Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   

ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-10

1. ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 11

1. 1 Қасиетті Құрандағы әйел мәселесі мен құқықтары . . . 11-39

1. 2 Хадистер мен суннадағы әйел мәселесін шешу жолдары . . . 39-45

1. 3 Қазақ қоғамының тарихи кезеңдеріндегі әйел тұлғасы . . . 45-58

2. ҚАЗІРГІ МҰСЫЛМАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘСЕЛЕСІ . . . 59

2. 1 Шет елдік мұсылман елдеріндегі әйел мәселесінің шешілу жолдары . . . 59-95

2. 2 Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел мәселесі және исламның әсері. . 95-105

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 106-115

ГЛОССАРИЙ . . . 116-117

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 118-120

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертацияда ислам дінінің қасиетті кітабы Құран мен суннадағы әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары қарастырылып, қазіргі қоғамдағы исламның роліне дінтанушылық пайымдаулар жасалды. Қазақ халқының байырғы діни дүниетанымы, сонымен қатар мұсылман елдерінің қазіргі әлеуметтік сипаты, діни санасы тұрғысында қалыптасқан әйел мәселесіне қатысты туындаған сауалдар дінтанушылық, саяси, әлеуметтік, тарихи тұрғыда қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам баласы жаратылғаннан бері қанша заман өтіп, адамдар өздерін саналы түрде сезіне бастағалы екі топ болып, яғни, әйелдер мен еркектер болып бөлінетінін біліп келеді. Бірақ өркениет алға озып, жаһандану жүрген сайын әйел мен еркектердің қоғамдағы орын деңгейлері қалай болу керек? - деген сұрақ ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

Сан ғасырлар бойы өсіп, дамып келе жатқан адамзаттың әрбір тайпа, қоғам, ұлт тарихында матриархаттың дамыған кезі болғанынан да көне тарих сыр шертеді. Алғашқы қауымдық кезде ер мен әйел арасы тек жан сақтау мен ұрпақ өсіру үшін күрес арқылы айшықталып, өзара орын таласы аса мықты белең ала қоймаса керек. Ал қоғам күрделене түскен сайын бұл мәселенің де қыр-сыры қалыңдап, шиеленісе түскен. Адамзат тағдырына терең араласқан дін де осы тақырыпты айналып кете алған емес.

Қазіргі таңдағы дамудың қарама-қарсы тенденцияларының арасынан батыстық және шығыстық дәстүрлердің қайшылығын, модернизацияның басымдылығын, мәдениет вестернизациясын ерекше атап өтуге болады. Бұл тендерлік қатынастар, ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік және отбасылық ролдерді иемдену, әйелдердің қоғамдағы мәртебесі сияқты сферада маңызды орын алады.

Қоғамның әйелдер мәселесіне назар аударуы Еуропа мен АҚШ сияқты елдерде XX ғ. 60 ж. бастау алады. Осы уақыттарда тендерлік зерттеудің пәнаралық ғылыми бағытына айналған әйелдер мәселесіне қатысты зерттеулер пайда бола бастады.

Әйелдер мәселесі қазіргі араб елдерінде ерекше өзекті мәселеге айналды. Бұл елдерде исламдағы әйел мәселесін түрлі түсінуден туындаса керек.

Исламдағы әйел мәселесі - күрделі, көпқырлы, нәзік, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Мұсылман және Батыс елдеріндегі әйелдер өмірімен таныса отырып, геосаяси, экономикалық және мәдени жағдайы әр түрлі аймақтардағы мұсылман әйелдерді біріктіретін және айыратын мәселелерді салыстырып, талдау жасау бүгінгі күннің талаптарының бірі.

Қазіргі уақытта мұсылман әйелдеріне қатысты полигамия, мұрагерлік, куәгерлік, хиджаб мәселелері қоғамдағы түрлі түсініспеушіліктерге алып келіп отыр. Осындай сұрақтар қазіргі Қазақстан қыздары мен әйелдерін де мазалауда.

Кеңес идеологиясының шырмауында болған жылдарда халқымыз діни сауаттылығынан айрыла бастады. Халық рухани бостыққа тап болды. Діни адасушылық салдарынан төл дініміз исламды да дұрыс түсіне алмадық. Исламды дұрыс білмеу, түсінбеу әйел мәселесіне қатысты сауалдарды да ушықтырып жіберді. Ислам теологтарының пікірінше, исламда әйел мәселесі жоқ. Әрине, Құран мен суннада әйел мәселесінің шешу жолдары көрсетілгені даусыз. Бірақ қасиетті кітаптарды түсіндірмелеушілердің жеке пікірлері, ертедегі патриархалды - феодалды қоғам талаптары исламдағы әйел сұрағының нақты жауабын бермей отыр. Сондықтан исламдағы әйел мәселесі өзекті мәселелердің бірі екендігіне күмән келтіре алмаймыз.

Қазақ халқының қазіргі діни сенімін саралау үшін өткенді ескергеніміз дұрыс. Себебі, халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін - руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын камтып жатты. Қазіргі қазақ халқының болмысында тарихтың әрбір дәуірінде ұстанған наным-сенімдерінің елеусіз болса да сарқыншақтары сақталған. Сондықтан исламдағы әйел мәселесіне қатысты нақты тұжырым айту үшін, басқа да діни ілімдерді қарастыру қанщалықты маңызды екендігін көреміз.

Қазіргі уақытта ислам дінінің қасиетті кітабы Құранның ғылыми негіздері дәлелденіп, ислам дінін ұстанушылар саны көбеюде. Ғылыми әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ислам дінінің артықшылықтары баяндалуда. Мұндай ізгі істерге тек мұсылман ғалымдары ғана емес, батыстық қоғам да назарын аудара бастады.

Мұхаммед пайғамбар VII ғ. негізін салған ислам діні дәстүрінің қазіргі бейнесі, оның қазіргі заманмен үйлесімі қандай? Мұсылман және Батыс елдеріндегі геосаяси, экономикалық және мәдени жағдайы әр түрлі аймақтардағы мұсылман әйелдерді біріктіретін және айыратын қандай мәселелер? Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйелдер мәселесі қандай? Ислам дінінің бұл мәселелерге әсері қандай? Әйел тақырыбынан түспейтін полигамия және хиджаб, мұрагерлік мәселелері қазіргі уақытта қалай шешілуде? Менің диссертация тақырыбымның өзектілігі де осы мәселелер болмақ.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі исламтанудағы өзекті мәселелердің бірі исламдағы әйел ахуалы мен құқықтары болып табылады. Бұл сұрақ дінтанушылық зерттеу шеңберінен де шығып кетеді, экономика, құқық, әлеуметтану, демография, мәдениет мәселелерімен тығыз байланысты. Аталған мәселе дәстүрлі мұсылман қоғамы сияқты күрделі социумды көпдеңгейлі зерттеу мен жүйелілікті талап етеді. Тарихқа шолу жасар болсақ исламдағы әйел мәселесі соңғы уақыттарда дінге қарағанда, ел саясатымен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіземіз. Осы орайда шет елдік ғалымдар Балтанова Г. Р., Антонян Ю. М., Шарль Р., Мустафа Ф. А., Вагабов М. В., Грязничев П. А., Резван Е. А., Розен В. Р., Шайдуллина Л. И., Бретон Ж. Ф., Г. Э. фон Грюнебаум, Форвард М. және т. б. ғалымдардың еңбегін атап өтуге болады.

Исламдағы әйел мәселесі және мұсылман елдеріндегі әйелдердің орны туралы мәселелерді зерттеуші ғалымдарды екі бағытқа бөлуге болады: дәстүршілер және модернистер.

Бірінші бағыттың өкілдеріне Афиф Абдульфаттах Табар, Бу Али Ясинд, Забиба Хабиса, Салима Бахнасави, Мұхаммад аль-Хадер Хусейн және Хусейн Махмуд жатады. Ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылықты нақтылау тұрғысында Мұхаммад аль-Хадер Хусейн және Хусейн Махмуд, әйелдердің орны отбасымен шектелуі тиіс, ал саяси және қоғамдық өмірге әйелдерді араластыруға болмайды деген тұжырымды ұстанады. Олардың ойынша қазіргі батыстық үлгіге еліктеу, исламның әйелдерге берген мәртебесінен бас тарту. Экономикалық тәуелсіз әйел отбасылық міндеттерінен бас тартып, ар-ұжданын, әйелдік орнын жоғалтады.

Екінші бағыттың өкілдері араб қоғамындағы әйелдердің орнын модернизм тұрғысынан қарастырады, бұл теориялар араб реформаторларының көзқарастарына сүйенеді. Олар: Бутрус аль-Бустани, Рифаа ат-Тахтави, Амин Осман, Мұхаммед Абдо, Касим Амин, Варда ат-Турк, Марйана Марраш т. б.

Ал, батыс зерттеушілері үшін мұсылман әйелдердің ішкі әлемі шешілмеген жұмбақ күйінде. Ислам әлеміндегі әйелдер туралы мұсылман әлеміндегі зерттеушілердің өзі ер адамдардың қаламынан шыққан. Тек соңғы уақыттарда XXғ. екінші жартысында ғалым, жазушы, журналист мұсылман әйелдер өз пікірлерін білдіре бастады.

Әйел тақырыбы туралы зерттеулердің дүниетанымдық дифференциациясы фундаменталдықтан батыстық-модернистік түсіндірмеге дейінгі аралықта.

Ислам әлемі туралы еңбектерді де екіге бөліп қарастыруға болады: ислам діндарлары және ислам концепциясын сыншыл тұрғыда қарастырушылар.

Әйел мәселесінің шешілу жолдары ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбардан бастау алды. Пайғамбардың хадистерінен қоғамда туындаған мәселелердің шешімі үнемі табылып отырған. Уақыт өте келе ислам діні, тілі, мәдениеті, қоғамдық санасы, географиялық орналасу аймағы әр түрлі елдерге таралып, шекарасы кеңейді. Кеңейе отырып, дау тудыратын мәселелері де көбейді. Пайғамбардың көзі тірісінде барлық мәселелер орынды шешіліп отырды. Кейін осы себептерге байланысты ислам әлемінде мұсылмандарға жол көрсететін жарық сияқты құқық мектептері - төрт мәзһаб пайда болды.

Қазақ даласындағы ең өзекті мәселе жер дауы мен жесір дауы екендігі де белгілі. Қазақ философиясының жарқын тұлғалар, жыраулар, ақындар, шешендер, ойшылдар да әйел мәселесін аттап өтпеген.

Қазіргі таңда исламдағы әйел мәселесін зерттеуші ғалымдар шынайы исламды қазіргі қоғаммен үйлестіруге ұмтылуда. Аталған тақырыпқа қатысты ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасасақ түрік ғалымы, профессор Хайдар Баштың «Исламдағы әйел құқығы» еңбегінде әйел мәселесі исламдық ілім тұрғысынан қарастырылады.

Бірақ мұнда қазіргі мұсылмандық социумдағы әйел ахуалының негізгі аспектілері - отбасындағы өзара қатынастағы экономикалық қағидалар, әйел құқығы туралы сөз қозғайды.

Хайдар Баш өз еңбектерінде исламдағы әйел статусын қазіргі мұсылман әлеміндегі басқа да өзекті сұрақтарға қарсы қоймайды, жалпы контексте шешуге тырысады [3, 75 б] . Әйел құқығын «Пайғамбардың соңғы уағызы және адам құқығы» еңбегінде де қарастырады. Бұл кітапта автор қазіргі заманда барлық жерде әйел құқығы неге бұзылады деген сұрақ қояды және оған екі негізгі себепті айтады: «Құқық туралы айтпас бұрын, құқықты қорғайтын ішкі қасиеті бар, қабілетті адам туралы айту керек. Бұл адамға билік және осыған сәйкес қорғау механизмін беру керек». Профессордың пікірінше, исламдық классикалық ілім практикамен бірігіп өз құқығы мен міндетін саналы түрде түсінетін тұлғаны қалыптастырады. Профессордың тұжырымдауынша, ислам әлемінде әйел құқықтарының бұзылуы ислам концепциялырының өз деңгейінде, толық жүзеге аспауында.

Хайдар Баш ұсынған ислам концепциясы бойынша әйел құқығы оған тумысынан Аллаһтан берілген, оны ешкімнің толықтыруына немесе бұзуына құқығы жоқ. Бұл құқықтар әйелдердің жаратылысының мәнімен, оның тағайынымен, ахуалымен, міндеттерімен біртұтас,

Әйел құқығы мәселесін оның табиғаты мен жаратылу мақсатынан тыс қарастыру - ислам концепциясының бүтіндігін бұзу. Хайдар Баш әйел статусын көтеруге байланысты теоретикалық зерттеулер жүргізе отырып, оны практикада шешуге тырысты.

«Исламдағы әйел құқығы» еңбегінің авторы мұсылман профессоры Азгар Али Инженер өз еңбегінің көмегімен мұсылман әйелдер қазіргі жағдайда гендерлік теңдікке жетудің құралдары мен тәсілдерін меңгереді деген сенім білдіреді. Оның пікірінше, діни мәтіндер әйелдердің белгілі бір социоэкономикалық жағдайға интерпретация және адаптация объектісі болып табылады [4, 296 б] .

Құран мен хадистер патриархалдық қоғамдық құрылыста еркектердің үстемдігіне сәйкес интерпретацияланды, сондықтан өзіне тән бастапқы демократиялық сипатын жоғалтты. Жаңа әлеуметтік жағдай мұсылман ғалымдарында қалыптасқан көзқарастарды қайта қарауды ұсынады.

Мысал ретінде автор Құран мен хадистерде бейнеленген құлдық мәселесін келтіреді. Ғалымның ойынша Құранның құлдарға қатысты тұстарын әйелдерге қатысты қолданған. Инженердің пікірінше, Құранда құлдар туралы құлдар институтын түбегейлі бекіту үшін емес, VII ғ. басында Аравия түбегінде құл иелену кең таралған құбылыс болғандықтан айтылған.

Автордың ойынша, мұсылман заңгерлері мен діндарлары Құран мәтіндерін ортағасырдағы құл иеленушілікті ақтау үшін пайдаланған. Хижраның I ғ. теологтар мен заңгерлердің түсіндірмелері өздері өмір сүрген сол қоғам шарттарына сәйкес келеді. Құранның әмбебаптығы оның қағидаларының шынайы өмірге сәйкес келуінде. Исламның заманға бейімділігі мен жұмсақтығы да осында. Алғашқы факихтер мен улемдер құрған түсіндірмелер мен заңдар ислам діни ілімінің мәніне қарама - қайшылықта.

Автордың бұл концепциялары мазһабтардың негізін салушылардың Құран мен хадистерді түсіндірмелеуші діни еңбектерін қасиетті мәтіндерге теңейтін дәстүршілер мен консерваторлардың логикасына қайшы. Ислам қоғамының заңдарын факихтер улемдер жазады, сондықтан олар нақты қоғам мен уақыттың қажеттілігіне сәйкес келуі керек.

А. А. Инженер жұмысында ислам халықтарының ұзақ уақыт бойы бір орында тұрақталып қалуын ортодоксалды заңгерлердің жаңашылдыққа жол бермеген қатаң позициясы деп көрсетеді (тафсир би-аль-рай) . Автордың хиджаб мәселесіне қатысты өз позициясы бар. Ол бұл тақырыпты фундаментализм мен дәстүршілікке қарсы қазіргі ислам философиясындағы модернистік тұрғыда қарастырады.

Автор діндарлар арасындағы шариғаттың әйелдер киіміне қойған талабына байланысты пікірталастары жасанды сипатқа ие деп есептейді. Хиджаб немесе парда - бұл киімнің ұзындығы, түсі, матасының құрамы туралы емес, имандылық мәселесі. Егер мұсылман әйел тәртіптілік пен ар - ұят тазалығына сай тәрбиеленсе, онда ешқандай киім оның дүниетанымын өзгерте алмайды.

Әйелдердің маңызы мен ролі туралы ислам концепциясына арналған еңбектердің қатарына америкалық зерттеуші С. Мураттың «Ислам даосы» кітабын жатқызуға болады. Аталған мәселеге ислам дінімен қатар басқа діндерді мәдени тұрғыда зерттеп салыстырмалы түрде қарастырылды. XIXғ. мен XXғ. басына дейін көптеген батыс ориенталистері мен ресей шығыстанушылары исламды иудаизмнің негізгі догматтарының көшірмесі деп мәлімдеген болатын. Кейін бұл тұжырым монотеизм тарихына бейімделген Гегель үштігінің пайда болғанынан кейін терістелді. Иудаизм - тезис, христиандық - антитезис, ислам - монотеистік дәстүрді жалғастырушы және оны логикалық соңына жеткізуші синтез ретінде қарастырылды. Абсолютті, жалғыз Құдай - Аллаһ. Мұхаммед Адам пайғамбардан басталған пайғамбарлар тізімінің соңын аяқтаушы. С. Мураттың еңбегінің ерекшілігі исламды араб діні ретінде қарастыратын дәстүрлі талдау шеңберінен шығуында. Автор исламның гендерлік концепциясын шығыс ілімдерінің, соның ішінде әлемнің екіжақтылығын ер және әйел бастауынан білген даосизмнің бір нұсқасы ретінде қарастырады. Аталған өзара байланыс исламның гносеологиялық концепциясына жақын. Зерттеушінің еңбегінен исламның адамзаттың рухани эволюциясымен тығыз байланыста және терең тамырлас екендігін көреміз. Исламның діни ілімі мен Қытайдың ежелгі ілімінің арасында ұқсастық бар. Оның дәлелі ретінде Қытай діндері - конфуцийшілдік пен даосизмдегі «дао» деп аталатын жол туралы ұғым. Исламда бұл «Сунна» деп аталады. Дао және Сунна - бұл жол және жалпыға ортақ заң, микрокосмостық масштабтағы даму бағыты және нақты өмір жолы, жоғарғы құндылық, қасиетті дәстүрді дұрыс ұстану.

Аталған екі конфессияға тән ерекшеліктердің бірі, мұнда адам шынайы өмірдің өкілі, жердегі өмірдің субъекті саналады. Бұл адам өмірінің маңызы, өмірлік парызы, отбасылық қатынастар туралы ислам концепциясын түсіну үшін өте маңызды. Бұл қағида ислам әлеміндегі әйелдердің ролі мен мәртебесін ұғыну үшін зор мағынаға ие.

Зерттеуші әйелдердің ислам қоғамындағы әйелдердің ролі туралы ғылыми зерттеулері назар аударарлықтай. Олар батыстық ғылыми әдебиеттер мен публицистикадағы жалған пікірлерді сейілтіп, мәселенің объективті бейнесін көрсетуді мақсат етіп қойды. Үлгі ретінде сондай еңбектердің қатарына 1998ж. Венада шыққан Рита Брейердің «Исламдағы отбасылық өмір: дәстүрлер, кикілжіңдерді» жатқызуға болады. Р. Брейер полигамия мәселесіне ерекше көңіл аударады. Р. Брейердің ойынша Пайғамбар кезеңіндегі полигамия жесірлер мен жетімдерді әлеуметтік қорғауға байланысты прагматикалық түсініктен туған. Ал ислам теологтары мен діндарлары көпнекелілік институттың сақталуын еркектерге құдайдың тарапынан берілген құқық деп түсіндіреді. Осыдан ер адам - теологтардың патриархалдық тенденциялылығын көреміз.

Отбасылық қатынас тақырыбы барлық кезеңдерде назардан тыс қалған емес. Ежелгі кезеңнен отбасы және неке философтар мен ойшылдардың зерттеу пәніне болды. Отбасы түрлі ғылымдардың зерттеу объектісіне айналды. Ертеден бері моногамды некемен қатар, полигамды некелер болды. Осы тақырыпты исламдағы әйел мәселесімен біріктіре қараған А. - Г. Бабичтің «Көпнекелілік. Кеңестер мен комментариилер» еңбегі. Кітапта түрлі діндер мен әлем халықтарының дәстүрлеріндегі полигамды некелердің тарихи, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық аспектілері туралы материалдар біріктірілген. Қазіргі таңдағы полигамия мәселесіне, полигамияға байланысты ислам доктринасының қағидаларының салыстырмалы талдауына, басқа да діни - философиялық доктриналарға ерекше назар аударады .

Мұсылман әйелдерінің мәселесіне қатысты Қазан мемлекеттік университетінің оқытушысы Л. И. Шайдуллинаның «Араб әйелі және қазіргі заман» кітабы қызықты еңбектердің бірі. Бұл кітап 1970ж. жазылғанымен оқырмандарының қызығушылығын жоғалтқан жоқ. Кітапта араб әлеміндегі әйелдер мәртебесіне талдау жасалып, мұсылман әйелдің әлеуметтік ролінің даму мәселесі, ислам өркениетіндегі әйелдер дамуының эволюциясы мен бағыттары, тарихтың фундаменталды талдауы көрсетілген.

Әйелдер статусына байланысты деректанушылық талдау мұсылман қайнар көздері - Құран мен суннада, танымал ислам философтары мен ойшылдары, діндарларының еңбектерінде осы сауалдарды шешу жолдарымен тығыз байланысты. Әйелдердің қоғамдағы мәртебесіне байланысты сауалдарды Биктимирова Т. А., Журавский А. В., Керимов Г. М., Шарден Т. сияқты ғалымдар әлеуметтік тұрғыда зерттеген.

Ғылыми жарияланымдардың кең ауқымына қарамастан шешілмеген мәселелерді табуға болады. Мысалы, әйелдер мәртебесі мен әрбір кезеңнің мәдени тенденцияларының арасындағы, ислам діні мен модернизм арасындағы өзара байланыс сияқты сауалдар толықтай шешілмеген күйде көлеңкеде қалады.

Мұсылман әйелдерді қазіргі уақытқа дейін толғандырып келе жатқан көпнекелілік, хиджаб, куәгерлік, т. с. с. сауалдар көптеген ғылыми пікірталастар тудырып келе жатыр. Мұсылман ойшылдары Құран мен хадис мәтіндеріне сүйене отырып, оларды уақыт пен әлеуметтік - экономикалық жағдайдан тәуелсіз жиі - жиі түсіндірмелеуде.

Мұсылман елдеріндегі әйелдердің ролі мен орны мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып отыр және болашақта да аудара береді деп ойлаймын.

Зерттеудің жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - ислам дініндегі әйел құқықтарының негізін анықтап, қайнар көздер Құран сүресінің аяттары мен суннадағы әйел мәселесінің қоғам өміріндегі шешілу жолын қазіргі заманмен үйлестіру.

Аталған мақсатты орындауда төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- Құрандағы әйелге қатысты сүрелердің мағынасын ашып, оның әйелдің қоғамдағы ролі үшін маңыздылығын көрсету;

- ислам әлеміндегі аталған мәселеге қатысты тұжырымдамаларға, қайнар көздерді түсіндірмелеудің әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, гендерлік теңдіктің исламдық концепцияларына талдау жасау;

- түрлі діндердің әйелдерге қатынасының негізгі себептерін анықтап, ерекшеліктерін көрсету және оларға дінтанушылық тұрғыда салыстырмалы талдау жасау;

- қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің үйлесуінің тарихи-мәдени, рухани-әлеуметтік, саяси-құқықтық сипаттарын анықтау;

- қазіргі мұсылман елдеріндегі әйел ахуалын сипаттап, Қазақстандағы әйел ахуалымен салыстыру.

Зерттеудің әдісі және әдістемесі. Зерттеудің негізіне ислам дініндегі әйелдер мәселесіне гуманитарлық ғылыми пәндер: мәдениет, тарих, әлеуметтанудың нәтижелері мен әдістеріне сүйенетін кешенді дінтанушылық талдау жатыр. Жұмыс барысында негізінен ислам діні мен қазіргі қоғамдағы әйел мәселесіндегі өзгерістер мен оның тарихи дамуын зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи-генетикалық әдіс қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

- ислам діні тұрғысында әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілуі кешенді түрде зерттеу нысанына айналып, теориялық талдау арқылы оның ғылыми маңызы анықталды.

- ислам қайнар көздерінде көрсетілген қағидаларға талдау жасау арқылы, оның ислам құқықтық мектептерінде, түрлі бағыттарда полигамия, хиджаб, куәгерлік, мұрагерлік мәселелерге байланысты тұжырымдарының қалыптасу себептері көрсетілді.

- қазақ қоғамының тарихи кезеңдеріндегі әйелдің қоғамдағы орны мен мәртебесін, қазақ дүниетанымындағы әйел табиғатын ашып, аталған тақырыпқа байланысты ұлттық ерекшеліктеріміздің ислам дінімен жақындығы пайымдалды.

- қазіргі мұсылман елдеріндегі әйелдер ахуалына дінтанушылық, саяси, әлеуметтік, құқықтық пайымдаулар жасалынды, қазіргі Қазақстан қоғамымен салыстырмалы талдау жасалынды.

- ұлттық дүниетаным мен ислам дінінің қағидаларының рухани сабақтастығы көрсетілді.

- әйел мәселесінің өзекті қыры әйелдер құқығы, полигамия, хиджаб және т. б. сұрақтардың шынайы ислам мен қазіргі заман арасындағы үйлесімділігі көрсетілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламдағы әйел мәселесі
Исламдағы адам өмірі
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Еркекті адам ететін әйел
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Ислами тәрбие беру
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Тәрбие және оның даму тарихы
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің әлеуметтік аспектілері (салыстырмалы талдау)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz