Электрондық оқытушы құралдар құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Елімізде компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтар арқылы білім берудің жаңа ақпараттық технологиясына ауысу маңызды мәселе екендігі белгілі. Оқу жүйесіне компьютерлік оқыту бағдарламаларын енгізу сабақтың көрнектілігін кеңейтеді, көзге көрінбейтін құбылыстар көрсетіліп, студенттердің өзіндік талаптары бойынша оқыту жүзеге асырылады. Компьютерлік график пен анимацияның мүмкіндіктері көптеген пәндерді оқытуды жеңілдетеді. Жаңа ақпараттық технологияның көмегімен студенттің оқу материалын қабылдау процесін тереңдету үшін сынақ өткізу бағдарламасын жүйелі түрде енгізуге болады.
Қазіргі кезге дейін Информатика пәні бойынша көптеген кітаптар жазылған. Ал, біз жасап шығарған электрондық оқулық арқылы Информатика пәнінен оқу бағдарламасы бойынша жоспарланған лекцияларды оқып, тест сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін тексеру мүмкіндігі беріледі. Бұл Информатика пәнімен бірге Мемлекеттік аралық бақылау тапсыратын 2-курс студенттері үшін де тиімді оқу құралы бола алады. Дипломдық жобаның басты мақсаты Интернет желісі үшін гипермәтіндік белгілеу тілін (HTML) пайдалана отырып, «Информатика» пәнінен электронды оқулығын, яғни Web-сайтын жасау болып табылады. Осыған байланысты келесі міндеттерді шешу қойылды:
● гипермәтіндік белгілеу тілін (HTML) меңгеру және оны зерттеу;
● ақпараттарды жинау және оны сайтта орналастыру;
● сайттың көркемделуі және құрылымы;
● Web-сайтты құру үшін редакторлық программаларды таңдау;
Дипломдық жоба 5 тараудан тұрады[1] .
1-ші тарауда Электрондық оқулық құру технологиялары, ұстанымдарды, ЭО-ң әдістемелік тағайындалуы мен орындалуын, ЭО құрудың негізгі бөлімдері мен ұсынымын және оны пайдалануға дайындау, ЭО әдістемелік жабдықтары мен рөлін, электронды кестелерді жобалауды, қашықтықтан оқыту жүйесін қарастырдым.
2- ші тарауда HTML-гипермәтіндік белгілеу тілі негіздерін және құжаттар құрылымын, HTML және JavaScript программалау тілдерінің мүмкіндіктері мен қолданылуын қарастырдым.
3-ші тарауда Операциялық жүйе бойынша ЭО сипаттамасы мен құрылымын туралы жазып, ЭО- нан үзінділер көрсетіп және оларды сипаттадым.
4-ші тарауда электрондық оқулықтардың құжаттарын құруда адам еңбегімен қатар, жұмыс барысында жұмсалатын шығын көлемі мен пайда есептеледі.
1 Электрондық оқытушы құралдар
1. 1 Негiзгi ұғымдар
Электрондық басылым (ЭБ) - бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда - магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.
Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) - бiлiмнiң сәйкес ғылыми - практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде меңгеруi керек.
Оқулық (О) - мемлекеттiк стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО) -өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.
Оқу құралы (ОҚ) - бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.
Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) -оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.
Гиертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.
Интеллектуалдық ядро-математикалық операцияларды сандық және символдық формада шығаратын программалардың арнайы жиынтығы.
Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен көрнекi түрде көрсетiлуi.
1. 2 Электрондық оқулық сипаттамасы
Электрондық оқулықтарды құрудың бірнеше кезеңдерін қарастыруға болады.
Бірінші кезең (1960 жылдар) . Автоматтандырылған оқу курстарын құруға және сүйемелдеуге бағытталған программалардың арнай пакеттерін - автоматтандырылған оқыту жүйелерін (АОЖ) құру және жүзеге асыру. Мұндай жүйелерде тұтас оқыту әдістемесі мен оқытушы әдістерінің мазмұнын анықтау педагогқа жүктелді, ал оны жүзеге асыру және нәтижені бағалау автоматтандырылған оқытушы жүйе құралдары арқылы жүзеге асырылды.
Екінші кезең (1970 жылдар) . Мақсатты бағытталған АОЖ құру және жүзеге асыру. Осы кезеңде автоматтандырылған оқыту теоретиктері негізгі күштерін когнитивті психология негізінде оқыту модельдерін жетілдіруге іздену және тексеруге бағыттады. Жасанды интеллект саласында құрылған идеялар мен білімді көрсету әдістері кеңінен қолданыла бастады. Дидактикалық программалау саласындағы жұмыстар айтарлықтай дәрежеде дамыды. Педагогикалық әдебиеттерде бұл термин әдетте оқу материалдарын таңдау мәселелері мен міндеттері, құрылымдау, сондай-ақ оқу үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға байланысты қолданылады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі - оқушылардың білім және біліктері талап етілетін деңгейге жақындағанда оқу әрекеттерін мақсатты бағытталған тиімді басқару жүйесіне синтездеу, осы уақытқа дейін бұл АОЖ құрушылардың негізгі мәселелерінің бірі екенін атап өту керек.
Үшінші кезең (1980 жылдар) . АОЖ инженерлік білімдері мен саймандық құралдарын дамыту. Бұл кезеңде АОЖ-де түсіндіру модельдері, пәндік саладағы модельдерді қалыптастырудың интеллектуалды технологиялары, оқыту және білімді бағалау стратегиялары бойынша салмақты зерттеулер жүргізілді. Әртүрлі ақпараттық құраушыларды: мәтіндер, сұхбаттар, схемалар, суреттерді қолдайтын, авторлық біріктірілген ортаны құру және қолдану тенденциялары қарастырылды; зерттелетін объект немесе құбылыстың аналитикалық және имитациялық модельдерін, мәліметтер базасын және эксперттік білімді қамтитын, нақты кәсіби әрекеттердің орындалуын қолдау жүйелері:ғылымижәне инженерлік-техникалықесептеулер, автоматтандырылған жобалау және т. б.
Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктеріне байланысты зерттеулер айтарлықтай дәрежеде дамыды. Мамандардың ойлары бойынша компьютерлік графиканы оқытушы программаларда қолдану мидың оң жақ жарты бөлігі - синтетикалық, интуитивтік, ситуативтік дамытуға сүйенетін болғандықтан шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Бұл дәстүрлі оқытудың вербальды-логикалық - мидың сол жақ жарты бөлігін дамытумен тығыз байланысқан мәселесін шешуге мүмкіндік береді [2] .
Төртінші кезең (1990 жылдар) . Компьютердің құрылымы мен қолданудың жалпы парадигмасының өзгеруіне байланысты қарқынды даму. Компьютерлік оқыту бағдарламасын құрастырушылардың басты назары компьютерлердің техникалық құралдарының сапалы жаңа мүмкіндіктерін және талшықты оптикалық байланысты, мультимедианың жылдам дамуына, интермедиа және желілік технология, гипермедиаға ауды.
Мультимедиа-технологиялар мультимедиа-өнімдерді құру үрдісімен, яғни электрондық кітаптарды, муьтимедиа-энциклопедиа, компьютерлік фильм, мәліметтер базасы т. б. байланысты. Бұл өнімдердің маңызды ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио, бейнеақпарат, анимацияларды біріктіру болып саналады. Кәдімгі программалық құралдардың ерекшелігі мультимедиа-өнімдерде бірінші орында тікелей көлем жүздеген мегабайтты құрайтын ақпараттың өзі тұрады.
Мультимедиа-технологиясы компьютерді толық әңгімелесушіге айналдырып қана қоймай, оқу сыныбынан (үйден) шықпай-ақ атақты оқымыстылар мен педагогтардың дәрісін тыңдауға, өткен және қазіргі кездегі тарихи оқиғалардың куәсі болуға, әлемдегі танымал музейлер мен мәдени орталықтарды көруге, георграфиялық әр түрлі қашықтағы және қызықты жерлерді көруге мүмкіндік береді.
Мультимедиа-технологиялар «тірі» және дисплей экранында дыбысталған парақты бейнелейтін кітаптың жаңа түрін «электрондық кітаптың» негізін құрды. Электрондық кітаптың анағұрлым интенсивті дамыған техникалық бағыттары энциклопедиалық баспалар - электрондық энциклопедиаларды құру болып саналады [2] .
Гипермедиа-технологиялар мәтіндермен және олардың арасында қайшы сілтемелерді ұйымдастыру жұмыстарының ыңғайлы мүмкіндіктерін беретін гипермәтіндік технологияның дамуы болып саналады. Іс жүзінде барлық заманауи ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермәтіндік технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Оқу мақсатындағы гипермедиа-өнімдер оқушыларға көлемді материалдармен жұмыс жасауға, тек мәтіндік түрде ғана емес, оқуға, тыңдауға, қарауға, материалдарды таңдап алуға, қажетті рефераттарды дайындауға мүмкіндік береді.
Гипермедиа-технологиялар білім беру мақсаттарында жиі қолданылатын геоақпараттық жүйелердің қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Олар Жер және оның жеке аймақтары, пайдалы қазбалар қорлары, су, орман және басқа ресурстар, экология жағдайы жөнінде ақпараттарды кешенді көрсету мүмкіндіктерін береді.
Желілік технологиялар - тұтас қоғамды жеке жағдайда білім беруді ақпараттандырудың анағұрлым қарқынды дамыған бағыты.
Телеқатынастық технологиялар оқушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Мамандардың бақылауы компьютерлік желілер оқушылардың әлеуметтік қоғам мүшесі болуға деген ынтасын белсенділейтінін көрсетті. Сауаттылықты көтеру, балалардың сөйлеуін телеқатынастық қатынас арқылы дамыту, олардың оқуға қызығушылығын жоғарылату, жалпы үлгерім деңгейін арттыру атап өтілді.
Оқушылар мәліметтердің кәсіби қоры мен мәліметтер базасына қатынас құру құқығына ие бола отырып, ғылыми мәселелерді, әлі аяқталмаған зерттеулерді меңгереді, кішігірім зерттеу ұжымымен жұмыс жасайды, сол саладағы басқа зерттеу нәтижелерімен бөліседі. Мәліметтер базасында сақталған жақсы құрылымдалған ақпаратты қолдану жеке болжамдарды тексеру құралы болады, оқушылардың ақпаратты сақтауына көмектеседі, логикалық амалдардың орындалу тәсілдерін талдау, салыстыру және т. б. қалыптасыруға әсер етеді.
Оқытушылар телеқатынастық желілерге қатынасу арқылы өзінің ақпараттық қарулануын көтеріп қана қоймай, іс жүзінде бүкіл әлемдегі өз әріптестерімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін алады. Бұл кәсіби қатынас құру, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарды жүргізу оқу зерттеулерімен, компьютерлік программалармен және мәліметтермен алмасуға жағдайлар жасайды.
Білім беруде телекоммуникацияны қолдану оқу процесіне электрондық поштаны енгізуден басталды. Оқу үрдісінде электрондық поштаны қолдану оны сыныптық-сабақтық жүйе шеңберіне енгізу өте күрделі болғандықтан, арнайы түрде ұйымдастырылып, түзетілуі тиіс. Сонымен бірге электрондық пошта оқу үрдісін ақпараттандыруда үнемдік жағынан тиімді болып саналады. Өйткені компьютерлер санының көп болуын талап етпейді және кейінгі кезде оқытушы мен оқушылардың өзара байланысы үшін қашықтан оқыту формасында кеңінен қолданылады.
Телеконференция бір-бірінен қашықтағы оқытушыға және оқушыларға дәстүрліге ұқсас оқу үрдісін жүзеге асыруға әр жерде тұратын оқушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға іскерлік ойындар, миға шабуыләдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
On-line (нақты уақытта) режимінде жүргізілген конференцияға қатыса отырып, оқушылар кәдімгі сабақтардағы сияқты, нақты оқу үрдісінің күәгері бола алады, өзі қалаған ақпаратты таңдап алу мүмкіндігі бар.
Телекоммуникация құралдарының болуы пайдаланушыдан қашықтағы мәліметтер базасындағы ақпаратты қолдану мүмкіндігін береді. Қашықтағы мәліметтер базасына Интернет желісі серверлерінде орналасқан ақпараттар жақсы мысал бола алады. Интернеттің ақпараттық технологиялары оқытушылар мен оқушыларға әлемнің кез-келген бұрышындағы ақпараттың дәстүрлі емес көздеріне, осы ақпаратты бейне, аудио және гипермәтінді қолданып басқару және көрсету құралдарымен қатынас құру мүмкіндігін береді.
Білім беру және ғылым үшін ауқымды желілерде мәлімет алмасудың анағұрлым болашағы бар жүйесі гипермәтінге негізделген мультимедиалық таратылатын, ақпараттық жүйесі болатын, WWW-технология болып саналады. Бүгінгі күнде қуатты жүйелердің бірі оның негізінде ғылыми-техникалық білімнің жеке салаларында таратылған ақпараттық жүйелер, оқу және виртуалды қосымшалар құрылады.
Телеқатынастық технологиялар әр елдің оқытушылары мен оқушыларына өз білімдерін, көзқарастарын және идеяларын кең трансұлттық аудиторияға өзара мәлімет тарататын компьютерлік желілермен байланысқан ғылыми орталықтар мен оқу орындарына тарату мүмкіндігін береді. Осы бағыттағы қозғалыс - ғылым мен білімнің әлемдік ғылыми-техникалық прогреске екпінді әсерінің шеңберін кеңейтуге нық қадамы болып табылады.
Адамзат жаңа заманға - ақпарат заманына аяқ басып отыр. Біздің ақпаратты өркениетті дамытудың факторы ретінде қаншалықты тиімді қолдануымызға байланысты, қоғам тұрақты, байқуатты болады. Сондықтан информатика саласындағы соңғы жетістіктерді, олардың құралдары мен әдістерін, сонымен бірге болашақтағы даму перспективыасын және іс жүзінде қолдану білім беруде, жеке жағдайда орта білім беруде маңызды орында болуы тиіс. Атап айтқанда, электрондық оқулық қолдану болашақтағы білім беру жүйесінің озық сипатына ие болуды, оқушылар мен оқытушылардың жұмысының тиімділігін көтеруді, дәстүрлі шығындармен бірдей болғанда жоғары нәтиже алуды қамтамасыз етеді [3] .
Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада, үйде ДЭЕМ - де студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. ЭО әдебиеттiк шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, ЭО - та оқу мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. ЭО бiршама ұғымдарды, тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын максималды түрде жеңiлдету керек.
Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:
Кванттау принципi: Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi.
Толықтық принципi: Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс.
Тоериялық ядро;
Тоерия бойынша бақылау сұрақтар;
Мысалдар;
Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу;
Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;
Бақылау жұмысы;
Контекстiк анықтама;
Тарихи түсiнiктемелер;
Көрнекi принципi: әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.
4. Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.
5. Реттеу принципi:оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.
6. Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек.
7. Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.
8. Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.
Ақпараттық жүйенiң белгiлерi: Басқару объектiсiнiң сипатымен;
АЖ - ны тұрғызу мен жұмыс iстеудiң жинақталған тәжiрибесiмен;
Басқару және басқарылушы жүйелерiнiң құрылымымен;
Мәлiметтердi жинауда, өткiзiп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен;
АЖ - ны басқару объектiсiнiң жетекшiлiк тұрғысымен және т. б.
Электрондық оқулық қажеттілігі. Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:
- Оқытылатын материалды басқалардың көмегiмен түсiнудi жеңiлдетедi;
- Дайындық деңгейiне байланысты студенттiң қажеттiлiктерiне сәйкес интеллектуалдық мүмкiншiлiктермен және амбицияларымен адаптацияны жiбередi;
- Көптеген түрлендiрулерден және есептеулерден босатады, есептiң мәнiне шоғырланып, есептер шығару және мысалдар қарастыру;
- Жұмыстың барлық кезеңдерiне байланысты өзiн - өзi тексеру үшiн кең мүмкiншiлiктер туғызады;
Электрондық оқулық студентке берiлген пән бойынша жан - жақты бiлiм алу үшiн қажет.
Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда өтетiн практикалық сабақтарда пайдалы. Өйткенi ол:
- Компьютердiң көмегiмен көптеген есептер шығаруға, алынған шешiмдердi анализдеуге кететiн уақытты босатады;
Мұғалiмге сабақты компьютерде өздiк жұмыс ретiнде өткiзуге мүмкiндiк туғызады;
- Мұғалiмге компьютердiң көмегiмен оқитындардың бiлiм деңгейiн бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейiн және мазмұнын беруге мүмкiндiк туғызады.
Электрондық оқулықты жасаудың бiрiншi кезеңiнде қайнар көздерi ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:
- Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керек
- Гипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы
- Көптеген мысалдар мен есептердi қамтиды
- Ыңғайлы форматта болады.
Екiншi кезеңде алынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы бойынша оптималды қарым - қатынастардан келiсiмдер жасалынады.
Үшiншi кезеңде мазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi ұғымдар тiзiмi қарастырылады.
Төртiншi кезеңде модульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.
Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы дайындалады.
Бесiншi кезеңде гипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.
Алтыншы кезеңде компьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар өңделедi.
Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық оқулық құрылады. [3]
Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары қарай жетiлуiне дайын.
Жетiншi кезеңде жеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.
Сегiзiншi кезеңде оқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң дыбыстық мәтiндерi өңделедi.
Тоғызыншы кезеңде өңделген дыбыстық мәтiндер диктафонға жазылады және компьютерде шығарылады.
Оныншы кезеңде оқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.
Он бiрiншi кезеңде мәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану арқылы компьютердiң жүзеге асуы.
Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық. Бұл жұмыс кезеңiнiң мазмұны:
- Тестiлеу;
- Қанау бойынша нұсқау жазу;
- Методикалық қамсыздандыруды өңдеу;
- Бiлiм министрлiгiнен грифтi тiркеу және алу үшiн материалдар дайындау;
- ЭО - то қорғау және тарату;
1. 3 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар
Электрондық оқулықты жасаудың бiрiншi кезеңiнде қайнар көздерi ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:
Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керек
Гипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы
Көптеген мысалдар мен есептердi қамтиды
Ыңғайлы форматта болады.
Екiншi кезеңде алынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы бойынша оптималды қарым - қатынастардан келiсiмдер жасалынады.
Үшiншi кезеңде мазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi ұғымдар тiзiмi қарастырылады.
Төртiншi кезеңде модульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.
Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы дайындалады.
Бесiншi кезеңде гипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.
Алтыншы кезеңде компьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар өңделедi.
Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық оқулық құрылады.
Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары қарай жетiлуiне дайын.
Жетiншi кезеңде жеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.
Сегiзiншi кезеңде оқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң дыбыстық мәтiндерi өңделедi.
Тоғызыншы кезеңде өңделген дыбыстық мәтiндер диктафонға жазылады және компьютерде шығарылады.
Оныншы кезеңде оқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.
Он бiрiншi кезеңде мәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану арқылы компьютердiң жүзеге асуы.
Осымен электрондық оқулықты өңдеу аяқталады да, оны қанауға дайындық басталады.
1. 4 Электрондық оқулықтың қажеттілігі
Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz