Манихей жазба ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жасалуы


РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Манихей жазба ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жасалуы
Диплом жұмысының көлемі: 67
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 23
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты: Бұрын соңды зерттеу нысанына арнайы ілікпеген көне түркілердің манихейлік мазмұндағы жазба ескерткіштерін лексика-грамматикалық сипатта жан-жақты зерттеп, аталмыш діни сипаттағы ескерткіштер тіліндегі есім сөз таптарының құрылысын және оның жасалу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың мақсатына орай төмендегі міндеттер қамтылды:
- манихейлік бағыттағы ескерткіштердің тілдік ерекшелігі мен оның зерттелуіне талдау жасау;
- мәтінде кездесетін манихейліктің негізгі ұғымдарына тілдік тұрғыда сипаттама беру;
- Ескерткіштер тілінде кездесетін манихейлік терминдердің сипатын қарау және оның тілдік ерекшелігіне тоқталу;
- манихейлік көзқарастың ұстанымдарын тілдік тұрғыдан жүйелеп, оның грамматикалық және лексикалық сипаттарын ашу;
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Шығыс Түркістан ареалында өмір сүрген түркі тайпалары ежелгі дәуірден-ақ тоғыз жолдың торабындағы көптеген мәдениеттердің тоғысуының негізінде өзіндік ерекшелікте дамыды. Мәдениет пен тілдің динамикасын өрлететін дін екенін ескерсек, ерте орта ғасырларда аталмыш кеңістікте өмір сүрген түркілер манихеизм, христиандық, буддалық діндерді ұстанғаны даусыз мәселе. Осындай негізгі діни бағыттардың ішінде түркі мәдениетіне елеулі өзгеріс әкеліп, жазба мәдениетін дамытқан манихеизм алғашында Сирия, Палестина, Мысыр және Кіші Азия арасында кең тараған дін болды. Мысырдан Манидің оқуы Солтүстік Африка мен Испанияға тарады. Ириядан Кіші Азия арқылы Грецияға. Манидің өзі жүргізген уағыздары Үндістан мен Орталық Азияға табан тіреді. VII ғасырда түріктердің арасында көптеген манихейлік миссионерлер пайда болды. Осының нәтижесінде көне түркі өркениеті көпеген әлемдік құндылықтарды сипаттайтын жазба ескерткіштермен молайды. Саян-Алтайда, Тұрфан мен Қашғарда мани дінінің енуіне айланысты тілдік тұрғыдан дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ертедегі руна жазуының орнына, сириялық, армей жазуларының негізінде көне түркілердің тіліне сай графикалық реформалар дүниеге келді. Дін арқылы енгне тың сөздер мен атаулар, көне түркі тіліне аударылып, жаңа терминдердің, ұғымдардың, жалқы және жалпы есімдердің қатарын молайтты.
Аталмыш диплом жұмысының негізгі сипаты - ерте орта ғасырларда Тұрфан мен Кочо қағандықтарында жазылған манихейлік сипаттағы ескерткіштердің тіліне талдау жасаусол кездердегі Орталық Азияда кең тараған манихей жазба ескертіштерінің құрылымдарын ашып көрсетеді. Көне ұйғыр қағанатының заңды жалғасы болып табылатын бұл мемлекеттерде санскрит, қытай, сириялық бағыттағы араб жазба мәтіндері сол дәуірдегі ғалымдар мен діни өкілдерінің тарапынан шебер аударма арқылы көне түркілердің мұрасына айналғаны мәлім. Ескерткіштердің басым бөлігі фрагментарлық сипатта ғана сақталынып отырғандықтан, жұмысымызда біз көлемі жағынан барынша жақсы сақталынған «Манихейлердің жалбарыну дұғасы» [Хуастуанифт] және «Ырық бітіг» [Түс жору кітабы] деп аталынатын екі ескерткіш мәтіндерінің негізінде жүргіздік.
Диплом жұмысында қолданылған әдістер:
Еңбекте салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы, типологиялық, зерттеу әдістері негізінде жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негізін көне түркі жазба ескерткіштері мен манихей жазба ескерткіштерін зерттеп, саралаушы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін басшылыққа алдық. Отандық зерттеушілерден Ғ. Айдаров, Ю. А Зуев, Б. Е. Кумеков, Е. Б. Смагина ал шет елдік зерттеушілерден Виденгрен Гео, Литвинский Б. А., Васильев Л. С., Блаженный Августин, Бутми Н. Каббала, Малахова Н. М., Т. Ч. Бобрицкой, Акты Архелая Кац, Мелетинский Е., Бартольд В. В., Гумилев Л. Н., Кляшторный С. Г., Агаджанов С. Г., Кызласов Л. Р. еңбектеріндегі тұжырымдар негіз болды.
МАЗМҰНЫ
6
1
8
1. 1
8
1. 2
18
1. 2. 1
25
1. 3
28
2
34
2. 1
34
2. 2
45
2. 2. 1
46
2. 2. 2
52
2. 2. 3
54
2. 2. 4
56
2. 2. 5
58
2. 2. 6
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
ГЛОССАРИЙ
Мани - біздің заманымыздың 216 ж. қиырдағы Екіөзенде дүниеге келіп, өзінің жалынды уағыздарын Вавилон, Иран, Орта Азиядан бастап, Үндістанға дейін таратқан манихейліктің негізін салушы.
Манихейзм - бұл үшінші ғасырда пайда болып батыс пен шығыста кең тараған діни философиялық оқу. Бұл оқу оның негізін салушы, керемет уағызшы және дәруіш Манидің есімімен аталған.
Көне жазба ескерткіштер - VII-IX ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Ырық бітіг - шамамен IX ғ. түрік бітікпен жазылған кітап. Ұйғыр қағандығы кезінде жазылған деп есептеледі. Өлшемі 13, 75 х 8, 75 см. Кітаптың басы мен аяғында қытайша Будда дініне арналған өлең жазылған. Қалған 58 бетте түркіше жазулар қағаз бетіне сиямен жазылған
Есімдік - заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады
Тұрфан - оазис және қалалық уезд, Қытайдағы Тұрпан, Шыңжаң провинциясының мәдени орталығы.
Кочо - Шығысында Қашғар мен батысында Ақсу арасында, Ұлы Жібек Жолының солтістік тармағында орналасқан ертедегі түркілердің будда дінін тұтынған мемлекеті.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты: Манихей жазба ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жасалуын қарастырған кезде үлкен тарихи кезеңдерге үңілуімізге тура келеді. Оның өзге діндер және тілдермен бірнеше ғасырлар бойы тығыз қарым - қатынасын қарастыра отырып, мемлекеттердің бірінің пайда болып, енді бірінің жойылуының куәсі боламыз.
Манихизм ІІІ-ХІV ғасырларда Египеттен бастап Кореяға дейінгі көптеген халықтардың тарихи-мәдени өмірінде үлкен орын алған әлем діндерінің бірі. Мани ілімі өз негізінде дәстүрлі және осы елде үлкен абыройға ие жергілікті дін және ғибадаттарға арқа сүйеді. Өз дініне жергілікті құдайларды қосуы, өз принциптерін өзгертпей ұстауы және нақты ұйымдастыруы, манихизм өз доктринасына басқалардың жемісті де тиімді бастамасын енгізуі - манихизмнің өзіне тән қасиеті еді.
Зерттеудің өзектілігі Исламға дейін Азия жерінде көшпелі түркі халқының басын біріктірп, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлкен септігін тигізген зороастризм, буддизм, христиандық секілді әлемдік діндердің болғандығын ескерген жөн. Соның бірі III ғасырда иран жерінде пайда болған, көп жерлерде қуғынға ұшырап, түркі еліне келгенде ғана өзінің тұрағын тапқан манихейлік діні. Орта және Орталық Азиядағы түркі әлемінде исламға дейін үстемдік еткен ол, түркі жазба әдебиеті мен мәдениетін тілдік даму тұрғысынан жаңа бір деңгейге көтергені белгілі. Алайда соңғы жылдарға дейін, жалпы айтқанда көне ұйғыр жазба ескерткіштері, нақты айтсақ, соның ішіндегі манихейлік сипаттағы ескерткіштердің тілі жеке дара алынып, тілдік тұрғыдан зерттелінбегені жұмысымыздың өзектілігін анықтайды.
Диплом жұмысының нысаны - ІХ-Х ғасырлардағы түркілердің Тұрпан және Кочо қағандықтарының мәдениетінің негізі болып табылатын діни сипаттағы манихейлік ескерткіштерінің тілі. Зерттеу «Манихейлердің жалбарыну дұғасы» [Хуастуанифт] және «Ырық бітіг» [Түс жору кітабы] деп аталынатын екі ескерткіш мәтіндерінің негізінде жүргізілді.
Диплом жұмысының пәні: Манихей жазба ескерткіштеріндегі есім сөз таптарының жасалуы
Диплом жұмысының мақсаты - Манихей жазба ескерткіштеріннің тіліне талдау жасап, ондағы есім сөз таптарының құрылысы мен жасалу жолдарына зерттеу жүргізу.
Жұмыстың мақсатына орай төмендегі міндеттер қамтылды:
- манихейлік бағыттағы ескерткіштердің тілдік ерекшелігі мен оның зерттелуіне талдау жасау;
- мәтінде кездесетін манихейліктің негізгі ұғымдарына тілдік тұрғыда сипаттама беру;
- Ескерткіштер тілінде кездесетін манихейлік терминдердің сипатын қарау және оның тілдік ерекшелігіне тоқталу;
- манихейлік көзқарастың ұстанымдарын тілдік тұрғыдан жүйелеп, оның грамматикалық және лексикалық сипаттарын ашу;
Зерттеудің дереккөздері ретінде көне түркі жазба ескерткіштері мен манихей жазба ескерткіштерін зерттеп, саралаушы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін басшылыққа алдық. Отандық зерттеушілерден Ғ. Айдаров, Ю. А Зуев, Б. Е. Кумеков, Е. Б. Смагина ал шет елдік зерттеушілерден Виденгрен Гео, Литвинский Б. А., Васильев Л. С., Блаженный Августин, Бутми Н. Каббала, Малахова Н. М., Т. Ч. Бобрицкой, Акты Архелая Кац, Мелетинский Е., Бартольд В. В., Гумилев Л. Н., Кляшторный С. Г., Агаджанов С. Г., Кызласов Л. Р. еңбектеріндегі тұжырымдар пайдаланылды.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Еңбекте салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы, типологиялық, зерттеу әдістері негізінде жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізінде тіл білімі ғылымында орныққан іргелі тұжырымдар мен зерттеуші тілші ғалымдар негізін салған және пайдаланған әдісттер мен әдістемелер басшылыққа алынды.
Алынған нәтижелер: Осы диплом жұмысында бұрын соңды арнайы тілдік зерттеулер жүргізілмеген белгілі бір кезең мен мәдениетті қамтитын Көне ұйғыр манихейлік жазба ескерткіштер мәтініне тілдік талдаулар арқылы қол жеткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 МАНИ. МАНИХЕИЗМНІҢ ТАРАЛУЫ
1. 1 Манихеизмнің пайда болуы мен дамуы
Манихейлік бұл III ғасырда пайда болып Батыс пен Шығыста кең тараған діни философиялық оқу. Бұл оқу оның негізін салушы, керемет уағызшы және дәруіш Манидің есімімен аталған. Ол біздің заманымыздың 216 ж. Мардинде, Ктесифон, Парфия имперяларында дүниеге келіп, өзінің жалынды уағыздарын Вавилон, Иран, Кіші Азиядан бастап, Үндістанға дейін таратты. Ал олар қытай, Орталық Азия және Оңтүстік Сібірге дейін жетті [1, 1] .
Манидің ата анасы ақсүйектер болған. Олар Ктесифон қаласында тұрған. Бұл қаланың ерекшелігі - онда әр түрлі ұлттардың, тілдердің, мәдениеттің, діндердің тоғысқан жері еді. Осындай сан алуан адамдардың қоршаған ортасы Манидің де өмірге деген көзқарасына әсерін тигізді. Халық арасында ирандық «халықтық дінінің» көптеген түрлері тараған еді: ұлы құдайлар Митра мен Анахитеге табыну, жұлдыздық құдайларға табыну, зороастризм, сиқыршылардың көптеген секталары бар еді. Сонымен қатар ол кездері иудаизм, христиан діні және баптистік секталар да болған.
Манидің әкесі, Патик, иудей-христиандық мугатасилахтардың (сөзбе-сөз - «өздерінен өздері шоқынушы») қатарында болған. Бұл бар назарын Иисус Христостың құтқарушы рөліне емес, ақиқат өмірдің тиымдары мен заңдарына бөлген секта болған. Мани төрт жасқа толғанда, сектаның идеяларына сенімді ізбасар қылып тәрбиелеу үшін, әкесі оны сектаға алып келеді. Он екі жасында Маниге, жазба бойынша, анық аяндар келе бастайды. Бұл аяндарда ол бір құдай тектес елшімен сөйлеседі. «Жарық жұмақтың Патшасынан» (Ұлы керемет Жаратылыстан) келген алғашқы аян: «Бұл қауымды таста! Сен олардың қатарына жатпайсың. Сенің жұмысың - ғұрыптарды түзетіп, нәпсілерді тізгіндеу. Алайда, сен әлі жас болғандықтан, саған ашық жария жасауға уақыт келген жоқ» [2, 47] .
Уақыт өте келе Мани дінді оқып, игеру арқылы біраз білім мен тәжірибе жинақтайды. Жиырма төрт жасында оған екінші аян келеді. Соған сәйкес ол жаңа оқуды уағыздауға шығуына болады. Манидің алғашқы халық алдына шығып сөйлеуі құдайлық Жарықтың бар екені жайлы болды. Қауымның жақтастары оның айтқанына қарсы шығып, Мани туған өлкесін тастап кетуге мәжбүр болады.
Манидің алғашқы ізбасарлары өз әкесі және Симеон мен Абизахий деген екі жігіт болды. Солармен бірге Мани үндістанға аттанып, ол жерде Буддизммен танысады. Буддизм оған өте үлкен әсер қалдырғаны сонша, болашақта ол Буддизмнің уағыздау әдістерін де пайдаланады. Үндістанда Манидің оқуының жақтасы Шапура Пероз патша болады. Соған орай Мани өзінің алғашқы шығармасын «Шапуракан» (Шапура Кітабы) деп атаған. Кітапта «Елшінің Келуі» деген бөлім бар. Ол жерде көктен кеген елші әр түрлі кейіпте жерге түсетіндігі және де Мани Будданың, Зара-туштраның, Исаның ізбасары екендігі айтылады. Сонымен қатар бұл жерде Манидің туған жері мен уақыты жайлы автобиографиясы да жазылған. Патшамен жақсы қарым- қатынаста болуының арқасында, Жарықтың елшісі бүкіл мемлекетке өз оқуын уағыздайды. Манихейлік дерек көздеріне сүйенсек, Манидің уағызы Шапураға терең әсер етіп, «соңғы пайғамбардың» өз оқуын бүкіл Парсы мемлекетіне тарату тілегі жүзеге асқан еді. Тіпті Патшалардың Патшасы өзінің Империясындағы жергілікті билеушілерге жаңа дінді қорғау жайлы хат та жіберген. Өзінің автобиографиялық жазбаларында «Kephalaia» кітабында Мани былай дейді: «Мен Шапур патшаның алдына бардым. Ол мені үлкен абыроймен қарсы алды және маған өз жерінде жүру мен өмірдің сөзін уағыздауға рұқсат берді». Ары қарай: «Шапур патша маған қамқор болды, ол барлық билеушілерге мен үшін мынадай хат жазды: «Оны қорғаңдар және оған көмектесіңдер, ешкім оған қарсы әділетсіздік пен күнә жасамасын»». Мани Шапурдың досына айналды, патшалық кеңестің құрамына кіріп, Римге шабуыл жасауға да қатысқан. Бұл шабуылдар манихейліктің батыста дамуына себепші болды [10, 172-180] .
Мани күнде уағыз жүргізді, оның барлық уақыты елшілік пен шәкірттерімен сырласумен өтті. Ол басқа елдердегі өзінің ізбасарларына хабар дайындады. Бұл хабарлар бірнеше ондаған жылдардан кейін манихейліктің ұлы құндылығына айналды. Керемет оратор, психолог, тұла бойынан жақсы бір энергия шығып тұратындығы соншалық, Манидің қасында бір- екі сағат тұрған адам бірнеше айлар бойы өзін керемет сезініп жүретін болған екен деседі. Ұстаз өзінің көзі тірісінде- ақ аңыздық атаққа ие болды. Оның есімі тек қана Парфия мен Согдиана жазығында ғана емес, сонымен қоса Үндістан мен Қытайда да кең тараған еді [3, 508] .
Манихейлік, Жарықтың ұстазы адамдарға жеткізуге тырысқан, негізгі үш пунктке негізделген. Олар дуализм жайлы оқудан, космогоникалық мифтен және жан туралы оқудан тұрады. Манихейлік оқуға сәйкес, әлем ең алдымен, бір-бірінен таза, бөлек, Жарық пен Түннен тұрған. Алайда бір мезетте көре алмаушылықтың кесірінен Түннің күштері Тіршілік Жарығына қарсы соғыс бастайды. Алғашадамның бастамасымен, Жарықтың бес апат- жауынгерлері қарама-қарсы жақпен соғысқа түседі. Бұл күресте Жарық пен Түннің бөліктері араласып, адамзат қоғамының әлемі- Қозғалыс әлемі пайда болады. Осылайша, адамның негізі жамандық пен жақсылық, дүниеқұмарлық пен рухани байлықтан тұрады дейді. Жарық күштерінің миссиясы бұрынғы тепе- теңдікті қайтару болса, Түннің жауынгерлері Қозғалыс әлемін өзінің отары ретінде сақтап қалуға тырысады екен.
Шабуылдан қауіптенген жарықтың Әкесі (ұлылықтың Әкесі) өмірге бірнеше рухани бастамаларды шақырады оның эманацияларын. Олардың қара күштермен соғысында жеңілуі ақ пен қараның араласуына алып келеді. Жарық элементтерін құтқару қажеттігі жарық Әкесін, құрыған қара күштердің терісінен, көрінетін материалды әлем жаратуға итермелейді. Бұл әлемнен күн мен айды бөліп алу жарық элементтерін бөліп алудың басы болған. Жұлдыздар, жел, от, су бұлар да негізі жарықтан жаратылған, бірақ құрамында қараның қоспасы бар. Үрдісті толық аяқтау үшін ұлылықтың Әкесі өмірге тағы бірнеше рухани бастамаларды шақырады (барлығы олар жетеу бұл сан манихейлерде қасиетті саналған) . Олардың көмегімен зұлымдықтың әскері түбегейлі жеңіледі. Алайда материалды әлем сол күйі аралас болып қалып қояды, Адам ата мен Хауа ана да соның ішінде (Адам атада жарықтық элементтер басым, Хауа анада керісінше) . Ақыры, жарық Әкесінің шақыруымен келген Иса Адамға жақсылық пен жамандықты танып айыруға көмектеседі. Соның арқасында ақиқат анықталып, құтқаруға аз қалады. Алайда бәрі соңғы пайғамбар Мани келгеннен кейін түбегейлі орнына тұрады. Адамдар енді ғана түсініп, ең бастысы жарық элементтерін қараңғыдан бөлуге, өздерінің жандарын тәндерінен айыра білуге мүмкіндік алды. Бұл үрдістің соңы бүкіл адамзат масштабында Сұмдық Сотпен аяқталады. Одан кейін жер жарықтың барлық элементі аспанға кеткенше 1468 жыл жанып, ал мына дүние бүкіл зұлымдықтармен бірге мәңгіге құриды екен [4, 16] .
Манихейлікке сай адамзат қоғамында Ақ пен Қараның күштері адамның жанындағы жарық бөлігін иелену үшін үздіксіз соғысып жатыр. Манидің оқуы бізді қоршаған орта екі бастаманың- жамандық пен жақсылықтың, ақ пенен қараның күрес аренасы дегенге келеді. Манихейлік дуализм ақ пен жақсылық әлемі рухани әлемге, ал қара мен жамандық материалдық әлемге саяды. Бұдан шығатын тұжырым бізді қоршаған қазіргі әлем зұлымдық әлемі. Әлемдік үрдістің мақсаты адамның жанына салынған жарық бөлшектерін құтқару болып табылады. Соған сай құралдары да: ақиқи манихейлер, «таңдаулылар». Олар аскетикалық өмір сүруі тиіс болды, яғни жеке меншігі, жанұясы, тұрағы болмауы керек, шарап пен ет жемеу керек, тіпті тамаққа қосылатын өсімдіктерді жұлмауы керек. Оларды отбасы, мүлкі бар, өлерінде «таңдаулылар» дәрежесі берілетін адамдар асырауы керек еді [5, 5] .
Әлемнің Жаны, яғни жарық құдайының бөлшектері, мнихейліктердің ойынша, тек ғана адамның бойында ғана емес, жануарлар мен өсімдіктерде, жалпы бүкіл табиғатта бар екен. Олардың ойынша өлі табиғат, бойында әлемнің Жанын құрай отырып, тірі жаратылыстар секілді қиындықтарға душар болған. Сондықтан, көптеген Манихейліктер өсімдікті жұлып алуды, жемісті кесуді ұлкен қылмыс деп білген. Алайда, бір жағынан таза емес, зұлым бөлік тамақ талап ететіндіктен, нанды жемес бұрын, Манихейліктер оған былай деп сөйлейді екен: «Сені шапқан мен емес, сені уатқан мен емес, сені ашытқан мен емес, сені пісірген мен емес, сенің азабыңа кінәлі мен емес және сенің азабыңа кінәлілер сенен де ауыр азап шеккенін тілеймін». Кейбір манихейлердің ойынша, азық түлікті жеу арқылы материаға салынған «құдайдың» бөліктерін босатып, оларға өздерінің бастапқы негізіне қайтуға көмектеседі екен.
Манихейлер жер өңдеу істерін қатты сөккен екен, себебі олардың ойынша ол сансыз көп қайғыға ұшыратады екен. Манидің көптеген сенімді ізбасарлары өмірде қатаң тәртіппен жүріп тұрған: тамақтан шектеген, тек бұлақтың суын ішеді екен, жай ғана шөп басқан бастырмада тұрған. Некені және баланың туылғанын сөккен екен себебі, бұл рухтың ана жатырында ұсталуына әкелгендіктен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz