Автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОК 656. 225 Қолжазба құқығында
ТҰРСЫМБЕКОВА ЗАКИРА ЖАМБЫЛҚЫЗЫ
Автокөлік логистикасының техникалық
сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары
(Алматы қаласы жағдайында)
05. 22. 08 - Тасымалдау процессін басқару
Техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу
үшін орындалған диссертация
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
- Автокөлік логистикасы жүйесінің сенімділігін арттыруды модельдеудің теориялық
негіздері . . .
3. 2 Автокөліктің техникалық жағдайына сәйкес пайдалану тиімділіктерін
арттыру амалдары . . .
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
Еліміздегі жүргізілген экономикалық реформа жалпы экономиканы ұйымдастыру, басқару ережелерін, заңдылықтарды түгелдей өзгертті. Нарықтық қатынасқа өтудің қазіргі жағдайында өндірістік инфрақұрылымның жедел дамуына, оның ішінде материалдық ресурстардың айналымын сенімді қамтамасыз ететін транспортқа сұраным туындайды.
Әр жыл сайын біздің елімізде 200 млрд. шамасында әртүрлі шаруашылықтар қатынасы қалыптасады. XX ғ. соңында басқадай тепе тең шартты жағдайда белгіленген өндірістік әлеуметтің өсімі шаруашылық қатынастардың кейінгі 10-15 жылда 4 есеге өсуін мүмкіндік етеді. Бұл мәліметтер қазіргі жағдайда тауар айналымы үрдісінің сенімді экономикалық қалыптасуын қамтамасыз етуде транспорттық кешеннің қажеттілігін қарастыруды керек етеді. [1-3] .
Сонымен қатар оларды оңтайландыру мен транспорттың маңыздылығын анықтауда, оның ішінде автомобиль, ұлғаймалы ұдайы өндіріс үрдісінде негізгі қатысушы ретінде, қоғамдық өндірістің тиімділігі мен айырбас және оңтайлы орналастыруына маңызды әсер етеді. Жүк тасуда автомобиль тауар өндірушілер мен өндірістік бағыттағы тауарлар мен халық тұтынатын тауарларды тұтынушылар арасында іс жүзінде барлық қарым қатынасына қатысады.
Бүгінгі таңда елімізде автомобильмен халықаралық жүк тасымалдау кәсібімен айналысу өте тиімді болып отыр. Қазақстанның автомобильмен тасымалдаушылары 2006 жылы 18 шет ел мемлекеттеріне 46, 5 мың жүріс орындаған, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік мәліметтер бойынша осы халықаралық жүк тасымалдауға арналған 200-ден астам кәсіпорын бар. Ел басы бекіткен автомобиль жолдары мен инфрақұрылымдарын жетілдіру бағдарламасының негізгі мақсаты 2012 жылдарда автомобильдер жүріс жиілігін 1000-4000 бірлік/күніне жеткізу болмақшы және ол жыл сайын 7-8 пайызға өспекші. Ал бүгінгі уақытта бұл көрсеткіштер жылына 4 пайызға өсіп отыр, бірақ жанар-жағар майлар шығындарына қарағанда бұл көрсеткіш 2 есеге жоғары.
Министрліктің орындаған даму бағдарламасы бойынша жүк тасымалдау көлемі төмендегідей қарқынмен өзгермекші. [2-5] .
Жылдар Жүктер, млн. тн. Жүкайналымы, млн. тн. км
2001 1076, 9 33023
2002 1219, 3 37589
2003 1318, 2 40158, 4
2004 1445, 9 43435, 7
2006 (болжау) 1700 51000, 0
(нақты) 2023, 4 60700, 0
2012 (болжау) 2350 55000, 0
Автомобиль басқадай тасымалдаушы көліктер түрлеріне қарағанда жүк тасымалдау жағдайында бірнеше артықшылығы бар. Оларға мыналар жатады:
- жүктерді «есіктен есікке дейін»;
- жүктердің қауіпсіздігі;
- қымбат тұратын және ауқымды орамдарға деген сұранымды азайту;
- бума материалдарды үнемдеу;
- автомобильмен жүктерді жеткізудің жылдамдығының жоғарлығы;
- аралас тасымалдауға қатысу мүмкіндігі;
- кәсіпорынға өнімдерді жеткізуде және қоймалар да жүктерді сақтау мерзімін қысқартуға, мөлшері аз жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда атап өткен артықшылықтарды ескере отырып, автомобильдік транспорт экономиканың барлық кешендерінде, сонымен қатар машина жасауда кеңінен қолданылады. Машина жасауда жалпы өнім көлемінде материалдық шығындардың үлестік салмағы 50 пайызды құрайды. Шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды өндіруде толықтырушы заттар көп жағдайда араласып кетеді. Сондықтан әртүрлі транспорт түрлері, әсіресе бірінші кезекте автомобиль пайдаланылады. Машина жасау кешенінде көп жағдайда тасымалдаудың жалпы көлемінің 70 пайызы автомобильдік жолмен іске асырылады. Мұндай қалыппен транспорт машина жасау кәсіпорындарында өндірістік үдерістің үзіліссіз бөлігі болып табылады. Ол өндірістің барлық элементтерімен тығыз байланысты. Сондықтан автомобиль көлігінде анықталынған қолда бар қорлар транспорттық қызметтердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бере отырып, машина жасау кәсіпорындарына олардың транспорттық шығындарын, сәйкесінше өндірілетін өнімдердің бағасын төмендетеді. Осындай себептерден автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін арттыру мәселесі, нарық қарым қатынастарындағы негізгі рөл ойнайтын технологиялық үрдіс екенін анықтайды.
Аталған мәселелермен көрнекті мамандар айналыса бастаған. Мысалы: Г. В. Лейбниц, Д. Бауэрокс, Мартин Эдфорт, Л. Джонсон, Р. Поль, J. Colin, Ellram, C. John Langleg, Colin Barrett, А. А. Смехов, Л. М. Миротин, В. И. Семененко, Хэссинг К., М. Арнольд, Б. А. Аникин, Мартин К., Т. А. Родкина, Л. С. Феодоров, В. Г. Голабурда және басқалары тасымалдау үрдістерінің технологиясы мен техникасына, теорияларына көңіл бөліп, олардың басқару негіздерін жасады. Көліктік логистика теориясының сүлбесін орындағындар С. Джеймс, Ф. Джонсон, Буд, Дэниел Л. Ворлау, Баэрсокс Дональд, Дж, Клосс, Л. Б. Миротин, Д. С. Николаев, Н. Э. Ташбаев және басқалар.
Аталған ғалымдар мен зерттеушілерге соңғы жылдары тасымалдауды ұйымдастыру мәселесімен, оны техникалық жабдықтаумен технологияларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, одан әрі дамуына зор үлес қосып жүрген қазақстандық ғалымдар А. С. Сабетов, С. Е. Бекжанова, Н. К. Исингарин, А. Д. Омаров, М. А. Кобдиков, С. М. Битибаев, Е. Д. Атамкулов, Б. М. Куанышев, Р. К. Сатова, А. Ш. Шабанов, Т. Н. Байдаулетов және басқалары. Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен М. Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясы жанындағы арнаулы зертханада жүргізіліп келеді.
Көлік кешенінің техника - технологиялық мәселелері еліміз бойынша А. Д. Омаров, А. Б. Беккулов, Л. Ф. Сухова, С. К. Сыртанов, М. А. Кобдиков, Б. М. Куанышев, К. Х. Кушукбаев, С. В. Ли, Е. Е. Қарсыбаев, С. М. Блинцов, еңбектерінде қаралған.
Қазақстан Республикасы территориясының географиялық орналасуына сәйкес оның транзиттік мүмкіндігін пайдалануды зерттеуді С. С. Сатубалдин, Н. Исингарин, К. Нагманов, Е. Д. Л. Ф. Сухова, К. К. Жангаскин, А. К. Кошанов, С. Ш. Сарбаев, А. Ш. Шабанов, К. С. Самбетов, С. Е. Бекжанова, Б. Б. Жардемов, М. М. Бекмағамбетов, И. С. Карабасов, сияқты ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Зерттеудің негізгі мақсаттары . Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты халық шаруашылығының қазіргі кезеңдегі өте маңызды мәселесі болып табылатын автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін қамтамасыздандыру арқылы автокөлікпен жүк тасымалдау тиімділігін арттыру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
− қолданыстағы әдістемелер мен амалдарды қорытындылап, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес тасымалдау жұмыс көлемдері мен түрлерін анықтау;
− автокөлік логистикасына автомобильдердің техникалық-конструкторлық көрсеткіштерінің әсерлерін анықтау және оларды басқару жүйесінің ғылыми-теориялық негізін белгілеу;
− автокөлік логистикасы сенімділігі мен автокөлік кәсіпорындарының экономикалық-қаржылық тұрақтылығы сәйкестігінің бейнесін дамыту.
Зерттеу объектілері мен пәндері
Зерттеу объектілері аймақтық, мемлекеттік деңгейдегі автокөліктік логистика жүйесінің «дәл мезгілінде» орындалу шарттары мен автомобильдің техникалық дайындығына сәйкес автокөлік тасымалдау көрсеткіштері.
Зерттеу жұмыстарының әдіснамалық және теориялық негіздері
Теориялық және әдістемелік болып іргелі және қолданбалы ғылымдардың негіздері қабылданды. Көліктік логистикасы жүйесінің тізбегіндегі автомобильдердің техникалық дайындығын талдау және олардың жүйеге тигізер әсерін модельдеу; халықаралық және еліміздегі автомобиль көлігі және жүк тасымалдау жөніндегі заңдар мен қаржылық-нормативтер ережелері және талаптары.
Автокөлік логистикасын зерттеу кезінде комплекстік және жүйелік, жалпы ғылыми негіздегі әдістемелер, модельдеу мен статистикалық мәліметтерді өңдеу, жүйелеу және болжау, ғылыми даму амалдарын ойластыру әдістері қолданылды.
Орындалған жұмыстың ғылыми-практикалық жаңалықтары :
- автокөлік логистикасының ел экономикасындағы негізгі қолдану сфералары мен аймақ өндірісінде көліктік тасымалдау логистикасы жүйесінің алар орнының негіздері анықталған;
- автокөліктік логистика жүйесі сенімділігіне тікелей әсер етер факторлар мен автомобильдің техникалық дайындығын анықтау әдістемелері мен бағалар көрсеткіштері анықталып негізделген;
-автокөлік логистикасының сенімділігінің нарық сұраныстарына байланыстыру тиімділіктері мен техникалық жағдайына тасымалдау түрлерін сәйкестендірудің теориялық негіздері анықталған;
- ғылыми және тәжірибелік зерттеулер арқылы әртүрлі бағыттағы тасымалдау жұмыстарының техникалық-экономикалық және техникалық, технологиялық көрсеткіштерін анықтап, жүк тасымалдауда автомобильдің техникалық мүмкіндігін тиімді пайдалану амалдары ұсынылған;
- автокөлік логистикасы жүйесінің тиімділіктері мен автомобильге жұмсалған шығындар арасындағы сәйкестіктердің үйлесімділіктері анықталып, ол нақты кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері арқылы берілген және оларды пайдалануға, оқып-үйренуге әдістемелік нұсқаулар ұсынылған.
Атқарылған жұмыс бойынша ғылыми атақ алу үшін қорғауға шығарылған қағидалар:
- автокөлік-логистикасы жүк тасымалдау тізбегінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау, олардың тиімділігін арттыру амалдарының автомобиль көлік логистика жүйесі сенімділігіне тигізер әсері қарастырылған;
- Қазақстан Республикасының жер жағдайы ерекшеліктеріне байланысты автокөліктермен тасымалдау ерекшеліктері және жол бойғы инфрақұрылымдардың автокөлік логистикасы жүйесіне тигізер әсерлері анықталып жүк тасымалдаудың техникалық-технологиялық үрдістерінің модельдерін орындау әдістемелері жасалған;
- автокөлік логистикасының сенімділігінің нарық сұраныстарына байланыстыру тиімділіктері мен техникалық жағдайына тасымалдау түрлерін сәйкестендірудің теориялық негіздері анықталып, математикалық модельдеу негізінде автокөлік кәсіпорындары қызметінің негізі көрсеткіштеріне жүйелі талдау жасау әдістерін жетілдіру мәселесі қарастырылды және нақты ұсыныс берілді.
Зерттеу жұмыстарының ақпараттары ретінде Елбасының жарғылары, мемлекеттік заңдар мен Үкіметтің қаулылары, Көлік және коммуникация Министрлігінің нормативті ережелері мен бұйрықтары, мемлекеттік статистикалық мәліметтер, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтында атқарылған ғылыми және ізденушінің осы тақырыппен айналысқан мезгіліндегі нақты атқарылған жұмыстары қорытындылары.
Жариялау және пайдалану . Атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстардың қорытындылары Алматы қаласындағы жүк тасымалдаумен айналысатын ЖШС «Бек-Гал» компаниялары пайдалануға қабылданды. Автокөліктік логистика жөніндегі орындалған теориялық-әдістемелер Орталық Азия университетінде одан әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде ұтымды пайдалануда.
Атқарылған ғылыми жұмыстардың негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары төмендегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, қатынасушылардан оң баға алды. «Егеменді Қазақстан: өткені, қазіргісі және келешегі» Орталық-Азия университеті (Алматы, 2006 ж. ), «Көліктердің тасымал үрдістерін басқарудың өзекті мәселелері» М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (Алматы, 2008 ж. ), Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жолдары университеті (Алматы, 2008 ж. ), Диссертациялық жұмыстың тұжырымдары мен қорытындысы Қазақ-Британ және Орталық Азия университеттері мен М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының біріккен халықаралық ғылыми-иновациялық конфекренциялары (ақпан, 2009) мен семинарларында баяндалып, толықтай қолдауға ие болды.
Басылымдар . Диссертация тақырыбы бойынша 12 ғылыми мақалалар мен жұмыстар жарияланды.
Диссертациялық жұмыс көлемі мен құрылымы . Жұмыс құрылымы төмендегі тараптардан тұрады: кіріспе, үш бөлім, қорытынды, компьютерде терілген 117 беттен және сурет 37, кесте 49, пайдаланған әдебиеттер тізімдері 157, тіркемелер саны 8.
Кіріспеде зерттеу мәселелерінің маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері, зерттеу тұлғалары мен объектілері, мәселенің зерттелу деңгейі, ғылыми жаңалықтары беріліп, жұмыстың ғылыми-тәжірибелік ережелері келтірілген.
Бірінші бөлім көліктік логистика жүйесінің тасымалдау тізбегіндегі автокөліктер мен кешендерінің маңыздылығы және даму көрсеткіштері, автокөлікпен халықаралық, қалааралық тасымалдау жұмыстарын еліміздегі қабылданған заңды талаптарға, ережелерге сәйкес ұйымдастыру, оның артықшылығын дәлелдейтін экономикалық тиімді көрсеткіштер мен мәліметтер және автокөліктік логистикалық жүйелердің ұтымдылығына автомобиль жолдарының тигізер әсерлері мен маңыздылығы дәлелденген.
Екінші бөлім көлік логистикалық жүйесіндегі автокөліктердің тасымалдаудағы негізгі экономикалық көрсеткіштері мен техникалық пайдаланылуын бағалау, олардың шығындарының тасымалдау тиімділігіне әсері, автокөлікпен тасымалдау жұмыстарының өзіндік құны мен нарықтық тартымдылығын бағалау әдістері мен қаржы ағымдары туралы кешенді үлгілер, автомобильдердің техникалық дайындығына сәйкес тасымалдау жұмыстарына тапсырыс берушілерді толықтай қанағаттандыру амалдары мен олардың математикалық модельдерін құруға арналған. Автокөлік логистикасы сенімділігін нарық сұраныстарына байланыстыру тиімділіктері мен техникалық жағдайына тасымалдау түрлерін сәйкестендірудің теориялық негіздері анықталып, олардың математикалық модельдері құрылған және автокөліктік логистика жүйесіндегі «дәл мезгілінде» атаулы әдістемесінің Қазақстан ішіндегі алыс облыстар арасындағы жүк тасымалдау шараларын қарастырылып жаңа теориялық негізде ұсыныс берілген.
Үшінші бөлімде Еліміздегі қалалық, аймақтық және халықаралық жүк тасымалдау қызметтерінің ерекшеліктеріне сәйкес автомобильдерді таңдау, олардың техника-эксплуатациялық көрсеткіштерін анықтау, жеке автомобильдің мүмкіндігін толықтай пайдалану амалдары мен нақты кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері берілген. Орындалған теориялық зерттеу жұмыстары негізінде ұсынылған автокөлік логистикасының сенімділігін, нақты автокөліктің техникалық жағдайына сәйкестендіру арқылы тасымалдау тиімділігін арттырудың практикалық тиімділіктері дәлелденген.
Қорытындыда атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштеріне сәйкес тұжырымдары, практикалық пайдалану ерекшеліктері мен нақты ұсыныстар берілген.
1 Көлік логистикасындағы автомобильдің маңыздылығы мен даму деңгейі
1. 1 Қазақстан Республикасындағы көлік жүйесіндегі автомобильдердің маңыздылығы
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы оның экономикасының, әлеуметтік саласының және жалпы өсіп-өнуінің маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын, одан да күштірек қарқын алуда. Көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және онда жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады. Қазақстан Республикасы аумағында жүк және жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз ететін анықтаушы жүйенің бірі сапасына, реттелуіне, көліктік байланыстарының сенімділігіне, жүктердің бүтіндігі мен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігіне, жеткізудің уақыты мен бағасына қатысты жоғарғы талаптар қойылатын көліктік жүйе.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының көлік коммуникациясының жағдайы Еуропа интеграциясының талаптарына жауап беру керек.
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің әлем көлік жүйесіне интеграциялану көрсеткіші болып, жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының көлік жүйесі әлемдік деңгейге жетуі үшін барлық көліктік комплексті модернизациялауды іске асыру керек.
Еліміздің бірыңғай көлік жүйесі құрамына темір жол, әуе жолы, су жолы, тасымалдау құбырлары және автомобиль көліктер енеді. Темір жол көлігі алыстан жүкті тасымалдауға қолайлы, сондықтан жүйеде жетекші орын алады. Темір жолмен тасымалдау өзіндік құнын салыстырмалы түрде алғанда ең арзаны. Бірақ автомобиль көлігімен жүк және жолаушы тасымалдау көлемі көлік жүйесі бойынша бірінші орында (кесте 1. 1) .
Кесте 1. 1- Көліктермен жүк тасымалдау және жүк айналымы [6]
Көліктің барлық түрлері, млн. т.
соның ішінде автокөлікпен
пайызбен:
Көліктің барлық түрлері
млрд. т. км.
соның ішінде автокөлікпен
пайызбен:
1531, 1
1219, 3
79, 63
232, 3
37, 6
16, 20
1687, 5
1318, 2
78, 12
258, 5
40, 2
15, 55
1840, 5
144, 8
78, 50
283, 1
43, 9
15, 51
1926, 9
1511, 1
78, 42
269, 3
47, 1
17, 50
2024, 0
1582, 5
78, 20
328, 8
53, 8
16, 36
Ел басының Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауы, мемлекеттің болашақтағы даму жолдарының айқын ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыттарын атап берді. Ал он бірінші бағыты-Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде стратегиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы басқару сапасын көтеру. Соның ішінде « . . . көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс. Сонымен бірге, Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдетін жергілікті маңызы бар жолдар желісін жедел кеңейтуіміз қажет»- деп атап өткен. Президент тапсырмасын іске асыру бағытында Үкімет арнаулы бағдарлама қабылдап, нақты іс-шаралар басталып кетті. Өйткені дүние жүзіндегі дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. [7]
Еліміздегі автокөліктермен жүк тасымалдаушылар тек қана ішкі емес, сонымен сыртқы тасымалдау жұмыстарынада етене араласып келеді. Бұл мақсатта пайдалануға жарамды, яғни Еуро-2, 3 стандарт талаптарына сәйкес келетін, 2008 жылғы 15 мамырдағы мәліметтер бойынша, Еуропадан шығарылған және елімізде халықаралық тасымалдау жолдарына шыға алатын 4744 жүк автомобильдері бар. Дегенмен тауар тасымалдауда басқа көлік түрлерімен салыстырғанда автокөлікпен сыртқы тасымалдау жұмыс көлемі 3 пайыз, ал баға жағынан салыстырғанда 10, 4 пайыз құрап отыр (1. 1 сурет) . [7-9]
а б
а - тасымалданған жүк көлеміне байланысты; б -тасымалданған жүктердің бағаларына сәйкес тасымалдаушы көлік түрлерінің үлес салмақтарының бөлінуі.
1. 1-сурет. Еліміздің сыртқы сауда жүк айналымындағы тасымалдаушы көліктердің үлес салмақтары
Аталған көрсеткіштің төмен болар бірнеше салдары бар, солардың бастыларының бірі, ол-көптеген шет мемлекеттердің Қазақстаннан барған жүк автокөліктеріне тапсырыс бермей, жүкпен барған автомобильдерге ретсіз талаптар қойып, екі мемлекет аралық келісімдерге қарамастан, әртүрлі қиыншылықтар тудыруында. Мысалы ұлтымызға етене жақын түрік мемлекетінің өзі, қазақстандық жүк тасымалдаушы автокөліктерге әкімшілік кедергілер арқылы екі ел арасындағы автокөліктермен тасымалданған жүк көлемінің 7-9 пайызын ғана Қазақстан жүк тасымалдаушыларына беріп, қалғандарын тек қана өз автомобильдерімен тасымалдауда. Соның салдарынан 2007 жылы түрік жағынан 9556, ал 2008 жылғы алты айда 3349 жүк тасымалдау жұмысы атқарылса, қазақстандық тасымалдаушылар жағынан бұл көрсеткіштер -361 және 231 болып отыр. Сондықтан халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдау мәселесі күн тәртібіндегі шешуі табылмаған экономикалық мәні зор мәселелердің бірі. Бұл көрсеткіштер төмендегі 1. 2 суретте берілген.
а б
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz