Қызылорда қаласының Абай даңғылындағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Нурлан Утегенович

Касымова Айнур Турыспеккызы

Дипломный проект на тему: «Усовершенствование организации дорожного движения транспортных средств по проспекту Абая г. Кызылорда» - ТарГУ ФИТС, Каратау: 2001г. -127стр., графическая часть 10листов.

В дипломном проекте разработаны мероприятия по усовершенствованию организации дорожного движения по проспекту Абая г. Кызылорда. Проведены анализ ДТП, исследования конфликтных точек и интенсивности движения транспортных, пешеходных потоков на перекрестках, и на основе их разработаны: система координированного регулирования сигналов светофоров на проспекте и организация кольцевого движения на проспекте Абая- Тауке Хана. В экологической части выполнены расчеты по определению вредных выбросов в атмосферу транспортными потоками .

Определен годовой экологический эффект от предлогаемых пероприятий.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2000-2010 жылдар мен 2030 жылға дейінгі негізгі экономикалық-әлеуметті бағыттары туралы Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына айтқан үндеуінде, автомобиль көлігінің негізгі мәселесі болып халық шаруашылығы мен тұрғындарды тасымалдауды толық қанағаттандыру мен оның жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.

Дүние жүзі бойынша автомобиль өндірісі автомобильдерді жасап шығаруды жылдан-жылға ұлғайтуда. Автомобильдердің өсуі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға аса үлкен назар аударуды талап етеді. Көше-жол тораптарында және автомобиль магистральдарында көлік құралдарының көбейуімен байланысты апаттылықтың да деңгейі өсуде, ал қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату барған сайын қиындап барады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі проблемасы экономикалық тұрғыдан қарағанда үлкен назар алуды талап етеді, себебі жолдарда үлкен жылдамдықты көлік құралдарын пайдалану, оны қамтамасыз ету, олардың өнімділігінің ұлғаюына әкеліп соғады. Сонымен қатар соңғы кездерде жол-көлік апаттарының салдарынан зардап шеккен адамдардың санының және материалдық шығындардың көбеюіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары үлкен маңызға ие.

Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату үшін алуан түрлі іс-шаралар жинағын жасау қажет. Бұл іс-шараның негізгі «жүргізуші-автомобиль-жол» жүйесінің белсенді элементі болып табылатын автомобильдің қауіпсіздікті жоғарылату іс-шараның бірі болып жүргізушілер, жүргізушілер арасында жол қозғалысының ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізу болып табылады.

Құрылыс-жол жұмыстарын орындаудың технологиясын жетілдіру, көше-жол тораптарын және жолдарды жобалау әдістерінің жаңа жетілген түрлерін қолдану қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізді.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптар орындалу қажет :
-жол қозғалысы ережесін жүгізушілер мен жүргізушілердің қатаң түрде сақтап отыруы;
-көлік құралдарының жақсы техникалық күйі;
-жүргізушілердің кәсіби шеберлігін арттыру;
-қозғалысты басқару мақсатында маршруттар бойынша және кейбір көшелерде ықтимал қозғалыс жылдамдықтарын қойып отыру;
-жүргізушілерді жолдағы тұрақты ауыспалы қозғалыс шарттарымен уақытылы ақпараттандырып отыру.

Қазіргі талаптарға орай, жол қозғалысын ұйымдастыратын инженерлер жол-көлік апаттарын азайту, адамдардың зардап шегуі мен материалдық шығындарды төмендету, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша ғылыми қаржылық тұрғыдан негізделген іс-шаралар жасай білу керек: Осы себепке байланысты дипломдық жобаның мақсаты-жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, жол-көлік апаттарын төмендету бойынша тиімді және қолайлы іс-шаралар құрастырып шығу.

1. ҚҰРАСТЫРЫЛЫП ОТЫРҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ.

1. 1 КӨШЕ ЖОЛ ТОРАБЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

Қызылорда қаласы өзімен аттас облыстың орталығы болып есептеледі. Бұл облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс аймағында орналасқан. Қызылорда қаласы территориясы мен қала тұрғындарының саны жағынан кіші облыс орталықтарының қатарына жатады. Жері құрғақ, шөл дала басым түседі. Қыста ауаның температурасы-23 С-қа дейін, ал жазда +45 С-қа дейін өзгеріп отырады. Ауаның орташа жылдық температурасы 11, 3 С-қа тең. Бір жылда жер бетіне түсетін ылғалдың мөлшері 135-140 мм.

Соңғы санақ бойынша Қызылорда қаласында 210 мың адам тұрады. Тұрғындардың көліктік қозғалымдығы өте жоғары. Жалпы пайдаланудағы көлік пен 2000 жылы тасымалдаған жолаушылар саны 8, 1 млн жолаушыға тең, ал жүк айналымының көлемі 1241, 7 млн т. км-ді құрды. Қала ішінде келесі көлік түрлері жолаушыларды тасымалдауға қолданылады:автобустар, микроавтобустар және автомобиль-таксилер. Қала ішімен Ресейге шығатын темір жол өтеді, ал қаланың сыртында Самараға қарай бағытталған Республикалық маңызы бар автомобиль магистралі өтеді. Қала ішінде 28 автобустар маршруты жолаушыларды қала ішінде тасымалдау үшін ұйымдастырылған. Қаланың көше-жол торабының жалпы ұзындығы 780 км, оның ішінде асфальттанғаны 620 км 57 бағдаршамдар обектісі пайдаланылуда жол белгілерінің жалпы саны 2640 дана. Негізі магистральді көшелерге мыналар жатады. Абай даңғылы, Байтұрсынов көшесі, Сүлейменов, Шымбай, Рысқұлов, Қорқыт-ата, Мұратбаев, Қожа Ахмет Яссауи, Бөкейхан, Желтоқсан көшелері. Осы аталған көшелер қаланың негізгі көше-жол торабын құрайды.

Дипломдық жобаның тақырыбы бойынша қарастырылатын Абай даңғылының ұзындығы 2340м. Ол қаланың негізгі магистральды көшелерінің бірі болып саналады. Көше боинда тоғыз ірі қиылыстар орналасқан, олардың ішінде негізгілері:Абай-Алматы, Абай-Тәуке Хан, Абай- Мұратбаев, Абай- Бөкейхан, Абай-Космедемьянская қиылыстары. Бес қиылыста көлік және жүргінші ағындарының қозғалыстары бағдаршамдармен реттеледі және 31 жол белгілері қолданылады. Қаланың негізгі көлектің артериясы болғандықтан көлік ағынының қарқындылығы басқа көшелермен салыстырғанда жоғары болып келеді.

1. 2 ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ 2002-2004 ЖЫЛДАРДА ОРЫН АЛҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ТАЛДАМАСЫ .

Жол-көлік оқиғаларын талдаудың мақсаты-көше-жол торабындағы белгілі-бір уақыт мерізімінде орын алған апаттарды зерттеу арқылы оған әкеліп соққан себепкерлерді және тор орындарды анықтап, олардың алдын алу жолдарын іздестіру. Талдау- жол қозғалысын ұйымдастыруды және қауіпсіздікті жоғарылатудың жетілген іс-шараларын зерттелетін көшелер мен тораптарға енгізудің негізі болып табылады.

Көлік құралдарындағы жол бойындағы қозғалысы барысында және оның қатысуымен адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына, көліктерге, ғимараттарға, жүктерге зақым келуіне, және басқа да материалдық шығындалуға әкеліп соққан апаттарды жол-көлік оқиғалары деп атайды. Оларды талдау және санаққа алужұмыстарын жол полициясының техникалық бақылау қызметі жүзеге асырады. Санаққа алуға техникалық қызметтің қарамағындағы көше-жол торабында көліктердің, жүктердің, жолдар мен жол құрылыстарының, ғимараттардың зақымдалуына әкеліп соққан және адам өліміне немесе дене жарақатына септігін тигізген жол-көлік оқиғалары жатқызылады.

Жол-көлік оқиғаларының шоғырлану орындарын анықтау мақсатында апаттардың түрлері мен ауырлығы, көлік құралдарының түрлері, тәулік мезгілі және жыл күндері бойынша талдаулар жасалады. Аталған талдаулар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының болуына әкеліп соққан себептер анықталып, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша іс-шаралар жасалады.

Қызылорда қаласының Абай даңғылындағы 2002-2004 жылдарында болған жол-көлік оқиғаларының сандары және ауырлығы бойынша талдамасы 1. 1-ші кестеде көрсетілген.

КЕСТЕ 1. 1

АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ 2002-2004 ЖЫЛДАРЫ БОЛҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ТАЛДАМАСЫ .

Көрсет-

кіштер

2002
2003

Жоғарылауі,

%

Төмендеуі,
%
2003
2004

Жоғарылауі,

%

Төмендеуі,
%
Көрсет-кіштер:

ЖКО

саны

2002: 24
2003: 29
Жоғарылауі,%: 21
Төмендеуі,%: -
2003: 29
2004: 34
Жоғарылауі,%: 17
Төмендеуі,%: -
Көрсет-кіштер:

Қаза

Болған-дар

саны

2002: 3
2003: 2
Жоғарылауі,%: -
Төмендеуі,%: 33
2003: 2
2004: 2
Жоғарылауі,%: -
Төмендеуі,%: -
Көрсет-кіштер: Жарақат алғандар саны
2002: 26
2003: 32
Жоғарылауі,%: 23
Төмендеуі,%: -
2003: 32
2004: 38
Жоғарылауі,%: 19
Төмендеуі,%: -

Кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, келесі қорытындыны жасауға болады. 2002-2004 жылдар бойынша жол-көлік оқиғаларының жасалған талдамаснан Абай даңғылындағы апаттар санының көбеюі байқалады. 2003 жылғы жол-көлік оқиғалар саны 2002 жылғымен салыстырғанда 21 пайызға, 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғарылағаны көрініп отыр. Осы жерде айта кететін мәселе, қаза болғандар санының соңғы жылдары бір деңгейде болуы, ал жарақат алғандар саны жылдан-жылға өсуде.

Абай даңғылындғы жол-көлік оқиғаларын жылдар бойынша таратудың гистограммасы1. 1-ші суретте көрсетілген.

Сурет 1. 1 2002-2004 ЖЫЛДАРЫ АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДА БОЛҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ГИСТОГРАММАСЫ.

Жылдың айлары бойынша талдау жол-көлік оқиғаларына толығырақ сипаттама береді. Айлар бойынша талдау төмендегі 1. 2-ші кестеде келтірілген.

Айлар бойынша талдамада, жол-көлік оқиғаларының ең үлкен саны күз айларына -28 ЖКО, бұл жалпы жол-көлік қазаларыннан 32% -ін құрайды, содан кейін жаз айларына 24 ЖКО (28%), көктем айларына -18 ЖКО, қыс айларына -17 жол-көлік оқиғасы, ол жалпы жол-көлік оқиғаларының 19, 5 пайызын құрайды.

КЕСТЕ 1. 2

2002-2004 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЙЛАР БОЙЫНША ТАЛДАМАСЫ.

АЙЛАР
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.

жко

Қаза болғандар

Жарақат алғандар

жко

Қаза болғандар

Жарақат алғандар

жко

Қаза болғандар

Жарақат алғандар

жко

Қаза болғандар

Жарақат алғандар

АЙЛАР: Қантар
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 4
2
3
4
0
4
-
-
-
8
2
7
АЙЛАР: Ақпан
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 2
0
3
1
0
1
3
1
2
6
1
6
АЙЛАР: Наурыз
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: -
-
-
1
0
1
2
0
2
3
0
3
АЙЛАР: Сәуір
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: -
-
-
1
0
1
4
0
4
5
0
5
АЙЛАР: Мамыр
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 5
0
5
-
-
-
5
0
5
10
0
10
АЙЛАР: Маусым
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: -
-
-
3
0
3
6
0
8
9
0
11
АЙЛАР: Шілде
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 3
0
3
2
1
3
1
0
1
6
1
7
АЙЛАР: Тамыз
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 2
0
2
5
0
5
2
0
3
9
0
10
АЙЛАР: Қыркүйек
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 2
0
3
4
0
5
2
0
2
8
0
10
АЙЛАР: Қазан
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 3
1
2
2
1
1
7
1
8
12
2
11
АЙЛАР: Қараша
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 1
0
3
5
0
7
2
0
3
1
0
13
АЙЛАР: Желтоқсан
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 2
0
2
1
0
1
-
-
-
3
0
3
АЙЛАР: Барлығы
2002жыл 2003жыл 2004жыл 2002-2004ж.: 24
3
26
29
2
32
34
2
38
87
7
96

Күз айларында жол-көлік оқиғаларының көп болатын себебі, жылдың бұл мезгілінде жаңбырлы ауа-райының болуымен, бұлыңғыр және күннің қысқаруымен, жол төсемінің лайлануымен немесе ылғлдануымен түсіндіріледі жол төсемінің ілінісу сапаларының төмендеуі автомобильдің тежелу жолын бірнеше есе арттырды, қиралаңдау қауіпі пайда болуына әкеліп соғады. Осының бәрі көлік құралдарының жүргізушілерімен дұрыс ескерілмейді және де жол-көлік оқиғаларының саны жаз айларымен салыстырғанда жоғары болады.

Қыс айларындағы қозғалыс негізінен жасанды жарықтандыру кезінде өтеді, жүргізушілер қозғалуға кедергі жасайтын қалың сыртқы киім киіп отырады. Жол төсемінің үстіндегі қар қозғалысты қиындатады, ал мұздың қатуы теңгелу жолын бірден ұзартып, қиралаңдаудың үлкен қауіпін тудырады. Осының бәрі қозғалыс жылдамдығы төмендетуді және автомобильді басқару кезіндегі шапшаңдылықты, бірден немесе оқыстан қимылдауды алыстатуды талап етеді. Қысқы жағдайлар көлік құралдарын жүргізуге өте үлкен талптар қояды. Жылдың осы мезгілі күзгі айлардан кейін болғандықтан жүргізушілер сақтануға аса көңіл бөледі, сол себептен жол-көлік оқиғаларының саны анағұрлым төменірек болады.

Осы жерде айтып өтетін бір мәселе, жаз айларында болған жиырма төрт жол-көлік оқиғаларының бесеуі көлік құралдарын жүргізушілердің спирт ішімдіктерін ішіп, мас күйінде автомобильді басқаруынан апатқа ұшырағандарының атап өту керек.

1. 2-ші суретте Абай даңғылындағы 2002-2004 жылдары орын алған жол-көлік оқиғаларын айлар бойынша үлестіру гистограммасы көрсетілген.

СУРЕТ 1. 2 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЙЛАР БОЙЫНША ҮЛЕСТІРУ ГИСТОГРАММАСЫ.

Жол-көлік оқиғаларын талдау және санаққа алу үшін сипатына қарай оларды мынандай түрлерге ажыратады:

1. Көлік құралдарының соқтығысулары.

2. Көлік құралдарының аударылуы.

3. Тұрған көлік құралын қағу.

4. Кедергіні қағу.

5. Көлік құралымен жүргіншіні қағу.

6. Велосипед айдаушыны қағу.

7. Жануарларды қағу және тағы басқалар.

2002-2004 жылдардағы жол-көлік оқиғаларын түрлері бойынша талдау төмендегі 1. 3-ші кестеде көрсетілген.

КЕСТЕ 1. 3

2002-2004 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖОЛ -КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАУ.

Жол-көлік оқиғаларының

түрлері

2002 2003 2004 2002-2004
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
№: 1
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері:

Көлік құралда-

рының соқтығысуы

2002 2003 2004 2002-2004: 4
17
7
24
7
21
18
21
№: 2
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері:

Көлік құралда-

рының аударылуы

2002 2003 2004 2002-2004: 1
4
1
3
0
0
2
2
№: 3
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері: Тұрған көлік құралын қағу
2002 2003 2004 2002-2004: 1
4
0
0
0
0
1
1
№: 4
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері: Кедергіні қағу
2002 2003 2004 2002-2004: 2
8
2
7
2
6
6
7
№: 5
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері: Жүргіншіні қағу
2002 2003 2004 2002-2004: 14
59
18
63
22
64
54
62
№: 6
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері: Велосипад айдаушыны қазу
2002 2003 2004 2002-2004: 2
8
1
3
3
9
6
7
№:
Жол-көлік оқиғаларыныңтүрлері: Барлығы
2002 2003 2004 2002-2004: 24
100
29
100
34
100
87
100

Жоғарыда1. 3-ші кестеде көрсетілген мәліметтер ең алдымен, жол-көлік оқиғаларының негізінен болған түрлері жүргіншілерді қағу және көлік құралдарының соқтығулары болып табылатындығын көрсетіп отырған жол көлік оқиғаларының жүргіншілерді қағу санының көп болуының себептеріне жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамайтындығын және олардың тәртібінің төмен деңгейде болуын жатқызуға болады. Сонымен қатар жүргіншілердің жол қиылысындағы өткелдерден өту кезінде көптеген көлік құралдарының жүргізушілері оларға жол бермейтіндіктің салдарынан жол-көлік оқиғаларының болуына әкеліп соғады.

Көптеген жағдайларда жүргізушілердің жүргіншілерді өткізіп жіберу қажеттілігімен байланысты болатын жол қозғалысы ережесін сақтамайтындығы, осы кездерде жол полициясы қызметкерлерінің мұндай ереже бұзуларға нем құрайды қарайтындығы белгілі.

Абай даңғылында 1998-2000 жылдары орын алған жол-көлік оқиғаларын түрлері бойынша үлестірудің гистограммасы 1. 3-шісуретте көрсетілген. Апаттарды түрлері бойынша талдай отырып, жол-көлік оқиғаларының негізгі бөлігі жүргізушілер мен жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан, көлік құралдарының ткхникалық бұзылу себептерінің және жол себептерінен болып отырғандығын айтып өту қажет. Мысалы, 24 жол-көлік оқиғаларының үшеуі 1998 жылы көліктердің техникалық ақауынан болды, бұл осы жылдағы жалпы жол-көлік оқиғаларының 12, 5 пайызын құрады. Барлық жағдайларда ақаулар көлік құралдарының доңғалақтары мен шендеуіштерінің қанағаттанарлықсыз жағдайда болу себебінен болды.

«Жол себепкерлері» сипсттамасының мәліметтеріне сәйке, олар апаттар себептері сапасында салыстырмалы аз меншікті салмағы болады: шамамен 8-10%.

Бірақ та арнайы зерттеулер бұл көрсеткіштердің төмендетіліп көрсетілгенін айқындайды. Шынайы түрде бұл көрсеткіш сан 30-40 пайызды құрайды. Мұндай келіспеушілік апат орнын көбінесе шала тексерумен түсіндіріледі.

СУРЕТ 1. 3 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ ҮЛЕСТІРУДІҢ ГИСТОГРАММАСЫ.

Жол-көлік оқиғаларын тәулік мезгілдері бойынша талдау жол полициясының инспекторлық құрамын тәулік уақыты бойынша тиімді орналастыру үшін керек.

Қызылорда қаласының Абай даңғылындаболған 2002-2004 жылдардағы жол-көлік оқиғаларының тәулік мезгілдері бойынша талдамасы 1. 4-ші кестеде көрсетілген.

КЕСТЕ 1. 4

2002-2004 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТӘУЛІК МЕЗГІЛДЕРІ БОЙЫНША ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ТАЛДАМАСЫ.

Сағаттар аралығы
2002
2003
2004
2002-2004
саны
%
саны
%
саны
%
саны
%
Сағаттар аралығы: 00-03 аралығында
2002: 2
2003: 8
2004: 4
2002-2004: 14
4
12
10
11
Сағаттар аралығы: 03-06 аралығында
2002: 1
2003: 4
2004: 2
2002-2004: 7
1
3
4
5
Сағаттар аралығы: 06-09 аралығында
2002: 1
2003: 4
2004: 2
2002-2004: 7
4
12
7
9
Сағаттар аралығы: 09-12 аралығында
2002: 6
2003: 25
2004: 7
2002-2004: 24
4
12
17
20
Сағаттар аралығы: 12-15 аралығында
2002: 2
2003: 8
2004: 3
2002-2004: 10
4
12
9
10
Сағаттар аралығы: 15-18 аралығында
2002: 3
2003: 13
2004: 2
2002-2004: 7
3
9
8
9
Сағаттар аралығы: 18-21 аралығында
2002: 4
2003: 17
2004: 6
2002-2004: 21
6
18
16
18
Сағаттар аралығы: 21-24 аралығында
2002: 5
2003: 21
2004: 3
2002-2004: 10
1
22
16
18
Сағаттар аралығы: Барлығы
2002: 24
2003: 100
2004: 29
2002-2004: 100
34
100
87
100

2002-2004 жылғы жол-көлік оқиғаларын тәлік мезгілдері бойынша талдамасы уақыттың ең қауіпті кезеңдері 09-12 сағат және 18-24 сағат аралығында екндігін және осы мезгілдерде жол-көлік оқиғаларының ең үлкен сандары болатындығын көрсетеді. Ең алдымен, бұл осы уақыт мезгілдерінде қозғалыс қарқаындылығының өсуімен және кешкі сағаттардағы жасанды жарықтандырудың жеткіліксіздігінен қауіптің жоғарылауымен байланысты болады. Осы кезеңдердегі жол-көлік оқиғаларының ең жоғарғы пайызы жүргіншілерді қағудың үлесіне тиеді, себебі жүргіншілер ағыны ішінде көптеген жағдайларда мектепте оқитын балалар зардап шегеді. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының осы түріне көлік құралдарының өзара соқтығуларын жатқызуға болады. Көптеген жағдайларда кездесетін тағы да бір оқиғаныңтүрі, көлік құралдарын олардың жылдамдығы мен ара қашықтығын ескрмей басып озу мақсатында қарсы қозғалыс жолағына шығып қалу сияқты, қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Сондай-ақ қараңғы кездерде тұрған заттарғ дейінгі қашықтықтарды қате анықтаумен байланысты болады.

Абай даңғылындағы 2002-2004 жылдарда орын алған жол-көлік оқиғаларын тәулік уақыттары бойынша талдау 1. 4-ші суретте келтірілген.

Жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі туралы сұрақты қарастырған кезде балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын тереңдей талдауға және зерттеуге үлкен назар аудару қажет. 2003 және 2004-ші жылдары Қызылорда облысы бойынша балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуінің төмендеуі байқалды. 2004-ші жылы 2002 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары кезінде қайтыс болған балалардың саны 17 пайызға, ал жарақат алған балалардың саны 9 пайызға төмендеді.

2004 жылы Қызылордада 204 жол-көлік оқиғасы болды осы кезде 29 бала қаза тапқан, ал 96 бала әр түрлі дене жарақатын алған. Оның ішінде Абай даңғылында болған жол-көлік оқиғасы кезінде бір бала қаза тауып, 9 бала жарақат алды. Жүргізушілердің кінәсінен балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары 28, 5 пайызды құрайды. Бұл жүргізушілердің тәртібінің және жол қозғалысы ережесін сақтамауымен нашарлауына байланысты болды. Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен және олардың кінәлары бойынша болған жол-көлік оқиғаларының жалпы саны жол-көлік оқиғаларының санынан 34пайызды құрайды. Балалардың жол қозғалысында жүргіншілер ретінде зардап шегуі негізінен көше-жол торабында өтуге тыйым салынған орындарды кесіп өтумен, және де жолға тұрған автомобильдердің, алдынан жүгіріп шығуына байланысты болады.

СУРЕТ1. 4 ЖКО-НЫҢ ТӘЛІК УАҚЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАРАТЫЛУЫ

Кәмелетке толған және ересек адамдарды алғанд, бір қатар жағдайларда оның қаза болуы мен жарақат алуы жол-көлік оқиғалары кезінде өздерінің кінәларынан болуы деп айта алатын болсақ, ал балаларға келгенде олар жол қозғалысы ережелерін бұзғанның өзінде де балаларды кінәлауға болмайды. Ересектер балалар мен жасөспірімдерді жастайынан жол қозғалысының күрделі жағдайларында саспай бағдарлама алатындай етіп үйретуі, дағдыландыру қажет.

2002-2004 жылдары балалардың жол-көлік оқиғасынан зардап шегуінің талдамасы 1. 5-ші кестеде көрсетілген.

КЕСТЕ 1. 5 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕГУІНІҢ ТАЛДАМАСЫ.

Зардап шеккен балалар категориясы
2002-2004 жылдары ЖКО кезінде зардап шеккендер
Соның ішінде өз кінәлары бойынша
Қаза болғандар саны
Жарақат алғандар саны
Қаза болғандар саны
Жарақат алғандар саны
Зардап шеккен балалар категориясы: Жүргіншілер
2002-2004 жылдары ЖКО кезінде зардап шеккендер: 5
Соның ішінде өз кінәлары бойынша: 19
2
14
Зардап шеккен балалар категориясы: Жолаушылар
2002-2004 жылдары ЖКО кезінде зардап шеккендер: -
Соның ішінде өз кінәлары бойынша: 4
-
2
Зардап шеккен балалар категориясы: Велосипедшілер
2002-2004 жылдары ЖКО кезінде зардап шеккендер: 1
Соның ішінде өз кінәлары бойынша: 3
1
1
Зардап шеккен балалар категориясы: Барлығы
2002-2004 жылдары ЖКО кезінде зардап шеккендер: 6
Соның ішінде өз кінәлары бойынша: 26
3
17

1. 5-ші кестедегі мәліметтерге назар аударсақ, 2002-2004 жылдары жол-көлік апаттарынан алты бала қаза болған және 26 бала әр түрлі категориялы немесе дәрежелі жарақат алған 17бала осындай жағдайға өз кінәлерінен душар болып отыр. Жол-көлік оқиғаларының балалардың қатысуымен болатын санын азайту үшін мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша орасан зор жұмыстар жүргізуі қажет. Әрбір оқушы қаладағы көше-жол торабына шыққан кезде ең басты және қарапайым ережелерді білу қажет. Сонымен қатар жол полиция қызметкерлері арнайы жоспарлар бойынша «Балалар және жол қозғалысы» тақырыбына мектептерде жиналыс өткізіп тұруы қажет.

Балаларды оқытудың мәнін бағалай отырып, жол қозғалысы ережелерін жастайынан білу және сақтау әдеті бүкіл өмір бойы сақталып қалатындығын ескеру қажет.

Сондай-ақ жол полициясының ең басты міндеті болып көше-жол тораптарында, әсіресе мектеп төңіректерінде көлік құралдары мен жүргіншілердің жолдағы қозғалысын реттеуге аса назар аударулары қажет. Жол-көлік оқиғаларының балалармен болатын санын азайту үшін мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша орасан зор жұмыстар жүргізу қажет.

Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында жалпы алғанда осы сұрақтарға байланысты жол полиция басқармалары қажетті деңгейде жұмыстар жүргізіп жатқан жоқ.

1. 3 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

Осы жасалып жатқан дипломдық жобаның мақсаты-Қызылорда қаласының Абай даңғылындағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру.

Жоғарыда аталған мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді шешеу қажет:

  • Абай даңғылындағы көлік құралдарымен жүргізушілердің қауіпті қиылыстардағы қақтығысу нүктелерін талдау;
  • Абай даңғылындағы қиылыстардағы көлік және жүргіншілер ағымдарының қарқындылығын зерттеу;
  • Аталған талдаулар мен зерттеулерге сүйене отырып, Абай даңғылындағы тар орындар мен жол-көлік оқиғаларын төмендету үшін жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • Көлік құралының ауа атмосферасына зиянды, улы заттарды шығаруын есептеу және оларды төмендету бойынша іс-шаралар жасау;
  • Ұсынылған іс-шараларды Абай даңғылында пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау.

2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.

2. 1. ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық реттеу құралдарын жіктеу
Алаңдарда қозғалыста ұйымдастыру
Алматы қаласы күрделі қиылыстарында орын алған ЖКО топографиялық талдау негізінде қозғалыс қауіпсіздігін жетілдіру
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
ҚОЗҒАЛЫС ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Алматы қаласындағы көлік ұралдарының кідірісін азайту шараларын жасау
Жергілікті қаржылар
Картограммадан Қонаев көшесінің көліктік ағымының қозғалыс қарқындылығы
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсия маршрутын құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz