланысын былайша көрсетуімізге болады:
- жаратылыстану пәндері байланысының экологиялық білім берудегі алатын орнын көрсету;
- оқу үрдісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химиядан заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу, зерттеулерде заттар және олардың табиғатта таралуын, алатын орнын, табиғи үрдістердегі рөлін, осы заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсері мен мәнісін түсінуде жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін, теориялық көзқарастарын пайдалануға, оқытуға, ұғындыруға, іс жүзінде қолдануға дағдыландыру;
- табиғаттың біртұтастығын, онда болып тұратын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығын, шарттылығын ұғындырып, қоршаған ортаға жаңаша ғылыми көзқарас калыптастыру. Өлі табиғатты кұрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты құрайтын ағзалар денесі заттардан тұрады.
Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар қарапайым бөлшектерден тұратыны жайындағы ұғымды меңгерте отырып, пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім жүйесін жетілдіру;
- химия курсына енетін экологиялық білімдер жүйесін, әр жүйеге кіретін экологиялық ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу, түсіну;
- заттар туралы экологияландырылған қосымша оқу материалдарын іріктеу. Қазірде бейорганикалық заттардың млн. астам түрі белгілі, олардың қатарын үздіксіз арттыру, оның табиғаттағы, қоғамдағы орнын, мәнін, нәтижесін анықтау;
- оқылатын теориялық материалдардың экологиялық мазмұны мен деңгейін, олардың пәндерге қатысты орнын негіздеу. Деректі материалдарды сұрыптау, түсіндіру, болжау және ондағы ұғымдардың мәнін түсіну;
- жоғары мектептегі химиялық білім негізіне енетін өндірістік, тұрмыстық материалдарының экологиялық мазмұнын толықтыру арқылы болашақ мамандыктарына даярлығын жетілдіру. Бүгінгі химия өндірістері, ондағы экологиялық жағдайларды ғылыми негізде таныстыру. Экологиялық, технологиялық негізгі ұғымдарды түсіндіру. Ауыл шаруашылық қажеттілігі жоғары өнімдерді, бағалы синтетикалық материалдарды өндірудегі, қалдықсыз технология жасаудағы химияның маңызын көрсету, болашақ мамандыктарының химиямен байланысына бағдар беріп, экологиялық еңбек тәрбиесін іске асыру:
- табиғатты аялай білуге баулу, химия мен химия өндірістерінің өркендеуіне байланысты ауаның, судың, топырақтың ластануын болдырмау; минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді, тиімсіз жақтарын ажырата білу, оның қоршаған ортаға, адам ағзасына әсері жөнінде жан-жақты ақиқат нақты пікір тудыру;
- оқушылардың қоршаған ортаға қатысты таным әрекетін білім алудағы белсенділігін арттыру, біліктілігін жетілдіру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz