Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

Тақырыбы: Turbo Pascal тілінің операторлары

Тексерген: аға оқытушы

Миркасимова Т. Ш.

Орындаған: «Ақпараттық

жүйелер» 1 курс 102-топ

студенті

Кушпаев Ерлан

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Программа құрылымы және операторлары . . . 5-7

1. 2 Программа бөлімдері . . . 7-11

1. 3 Операторлар . . . 11-15

ІІ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

2. 1 1-есеп . . . 16

2. 1. 1 Есептің берілгені . . . 16

2. 1. 2 Есептің алгоритмі . . . 16-17

2. 1. 3 Программалау бөлімі . . . 17-18

2. 1. 4 Есептің жауабы . . . 18-19

2. 2 2-есеп . . . 19

2. 2. 1 Есептің берілгені . . . 19

2. 2. 2 Есептің алгоритмі . . . 20-21

2. 2. 3 Программалау бөлімі . . . 21-22

2. 2. 4 Есептің жауабы . . . 22

III ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23-24

IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25-26

КІРІСПЕ

Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.

Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3. 0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпыбілімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында «бірінші» программалау тілі ретінде қолданыла бастады.

1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген. Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7. 0 нұсқасы болып табылады, бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5. 5 нұсқасынан бастап үйренген дұрыс.

Бағдарламалау тілі дегеніміз - адам мен компьютердің(ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы.

Идентификаторлар атаулар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды т. б. обьектілерді белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор - белгілі бір міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Оның ұзындығы 8 символдан тұрады.

Айнымалылар деп - программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады.

Тұрақтылар «константа» деп - программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек, ал сипаттау бөлімінде идентификаторды белгілегеннен кейін мәнді беретін боламыз.

Стандартты функциялар математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін ең алдымен функцияның аты, сосын жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі керек.

Өрнектер деп - арифметикалық амаладрадың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтыларды жиынын айтады. Өрнектерді есептеу барысында амалдардың орындалу реті жақшалармен көрсетіледі.

Turbo Pascal-да бағдарлама жазуда мына төмендегі негізгі таңбалар пайдаланылады: Қазақ әліпбиінің бас және кіші әріптері бағдарламалауда тек мәтіндерді өңдеу мен түсініктемелер жазуда ғана қолданылады. Осы жоғарыдағы бағдарлама жазуда пайдаланылатын таңбалар тобын Turbo Pascal әліпбиі деп атаймыз.

Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады.

Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.

Блок-схема алгоритмді сипаттаудың графигтік тәсілі. Блок-схема деп, бағытталған байланыс нұсқамалармен геометриялық фигуралар формасында алгоритмді рафикалық түрде жазуды айтады. Ал әрбір фигура алгоритмнің бір әрекетін бейнелейді, олардағы арасындағы нұсқамалар фигурадан фигураға алмасуды білдіреді. Блок-схемада алгоритмді басқару көрнектілігін анық көруге болады.

Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі - оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программала тілі - компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.

Программалау тілі үш құраушының: алфавит, синтаксис және семантика бірлігі болып табылады.

  • Тілдің алфавиті - тілдің сөйлемдерін жазуда пайдаланылатын, тілдің барлық символдарының жиынтығы.
  • Тілдің синтаксисі - тілдің сөйлемдері мен оның құрамдас бөліктерін құру үшін пайдаланылатын ережелер жиынтығы.
  • Тілдің семантикасы - тілдің синтаксисі бойынша құралған оның құрылымын түсіну ережесін анықтайды.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Программа құрылымы және операторлары

1-Сурет. Турбо Паскаль жұмыс ортасы.

Турбо Паскаль ортасында программа құру барысында шектелген әрі әр түрлі терезелермен жұмыс жасауға болады. Бұл терезелердің көмегімен программаны реттеуге арналған командаларды іске қосуға болады. Яғни, Турьо Паскаль программалау ортасындағы бұл мүмкіндік меню жүйесі көмегімен атқарылады. Берілген менюлерде ішкі меню орналасуы мүмкін. Меню арқылы белгілі бір команадаларды таңдауға болады. Олар сұхбат терезелерінен тұрады.

Турбо Паскаль ортасы келесі бөлімдерден құралған:

  1. Жұмыс терезелері;
  2. Меню қатары;
  3. Көмек қатары;

Турбо Паскаль ортасын жұмыс барысында қолданушылар терезелерінің екі түрі бар: ақпараттық және сұхбаттасу.

Ақпараттық терезелерге қолданушылардың өзгерістер енгізуіне болатын терезелер жатады. Турбо Паскаль программалау тілінде ақпараттық терезелердің алты түрі қолданылады:

  1. Редактор терезесі;
  2. Output терезесі;
  3. Call терезесі;
  4. Message терезесі;
  5. CPU терезесі;
  6. Жүйелік ақпараттық терезелер.

Турбо Паскаль программалау ортасында сұхбаттасу терезелері: файлдарды жаңадан құруы, дискке сақталған файлды жадыға жүктеу, жұмыс парағындағы программаны дискіге сақтау, реттеу процесстерін жүзеге асыру үшін және программалау ортасын басқару секілді іс-әрекеттерді орындау үшін қолданылады.

Жалпы сұхбаттасу терезелері жиі кездесетін келесі компоненттерден құрылуы мүмкін:

  1. Командалық батырмалар;
  2. Тізімдер;
  3. Енгізу жолдары;
  4. Қосқыштар;
  5. Әр түрлі белгішелер.

Паскаль тілі блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөліктерден тұрады. Блоктың тақырыбын әркім өз қалауынша қояды, бірақ ол блоктың ішкі мазмұнына байланысты болуы қажет. Блок программаны, процедураны немесе функцияны көрсетуі мүмкін.

Программа тақырыбы PROGRAM сөзінен және программаның атауынан тұрады. Турбо Паскальдың 7-ші нұсқасында программа тақырыбын жазбай-ақ қойса да бола береді. Сипаттаманы беру бөлігі программада кездесетін барлық мәліметтерді хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Кей жағдайда сипаттау бөлігінің жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады және ол BEGIN түйінді сөзінен басталады да, END сөзімен аяқталады.

Операторлар програманың BEGIN және END түйінді сөздерінің аралығында орналасады. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатыніс-әрекетті анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Оларды жазылу ретіне қарай бір-бірінен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратып жазады. Экран бетінде бірнеше мәлімет орналастыру кезінде бір жолға бірнеше операторды жазуға болады. Керек жағдайда жолдардың арасында не соңында жүйелі жақшаға алынған түсініктеме сөздерді қазақша әріптерімен терген орынды.

Операторлар қарапайым және құрмалас болып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлар құрамында басқа операторлар болмайды, яғни ол тек бір оператордан тұрады. Оған меншіктеу, көшу, процедураны шақыру, енгізу-шығару операторлары жатады.

Құрмалас операторлардың құрамына бірнеше қарапайым операторлар енеді, олар: шартты, таңдау, үш цилдік операторлар болып бөлінеді.

Программаның жазылу құрылымы:

PROGRAM Аты;

Мәліметтердің аты;

Мәліметтердің типін көрсетіп сипатау;

Олардың мүмкін мәндері;

BEGIN

Операторлар тізбегі;

Нәтижелер тізбегі;

END.

Мұндағы PROGRAM - программа, BEGIN - программаның басы, END - программаның соңы деген мағынаны білдіреді. (; ) белгісі операторларды бір-бірінен ажырату үшін жазылады, бірақ ол соңғы оператордан кейін қойылмайды. Программаның соңы END сөзінен кейін ғана (. ) қойылады, ол программаның аяқталғанын білдіреді.

1. 2 Программа бөлімдері

Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Тurbo Pascal тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі қажет.

Тurbo Pascal тіліндегі программа жалпы мына түрду жазылады, яғни төмендегідей болады:

Программа тақырыбы;

Сипаттау бөлімі;

BEGIN

Орындалатын бөлімі;

END.

Программа тақырыбы РROGRAM қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады.

Операторлар бөлімі Begin қызметші сөзінен басталып, орындалатын операторлар (нұсқаулар) бірінен кейін бірі жазылады. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасын (; ) нүктелі үтір таңбасымен бөлеміз. Бұл бөлімді End қызметші сөзі аяқтайды. Бұл сөзден кейін (. ) нүкте таңбасы қойылып, программаның соңын көрсетеді.

Операторлар бөлімінің жазылуы:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

. . .

n-оператор;

End.

Операторлар жазылу реті бойынша жоғарыдан төменге қарай орындалады. Жазылуы көлемді болатын операторлар бірнеше экранның жолын алуы мүмкін. Мысалы:

Program esep1 (input, output) ;

Мұндағы esep1 - программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өзі қалауынша бере алады.

Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш болып табылады.

ЕСКЕРТУ! Программа тауының оның мазмұны сақталынған файл атауына еш қатысы жоқ.

input, output - стандартты енгізу-шығару файлы болып табылады.

*Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т. б. хабарланады.

*Орындалатын бөлімде begin және end қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin (ашылатын) және end (жабылатын) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор - нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекеттерді машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасында (; ) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін end сөзінен кейін (. ) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлардың тізбегін - программа денесі деп атайды.

Ал енді, программа бөлімдеріне келетін болсақ . . . Тurbo Pascal тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • Программа тақырыбы;
  • Берілгендерді сипаттау;
  • Белгілерді хабарлау бөлімі;
  • Тұрақтыларды хабарлау бөлімі;
  • Типтерді хабарлау;
  • Айнымалыларды сипаттау бөлімі;
  • Процедура-функцияны хабарлау бөлімі;
  • Орындалатын бөлім:

Begin

Программа денесі (оператор тізбегі) ;

End.

Сонда, программа құрылымы мына түрде болады:

Program программа аты;

Uses

Модуль аты;

Label

Белгі;

Const

Тұрақты атауы=тұрақты мәні;

Type

Тип атауы=тип сипаттамасы;

Var

Айнымалылар атау:типі;

{Пайдаланушылар процедурасын және функциясын хабарлау};

Begin

Оператор тізбегі

End.

  • Usesбөлімінде стандартты және пайдаланушылар модулі жарияланады. Мысалы,

Uses crt;

Begin clrscr;

{экранды тазалауды әске қосу},

. . .

  • Кез келген операторларды белгілей отырып, goto операторы арқылы программаның орындалу ретін өзгертіп, белгіленген операторға тікелей көшуге арналған болады. Белгі атауы символдар тізбегі және бүтін оң сандармен қойылады. Оператор мен белгі арасына (:) қос нүкте таңбасы жазылады. Белгілерді хабарлау бөліміlabelқызметші сөзінен басталады. Программада кездесетін барлық белгі label бөлімінде хабарлануы қажет.

Label белгі1, белгі2, белгі3;

Мысалы,

Label 1, 15, SUMM, AC;

  • Тұрақтыларды сипаттау бөлімі сonst (латынның costants - тұрақты деген сөздінің қысқартылған баламасы екен) қызметші сөзінен басталады. Бұл бөлім программада төмендегідей жазылады:

Const

Тұрақты атауы=тұрақты мәні;

Мысалы,

Const

G=9. 8;

  • Type бөлімінде пайдаланушылар тарапынан анықталған типтер хабарланады. Тurbo Pascal-да программалаушы стандартты типтер арқылы жаңа типті құруға мүмкіндігі бар. Мұндай типтерді қолдану программаның құрылымын күрделендіреді. Сол себептен type бөлімі қарапайым программада кездеспейді. Бірақ, пайдаланушылар типі программадағы қателіктерді тез табуға септігін тигізеді. Type бөлімінің жалпы жазылуы:

Type

Тип атауы=сипаттамасы;

Мысалы,

Type

Matris=array[1. . 3, 1. . 2] of real;

Бұл мысалда тип атауы - Matris кесте берілген, оның жол бойынша3, ал бағана бойынша 2 элементі бар. Кестенің элементтерінің тегі нақты - real.

  • Программада кездесетін барлық айнымалы VAR (ағылшынның variable - айнымалы деген сөзінің қысқартылған баламасы) бөлімінде хабарлануы керек. VAR бөлімінде айнымалының атауы, типі хабарланады. Программаның орындалуы барысында, айнымалы оған тағайындалған атауы бойынша шақырылады. Айнымалының мәні VAR бөлімінде анықталғандықтан оған бастапқы мән берілуі керек.

Егер программада типтері әр түрлі бірнеше айнымалы болса, VAR деп бірнеше рет жазудың қажеті жоқ. Яғни, VAR сөзі бірақ рет жазылып, айнымалылардың тізімдері толық көрсетіледі. Айнымалылар бөлімінің жазылуы:

Var

Айнымалылар атауы: типі;

Мысалы,

Var

a, b, c:integer;

D, x1, x2:real;

y:char;

flag:boolean;

Мұндағы a, b, c - айнымалылар атаулары, олардың типтері бүтін - integer. Ал, D, x1, x2 - нақты - real, у - символдық - char, flag - логикалық - boolean айнымалылар.

  • Программалауды жеңілдетуде бір программаны бірнеше кішкене бөліктерге бөлуге болады. Программаның осындай бөліктері -көмекші программалар(ішкі программалар, қосалқы программалар немесе подпрограммалар) деп аталады. Көмекші программа екіге бөлінеді: процедуралар мен функциялар. Процедуралар мен функциялардың екі түрі бар:. Стандартты функциялар мен процедуралардың атауы, атқаратын қызметі алдын-ала анықталғандықтан, оларды программаның басында хабарлаудың қажеті жоқ. Ал, пайдаланушылар процедурасы мен функцияларын программаның арнайы бөлімінде хабарлау керек. Бұл бөлімде пайдаланушы процедурасы мен функцияларына атау беріледі. Оларды осы атауы бойынша программаның негізгі бөліміне шақыруға болады.

Процедураны хабарлау бөлімінің жалпы жазылуы:

Procedure процедура атауы (формальды көрсеткіштері) ;

Begin

Процедураның орындалатын бөлімі;

End;

Функцияны хабарлау бөлімінің жалпы жазылуы

Function функция атауы (формальды көрсеткіштері) : нәтиже типі;

Begin

Функцияның орынждалатын бөлімі;

End;

Процедуралар мен функциялар туралы толығырақ осылай білуге болады.

  • Программаның орындалатын бөлімін - операторлар бөлімі деп атаймыз. Операторлар бөлімі - программаның негізгі бөлімі. Бұл бөлімде программаның сипаттау бөлімінде хабарланған тұрақтыларға, айнымалыларға, функциялардың мәндеріне түрлендіру операциялары қолданылып, қойылған мақсатта программа жазылуы керек.

1. 3 Операторлар

Turbo Pascal тілінің операторлары төмендегідей:

  1. Меншіктеу операторы;
  2. Берілгендерді енгізу операторлары;
  3. Мәліметтерді экранға шығару операторлары;
  4. Бос оператор;
  5. Шартсыз көшу операторы;
  6. Құрама оператор;
  7. Шартты көшу операторы;
  8. Логикалық қатынас және өрнек;
  9. Таңдау операторы;
  10. Циклдың құрылымды оператор;
  11. While операторы;
  12. Келесі шарт бойынша циклды ұйымдастыру;
  13. For операторы;
  14. Күрделі циклдер.

Оператор - программадағы нұсқаулардың, бұйрықтар, алгоритмдердің машиналық тілде жазылуы. Яғни, берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті тілде, түрде жазылуы. Сонда, программа денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір белгісі қойылады.

Операторлар қарапайым және күрделі немесе құрама болып екіге бөлінеді. Егер де оператор құрамында басқа операторлар болмаса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедуралық шақыру, шартсыз көшу - Goto, бос орын операторлары жатады.

Күрделі немесе құрама оператор бірнеше қарапайым операторлардан тұрады.

Турбо Паскаль бағдарламалау ортасының негізгі операторларының бірі - меншіктеу операторлары . Ол қарапайым операторлар тобына жатады. Меншіктеу операторының жалпы жазылуы:

Айнамалы атауы:=өрнек;

Мысалы:

X:=2*Y+Z;

Z:=A+B;

Мұндағы := меншіктеу белгісінің оң жағындағы өрнек есептелініп, сандық мәні оң жақтағы айнымалыға меншіктеледі.

Меншіктеу (:=) белгісінің әдеттегі теңдіктен (=) айырмашылы бар. Мысалы: summ:=2 болғанда, summ:= summ+5 өрнегінің нәтижесі 7, зерденің summ атаулы ұяшығындағы 2 санына 5-ті қосып, шыққан 7 санын summ ұяшығына қайта орналастыру. Ал, өрнек summ:= summ+5 түрінде жазсақ оның мағынасы болмайды.

Символдық мәндерді меншіктеуде апостроф (‘) таңбасы қолданылады. Мысалы: K:= ‘Информатика’; J:= ‘*’.

Программадағы орындалатын алғашқы іс-әрекет - берілгендерді енгізу болып табылады. Берілгендерді енгізу - программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадысынаөңдеуге жіберу болып табылады. Енгізудің негізгі құрылғысы - пернетақта және дискілік файл. Турбо Паскальда берлігендерді енгізуде read - ‘оқу’, readln (read line) - ‘жолды оқу’ операторлары қолданылады. Енгізу операторларының жалпы жазылуы:

Read (x1, x2, …, xn) ;

Readln(x1, x2, …, xn) ;

Мұндағы x1, x2, …, xn - мәні пернетақтадан енгізілуге тиісті айнымалылар тізімі.

Енгізу операторы орындалғанда программаның орындалуы уақыташа тоқтатылады. Тізімде көрсетілген айнымалылардың сандық мәні пернетақтадан теріліп, Enter пернесі басылғанда орындалу әрі қарай жалғасады. Тізімдегі айнымалылар санынан енгізілген мәндер саны кем болмауы керек.

Мәліметтерді экранға шығару операторы - компьютердің жедел жадысындағы өңделінген мәліметтерді сыртқы құрылғыларға, экран, принтерға беру. Турбо Паскальда мәліметтерді экранға шығару үшін Write ‘жазу’, Writeln (Write line) ‘жолды жазу’ операторы қолданылады. Бұл операторлардың жазылуы мына түрде болады:

Write (y1, y2, …, yn) ;

Writeln (y1, y2, …, yn) ;

Мұндағы, y1, y2, …, yn - сандық мәні экранға шығарылатын айнымалылар тізімі. Шығарылатын мәліметтер туралы түсініктеме тексті апостроф ішіне жазса да болады.

Бос оператор - Турбо Паскаль тілінде бос операторлар (; ) таңбасымен беріледі. Бос оператор программада ешқандай амал орындамайды. Ол тек программадан және құрама оператордан шығуда қолданылады.

Мысалы:

Begin

Goto белгі {блоктың соңына көшу}

белгі: End; {бос оператор белгі арқылы белгіленген}

Кей жағдайда программада артық қойылған (; ) - бос оператор белгісі ешқандай қатені туғызбайды.

Мысалы:

A:=4;

B:=12;

бірінші оператордан кейін қойылған бос оператор белгісі ұмыт қалған операторға орын тағайындай алады.

Шартсыз көшу операторы - Турбо Паскаль тіліндегі программада операторлар жазылған ретімен орындалады. Осы реттілікті өзгертіп, яғни программаның кейбір бөліктерін орындамай отыратын, яғни программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету және кері өайту үшін, шартсыз көшу операторы қолданылады.

Шартсыз көшу операторының жалры жазылуы:

GOTO белгі;

GOTO операторы орындалғанда, программаның орындалу реті бұзылып блгіленген операторға көшу жүзеге асады. Бір белгімен бір оператор белгіленеді. Ал олардың арасына ; белгісі қойылады. Белгі0- бүтін сандарымен және идентификаторымен қойылады. Бұл белгі программаның label бөлімінде хабарлануы керек.

Мысалы:

Label 10;

Begin

GOTO 10;

10: Y:=2*X;

End.

Мұнда GOTO 10 операторынан кейін программаның орындалуы 10 санымен операторға көшіріледі.

ЕСКЕРТУ! GOTO операторы программаның логикалық құрылымын күрделендіріп жібереді. Сол себептен бұл операторларды жиі пайдаланудың қажеті жоқ.

Бірнеше операторлардың бірігуінен шыққан операторларды құрама оператор деп атаймыз. Бұл оператор begin - басы және end - соңы қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін ; белгісі қойылады. Құрама операторлардың жалпы жазылуы:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

. . .

N-оператор;

End;

Алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екі немесе екіден көп тармақтары бар алгоритмдер - тармақталған алгориитмдер деп аталады. Осындай алгоритмді программалауға шартты көшу операторы қолданылады.

If <шарт> then <1-оператор> else<2-оператор; >

Программада берілген шартты жазу бір немесе бірнеше логикалық қатынас тардан тұратын, өрнек арқылы жазылады. Логикалық қатынас операциялары екі операцияларды бір-бірімен салыстыру арқылы және олардың қайсысы ақиқат және жалған екендігін анықтайды.

Программалауда қойылған шартқа байланысты алгоритмнің тармағының саны көп болмағанда case - таңдау операторы н қолдану тиімді. Таңдау операторының жалпы жазылуы:

CASE of

C1: 1-оператор;

C2: 2-оператор;

Cn: n-оператор;

Else

Оператор;

End;

Алгоритмнің кейбір бөліктері бірнеше рет қайталанады. Мұндай құрылымды алгоритмдерді қайталаушы алгоритмдер немесе циклдық құрылымды алгоритм деп атаймыз. Турбо Паскальда циклдық құрылымды алгоритмді программалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:

  1. Алдын ала шартты тексеру;
  2. Келесі шарт бойынша тексеру;
  3. Параметрдің мәніне тәуелді.

Циклдық құрылымды алгоритмді программалауда, қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, FOR операторы н қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып, циклды басқарады. Бұл, айнымалы циклының параметрі делінсе, FOR операторы параметрлері қайталану операторы деп аталады.

ІІ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

2. 1 1-есеп .

2. 1. 1 Есептің берілгені

20% жеңілдігі бар телефомен сөйлесудің бағасын анықтайтын программа жазу, ол жеңілдік сенбі және жексенбі күндері ұсынылады. Төменде осы программаның жұмысының экрандағы көрінісі көрестілген (пайдаланушымен енгізілетін деректер жартылай толық шрифтімен беріледі) .

Телефонмен сөйлесудің бағасын есептеу.

Шығыс деректерін енгізіңіз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Турбо Паскаль тілінде программалау
Құрылымдық модульдік программалау
Программалау тілдері туралы ұғым
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal программалау тіліне шолу
Turbo Pascal – дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz